Заң алдындағы жауапкершілік



Заң алдында бәріміз бірдей тең емеспіз. Шенеуніктер, алпауыттар, олардың отбасылары заңға бағынышты емес. Соттар заңмен емес, жоғарының бұйрығымен шешім қабылдайды. Сотта уәж емес, қалтаның қалыңдығы жүріп тұр.
Баспана алуда да теңдік жоқ. Мемлекет есебінен салынатын тұрғын үй таңдаулылардың қанжығасында. Үй салуға жер бөлуде, құрылыс материалдары нарығында адал, ашық бәсекелестік жоқ. Шенеуніктер, құрылыс компаниялары, коммерциялық банктер өз дегендерін жасап жатыр. Нәтижесінде тұрғын үйдің бағасы өте қымбат. Көпшілік өзіне лайық баспана таба алмай, сенділіп жүр.
Мемлекеттік қызметке де тек тамыр-таныс арқылы қол жеткізуге болады. Билік пен жүйе еңбекті бағалар емес. Жұмысшының, шаруаның, мұғалім мен дәрігердің еңбегі, жұмыс орындарын ашып отырған кәсіпкерлердің еңбегі лайықты бағаланып отырған жоқ.
Меншік иелерінің құқы аяққа тапталуда. Ірі алпауыттар мен шенеуніктер мемлекеттік мұқтаждық деген желеумен мемлекеттік органдарды пайдаланып, жұрттың жеке меншігі мен бизнесіне қол салуда. Жалданып жұмыс істейтін қарапайым жұмыскердің құқы да тапталып, жаншылуда.
Билік имандылық, руханият, әдеп жайында мүлдем ұмытқан. Теледидарда зұлымдық пен жүгенсіздікті насихаттау етек жайған. Жүйе тек өзін өзі мақтаумен шүғылданып кетті.
Осының бәрі Сіздің арманыңыздың жүзеге асуына жол бермей отыр.
Бірақ, Сіз өз арманыңызға лайықсыз! Сіздің арманыңыздың Қазақстанда жүзеге асуына барлық мүмкіндік бар! Біз бұған кәміл сенеміз!
Бұл үшін Қазақстан тең мүмкіндіктер еліне айналуы керек.
Даланың баласы ма, қаланың баласы ма, оңтүстіктің бе, солтүстіктің бе, батыстың, әлде шығыстың баласы ма, бәріңізге де өз қалауыңызша білім алып, денсаулығыңызды күтіп, айлығы жақсы жұмысқа орналасып, лайықты баспана иемденіп, балаларыңыздың келешегіне сенімді болуға тең мүмкіндік

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Заң алдындағы жауапкершілік
Заң алдында бәріміз бірдей тең емеспіз. Шенеуніктер, алпауыттар,
олардың отбасылары заңға бағынышты емес. Соттар заңмен емес, жоғарының
бұйрығымен шешім қабылдайды. Сотта уәж емес, қалтаның қалыңдығы жүріп тұр.
Баспана алуда да теңдік жоқ. Мемлекет есебінен салынатын тұрғын үй
таңдаулылардың қанжығасында. Үй салуға жер бөлуде, құрылыс материалдары
нарығында адал, ашық бәсекелестік жоқ. Шенеуніктер, құрылыс компаниялары,
коммерциялық банктер өз дегендерін жасап жатыр. Нәтижесінде тұрғын үйдің
бағасы өте қымбат. Көпшілік өзіне лайық баспана таба алмай, сенділіп жүр.
Мемлекеттік қызметке де тек тамыр-таныс арқылы қол жеткізуге болады.
Билік пен жүйе еңбекті бағалар емес. Жұмысшының, шаруаның, мұғалім мен
дәрігердің еңбегі, жұмыс орындарын ашып отырған кәсіпкерлердің еңбегі
лайықты бағаланып отырған жоқ.
Меншік иелерінің құқы аяққа тапталуда. Ірі алпауыттар мен шенеуніктер
мемлекеттік мұқтаждық деген желеумен мемлекеттік органдарды пайдаланып,
жұрттың жеке меншігі мен бизнесіне қол салуда. Жалданып жұмыс істейтін
қарапайым жұмыскердің құқы да тапталып, жаншылуда.
Билік имандылық, руханият, әдеп жайында мүлдем ұмытқан. Теледидарда
зұлымдық пен жүгенсіздікті насихаттау етек жайған. Жүйе тек өзін өзі
мақтаумен шүғылданып кетті.
Осының бәрі Сіздің арманыңыздың жүзеге асуына жол бермей отыр.
Бірақ, Сіз өз арманыңызға лайықсыз! Сіздің арманыңыздың Қазақстанда
жүзеге асуына барлық мүмкіндік бар! Біз бұған кәміл сенеміз!
Бұл үшін Қазақстан тең мүмкіндіктер еліне айналуы керек.
Даланың баласы ма, қаланың баласы ма, оңтүстіктің бе, солтүстіктің бе,
батыстың, әлде шығыстың баласы ма, бәріңізге де өз қалауыңызша білім алып,
денсаулығыңызды күтіп, айлығы жақсы жұмысқа орналасып, лайықты баспана
иемденіп, балаларыңыздың келешегіне сенімді болуға тең мүмкіндік керек.
Сіз табысты кәсіпкер, не кез келген салада мықты маман, жоғары айлығы
бар мұғалім, дәрігер, инженер, ғалым, депутат, әкім, министр болуға
лайықсыз.
Сіздің лайықты екеніңізге сене отырып, Ақ жол Сіздің арманыңызды
жүзеге асыру жолында өз бағдарламасын ұсынып отыр. Бұл бағдарлама – Теңдік,
Еңбек, Имандылық құндылықтарына негізделген.
Кең тарихи өлшеммен алып қарағанда еліміз Парламентінің жастығына
қарамастан бүгіннің өзінде оның он жылға жуық белсенді заң шығарушылық,
өкілді және саяси қызметінен белгілі бір тарихи-саяси, демократиялық
тағылымдар алуға болады. Қазақстан парламентаризмінің алғашқы сабақтары
немесе тарихи тағылымдары қандай? Ол еліміздің демократиялық-саяси жүйесіне
не берді? Қандай саяси құндылықтар әкелді?
Бірінші тағылым – Қазақстанның 1995 жылғы қабылданған Конституциясы
қалыптастырған демократиялық-құқықтық өрістегі соңғы он жылдағы саяси,
әлеуметтік-қоғамдық дамуының басты қорытындыларының бірі – белсенді қызмет
жасаушы, негізгі саяси және әлеуметтік күштердің мүддесі тоғысқан және соны
бейнелейтін, мемлекеттік билік жүйесіндегі белгілі бір басымдықтарға ие,
еліміздегі мемлекеттік биліктің дербес бір тармағы – парламентсіз елімізде
шынайы демократия, құқықтық мемлекет орнату мүмкін еместігіне бүкіл
қоғамымыздың көзі жетті. Парламент, парламентаризм ашық пікірталастар мен
көзқарастар еркіндігінің, жария саясаттың биік мінбері ғана емес, сонымен
бірге әлеуетті мүмкіндігі мол, аса маңызды мемлекеттік институт ретінде
қалыптасты. Еліміздің билік жүйесіндегі кәсіби Парламенттің пайда болу
саяси-тарихи фактісіне Н. Назарбаев былай баға берді: Бейнелеп айтқанда,
бәрін және ештеңені де емес басқарып келген Жоғарғы Кеңестің орнына
тұрақты жұмыс істейтін қос палаталы кәсіби Парламент келіп, осы жылдар
ішінде еліміздің келбетін өзгерткен заңдар қабылдады.
Екінші тағылым – Парламент демократиялық құқықтар мен нормаларды,
рәсімдерді сақтай отырып, бүкіл халық тікелей сайлаған өкілдер енетін,
заңнамалық қызметі арқылы елдің мүддесін білдіруші және қорғаушы
коллегиялық органға айналғандығы. Парламентаризм жоғарғы өкілді органдағы
заң шығарушылық қызметі арқылы заңдардың күрделі архитектоникасын анықтап,
жүйе тартушылық, жүйе құраушылық рөл атқарып, саяси жүйенің аса маңызды
саяси институттары институттануының, бүкіл мемлекеттік құрылысты заңнамалық
нығайтудың әлеуетті кепіліне айналғандығы.
Қазақстан Парламенті елімізде нақты көппартиялылыққа кең өріс ашып, саяси
партиялардың мәртебесін көтерудің, партиялық құрылысты жандандырып, оларды
парламентаризмді тереңдетіп, дамытып, пәрменді етудің, демократия мен саяси
әр алуандылықтың жанды факторына айналдырудың құқықтық-ұйымдық, заңнамалық
сындарлы негізін жасады.
Үшінші тағылым – бүгінде тәуелсіз мемлекет тұрғындарының басым көпшілігі
болып табылатын қазақтардың жалпы ұлт ретіндегі негізгі табиғи мінез-
ұстанымы, саяси салмақтылығы мен салқынқандылығы, әр қоғамдық құбылысқа,
саяси партиялар мен қозғалыстардың қызметіне, мемлекет және қоғам
қайраткерлері мен олардың іс-әрекетіне биік талаппен, ерекше сыншылдықпен
қарайтын көзқарасы, табиғатына тумысынан тән тарихи сарапшылдық қадыр-
қасиеті, әсіресе жас ұлттардың мінезінде сирек кездесетін белгілі бір
деңгейдегі салауатты саяси консерватизмі, еліміздегі басқа этностар
өкілдерінің бойында кездесер осындай қасиеттерге ұйытқы-мәйек бола отырып,
елімізде шынайы демократия мен парламентаризмнің қалыптасып нығаюына
қажетті аса маңызды саяси, адамдық-рухани факторды құрайды.
Төртінші тағылым – елімізде парламентаризм институтының қалыптасып,
орнығуымен бірге парламентшілердің өздері де өсіп, саяси, демократиялық,
құқықтық, рухани тұрғыдан толысып, кемелденгендігі. Олар парламентаризм
мектебінде елдегі күрделі қоғамдық қатынастардың табиғатына үңіліп,
зерделеп, ондағы қайшылықтарды, заңмен реттелмеген проблемаларды көріп,
талдауды, оларға байланысты заң бастамашыларына талап қоюды, Үкімет алдына
елдегі ірі, кезек күттірмейтін, халықты алаңдатып отырған өткір әлеуметтік-
экономикалық, рухани мәселелер бойынша депутаттық сауалдар енгізуді игерді.
Парламент депутаттары да жоғарғы өкілді органда парламенттік қызметтің
әлемдік демократиялық дәстүрлері мен стилінде қалыптасқан әдістер мен
нысандарға сәйкес бүкіл қызметін парламентте – заң шығару процесіне
шоғырландырып, заңдармен егжей-тегжейлі анықталған, нақты саяси-әлеуметтік
мәртебедегі өкілдіктерге ие болып, заңдармен реттелмеген басқа да бір
функцияларды орындаудан толық босатылып, міндетті түрде тұрақты және ақы
төленетін негізде он жыл жұмыс істеп отыр. Парламенттік демократия мен
парламентаризм мемлекеттің, қала берді бүкіл қоғамның демократиялық
эволюциясының басты институттарының біріне айналды.
Парламенттік демократия ықпалымен регламентті толық сақтауға, әріптесінің,
азшылықтың пікіріне құрметпен қарауға, өз пікірін құқықтық тұрғыдан жан-
жақты негіздеп, жария айтуды, өз ұсыныстарын қорғауды, оған өз әріптестерін
иландыра білуді, шешендік өнерді, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс
істеуді меңгерді. Күрделі де қайшылықты қоғамдық қатынастарды реттейтін
жүздеген заңдармен жұмыс істеу, оларды жария талқыға салу, иін қандырып,
пісіріп, бір сөзбен айтқанда, сапасы мен өміршеңдігін қамтамасыз ету,
оларда ең алдымен мемлекеттік, жалпыхалықтық мүдделерді нығайту, елдің
ұлттық мұраттарына сай ету барысында депутаттар корпусы да демократия мен
парламентаризмнің алғашқы төл мектебінен өтіп, сындарлы танымдық һәм тарихи
тағылымдар алды. Әлемнің 160-тан астам елінің парламентшілерінің басын
қосқан Парламентаралық одақпен, Еуропалық Кеңестің Парламенттік
Ассамблеясымен, Еуропарламентпен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері
Парламентаралық ассамблеясы және әр түрлі елдердің жоғарғы заң шығарушы
органдарымен қалыптасқан сан-салалы байланыстар арқылы сол мемлекеттердің
парламентшілерімен, дипломаттарымен, мемлекет басшыларымен қарым-
қатынастың, келіссөздер жүргізудің қиын, күрделі мектебінен өтті.
Әрине, еліміздің депутаттар құрамы әлеуметтік-демократиялық институт
ретінде әлі жас, бірақ оның Қазақстанда дамып, бекуіне, демократиялық
жүйеден өзінің институционалдық лайықты орнын алуына нақтылы перспектива
бар. Бұл саяси-демократиялық институттың тәрбиесі мен тәжірибесінен соңғы
10 жылдан астам уақыт ішінде жүздеген адам өтті. Олардың қатарында осы
институттың беделін биіктетіп, оған абырой әкелген санаткерлік қуаты мол,
саяси тегеурінді, рухани әлеуетті, үлкен өмір мектебінен өткен, қоғам
дамуының әр саласының даму, өсу заңдылықтарын терең білетін үлкен ақыл-ой
иелері, кемел саясатшы парламентшілер М.Оспанов, Ө.Жолдасбеков, Қ.Тұрысов,
Ж.Әбділдин, С.Әбділдин, Ә. Кекілбаев, А.Айталы, Ж.Тұяқбай сынды әр мәселеде
өзіндік позициясы, пікірі, айтары ұстанымы, тіпті кейде өзгеше көзқарасы
бар тұлғалар тұрды, бүгінде де баршылық. Сірә, депутаттар құрамында әр
түрлі көзқарастардағы, қатарында кейде бұра тартар, қайшылықты тұлғалардың
болуымен де еліміздің парламентаризм институты бай, қызықты һәм алуан үнді.
Парламентаризмнің әлемдік үрдісінде де солай.
Мысалы, Ұлыбританияның қоғамдық-саяси дамуының бүкіл векторын өзгертіп,
британ қоғамы тірелген дағдарыстан алып шығып, моральдық және этикалық
стандартының деңгейін көтеріп, парламенттік және мемлекеттік саясатта
тэтчеризм деген ағымның негізін қалаған бұрынғы премьер-министр Маргарэт
Тэтчер өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының бірінші жартысында 5 жыл бойы
парламенттік оппозицияның басы-қасында болып, ондаған дискуссиялар,
дөңгелек үстелдер өткізіп, экономикалық теория, монетаризм, саяси
ғылымдардың көптеген мәселелері жөнінен білімін кеңейтіп, анықтап,
салыстырып, талдап, келешек саясатының негізгі бағыттарының нобай-
нұсқаларын тұжырымдамалық тұрғыдан әзірлегені белгілі. М.Тэтчердің барлық
библиографтары атап көрсеткендей, дәл осы уақыттағы ағылшын қоғамындағы ол
қатысқан сан-салалы көзқарастар, пікір таластары, оның саяси өмірбаянында
ерекше кезең болып, оның нағыз прагматик, монетарист, жаңа либерал
саясаткер болып қалыптасып Үкімет басына жан-жақты дайындықпен келуіне
тамаша мектеп болды.
Егер әр сайлау сайын депутаттардың 65-70 пайызының жаңарып отыратындығын
еске алар болсақ, келешекте біздің елімізде де депутаттар институтының
саяси элитаны тәрбиелеудің және саяси қызметкерлердің жоғарғы санатын
еселеп толықтырудың пәрменді де сапалы арнасы ретінде маңызының арта берері
сөзсіз. Парламент пен парламентаризмнің демократиялық және құқықтық-
заңнамалық бай танымдық, тәрбиелік ұлағаты ұлттық элитаның қатарын, жоғарғы
мемлекеттік органдарды жаңа, тың күштермен толықтырудың жемісті саяси
мектебіне айналды. Ондаған парламентшілер бүгінде атқарушы билік жүйесінде,
ғылым мен білім саласында жауапты басшылық қызметте табысты еңбек етуде.
Бесінші тағылым – қос палаталы кәсіби Парламент пен парламентаризмнің
теориялық тұжырымын жасап, оның бас саяси архитекторы Президент
Н.Назарбаевтың болғандығы және келешекте еліміздегі жоғарғы заң шығарушы
органның беделінің артып, пәрменді өкілеттікке ие болуы Президенттің осы
мәселедегі саясаты мен ұстанымына, көзқарасына тікелей байланысты екендігі.

Бүгінде Мемлекет басшысының қызметіне, оның өткен кезеңдегі мемлекеттік,
саясаткерлік қызметінің барлық бағыттарына, нәтижелеріне белгілі бір
кезеңдік қорытындылар жасалып, бүкіл еліміз көз тігіп, назар аударып, өткен
тарихи кезең не берді, келешекте не бермек деген сұрақтар төңірегінде бүкіл
қоғамымыздың толғанып, ойланғаны – қарапайым ақиқат. Оның жауабын халқымыз
4 желтоқсан күні берді. Алдағы саяси-тарихи кезеңге үлкен әлеуметттік
үмітпен, сеніммен қарап отырған көпшілік бар. Президенттің бұл саладағы
қызметіне сын көзімен қарап отырған тұлғалардың, топтардың болуы да
демократияның көрінісі, саяси әралуандылықтың жемісі.
Қазақстан Конституциясының 2-ші бабында: Қазақстан Республикасы
президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет, — деп атап көрсетілсе,
ал 40-шы бапта Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі
бағыттарын анықтайды, мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс
істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз
етеді деп анықталған. Қазақстанның мемлекеттік құрылысының бүкіл мәні мен
басты ерекшелігін анықтайтын осы аса маңызды конституциялық қағидалар
еліміз Парламентінің бүкіл табиғатын, құқықтық өрісі мен кеңістігін,
құзыретінің шектерін анықтауға шешуші әсер етті. Елімізде парламентаризмнің
мәртебесі, беделі және даму перспективасы, сайып келгенде, президенттік
институттың қызметіне тікелей байланысты. Сондықтан Н. Назарбаевтың
Парламенттің қалыптасуындағы орны мен рөлі, Президент пен Парламенттің
өзара қарым-қатынасы, Мемлекет басшысының жоғарғы заң шығарушы органның
билік жүйесіндегі орнына, оның мемлекетіміз дамуының әр кезеңіндегі
қызметіне қоғам алдындағы күрделі міндеттерге байланысты берген бағасын,
қорытындыларын, тұжырымдарын саяси, теориялық және ғылыми-практикалық
тұрғыдан үнемі талдап, сараптап отыру ерекше маңызды.
Жалпы Қазақстан Президенті және Қазақстан Парламенті: өзара қатынастар
диалектикасы деген проблема, біздің пайымдауымызша, үнемі талдауды,
зерттеуді қажет ететін күрделі әрі терең мазмұнды, ғылыми өзекті тақырып.
Мұнда қазақ мемлекеттігі мен демократиясы қалыптасуының күрделі саяси
жолдары мен тарихи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заң алдындағы жауаптылық және оның қағидалары
Әскери құқық
Заң алдындағы жауаптылықтан босату негіздері
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік
Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық
Заңдылық пен құқықтық тәртіп
Құқық бұзушылықтың түрлері
Заңды жауапкершілік туралы
Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық
Құқықтық мемлекет туралы жалпы ілім
Пәндер