Ақшаның теориясы


Тақырыбы
Жоспар
Кіріспе
1. Ақшаның теориясы
2. АҚШ монеталары және ақша жүйесі
3. Франция елі корольдерінің атынан шыққан монеталар
4. Германия елінің монеталары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ақша, өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар - номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны - бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы - аверс, артқы жағы - реверс және жаны - гурт деп аталады.
Монета сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен римдердің эпир ханы Пиррмен соғыста (б. э. д. 275 ж. ) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. «Монета» сөзі латынша «moneo» - «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын» дегенді білдіреді.
Алғашқы монеталар VII ғ. б. з. б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX-X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді. Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:
- алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.
- жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.
- алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.
Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.
Тақырыптың мақсат-міндеттері. Англия, Франция, Германия, елдерінің ақша реформасы туралы жалпы сипаттама, шығу тарихы. Алғашқы қағаз ақшалар б. з. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы Ұлыбритания отары болған Солтүстік Америкада, 1762 жылы Австрияда және 1769 жылы Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және т. б. ) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жыпы болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билет нысанында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жылдары және Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы нәтижесінде айналымнан алынды.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Ақшаның теориясы
Ақшаның теориялары мынадай оның бағыттарын бөліп қарастырады: Ақшаның металдық теориясы; Ақшаның номиналистік теориясы; Ақшаның сандық теориясы.
Ақшаның металдық теориясы ақша қызметін бағалы металдардың атқару барысында XV-XII ғғ. қалыптасты. Бұл теорияның өкілдеріне Англияда У . Стэффорд, Т. Мэн, Д. Норс жатса, Францияда А. Монкретьен жатты. Олар монетадан жасалған ақшалардың бұзылуына қарсы болды.
Ақшаның металдық теориялары сауда буржуазиясының мүддесін қорғай отырып, олардың саяси экономиядағы бағыты - меркантилизмді көрсетті. Осы теорияға сәйкес байлықтың көзіне сыртқы сауданы жатқызды. Төлем балансының активті қалдығы ғана елге бағалы металдардың келуін қамтамасыз етеді деген.
Ертедегі метализм теориясының қателігі, біріншіден, байлықтың көзіне адам еңбегімен жасалатын материалдық игіліктер емес алтын мен күмістің жатқызылуы, екіншіден, айналыстағы қағаз ақшаларды металл ақшаларға алмастыру қажеттігін жоққа шығарғандығымен сипатталады.
Капиталдың бастапқы қорлануы аяқталуымен байланысты олардың көзқарастары өзгеріп, яғни байлықтың көзіне сыртқы сауда мен бағалы металдар емес, мануфактура мен ауыл шаруашылығы жататындығына көздері жетті. Соған сәйкес ішкі нарыққа көңіл аударылып, металл ақшалардың ұлтқа қымбатқа түсетінін түсінді.
XIX ғ. екінші жартысындағы ақшаның металдық теориясының қайта тууы 1871-1873 жылдардағы Германияда алтын монета стандартының енгізілуімен байланысты болды. Бұл - ақшаның металдық теориясының бірінші метаморфозасы. Неміс экономистері (К. Книс және т. б. ) ақшаға бағалы металдармен қатар, орталық банктің банкноталарын да жатқызды. Сол уақыттары ақшаның металдықтеориясы инфляцияға қарсы бағытталған ақшалай реформаларды негіздеу үшін пайдаланылды.
- Әлем елдерінің ақша бірліктерінің атаулары
Ақша түрлеріне - бұл заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1 долларлық банк билеттері; 100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс, және мыс-никелдік монеталар жүреді. Ұлыбританияда айналыста: 50, 20, 10, 5 және 1 фунтстерлинг банкноттар, 1 фунт стерлинг, 50, 10, 5, 2 пенсалық монеталар, 1 және 1/2 пенилер, сондай-ақжаңа 10 және 5 пенсалардың құнына тең келетін 2 және 1 шиллингтер де бар.
ТМД және кейбір елдердің ақша бірліктері
Елдің атаулары Акша бірлігі
Қазақстан 1 теңге = 100 тиын
АҚШ 1 доллар = 100 цент
Ресей 1 рубль = 100 копеек
Англия 1 фунт стерлинг = 100 пенса
Украина 1 гривня = 100 копийка
Израйль 1 шекель стерлинг = 100 агора
Беларусь 1 рубль = 100 копеек
Жапония 1 иен = 100 сена
Өзбекстан 1 сум = 100 тийн
Сауд Арабиясы 1 риал = 100 халал
Қырғызстан 1 сом = 100 тыйн
Түркия 1 лир = 100 куруш
Тәжікстан 1 сомони = 100 дирам
Кувейт 1 динар =100 дирхам = 1000 филса
Әзірбайжан 1 манат = 100 гепик
Қытай 1 юань = 10 цзяо = 100 финям
Армения 1 драм =100 люма
Йемен 1 риал = 100 филса
Молдова 1 лей =100 бань
Кипр 1 фунт =100 миллима
Біріккен Араб Әмірлігі 1 динар = 100 филса
Үндістан 1 рупия 100 пайса
Ауғаныстан 1 ауған = 100 пул
Марокко 1 дирхам = 100 сантима
Египет 1 фунт = 100 пиастра
Монголия 1 тугурик =100 мунгу
Австралия 1 австралия доллары = 100 цент
Тайланд 1 бат = 100 сатанга
Ирландия 1 ирландия фунты = 20 шиллинг =240 пенса
Бразилия 1 крузейро = 100 сентаво
- АҚШ монеталары және ақша жүйесі
1792 жылғы монета акті АҚШ-та ақша жасау туралы заң негізінде биметалдық айналымның ақша жүйесіне енген. Заң 1-дің 15-ке сияқты алтын бағасының күміске арақатынасын бекіткен. Кез келген адам Теңге сарайына кесек алтын немесе кесек күміс алып келіп, жеткенше монета соқтыра алған.
Биметаллизм нарықтық айырбас талаптарына сай бола алмады. Мемлекеттің бекіткен алтын және күміс бағаларының қатаң арақатынасы әрқашан қызмет барысында сәйкесе бермейтін. Алтынның күміске шаққандағы бағасының ауытқуы ақша айналымының тұрақсыздығын тудырған. «Ең нашар ақша ең мықты айналымнан ығыстырылып шығарылады» деген Грешем заңы жарамсыз болып қалады. Осылайша алғыр, пысық адамдар айналымнан алтын монеталарды шығара бастайды. Кейін оларды балқытып, күміс кесектерге ауыстырып алады. Сонан соң тағы да күміс монеталар санына сәйкес көрсетілген баға бойынша алтынға айырбастайды. Күміске баға артқан кезде күнделікті қолданыстан күміс монеталар ығыстырылады.
Алтынның күміске шаққан бағасы кезеңімен қайта қарастырылады. 1834 жылғы монеталық актіге сәйкес алтынның күміске шаққан бағасы 1-ден 16 деңгейіне тұрақталды. 1853 жылы 1-ден 15, 5 деңгейін құраған. Курстың ауытқуы жаңа түрдегі монеталардың пайда болуына әкелді. Дизайндегі өзгерісі көптеген монеталардың әрбір өзгерісінде болып отырған.
1873 жылы қабылданған монета акті тарихқа «1873 жылдың қылмысы» (ағылш. The Crime of 1873) деген атпен енген болатын. Де-факто АҚШ-тағы биметаллизмнің тоқтауына нүкте қойған. 1792 жылдан бастап қолданылып келген ақша жүйесі алтын монеталы стандартпен алмастырылды. Өткен ақша жүйесінен бас тарту бойынша күміс тауардың өз маңызына айналады. Доллар алтынның 90 пайызы болатын 1, 67 грамына жеңіл әрі еркін айырбасталатын. Жаңа ақша жүйесіне ауысу кезеңі ауыртпалықсыз болмады. Алтынның күміске шаққандағы бағаның өсуі макроэкономикалық процестер қатары - дефляцияны, жұмыссыздар санының артуын (1894 жылы 18 пайызға дейін) тудырған болатын. Биметаллизмге қайта оралуы Уильям Брайанның 1896 жылы өткен сайлау алдындағы бағдарламасының негізгі бөлімдердің бірі болатын. Кейіннен ол сайлауда жеңіліс тапқан үміткерлердің қатарына қосылған.
1933 жылы «Ұлы Депрессия» аталған экономикалық дағдарыс көрінісінде президент Рузвельттің жарлығы алтын монеталы стандартын аяқталуына негіз болған. 1933 жылдан бастап АҚШ айналымға арналған алтын монеталарды соғуды тоқтатқан.
1965 жылы президент Линдон Джонсонның монеталық акті күміс монеталар соғуды шектеді. 1971 жылдан бастап айналымға арналған бағалы металды монеталар шығарылмады. АҚШ 2010 жылы алтыннан, күмістен және ақ алтыннан жасалатын тек инвестициялық және мерейтойлық монеталарды коллекция жиюшыларға арнап шығарады.
Күні бүгінге дейін АҚШ монеталары Филадельфияда, Денверде, Сан-Францискода и Вест-Пойнтте (Нью-Йорк) орналасқан 4 теңге сарайында шығарылып келген.
Филадельфииядағы теңге сарайы ең ежелгісі (алғашқы монета 1792 жылы соғылған) және ең үлкені. Ол жерде 30 минут ішінде миллион монета шығаруға мүмкіндік болған. Денвер және Сан-Франциско теңге сарайлары күші жағынан едәуір аз болған. Вест-Пойнтте бағалы металдардан инвестициялық монеталар соғады.
Белгілі бір сарайда соғылған монеталарда балқытылып шағын әріп орналастырады. Ол әріп монетаның қай теңге сарайына тән екендігін білдірген.
АҚШ монеталарының шығарылу кезеңдері келесі теңге сарайларында жүзеге асырылған:
Филадельфия - 1980 жылдан бастап P;
Денвер - D (1906 жылдан бастап) ;
Сан-Франциско - S (1854 жылдан бастапкүні бүгінге дейін) ;
Вест-Пойнт - W (1976 жылдан бастап) ;
Карсон-Сити - CC (1870-1893 жыладры;
Шарлотт - C (1838-1861 жылдары) ;
Далонега, Джорджия - D (1838-1861 жылдары)
1792 жылы АҚШ конгресінде қабылданған монеталық актіге сәйкес алтын монета шығару мүмкін болады. Соған сәйкес теңге сарайы 2, 5$, 5$ және 10$ номиналды алтын монеталарды шығара алған. Алғашқы алтын монета з жылдан соң 1795 жылы шығарылған. Сонымен қатар актіде монета салмағы, 91, 67 пайыздық алтын монетаның сапасы, содай-ақ дизайннің міндетті болған элементтері көрсетілген. Ол элементтер:
Аверсте (монетаның беткі жағы) азаттықты бейнелейтін сурет және «LIBERTY» жазуы бар болуға тиіс;
Алтын және күміс монеталардың реверсінде (монетаның сырт жағы) АҚШ-тың геральдикалық белгісі - ақ басты бүркіттің суреті және «UNITED STATES OF AMERICA» деген жазуы болуы тиіс.
Алғашқы монетада оюшы Роберт Скот Бостандық көрінісі үшін үлгі ретінде әйгілі суретші Гилберт Стюарт салған АҚШ тұңғыш банкі президентінің қызы, АҚШ-тың ең сұлу әйелдерінің бірі саналатын Анна Виллинг Бинхемнің портретін қолданған. Осыған орай, күміс монеталардан ерекшеленіп, алтын Бостандық сол кезеңде АҚШ-та сәнге айналған. Әйелдер шляпасын бейнелеген бұл монета ағылш. Turban Head атауына ие болған. Президент Томас Джефферсонның кезінде ескі үлгідегі монета алмастырылып шығарылған. Жаңа сериялы монетаға оюшы ретінде неміс иммигранты Джон Райх таңдалған. Оның жасаған монета дизайні сәтті болып шығады. Бүркіт бейнесі монетаның реверсінде, ал аверсінде оюшы көңілдесі бейнеленген.
1834 жылы монета құрамының өзгерісі оның жаңа дизайнге қажеттілігін көрсетеді. Жаңа дизайнді Вильям Книссо дайындаған. Бостандықты бейнелеген әйел суреті антикалық барельефті еске салады. Бұл біршама наразылық тудырады. Осыған байланысты монета 5 жыл ғана шығарылған. Кейіннен оюшы Кристиан Гобрехтом жасаған монетаның жаңа үлгісі шығарылады.
Әр жылдары монета құрамы өзгеріп отырған. 1959 жыл мен 1962 жыл аралығында центтер қоладан (95 % Cu, 5 % Sn/Zn) , 1963 және 1982 жылдар аралығында латуннан (95 % Cu, 5 % Zn) соғылды. 1982 жылдан бері монетаның 97, 5 % мыспен көмкерілген цинктен тұрады.
Кейінгі жылдары монетаның ішкі бағасыоның номиналды құнынан асып кеткен уақыттағы металл құнының нарықтағы қымбаттығына байланысты жағдай туындады. АҚШ-та кіріс алы мақсатындағы қайта балқыту жұмысындағы қылмыстық жауапкершілік енгізілді.
Джефферсон бейнесімен шыққан 5 центтік монеталар 1938 жылдан бастап көп миллионды таралымммен шығарыла бастаған. Аверс және реверс дизайнін Феликс Шлаг дайындаған.
1933 жылғы 20 доллар - әлемдегі ең қымбат монета. 1933 жылы «Ұлы Депрессия атауына ие болған» экономикалық кризиске байланысты АҚШ алтын монетті стандарттан бас тартуға мәжбүр болды. Алтын монеттер айналымнан алынып, қайта балқытылуға жөнелтілді. Бұрынырақ уақытта соғылған 445500 данасы қайта балқытылды. 20 монет сонда да бұзылмай қалды. Олардың барлығы зергер Израэль Свиттің қолына заңсыз түсірілді. Жеке колекционерге сата отырып, бірі Мысыр королі Фарук болатын, олардың тоғызымен қош айтысты. Осындай редкий ақша бірліктері назардан тыс қалмады, сондықтан да АҚШ арнайы қызмет орындарының күшімен бұл монеттер (Мысыр королінің қолына түскенінен басқалары) конфескеленді. 1991 жылы британдық Стивен Фентонға бұл данасын иелену жағдайы бұйырды. Слл сияқты бұл монет те АҚШ арнайы қызмет орындары конфискеледі. Ұзақ уақыттар бойында жүргізілген сот үрдістері монетаны аукционға сатуға шешім қабылдады, ал саудадан түскен ақшаны АҚШ қазынасы мен Стивен Фентонға бөліп берді. Монета 2002 жылы жасырын коллекция жинаушыға $7 590 020 құнына сатылған болатын. 2004 жылы Израэль Свитт мұрагерлерінен конфискеленіп, Форт Ноксқа орналастырылған 1933 жылғы 20 долларлық монеттің 10 данасы табылды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz