Педагогикалық шеберлік жайлы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Педагогикалық шеберлік туралы

Педагокикада кәсіби қызыметтің сапасын айқындайтын бәртұтас әрі жүйелі түсінік «педагогикалық шеберлік» болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде «шеберлік белгілі бір саладағы өнер деп анықтама берген, ал шеберлік өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман делінген» ( С. И. Ожегов) педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби қызыметтік және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.

Педагог түрі ғылым саласында озық білім меңгеруімен шеберлікке қол жеткізе алды ма? өз әріптестеріміздің тәжірибесінің кәсіби қызыметінен көре аламыз ба? Жоқ, себебі педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдалақтарына сүйену арқылы әдемілік пен тәрбиелікті жеткізе білуі керек. Бұл жағдайда ең обьективті заңдар туралы сөз болып отырғанын, яғни нақты бір адамның - педагогтың өмірге көзқарасы, қарым- қатынасы туралы екенін түсіну маңызды болмақ.

Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми - әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.

Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша хлық комиссары А. В. Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарында жариялаған сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғами қайраткерлердің мәжілісндегі сөздерде ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін айтқан: «егер алтын құятын шеңбер оны бүлдіріп алса, оны қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең баегер алтын құятын шеңбер оны бүлдіріп алса, оны қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең баға жетпес гауһар - өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе күнәзіздіктің үлкен күнәсі. Бұл материялмен алдын ала не істейтініңді анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек» дейді.

Н. К. Крупская 1932 жарыққа шыққан «Мұғалім туралы» деген мақаласында «8лг3л3 мұғалімнің мерилі» ретінде өменгі критерийлерді анықтады: мұғалім өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білу керек, оқытудың әдісін меңгеру, оқу және тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі, оқушының қабілетін оята білуі, беделді бола білуі қажет.

Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А. С. Макаренконың пікіріне сүйенер болсақ, оның дәлелдуінше шеберлік - бұл «тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктінің болуы ». бұл жөнінде ол: «Мен білік пендағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәдірибемде көз жеткіздім» дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік тралы түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, «дауысты келтіру - өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, күлу бәрі - өнер болып табылады. » мен өзімді нағыз шебер болдым деп санаймын, тек «мында кел» деген сөзді 15-20 түрлі етіп айта алатын даусымды, бет - әлпетімді 20 түрлі құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетін дәрежеге жеткенде ғана дейді.

Кеңес педагогикасы педагогикалық шеберлік корифейінің мәнін мінез - құлық білігінің кең ауқымда қарастырыды.

В. А. Сухомлинский бұл түсінікке нақты анықтама бермейді, дегенмен, ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болу керек деген пікір айтады. Ол: «идеялар мен қағидалардың, көзқарастар мен талғамның, симпатия мен антипатияның, моральдық - әдептілік қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы - міне, осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады» дейді. Сондай-ақ ауызбіршілік тәрбие үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды, әрі жан дүниесін, жеке бағытын, ой- санасын онсыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады.

А. И. Щербаков педагогикалық шеберлік - мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп есептейді. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің басты атрибуты - өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен атқару дейді.

Ю. П. Азаров тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәні төмендегіше ашады: «педагогикалық шеберліктің негізі бала болып табылады» дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас бөліктердің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын дамыта түседі: «сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтың жеке тұлғаға немесе ұжымға жаппай эмоционалды обыразды ықпал жасауына әкелетінін айтады.

Міне, шеберліктің құдіреті - осындай тұтасқан үйлесімде. Ю. П. Азаров қалың оқырман қауымына арналған публистикалық басылымында: «мен шеберліктің формуласын қайта - қайта айта беруге дайынмын, оның мәні: техналогия, қарым - қатынас, тұлға сияқты үштікте» дейді. Шеберлік . . . істейтін ісіміздің материялдық жағында болуы керек, мен техналогия деп атап отырған. Бұл техналогияны кешіктірмей іске асырсақ, соның арқасында қарым - қатынас жасалады. Ал бұл қарым - қатынас мені және мен қатысатын балаларды қалаптастырады» деген екен.

Н. В. Кузмина шеберлікті маманның өз жұмыс жағдайын зеріттеп, зерделей білуі, кәсіпті міндеттерін оңтайлы шешу үшін кәсіби біліктілікті, дағды мен білікті меңгеру деп анықтайды.

Н. В. Кузминаның пікірінше, педагогтың кәсіби шеберлігі тәжірибе мен оқу міндеттерін шеше білуді жоғары деңгейде меңгеру. Бұл жалпы еңбек пен жалпы ителектуалдық білік қалыптасқанда ғана жеткілікті билік дәрежеге ие болады (талдау, синтездеу, жалпылау, ауыстыру, нақтылау саласында) .

Ю. К. Бабанский «мұғалім кәсіби техналогияны еркін меңгерумен, шығармашылығымен бала оқытуда және тәрбиелеуде ерекше шебер» деп көрсетеді. Сондай - ақ автор педагог еңбегінің қарапайым қырларын дұрыс талдау және педагогтық оптималдышешім жасау мен оқушының жеке басы сияқты қасиеттерге тоқталады.

Н. В. Кухарев мұғалімнің белгілі дәрежедегі педагогтық шебрлігін қатыстырудың дұрыстығын айта келіп, оның шеберлігі психологиялық - педагогтық дайындығының жоғары деңгейіне негізделуі шарт дейді.

Павлютенковтың ойынша, мұғалімнің кәсіби шеберлігі төменгі компоненттер құрайды: а) тұлғаның қажеттілік - мотивациялық саласы; б) операциялық - техникалық саласы; в) тұлғаның өзін -өзі тануы.

В. А. Сластениннің педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы Азаровтың пікіріне жақын. Ол педагогтық шеберлікті педагогикалық техналогиямен өзара байланыстырды, дегенмен, ол тек операциялық компоненттермен шектелмеуі керек, адамның жеке іскерлігі мен оның бойындағы педагогтық процестің жоғары тиімділігін анықтайтын қасиеттерінің сабақтасып жату керек деген пікір айтты.

И. П. Андриади педагогикалық шеберлікті жеке тұлғаның рухани - әдеп және интелектуалдық дайындығы, қоғамның әлеуметтік - мәдени құндылықтарын шығармашылықпен ұғындыратын қасиеті деп қарастырады. Және теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруда кәсіби білік, дағдының болуы маңызды деп атап көрсетеді.

В. А. Мижериков и М. И. Ермоленко педагогикалық шеберлік педагогтық қызыметтің дамуының биік сатысын жасай отырып, педагогтың педагогикалық техналогияны игеруін, кәсіби және азаматтық бағытын, тәжірибесін, бүтіндей тұлғасын көрсете алатынын айтады. Педагогтық шеберліктің мәні жоғары нәтижеге қол жеткізетін білімді, білік пен дағдыға ұштастыру арқылы жүзеге асқанқызыметтің деңгейімен анықталады.

В. П. Куравлеваның анықтамасында педагогтық шеберлік « . . . теориялық негіздемелер және мұғалім мен оқушы арасын жоғары ақпараттық дәрежеде байланыстыратын педагогикалық іс - тәжірибелер мен операциялардың тұрақты жүйесі» дәлелденген. Осы анықтаманы өрбіте отырып, автор теориялық біліммен жоғары дамыған практикалық біліктің үйлесіп біртұтас болуы шығармашылықпен бегітіледі деп ой қосады. Шеберліктің нақты көрсеткіштері оқытушының ісінде, оқу тәрбие жұмыстарында, еңбек сапасында, міндеттерін жауапкершілікпен орындау екзінде көрінеді.

А. А. Сидоров, М. В. Прохорова и Б. Д. Синюхин педагогтық шеберлік педагогикалық мәдениеттің тірек компоненті деп есептейді және шеберлік сан алуан оқу тәрбие ісіне байланысты міндеттерді табысты шешуде педагогтың жеке басының қасиеттерімен қоса оның психологиялық - педагогикалық ойлауы, кәсіби білігі, дағдарысы мен эмоциясы өзара сабақтастық табатын ерекшеліктері деп анықтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
Жеке оқушымен жұмыс Озық тәжірибелермен танысу, тиімділігін анықтау. Мерзімді басылымдарды шолу. Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен әдебі
Педагогтық әдеп, шеберлік туралы жалпы түсінік
Шетел тілі мұғалімінің кәсіптік және педагогикалық дамуы
Педагогикалық шеберлік түсінігі
Педагогикалық шеберлік түсінігі туралы
Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы
Педагогикалық біліктілік
Тәлімгерліктің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz