Delphi программалау ортасы - Лекция


Лекция 1. Delphi программалау ортасы
1. Кіріспе
2. Delphi-ді іске қосу. Delphi ортасы
3. Проект. Форма. Қасиеттер. Қасиеттер терезесі
4. Оқиғалар
1. Кіріспе
Обьектіге бағдарлы оқиғалық программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі обьектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері - visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi (Делфи) обьектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (visual - көзбен көру, экрандық) . Олар, әсірісе, Delphi программалау тілі - кез-келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6, 7-нұсқалары жарық көрді.
Дәстүрлі Паскаль оқып үйренуге жеңіл және MS Dos жүйесінде программа дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi - де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. Delphi-дің негізгі ерекшелігі - онда қосымша құруда компоненттік және обьектілік тәсілдер пайдаланылады(Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп атайды) . Бұл программалау технологиясында нағыз революция жасады деуге болады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс - әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады.
Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т. б іс-әрекеттерді орындау да мүмкін.
2. Delphi-ді іске қосу. Delphi ортасы
Windows терезесі арқылы Delphi -ді іске қосу командасы:
Іске қосу - Программалар - Borland delphi6 - Delphi 6
Экранда Delphi ортасының үш терезесі көрінеді (1. 1-сурет) .
1
3 2
1. 1-сурет. Delphi ортасы
- Delphi 5-тің негізгі терезесі;
- Форма(Form1) ;
- Обьект инспекторы терезесі (Object Inspector) .
Жалпы ортада программа құруға арналған төртінші, модуль терезесі де іске қосылады( Unit1. pas ) . Форма терезесінің астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрінбейді.
Delphi-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мәзір, аспаптар панелі және компоненттер палитрасы енгізілген (1. 2-сурет) . Негізгі мәзір пункттеріне Delphi-де жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне ішкі мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналатырылған.
1. 2-сурет. Delphi -дің негізгі терезесі
Стандартты түймелер:
PBrush - New(Жаңа) ;
PBrush - Open(Ашу) ;
PBrush - Save(сақтау) ;
PBrush - Open Project(проектіні ашу) ;
PBrush - View Form(Форманы көрсету) ;
PBrush - Run(Іске қосу) ;
PBrush -
Pa
use (‡зіліс) ;
- Add file to Project (Проектіге файл қосу), т. б.
3. Проект. Форма. Қасиеттер. Қасиеттер терезесі
Delphi-де дайындалатын программа дайындау проект (жоба) деп аталады. Форма - программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен көрінеді(1. 1-сурет) . Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша формасын кеңейту не қысу қиын емес.
Құрылатын программада пайдалану үшін формада түрлі компоненттер (форма компоненттері) орнатылады. Негізгі компоненттердің кейбірі Access берілгендер қоры жүйесінде пайдаланылатын элементтер панеліне енгізілген түймелер сияқты. Олар Delphi терезесінің компоненттер палитрасына орналастырылған.
Кей жағдайларды экранда форма көрінбеуі мүмкін. Он экранға шығару үшін View - Forms командасын беру жеткілікті.
Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің(компоненттер жөнінде келесі тақырыптарды қараңыз) түрлі қасиеттері бар (оларды компонент “паспорты” деп те атайды) . Қасиет (Сипаттама, параметр) - айнымалылардың ерекше түрі. Олар обьектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері - форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі т. б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.
Форманы не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Обьект инспекторы (Object Inspector) терезесіне енгізілген. . Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес обьектіні (форманы не формада орнатылған форма компонентін) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған обьект атауы да жазылып қойылады. Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер терезесі 1. 1-суретте көрсетілген. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар) . Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер-қасиет атауларыб екінші бағанға сәйкес жазылғандар-олардың мәндері.
4. Оқиғалар
Windows - тағы сияқты Delphi - де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнату, форманы не формада орналасқан компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның әр іс - әрекеті оқиға шақырады. Яғни, оқиға программаның жұмыс істеуі кезінде обьект жағдайының өзгеруі.
Delphi-де әр оқиғаға атап беріліп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесі арқылы формада орнатылған Button1 компонентін шерту Click (шерту) оқғасын шақырады (1. 5. 4-тақырыпты қараңыз) .
Әр обьектіге байланысты оқиғалар жеткілікті Мысалы, формаға - байланысты оқиғалар саны-35 (1. 4-сурет) . Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша беті не енгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префіксі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол-атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі.
1. 4 - сурет. Форма оқиғалары
Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:
OnClick - тышқан түймесін бір рет басу;
OnDbiClick - тышқан түймесін екі рет басу;
OnKeyDown - клавишті басу;
On KeyUp - басылған клавишті босату;
OnMouseDown - тышқан түймесін басу;
OnMouseUp - тышқан түймесін босату;
OnMouseMove - тышқан көрсеткішін жылжыту;
OnCreate - форманы екі рет шерту, т. б.
Лекция 2. Программа құрылымы
1. Программалық код терезесі
2. Программа құрылымы. Негізгі модуль
3. Тәсіл модуль құрылымы
1. Программалық код терезесі
Delphi-де программа ( проект ) екі бөлімнен тұрады. Алғашқы автоматты түрде project1 атауы берілетін проект файлы (негізгі модуль) және unit1. pas атауы берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес іс - әрекеттерді орындайтын программа мәтіні ( процедуралар ) енгізіледі (олар 1. 4 - тақырыпта кең түрде қарастырылған) . Программа мәтінін программалық код деп, терезені программалық код терезесі не қысқаша редактор терезесі деп те атайды. 1. 1-тақырыпта ескертілгеніндей, Delphi іске қосылған кезде ол форма терезесінің астында көрінбей тұрады. Он экранға шығару тәсілдері:
- форманы жабу (жабу түймесін шерту) ;
- код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрса, оны шерту.
Терезе белсендірулі түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгісі) көрінеді. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлінген класс және процедура атауларынан тұрады (1. 5-сурет) . т. б.
Жалпы формадан код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту үшін F12 клавишін басу желкілікті. 1. 5 - суретте көрініп тұрғаны - код терезесіне енгізілген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылған процедура оқиғаны өңдеуіш не оқиғаны өңдеу процедурасы делінеді. Процедура дайындамасының жазылу түрі:
Procedure <атау> (Sender: TObjiect) ;
Сипаттау бөлімі
Begin
Процедура денесі
End;
Мұндағы Sender параметрі құрылатын процедураның қай класна тиістілігін анықтайды.
Терезенің сол бөлігіндегі - браузер терезесі. Онда код терезесінде барлық жарияланулардың құрылымын көріп шығуға болады.
1. 5 - сурет. Редактор терезесі. Онда көрінген процедура дайындамасы.
2. Программа құрылымы. Негізгі модуль
Кез келген программа program сөзінен басталатын проект файлы мен бір не бірнеше модульдерден тұрады да, қолдан құрылатын программа модуль ішіне енгізіледі. Проект файлы dpr , модуль pas кеңейтілуі бойынша сақталады. Проект файлын негізгі модуль деп атайды. Негізгі модульдің мазмұны проектінің жалпы сипаттамасынан тұрады. Delphi іске қосылған кезде он ол автоматты түрде дайындап шығады. Негізгі модульге ерекше жағдайлардан басқа кездері қосымша нұқсқаулар енгізулің қажеті жоқ. Негізгі модуль (проект) :
Program Project1;
Uses
Forms
Unit in “Unit1. pas’ {Form1};
{$R*. RES}
begin
Application. Initialise;
Application. СreateForm(Tform1, Form1) ;
Application. Run;
End;
Мұндағы,
Progect1 - негізгі модуль (проект) атауы. Проектіні дайындап, жаңа атау бойынша сақтаған кезде ол соңғы атауға алмастырылып қойылады;
Uses (қолдану) - Tурбо Паскальдағы сияқты, қызметші сөз. Оның соңына программада пайдаланылатын стандартты (кітапханалық) Forms модулі мен Delphi-дің модульге алғашқы рет меншіктеген атауы. ( Unit1 ) жазылған Unit1-ден соң оның қайсы модульдік файлда құралатыны ( In ‘Unit1. pas’ ) және онымен байланысты форма атауы көрсетіледі. ({ Form }) .
{ $R*. RES }-нұсқау. Ол компиляторға қосымшаның (Windows көмегімен дайындалған қолданбалы программаның) қор сипаттамаларын, мысалы, шартбелгілер (пиктограммалар) сақталған файлды және т. с. с. пайдалану керектігін көрсетеді (файлдың кеңейтілуі -. res ) ;
Begin - end операторларының аралығына енгізілген. Соңғы бөлім- қосымшаның алғашқы жүктелуін қамтамасыз ететін тәсілдер (Delphi-де арнайы іс-әрекетті орындайтын процедура, функция және командалар тәсілдер делінеді) :
Application. Initialize - қосымша обьектісін инициалдау (программаны алғашқы рет дайындау) тәсілі;
Application. CreateForm - проект құрамына енетін форманы дайындап, экранда көрсету тәсілі (create-құру) ;
Application. Run - программаны іске қосуды қамтамасыз ету тәсілі.
3. Тәсіл. Модуль құрылымы
Delphi-де тәсілдің командалық түрде жазылуы:
<Обьект>. <Тәсіл>
Мысалы, Application. Initialize - Application обьектісінің Initialize тәсілін орындау.
Кейбір жағдайда бөлімге проект сақталатын бума атын меншіктеу командасын қосып қою да мүмкін, т. б.
Жалпы, Delphi-де программаның орындалуы автоматты түрде негізгі модульді орындаудан басталады.
Модуль- түрлі іс-әрекеттерді орындауға арналған программа бөлімі. Модуль тақырыбы Unit (модуль) қызметші сөзінен басталып, соңына әдеттегідей нүктелі үтір (; ) таңбасы мен аяқталатын модуль атауы жазылады. Delphi-дің модульге алғашқы рет меншіктейтін атауы- Unit1. Жаңа проект ашылған кезде модуль дайындамасы да автоматы түрде құрылады:
unit Unit1;
Interface Uses
Windows, Messages, SysUtils, Clfsses,
Graphics, Controls, Forms, Dialogs;
Type
Tform1= class (TForm)
Private
{Privare declarations}
public
{Public declarations}
end;
var
Form1: Tform1; l
Implementation
{$R*. DFM}
end.
Интерфейс (interface) бөлімі interface кілттік сөзімен басталады да оған бөлімдер енгізіледі: uses - Турбо Паскальда пайдаланатын бөлім сияқты, оған стандартты модуль атаулары жазылады, бөлімге пайдаланушы пайдаланған модуль атауын кірістіріп қоюы да мүмкін. Одан әрі, Delphi дайындалған форма типі сипатталады (онда өрістер, қасиеттер, компоненттер сипатталып, олардан соң модульде жазылатын процедуралар мен функциялар (программа элементтері ) жарияланады, т. б. ) .
Private ( жеке, дербес ) бөліміне тек ағымдық модульге тиісті элементтер енгізілуі мүмкін ( элемент - өрістер, тәсілдер, қасиеттер мен оқиғалар) ; Public (көпшілік) бөлімінің ішінде ағымдық модульге қол жеткізуге болатын кез келген программа не модульдің көрінетін элементтері, облыстары енгізіледі. Олар класқа енетін элементтердің пайдалану облыстарын ғана анықтайтын болғандықтан, әдетте (көп жағдайда) олар бос көрінеді.
Implementation (іске асыру, орындау) бөліміндегі {$R*. DFM}-. dfm кеңейтілуі бойынша жазылған файлды пайдалану нұсқаукы. Ол модульді сәйкес форманың сипаттамасымен байланыстырады (файла форма қасиеттерінің мәндері жазылып қойылған. Ол формаға қойылған компоненттер қасиеттерінің де сипаттамаларын бойында сақтайды. Қасиеттер сәйкес Objiect Inspector терезесінде көрінеді) . Одан соңғы қатарларға программалаушы Delphi тілінде қажетті процедураларды қолдан кірістіру керек. Олардың ішіндегі оқиғаны өңдеуіш процедуралардың тақырыптары модульдің интерфейс бөлімінде автоматты түрде жазылып қойылады, мысалы, 3. 7. 4, 3. 11-тақырыптары өңделетін арнайы информация үшін толық модульдер құрылған.
Кейде модульдің соңына инициалдау (initialization) бөлімі енгізіледі. Бөлім модуль айнымалыларын инициалдау (бастапқы мәндер беріп), программаны дайындау үшін қажет. Егер де толтырылса, бұл бөлім басқаруды программа денесіне беру ден бұрын орындалады. Бөлім нұсқауларын begin және end кілттік сөздерінің арасына енгізу керек. Жоғарыда көрсетілген сиқты, бөлім толтырылмаса, begin сөзі жазылмай, оған тек end өзі енгізіледі. Ол - модульдің соңын білдіретін кілттік сөз.
Лекция 3. Берілгендерді енгізу және шығару
1. Берілгендерді жекедиалогтық терезеде енгізу. InputBox функциясы
2. Стандартты типті- түрлендіру функциялары
3. Берілгендерді жеке диалогтық терезеде шығару. Showmessage процедурасы
4. Берілгендерді формада енгізу және шығару. TЕdit, Tlabel, TButton класстары және олардың қасиеттері
1. Берілгендерді жеке диалогтық терезеде енгізу. InputBox функциясы
Delphi -де айнымалы мәнін жадқа енгізу үшін Турбо Паскальда пайдалынылатын Read (оқу ) операторы жоқ. Программада ол үшін басқа тәсілдердің қолданылуы мүмкін :
- менщшіктеу;
- енгізу терезесін пайдалану;
- форманың Edit компоненті өрісін пайдалану.
Меншіктеу командасының программада жазылуы әдеттегідей, мысалы, х:=4. 7;
Енгізу терезесі Delphi-дің стандартты InputBox функциясының терезесі. Программада InputBox (енгізу қорабы ) функциясын пайдалану командасының жазылу үлгісі:
<айнымалы >:= InputBox (‘<тақырып >’, ’<түсініктеме >’, ’<мән>’)
мұндағы,
айнымалы -мәні енгізу терезесіне енгізілетін жолдық типті айнымалы атауы (InputBox функциясының мәні әр кезде жолдық ( String ) типті. Мән меншіктелетін айнымалы (х) программада х: String; түрінде сипатталуы тиіс) ;
Тақырып -енгізу терезесінің тақырыбы ретінде жазылатын мәтін;
Түсініктеме - енгізу терезесінің ішінде жазылатын түсініктеме мәтін;
Мән- енгізу терезесі көрінген кезде оның енгізу өрісінде көрінетін мәтін. Әдетте оны бос символдық етіп енгізеді. Мысалы, х:=4. 7 меншіктеу командасын InputBox функциясын пайдаланып, мынадай түрде беруге болады:
х:= InputBox (‘Аргумент мәні ’, ‘ х:=’ ‘’ )
Команданың орындалу барысында көрінетін терезе 1. 6- суретте көрсетілген . Терезенің енгізу өрісіне 4, 7 мәнін енгізіп, ОК түймесін шерту керек (не КҚ клавишін бауғада болады) .
Ескерту. Windows-тың күйге келтіріліп қойылуына байланысты нақты сан әдеттегідей үтір (, ) арқылы бөлініп енгізілуі мүмкін. Ол меншіктелетін айнымалы (х) жолдық типті болғандықтан, қажет болса, оны сандық типті етіп түрлендіру керек.
1. 6- сурет. Енгізу терезесі
2. Стандартты типті- түрлендіру функциялары:
- кесте
х нақты санын форматты жолдық типке түрлендіруүМұндағы f-формат (кескіндеу форматы ) . Ол көбінесе ffGeneral не ffFidex түрінде жазылады;
s-барлық цифрлар саны (дәлдік) ;
о-ондық нүктеден соң жазылатын цифрлар саны (ондық дәлдік ), мысалы, FloattostrF(x, ffFidex, 7. 3 ) ;
Х бүтін санын жолдық типті ету
(IntToStr-Integer to string, т. с. с. )
Ескерту . 1. FloatStrToF функциясының форматын (f) ffExponent түрінде жазуғада болады. Ол санды экспонеттік етіп дөңгелектейді.
2. Delphi-де Турбо Паскальда қолданылатын Str(x, s) және оған кері Val(s, x, code) типті түрлендіру процедураларында пайдалану мүмкін. Мысалы, x=25 болса, Str(x, s) процедурасының орындалу нәтижесі:s=’25’; s=’54’ болса Val(s, x, code) процедурасының орындалу нәтижесі :x=54, code=0.
3. Берілгендерді жеке диалогтық терезеде шығару. Showmessage процедурасы
Delphi-де берілгендерді Showmessage (мәліметтерді көрсету) процедурасының терезесіне шығаруға болады. Процедураның (оператордың) жазылу түрі.
Showmessage(s) ;
Мұндағы s-жолдық типті өрнек . Егер ол сандық типті болса оны жолдық типке түрлендіру үшін s аргументінің орнына типті түрлендірудің сәйкес функциясын енгізу керек. Мсыалы, s нақты типті сан болса, оны шығару терезесінде көрсету операторының мынадай түрде жазылуы мүмкін:
Showmessag(FloatToStr(s) ) ; не
Showmessag((FloatToStr(s, ffgeneral, 7, 3) ) ;
Жүйе соңғы операторды оқып шығып, жеті цифрдан тұратын нақты санды символдық типте шығару терезесінде көрсетеді.
4. Берілгендерді формада енгізу және шығару.
TЕdit, Tlabel, TButton класстары және олардың қасиеттері
Компоненттер понеліне формаға оқиғаларды өңдеуіш процедуралар тудыратын түрлі компоненттер (интерфейс элементтерін) орнатып, программа нәтижесін форма терезесінде көрсету - Delphi-де визуальды прогрммалаудың ең түйінді негізі. Әсіресе, ол үшін компоненттер понелінің Standart бетінен мәтіндермен жұмыс істейтін TЕdit, мәтін енгізілетін TLabel және командалық TButton компоненттері жиі пайдаланады. Мысалы, формаға Еdit1 редакциялау өрісін орнатып, оның Text қасиеті арқылы не іске қосу командасын берген соң оған курсорды енгізіп, клавиатура арқылы бір жолдық мәтін енгізуге және оны редакциялауға болды. (Оны таңдап, буфер арқылы формада орнатылған екінші Еdit өрісіне көшіруде мүмкін. )
Формада орнатылған Label, Еdit компоненттерінің Caption, Text қасиеттеріне праграмма арқылы қол жеткізу - паскальдағы жазу өрісіне қол жеткізу сияқты. Алдымен обьект атауы жазылып, одан соң нүкте қойылады да, оның соңына қасиет атауы енгізіледі. Қасиетке мән меншіктеу тәсілі әдеттегідей. Мысалы:
Label1. Caption:=’біз студенттерміз’;
Еdit1 өрісіне енгізілген қарапайым мәтінді (S) Label1 -өрісіне шығару да мүмкін. Ол үшін процедура денесін мынадай етіп алу жеткілікті (Еdit1. Text- Еdit1 обьектісінің Text қасиетін программа арқылы орындау әдісі) :
Var s string;
Begin
S= Еdit1. Text;
Label1. Caption :=s;
End;
Формада TButton (түйме) компонентін орнатып, оны программаны іске қосу түймесі ретінде пайдалану қыйын емес.
Осы класстардың тағы да бірнеше қасиеттерін қарастырайық.
TLabel:
- AutoSize: Boolean - компонент көлемі ішіне жазылған текстке қатысты өзгеру не өзгермейтіндігін белгілейді,
- Layout: TТextLayout; - компонент ішіндегі тексттің вертикаль бойынша реттелу түрін анықтайды.
- Transparent: Boolean; - компонент фоны мөлдір болуын не болмауын анықтайды.
TEdit:
- BorderStyle: TSaticBorderStile; - компонент айналасында рамканың болуын (болмауын) анықтайды.
- SelText:string; - тексттің ерекшеленген фрагменті (ТMemo классы үшін де тиісті) .
тәсілдері ( басқа да текстпен жұмыс істейтін компоненттерге де тиісті ) :
- Procedure Сlear; virtual - бүкіл текстті жояды.
- Procedure ClearSelection; - ерекшеленген текстті жояды.
- Procedure CopytoClipboard; - ерекшеленген текстті алмасу буферәне көшіреді.
- Procedure PasteFromClipboard; - алмасу буферіне көшірілген текстті курсор тұрған орынға қояды.
Лекция 4. Программалау элементтері
1. Берілгендер. Өрнек
2. Программаның жалпы түрде құрлымы.
3. Тармақталу командасы. Таңдау комадасы. Case операторы
4. Циклдер
1. Берілгендер. Өрнек
Автоматты құрылғының не адамның өңдеуіне бейімделіп дайындалған сандық; символдық, мәтіндік т. б. инфармацияны(ақпаратты) берілгендер деп атайды. Программаны орындау барысында мәні программа мәтінінде көрсетілген қалпынан өзгермейтін шаманы тұрақты деп, мәні өзгеріп отыратын шаманы айнымалы деп, айнымалыға берілген атауды идентификатор деп те атайтыны беолгілі.
Delphi Object Pascal программалау тілін басшылыққа алып құрылған. Онда пайдаланылатын көптеген операторлар (нұсқаулар), кілттік сөздер, айнымалыларды сипаттау және программа құрылымы Турбо Паскаль программлау тіліне негізделген.
Delpihi-де жиі пайдаланылатын берілгендер типтері:
Integer, Real, Char, String, Boolean
( Integer- бүтін, real-нақты, char-символ, string-жол, booean-логикалық) .
Айнымалы атауы үшін латын алфавитінің әріптерін және цифрлар мен кейбір басқа символдарды алуға болады, ол үшін кілттік сөздерді алуға және бос орын (‘’) символын енгізуге рұқсат етілмеген. Атау тек әріппен басталуы тиіс.
Жүйе атауды оқып шыққан соң мәшине жадында ол үшін арнайы ұяшықтар блогын бөледі де, мәнді сонда сақтайды (яғни айнымалы берілгендер сақталатын жад облысы) . Айнымалы атауы программаның var бөлімінде сипатталуы міндетті (variable-айнымалы, кілттік сөз) .
Мысалы , программаға енгізілген
a1:=521; a2:=45; a3:=7; a4:=5, 8; simb:=’k’;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz