Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 183 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ

1. ОҚУШЫЛАР ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Оқушылар ұйымының пайда болу генезисi
  2. Оқушылар ұйымының мiндеттерi мен мақсаттарын айқындаудағы теориялық еңбектер
  3. Тәуелсiз Қазақстанда оқушылар ұйымының ұлттық тәрбиеге негiзделген моделі

2. ОҚУШЫЛАР ҰЙЫМЫНДА ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІН КЕШЕНДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

2. 1. Оқушыларға ұлттық тәрбие беруге арналған “Атамекен” бағдарламасының мазмұны мен ерекшелiктерi

2. 2. Мектептегi тәрбие жүйесiнде “Атамекен” бағдарламасын пайдаланудың әдiстемелерi

2. 3. Эксперименттiк бақылау жұмысының нәтижесi

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР

КІРІСПЕ

Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер - қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi - жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы һәм парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн де алға тартып отырғаны шындық.

Егемендi елiмiзде соңғы жылдар тiзбегiнде жүргiзiлiп келе жатқан бiлiм реформаларына қатысты түбегейлі бетбұрыстар - қоғамдық ортадағы адамдардың өзгеше пiкiрлерi мен көзқарастарын қалыптастыруға негiз болғаны рас. Көптеген өнеркәсiп орындарының жаңа технологиялық қондырғылармен қайта жабдықталуы - бiлiм сапасының басқа деңгейге көтерiлуiне өзгеше талап қойды. Бұл құбылыс - бiлiм параметрлерiнiң заман талабына сай неопедагогикалық- неопсихологиялық сипат алуына мүмкiндiк туғызуда. Аса қарқынды белең ала бастаған аталмыш құбылыстарға мемлекет тарапынан да терең талдаунамалар жасалып, ортақ проблеманы бұқара халықпен бiрлесе отырып атқару мәселелерi жолға қойылуда. Мемлекеттiк “Мәдени мұра” бағдарламасының халық игiлiгiне айналуы, бiлiм туралы ҚР Заңының заман талаптарын ескере отырып қайта толықтырылуы соның куәсi болмақ

Ел Президентiнiң сөйлеген сөзінде: “. . Барлық дүние мектептен басталады. Сондықтан 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтардың профессионалдық деңгейі мен жаңа оқулықтар мен біліми технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет. . ”, - деп, атай келе “Қазақстан - 2030” бағдарламасында: “ . . . бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз ұрпақтарын жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады . . . ”, - десе, жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын «мемлекеттік «Мәдени мұра бағдарламасы» негізінде бүгінгі ұрпақтардың бойына ұлттық патриоттық сезімдерді қалыптастыру керек . . . »деп, баяндалған аманатында ұлт болашағы мен ұрпақ тағдырына деген зор жауапкершiлiктің биігін көреміз. Қазақстан Республикасы Президентінің «ҚР азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығының (№200, 10. Х. 2006) дүниеге келуі - бүгінгі жас ұрпаққа халық дәстүрлері мен құндылықтары негізінде ұлттық тәрбие берудің маңыздылығын арттыра түседі.

Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы сақтап-жинақтап келген халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен зерттеушi ғалымдардың еңбектерiнде этнопедагогика мұраларының назарға iлiнуi - аталмыш проблеманың көкейкестiлiгiн айқындап отыр. Болашақта гүлденген Қазақстанның одан ары қарыштап өркендеуiнiң негiзгi тұтқасы болатын демократиялық қоғамды құратын парасатты һәм бiлiмдi тұлғаларды дайындауда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң атқаратын жұмысы зор екенi даусыз. Озық жетiстiктерге негiзделген бiлiм нәрiмен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына сiңiрген ұрпақтар ғана ұлт тағдырын тереңiнен таразылап, болашағын барынша болжайтын тұлға ретiнде танылатыны анық.

Демек, педагогика ғылымының осы кезге дейiн қалыптасқан озық тәжiрибелерiне сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарында этнопедагогика мұраларын барынша пайдалану - басты талаптардың негiзi болуы шарт.

Бұл жөнiнде Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасында: “ . . . тәрбие мен оқыту мазмұны бiрiншi деңгейде қызметтiң өзiндiк түрлерiн және баланың даму бағытын, оның кейiнгi мектеп жағдайына бейiмделуiн қамтамасыз етуге тиiстi . . . ”, - делiнген.

Тәрбие құралының адам өмiрi мен тұрмысында айырықша көрiнiс табатыны Қазақстан Республикасының Конституциясында : “ . . . неке мен отбасы, ана мен отбасы және бала мемлекеттiң қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы және мiндетi”, - деп атап көрсетеді.

Бiздiң назарымызға iлiккен осы уақытқа дейiн зерттелген еңбектерге жасаған талдауымыз төмендегiдей сараптама бойынша анықталды.

1. Тәрбие теориясына қатысты еңбектер (Контор И. М, Қоянбаев Ж. Б, Журавлев В. И, Бержанов Қ, Мусин Ж, Скатин М. Н, Мұхамбаева А. Х, Битинас Б, Сейталиев К, Подласый И. П)

2. Қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие мәселелерi (Жарықбаев Қ. Б, Қалиев С, Әбiлова З. Ә, Сарыбеков Н. Қ, Ұзақбаева С. А, Наурызбай Ж, Қожахметова К. Ж, Дүйсембiнова Р. Қ, Қабдыразақұлы Қ, Сағындықов Е, Табылдиев Ә, Мұхамбетова С. К, Сәдуақасов Ә, Қоңыратбаева Т. Ә, Ашайұлы Ә)

3. Ұлттық тәрбиенiң моделі мен терминологиясы жөнiнде (Бөлеев Қ, Беркімбаева Ш. К, Оразбекова К. А)

4. Оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселелерi (Коротков И. М, Гончаров Н. К, Савин Н. В, Легенький Г. И, Новикова Л. И, Полукарев В. В)

5. Ұйымдық тәрбиенiң теориялық аспектiлерi (Ильина Е. Г, Батракова И. С, Көпжасарова М. Д, Байназаров А, Белогоров В. М, Буадзе А. Б, Галузинский В. М, Титова С. В)

6. Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие берудiң әдiстемелерi (Құнантаева К. Қ, Кузьмина М. Н, Омаров Е. О, Нұрмағамбетов С. Х, Овчинникова Р, Садықова М. К)

7. Оқушылардың қоғамдық бiрлестiктерiндегi тәрбие жұмыстары (Иржанова Р. Д, Лебединский В. В, Вульфов Б. З, Ходоровская З. А, Абаева Н. Б, Мұқанова Б. Ы, Бекмағанбетова Р. К, Қасенов Е. Р, Татаурова Н. Л)

8. Халық педагогикасы материалдары негiзiнде оқушыларға ұлттық тәлiм-тәрбие беру (Төлеубекова Р. К, Жетпiсбаева К. Б, Ембергенова Ж, Сәдiрмекова Ж. Б, Қаплиева А. Қ, Қисымова А. Қ, Егенисова А. Қ, Арзымбетова Ш. Ж, Садықова М. К, Әбдiғаппарова У. М, Әбдiлдина С. Қ, Өтемұратова Б. С, Аманжолова А. А, Хасанова Ж. С) т. б.

Аталған еңбектерде мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарында жас ұрпаққа кешендi бiлiм мен тәлiм-тәрбие беруде қажетi мол ғылыми кеңестер мен әдiстемелiк нұсқаулар көрсетiлген. Оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселелерi, әсiресе сыныптан тыс жұмыстар, қоғамдық ұйымдар негiзiнде тәлiм-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, оқушылардың өзiн-өзi басқару жүйесi мәселелеріне арналған еңбектердiң көпшілігінде жан-жақты қарастырылғаны байқалады.

Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудiң педагогикалық маңызы жөнiндегi мәселелерге Қалиев С, Наурызбай Ж, Беркімбаева Ш. К, Бөлеев Қ, Ұзақбаева С. А, Оразбекова К. А, Қожахметова К. Ж, Дүйсембiнова Р. Қ және басқа ғалымдар өз еңбектерiн арнаған. Ол еңбектерде ұлттық тәлiм-тәрбиенiң генезизi ғылыми-методологиялық тұрғыда сарапталынып, өз ретiнде мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарына ендiру қажеттiлiктерi ұсынылады. Аталған ғалымдардың еңбектерiне сүйене отырып зерттеулер жүргiзген

Төлеубекова Р. К, Әбдiғаппарова У. М, Әбдiлдина С. Қ, Өтемұратова Б. С, Аманжолова А. А, Хасанова Ж. С, Жетпiсбаева К. Б, Ембергенова Ж, Қаплиева А. Қ, Қисымова А. Қ, Егенисова А. Қ, Арзымбетова Ш. Ж, Садықова М. К және басқа ғалымдардың еңбектерiнде ұлттық тәрбие мәселелерi жеке сала бойынша (экологиялық, эстетикалық, адамгершiлiк, патриоттық, экономикалық т. б) зерделенiп, оны оқушылар ұйымы арқылы ұйымдастырудың жүйелi әдiстемелерi толығынан баяндалмағанын аңғардық.

Мектептегi оқушылар ұйымында тәрбие жұмысын кешендi ұйымдастыру Иржанова Р. Д, Құнантаева К. Қ, Татаурова Н. Л, Абаева Н. Б, Мұқанова Б. Ы, Кузьмина М. Н, Бекмағанбетова Р. К, Қасенов Е. Р зерттеулерiнде негiзiнен бұрынғы кеңестік дәуірдегі пионер (балалар) ұйымдарының iс-тәжiрибелерi тұрғысынан қарастырылған. Аталмыш ғылыми еңбектің зерделенуіне автордың көп жыл бойғы практикасының өзегі болған мектептегі және басқа жерлердегі балалар ұйымдарының құрылуы мен қалыптасуына үлес қосып, тәжірибе жинақтағаны негіз болды [1-сурет] .

1-сурет. Халықарық «Артек» пионер лагерінде «Атамекен» ұйымын құру жөніндегі идеяның пайда болуы, 18 ақпан 1986 жыл

Дейтұрғанмен, аталған еңбектердiң маңыздылығына баға бере отырып, ұлттық тәлiм-тәрбие беру iсiн бүгiнгi таңдағы мектеп оқушыларының қоғамдық бiрлестiктерi мен ұйымдық жүйе арқылы ұйымдастыру және басқару жолдарының педагогикалық мәнi мен әдiстемелiк мүмкiндiктерiнiң толығынан ашылмағанын байқадық. 1980 жылдардың аяғына таман көптеген мектептерде ұзақ жылдар бойы оқушылар арасындағы шығармашылық қарым-қатынастың тұтқасы болып келген пионер ұйымдарының жұмыс жүйесіне негізделген оқушылар ұйымдары және олардың ұжымдық құрылымдарының дағдарыстарға ұшырауы - орта мектептердегі бұрыннан тәжірибе жинақтап келген оқушылардың қоғамдық бірлестіктерінің тәлім-тәрбиелік жұмыстарын одан ары тиімді ұйымдастыруды қиындатты. Оның негізгі себептерінің бірі - оқушылар ұйымындағы тәрбие жұмыстарының коммунистік идеологияға және бірыңғай тәртіп пен саясатқа бейімделе жүргізілгенінен деуге болады. Осы мәселе төңірегіндегі педагогикалық зерттеулер негізінен мектептегі оқушылар ұйымында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру - бірыңғай тәртіп пен авторитарлы-педагогикалық жүйеге сүйенген пионер жұмысымен тығыз байланыста қарастырылды.

Бертін келе мектептегі тәрбие жұмысының өзекті саласы оқушылар ұжымы арасындағы тәрбие жұмыстарының “бірыңғай жалпыға ортақ тәрбие жүйесінің” дағдарысқа ұшырау себептері - оқушылар ұйымының жұмыс мазмұнына түп қазық болатын идея, яғни жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенген халықтық-демократиялық принципке негізделген жаңа моделінің қажеттігін туындатқаны анық еді.

Қорытындылай айтар болсақ, оқушылар ұйымының ұзақ жылдар бойы бірыңғай саяси тәртіпке негізделіп, ұйым жұмысының халықтық-демократиялық принципке сүйенген, ұлттық тәлім-тәрбие негізінде құрылған жаңа моделінің қажеттігі жөнінде арнайы зерттеу жұмыстарының жүргізілмегені “Қазақстандағы балалар (оқушылар) ұйымының тарихы” атты ғылыми-зерттеу тақырыбымыздың өзектілігіне айғақ болды.

Зерттеу нысаны: мектептегi оқушылар ұйымындағы тәлiм-тәрбие жүйесi.

Зерттеу пәнi: мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жолдары.

Ғылыми болжам: Егер халық педагогикасындағы ұлттық тәлiм-тәрбие берудің ғылыми педагогикалық негіздері айқындалса, онда оқушы-жастардың ұлттық сана-сезімі жетіліп, тұлғалық қасиеттері жан-жақты дамиды, өйткені оқушыларға әлемдік құндылықтар мен ұлттық ерекшеліктерді кіріктіре меңгертуге мүмкiндiк туғызылады.

Зерттеудің мақсаты: Мектептегі оқушылар ұйымының ұлттық тәрбие беруге негізделген жаңа моделін жасап, оны оқу-тәрбие үрдісінде іске асыру арқылы жан-жақты дамыған, ұлтжандылық қасиеттері қалыптасқан азамат тәрбиелеу.

Зерттеудің мiндеттерi:

- Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен теориялық негіздерін ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерделеу;

- Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделін жасап, оны іске асырудың жолдарын айқындау;

- Мектептегі оқушылар ұйымында ұлттық тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында “Атамекен” бағдарламасы және оны қолданудың кешенін жасау;

- “Атамекен” бағдарламасы және оны қолданудың әдістемелік кешенін іс-тәжірибеден өткізу;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

- Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы сараланды;

- Оқушылар ұйымы қалыптасуының ғылыми негіздері педагогикалық тұрғыда зерделенді;

- Бүгінгі күн талаптары мен жалпыадамзаттық рухани-мәдени құндылықтарға сай оқушылар ұйымын қайта құрудың жаңа моделі жасалып, оны іске асырудың ғылыми-әдістемелік жолдары айқындалды;

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

- Оқушылар ұйымында ұлттық тәрбие берудің жолдарын көрсететін “Атамекен” бағдарламасы әзірленді;

- Бағдарламаны оқу-тәрбие үрдісіне ендірудің әдістемелік кешені жасалып, мектеп тәжірибесіне пайдалану жолдары көрсетілді;

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен теориялық негіздері;

- Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделі;

- Оқушылар ұйымында ұлттық тәрбие берудің “Атамекен” бағдарламасы мен оны іске асырудың ғылыми-әдістемелік кешені;

Жетекшi идея: Бүгінгі өркениет пен ұлттық мәдениет үлгілерін кіріктіре отырып, демократиялық халықтық мәдени мұра негізінде оқушылар ұйымын қайта құрып, сол арқылы ұлттық сана-сезімі оянған, жан-жақты жетілген ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

Зерттеудiң теориялық және әдiснамалық негiздерiне қазақстандық, ресейлік және шет ел ғалымдарының тәрбие теориясы жөнiндегi философиялық еңбектері, тарихи-педагогикалық деректер, этнопедагогика һәм этнопсихология мәселелеріне арналған теориялық еңбектер және жеке тұлға дамуының әлеуметтiк қағидалары, халық педагогикасы дәстүрлерінің жетістіктері, этномәдени және рухани құндылықтарды дамыту мен пайдалану жайындағы еңбектер жатады.

Зерттеу көздерi: Педагогика тарихы мен теориясы саласындағы қазақстандық және шет ел ғалымдарының классикалық еңбектері, ресми оқу-әдiстемелiк құралдары мен басылымдар, ұлттық тәрбие мәселелерiне арналған мемлекеттiк һәм авторлық жобалар, бiлiм мен тәрбие жүйесiне арналған ҚР Заңдары және ҚР бiлiм және ғылым Министрлiгi құжаттары.

ҚР білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамалары, ҚР Ғылым академиясының ғылыми қоры және диссертанттың авторлық тәжірибелері.

Зерттеу базасы: Қазақстан Республикасының Ұлттық кiтапханасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясының ғылыми-педагогикалық кiтапханасы. Алматы қаласының А. П. Чехов атындағы орталық кiтапханасы. М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық және Көкшетау университетiнiң кiтапханасы. Зерттеу жұмысына №34 (Ақтөбе), №49, 59, 112 (Алматы), I. Жақсыбеков атындағы Қарақол, С. Сейфуллин атындағы Мақаншы (Шығыс Қазақстан), М. Ғабдуллин атындағы №3 (Көкшетау), Ақсу қаласындағы №1 (Павлодар), №2, 21 ( Астана), Керей орта мектебі (РФ, Алтай өлкесі, Құлынды ауданы), С. Сауытбеков атындағы Балуан орта мектептерiнiң (Солтүстiк Қазақстан) және Көкшетау қазақ лицейiнiң ұстаз-тәлiмгерлерi мен оқушылары тартылды.

Зерттеу кезеңдерi:

Бiрiншi кезеңде (1985-1990 ж. ж) педагогикалық әдебиеттер мен газет-журналдар негiзiнде тәрбие теориясына қатысты ғылыми-әдiстемелiк нұсқаулармен танысу жұмыстары жүргiзiлдi. Диссертация жұмысына тiкелей қатысы бар “Атамекен” бағдарламасының алғашқы жобасы жасалды.

Екiншi кезеңде (1990-2000 ж. ж) зерттеу жұмысының жалпы бағытының жоспары жасалды. Озық педагогикалық тәжiрибелер негiзiнде зерттеудiң тақырыбы және кейбiр әдістемелік жобалардың мектеп практикасына ендiрудiң эксперименттiк жұмыстары қолға алынды. Жинақталған тәжiрибелер дәрiс оқу барысында пайдаланылып, конференция, семинар жұмыстарында баяндалды.

Yшiншi кезеңде (2001-2007 ж. ж) эксперимент нәтижелерi мен теориялық бiлiмдердi пысықтау, жинақталған материалдарды талдау мен сараптау негiзiнде диссертациялық жұмыс бір жүйеге келтіріліп, ғылыми талап пен ережелерге сай диссертацияның жалпы мазмұны айқындалып, жобасы түзілді.

Зерттеу нәтижелерiнiң дәлелдiлiгi мен негiздiлiгi: зерттеу объектiсiндегi негiзгi тұжырымдардың әдiснамалық тұрғыда дәйектi дәлелденуiмен, зерделеу назарына iлiккен теориялық материалдарды объективтi тұрғыда талдаумен, алға қойған мақсаттарға сай пайдалануымен және зерттеу әдiстерiнiң тиiмдiлiгiмен қамтамасыз етiлдi.

Зерттеу нәтижелерiнiң мақұлдануы мен ендiрiлуi.

Ғылыми еңбектің негізгі ой-тұжырымдары халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті ғалымдар мен аспиранттарының дәстүрлі ғылыми-практикалык конференциясының 40 жылдығына орай өткен (Алматы, 14-20 наурыз, 1989 жыл), Ы. Алтынсаринның 150 жылдығына орай өткен “Ы. Алтынсаринның тәлім-тәрбиелік мұрасы және қазіргі мектеп” (Қостанай, 16-18 қазан 1991 жыл), “Халық педагогикасы материалдарын оқу-тәрбие үрдістеріне ендірудің ғылыми-әдістемелік негіздері “ (Алматы, 10-12 желтоқсан, 1991 жыл), “Халық педагогикасы мен психологиясы дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде қолданылуы” (Алматы, 19-20 мамыр, 1992 жыл), “Халық педагогикасының озық дәстүрлерін оқу-тәрбие жұмыстарында пайдалану” (Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, 1999 жыл), “Сейтен Сауытбековтың ұлттық тәлім-тәрбиелік мұраларын оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік жолдары” (Көкшетау, 9-10 тамыз, 2003 жыл), “Сейтен тағылымдары” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (4-5 маусым 2004 жыл), Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университеті мен Көкшетау университеті арасындағы бірлескен халықаралық семинар-мәжілісі (Бішкек 22-23 қазан 2004 жыл) және басқа ғылыми мәжілістерде, педагогикалық оқуларда, семинар жұмыстарында, білім жетілдіру мекемелерінде дәрісбаян һәм тәжірибе алмасу негізінде баяндалды.

Эксперименттік жұмыстар Көкшетау қазақ лицейі және С. Сауытбеков атындағы Балуан орта мектебінде (Солтүстік Қазақстан) жүргізілді. Эксперимент жұмысына 450 оқушы және 60 ұстаз-тәлімгерлер қатысты, ондағы 225 оқушы эксперимент тобында, 225 оқушы бақылау тобында болды.

Зерттеу тақырыбына байланысты автордың жиырмадан астам ғылыми еңбектерi жарық көрдi. Диссертация Көкшетау университетінің этнопедагогика зертханасында орындалып, Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясының тұлғаны әлеуметтендiру институты мен педагогикалық ғылыми-зерттеу орталығының бірлескен мәжілісінде талқыланды.

Ғылыми жұмыстың құрылымы.

Зерттеу жұмысы кiрiспеден, екi тараудан, алты тақырыптан, тұжырымдардан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалардан тұрады.

Кiрiспе бөлiмiнде зерттеудiң көкейкестiлiгi, мақсаты мен мiндеттерi, зерттеу объектiсi мен пәнi, зерттеу жұмысының ғылыми болжамы мен практикалық мәндiлiгi, ғылыми жаңалығы және басқа мағлұматтар берiледi.

“Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен теориялық негiздерi” атты бiрiншi тарау үш тақырыптан тұрады. Онда оқушылар ұйымының қалыптасуы мен дамуы және сол мәселелер бойынша зерттеу жүргiзген ғалымдардың теориялық еңбектерiне талдау жасалып, тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнде оқушылар ұйымының пайда болу себептерінің ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделуіне арналған талдау-сараптау жұмыстары баяндалады.

“Оқушылар ұйымында ұлттық тәлiм-тәрбие жүйесiн кешендi пайдаланудың жолдары” атты екiншi тарауда оқушылар ұйымында ұлттық тәлiм-тәрбие құндылықтарын пайдалану мақсатында “Атамекен” бағдарламасының негiзгi мiндеттерi баяндалады. Бағдарлама моделi негiзiнде 5-8 сынып оқушыларына халық педагогикасының озық дәстүрлері негiзiнде ұлттық тәрбие беру жұмыстарын түрлi әдiс-тәсiлдер арқылы ұйымдастырудың жолдары көрсетiледi. Ұлттық тәлім-тәрбие жұмыстарын оқушылар ұйымындағы өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымы негізінде ұйымдастыруға ұйытқы болатын қосымша материал ретінде Қазақстан оқушылар Ассамблеясы оқушылар ұйымының жаңа үлгісі ұсынылады.

Қорытынды бөлiмiнде тарихи-педагогикалық теориялық тәжiрибелер мен практикалық нәтижелер және ғылыми-эксперименттiк көрсеткiштерге негiзделген ұсыныстар мен тұжырымдар баяндалады.

1 ОҚУШЫЛАР ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Оқушылар ұйымының пайда болу генезисі

Оқушылар ұйымы, немесе - балалар мен жасөспiрiмдердiң өз ерiктерiмен белгiлi бiр мақсат қойып, бiлiм дағдылары мен пайдалы істерді игеруде ұйымдық түрде арнайы топқа бiрiккен жас өскiндердiң шығармашылық әрекеттерiнiң үрдiсi болып табылады. Демек, бiздiң қарастырып отырған объектiмiздiң пайда болуы және оның пайда болуына әсер еткен факторлар мен басқа құбылыстарды ажырату мен талдау - кез келген проблеманы терең зерттеу жұмысына негiзгі тұтқа болары хақ.

Оқушылар ұйымы деген атау - ұжым, оқушы, бала, оқушы балалар ұйымы, мектеп, тәрбие және басқа атаулармен тығыз байланыста дами отырып, педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылып келеді. Оқушылар ұйымын - балалар ұжымы деп атау ғылыми басылымдарда кездеседі. Бұл жөнінде Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте төмендегідей анықтама беріледі:

“. . Балалар ұжымы (коллектив детский) - қоғамға пайдалы әрекет жасауда (еңбек ету, қоғамдық шығармашылық қызмет, білімін шыңдау, туристік-өлкетану жұмыстарымен айналысу т. б) өз алдына үлкен мақсат қойып, көздеген игіліктеріне жету барысында ұжымды тұрғыда бірлескен балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық топтасулары.

Аталмыш қоғамдық топтасудың (ұйымдасудың) - негізгі ерекшелігі - бір мақсат пен бір мүддедегі іс-шараларды бірлесе отырып атқару болмақ. Балалар ұжымының ересек адамдар ұжымынан өзгешелігі - олардың іс-әрекеттеріне ұстаз-педагогтар мен тәрбиеші-тәлімгерлердің бағыт-бағдар беріп жасауы қажет. Социалистік мемлекеттерде ең белсенді және бір мақсатқа жетуде ірі ұжымдық топтасуға жататын қоғамдық бірлестіктер - пионер ұйымдары болып табылады; Кеңестер Одағында олар В. И. Ленин атындағы бүкілодақтық пионер ұйымына біріккен. …”[7, 430] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі
Мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары жайлы
Мектептегi оқушылар ұйымындағы тәлiм-тәрбие жүйесi
ПӘНДІ ОҚЫТУДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ ФОРМАЛАРЫ жайлы
Мектептегі мұғалім жұмысының ерекшеліктері
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері
Отбасындағы ұлттық тәрбие
Мұғалім атқаратын қызметі
Ұлттық тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz