Ыбырай Алтынсарнинның шығармаларындағы ағартушылық идеялар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ыбырай Алтынсарнинның шығармаларындағы ағартушылық идеялар
Бүгінгі егемен елдің жастарының ойы еркін, рухани парасаттылығы
толысып жетілген, адамгершілік ізгілік қасиеттері мол азат етіп тәрбиелеуде
Ы.Алтынсариинің прогрессивтік идеяларының мәні аса зор.
Ол қазақ халқының өміріне мәдени жағынан іргелі өзгеріс кіргізуді
мақсат етіп бірнеше мектеп ашты. Оның бірі- Торғай қаласында ашылған қол
өнер училищесі болатын. Мұнда балалар жалпы пәндер атауымен қатар, түрлі
қолөнер мамандықтарына үйретілетін болған. Н.И.Ильминскийге жазған хатында
онда оқытылатын қолөнерлік сабағымыз, көбінесе ағаш ұсталық жұмыстары
үйретіледі,- деп жазады.
Ы.Алтынсарин өзінің шығармаларында ұстаз бен шәкіртке қояр
талаптарды, олардың өзара түсіністігін, жастардың адмагершілік қасиеттерін
тәрбиелеп, жетілдіруге ұстаздың жеке басының үлгі- өнегесін, тәлімгерлердің
бірыңғай талап қоюшылық қсиеттерін, замана талабына сай айқындап, зерделеп
берді. Мәселен Ы.Алтынсарнин 1864 жылы Торғайда тұңғыш қазақ-орыс бастауыш
мектебін ашқанда, профессор Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында ...мен
балаларды оқытуға қызу кірістім. Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға
адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімді салып отырамыз десе,- ол
осыдан біраз жыл кейін өзі жазған Қырғыз хрестоматиясы атты оқулығына
Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы халықшылдық
идеядағы ертектерді енгізсе, екіншіден жастарды адамгершілікке, адал
еңбекке, қол өнері мен егіншілік кәсіпке тәрбиелеуді көздей жазылған Таза
бұлақ, Қыпшақ Сейтқұл, Бай баласы мен жарлы баласы, Аурудан аяған
күштірек сияқты дидактикалық әңгімелерін ұсыну арқылы оқушыларды ізгілік
қасиеттерге тәрбиелеуді көздегені байқалады.
Сондай-ақ Ыбырай шығармалары мазмұн жағынан келелі мәселелерді
қамтиды. Балаларды достыққа, жолдастыққа, иейірімділікке тәрбиелеуде
Мейірімді бала, Жаман жолдас, Ақымақ дос т.б. әңгімелері ерекше орын
алады. Мысылы Жаман жолдас әңгімесінде ақымақ, қорқақ, әлсіз, тұрақсыз
балаларды бейнелесе, Аурудан аяған күштірек әңгімесінде баланың анасына
деген сүйіспеншілігі сөз болады. Аяулы анасына мейірімді баланың
төзімділігі, шыдамдылығы суреттеледі. Бай баласы мен жарлы баласы деген
әңгімесінде бір- біріне қарама- қарсы екі баланы көрсете отырып
салыстырады. Мұнда бай баласы Асан қорқақ, қолынан түк келмейтін шорқақ
болса, кедей баласы Үсен жастайынан шаруаға араласып өскен, еңбек еткен,
ауыр жағдайға тап келсе де, қиындықтан шығуға ақылмен жол табуға тырысады.
Қайта өмір сүре білудің неше түрлі айла тәсілдерін көрсетіп, Асанды
аштықтан да, панасыздықтан да, қорқыныш пен үрейден де аман алап қалады.
Ы.Алтынсариннің ұстаған басты қағидасы баланың жеке басын қадірлей
отырып, оны ізгілікке, қайырымдылыққа, ынтымақтастыққа жұмылдыру болды. Ол
өзінің екі кластық мектеп меңгерушілеріне жазған хатында ...егер балалар
бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы шәкірттерді кінәлаудан гөрі,
оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауы тиіс. Ол балалармен сөйлескенде
ашуланбай, жұмсақ сөйлеуі, шыдамдылық етуі керек.
Тұңғыш ағартушы, рухани ұстаз Ы.Алтынсарин балаларды тәрбиелеуде,
оқытуда ой- санасына қозғау салып дамытуда өзінің педагогикалық идеясын
іске асыру үшін көп ізденген. Осыған оның аудармашылық тәжірибесі қазақтың
жас ұрпағы үшін аса игілікті іс, жаңа бастама болатын. Осы аудармашылықпен
айналысудағы басты мақсатын педагог Қазақ педагогикасына арналған Сөз
басында былай түйсіндейді: ...екіншіден бұл кітапта келтірілген әңгімелердің
қазақтар үшін ұнамды болу жағын көздедім,...пайдалы нәрсенің бәріне жаны
құмар халқымызға шамасынан келгенше қызмет ету.
Оның аудармашылық тәжірибесі қазақтың жа ұрпағы үшін аса игілікті іс.
Жаңа бастама болатын. Ол аударған шығармалардың бәрі әрі қысқа, әрі
мазмұнды, көркем баланың жас ерекшелігі мен білім көлеміне сай, түсінуге
жеңіл құрылған. Соның бірі- И.Крыловтан аударған Егіннің бастары деген
мысалы арқылы адамда кездесетін менмен, өзімшіл тәкаппар, қайырымсыз сияқты
жаман қасиеттерді көрсетеді. Адамның жат мінез- қылықтарын бейнелеп, баланы
осындай жаман әдеттен бойын аулақ ұстауға шақырады.
Әй, әке мұның мәнін түсіндірші
Бір іске тұрмын өзім қайран қалып.
Бұл бидай көтеріп тұр басын көкке,
Қарайды тікірейіп өзге көпке.
Өзіне өзгелерін теңгермейтін
Соншама бұл бидайдың дәні көп пе? – ден екінші жағынан, баланың
қоршаған ортаға, айналаға зер салып, аңғарғыш, пайымдағыш, байқағын
қабілетін күшейтуге, қай нәрсені болса да өзінше ойлап білуге үйретеді,
жауапты оқушының өзінен күтеді.
И.И.Дмитриевтің Екі шыбын деген өлеңі арқылы біреудің еңбегін
қанап, оның жемісін өзімдікі деп әдеттенген жатыпішер, арматамақ, тоғышар
адамдарды жеріне жете сынайды, күлкі етеді. Балаларды қанаушылық, зұлымдық,
армадық, опасыздыққа қарсы қойып, ондайлардан аулақ болуды міндеттейді.
Ата- ана мен балалар арасындағы мейірімділік, ынтымақтастық махаббат
сезімі ана тілі арқылы беріледі. Өзінің Бұл кім? деген өлеңінде баланың
сәби кезіндегі ана еңбегін ана тілінде ауыз әдебиетінің бай қазынасынан
сусындай отырып, бала, бала, бала деп, түнде шошып оянған, түнде ұйқысын
төрт бөліп, түнде бесік таянған,...қолын қатты тигізбей, кірлі көйлек
кигізбей, исін жұпар аңқытқан дей келе жатық та, тілге жеңіл түсінікті
берілгені- тек ана тілінің құдреті екенін мойындатады.
Ана тілінің балаға орасан зор әсерін, оның ақыл- ойын, дүниетану
қабілетін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы рөлінің аса зор екені
туралы кезінде орыстың ұлы педагогы К:Ушинский бала ана тілінде үйренген
шартты дыбыстарды ған есіне сақтамайды, сонымен қатар ана тілінің қайнар
бұлағынан рухани тіршілік пен күш алады. Ол оған табиғатты түсіндіреді, ал
мұны бірде- бір жаратылыс зерттеуші түсіндіре алмас еді, ана тілі баланы
төңірегіндегі адамдардың мінез- құлқымен өзі өмір сүріп отырған қоғаммен,
оның тарихи және алға ұмытушылық қабілетімен таныстырады, ал мұнымен бірде-
бір тарихшы таныстыра алмаған болар еді. Оны халықтың сенімдері мен халық
поэзиясына жетелейді, ал мұны бірде- бір философ балаға айтып ждеткізе
алмайтын, логикалық түсініктермен философиялық көзқарастарды бере алады
деп ана тілінің өмір танытқыштық күшін айқынап берген болатын. Осы идеяны
Ы.Алтынсарин де қолдай отырып, қазақ тіліне орынсыз кіреген араб, татар
сөздерінен тазартып бақты. Қырғыз хрестоматиясына енгізген өзінің
дидактикалық әңгімелері арқылы жақсы, үлгілі істерге үйретудің құралы
ретінде пайдаланды.
Баланы жастан деген халық мақалы- әр бір ата- ана жадында ұстап,
жас жеткіншектің бойына ізгі адамгершілік қасиетерін ерте бастан қажет
екенін ескертеді. Атамыз қазақ Ұяда нені көрең, ұшқанда соны ілерсің деп
текке айтпаған- дейді. Сөйтіп, ол адамның жан- жақты тәрбиеленіп,
қалыптасуының негізгі көзі- тәрбие деп қарады. Осыған орай Ы.Алтынсарин
өзінің Мұсылмандық тұтқасы атты оқулығында жақсылық пен жамандық ниеттер
сол адамның іс- әрекеті арқылы сыртқа көрінеді дей келіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсаринның дидактикалық жүйесі
Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйесіндгі тәрбие
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
Қазақ әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көрінісі
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері
Қазақ бетке ұстар ағартушылары
Пәндер