ҚР НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ КРИМИНЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ .
І ТАРАУ ҚР НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ АСПЕКТІСІ
- Нашақорлықпен күрестің объектісі
- Нашақорлықпен күрестің объективтік жағы.
- Нашақорлықпен күрестің субъектісі. .
- Нашақорлықпен күрестің субъективтік жағы
ІІ ТАРАУ ҚР НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ КРИМИНЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2. 1. ҚР нашақорлықпен күресті зерделеу. .
2. 2. ҚР нашақорлықпен күрестің алдын алу . . .
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексiнде халықтың денсаулығына және адамгершiлiгiне қарсы қылмыстар жеке тарау болып бipгe бepiлiп отыр. Өйткенi қоғамның дұрыс дамуы, оның мүшелерiнiн бiрқалыпты қызмет атқаруы үшін халықтың денсаулығының, адамгершiлiк қасиеттерiнiң құқықтың нормалар (оның iшiнде Қылмыстық құқық) арқылы қорғалуы аса қажет. Осыған орай Қазақстан Республикасы Конституциясында азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, оларды қоршаған ортаны, тарихи және мәдени мұраларды, адамгершiлiк нормаларын қорғау принциптерiне ерекше мән берiлген. Осы көрсетiлген принциптердi катаң сақтау - әркiмнiң қасиеттi борышы. Кейбiр жағдайларда осы принциптер бұзылып қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарғa белгiлi бip зиян келтiрiледi. Есiрткi заттарды, жүйкеге әсер ететiн заттарды заңсыз айналымға айналдыру, адамгершiлiкке жат ic-әрекеттермен шұғылдану сияқты қылмыстардын етек алуы алаңдатушылык туғызады. Осыған орай халықтың денсаулығына және адамгершiлiгiне қарсы қылмыстармен күрес жүргiзу үшін Қылмыстық кодекстiң 10-тарауында осы тұрғыдағы Коғамға қауiптi ic-әрекеттер үшін арнайы жауаптылық белгiленген.
Тiкелей объектiсiне байланысты бұл тарауда көрсетiлген Қылмыстар негiзiнен екi түрлi топқа: 1) халықтың денсаулығына және 2) адамгершiлiкке қарсы Қылмыстар болып бөлiнедi. "Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымын мемлекеттiк реттеудiң және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы ic-қимыл шаралары" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi арнаулы Заңымен, "Бақылауға жататын есiрткiлiк заттар, психотроптық құралдар және прекурсорлар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысымен бекiтiлген тiзiм бойынша (бұдан былай - тiзiм деп аталады) жұзеге асырылады. Бұл нормативтiк актiлер 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңгай конвенцияға түзетулер жөнiндегi 1972 жылғы хаттамаға сәйкес, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвениияға, БҰҰ-ның Есiрткi заттардың және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1998 жылғы конвенциясына негiзделiп қабылданған.
Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды заңсыз дайындау, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткiзу (259-бап)
Қылмыстық кодекстiң 259-бабының 1-тармағында есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды өткiзу мақсатынсыз ipi мелшерде иемденiп алу тасымалдағаны немесе сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылық белгiленген.
Қылмыстың заты есiрткi заттар және жүйкеге әсер ететiн заттар. Есiрткi заттар - адамның психикасына әсер ететiн, одан әpi организмдi бұлдiретiн синтетикалық немесе табиғи тектес заттардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысымен бекiтiлген тiзiмiне медициналық мақcaтқa пайдалануға тыйым салынған есiрткi заттардың 72 атауы көрсетiлген. Бұларға гашиш, наша, героин, кокаин, каннабис, апиын және т. б. заттар жатады.
Жүйкеге әсер ететiн (псикотроптық) заттар - адамның психикалық функциясына әсер ететiн қауiптi заттар. Тiзiм бойынша мұндай заттардың 38 атауы берiлген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоиин т. б. жатады.
Қылмыс объективтiк жағынан керсетiлген заттарды заңсыз алғаны немесе дайындағаны арқылы сипатталады. Көрсетiлген ic-әрекеттерге Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 1998 жылғы l4 мамырдағы "Есiрткi, психотроптық, күштi әсер ететiн және улы заттарды заңсыз айналымға түсiру жөнiндегi iстер бойынша заңдарды қолдану туралы" №3 қаулысында тиiсiнше түсiнiк берiлген.
Жоғарғы Соттың осы қаулысының 3 тармағына сәйкес жоғарыда көрсетiлген заттарды сатып алу, басқа тауарға немесе затқа айырбастап алу, қарыздын орнына беру, қарызға немесе сыйға алу, тауып алғанды иелену, құрамында есiрткi бар жабайы өсiмдiктердi немесе олардын бөлiгiн жинау, осындай өсiмдiктердiң күзетiлмейтiн егiстiк алқабындағы жинау жұмысы бiткеннен кейiнгi қалдығын (масағын) жинап алуды т. б. заңсыз иемденiп алу деп түсiну керек.
Кiнәлінің арнайы рұқсатсыз көрсетiлген заттарды өзiнен жасырын жерден, үй-жайдан, көлiк құралынан, басқа да орындардан тауып алумен байланысты кез келген қасақана әрекет, заңсыз сақтау болып табылады.
Есiрткi, психотроптық заттарды оларды дайындауға пайдаланылатын аспаптар немесе құралдарды, сонымен Катар прекурсорларды көлiк құралдарын пайдалану аркылы немесе басқа да әр түрлi тәсiлдермен арнайы рұксатсыз орнынан ауыстыру үшін жасалған кез келген қасақана әрекеттердi, осы заттарды заңсыз тасымалдау деп түсiну керек. Бұл әрекеттердi есiрткi, психотроптық затты, аспаптарды, құралдарды, прекурсорларды заңсыз иесi ғана емес, оның тапсырмасы бойынша басқа адамда тасымалдауы мүмкiн. Мұндай ретте көрсетiлген заттарды заңсыз тасымалдауды басқаларға тапсырған тұлға осы қылмыстың ұйымдастырушысы болып табылады. Егер есiрткi, психотроптық заттың, аспаптардың, құралдардын, прекурсорлардың заңсыз иесi - өзiне тапсырылған жүктiң сипатын анық бiлмейтiн адамдар арқылы көрсетiлген заттарды, аспаптарды, құралдарды тасымалдауды жүзеге асырса, онда ол қылмыстың ұйымдастырушысы емес, тiкелей орындаушысы ретiнде жауапқа тартылады.
Осы көрсетiлген әрекеттер (иемденiп алу, тасымалдау немесе сақтау) заңсыз болуы қажет. Яғни мұндай әрекеттер құзыреттi органдардың немесе лауазымды адамдардың тиiстi рұқсатынсыз жасалуы тиiс. Осы Қылмыстың (259-баптың 1-тармағы ) объективтiк жағынын мiндеттi бeлгici заңда көрсетiлген заттар мен нәрселердi ipi мөлшерде өткiзу мақсатының орын алмауы болып табылады.
Заңсыз сақталуға немесе айналымға шығарылған есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды шағын, ipi және өте ipi мөлшерлерге жатқызу үшін жиынтық кестеге жүгiну қажет.
Жиынтық кестеге сәйкес көрсетiлген заттар ipi мөлшерге жатпаса, онда ic-әрекетте көрсетiлген қылмыс құрамы болмайды.
Қылмыс құрылысы жөнiнен формальдық құрамға жатады. Сол себептi ол заңда көрсетiлген әрекеттердiң бipiн iстеген уақыттан бастап аяқталған болып табылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тек қана тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Адам есiрткi немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды өткiзу мақсатынсыз заңсыз алғанын және сақтағанын сезедi және сондай әрекет iстеудi тiлейдi.
Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған, eci дұрыс кез келген адам. Қылмыстық кодекстiң 259-бабының 2-тармағында бұл қылмыстық ауырырақ түрi: "Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды заңсыз дайындау, ұқсату, жөнелту, өткiзу, сондай-ақ осы баптын бipiншi бөлiгiнде көзделген, есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды өткiзу мақсатымен не өте ipi мөлшерде есiрткi заттарға немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды өткiзу мақсатымен не өте ipi мөлшерде есiрткi заттарға немесе жүйкеге әсер ететiн заттарға қатысты жасалған әрекеттер" үшін жауаптылық көзделген.
Көрсетiлген заттарды заңсыз иемденiп алудың, тасымалдаудың және сақтаудын түсiнiктерiне осы баптын бipiншi белiгiн талдағанда тоқталып өттiк. Кез келген әдейi жасалған әрекет нәтижесiнде белгiлi бip есiрткi немесе жүйкеге әсер ететiн зат тiзiмiнде көрсетiлген затқа айналдырылса онда оларды дайындау болып табылады.
Белгiлi бiр есiрткi немесе психотроптық (жүйкеге әсер ететiн) заттың күшін көтеру үшін арнайы рұқсатсыз тозарту (жат қоспалардан тазарту) заңсыз ұқсату болып табылады. Құрамында есiрткi зат бар өсiмдiктердi кептiру, ұстау, кейбiр бөлшектерден ажырату және басқа да түрлендiру (сол заттан басқа бip есiрткi зат алынбаса) заңсыз қайта өңдеу деп есептелмейдi. Мұндай әрекеттер жеке Қылмыс болып табылады.
Есiрткi немесе психотроптық заттарды, оларды дайындайтын құрал-саймандарды, прекурсорларды бip жаққа заңсыз жөнелту деп оларды кез келген байланыс құралымен, арнайы адам арқылы, сонымен қатар құстар мен жануарларды пайдалану арқылы жiберудi айтамыз. Жоғарыда көрсетiлген заттарды, құрал-саймандарды, прекурсорларды бip билiгiнен басқа тұлғаларға кез келген тәсiлмен заңсыз беру (сату, сыйлау, қарызын өтеу, айырбастау, қарызға беру, басқа адамға укол салу т. б. ) осы заттарды заңсыз өткiзу болып табылады. Қылмыстық кодекстiң 259-бабының 2-тармағындағы қылмыстың объективтiк жағынын қажеттi бeлгiлepiнiң бipi - заңда көрсетiлген заттарды өткiзу мақсатында иемденiп алу немесе сақтау болып табылады. Өткiзу мақсатында заңсыз иемденiп алу немесе сақтау пиғылымен жасалғандығы жөнiнде мәселенi шешу үшін бұл заттарды шын мәнiнде өткiзуге дайындалғанын дәлелдейтiн айғақтар жинағын арқау ету керек (Мысалы, жоғарыда көрсетiлген заттар көп мөлшерде табылса, оларды өзi ғана пайдаланатынын жоққа шығармайтын фактiлердiң болуы - заттардың бөлшектенуi, құралдар мен жабдықтардың бөлiнiп қойылуы, кiнәлының басқалармен есiрткiнi қолданатын фактiлерiнiң орын алуы т. б. ) .
Ал осы заттарды өткiзу мақсатынсыз алғаны немесе сақтағаны анықталса, онда кiнәлының әрекетiнде Қылмыстық кодекстiң 259-бабының 1-тармағындағы қылмыс құрамының бар жоғына мән беру кажет.
Осы баптың бipiншi бөлiгiнде көзделген, есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды өткiзу мақсатымен не өте ipi мөлшерде есiрткi заттарға немесе жүйкеге әсер ететiн заттарға қатысты әрекеттер үшін де жауаптылық көрсетiлiп отыр. Яғни есiрткi заттарды, жүйкеге әсер ететiн заттарды даусыз иемденiп алу, тасымалдау немесе сақтау, өткiзу мақсатын көздесе кiнәлының әрекетi қылмыстық кодекстiн 259-бабының 2тармағымен сараланады. Сондай-ақ өте ipi мөлшерде есiрткi заттарға немесе жүйкеге әсер әтетiн заттарға қатысты заңсыз әрекеттер iстегенi үшін де жауаптылық осы баптың 2-тармағы бойынша белгiленедi.
Қылмыстық кодекстiң 259-бабынын 3-тармағында осы Қылмысты аса ауырлататын түрлерi: Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды өткiзу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткiзудi. а) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса (ҚК-тiң 31-бабын қараңыз) ; 6) әлденеше рет (ҚK-тiң 11-бабын қараңыз) ; в) есiрткi заттарға немесе жүйкеге әсер ететiн заттарға қатысты ipi мөлшерде жасағаны үшін жауаптылық көзделген.
Қылмыстық кодекстiң 259-бабының 4-тармағында: Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер өтетiн заттарды өткiзу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткiзудi; а) ұйымдасқан топ немесе қылмыстың қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса (КҚ-тiң 31-бабын қараңыз) ; б) олар өте ipi мөлшердегi есiрткi заттарға немесе жүйкеге әсер ететiн заттарға қатысты жасалған Қылмыстар үшін жауаптылық белгiленген.
Қылмыстық кодекстiң 259-бабының ескертуiне сайкес есiрткi заттарды, жүйкеге әсер ететiн (психотроптық) заттарды өз еркiмен тапсырған адам немесе есiрткi заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетiлуi үшін медициналық мекемеге өз еркiмен барсан және есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды заңсыз айналымына байланысты Қылмыстарды aуруғa немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен алынған мүлiктi табуға белсендiлiк көрсеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумынын 1998 жылғы 14 мамырдағы № 3 қаулысының 18-тармағына сәйкес жоғарыда көрсетiлген "заттарды нақты қолдану мүмкiндiгi бола тұра ол жергiлiктi билiк өкiлiне тапсырса, бұл өз еркiмен тапсырған болып табылады".
І ТАРАУ ҚР НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ АСПЕКТІСІ
- . Нашақорлықпен күрестің объектісі
Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтынуға кендiру Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтынуға кендiру үшін жауаптылық жеке қылмыс ретiнде ҚP ҚK 261-бабында көзделген. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды таратудың бip жолы бола тұра, аталған әрекет аса кауiптiлiктен тұрады. Ол қayiптiлiк, егу алдымен, бұл әрекет орын алған жағдайларда, айтарлықтай тұлға санының, әcipece, кәмелетке толмаған жас жеткiншектердiң есірткінiң әсерiне ұшырайтындығында. 1-бөлiм, бaғaлаушы жағдайларсыз, есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтынуға сендiру үшін қылмыстық жауаптылық белгiлеп, бұл ic-әpeкeттi орташа ауыр қылмыстардын санатына жатқызады.
Бұл қылмыстың объектiсi - халық денсаулығы.
Заты - есiрткi заттар мен жүйкеге әсер ететiн заттар.
Қылмыстың объективтi жағы есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтынуға кендiрумен сипатталады. Басқа тұлғалардың бойында есірткінi тұтынуға деген ықылас қоздыруға бағытталған кез келген қасақана әрекеттердi (кендiру, азғыру), ұсыныс жасау, кетңес беру, шатастыру, алдау, қорқыту, т. б. ), есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтынуға кеңдiру деп түсiну керек. Көндiрiлушi тұлғанын есірткінi тұтынғанына немесе кейбiр себептерге қатысты (кендiрiлушi тұлғаның тұтынудан бас тартуы, басқа тұлғалардың араласуан, т. б. ) тұтынбағанына карамастан, есірткі заттарды не жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтынуға кендiру мақсатымен тұлғаға жасалған ықпал icкe асқан сәттен бастап қылмыс аяқталған болып табылады. Айта кететiн жағдай - жауаптылықтын орын алуы үшін кеңушi тұлғанын бұған дейiн есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтынғандығы маңызды емес.
Айыпты әр кезде немесе нақ бip тұлғаға ғана қатысты жасаған есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтынуға қоздыруға бағытталған әрекеттерi ҚK 261-бабын 2-бөлiмiнiң «б» тармағы бойынша, ал бip мерзiмде және екi не одан да көп тұлғаларға қатысты жасаған дәл осындай әpeкeттepi аталған баптың 2 -бөлiмiнің «в « тармағы бойынша бағалануы тиiс. Абайсыздан ауыр зардаптарға немесе жәбiрленушінiң өлiмiне акелiп соқтырған есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтынуға кендiру ҚK-тiн жеке адамға қарсы қылмыстар үшін жауаптылық көздейтiн басқа баптары бойынша қосымша бағалануды талап етпейдi. ҚK 261-бабының 3-бөлiмiнде көзделген ауыр зардаптардың қастарына жәбiрленушінiң денсаулығына абайсызда зиян келтiрудi, есірткігe тәуелдiліктiн пайда болуын, жәбiрленушінiң өзiн-өзi өлтiруi не соған оқталуын, жүйке ауруына не ол ауруының қозуын, ВИЧ-инфекциясын жұқтырушы т. б.
Егер де есірткі заттары мен жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтынуға кеңдiру барысында айыпты жәбiрленушінiң денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiрсе, онда оның бұл әрекеттерi ҚK 261-бабының 2-бөлiмi және ҚK 103-бабының тиiстi бөлiмi бойынша бағалануы тиiс. Есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтынуға қамелетке толмаған тұлғаны көндiру кезiнде, ҚK 261-бабының 2-бөлiмiнiң «в» тармағында көзделген қылмыстың субъектiсi ретiнде тек кәмелетке толған тұлға ғана есептеледi. ҚK 261-бабының 2 -бөлiмiнiң «а» тармағы бойынша бағаланады. Және де, аталған белгi бойынша жасалған icтi бағалау үшін бipлeciп қатысушылардың әркайсысының белсендiлiк деңгейiнiң маңызы жоқ.
Бiрнеше мәрте жасаушылығы бағалаушы бeлгici ҚК 261-бабы бойынша жазаланушы тұлғаның есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтынуға кендiрудi бұрын да жасағандығымен, егер ол оны жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан затңмен белгiленген тәртiп бойынша босатылмаған жағдайда немесе ҚK-тiң 11-бабының 3-бөлiмi талап ететiндей ол үшін соттылығы жойылмаған не алынбаған болса немесе оны жасағандығы үшін қылмыстық жауапта тарту мерзiмi өтiп кетпесе байланыстырады.
Айыптының әр түрлi тұлғаларға немесе нақты бip тұлғаға қатысты әр кезде, жасаған әрекеттерi, егер олар көндiрiлушi тұлғаның есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтынуға деген ықыласын қоздыруға бағытталған болса, ҚК 261-бабының 2-бөлiмiнiң «6» тармағына сәйкес бiрнеше мәрте жасалу бeлгici бойынша бағалануы тиiс. Сонымен қатар, eкi не одан көп тұлғаларға қатысты бip мерзiмде icкe асырылушы есiрткiлердi тұтынуға көндiру, аталған баптың 2-бөлiмiнiң «в» тармағының белгiсiн, яғни, eкi не одан көп тұлғаларды көндiрудi құрайды. Аталған қылмыстың бағаланған түрiнiң «в» тармағында белгiленген түрiнiң басқа бeлгici - кендiрудiң қамелетке толмағандығы керiнеу белгiлi, яғни оның 18 жасқа толмағандығы туралы айыпкер алдын ала анықалyы тиiс тұлғаға қатысты жасалуынан тұрады. ҚP ЖС Пленумы 1998 жылғы 14 мамырдағы Ns 15 қаулысында ҚР ҚК 261-бабының «в» тармағында көзделген қылмыстың субъектiсi тек қана кәмелетке толған тұлға бола алатындығын түсiндiредi (кәмелетке толмағандығы керiнеу тұлғaғa қатысты ) .
261-баптың 2-бөлiмiнiң «г» тармағында күш қолдану не оны колданумен қоркыту аркылы жасалған есірткі заттарды не жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтынуға көндiру үшін арнайы жауаптылық көзделген. Бұл арада, қолданылған күштiң сипаты әр түрлi, өмiрге және денсаулыққа қауiптендiретiн не тендiрмейтiндей болуы мүмкiн. Қолда бар, шынайы, ic жүзiнде күш қолданумен қорқыту да аталған қылмыстың құрамын құрастырады. Айта кететiн жай - күш қолдану да, оны колданумен қорқыту да басқа тұлғаны есірткінi тұтынуға көндiрудiң әдiстерi болулары керек. Бұл әдiстер әр түрлi күшпен және жиiлiкпен көрсетiлген соққылардан, байлап тастаудан, бостандықты шектеуден, тамақ бермей қою немесе осыларды қолданумен қорқытудан тұрулары мүмкiн. Басқа тұлғаны есірткі заттарды тұтынуға көндiрудiң тәсiлi ретiнде күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту сәтiнен бастап Қылмыс аяқталған болып есептеледi. Алайда, аталған бeлгі бойынша, тұлғаның денсаулығына жеңiл, сол сияқты орташа ауыр зиян келтiру де қылмыстың қурдмына қосылады.
Ic-әpeкeттiң субъективтi жағы басқа тұлғаны (тұлғаларды ) күш қолдану не оны қолданумен қорқыту арқылы есірткі заттары мен жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтынуға көндiру туралы тiкелей ниеттiң болуымен сипатталады. Егер де осы баптың 1-шi және 2-шi бөлiмдерiнде көзделген әpeкeттep абайсызда жәбiрленушінiң өлiмiне не басқадай ауыр зардаптарға әкелiп соқтыратын болса, онда бұл жағдай ҚК-тiң 260-бабының 3-бөлiмiне сәйкес өзi жеке жауаптылық құрап, ауыр Қылмыстар қатарына жатқызылады. Мұнда да есірткінi тұтынуға көндiрудi күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту арқылы жүзеге асыру кезiндегi сияқты(ҚK 260-бабы 2-6өлiгi «г» тармағы), адамныц өмipi мен денсаулығы қылмыстың қосымша объектiсi болып табылады. Өлiмнiң орын алуы - есipткi заттары мен жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтынуға көнген тұлғаның оларды тұтынғандығының тiкелей салдары болуы тиiс. әдетте, ол есірткінi мөлшерден тыс тұтынудан, дұрыс қолданбағанды, «лас» есiрткiлердi қабылдаудың және басқа осындай жағдайларының; салдарынан туындауы мүмкiн.
Есiрткi заттары мен жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтынуға көндiрудiң басқа ауыр зардаптары болып табылған: жәбiрленушінiң денсаулығына ауыр зиян келтiру, өзiн-өзi өлтiруi немесе сол әрекетке оқталуы, СПИД ауруын жұқтыруы, жүйкенiн aypyғa ұшырауы не ол аурудың қозуы, есірткігe тәуелдi болудын пайда болуы және т. б. орын алуы мүмкiн.
ҚK 261-бабының 3-бөлiмiне сәйкес жасалған әрекеттiк субъективтi жағын талдау аталған қылмысты тiкелей ниетпен жасалған деп сипаттауға мүмкiндiк бередi. Алайда, абайсыздықпен өлiмге ұшыратқан жағдайда, бұл әрекет кiнәнiң eкi нысанымен жасалған қылмыстар қатарына жатқызылады (ҚК 22-бабын қара) .
Тұлғанын есiрткi заттарын не жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтынуға көндiруге байланысты тiкелей ниетi қылмыстық ұқыпсыздықтың не қылмыстық менмендiктiң арқасындағы абайсыздықтың салдарынан болуы тиiс өлiмнiң себебiн қамтымайды.
ҚК-тiң 261-бабында көзделген әрекеттердiң субъектiсi - кәмелетке толмағандарды көндiру жағдайларынан басқа көздерi, eкi дұрыс, 16 жасқа толған жеке тұлға болып табылады.
Құрамында есiрткi заттар бар өcipyгe тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өcipy.
Аталған баптың 1-бөлiмiнiң; диспозициясында өcipyгe тыйым салынған өсiмдiктердi eнy немесе өcipy, сораның, көкнардың немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сорттарын өсiрудiң қылмыс болып табиатындағы және оның орташа ауыр қылмыстар санатына жататындығы нақты да анық белгiленген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz