Алымдар мен төлемақы түрлері және оларды есептеу мен төлеу тәртібі


Алымдар мен төлемақы түрлері және
оларды есептеу мен төлеу тәртібі
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) заңды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн құру мен қызметiн тоқтатуды мемлекеттік (есептiк) тiркеу, оларды қайта тiркеу, сондай-ақ олардың мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) туралы куәлiктiң дубликатын алуы кезiнде алынады.
Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкiлдiктерi алым төлеушiлер болып табылады.
Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
Алым сомасы салық төлеушi ретiндегi алым төлеушiнiң мемлекеттiк тiркеу орны бойынша бюджетке енгiзiледi.
Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) жеке кәсiпкерлер ретiнде Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде, сондай-ақ олар мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда салық органдары (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс жеке тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Шаруа (фермер) қожалықтары, I, II және III топтағы мүгедектер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын репатрианттар (оралмандар) алым төлеушiлер болып табылмайды.
Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
Жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс, жылжымайтын мүлікпен іс-қимылды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Мыналар:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;
I және ІІ топтағы мүгедектер;
бөлек тұрып жатқан зейнеткерлер;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн - репатрианттар (оралмандар) алым төлеушiлер болмайды;
кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мемлекеттiк тiркелген кезден бастап үш жыл iшiнде жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркегенi үшiн төлемнен босатылады.
Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым (бұдан әрі - алым) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі - тіркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
Тіркеуді Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті орган (бұдан әрі - тіркеуші орган) жүзеге асырады.
Алым төлеушілер
Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес тіркелуге тиіс жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Мыналар:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар;
I және II топтағы мүгедектер;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін - репатрианттар (оралмандар) алым төлеушілер болып табылмайды.
Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша есептеледі және тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.
Алым сомасы тіркеу жүзеге асырылатын жер бойынша бюджетке енгізіледі.
Алымды төлеген тұлғалар тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін тіркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасын қайтару жүргізілмейді.
Бұл ретте қайтару тиісті тіркеу органы берген, тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды көрсетілген тұлғаның табыс етпегенін растайтын құжатты төлеуші табыс еткеннен кейін жүргізіледі.
Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктегi құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктегi құрылғыларды тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда байланыс саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
Тiркеушi орган тiркеген кезде мүдделерi көзделетiн жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Мемлекеттiк мекемелер алым төлеушiлер болмайды.
Алым сомасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша тiркеушi орган есептейдi.
Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылғанға дейiн тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi (қайта тiркегенi) үшiн алым (бұдан әрi - алым) механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
Тiркеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
Тiркеуге жататын механикалық көлiк құралдарымен тiркемелердi пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды тiркеушi органға бергенге дейiн төленедi.
Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
Теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркегенi (қайта тiркегенi) үшiн алым (бұдан әрi - алым) теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
Тiркеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда көлiк саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
Тiркеуге жататын кемелерi бар заңды және жеке тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды тiркеушi органға бергенге дейiн төленедi.
Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым (бұдан әрі - алым) кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеген кезде, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі - тіркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
Тіркеуді көлік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - тіркеуші орган) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырады.
Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотека шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша есептеледі және тіркеуші органға тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
Алым сомасы тіркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгізіледі.
Алымды төлеген тұлғалардың тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін тіркеу жасаудан бас тартқан жағдайларын қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл ретте қайтару аталған тұлғаның тіркеу әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиісті тіркеу органы берген құжатты төлеуші табыс еткеннен кейін жүргізіледі.
Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi (қайта тiркегенi) үшiн алым (бұдан әрi - алым) азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда көлiк саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
Тiркеуге жататын азаматтық әуе кемелерi бар жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды тiркеу органына бергенге дейiн төленедi.
Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
Дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) растайтын құжаттың дубликатын берген кезде алынады.
Тiркеудi дәрi-дәрмек құралдарына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырады.
Дәрi-дәрмек құралдарын тiркеушi органға тiркеуге ұсынған жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды тiркеушi органға бергенге дейiн төленедi.
Алым сомасы салық төлеушiнiң есепке тiркелген жерi бойынша бюджетке енгiзiледi.
Алым төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) :
халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi;
халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетел автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасы аумағына келуi (кетуi), Қазақстан Республикасы аумағы бойынша транзитi;
iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруi;
отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша жүруi үшiн өндiрiп алынады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль құралдарының жүруi, егер ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша жүру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көлік саласындағы уәкiлеттi орган берген рұқсат құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүру және рұқсат құжаттарын беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Осы Кодекстiң 419-бабының 1-тармағында белгiленген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүруiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және рұқсат құжаттарын алғанға дейiн төленедi.
Қазақстан Республикасының ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарын пайдаланған кезде алым сомасы осындай автомобиль жолдарымен жүргенге дейiн төленедi.
Алым банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы бюджетке аудару жолымен не көлiк саласындағы уәкiлеттi органның арнаулы пункттерiнде қатаң есеп бланкiлерi негiзiнде қолма-қол ақшамен төленедi.
Қатаң есеп бланкiлерiнiң нысанын және қолма-қол ақшамен енгiзiлген алымдар сомасын бюджетке есептеудің тәртiбiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгілейдi.
Алым сомасы рұқсат құжаттары алынған жері бойынша немесе ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша бюджетке енгiзiлуге тиiс.
Алымдардың төленген сомалары қайтарылмайды.
Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрi - алым) аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сату кезiнде алынады.
Аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сатудың аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша белгiленген құны алым алу объектiсi болып табылады.
Сатылатын мүлiк (мүлiктiк құқықтар) құнына:
мемлекеттік мүлік объектілерін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган, оның аумақтық органдары өткізетін аукциондардан;
мемлекет пайдасына атқарушы құжаттарды мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушы iс жүргiзу органдары өткiзетiн аукциондардан;
мыналарды:
салық органдары иелiк етудi шектеген мүлiктi;
салық мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында кепiлге салынған мүлiктi;
соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларды орналастыруды сату бөлiгiнде мамандандырылған ашық аукциондардан;
мыналарды:
соттардың атқарушы құжаттарының негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген мүлiктi;
белгiленген тәртiппен иесiз деп танылған мүлiктi;
белгiленген тәртiппен мемлекетке өткен мүлiктi сату жөнiндегi аукциондардан;
банкрот кәсiпорындардың конкурстық массасын сату жөнiндегi аукциондардан;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қызметiн жүзеге асыратын қор биржасындағы сауда-саттықта;
бағалы қағаздарды сату бойынша аукциондардан алым алынбайды.
Алым ставкасы аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша белгiленген мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сату құнының 3 процентi мөлшерiнде белгiленедi.
Төлеушiлер алым сомасын салық салу объектiсiне ставка қолдану арқылы дербес есептейдi.
Атқарушы құжаттар арқылы атқарушы iс жүргiзу органдары өткiзетiн аукциондар бойынша алым сомасын есептеу кезiнде бюджетке есептелетiн атқару санкциясының сомасына қарай салық салынатын объектiге түзету жүргiзiледi.
Алымды төлеу аукцион өткiзгеннен кейiн он бес күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.
Сот аукцион заттарын сатып алу-сату мәмілелері жарамсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомалары қайтарылуға жатпайды.
Алым төлеушiлер аукциондар өткiзгеннен кейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркеу орны бойынша салық органдарына алым жөнiнде декларация тапсырады.
Аукцион ұйымдастырушылар тоқсан iшiнде өткiзiлген аукциондар бойынша тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-не дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша ақпаратты салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етуге мiндеттi.
Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым (бұдан әрi - алым) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға тиiстi белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензия (лицензияның дубликатын) беру кезiнде алынады.
Лицензия берудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгіленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлетті орган (бұдан әрi - лицензиар) жүзеге асырады.
Лицензия алатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
Алым сомасы алым төлеушiнiң салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркелген жерi бойынша бюджетке енгiзiледi.
Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi лицензиар берген, лицензия алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) байланыс саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат (рұқсат дубликаты) (бұдан әрi - рұқсат) берген кезде алынады.
Осы тараудың ережелерi бұқаралық ақпарат құралдары жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып байланыс саласындағы уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына қолданылады.
Рұқсат беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) бөлу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес конкурстық негiзде жүргізілуі мүмкін.
Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) конкурс өткізу арқылы бөлу кезiнде алынатын бiр жолғы сомалар осы тарауға сәйкес төленуге тиiстi алымның есебiне жатқызылмайды.
Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей, салық төлеушiнi есепке алып, тiркеген жер бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда ақпарат табыс етедi.
Осы Кодекстiң 441-бабының 1-тармағында аталған телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары алым төлеушiлер болып табылады.
Өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерiн орындау үшiн радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алған мемлекеттiк мекемелер алым төлеушiлер болып табылмайды.
Алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және байланыс саласындағы уәкiлеттi органнан рұқсат алғанға дейiн бюджетке төленедi.
Алым сомасы салық төлеушiнi есепке алып, тiркеген жер бойынша бюджетке енгізiледi.
Алым төлеген тұлғалар байланыс саласындағы уәкiлеттi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн, рұқсат алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi уәкiлеттi орган берген, рұқсат алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты салық төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
Мемлекеттiң жер учаскелерiн өтемiн төлеп (жалға) уақытша жер пайдалануға бергенi үшiн жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы (бұдан әрi - төлемақы) алынады.
Жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға беру тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiсiмен белгiленедi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz