Кәсіпкерлік - іскерлік белсенділік өнері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I-тарау. КӘСІПКЕРЛІК ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ . . . 4

1. 1 Кәсіпкерлік ұғымы, мәні және экономикалық мазмұны . . . 4

1. 2 Кәсіпкерлік түрлері мен олардың ерекшеліктері . . . 8

II-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЫСАНДАРЫ . . . 19

2. 1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың нысандары . . . 19

2. 2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік

саясаты . . . 23

2. 3 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі

және оны дамыту перспективалары . . . 27

III- тарау. КӘСІПКЕРЛІК ІСТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ . . . 31

3. 1 Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу . . . . . . 31

3. 2 Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері . . . 35

Қорытынды . . . 40

Қолданылған әдебиеттер . . . 42

Кіріспе

Осы курстық жұмыс «Кәсіпкерліктің түрлері, ерекшеліктері» атты тақырыпқа арналған. Бұл тақырыптың өзектілігі күмәнсіз. Бұл жұмыс өте көлемді және жүйелі түрде жазылған. Осы ғылыми жұмыстың жалпы мазмұны өте көлемді. Бұл тақырыптың таңдау себебім: дамыған елдердегі кәсіпкерліктің түрлерін, оның нысандары, қызмет ерекшеліктері; Қазақстан жеріндегі кәсіпкерліктің маңызы мен мәні туралы, менің курстық жұмыстың бастапқы мақсаты болып еді. Курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім «Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны», бұл бөлімде кәсіпкерліктің мәні, мазмұны, экономикалық негізі және кәсіпкерліктің түрлері, тәуекелділіктің мәні деген тақырыптарға тоқталдым.

Екінші бөлім аты «Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың нысандары». Бұл бөлімде кәсіпкерлік ұйымдастыру нысандары, кәсіпкерлік дамыту саясаты туралы жазылған.

Үшінші бөлім «Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу». Бұл бөлімде кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, мемлекеттік кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері, Қазақстанда кәсіпкерлікті басқару туралы баяндалған.

Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын ғалымы Ричард Кантильон болды.

I-тарау. КӘСІПКЕРЛІК ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

1. 1 Кәсіпкерлік ұғымы, мәні және экономикалық мазмұны

“Кәсіп ету” - қандай да бір жаңа істі бастау, орындауға шешім қабылдау, қандай да бір маңызды істі орындауға кірісу.

Әкімшілік - бюрократтық үлгінің орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолындағы реттеуші қызметтерді сақтай отырып, экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген.

Кәсіпкерлік мәнін “іскерлік” сөзі, оның мазмұнын жақсы ашады. Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында - тек қана экономикалық қызметте ғана емес, шоу-бизнесте, киноиндустрияда, спортта, әскерде де қажет.

Кәсіпкерлік - іскерлік белсенділік өнері.

Кәсіпкерлік - бұл алдымен ойлау процесі. Біз әр қайсымыз жеке ойлау иесі болғандықтан, осы іскерлік белсенділіктің нақты ауқымындағы әрбір кәсіпкердің табыстары да әртүрлі.

Табыс деңгейі ойлау деңгейін көрсетеді, бірақ бұнын өзі жеткіліксіз көбіне жолы болғыштық та үлкен роль атқарады. Бірақ “жолы болғыштық” ойлай алатындарға, үйренгендерге ғана көмек көрсетеді.

Оқытудың негізгі міндеті - әрбір адамға көмек көрсетуге тырысу.

Кәсіпкерліктегі ойлау, нақты іскерлікті жобалау - кәсіпкердің кез-келген жоспарлаған іскерлік операциялары немесе белсенділігінің бастапқы нүктесі түрінде көрінеді.

Философиялық көзқарас тұрғысынан кәсіпкерлік - жанның ерекше қалауы, іскерлік романтика түрі, адамның өзіне тән мүмкіндігін жүзеге асыру құралы ретінде сипатталуы мүмкін.

Кәсіби мағынада кәсіпкерлік өзінің бизнесін ұйымдастыра алуы және оған байланысты функцияларды жеткілікті, табысты жүзеге асыра алуы ретінде қарастырылады.

Кәсіпкер үнемі болашақ туралы ойлайды, сондықтан бұл жерде ұлы ағылшын жазушысы Джон Голсуорсидің (1867 - 1933) мына сөзі орынды: “Егер сіз болашақ туралы ойламасаңыз, ол сізде болмайды”.

Кәсіпкерлік іскерлік белсендікке ыңғайы бар, өз көрсетшін салатын жаңа сфераларды іздестіретін адам қызметі.

Бірақ кез-келген бизнесменді кәсіпкер деп атауға болмайды. Кәсіпкер деп мысалы жыл сайын бір тауарды өндіретін және бір ғана қызметті көрсететін кәсіпорын иесін санауға болмайды. Ол кәсіпкерлік емес репродуктивті функцияларды орындайды.

Күнделікте өмірде кәсіпкерлерге бизнеспен айналысатындардың барлығын жатқызады, бірақ бұл сөз мағынасы, тек нарықтағы мінез-құлығы ізденуші сипатымен ерекшеленетін іскер адамдарға арналған. Кәсіпкер жаңа нарықты игерумен, жаңа тауарларды қызметтерді өндіруге күшімен т. б. өзі жеке айналысуы міндетті емес. Ең бастысы - ұйымдастыру, іскерлік, ұжымда, шығармашылық атмосфера жасау, сондықтан кәсіпкерлікті шаруашылыќ мінез-құлық ретінде түсіну керек. Оған тән сипаттама:

  • Ең жоғары пайдаға ұмтылу;
  • Тәуекелге баруға дайын;

Жаңаға ұмтылу ұйымдастыру - шаруашылық жаңашылдық. Кәсіпкерлік - меншік иесінің өзіндік және қарыз қүралдарын пайдалана отырып табыс табуға бағытталған тәуекелді инициативалы қызметі.

Шет елде де, біздің елде де кәсіпкерліктің жалпы қабылданган экономикалық теориясы әлі де жасалынбаған. Кәсіпкерлік функциясының даму теориясы "үшке бөлінеді".

Біріншісі- 18 ғасырда пайда болған, бүл кәсіпкердің тәуекелдікке баруына аса мән берумен байланысты.

Екіншісі- ғылыми негізінде кәсіпкерліктің негізгі ерекше қасиеті ретінде инновацияны қолданумен байланысты.

Үшіншісі- кәсіпкердің жекеленген ерекше сапалық қасиеттеріне (қоғамдық және экономикалық жағдайлардың өзгерісін сезу, шешім қабылдаудағы және таңдаудағы еріктілігі, басқа да басқарушылық қабілеттері) және бір қалыпты экономикалық жүйені реттеуші кәсіпорындағы рөліне ерекше көңіл бөледі.

Қазіргі уақытта теориялық зерттеулер тәуелсіз негізде, ерікті қызмет жүргізу әдісі ретіндегі кәсіпкерлікке ғана емес, соньщен қатар фирма ішілік кәсіпкерлікке немесе интрапренерствоға көңіл бөлуде. "Интрапренер" термині кейінірек "интеркапитал" терминін енгізген американдық зерттеуші ең алғаш қолданған.

Интрапренерствоның пайда болуы көптеген ірі өндірістік қүрылымдардың өндірісті үйымдастыру кәсіпкерлігіне көшумен байланысты. Кәсіпкерлік міндетті творчестволық еріктің болуын жорамалдаса, онда өндірістік қүрылымның толық мәнді болімшесі интеркапиталдың, яғни фирма ішілік кәсіпкерлік негізінде жатқан идеяларды іске асыруға қажетті капиталдың болуын білдіреді.

Кәсіпкерлік экономикалық көрініс ретінде нарықтың экономикалық

( сұраныс пен ұсыныс, бәсекелестік, құн, т/б) экономикалық заңдар мен тауарлы өндірістің айналымның барлау құралдары ретінде кәсіпкердің басқа шаруашылық субъектілері мен қатыстардың тауарлы мінездемесі .

Кәсіпкерлік- инновациялы кәсіпкерлік идеяға, жауапкершілікке, ерікті инициативаға негізделген экономикалық белсенділіктің ерекше түрі. экономикалық белсенділік индивидтің қоғамдық өндіріске қатысу түрін және өзі мен жанүясының өмірін қамтамасыз етуге қаражат алу тәсілін білдіреді. Индивидтің бүндай қоғамдық өндіріске қатысуы қоғамдық функционалдық міндет немесе оның комбинациясы болып табылады. Бүл кезде ол өзіне үнемі табыс әкелетін кез келген объектінің, мүмкіндіктің иесі болса, өзінің еңбегін

сатушы жалдамалы жүмысшы болса, индивидуалды өндіруші, мемлекеттік немесе жергілікті қызметкер болып табылса.

Кәсіпкерлік белсенділіктің негізгі субъектісі кәсіпкер болып табылады. Бірақ кәсіпкер негізгі контрагент ретінде түтынушымен, сонымен қатар түрлі жағдайларда көмекші немесе қарсылас ретінде болатын мемлекетпен байланыста болуы керек. Тұтынушы да мемлекет те жалдамалы жұмысшы мен бизнестегі серігі сияқты кәсіпкерлік белсенділіктің субъектілері категориясына жатады.

Алдыменен батыс елдерінің кәсіпкерліктің маңызын анықтау жолдары туралы айтайық. Мысалы, американ ғалымдарының түсінігінше кәсіпкерлікол- батыл, қиын да мәнді жобаларды іске асыру қызхметінің түрі Кәсіпкерлік- азаматтардың өз тәуекелділіктерімен және өз жауапкершілігімен атқаратын тәуекелді істері. Кәсіпкерлік- жаңа бір нәрсе ойлап табу және қолда барды жақсартуға үмтылысымен дәріптеледі. Ол " динализм", "инициатива", "батылдық" сияқты түсініктермен өте тығыз байланысты қоғамда көптеген қызықты идеяларды шындыққа айналдыратын Іюгенциалға жол ашады.

Батыс елдерінде осы заманғы кәсіпкерлік ерекше, новаторлық, антибюрократиялық шаруашылық ету стилі ретінде сипатталады, өйткені ол әрқашан жаңа , инновацияларға үйрену, қызықтыра және алға қойған мақсаттарды шешуде түрлі ресурс көздерін пайдалана білу негізінде жасалады. Біздіңше мұндай шешім біздің еліміздегі кәсіпкерліктің дамуында маңызды орын алады. Бірақ, кәсіпкер өз ісін ашып, оны дамытуда ресурс көздерін іздестіруі заңды түрде болуын айта кеткен жөн.

Американ ғалымы Р. С. Ронстадтың пайымдауынша, кәсіпкерлік- ол байлықты өсірудің дамымалы үрдісі. Байлық өз қаражатымен, мүлкімен, карьерасымен тәуекелдікке баратын, өз ісін ашуда уақыт аямайтын, тұтынушыларға жаңа қызмет пен тауар үсынатын адамдармен жасалады. Бұл тауар немесе қызмет міндетті түрде жаңа, бастысы кәсіпкер керегінше күш-жігер, қаражат жұмсап, ол тауарға жаңа сапа беріп оның қүндылығын көтеруі керек . Өз кезектерінде американ ғалымдары Р. Хизрич пен М. Питерс кәсіпкерліктің бар типін қамтитын ең кең анықтама береді: Кәсіпкерлік- ол бағалы қасиеті бар жаңа бір нәрсені жасау процесі: ол өзіне қаржылық, моралдік және әлеуметтік жауапкершілікті алып, күш пен уақыт сиымды

процесс, көздеген мақсат орындалған жағдайда өзіндік қанағаттандырушылық пен ақшалай табыс әкелетін процесс.

1. 2 Кәсіпкерлік түрлері мен олардың ерекшеліктері

Қызметтiң мәнiне байланысты Кәсіпкерлік өндiрiстiк, саудалық, қаржылық, делдалдық, және сақтандырулық болып бөлiнедi. Ендi олардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық:

Өндiрiстiк Кәсіпкерлік . Өндiрiстiк Кәсіпкерлік ке негiзiн материалдық, рухани және интеллектуалдық өндiрiс құрайтын iскерлiк қызметтiң түрi жатады. Бұл -iскерлiктiң қоғамдық түрғыдан алғана ең қажеттi, өте салмақты, күрделi, сондықтан да бiршама ауыр түрi. Егер өндiрiстiк Кәсіпкерлік болмаса, мысалы, коммерциялық Кәсіпкерлік тiң материалдық негiзi болмас едi.

Өндiрiстiк Кәсіпкерлік бұл негiзiнен алғанда, өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық өнiмдерiн шығару. Өндiрiстiк Кәсіпкерлік бұл тұтынушыларға өткiзiлетiн өнiм, тауар, жұмыс, ақпарат, рухани (интелектуалдық) игiлiктердi өндiру процесiн ұйымдастыру және iске асырумен айналысатын iскер. Кейбiр iскерлер өнiм өндiрумен және дайындаумен өздерi айналысады, бiрақ бұл бiрдi-екiлi жағдай ғана. Көпшiлiк жағдайда жағдайда өндiрiстiк iскерлер өз Кәсіпкерлік iне отбасы мүшелерiн, туған-туыстарын (мысалы, шаруа қожалықтарында) тартады.

М Др Рс Т

Дм Дт

До ОС

1-схема

Шартты белгiлер:

М- өндiрiстiң айналым қоры;Дм- айналым қорды сатып алуғаарналған ақша;ОС- өндiрiстiң негiзгi қоры;До- негiзгi қорды алуға немесежалға алуға арналған ақша;:

М- өндiрiстiң айналым қоры;

Дм- айналым қорды сатып алуға

арналған ақша;

ОС- өндiрiстiң негiзгi қоры;

До- негiзгi қорды алуға немесе

жалға алуға арналған ақша;

РС- жалдамалы жұмысшылар;Др- жалдамалы жұмысшылар-дың еңбек ақысы;Т- тауар, сатылуға тиiстi өн-дiрiс өнiмi;Дт- тауарды сатудан түскен ақша:

РС- жалдамалы жұмысшылар;

Др- жалдамалы жұмысшылар-

дың еңбек ақысы;

Т- тауар, сатылуға тиiстi өн-

дiрiс өнiмi;

Дт- тауарды сатудан түскен ақша

Өндiрiстiк Кәсіпкерлік тi жүзеге асыру үшiн өндiрiстiң бiрқатар факторларын сатып алуы керек. Бiрiншiден, материалдар, энергия, жартылай фабрикаттар және басқа өндiрiстiң дайын өнiмдерi, яғни қосымша қор (схемада-М) керек. Бұл үшiн Кәсіпкерлік мен ақша (Дм) төлеуi тиiс. Екiншiден, өндiрiс негiзгi қорсыз (ОС) -жерсiз, техникасыз өндiрiстiк ғимаратсыз, құрал жабдықсыз және тағы басқаларсыз өмiр сүре алмайды. Егер iскерде бұлардың барлығы жоқ болса, онда сатып алуға немесе жалға алуға тура келедi. Бұл үшiн де ақша (До) керек. Өз меншiгiндегi негiзгi қор ұзақ уақыт бойы қызмет етедi, сондықтан Кәсіпкерлік меннiң шығыны белгiлi -бiр өндiрiлген өнiмнiң көлемiне аммортизациялық аударым көлемiмен анықталады. Үшiншiден Кәсіпкерлік мен өндiрiстi жүргiзу үшiн жұмысшылар жалдауы (РС) қажет, олардың еңбек ақысы (ДР) да төленуi тиiс. Осы шығындардың үстiне iскер өз еңбегiнiң де ақысын енгiзуi қажет. Өйткенi, iскерлiк қызметке кететiн кез-келген шығын өнiмнiң өзiндiк құнына кiредi .

Онан әрi ақпарат алуға, алынған материалдар мен дайын өнiмдердi сақтауға және тасмалдауға, негiзгi қорды жөндеуге, пайдалануға және басқаларына шығын шығару керек болады. Өндiрiстiк iскерлiк дайын өнiм (Т) алып, оны өткiзгеннен кейiн нәтижесiнде Кәсіпкерлік меннiң ақшалай қаржы (Дт) табуы мен аяқталады. Барлық өндiрiстiк iскерлiктiң мәнi өндiрiс өзiн -өзi ақтап, Кәсіпкерлік менге белгiлi -бiр пайда әкелуiнде жатыр. басқаша айтқанда, бұл жағдайда Дт- Дм, До, Др, қосымша шығындар мен салықтан көп болып, iскердiң табысының (Пп) көлемiндей болуы керек, басқа жағдайда iскерлiк өзiнiң мәнiн жояды.

Қол өнер және жеке өндiрiстiк iскерлiк кәiспорынды тиiстi сандық түрғыдан тiркеусiз де ашуға болады. Алайда, орта және iрi өндiрiстiк Кәсіпкерлік те iстiң бұл формалды жағын айналып өту мүмкiн емес.

Өндiрiсiтiк Кәсіпкерлік - қолға түсе бермейтiн және қымбат өндiрiс факторын қажет ететiн өте күрделi және ауыр iс. Әлбетте, осындай себептер қазiргi жағдайда Қазақстанда өндiрiсiтiк iскерлiк өсуiне қол байлау болып отыр. Бұған қоса жаңадан пайда болған Кәсіпкерлік мендердiң төмен бiлiктiлiгi, өндiрiстiк қызметтiң әлi де беделге ие болмауы, жеңiл пайда табу көздерiнiң баршылығы. Кәсіпкерлік тiң бұл түрiне iскерлердi көбiрек тартуға кедергi келтiруде. Сонымен қатар, өндiрiстiк iскерлiк кез-келген мемлекет экономикасының және жалпы Кәсіпкерлік тiң негiзi болып табылады. Сондықтан да егре сол сәтндегi арзан табысты ойламай, болашағы мол түрақты Кәсіпкерлік ке ұмтылатын болсақ, онда дәл өндiрiстiк iскерлiктi дамыту өте қажет.

Коммерциялық Кәсіпкерлік . Коммерциялық немесе саудалық Кәсіпкерлік - бұл тауарларды сату мен сатып алуға байланысты iскерлiк. Коммерция өзiнiң бастапқы мағынасында сауда ұғымын бiлдiредi, ал коммерцант- сауда, тауар айырбастау, тауар ақша операцияларымен айналысатын саудалық iскер, Кәсіпкерлік мен. Коммерциялық Кәсіпкерлік өндiрiстiк Кәсіпкерлік пен тiкелей байланысты. Өйткенi, өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу немесе басқа тауарларға айырбастау керек. Дәл осы саудалық iскерлiк тауарға деген сұранымды анықтап, қандай да бiр болсын өнiмнiң түрiн өндiрудi көбейтуге немесе керiсiнше шектеуге әсер етедi. Коммерциялық iскерлiктiң принциптi сызбасы қажеттi факторлардың аз болуына байланысты өндiрiстiк бинеске ақарағанда әлде қайда қарапайым. Жалпы алғанда, ол төмендегiдей көрiнедi (схема-2) .

Коммерциялық бизнестiң принциптi схемасы

Т Т

Дф Дт

2- схема

Шартты белгiлер:

Т- тауар;

Дф- тауар иесiне берiлген ақша;

Дт- коммерциялық iскерден (коммерсанттан) сатып алынған

тауар үшiн берiлетiн ақша.

Сауда операциясының негiзгi формуласы: сату кезiнде ″тауар-ақша″ және сатып алу кезiнде- ″ақша-тауар″. Коммерциялық Кәсіпкерлік те сату -сатып алу операциясынан басқа ″тауар-тауар″ (тауар үшiн-басқа тауар немесе қызмет) формласы бойынша тауар айырбастау, бартер жүзеге асырылады.

Коммерциялық iскерлiктiң өзегi тауар бағасының айырмасы болып табылады. Мысалы, өнiмнiң кейбiр түрлерiн өндiретiн жерлерде сол өнiмнiң бағасы басқа ауданарға қарағанда әлде қайда арзанырақ болады, мiне, коммерсанттар осы жағдайды пайдаланады. Келесi жағдайда (яғни, тауарды сатып алу-сату iрi партиямен жүзеге асырылады) және бөлшек сауда арасындағы айырмашылықты айтуға болады. мұндай жағдайды белгiлi -бiр тауардың бағасы бөлшек сауаға қарағанда көтерме саудада әлде қайда төмен. Бағаның бұл айырмашылығында тауарды арзанырақ бағаға сатып алып зжәне одан әлде қайда жоғарырақ бағамен сататын коммерсант (саудалық Кәсіпкерлік мен) әлбетте пайдалана бiледi.

Былай қарағанда қарапайым көрiнетiн коммерциялық Кәсіпкерлік (″арзан сатып алдым- қымбат сатамын″) шын мәнiсiнде iлде қайа күрделi.

Сұранысқа ие тауарды тауып, оны сатып алу, оны сақтау, тасмалдау, сауда кәсiпорнына жеткiзу, сату алдынағы дайындық, сатып алушыларға қызметкөрсету-мiне, коммерсанттың күш-жiгерi мен шығынының толық емес тiзiмi осындай. Мұның үстiне егер сол Кәсіпкерлік меннiң өзiнiң және жалдаған жұмысшыларының еңбек ақысына кететiн, сауда орындарын және басқа құрал -жабдықтарды алу немесе жалға алуға, оларды күтiп баптауға, сатып алушыларға саудадан кейiн көрсетiлетiн қызметке (тауарды үйiне жеткiзу, орнату, кепiлдiк беру), сауда операцияларының құжаттық дайындалуына кететiн шығындарды, сондай -ақ салықты қоссаңыз, онда коммерсанттың қызметi iс-жүзiнде сауда Кәсіпкерлік iнiң принциптi схемасына қарағанда әлде қайда күрделi болып шыға келедi.

Жалпы, коммерцияда өндiрiстiк iскерлiктегiдей де Кәсіпкерлік тiң көп факторлары жұмсалады.

Қаржылық iскерлiк. Саудалық Кәсіпкерлік ке әлде қайда жақын түрған қаржылық iскерлiк болып табылады. Өйткенi, оның негiзiнде сатып алу-сату жатады. Бiрақ, мұнда ақша, валюта, бағалы қағаздар сиқты ерекше тауарлар айналымға түседi .

Өндiрiстiк, коммерциялық және iскерлiк қызметтiң басқа түрлерiн жүзеге асыру ақшалық (қаржылық) көзердi керек етедi. Шикiзат пен материаларды сатып алу, ғимараттарды жалға алу, жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу және басқа iскерлiк жұмыстар ақша көздерiн түрақты жұмсауды қажет етедi. Әрине, әлде бiр Кәсіпкерлік мен өз iсiн жүргiзу үшiн жеткiлiктi мөлшерде ақша көздерiн иеленген деп ойлаймыз.

Алайда, тәжiрибе көрсетiп отырғандай, белгiлi -бiр Кәсіпкерлік -операцияның басталуынан оның аяқталуына дейiн жеткiлiктi дәрежеде ұзақ уақыт кетедi, сондықотан да операция аяқталғаннан кейiн ақшаны алғанға дейiн Кәсіпкерлік менге қолда бар қаржы ресурстары жетiспеуi мүмкiн, осыған қарай ол заемдық көздердi iздестiрудi бастайды. Дәл осындай жағдай, iскер өз қолында отандық валютадағы жеткiлiктi мөлшерден қаржы көздерiн ұстап отырса да, шетелдiк шикiзат пен материалдарға есеп айырысу үшiн шетелдiк валютаны сатып алғанда да ұшырасады. Одан әрi Кәсіпкерлік мен белгiлi -бiр табыс табу үшiн өзiнiң қолындағы бос жатқан ақшаны пайыз алу аясында банкiге салады немесе акция, басқа да бағалы қағаздарды сатып алады. Мiне, осындай, сондай-ақ көптеген басқа жағдайларда ақша көздерiнiң рыногы пайда болады. Онда ақша, заем сату және сатып алу, валюта айырбастау жүргiзiледi. Осындай рынокте өз Кәсіпкерлік iн жүргiзетiн және қарыжылық Кәсіпкерлік операциясын жүргiзу есебiнен пайда табатын қаржылық iскер жұмыс iстейдi.

Қаржылық iскерлiктiң негiзгi мазмұны мен принцитi схемасы мынадай:

Кәсіпкерлік мен (схема-4) ақша көздерiн (ақша, шетелдiк валюта, бағалы қағаздар) оның иесiнен ақшалай соммаға (Дф) сатып алады. Содан соң сатып алынған ақша көздерi сатып алушыларға Дф-дан асып түсетiн Дт-ға сатылады. Дт мен Дф -ның арасындағы айырмашылық қаржылық Кәсіпкерлік меннiң тапқан пайдасы болып есептелiнедi.

Қаржылық Кәсіпкерлік тiң принциптi схемасы

Дс Дс

Дф Дт

3- схема

Шартты белгiлер :

Дс-ақша көздерi;

Дф- ақша көздерiн сатып алғаны үшiн Кәсіпкерлік меннiң төлеген ақысы;

Дт- Кәсіпкерлік мен-қаржыгерден ақша көздерiн алғаны үшiн сатып

алушының төлеген ақысы;

Кәсіпкерлік мен несиелiк iскерлiктi жүзеге асыру барысында салымның кейiннен қайтарылуын қамтамасыз ете отырып, депозиттiк пайыз түрiнде салым салушыларға белгiлi-бiр сыйлық төлеу үшiн өзiнiң ақшалай салымын (Дс) пайдаланады. Бұдан соң ақшалар несие түрiнде депозиттен жоғары несиелiк пайыз үшiн берiледi.

Несиелiк (Дт) және депозитивтiк (Дф) несиенiң арасындағы айырмашылық қаржылық iскер -несие берушiнiң тапқан пайдасы болып табылады.

Әрине, бұл жерде қаржылық iскерлiктiң барынша жалпы ортақ сызбасы көрсетiлiп отыр. Шындығында мұның барылығы өте күрделi. Қаржы көздерiн операциялай бiлу- қаржылық шаруашылық және заң жүйесi бойынша арнаулы бiлiмдi қажет ететiн өте жауапты және iлкiлiмдiлiктi iс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызмет –экономикалық категория
Кәсіпкерліктің экономикадағы орны
Кәсіпкерлік ісі
Кәсіпкерлік қызметтің мазмұны
Кәсіпкерлік туралы ұғым
Кәсіпкерлікті құқықтық реттеу негізі
Кәсіпкерлікті ұйымдастыру. Қазақстандағы кәсіпкерліктің жағдайы
Кәсіпкерлік туралы жалпы түсінік
Кәсіпкерліктің түрлері
Жеке кәсіпкерлік : мәні, түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz