Сапа көрсеткіштерінің тобы


Мазмұны
Кіріспе
1 Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайындағы өнім өндіруі,
оның мәні және ерекшеліктері
1. 1 Өнім және оның түрлері
1. 2 Фирманың өнім өндіру саясаты және өнімінің бәсекелестік деңгейі
1. 3 Өнімнің сапасын бағалау көрсеткіштері және оны арттыру жолдары
2 «Семей құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы сипаттамасы және қызметінің барысын талдау
2. 1 Кәсіпорынның даму тарихы және негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы
2. 2 Өнімді өндіру және өткізу шығындарын талдау
2. 3 Кәсіпорынның даму барысын айғақтайтын көрсеткіштерді талдау
3 «Семей құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өнім өндіруді жақсарту жолдары
3. 1 «Семей құс» ЖШС-де өнім өндірудің өзекті мәселесін шешу жолдары
3. 2 Ұсынылатын іс-шаралардың экономикалық тиімділігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
6
8
8
11
19
30
30
37
40
51
51
62
68
72
Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алысымен экономиканы реформалауды қолға алды, яғни бұл нарықтық экономиканы енгізумен байланысты. Ал қазір біз бұл өтпелі кезеңнің қиын уақыттарын артта қалдырдық. Ендігі кезекте біздің мемлекетіміз және де республикамыздың әрбір азаматы, сонымен қатар фирмалар тек қана жаңашылдықпен қадамдарын алға басуы керек.
Нарықтық экономика жағдайында республикамыздағы кәсіпорын қызметтеріне маркетингтік тұжырым жетіспей тұрды. Бұл мәселеге маркетинг концепциясын өте білімді және де тиімді түрде қолданған дүниежүзілік тәжірибе куә. Бұл концепцияның негізгі мәселесі нарықты зерттей отырып, кәсіпорын үшін дұрыс жолды таңдай білуді бағыт ету. Атап айтатын болсам: қандай өнім өндіру керек, қандай бағада сату керек, қандай өнімге сұраныс көп дегендей тағы басқа сұрақтарға жауап береді.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: «Өнім өндірудің қазіргі жағдайы және болашақта дамуы («Семей құс» ЖШС мысалында) », яғни дипломдық жұмыс тақырыбының талданушы объектісі болып «Семей құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі табылады. Сонымен кез келген өндірістік кәсіпорынның дамуына бірден-бір себепші, ол сол кәсіпорынның өнімі. Сондықтан да менің диплом жұмысымның тақырыбы өте маңызды деп ойлаймын.
Егер кәсіпорын дұрыс саясат ұсынатын болса, онда бұл кәсіпорынның өнімі тек біздің аймаққа ғана емес, бүкіл республикамызға, тіпті дүниежүзіне таралуы мүмкін. Ал бұған дәлел тағы да дүниежүзілік беделді тауарлар. Мысалға, автокөліктің ішінде Мерседес-бенс, электрондық өнімдер ішінде Сони, спирттік емес ішімдіктер ішінде Кока-кола, тағы да сол сияқты тауарларды жатқызуға болады.
Қазіргі таңда «Семей құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі республика бойынша ең ірі және де өте жақсы дамып келе жатқан кәсіпорындардың бірі. Ал Семей қаласы бойынша сұранысты сан және сапа жағынан да қамтамасыз етіп отырған ірі әрі беделді кәсіпорын.
Бұл кәсіпорын республикамыздың әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне ат салысып отырған үлкен ұйым. Сондықтан да бұл кәсіпорынға келешекте тек қана дамуды мақсат ету керек.
Бұл жоғарыдағы айтылған ойларға, тұжырымдарға дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде толық мәлімет беремін. Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде бұл тақырыптың өзектілігіне толық анықтама беріледі. Екінші бөлімінде кәсіпорынның шаруашылық қызметіне сипаттама, бұның ішінде диплом жұмысының тақырыбына байланысты негізгі және қосымша өнімдерге кеңірек тоқталу. Сонымен қатар техникалық-экономикалық көрсеткіштерге толықтай талдау жасалады. Үшінші бөлімге келетін болсақ, онда аталмыш кәсіпорынның өнім өндіруінің қазіргі жағдайын талдау нәтижесінде, оның болашақта даму жолдарын ұсыну, яғни өнім өндіруді жақсарту жолдары қарастырылады.
Н. Назарбаев «Қазақстан - 2030» бағдарламасында халыққа жолдауында «2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл, басымдық тәртібімен айтар болсақ - ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе » деген болатын.
1 Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайындағы өнім өндіруі, оның мәні және ерекшеліктері
1. 1 Өнім және оның түрлері
Өнім - бұл өндірістік кәсіпорынның әр түрлі шығын шығара отырып өндіріп, нарыққа ұсынған тауары. Өнімді баға, тарату, байланыс жасау, тағы басқа көрсеткіштер және қызметтер арқылы өткізеді.
Өнім әртүрлі белгілерге байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
а) тағайындалуына байланысты:
- тұтынылатын;
- өндірістік белгідегі;
б) пайдаланылу уақытына қарай:
- тез арада пайдаланылатын өнім (тағам өнімдері, жанар-жағар май) ;
- ұзақ уақыт пайдаланылатын өнім (бұйым, құрал-жабдық, киім, т. б. )
- қызмет көрсетулер (әр түрлі салада кеңес берулер, т. б. )
в) сұранысқа және бағаға байланысты:
- күнделікті сұранысқа ие өнімдер (нан, сүт, темекі, т. б. )
- бір қалыпты сұранысқа ие, бірақ бұл өнімдер де күнделікті өмірге қажетті (үй жиһаздары, киім, техникалық құралдар, т. б. )
- ерекше сұранысқа ие өнімдер (автокөлік, музыка орталығы. әшекей бұйымдары, т. б. )
г) өнімнің тұтынылу кезіндегі жағдайына және өңделу дәрежесіне байланысты:
- шикізат, дайын өнімдер, жартылай фабрикаттар және материалдар, т. б.
д) дайындау әдісіне қарай:
- стандарттық өнімдер;
- ерекше тауарлар.
Енді осы тауарларға толықтай тоқталатын болсақ, онда күнделікті сұранысқа ие өнімдерді тұтынушылар әр қашан немесе күн сайын алып отырады. Мысалға, темекі өнімдері, сүт, нан және т. б. бұлардың өзін әр қашан сұранысқа ие, аяқ астынан болатын жағдайларға байланысты сұранысқа ие тауарлар деп бөлеміз. Әр қашан сұрансықа ие тауарларға тұз, нан сияқты үнемі тұтынылатын тауарлар жатады, ал аяқ астынан болатын жағдайларға байланысты сұранысқа ие болатын тауарларға медициналық препараттар, балмұздақ, қолшатыр, сусындар жатады. Мысалы, оқыс жағдайда жарақаттанғанда, шөлдегенде, жауынжауып кеткен кездерде қажет болғандықтан осы тауарларды тұтынушылар алдын-ала жоспарсыз сатып алады.
Бірқалыпты сұранысқа ие тауарларды сатып алғанда тұтынушылар оның бағасына, ассортиментіне, сапасына көңіл бөледі. Бұл өнімдерге теледидарлар, үй жиһаздары жатады.
Ерекше сұранысқа ие тауарлар - бұл өте жоғары дәрежелі маркасы бар немесе атақты адамдардың қолымен жасалған тауарлар. Мысалға, атақты суретшілердің суреттері, т. б.
Өндіріске негізделген тауарлар, яғни өндіріске қатысатын тауарлар. Олар үш топқа бөлінеді:
- материалдар;
- негізгі мүліктер;
- қосымша, яғни көмекші материалдар және іскерлік қызмет.
Материалдар - бұл өндіріс процесі кезінде толығымен қолданылатын тауарлар. Олар өз ішінде екі түрге бөлінеді:
- шикізат;
- жартылай фабрикаттар.
Шикізат - ауылшаруашылық өнімдері (дәнді дақылдар, өсіңмдік, ет, сүт және т. б. ) және табиғи өнімдер (балық, мұнай, көмір, орман ағаштары, т. б. ) болып бөлінеді.
Жартылай фабрикаттар өз кезегінде өз кезегінде материалдар (цемент, бензин, т. б. ) және құралдардың бір бөлігі (электромотор, шкив, диск, т. б. )
Негізгі өнімдерді екі түрге бөліп қарастырады:
- стационарлық ғимарат және бөлімдер;
- көмекші құрал-жабдықтар.
Стационарлыққа өз кезегінде ғимарат, цех объектісі, стационарлық жабдықтар (станоктар, агрегаттар, приборлар) жатады. Көмекші құралдарға жүк тасымалдаушы құралдар, станоктар және т. б. жатады.
Кез-келген өндірістік кәсіпорын өнім өндіру үшін негізгі және айналым қорларымен қамтамасыз етілуі керек, яғни өнім өндіру барысында осы негізгі және айналым қорлары жұмсалады, пайдаланылады. Бұл іс-әрекет нәтижесі экономикалық тілмен айтқанда шығын деп аталады. Ал өндірілген өнімге кеткен шығындар сол өнімнің өзіндік құнын көрсетеді. Осы өзіндік құн арқылы шығарылған өнім бағасын белгілейді. Өнім бағасы мен оның өзіндік құнының айырмашылығы пайданы береді.
Жалпы өнім өндірілгеннен кейін нарыққа шығарылады. Ал нарықта өнімдер жаңа идеялар нәтижесінде өз қасиеттерін өзгертіп отырады. Соған байланысты әр тауардың өмірлік циклы болады. Тауардың өмірлік цикл тұжырымдамасын Американдық ғалым Теодор Левиттом 1965 жылы өңдеп көрсетті, онда ол өнімдердің нарықта ауысу фазасын көрсетті.
Тауардың өмірлік цикл концепциясы сұранысты зерттеуді, фирма табысын, тауарлық ассортиментті, нарық сегменттерін, бәсекелестердің іс әрекеттерін зерттеуді талап етеді.
Өнімнің өмірлік циклын зерттеу ең бірінші маркалы тауарларға қолданылған. Сол зерттеу нәтижесі бойынша тауардың өмірлік цикл фазасына талғамның, үлгінің (стиль), сәннің, техникалық прогрестің әсері айқын байқалған.
Тауардың өмірлік циклы төрт фазадан тұрады: ену (нарыққап ену), өсу, шегіне жету, құлдырау. Бұл фазалардың ұзақтығы әр бір кәсіпорын үшін, әр бір тауар үшін әртүрлі болады: ресурстарға, бәсекелестерге, нарықты зерттеу нәтижесіне, нарыққа ену кезеңіне және т. б. Кейбір тауарлар нарықта бірнеше күн, кейбіреулері бірнеше жыл болады.
Тауардың өмірлік циклында әр-бір фазада көңіл аударатын көрсеткіштер:
- экономикалық және бәсекелестік орта әр фазада өзгеріп отырады;
- әр-бір фазада стратегиялық мақсаттарды анықтап отыру;
- әр-бір фазада шығындар мен пайда көрсеткіштері әртүрлі болады;
- маркетингілік бағдарлама әр-бір фазаға негізделіп тез арада қалыптасуы қажет.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы техника-экономикалық көрсеткіштерге аудару керек.
Жалпы кез-келген кәсіпорын өнім өндіру үшін, сол өнімнің өзіндік құнын есептеп, сол арқылы барлық шығындарды шығарып, таза пайданың қаншалықты болатынын анықтап алуы қажет. Бұл экономикалық тұрғыдан. Ал жалпы алғанда кәсіпорын жаңашылдықпен жұмыс істемесе, яғни тауар ассортиментін көбейтіп, сапаға көңіл аудармаса оның өнімі тоқырауға бас иеді.
1. 2 Фирманың өнім өндіру саясаты және өнімінің бәсекелестік деңгейі
Өнім саясаты тауар түрін, сапасын, сыртқы көрінісін, маркасын, орамын қарастырады.
Сапа - тұтынушылар мен сатып алушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын тауар қасиеттерінің жиынтығы. Сапа негізінен әр түрлі көрсеткіштерге және қасиеттерге ие. Жалпы өнім өндіру барысында сапа ең басты көңіл аударатын тауар қасиеті, өйткені қазіргі таңда тек жоғары сапалы өнім өндіру арқылы бәсекелестерді жеңуге болады.
Сапаның келесідей негізгі көрсеткіштері бар:
- функционалдық көрсеткіш (тауардың өз қызметіне сәйкес келуі) ;
- нормативтік (нормалар мен стандарттарға сай болуы) ;
- сенімділік (өзінің жарамды уақытына дейін толығымен жұмысын атқаруы) ;
- сервис (тауарды сатқанға дейінгі және сатқаннан кейінгі қызмет көрсету) ;
- эстетикалық көрсеткіш (түрі, түсі, дизайны, пішіні, көлемі) ;
- имиджі.
Сапаны деңгейін арттыру жаңадан өндіргіш техниканы енгізу арқылы да іске асырылады. Сапаны арттыру «өнім ядросы» түсінігін тудырады. Ал «өнім ядросы» тауардың физикалық және химиялық құрамы болып табылады. Дәлірек айтқанда материалдар құрамы, салмағы, иісі, жұмсақтығы, күштілігі, тиімділігі және т. б. Тауардың құрамы мен құрылымының оның түсіне, пішініне сәйкес келуі тұтынушыға жақсы әсер қалдырады.
Тауардың сыртқы түрі тұтынушының ең алғаш көргендегі қызығушылығын арттырудың ең маңызды факторы болып табылады. Ол тауардың пішініне, түсіне, дизайнына, көлемі мен орамына байланысты болады.
Түс - бұл тауарға деген сұранысты арттырудың бірден бір құралы. Дүние жүзінде 7, 5 млн. түс бар деп айтады. Олардың 2800 атауы бар екен. Түс адамдарды қызықтырады, сабыр сақтауға шақырады, психикасына әсер етеді.
Дизайн ең басты рөлдегі сұраныс арттырушы факторлардың бірі. Тауардың пішіні, дизайны оның атқаратын қызметіне сәйкес болуы керек.
Тауардың орамы - бұл өз алдына жеке бір қасиеттерге ие сұранысты арттырушы құрал болып табылады. Жақсы орам - тұтынушы үшін қосымша ыңғайлылық пен көркемділік беретін құрал.
Тауар орамына келесідей талаптар қойылады:
- сақтау мерзімі, қолдану тәсілі, қызметі орамда көрсетілуі керек;
- орама сақтауға, тасымалдауға, тұтынуға ыңғайлы болуы керек;
- жаңа талаптарға сай тартымды, әдемі, ішіндегәі өнім құрамына сәйкес болып жасалуы керек;
- тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыра алуы қажет.
Тауар орамы тауарды сыртқы факторлардан қорғайды, тасымалдауға жеңілдік тудырады және жарнама ретінде де үлкен мәнге ие.
Ораманың дамуына нарықта келесідей факторлар әсер етеді:
1 Сатып алушының назарын бірден өзіне аудару үшін қолданылады. өнімді қалай қолдану жөнінде ақпарат береді.
2 Тұтынушының табысының өсуі нәтижесінде сатып алушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалады.
3 Орама фирманың имиджін және маркасын көрсетеді. Кейбір орамалар өнімнің қай фирманікі екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында 1993 жылы «Тауар белгісі, тауардың өндірілген жері, тауардың аты туралы Заң» қабылданды. Сондықтан да қазіргі кезде нарыққа шығар алдында тауарлардың орамасына немесе этикеткасына сол тауар туралы барлық мәліметтер жазылады.
Өнім саясатына тауардың белгісін де жатқызуға болады. Бұл заңды түрде тауарды басқа тауардан ажырату үшін жазбаша немесе басқадай түрде бір белгімен белгілеу, яғни санмен, әріппен, суретпен, терминмен және т. б. белгімен белгілеу. Тауарлық белгі фирмалық белгі немесе сауда маркасы сияқты болып көрінеді.
1883 жылы Париж конвенциясында тауар белгісі өндірістік меншіктің бір түрі деп танылды. Ал 1981 жылы Мадрид конвенциясында тауарлық белгінің халықаралық тіркелуі және оны қорғау қабылданды.
Тауарлық белгі өте тиімді болып жатса, ол бәсекелесу үшін қажет. Маркетологтардың айтуы бойынша ол тауарды айрықша көрсетеді. Тауарлық белгінің негізгі қызметі тауардың сапалы екенін көрсету, сондықтан да бұл тұтынушының сенімін туғызады. Маркалы тауарлар беделді тауарлар, сондықтан да олар маркасыз тауарларға қарағанда 15-20 пайызға жоғары бағаланады.
Кейбір үлкен компанияларда тауарлық белгі экономикалық жағынан үлкен мәнге ие, яғни бұған үлкен ақшалар бөлінеді. Мысалы, Кока-кола маркасының капиталы 24 миллиард долларға тең.
Сауда белгісінің төрт түрі бар:
- Фирма атауы (сөз, әріп, сөз тіркесі) ;
- Фирмалық белгі (сурет, түс, белгі) ;
- Сауда үлгісі (кәсіби сауда маркасы) ;
- Сауда белгісі (фирма атауы, фирмалық белгі, заңмен қорғалуы) .
Тауарлық белгі - ол интеллектуалдық меншік және де заңмен қорғалады.
Фирманың өнім өндіру саясатында бірден бір маңызды орынға ие көрсеткіш - ол өнімнің бәсекелестік қабілеті.
Тауардың бәсекелестік жағдайы - бұл нарықтағы тұтынушылық және бағамен байланысты экономикалық тауардың жетістігі, яғни тауардың нарықтық талаптарға сай келуі. Атап айтқанда сапаның, техникалық, эстетикалық дәрежесінің мінездемесі.
Бәсекелестік деңгей ол бәсекелестердің көп әрі сапалы болуына байланысты. Бәсекелестік деңгейді бағалап, болжам жасау өте қиын жұмыс. Ол өз кезегінде бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезекте бәсекелестік деңгей кезеңдерінің мақсаттары анықталады:
- кәсіпорынның жаңа тауарларының жағдайын білу, анықтау;
- тауардың нарықты қамтамасыз ету деңгейін бағалау;
- тауардың жеке дара бөлініп шығуына көңіл бөлу, яғни бәсекелестік деңгейі жоғары болуы керек;
- тауарға баға белгілеу;
- нарықтағы тауардың нақты стратегиясы мен тактикасын таңдау.
Ал екінші кезеңде тауарға деген талаптар қойылады. Ол талаптарды тұтынушылардан сұрау арқылы қоюға болады.
Келесі кезең арнайы есептеу әдісі бойынша тауардың бәсекелестік деңгейін бағалау. Ол параметрлерді үш топқа бөлуге болады.
- нормативтік;
- техникалық;
- экономикалық.
Нормативтік көрсеткіштер бойынша өнім стандартқа, нормаға, міндеттемелерге сәйкес болуы керек. Егер тауардың нормативтік көрсеткіштері (экономикалық, қауіпсіздік, құқықтық, санитарлық) талаптарға сәйкес келмесе, онда басқа бәсекелестік көрсеткіштерінің деңгейін бағалаудың керексіз болғаны.
Нормативтік параметрлер арқылы бағалау кезінде индекстер қолданылады. Ол индекстер тең болған жағдайда ғана тауардың нормативтік көрсеткіштері талаптарға сай болады.
Екінші бәсекелестік қабілетті есептеу және бағалау көрсеткіші тауарға техникалық мінездеме береді. Нарықты зерттеу қай тауарға сұраныстың жоғары екендігін, қайсысына сұраныстың төмен екендігін көрсетеді. Бұл жерде қажеттілікті қанағаттандырушы тауарды тауып алып, эталонды білу мақсат. Эталон тауар сатып алушыны 100 пайызға қанағаттандыруы қажет. Аналогтар тобына кіретін тауарлар келесі талаптарға жауап беруі керек:
- олар әр түрлі көрсеткіштер бойынша бірдей мәнге ие болуы керек;
- нарықта бір сегментке жатқызылуы керек;
- аналог тауарды нарықта бағалау қолма-қол түрде жүзеге асырылады;
- тұтынушылар санын уақыт сайын көбейтуі;
- таңдалған тауарлар перспективалы болуы.
Үшінші бағалау тобына экономикалық көрсеткіштер жатады, яғни қандай шығын деңгейінде қажеттілік қанағаттандырылады. Экономикалық көрсеткішті анықтау үшін талданып отырған тауар бағасын аналог тауардың бағасымен сәйкестендіру қажет. Ол көрсеткіштер кез-келген экономист және кез-келген маркетолог үшін маңызды.
Есептелген тауардың бәсекелестік коэффициенті бойынша келесідей қорытынды шығады. Егер К к < 1 болса, онда талданып отырған жаңа тауар аналог тауардан бәсекелесуден ұтылып қалады. Ал К к =1 болған жағдайда, онда тең дәрежені көрсетеді. келесі жағдайда К к >1 жаңа тауар аналог тауарды жеңеді, және де бұл жағдайда жаңа тауарды өндіру және нарыққа шығару қолға алынады. Ал К к < 1 болған жағдайда жаңа тауарға техникалық және экономикалық параметр тораптарын арттыру талап етіледі. Сол арқылы бәсекелестік деңгейді көтеру маөқсаты орындалады.
Бәсекелестік деңгейді арттыру және есептеу жұмыстары жаңа тауардың нарыққа ену кезіндегі тұтынушылардың тауарға деген мінездемелерін білуге мүмкіндік береді.
Тауардың бәсекелестік деңгейін арттыру мақсатында қазіргі әдісті қолдану кең тарап келеді. Ол беншмакинг деп аталады. Беншмакинг- бұл тауарды салыстыру процесі, кәсіпкерлік қызметті бәсекелестермен салыстыра отырып, фирманың жұмысын сапалы әрі тиімді жағдайға жеткізу.
Бұл жұмыстардың мақсаты бәсекелестердің стратегиясын, саясатын білу, әрі олардың әлсіз әрі мықты жағын байқау ғана емес, сонымен қатар өз компаниясының баға саясатын ұстану, жабдықтаушыларды ынталандыру, бұлар нарыққы жаңа тауар шығаруға көмектеседі. Бәсекелестік туралы ақпарат дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Бәсекелестік - бұл өндірушілер мен жеткізушілердің, кәсіпорындар мен фирмалар арасындағы қолайлы өндіріс шарты және өзінің кәсіпкерлік іскерлігінің таңдаулы нәтижесін өткізу мақсатындағы күресу.
Бәсекелестік жинақталған түрде төмендегідей қызметтерді атқарады:
- Реттеуші. Бәсекелестік тауарлар ұсынылымына, олардың тұтынушылар сұранымына сай бола алатындығына ықпал етеді.
- Аллокациялық. Бұл функция - қорлар және өндірілген тауарлардың соңғы есепте саналған және олардың толық түрде кері қайтаруды қамтамасыз ете алатын шоғырланған жерінде байқалады.
- Инновациялық және адаптациялық қызметі - бизнесмендерді тиімді түрде пайда түсіруге негіздеп, олардың қаражаттарын инновацияға яғни, технология машина түрін жаңартуға, тұтынушы сұранымының өзгеруіне икемделуге байланысты жұмсалуына ықпал етеді.
- Бөлуші. Бәсекелестік кадрларды және тауарларды зерулік дәрежесіне байланысты бөлу.
- Қадағалаушы. Бәсекелестік кезінде бірді-бір сатушы/тұтынушы нарықта өктемдік жағдайға ие бола алмайды және өзінің шартын жүргізе алмайды.
Бәсекелестіктің түрін топтастыру сан жағынан және нарықтағы өндірушілердің салмақ үлесінен қатысты болады.
Жетілген және жетілмеген бәсекелестіктің түрлерінің сәйкестігін ажыратамыз. Жетілген бәсекелестіктің негізгі түрлері:
- Бәсекелестікке қатысушылардың санының есепсіздігі, нарыққа еркін түрде ену, араласу және одан шығу құқығы бар. Абсолютті мобильюі материалдық, еңбектік, қаржылық және басқа да ресурстар бойынша - бәсекелестікке қатысушы өзінің ақшасын текке салмайды, кірістің ұлғаюы үшін салады. Толық түрде мағлұмат алуы. Абсолютті бір текті, бір атты өнімдер жекелей айтқанда сауда белгісінің немесе басқа жеке тауар сапасының мінездемесінің болмауы сатушыны. Еркін бәсекелестікке қатысушылардың бірде-бір басқа қатысушылар арқылы бекітілген шешімге қарсылық көрсетіге ырқы жоқ.
Нарықтағы жетілмеген бәсекелестік нақтымонополияны, монополистік бәсекелестікті, олигополияны тудырады.
Бәсекелестік стратегия - бұл іскер стратегияның синонимі немесе кез келген шаруашылықтағы бөлім қолданылып, соның ішінде белгілі бір мақсат пен жетістіктерге жету үшін және өзінің саласындағы жағдайда бәсекелестікке бейімділігін ыңғайлау үшін қолданатын ережелердің жиынтығы.
Л. Г. Роменскийдің еңбегінде бұл стратегияның мынадай төрт түрі көрсетілген:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz