Еңбекті төлеуді ұйымдастырудың функциялары, элементтері және қағидалары


Мазмұны
Кіріспе
1 Еңбекті ұйымдастырудың және төлеудің негізгі мәселелері
- Еңбек ақы: мәні, функциялары, ұйымдастыру қағидалары
- Еңбекті төлеуді ұйымдастырудың функциялары, элементтері және қағидалары
- Еңбек ақы формалары, жүйелері және оны ұйымдастыру
- «Швабские колбаски» ЖШС - дегі еңбекті және оны төлеуді талдауТалдау объектісінің жалпы экономикалық сипаттамасыФирманың еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі мен оны пайдалануын талдауЕңбек ақы қорын талдауЕңбек ақы қоры құрылымындағы өзгерістерді талдау
3 «Швабские колбаски» ЖШС-де еңбекті төлеуді жетілдіру бойынша ұсынылатын шаралар
3. 1 Ұсынылатын шаралардың маңыздылығы
3. 2 Ұсынылатын шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3
6
6
11
16
20
20
30
36
41
46
46
52
55
57
Кіріспе
Әлемдік экономикалық ғылымда дамыған нарықтық экономикаларда басқарудың негізгі тетіктері ретінде қолданылатын негізін қалаушы «константалар» белгілі. Оларға жататындар: ЖІӨ -дегі еңбек ақы үлесі, жалақы мен өмір сүруге қажетті минимумның қатынасы, еңбек ақының бір теңгесіне шаққандағы ЖІӨ мөлшері және т. б. соңғы он жылда тұрақты дамыған елдерде көптеген макроэкономикалық көрсеткіштер үнемі өзгеріп тұрса да, ЖІӨ - дегі еңбек ақы үлесі тұрақты болып қала берді (67-72%), яғни ұлттық табыстың үштен екі бөлігі.
Жалпы ішкі өнімдегі еңбек ақы үлесінің 50%-дан төмендеуі - экономика құлдырауының нақты белгісі; Қазақстандағы оның үлесі 30%-дың үстінде ғана.
Қазақстандағы әлеуметтік-еңбектік саладағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы экономиканың барлық сегменттері мен секторларын қозғайтын құрылымдық жаңару жағдайында өтіп жатыр. Еңбек күштерін салаларға таратуда, халықтың ақшалай кірістері мен қызмет сферасын таңдауда еңбек ақының мотивациялық рөлінде, жұмыспен қамту шарттары бойынша жұмыс орындарының сандық және сапалық дифференциациясында, еңбектік жан-жақтылықта, кәсіби-біліктілік деңгейде, нарықты мемлекеттік реттеу органдары мен жұмыс беруші кәсіпорындар және жұмыспен қамтудың көлеңкелі секторында маңызды өзгерістер болып тұрады. Еңбек нарығында жүргізілетін мемлекеттік саясаттың деңгейі мен тиімділігінің төмендеуі, жаңа еңбек қатынастарының қалыптасу процесін басқару мүмкіншілігі ғана емес, сонымен қатар жалпы экономикада және жұмыспен қамту сферасында болып жатқан өзгерістер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету деңгейінің төмендеуі - осының барлығы барлық бағыттар бойынша көрініс табатын жалпы тенденция болып табылады. . Мұндай жағдайдың салдары болып мемлекеттің дағдарысқа қарсы экономикалық саясатын тежейтін және болашақта Қазақстанның тұрақты даму траекториясына шығу мүмкіншілігін іс жүзінде жоққа шығаратын бірқатар мәселелердің пайда болуы табылады.
Еңбек ақы - адамның, ұжымның, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірінің негізгі факторларының бірі. Еңбек ақы деңгейінің жоғары болуы тауарлар мен қызмет көрсетулерге деген жоғары сұранысты қамтамасыз ете отырып, жалпы экономикаға оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, жоғары еңбек ақы кәсіпорын басшыларын жұмыс күшін тиімді пайдалануға, өндірісті модернизациялауға ынталандырады.
Бүгінде Қазақстан басынан кешіп отырған нарықтың қалыптасу кезеңінің ерекшелігі болып келесі табылады: әлеуметтік-еңбектік қатынастарды либерализациялау жағдайында мемлекет еңбекті төлеуді ұйымдастыруды бақыламайды, ал нарықтық реттегіштер толық күшіне енген жоқ. Осының салдарынан бұл облыстағы үрдістер стихиялық, жүйесіз сипатқа ие болды. Еңбекті төлеу облысындағы бүгінгі жағдайға салалар, аймақтар және кәсіпорындар арасындағы еңбек ақы деңгейіндегі ұлғайған дифференциация тән. Елімізде отын-энергетикалық салаларында, түсті металлургия, транспорт, қаржы және несие беру мекемелерінде еңбек ақы деңгейі орташа деңгейден әлдеқайда жоғары болып келеді.
Қазіргі таңдағы маңызды мәселелердің бірі болып кәсіпорын басшылары мен жұмысшыларының еңбек ақылары арасындағы шектен тыс дифференциацияны болдырмау табылады, бұл әлеуметтік-еңбек сферасында қалыптасқан қолайсыздықтың бірден бір себебі болып табылады.
Еңбек ақы құрылымы теңсіздіген жоғалтты: көптеген кәсіпорындарда жұмысшы еңбек ақысының тарифтен жоғары бөлігі еңбек ақының базалық, тарифтік үлесінен бірнеше есеге артық. Бұл кәсіпорындарда тариф еңбек нәтижесін базалық бағалау функциясын адекватты түрде орындау үшін тарифтік жүйелерді қайтадан қарастыру қажеттілігін көрсетеді.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорында еңбекті төлеуді ұйымдастырумен екі тұтас міндеттерді шешумен байланысты: әр-бір жұмысшыға оның еңбек нәтижесіне және еңбек нарығындағы жұмысшы күшінің құнына сәйкес түрде еңбегін төлеуге кепілдеме беру; жұмыс беруші өндіріс процесінде еңбек нарығында тауары мен өнімін өткізгеннен кейін шығындарын жауып, пайда табуға мүмкіншілік беретін нәтижеге қол жеткізуін қамтамасыз ету. Осылайша, еңбек ақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғаушы күші арасындағы әлеуметтік әріптестіктің дамуына сәйкес келетін жұмыс беруші мен жұмыскердің қызығушылықтары арасындағы қажетті компромисс.
Бұл көзқарас дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігімен құпталады.
Жүргізілген зерттеулер барысында еңбек ақының негізгі сипаты мен мәні, еңбек саны мен сапасын бағалау әдістері мен жолдары, сонымен қатар оны жетілдірудің мүмкін жолдарын талдау анықтамалары теориялық жағынан қарастырылды.
Ақпарат көзі ретінде шетелдік және отандық мамандардың еңбек ақыны ұйымдастыру сұрақтары бойынша ғылыми еңбектері, еңбекті ұйымдастыру сұрақтарын реттейтін негізгі нормативтік актілер, сонымен қатар «Швабские колбаски» ЖШС қызметімен танысу барысында жинақталған ақпарат қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып нақтылы бір объектіде («Швабские колбаски» ЖШС) еңбек ақыны ұйымдастыру жағдайына зерттеу жүргізу, еңбек ақыны ұйымдастырудың, еңбек ақы жүйелері мен формаларының әрекет етуші элементтерін талдау, олардың кемшіліктерін анықтау. Зерттеу нәтижелерін ескере отырып еңбек ақы төлеудегі дағдарыстық жағдайларды жоюға, жұмысшылардың өз еңбек ақыларына ризашылығын арттыруға және еңбек ақы түрлері мен жүйелерін жетілдіруге бағытталған түрлі шаралар мен ұсыныстар әзірлеу.
Аталған мақсаттарды дипломдық жұмыс шеңберінде жүзеге асыру үшін келесідей міндеттерді орындау қажет:
- Біріншіден, еңбек ақы мәнін және оның қалыптасу тәртібін анықтау қажет. Еңбек ақыны ұйымдастырудың негізгі қағидаларын анықтау.
- Екіншіден, зерттелетін объектідегі еңбек ақыны ұйымдастырудың элементтерімен танысу. Еңбек ақы жүйесіне және түрлеріне, олардың кәсіпорында қалай қолданылатынына көңіл бөлу керек, жұмысшыларға берілетін ақшалай сыйақылар көлемін және түрлерін, жұмысшыларды ынталандыру шараларын қарастыру қажет.
- Үшіншіден, еңбек ақының жаңа заман талаптарына сай басқа да жүйелерін қолдану мүмкіншіліктерін қарастыру керек. Қазіргі таңда еңбек ақының төленуі дағдарыстық жағдайда болғандықтан, оны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасау қажет. Яғни, жұмыскерлердің өз еңбек ақыларына қанағаттану деңгейін көтеру, оның іс жүзіндегі мөлшерін жұмыс күшінің құнына жақындату, жұмыскерлердің сияқты кәсіпорынның да еңбек ақы деңгейінің көтерілуіне деген қызығушылығын арттыру сияқты нақты шаралар ойластыру. Кәсіпорынның мотивациялық саясатын күшейту үшін еңбек ақының ынталандырушы функциясын қайтару бойынша шаралар ұйымдастыру.
Барлық жүргізілген шаралар «Швабские колбаски» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сияқты онда істейтін жұмыскерлерге де белгілі бір экономикалық тиім әкелуі қажет.
1 Еңбекті төлеудің және ұйымдастырудың негізгі мәселелері
- Еңбек ақы: мәні, функциялары және ұйымдастыру қағидалары
Кез келген кәсіпорынның қызметінде, жұмыс процесінде қолданылатын барлық ресурстардың ішінде үлкен орын еңбекке тиесілі. Мамандарды анықтау үшін, еңбек экономикалық ресурс ретінде адамдардың физикалық және ақыл-ой мүмкіндіктерімен қоғамға пайдалы қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде қолданылатын қызметтер жиынтығын құрайды. Еңбек қана, адамның тұтас қызметі ретінде қосымша құн қалыптастыруға және қаржылық нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге қабілетті.
Сондай-ақ, еңбек - жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандырудың маңызды көзі болып табылады.
Адамдардың ұйымға және еңбекке қабілетті жеткізуші, оларды таратушы институт ретіндегі қарым-қатынасының негізгі мотивтерінің бірі болып еңбек ақы жөніндегі қарым-қатынасы табылады. Бұл жерде түсінуге маңызды және бірдей мағыналы болып еңбек ақыны ұйымдастыру қағидалары, мәні және функциялары табылады.
Нарықтық экономикаға өту кезеңінде кәсіпорын жеке материалдық қызығушылықты дамытуға мүмкіншілік беретін еңбек ақының жаңа үлгілерін іздестіреді. Алайда, жаңаша жағдайда еңбек ақы механизмін құрастырудан бұрын алдыменен еңбек ақы дегеніміз не екенін анықтап алу керек, әйтпесе, көптеген экономистер мен практиктер «жалақы» деген ұғымның орнына «еңбек кірісі» деген ұғымды қолданған жөн екендігін дәлелдеу үстінде.
Алайда, негізінен терминологияда жаңа ұғымды іздестіргеннен гөрі, өзгерген жағдайда «жалақы» экономикалық категориясының мәні мен қасиетін жан-жақты қарастырған жөн. Еңбек ақының жеке жұмыскерлердің еңбектері бойынша бөлінетін қоғамдық өнімнің (жиынтық қоғамдық өнімнің, ұлттық табыстың және т. б. ) үлесі түріндегі анықтамасы нарыққа қайшы келеді.
Мұнда еңбек ақының көзі ғана дәлелденген, сонымен қатар оның өзі де нақты аталмаған. Сонымен бірге, еңбек ақы еңбек саны мен сапасы бойынша ғана бөлінеді. Бірақ оның мөлшері жұмысшының іс жүзіндегі еңбек салымы мен кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесіне тәуелді болады.
Соңында, қоғам деңгейінде қалыптасатын жиынтық қоғамдық еңбек пен ұлттық табыстың бөлігі ретіндегі еңбек ақының анықтамасы еңбек ақының оны қалыптастырудың көзімен, еңбек ұжымының жалпы нәтижесімен байланысын сөндіреді.
Жоғарыда көрсетілгендерді есепке ала отырып, қарастырылып отырған категорияны келесідей түрде анықтауға болады. Еңбек ақы - тұтынуға бағытталған, ұжым жұмысының соңғы нәтижесіне тәуелді және жұмыскерлер арасында кеткен еңбектің саны мен сапасына сәйкесінше, әркімнің нақты еңбек салымы мен салынған капитал мөлшері арасында бөлінген табыстың (таза өнімнің) үлесін көрсететін қаржының негізгі бөлігі болып табылады.
Экономикалық теорияда еңбек ақы табиғатын анықтайтын екі негізгі тұжырым бар:
- Еңбек ақы - еңбек бағасы. Оның мөлшері мен динамикасы нарықтық факторлардың және алдыменен, сұраныс пен ұсыныстың әсерінен қалыптасады;
- Еңбек ақы - бұл «жұмысшы күші» деп аталатын тауар құнының ақшалай көрінісі немесе «жұмысшы күші тауары құнының өзгерген формасы». Оның мөлшері өндіріс және нарықтық факторлар - сұраныс пен ұсынысжағдайымен анықталады, олардың әсерінен еңбек ақының жұмысшы күші құнынан ауытқуы жүзеге асады.
Еңбек ақы еңбек бағасы ретінде. Бұл тұжырымның теориялық негізін А. Смид пен Д. Рикардо қалаған. А. Смид еңбек тауар ретінде ұсынылады және табиғи бағаға, яғни «табиғи еңбек ақысына»ие деп есептеген. Ол құрамына жұмысшы мен оның жанұясының өмір сүруіне қажетті қаржының құны кіретін өндіріс шығындарымен анықталады. А. Смид еңбек пен «жұмысшы күші» арасындағы айырмашылықты байқамады, сондықтан «табиғи еңбек ақы» дегенді жұмысшы күшінің құны деп түсінді. Еңбек ақының мөлшерін ол жұмысшы өмір сүретін қаржының физикалық минимумымен анықтады. Сонымен қоса, еңбек ақыға тарихи және мәдени элементтер кіреді.
Еңбек ақы «жұмысшы күші» тауары құнының ақшалай көрінісі. Бұл тұжырымды К. Маркс қалыптастырған. Оның негізіне ол «еңбек» және «жұмысшы күші» ұғымдарының шектеулі туралы ережені жазды және еңбектің тауар бола алмайтындығын, әрі оның құны жоқ екендігін дәлелдеп берді. Тауар еңбекке қабілетті жұмысшы күші, ал еңбек ақы құнның ақшалай көрінісі түріндегі осы тауардың бағасы болып табылады.
Жұмысшы күшінің ұдайы өндірісі жұмысшы күшінің жеке өндіріс факторы ретіндегі қалыптасуы мен әрекет етуі жөніндегі қоғамдық, ұжымдық және жеке экономикалық қызығушылықтар бірлестігін көрсетеді.
Жұмысшы күші құнының сандық және сапалық жақтары бар. Жұмысшы күші құнының сапалық сипаттамасы келесіде, ол белгілі бір өндірістік қатынастарды, атап айтқанда, жұмысшыларға өз жұмысшы күштерін сатуды және оны пайданы арттыру мақсатында сатып алуды көрсетеді. Сандық жағынан жұмысшы күшінің құны жұмысшы күшін өндіруге, дамытуға және сақтауға қажетті өмірлік құралдардың құнымен анықталады.
Жұмысшы күші нарығында сатушылар болып белгілі бір маман, білікті жұмыскер табылады, ал сатып алушылар - кәсіпорындар мен фирмалар. Жұмысшы күшінің бағасы болып оклад, тариф, жалақының мерзімді және кесімді формасы түріндегі базалық кепілдемелі еңбек ақы табылады.
Талданған негізгі тұжырымдардан басқа шетелдік экономикалық әдебиеттерде еңбек ақы табиғатын анықтайтын көптеген теориялар қалыптасқан. Солардың ішіндегі ең танымал теорияларды қарастырайық.
«Жұмысшы қоры» теориясы (И. Бантам, Т. Мальтус, Дж. Милль) . Бұл теорияның негізінде жұмысшы күшін сатып алуға жұмсалатын капитал тұрақты мөлшер болып табылады, өйткені бұл капиталға сатып алынатын өмірлік құралдар массасы табиғатта шектеулі және ұлттық байлықтың тұрақты әрі негізгі бөлігін құрайды деген догма жатыр. Еңбек ақы төлеуге жұмсалатын «жұмысшы қоры» бұл теорияның жақтаушыларының ойынша өндіріс басталғанға дейін анықталып қойған көлем болып табылады, әрі оны қосымша пайда тарту арқылы көбейту мүмкін емес, өйткені мұндай жағдайда капиталистер оларға тиесілі «Қордың» бір бөлігінен айырылады және өндірісті ары қарай дамытуға ынталарын жоғалтады.
Еңбек ақының «өнімділік» теориясы. Бұл теория бойынша, еңбек ақы мөлшерін анықтайтын басты фактор болып еңбек өнімділігінің деңгейі табылады. Америка экономисті Г. Кэрри (1793-1879) еңбек ақы еңбек өнімділігіне пропорционалды түрде жоғарылайды және төмендейді деген. Бұл теорияның басты кемшілігі болып еңбек ақы деңгейіндегі әртүрлілікті анықтауда тек бір факторды-еңбек өнімділігін пайдалану табылады.
Шекті өнімділік теориясы. Бұл теорияны американдық экономист Дж. Клерк (1847-1938) қалыптастырған. Ол кез-келген фактордың өнімділігі оның артуына қарай төмендейді, алайда бұл кезде басқа факторлар өзгеріссіз қалады деген қағидаға негізделген. Дж. Клерк еңбек ақыға қатысты капиталдың өзгеріссіз мөлшерінде кез-келген қосымша жұмысшы өнімнің төмендеген массасын береді дегенді айтады. Мұндай жағдайда еңбек ақы соңғы, «шекті жұмысшыға» тән шекті ең төменгі өнімділікпен анықталады.
Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақы мөлшеріне нарықтық және нарықтық емес факторлардың бірнешеуі әсер етеді, соның нәтижесінде еңбек ақының белгілі бір деңгейі қалыптасады. А. Маршаллдың ойынша, рационалды ұйымдастырылған экономикада біліксіз еңбекке қарағанда біліктілігі жоғары творчествалық еңбектің бағасы жоғары болып табылады. Бұл білікті еңбектің жоғары өнімділігін көрсетеді. Еңбек ақы ставкасы мен еңбек нарығының конъюнктурасына әсер ететін нарықтық факторлардың ішінен келесілерді бөліп көрсетуге болады (сурет 1) .
Сурет 1 - Еңбек ақыны қалыптастыратын факторлар
Өндірісінде берілген еңбек пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында сұраныс пен ұсыныстың өзгеруі. Тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында сұраныстың төмендеуі (оларға бағаның өсуі, тұтынушылар табысының төмендеуі, тұтынушылар қалауының өзгеруі, жаңа тауарлардың пайда болуы нәтижесінде) өндіріс көлемінің қысқаруына, бұл ізінше, еңбек ресурстарына деген сұраныстың төмендеуі мен жалға алу шарттарының бұзылуына әкеледі. Керісінше, тауарлар мен қызметтерге сұраныстың артуы еңбекке деген сұраныс мөлшерінің артуы мен еңбек ақы ставкасының жоғарлауына әкелуі мүмкін.
Еңбекке деген сұраныстың баға бойынша икемділігі. Ресурс бағасының жоғарлауы (мысалы, кәсіподақ жақтан болған қысымның әсерінен еңбек ақы ставкасының өсуі), кәсіпкердің шығындарын көбейте отырып, еңбекке деген сұраныс көлемін төмендетеді, ал ізінше, жалға алу шарттарын бұзады. Солай бола тұра еңбекке деген сұраныстың баға бойынша икемділігі (оның еңбек бағасының өзгерісіне деген реакциясы) әрдайым төмендегілерден тәуелді болмайды:
- Шекті табыс динамикасының сипаттамасы. Егер, шекті табыс баяу төмендейтін болса (қол еңбегінің үлесі жоғары салалар), ондаеңбек ресурсына деген бағаның өсуінен еңбек нарығындағы сұраныстың төмендеуі баяу болады, яғни баға бойынша сұраныс икемділігі әлсіз. Керісінше, егер жұмыскерлерді қосымша тартудан қайтарым алу мүмкіншілігі (шекті табыстың аяқ астынан құлдырауы) тез бітіп қалса, онда еңбек ақы ставкасының өсуі еңбекке деген сұраныстың төмендеуіне әкеледі, яғни бұл жағдайда берілген еңбек ресурсы нарығында сұраныс икемділігі жоғары болып табылады;
- Фирма шығындарындағы еңбек ресурсы шығындарының үлесі. Тауар өндірісінің жалпы шығындарындағы еңбек шығындарының үлесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым еңбекке деген сұраныс еңбек бағасына тәуелді болады, өйткені еңбек ақы шығындарының өзгеруі көбінесе жалпы шығындар динамикасын анықтайтын болады;
- Өндірісінде берілген еңбек пайдаланылатын тауарларға деген сұраныстың икемділігі. Мысалы, нан, тұз сияқты тамақ өнімдеріне деген сұраныс деңгейі олардың бағасына тәуелсіз болады, сондықтан оларды өндіруге кеткен еңбекке деген сұраныстың да оның бағасына тәуелділігі төменгі деңгейде болады.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, еңбек ақы деңгейіне нарықтық факторлармен қатар, нарықтық емес факторлар да әсер етеді. Соңғысына еңбек ақының ең төменгі деңгейін, заңмен берілетін қосымша өтем ақыларды белгілеумен байланысты мемлекеттік реттеу әдістерін, сонымен қатар ішкі еңбек нарығын қорғау мен жұмыспен қамтуды реттеу бойынша әдістерді жатқызуға болады. Бұдан бөлек, еңбек ақы мөлшері мен шарттарына еңбек қатынастарының барлық деңгейлерінде келісім-шарттық реттеу механизмі де әсер етеді.
Жалақы деңгейі, еңбек ақының төменгі ставкасы, басқа да жалға алу шартары ұжымдық келісім шарттар мен мәмілелер жүйесімен де реттеледі.
Өмір сүру минимумынан төменгі еңбек ақы деңгейі жұмыскерлердің еңбекке деген ынтасын жояды, кедейшіліктің өсуіне әкеледі, төлем қабілетті сұранысты төмендетеді, ал бұл өз кезегінде өндіріс дамуына кері әсерін тигізеді.
Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеудің бүгінгі күнгі қағидаларына келесілерді жатқызуға болады:
- Еңбек қатынасындағы екі жақтың да құқықтық теңдестігін түсіну және әлсіз жақ-жұмыскерді қорғау механизмін жасау;
- Жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің қызығушылықтарын есепке алу, олардың қызығушылықтарын мемлекеттік қорғау;
- Еңбек қатынастарының гуманистік сипаттамасы, өндіріс қызығушылығы алдындағы жеке тұлғаның артықшылығын білу;
- Еңбек қатынастарын реттеу механизмін жасау барысында еңбекшілердің спецификалық категорияларының ерекшеліктерін және жұмыстың кейбір түрлерінің сипатын есепке алу;
- Еңбек заңын бұзғаны үшін әрекет ететін жауапкершілік әдістерін бекіту. Еңбек ақыны ұйымдастыру қағидалары, функциялары және элементтері
Еңбек ақының мәні оның қоғамдық өндірісте орындайтын функцияларынан көрінеді: өндірісте, бөлуде, айырбас пен тұтынуда. Алайда, кез-келген уақытта басқару жүйесі мен меншік формасына байланысты еңбек ақы келесідей негізгі функцияларды қамтамасыз етуге бағытталуы керек:
- Ұдайы өндіріс;
- Мотивациялық;
- Өлшеуші-бөлу функциясы;
- Ресурстық-орналастырушы функция;
- Халықтың төлем қабілетті сұранысын қалыптастырушы функция.
Ұдайы өндіріс функциясы - жұмыскерлерді өмір сүруге және ұдайы өндіріске жеткілікті түрдегі материалдық жағынан қамтамасыз ету. Бұл функцияны жүзеге асыруда маңызды рөлді минималды еңбек ақы мөлшерін бекіту арқылы жұмыскерлердің материалдық жағдайының кепілдемелі төменгі деңгейін шектейтін мемлекет атқарады.
Еңбек ақының мотивациялық функциясы нарықтық экономика жағдайындағы ең маңыздысы болып табылады. Ол жеңілдіктер беру, мақтау және материалдық жағынан ынталандыруды ұйымдастыру арқылы жұмыскерлерді тиімді еңбекке ұмтылдыруға бағытталған.
Өлшеуші-бөлу функциясы. Бұл функция тұтыну қорын жалдамалы жұмысшылар мен өндіріс құралдарының иелері арасында бөлуде тірі еңбек тәсілдерін бейнелеуді жүзеге асырады. Еңбек ақы арқылы өндіріс процесіне қатысушылардың өз еңбек салымына сәйкесінше тұтыну қорындағы жеке үлесі анықталады.
Ресурстық-орналастырушы функция. Бұл функцияның маңыздылығы қазіргі таңда барған сайын артуда. Оның мәні еңбек ресурстарын аймақтар, экономика салалары және кәсіпорындар бойынша орналастыруды оңтайландыруда болып табылады.
Халықтың төлем қабілетті сұранысын қалыптастырушы функция. Бұл функцияның мәні - төлем қабілетті сұраныс (сатып алушылардың ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілген қажеттіліктер формасы) пен тұтыну тауарларының өндірісін байланыстыру.
Ғылыми еңбектерде жоғарыда аталған еңбек ақының шын мәнін көрсететін функциялардан басқа да функциялар қарастырылады: ынталандырушы, әлеуметтік, бөлу және т. б. Бұл функциялардың көбісі жоғары келтірілген функцияларды қайталайтындықтан оларды жеке бөліп көрсету маңызды емес.
Жоғарыдағы функцияларды жүзеге асыру үшін, біздің ойымызша, келесі маңызды қағидаларды сақтау қажет:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz