Кәсіпорынның өндірістік көрсеткіштерін талдау


Мазмұны
Кіріспе
1 Кәсіпорын өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейінің теориялық аспектілері
1. 1 Өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейінің түсінігі және көрсеткіштері
1. 2 Жұмыс процесі мен уақыты шығындарын зерттеу маңызы
1. 3 Өндірістік резервтерді анықтау арқылы өндіріс тиімділігін арттыру
2. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-техникалық деңгейін талдау
2. 1 «Палитра» ЖШС қызметін жалпы сипаттау және даму тарихы
2. 2 Кәсіпорынның өндірістік көрсеткіштерін талдау
2. 3 «Палитра» ЖШС-нің өндірістік потенциалын және өнімінің бәсекелестік қабілетін талдау
3 Өндірістік процесті тиімді ұйымдастыру жолдарын зерттеу
3. 1 Өндірістік процестің негізгі көрсеткіштерін есептеу
3. 2 Еңбек заттары қозғалысының қолайлы түрін қолдану
3. 3 Жұмыс уақытын тиімді пайдалануға және өндірістік циклді қысқарту бойынша шаралар жасау (процесті синхронизациялау)
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі
Қосымшалар
4
5
5
11
23
30
30
20
23
23
27
36
Кіріспе
Өндірістің техникалық деңгейі, өндірісті ұйымдастыру, ақаумен және оны жөндеумен байланысты өндірістік емес шығындар еңбек өнімділігі, өнім өндіру көрсеткіштерінің деңгейіне әсер ететін факторлардың маңызды тобына жатады. Өндіріс интенсификациясы, жетілдірілген техника мен өндіріс технологиясын кешенді механикаландыру мен автоматтандыру өндірісті ұйымдастырудың жақсаруы есебінен жұмыс уақыты жоғалтуларының қысқаруын қамтамасыз етеді және еңбек өнімділігінің артуына тура әсер етеді. Ұйымдастырушылық-техникалық және инновациялық шаралар жоспарына сәйкес материалдық-техникалық жабдықтау тиімділігінің өсуі және басқа да факторлар есебінен еңбек шығындары азайып, өнімділік артады.
Дипломдық жұмыс тақырыбы көптеген қазақстандық кәсіпорындардың бүгінгі жағдайымен байланысты өзекті болып табылады, сонымен қатар ішкі резервтерді мобильдеу және әртүрлі сала кәсіпорындарын техникалық қайта қаруландыру мен модернизациялау үшін қосымша қаржыландыру көздерін табу бойынша жұмыс басталуымен байланысты. Өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейін көтеруге байланысты инвестициялық процесті белсендіру мақсатында Қазақстан Республикасында сәйкесінше Заңды актілер қабылданып, аймақтық салықтық жеңілдіктер енгізіліп, ұзақ мерзімді несиелендіру механизмдері қарастырылып жатыр. Осының барлығы шетелдік және отандық инвесторларды тартуға бағытталған.
Өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейін арттыру, әсіресе жаңа заман талаптарына сай, сенімді, ұзақ мерзімге қолданыс беретін, экономикалық жағынан тиімді машиналарды, механизмдерді, аппараттарды, құралдар мен басқа да заттарды, жаңа шикізат және материал түрлерін ойлап тапқаны мен енгізгені, сонымен қатар өнімділігі жоғары технологиялық процестер мен өндірістің қарқында әдістерін ұсынғаны үшін кәсіпорын басшылары сыйақы берудің ерекше жүйесін бекітеді. Мұндай ынталандырушы жүйе тиімді түрде жұмыс істейді.
Көптеген Қазақстандық кәсіпорындардың техникалық деңгейі қазіргі кездің талаптарына сай емес. Әртүрлі сала кәсіпорындарының қайта қарулануы төмен қарқынмен жүзеге асуда және бұл мәселенің басты себебі қаржының жетіспеушілігі, сырттан қаржыландыру көздерін тартуға (несие және басқа да салымдар) потенциалды мүмкіндіктердің болмауы. Ол жаңа техника мен технология енгізуді қажет етіп тұрған өндірістік-өнеркәсіптік кәсіпорындардың төлем қабілеттілігінің төмен болуымен байланысты. Кәсіпорындар техникалық қайта қарулану мен модернизация жасауда көбінесе мемлекеттік инвестициялық қолдауға сүйенеді, бұл әсіресе өнеркәсіптің қор сыйымдылығы жоғары кәсіпорындары мен тиімділігі жоғары инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен байланысты.
Өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейін арттыру бойынша басқарушылық шешім қабылдауда маңызды мәселе болып бұл жұмыстың экономикалық тиімділігін анықтау табылады.
1 Кәсіпорын өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейінің теориялық аспектілері
1. 1 Өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейінің түсінігі және көрсеткіштері
Өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі дегеніміз өндіріс құралдары мен басқару және ұйымдастыру әдістері дамуының қол жеткен деңгейі.
Өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі - бұл оның жабдығының, технологиясының және оларды сәйкестендіру әдістерінің жетілген деңгейі. Осы үш фактор бір-бірімен себепті-салдарлы тура және кері байланыспан байланысқан. Мысалы, жаңа машинаны іске қосу нәтижесінде технологияны өзгерту қажеттілігі туындайды. Технологияда қарқынды өзгерістер, өз кезегінде, тек жаңа заман талабына сай жабдықты қолданғанда ғана мүмкін болады. Ал мамандандыру, шоғырландыру, сериялармен шығару деңгейі жабдық сипаттамасына және технологиялық әдістерді таңдауға әсер етеді.
Ұйымдастырушылық - техникалық деңгейді бағалауды тек, ол кәсіпорынның табысты жұмыс істеуіне, өткізу мәселелері шешіле тұра өнім өндіру көлемінің артуына кедергі болған жағдайда ғана өткізген жөн. Ұйымдастырушылық - техникалық деңгейді бағалау барысында зерттеліп отырған өндірісте жоғарғы деңгейлі техниканы, технологияны және оларды ұйымдастыруды пайдаланудың экономикалық қолайлылығын есепке алған дұрыс.
Өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейін сипаттау үшін келесідей көрсеткіштер жүйесі қолданылады:
- Өндірістің ғылыми-техникалық деңгейінің көрсеткіштері:
- ғылыми-зерттеу деңгейінің, ғылымның өндіріспен интеграциялану деңгейінің көрсеткіштері;
- қолданыстағы негізгі құралдардың қарқындылығының көрсеткіштері;
- қолданыстағы техникалық жүйе қарқындылығының көрсеткіштері (өндірісті механикаландыру, автоматтандыру, жұмыспен қамту деңгейінің көрсеткіштері, икемді автоматтандырылған өндірісті енгізу көрсеткіштері, еңбектің техникалық және энергетикалық қарулану көрсеткіштері) ;
- жаңа техниканы енгізу бойынша шаралардың экономикалық тиімділік көрсеткіштері.
2. Өндірісті және еңбекті ұйымдастыру деңгейінің көрсеткіштері:
- өндірісті концентрациялау, мамандандыру, шоғырландыру және орналастыру деңгейлерінің көрсеткіштері;
- өндірістік цикл ұзақтығының көрсеткіштері;
- өндірісті рационалды ұйымдастырудың ырғақтылық және басқа да қағидаларының көрсеткіштері;
- еңбекті ұйымдастыру көрсеткіштері;
3. Шаруашылық қызметті, өндірістік емес сфераны басқару деңгейінің көрсеткіштері:
- кәсіпорынның өндірістік құрылымының және оның рационалдылығының көрсеткіштері;
- ұйымды басқару органдары құрылымының көрсеткіштері;
- басқару жүйесін техникалық қамтамасыз ету көрсеткіштері;
- басқарудың экономикалық, ұйымдастырушылық-әкімшілік және әлеуметтік-психологиялық әдістерінің көрсеткіштері;
- персоналдарды басқару, есепті-бақылау жұмыстарының және нормалауды бекіту көрсеткіштері;
- ұйымдардың сыртқы экономикалық жағдайының және байланысының көрсеткіштері;
- персоналдардың әлеуметтік жағдайларының көрсеткіштері;
- табиғатты рационалды түрде пайдалану және қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштері;
- өндіріс мәдениетінің және өнеркәсіптік эстетика жағдайының көрсеткіштері.
Өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі өндірістік менеджмент жүйесінің мақсатты бір тармағының бөлшегі болып табылады. Ол ғылыми-техникалық прогресс нәтижелерімен, ұйым деңгейіндегі инновациялық саясатпен сипатталады. Өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі өндірістің техникалық және ұйымдастырушылық деңгейлеріне сәйкесінше анықталады.
Өндірістің техникалық деңгейі келесі факторлармен анықталады:
- Өндірістің механикаландырылу және автоматтандырылу деңгейі машиналардың көмегімен және автоматтарды бақылау бойынша жұмыс істейтін негізгі және көмекші жұмысшылар санының негізгі және көмекші жұмысшылардың жалпы санына қатынасы арқылы табылады;
- Технологиялық процестер қарқындылығының деңгейі - бұл іс жүзіндегі әдістемелерге сәйкес қарқынды процестердің олардың жалпы санына қатынасы;
- Технологиялық процестердің орташа жасы;
- Технологиялық жабдықтардың орташа жасы;
- Фирма жұмыскерлері еңбегінің қормен қарулану деңгейі - негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің фирманың барлық жұмыскерлерінің санына қатынасы;
Өндірістің ұйымдастырушылық деңгейіне әсер ететін факторларға келесілер жатады:
- Өндірістің мамандандырылу деңгейі (профильді өнімнің жылдық көлемі құнының сол уақыт аралығында өндірілген жалпы өнім көлеміне қатынасы) ;
- Өндірісті шоғырландыру деңгейі (толықтырушы өнімдердің жылдық көлемінің сол уақыт аралығында өндірілген жалпы өнім көлеміне қатынасы) ;
- Технологиялық жабдықтың маусымдық жұмыс коэффициенті;
- Штаттық кестенің толық болуы;
- Фирма жұмыскерлерінің жалпы санындағы негізгі өндірістік жұмысшылар санының үлестік салмағы;
- Кадрлар ағымдылығының көрсеткіші;
- Жұмыс уақыты жоғалтулары;
- Травма алу жиілігінің коэффициенті;
- Жекелеген өндірістік процестердің пропорционалдылық коэффициенті;
- Өндірістік процестердің үздіксіздік коэффициенті;
- Өндірістік процестердің параллельділік коэффициенті;
- Өндірістік процестердің тура ағымдылық коэффициенті;
- Өндірістік процестердің ырғақтылық коэффициенті.
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі факторларын тактикалық басқару оны арттыру резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі факторларын стратегиялық басқаруды жүзеге асыру үшін олардың болашақтағы өзгерісін болжау қажет. Өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейінің жоғарлауы өнім өндірудегі еңбек сыйымдылығының төмендеуіне және оның барлық ресурстарының тиімді пайдаланылуына әкеледі.
Өндірістің ұйымдастырылуын және техникалық дамуын жоспарлау екі кезеңде жүзеге асады. Бірінші кезеңде өндірістің және өндірілетін өнімнің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейін техникалық-экономикалық талдау, оның стратегиялық ұстанымдарға сәйкестігін бағалау жүргізіледі және оны арттыру жолдары мен мүмкіндіктері анықталады. Сонымен бірге, өндірістің және өндірілетін өнімнің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі осы саладағы ең жоғарғы нәтижелермен салыстырылуы керек. Талдау негізінде жоспарлаушы бөлім басқа да функционалдық бөлімдермен біріге отырып, өндіріс тиімділігін арттыруға байланысты кәсіпорынның барлық бөлімшелеріне арнап бір жылға тапсырма әзірлейді. Мұнда қосалқы өндіріске (жөндеу, қойма, ыдыс, құрал-жабдық) айрықша көңіл бөлінеді, өйткені оның даму деңгейі негізгі өнідірістің даму деңгейінен төмен болады.
Екінші кезеңде мақсаттары, ресурстары, мерзімі, орындаушылары, реттеу механизмдері бойынша өзара байланысты шаралар құрастырылады, оларды қаржыландыру көздері анықталады, экономикалық тиімділігі есептеледі.
Өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейін сипаттайтын барлық көрсеткіштер кәсіпорынның экономикалық даму көрсеткіштеріне - еңбек өнімділігіне, қор қайтарымдылығына, материал сыйымдылығына, өнім көлеміне және сапасына, өндіріс рентабелділігі мен өзіндік құнға белсенді түрде әсер етеді.
Ұйымдастырушылық-техникалық деңгейді жетілдіру - бұл ғылыми-техникалық процесті және өндірістің ғылыми-техникалық деңгейін, шаруашылық жүйе құрылымын және еңбекті, өндірісті ұйымдастыру деңгейін, шаруашылық механизмді және басқаруды ұйымдастыру деңгейін қамтитын кешенді үздіксіз процесс.
Техниканың-ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айыру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық-ұйымдастыру деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады: еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресурстарын пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыдағы аталған көрсеткіштер қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау техникалық - ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке көрсеткіштермен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады.
Техникалық және ұйымдық дамудың экономикалық тиімділігін арттыру шаралары мына төмендегі топтарға бірігеді:
• еңбек өнімділігінің үстелуі, жұмыс істеушілердің саны және еңбекақы қорының салыстырмалы ауытқуы;
• материалдық қайтарымның үстелуі, материалдық ресурстардың
шығындарының салыстырмалы ауытқуы;
• негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымының үстелуі (қор сиымдылығының төмендеуі), негізгі өндірістік қорлардың салыстырмалы ауытқуы;
• айналым қаражатының айналым жылдамдығының үстелуі, (босатып алу немесе байлау) айналым қаражатының салыстырмалы ауытқуы;
• қарқындату есебінен еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануда өнімді шығару мөлшерінің үстелуі;
• пайданың немесе өнімнің өзіндік құнының үстелуі;
• кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржы жағдайының көрсеткіштерінің үстелуі.
Қолданылатын техникалық және технологиялық шешімдердің үдемелігі өндірістің мүмкіншілігімен тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарға технологиялық қарқындылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу-ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады.
Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең - бұл инновациялық шараларды жүзеге асыру үшін қажетті шығындарды анықтау;
Екінші кезең - бұл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау;
Үшінші кезең - бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі зкономикалық тиімділікті бағалау;
Төртінші кезең - бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау.
Өндіріс жағдайында экономикалың тиімділікті анықтау кезінде мыналар пайдаланылады:
• өнімде және қызмет көрсетуде қолданыстағы көтерме сауда, бөлшек сауда бағалары және тарифтер;
• қолданыста заңды түрде белгіленген өндірістік ресурстар
• қолданыстағы кәсіпорынның пайдадан нормативтік аударымы және орталықтандырылған салалық қорлар және резервтерді қалыптастыру үшін жоғары ұйымдардың мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің бірігуі;
• банкілердің несие берудегі немесе жеке қаржыларын сақтау жөніндегі кәсіпорынның тәртібі мен есеп ажырасу мөлшері;
• валюталық түсімдерді қайта есептеу нормативтері, т. б.
1. 2 Жұмыс процесі мен уақыты шығындарын зерттеу маңызы
Жұмыс уақыты шығындарын зерттеудің үлкен маңызы бар, өйткені оның нәтижесінде алынған ақпараттардаң еңбекті ұйымдастыру мен оны нормалауға байланысты көптеген міндеттер шешіледі.
Зерттеу уақыты, жұмыс уақыты шығындарының құрлымын анықтау, еңбек әдістерімен тәсілдерін ұтымды қылу, нормалардың орындалу себебін, ұтымсыз шығындар мен жұмыс уақытының жоғалтуларын анықтау, операция элементтерінің орындалу уақытына әсер ететін факторлар туралы мәліметтер алу, нормативті материалдар жасау, нормалар мен нормативтер сапасын анықтау, сонымен қатар басқа міндеттерді шешу мақсатында жүргізіледі.
Еңбек процесін зерттеу еңбек шығындарына және өндірістік қорларды пайдалану тиімділігіне әсер ететін барлық оның сипаттамаларын талдауға мүмкіндік береді. Жабдықтың технологиялық параметрлері оның эргономикалық талаптарға сәйкестігі, еңбек жағдайы, қолданатын технология, жұмыс орнын ұйымдастыру және қызмет көрсету, қызметкерлердің кәсіби-біліктілік, психо-физиологиялық, әлеуметтік сипаттамалары және басқа факторлар зерттеледі. Ақпараттарды алу және өндеу әдістері зерттеу мақсатына байланысты таңдалады. Қолайлысы қажетті ақпараттар алуға және оны әрі қарай қолдануға байланысты шығындардың аз болуы.
Еңбек процесін зерттеуге байланысты екі міндетті шешуге маңызы зор. Біріншісі операция элементтерін орындауға іс жүзіндегі уақыт шығындарын анықтауқа байланысты. Екіншісі - жұмыс ауысымы немесе оның бөліктері ішіндігі уақыт шығындарының құрлымын бекіту.
Операция элементтерінің ұзақтығын анықтау уақыт нормативтерін жасау, ең ұтымды еңбек әдісін таңдау, нормалар мен нормативтерді талдау үшін қажет. Жұмыс уақыты шығындарының құрлымы дайындау - қорытындылау уақытының, жұмыс орнына қызмет көрсету уақытының
нормативтерін жасауда, жұмыс уақытын пайдалану тиімділігін бағалау, еңбектің ұйымдастырылуын талдауға қолданылады.
Жұмыс уақыты шығындары әр түрлі болғандықтан оларды зерттеу және талдау мақсатында жіктейді. Жіктеу жұмыс уақытының іс жүзіндегі шығындарын зерттеу, еңбек өнімділігін резервтерін анықтау мақсатында байқау нәтижелерін салыстыру және талдау, еңбек процесінің элементтері бойынша қажетті уақыт шығын анықтау және нормаларды бекіту үшін негіз болып табылады. 1-ші суретте жұмыс уақытын бөлудің сызбасы көрсетілген.
Жұмыс уақыты дегеніміз - заңмен бекітілген жұмыс күнің, жұмыс аптасының ұзақтығы, сонымен қатар жұмысшының оның жұмысты орындауға байланысты кәсіпорында болған уақыты.
Міндетті байланысты жұмыс уақыты - жұмыс істеу уақытымен үзілістер уақытына бөлінеді.
Жұмыс істеу уақыты - орындалатын жұмыс жүзеге асатын жұмыс күнінің бөлігі.
Үзілістер уақыты - әр түрлі себептер бойынша еңбек процесі жүзеге аспайтын жұмыс күнінің бөлігі.
Жұмыс істеу уақыты өз кезегінде екі түрге бөлінеді: өндірістік тапсырманы орындау уақыты (Т пз ) және осы қызметкерге тән емес, операцияны орындауға жұмсалған жойылыуы мүмкін уақыт шығыны (Т нз ) .
Өндірістік тапсырманы орындау уақытына дайындау-қорытындылау, оперативті және жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты жатады.
Дайындау-қорытындылау (Т пз ) - жұмысшының өзін және өзінің жұмыс орнын өндірістік тапсырманы орындауға және оны аяқтауға байланысты барлық әрекеттерге жұмсалатын уақыт.
Оперативті уақыт (Т оп ) жұмысшы тапсырманы орындайтын (еңбек затының қасиетін өзгертетін) уақыт. Ол негізгі (технологиялық) және көмекші болып бөлінеді.
Негізгі (Т ос ), немесе технологиялық уақыт - бұл еңбек затын өзгертуге тікелей жұмсалатын уақыт.
Көмекші уақыт (Т вс ) ішінде негізгі жұмыстың жүзеге асуы үшін қажет әрекеттер орындалады.
Жұмыс орнын күтуге, жабдықты, құралдарды және құралдарды ауысым ішінде жұмыс қалпында ұстауға байланыстыуақыт шығндары жұмыс орнына қызмет көрсету уақытына жатады (Т орм ) . Машиналық және автомат-тандырылған процестерде ол жұмыс орнына қызмет көрсетудің техникалық уақыты (Т то ) және ұйымдастыру уақытына (Т оо ) бөлінеді. Жұмыс орнына техникалық қызмет көрсету уақытына осы операцияны немесе нақты жұмысты (өтпейтін құралды ауыстыру және т. б. ) орындауға байланысты жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты жатады. Ұйымдастыру қызметін көрсетуге - ауысым ішінде жұмыс орнын күту, ауысым аяғында жұмыс орнын жинау жатады.
Өнеркәсіптің кейбір салаларында (көмір, металлургия, тағам және т. б. ) жұмыс орнына қызмет көрсетуге уақыт шығындары бөлінбейді, олар дайындау-қорытындылау уақытына жатады.
Үзілістер уақыты : демалысқа және қажеттіліктерге (Т отл ) үзіліске, ұйымдастыру-техникалық сипаттағы үзіліске (Т пот ), еңбек тәртібін бұзу үзілісіне (Т нтд ) бөлінеді.
Демалысқа және жеке қажеттілікке үзіліс - шаршаудың алдын алу мақсатында жұмысшының демалу үшін және жеке гигиенасы үшін қолданатын уақыт.
Ұйымдастыру-техникалық сипаттағы үзілістер - технологияға және өндірісті ұйымдастыруға (Т пт ), соныменн қатар өндіріс процесі ішіндегі бұзылуға байланысты уақыт (Т пнт ) .
Еңбек тәртібін бұзуға байланысты үзілістер - бұл кешігу, жұмыс орнынан өз еркімен кету, жұмыстан уақытынан кету, кінәсінен тоқтап қалулар.
Еңбек процестерін зерттеу әдістері келесі белгілері бойынша жіктелуі мүмкін: зерттеу мақсаты, бақыланатын объект саны, байқау жүргізу тәсілі, оның мәліметтер тіркеу формасы және т. б.
Жұмыс уақыты тікелей тұру әдісі және бір мезгілде байқау әдісімен зерттеледі.
Тікелей тұру әдісі еңбек процесіең толық зерттеуге, лоардың ұзақтығы тұралы абсалютті түрде сенімді мәліметтер алуға, жұмыстың жекелеген элементтерін орындау жүйелілігі туралы мәліметтер алуға, байқаудыңбарлық кезеңінде жұмыс уақытының іс жүзіндегі шығынгдарын зерттеуге мүмкіндік береді.
Жұмыс уақытын тікелей өлшеу тұтас (үзіліссіз), таңдау және циклдық тұрулар арқылы жүргізіледі.
Тұтас тұрулар өндірістің барлық түрлерінде кең тарлған, өйткені жұмыс уақытының іс жүзіндегі шығындары, оның жоғалтулары, олардың шамасы және пайда болу себептері туралы толық мәліметтер береді.
Операцияның жекелеген элементтерін зерттеу үшін таңдап туруды қолданады. Көбінесе оларды көп станокты жұмыста және т. б. жағдайларындағы көмекші әрекеттер мен тәсілдердегі уақытты анықтау үшін қолданады.
Таңдап байқау әр түрлерінің бірі циклдық тұрулар болып табылады. Оны әрекетті орындау уақытын тікелей анықтауға болмағанда кішігірім ұзақыттығы әрекеттерді зерттеу және өлшеу үшін қолданады.
Бірақ тікелей тұру әдісінің басты кемшіліктері байқауды жүргізу және алынған мәліметтерді өңдеу үлкен ұзақтығы және еңбек сыймдылығы болып табылады, сонымен қатар бір байқаушы бір уақытты тек жұмысшылардың кішігірім тобының уақыт шығындарын зерттей алады.
Бір мезгілде байқау әдісінің мәні кездейсоқ таңдалған мезгілде біртектес шығындар санын тіркеу мен есепке алудан тұрады. Осы әдістің маңызды артықшылығы байқауды жүргізідің қарапайымдылығы, еңбек сыйымдылығының аздығы, қысқа мерзімде қажетті мәліметтерді алу болып табылады. Бір байқаушы көптеген жұмысшылардың уақыт шығындарын зерттей алады. Бір мезгілде байқауларды тек арнайы байқаушылар ғана емес, барлық инженерлік-техникалық қызметкерлер жүргізе алады.
Сурет 1 - Жұмыс уақыт шығындарының жіктелуі
Жұмыс уақыты
Жұмыс уақыты
Үзіліс уақыты
Өндірістік тапсырманы орындау уақыты
Өндірістік тапсырыстан тыс жұмыс уақыты
Демалысқа және жеке қажеттіліктерге
Ұйымдастырушылық техникалық сипатта
Еңбек тәртібінің бұзылуына байланысты
Әзірлеу қорытынды
Опера-тивті
Жұмыс орын-на қызмет
көрсету уақыты
Кездейсоқ жұмыс уақыты
Өндірістік емес жұмыс уақыты
Демалысқа
Жеке қажеттіліктерге
Негізгі
Қосымша
Техникалық қызмет көрсету
Ұйымдастырушылық қызмет көрсету
Белгіленген арнайы технологиямен байланысты
Өндірістік процесстің бірқалыпты ағымының бұзылуына байланысты
Жоспарлы үзілістер
Жоспарланбайтын үзілістер
Байқаудың бір мезгілдік әдісінің кемшіліктері жұмыс уақыты шығындарының тек орташа шамаларын, жұмыс уақытының жағдайларының себептері туралы толық емес ақпараттар, сонымен қатар жұмыс уақыты шығындарының құрылымын жеткіліксіз ашу болып табылады.
Екі әдіс те субъективті болу себепті зерттеушілердің алдында жұмыс уақыты шығындарын зерттеу сенімділігін арттыру үшін және олардың еңбек сыйымдылығын азайту үшін оларды шебео үйлестіру міндеті тұрады.
Зерттелетін шығындарын міндеттеріне, жүргізу мақсатына және мазмұнына байланысты байқаулар: жұмыс уақытын суретке түсіру, хронометраж және фотохронометраға бөлінеді.
Хронометраж
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz