Кәсіпорында ресурстарды пайдалану тиімділігінің экономикалық мәні



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1 Ресурстарды үнемдеу технологиясы - экономикалық тиімділікті арттыру көзі
1.1 Кәсіпорында ресурстарды пайдалану тиімділігінің экономикалық мәні
1.2 Ресурстарды үнемдеу технологиясы бәсекені арттыруды дамыту факторы ретінде
1.3 Ресурстарды үнемдеу технологиясының экономикалық тиімділігін бағалау критерийлері мен көрсеткіштері

2 Құрылыс компаниялары жұмыстарын ұйымдастыруда ресустарды және ресурстарды үнемдеу технологиясын қолдануды талдау
2.1 Қазақстандағы құрылыс саласының экономикалық жағдайы
2.2 Сомбель ЖШС экономикалық жағдайының сипаттамасы
2.3 Кәсіпорынның өндіріс құрылымының және ресурспен қамтамасыз етілуінің талдауы

3 Ресурстарды үнемдеу технологияларын қолданудан болатын экономикалық тиімділікті жоғарлату жолдары
3.1 Құрылыс материалдары саласын дамыту мәселелері
3.2 Құрылыс кәсіпорындарында ресурстарды үнемдеу технологиясын қолданудың шетелдік тәжiрибелері
3.3 Кәсіпорынның материалдық ресурстарын үнемді пайдалану жолдары және олардың тиімділік көрсеткіштеріне ықпалын анықтау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3

6

6

13

22

30
30
39

49

60
60

64

74
77
80

Кіріспе

Құрылыс өнімінің сапасы пайдалану сенімділігін, экологиялық тазалық пен қауіпсіз, жайлы өмір сүру жағдайына кепілдік беруі тиіс. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! атты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында сумен, жылумен, электрмен және газбен жабдықтау жүйелерін кең көлемді жаңғырту, сондай-ақ тұрғын үй қатынастарының оңтайлы моделін құру (бұл азаматтардың өз мүлкінің сақталуына жауапкершіліктерін арттыруды қажет етеді) қажеттілігі туралы айтылған [3]. Осыған байланысты, салынып жатқан ғимараттардың жылу тиімділігін арттыруға бағытталған энергия үнемдеу іс-шараларын әзірлеу және оларды іске асыру аса өзекті болуда. Бұл шаралардың жүзеге асуы отындық-энергетикалық ресурстарды үнемдеп ғана қоймай, сонымен бірге өңірлерге әлеуметтік және экологиялық жағынан әсер етуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда құрылыс материалдары саласын серпiндi дамыту үшiн нақты алғышарттар бар. Оның жетiстiктерi мен қателiктерi құрылыстың өзiндiк құны мен сапасына тiкелей байланысты. Сондықтан құрылыс базасын қазiргi заманғы технологиялық негiзде түпкiлiктi жаңғырту өзектi мiндет болып табылады. Бiрiншi кезектегi мiндеттердiң қатарында шетелдiк тәжiрибе мен қазiргi заманғы технологияны барынша пайдалана отырып цемент, құрастырмалы темiрбетон, жылу оқшаулау материалдарын, шыны, құрылыс керамикасын және басқаларын өндiретiн базалық қосалқы салалардың өте тез дамыту қажеттiгiн атап өту керек [10].
Нарықтық экономика жағдайларында кәсіпорынның тиімді қызмет етуі және тұрақтылығы қызмет ету өрісінің сыртқы және ішкі факторларына тәуелді болады. Кәсіпорын тұрақтылығына әсер ететін ішкі факторларға келесі жатады:
- өзіндік және несиелі капиталдың оңтайлы ара-қатысы;
- қаржы қорларын пайдалануды жақсарту және олардың қозғалысына тиімді басқару жүргізу;
- қажет білікті жұмыс күшінің бар болуы;
- негізгі және айналым капиталын тиімді пайдалану;
- ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін қолдану шарттары мен қажеттілігі және т.б.
Кәсіпорын қызметіне әсер ететін осы және басқа факторлардың ішінен мен берілген дипломдық жұмыста Сомбель ЖШС-дегі ресурстарды үнемдеу технологиясының өндіріс тиімділігін жоғарлатуға қаншалықты әсер ететіндігін қарастырамын.
Тиімділік көрсеткіштері кәсіпорын пайдасын қалыптастырудың факторлық ортасын бейнелейтін маңызды элементтер болып табылатындығын атап айтқан жөн. Сондықтан олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау мен салыстырмалы талдау жүргізу барысында міндетті болып табылады.
Сонымен қатар, тиімділік көрсеткіштері кәсіпорынды басқару тиімділігін талдауда, ұйымның ұзақ мерзімді табыстылығын анықтауда қолданылады, инвестициялық саясат пен баға жасау құралы ретінде пайдаланылады.
Кәсіпорынның тиімділік көрсеткіштері өнімді өңдіру және өткізу процестеріне тәуелді болып, үздіксіз әртүрі көптеген факторлардың ықпалына ұшырайды. Берілген факторлар айналыс өрісін де де, өндіріс өрісінде де болады, және оның әсері оң және кері жаққа бағытталу мүмкін, сондықтан да жүйелі түрде негізгі және айналыс пен айналым өндірістік қорларын пайдалану деңгейіне қарап есептілінеді. Сонымен, өндіріс тиімділігі өндірістің ырғақтылығын қамтамасыз етеді, өзінің салыстырмалы шамасы кәсіпорынның ақшалай нәтижелеріне зо әсер жасайды.
Қарастырылатын жұмыста, Сомбель жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндіріс тиімділігіне әсер ететін факторлар қарастырылмақ, және осы факторлардың ықпалына байланысты фирманың ішкі және сыртқы мүмкіндіктері зерттеліп, оларды пайдалану бағыттары мен нақты шаралары анықталады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:
oo өндіріс тиімділігі түсінігіне теориялық сипаттама беріп, оның анықталу әдістемесін және қолданылатын негізгі облыстарды сипаттау;
oo өндіріс тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесін қарастыру, тиімділік түрлеріне қарай жеке-жеке талдаудан өткізу;
oo Сомбель ЖШС өндірістік-шаруашылық қызметінің пайдалылығын зерттеу, оның деңгейі мен динамикасына талдау жүргізу;
oo талданып отырған кәсіпорынның қаржылық қызметінің тиімділік деңгейі мен динамикасына баға беру;
oo кәсіпорынның негізгі өнім түрлерінің тиімділігін анықтап, оның өзгеруіне әсер еткен факторларды талдау;
oo Сомбель ЖШС тиімділік көрсеткіштерінің нәтижелері бойынша қорытынды жасап, анықталған мүмкіндіктерді пайдалануға бағытталған шаралар құрастыру және енгізу пайдасын анықтау.
Диплом жұмысын орындау барысында, қарастырылатын кәсіпорынның техникалы-экономикалық есептері, Бухгалтерлік баланс, Пайда мен шығын есебі және Сомбель ЖШС-нің бухгалтерлік балансына қосымшалар, қолданылатын болады, оған қоса, ғылыми әдебиет пен баспа материалдары пайдаланысқа алынады.

1 Ресурстарды үнемдеу технологиясы - экономикалық тиімділікті арттыру көзі
1.1 Кәсіпорында ресурстарды пайдалану тиімділігінің экономикалық мәні

Бәрімізге белгілі, кәсіпорын қызметінің нәтижелері өнім өндіру көлемі, сату көлемі және пайда сияқты әртүрлі көрсеткіштермен бағалануы мүмкін. Қаржылық немесе өндірістік нәтижені сипаттай отырып көрсетілген көрсеткіштер кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалай алмайды. Өйткені бұл көрсеткіштер кәсіпорын қызметінің абсолюттік сипаттамасы болып табылады, және олардың нәтижелікті бағалау бойынша дұрыс интерпретациясы кәсіпорынға салынған қаржыны көрсететін басқа көрсеткіштермен байланыс барысында ғана жүзеге асады [10].
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер болып, рентабелділік (немесе табыстылық) көрсеткіштері табылады.
Экономикалық әдебиеттерде рентабелділік ұғымының бірнеше анықтамасы беріледі. Ол анықтамалардың біреуі келесі түрде болады: рентабелділік (немістің rentabel деген сөзінен шыққан - табысты, пайдалы) кәсіпорындардағы материалдық, еңбек және ақша ресурстарын пайдалануды кешенді бейнелейтін өндірістің экономикалық тиімділік көрсеткіші.
Басқа авторлардың ойынша, рентабелділік - пайданың өндіріс шығындарының сомасына, коммерциялық операцияларды ұйымдастыруға кеткен ақшалай салымдарға немесе өз қызметін ұйымдастыру үшін пайдаланылатын фирма мүлкінің сомасына қатынасын бейнелейтін көрсеткіш.
Солай немесе басқаша, рентабелділік табыс пен осы табысты қалыптастыруға салынған капитал қатынасын көрсетеді. Пайда мен салынған капиталды байланыстыра отырып, рентабелділік кәсіпорын табыстылығының деңгейін тәуекел жағдайында кәсіпорын алған капитал немесе табысты альтернативті пайдаланумен салыстыруға мүмкіндік береді. Тәуекелі жоғары инвестициялар табысты болу үшін жоғары пайданы талап етеді. Капитал әрдайым пайда әкелетіндіктен табыстылық деңгейін өлшеу үшін пайда тәуекел үшін сыйақы ретінде осы пайданы қалыптастыруға қажет болған капитал мөлшерімен салыстырылады. Рентабелділік кәсіпорын қызметінің тиімділігін кешенді сипаттайтын көрсеткіш болып табылады.
Оның көмегімен кәсіпорынды басқару тиімділігін бағалауға болады, өйткені жоғары пайда мен табыстың жеткілікті деңгейін алу көбінесе қабылданған басқарушылық шешімдердің дұрыстығы мен рационалдығына тәуелді болады. Сондықтан рентабелділікті басқару сапасы критерийлерінің бірі ретінде қарастыруға болады.
Рентабелділік деңгейінің мәні бойынша ұзақ мерзімді кәсіпорын табыстылығын бағалауға болады, яғни кәсіпорынның инвестициядан жеткілікті түрде пайда алу мүмкіншілігі. Кәсіпорынның өзіндік капиталына ақша салатын ұзақ мерзімді несиелендіруші инвесторлар үшін бұл көрсеткіш баланстың жеке статьялары қатынастарының негізінде анықталатын қаржылық тұрақтылық пен өтімділік көрсеткіштеріне қарағанда маңызды индикатор болып табылады.
Пайда сомасы мен салынған капитал мөлшері арасында байланыс орната отырып, рентабелділік көрсеткішін пайданы болжау процесінде пайдалануға болады. Болжау процесінде іс жүзіндегі және күтілген инвестициялармен осы инвестициялардан алынатын пайда салыстырылады. Болжанатын пайданы бағалау өткен кезеңдегі табыстылық деңгейіне болжанатын өзгерістерді есепке ала отырып негізделеді.
Сонымен қатар, рентабелділік инвестициялау, жоспарлау, смета құру, координациялау, кәсіпорын қызметін және оның нәтижелерін бақылау және бағалау облыстарында шешім қабылдау үшін үлкен мәнге ие.
Осылайша, рентабелділік көрсеткіштері кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен қаржылық нәтижелерді сипаттайды деп қорытынды жасауға болады. Олар кәсіпорын табыстылығын әртүрлі позициялардан өлшейді және экономикалық процесс қатысушыларының көзқарастарына сәйкес жүйеленеді.
Кәсіпорынның қаржысының басты көзі түсім мен табыс, бұл екеуіде ақша әкеледі. Бірақ мағынасы әрқилы. Түсім дегеніміз кәсіпорынның өндірген өнімін сатқаннан алынатын ақша. Осы жерде жалпы түсім,тауарлы өнімнен түскен түсім дегендерге тоқтала кету керек. Іліми экономикада айтылатындай жалпы өнім кәсіпорындағы өндірірілген өнімнің көлемі, ал тауарлы өнім айналымға түскені, сатылғаны. Бұл екеуінің құны нарықтағы баға мен есептелінеді. Демек түсімді табу үшін өндірілген өнімді бағаға көбейтеміз, қайсысына жалпы өнімге ме, тауарлы өнімге ме көбейтуге байланысты жалпы түсім, тауарлы өнімнің түсімі шығарылады.
Табыс деген кәсіпорынның атқарған қызыметінен түскен ақша. Ол әртүрлі жұмыстарын істеп бергеніне төленген ақы. Орыс тіліндегі оқулықтарда жіктеліп әрқайсысына ат қойылмаған, екеуін біріктіріп табыс (доход-ақшаның түсуі) дейді. Ал іліми экономикада жалпы табыс (валовый доход) деген ұғым бар,оны кәсіпорынға байланысты да, пайдаланады,мағынасы түскен ақша.
Кәсіпорын үшін ең маңыздысы түсім мен табыстың пайда әкелуінде. Осыған орай пайда (прибыль), зиян (убыток) деген ұғымдарды қолдану керек. Пайда=(түсім+табыс)-өндірістік шығын. Егер түсім мен табыс өндірістік шығынды жапса зиян болады, оның көлемін анықтау үшін өндірістік шығыннан түсім мен табысты алып тастайды.
Пайда мен зиянды өнім бірлігіне (атқарған жұмыс бірлігіне)байланысты да табуға болады. Пайда=баға-өзіндік құн;зиян=өзіндік құн- (бағадан артық бағадан болған жағдайда) -баға.
Әдебиеттерде пайданың бірнеше түрлері көрсетілген, олар жалпы пайда, таза пайда, бухгалтерлік пайда, экономикалық пайда.
Жалпы (теңдіктегі) пайда-қосымша құн еңбек ақы, салық қосындысының айырмасы.Таза пайда-салық, аударымдар, міндетті төлемдерден қалған пайда.
Бухгалтерлік пайда-бухгалтерлік құжаттардың негізінде есептелген кәсіпорын пайдасы.
Экономикалық пайда-табыс пен экономикалық шығынның айырымы.
Бухгалтерлік (есептеудегі) жылдық есепте теңдіктегі (баланстан) пайда шығарылады,ол табыс пен шығыстың айырымы (доход-расход, дебет-кредит). Кәсіпорынның жұмысы нашарлағанда зиян шегуі мүмкін. Зиян, өндірістік шығынды жаппау әртүрлі себептерден болады. Бастылары ысырапқа жол берілуі, ұйымдастыру мен басшылықтың кемшіліктері. Оларды талдау жасағанда анықтап жөнге келтіру шараларын жоспарлап, орындауын қадағалайды.
Кәсіпорынның пайдасын көбейтудің екі топтағы жолдары бар. Бірі бағаны жоғарлату, сапалы, сұранысқа сай өнім өндіріп, оны дер уақытында сату. Екіншісі арзан өнім өндіру, өзіндік құнды азайту. Бұл мақсаттарға жетудің шаралары көп. Кәсіпорын түскен пайдасын әртүрлі мақсаттарға пайдаланады. Атап айтсақ: өндірісті қалпына келтіріп дамыту, сый ақы төлеу, әлеуметтік мәселерді шешу, салым салу, сақтық қорлар жинау, тағы басқалары.
Пайда, табу өндірістің оңды жағдайын көрсетеді, бірақ тиімділік деңгейіне, баға бере алмайды. Себебі пайданың аз, көптігіне қарап өндірістің қандай дәрежеде тиімді екенін айыра алмайсыз, өйткені пайданың көлемі теңгемен есептелініп, оның өзгерісіне кәсіпорынның аумағы әсер етеді.Үлкен, ірі кәсіпорында, кіші ұсағына қарағанда көп болатыны әйгілі, соған қарамай кіші кәсіпорындардың тиімділігі үлкеннен әлдеқайда жоғары,болуы мүмкін.Ол айырмашылықты табу үшін экономикада тиімділік (рентабельность-рента-латынша rendita) деген көрсеткіш бар.
Тиімділік-нәтижелілік, қарапайым сөзбен айтсақ бір теңге жұмсаған шығын қанша пайыз пайда әкелетінін көрсетеді.
Тиімділікті анықтайтын екі көрсеткіш бар. Бірі тиімділік деңгеиі, екінші тиімділік мөлшері (орысша уровень рентабельности, норма рентабельности).
Тиімділік денгейін өрнекпен бейнелеуге болады:Тд=П·100 Өқ мұндағы: Тд-тиімділік деңгейі; %; п-пайда; теңге, Өқ-өзіндік құн; тенге; 100-өзіндік құнның неше пайыз артықтығын көрсету үшін қолданылады. Бұл көрсеткіштің оңды жағдайлары; кемшіліктері бар. Оңды жағдайы экономиканың барлық бірліктерінде: сала бойынша, аймақтарда, жекеленген кәсіпорындар мен бөлімшелерінде, өндірістің өнім түрлері бойынша қолдануға болады. Жалпы өнім, өнім бірлігіне қарай шығарылады. Кәсіпорын бойынша (жалпы өндірісте) алынған (нақтылы), алынатын (жоспарлы) таза пайданы, барлық өндірістік шығындарды қолданады. Өнім бірлігіне орай, баға мен өнімнің өзіндік құнын пайдаланып есептеуге болады.
Бұл көрсеткіштің кемшілігі негізгі қорларды пайдаланудың тимділігін көрсете алмауында. Өйткені келтірілген өрнекті негізгі қорлар толықтай қамтылмай, тек оның бөлігі-тозу құны мөлшерінде ғана қатынасады.
Сондықтан бұл олқылықтың орнын толтыру үшін тиімділіктің екінші көрсеткіші қосымша пайдаланылады.Оның аты тиімділік мөлшері (норма рентабельности), өрнекпен бейнелесек төмендегідей болып шығады. Тм=П·100Нқ+Ақ; мұндағы Тм-тиімділік мөлшері, пайызбен; П-таза пайда, теңге;Нқ-өзіндік құн; Ақ-айналымдағы қорлар, теңге.
Бұл көрсеткіштің де оңды жағдайы, кемшілігі де бар. Оңды негізгі қорлардың пайдаланудағы тиімділігін көрсетеді. Кәсіпорынның негізгі мақсаттарының бірі қорларды толықтай, үнемі, тиімді пайдалану болғандықтан, мұның маңызы зор.
Кемшілігі көрсеткішті кәсіпорын бойынша ғана пайдаланып, жеке өнімдердің тиімділігін шығарғанда қолданылмайды. Өйткені көптеген негізгі қорлар кәсіпорындағы барлық өнімдерді өндіргенде бірдей қолданылып, тозу құнын әр өнімнің үлесіне бөлу күрделі болғандықтан тәжірибе шығарылмай жүр. Сондықтан екі көрсеткіш бірін-бірі толықтырып, кәсіпорын тиімділігін анықтағанда қоса пайдаланылады.
Жоғарыдағы өрнектер бейнелегендей, кәсіпорынның тиімділігі екі жағдайға байланысты ауытқиды. Бірі пайда, екіншісі өндірістік шығын, негізгі айналымдағы қорлар. Соған байланысты тиімділікті жоғарлатудың жолдарын да екіге бөлуге болады, пайданы көбейту, өндірістік шығынды ұқыпты ұстап, кеміту. Мұның жолдары көп, оны өзіндік құнды азайту, бағаны жоғарлатып, таза пайданы көбейтуге байланысты шараларды жіктегенде ажыратып айттық, қайта еске салса болғаны.
Тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Пайдалылық коэффиценттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын пайдаын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Тиімділік көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
1) жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері;
ә) өнімдер;
б) ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін тиімділік көрсеткіштері.
Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі -- берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады.
Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі - тиімділік коэффициенті, ол таза пайдатың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтердің тиімділік деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған пайдаымен салыстырған жөн.
Тиімділік коэффициентіне талдау жүргізушілер:
:: басқару тиімділігінің көрсеткіштері;
кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті пайдаты жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;пайдаты болжау әдісі;
шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.
Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың тиімділік деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті пайдаты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капиталдың Тиімділік деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.
Бұл көрсеткішті пайдалы (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кэсіпорынның болашақта алынатын пайдаын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарылатады.
Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда ин-вестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, пайдатың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нәтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын пайда есептеледі және бүл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.
Арнайы оқулықтарда (әдебиеттерде) бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. Сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және жыл аяғына есептеліп, 2-ге бөлінген, активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорын-ың таза пайдасы жатқызылады.

1.2 Ресурстарды үнемдеу технологиясы бәсекені арттыруды дамыту факторы ретінде

Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарыктың сұранысына сәйкестендіру бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады. Қазіргі кезде өзекті болып отырған мемлекеттің экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру әрекеттері де сырткы өндірушілердің ұқсас өнімдеріне төтеп бере алатын отандық өнімдердің өндірілуіне тәуелді.
Еліміздің табиғи, экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне сай иелігіміздегі кұндылықтарды барынша тиімді, әрі ұтымды жұмсау, тек ішкі нарықта ғана емес, әлемдік нарықта да жоғары сұранысқа ие болатын халық тұтынатын тауарлар шығару, сол нарықтың қомақты бөлігін қосылған құны жоғары өнімдер өткізу арқылы иемдену, осы арқылы мемлекетіміздің беделін арттыру бүгінгі таңда қарқынды жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық үрдістердің негізін қалайды.
Сонымен қатар, тұтыну нарығындағы өскелең талаптар да отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойып отыр. Мұның өзі бәсекелік ортаның дамуына, өндірілетін өнімнің сапасын жоғарылатуға, бағаны төмендетуге ықпалын тигізіп, тұтынушылардың кең көлемді сұранысын қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдеуде.
Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз -- кез-келген экономикалық объектілерге тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын қабілетіне қарамай, барлық тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері бәсеке мәселесі шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі абстрактілі емес, нақты экономикалық қызметтің практикалық мәні.
М. Эрлих және Дж. Хайн пікірлері бойынша бәсеке қабілеті -- фирманың өз тауарын сату қабілеті.
Бәсеке қабілеттілік түсінігі XX ғасырдың 70 жылдарында Батыста пайда болды. Шамамен сол уакытта өнімнің бәсеке қабілеттілігі мәселесімен КСРО да айналыса бастады.
Бәсекеге қабілеттілік -- өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық параметрлерін ғана қамтымай, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі -- тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тұтынушының талғамына сай келетін және оның сатылуын қамтамасыз ететін онімнің қасиеттері.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамалары қандай? Оның негізгі кұрауыштарын атап өтейік:
А. Негізгі құрауышы өнімнің өзімен тікелей байланысты және оның сапасына көп көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып алу туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.
В. Екінші құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ сенімді және қымбат емес сервиспеи (мысалы, авто-мототехника) сатылатын тауарды таңдайды.
С. Үшінші құрауыш бұл тұтыкушыға, субъективті фактор ретінде жағымды немесе жағымсыз әсерін тигізетінің бәрі.
Кәсіпорын өнімінін. Бәсекеге қабілеттілігін модельдеудің мақсаты бәкелес кәсіпорынның өнімдері арасында нарықты бөлудің нарықтық механизмін модельдеуге келіп тіреледі. Мұның негізінде өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуының механизмін көрсетуге болады (сурет 1).

Өнімнің сапасы
Өнімнің сапасы
Тұтынушылардың талғамдары
Тұтынушылардың талғамдары

Өнімнің тұтынушылық құны
Өнімнің тұтынушылық құны

Төлемқабілетті сұраныс
Төлемқабілетті сұраныс
Өндіріс шығындары
Өндіріс шығындары

Өнімнің бағасы
Өнімнің бағасы

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі

Сурет 1 -Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуының механизмі

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір фактордардың ықпалымен қалыптасады. Олардың арасындағы негізгілері:
:: Баға;
:: Сапалық;
:: Жаңалык;
:: Жарнама;
:: Пайдалану сенімділігі;
:: Көркемдеу, мәнерлеу;
:: Буып-түю, т. б.
Кең мағынады бәсекеге қабілеттілік бұл - күрделі нарықтық жағдайдағы жұмыс философиясы. Ең алдымен ол тұтынушының қажеттілігін білу мен қанағаттандыру; нарықтың дамуы мен жағдайды тусіну; бәсекелестердің мүмкіндіктері мен қимылдарын алдын-ала білуіне бағытталған.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін оны баска өніммен салыстырғанда ғана анықталады, бұл салыстырмалы көрсеткіш болып табылады. Ол берілген тауардың басқа тауарынан белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесі бойынша айырмашылығын көрсетеді. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтау үшін белгілі бір қажеттілікке сәйкес келу дәрежесі бойынш басқа тауарлармен салыстырып қана қоймай, сонымен бірге тұтынушының тауарға жұмсаған шығыны мен өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін оның әрі қарай қолданылуы да есептеледі.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілік мәселесі қазіргі жағдайдағы әлемде әмбебап сипатқа ие болды.Әрбір мемлекеттің тұтынушының экономикалық және әлеуметтік өмірі оның қаншалықты табысты шешілуіне қарай байланысты. Бәсекеге қабілеттілік - мемлекеттің, өндірушінің өнім шығару мен өткізудің мүмкіншілігінің жиынтығы десек те болады. Бәсекелік факторының өзі мәжбүрлік сипатқа ие нарықтан ығыстыру қорқынышы өндірушілерді өз тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі мен сапа жүйесімен тоқтаусыз шұғылдануға мәжбүр етеді, ал нарық олардың қызметінің нәтижелерін объективті және қатал бағалайды. Дамыған бәсекелестік нарыкта өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның коммерциялық табыстың шешуші факторы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік тауардың нарық жағдайына тұтынушының қажеттілігіне тек сапа, техникалық экономикалық эстетикалық сипаттамалары бойынша ғана емес, сонымен бірге коммерциялық және өткізудің басқа жағдайларына (баға, жеткізу мерзімі,өткізу жолдары, сервис жарнама) байланысты болатын көп аспектілі түсінік. Сонымен қатар өнімнің бәсекеге қабіліттіліктің негізгі құрама бөлігі болып эксплуатация уақытына тұтынушының шығын деңгейі табылады. Басқаша айтқанда бәсекеге қабілеттілік - нарықтағы табысты анықтайтын гауардың тұтынушылық және құндылық (бағалық) сипаттамалардың кешені, яғни бәсекелес аналог тауарлардың алдында берілген тауардың артықшылығы. Тауарлардың артынан олардың өндірушілері тұрғандықтан, сәйкесінше бәсеке қабілеттілікті кәсіпорындар, кәсіподақтар, фирмалар, мемлекеттің негізінде айтуға болады. Нарықтағы әрбір тауар қоғамдық қажеттіліктерін қанағатгандыру көрсеткішіне тексеру өтеді: әрбір сатып алушы оның жеке қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын тауарды сатып алады, ал барлық сатып алушылар бәсекелес тауарларға қарағанда қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін (яғни, бәсекелестік нарықта коммерциялық тиімді өткізудің мүмкіншілігі) бәсекелестердің тауарларын бір-бірімен салыстыру негізінде ғана анықтауға болады. Басқаша айтқанда, бәсекеге қабілеітілік нақты бір сату уақытына байланысты салыстырмалы түсінік. Әрбір сатып алушыда өз қажеттіліктерін қанағаттандырудың бағалаудың жеке критериі бар болғандықтан, мұнда бәсекеге қабілеттілік жеке сипатқа ие болады. Cоыдыктан, бәсекеге қабілеттілік тұтынушы үшін қызуғышылық туғызатын (берілгеп қажеттіліктерді қанағаттандыруына кепіл береді) қасиеітермен ғана анықталады. Бұл қызығушылықтың шегінен шықкан өнімнің барлык қасиеітері бәсекеге қабілеттілікті бағалағанда белгілі бір жағдайда оған қатысы жоқ деп есептеледі. Нормалар, стандарттар мен құкықтардың шамадан тыс асуы (мемлекеттік талаптардан басқа) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жақсартып қана қоймай, керісінше оны түсіреді, өйткені ол сатып алушының құндылығын көбейтпей, бағаның өсуіне әкеледі; сондықтан ол өнім тұтынушыға - тиімсіз болып көрінеді.
Тауар өндіруші өзінің нақты бәсекелестерін, олардың мүмкіндіктерін, артықшылықтары мен кемшіліктері ғана емес, сондай-ақ тандаған нарықтағы бәсекелестірдің жалпы жағдайын, яғни осы нарықтың бәсекелестік сипатына байланысты типін, өзінің салалық нарығындағы бәсекелестіктің қозғаушы күштерін өте жақсы білуі керек. Бұл жағдайда өз бәсекелестерінің іс әрекеттері сипатын бағалау жүйесін, оның ішінде олардың іс-әрекеттерінің құрылымдық талдауын пайдалануға болады (сурет 2).

Бәсекелестер мақсаттары мен талаптарының диагностикасы
Бәсекелестер мақсаттары мен талаптарының диагностикасы

Бәсекелестердің нарықтық үлесін талдау және бағалау
Бәсекелестердің нарықтық үлесін талдау және бағалау

Бәсекелестердің тауарлық саясатының формалары мен әдістерін зерттеу
Бәсекелестердің тауарлық саясатының формалары мен әдістерін зерттеу
Бәсекелестер бағаларының өзгерістерін зерттеу
Бәсекелестер бағаларының өзгерістерін зерттеу
Бәсекелестер өткізу торабының құралуын және олардың өткізуді ынталандыру құралдары талдау
Бәсекелестер өткізу торабының құралуын және олардың өткізуді ынталандыру құралдары талдау

Бәсекелестердің қаржылық қуатымен тұрақтығын бағалау
Бәсекелестердің қаржылық қуатымен тұрақтығын бағалау

Нарықтық бәсекелестік картасын құрастыру
Нарықтық бәсекелестік картасын құрастыру

Сурет 2 - Нарықтағы бәсекелестер іс-әрекетінің кұрылымдық талдауы

Өнімнің бәсекеге қабілетгілігінің зерттелуі оның өмірлік циклының фазаларына тығыз байланысты үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Мұның өзі бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің төмендеудің бас кезеңін уақытылы анықтау мен лайықты шешімдерді қабылдау (мысалы. өнімді өндірістен шығару, оны модернизациялау, нарықтың басқа секторына ауыстыру, т.с.с.) үшін қажет. Егерде ескі өнім өз бәсекеге қабілеттілік ұстанымын түгелдей жоймаса, ал кәсіпорын жаңа өнім шығаруды көздесе бұл экономикалық тиімсіз болады. Сонымем қатар, әрбір тауар нарыққа шыққаннан кейін өзінің бәсекеге қабілеттілік әлуетін бірте-бірте жұмсай бастайды. Бұл процесті баяулатып, уақытша ұстап тұруға болады, бірақ оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан. жаңа өнім ескі өнім бәсекеге кабілеттілігінде маңызды жоғалтулар болған кезде нарыққа шығаруды қамтамасыз ететін график бойынша болжайды. Яғни жаңа тауардың бәсекеге қабілеттілігі озық және ұзақ уақыттық болу қажет.
Бәсекелестіктің салалық деңгейдегі қозғаушы күштерін зерттеу нарықық экономика жағдайында барлық деңгейлерде көрініс табатын жалпылама бәсекелестік механизмінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай зерттеу келесідей аспектілерді қамтиды: Салада потенциалды бәсекелестердің, яғни жаңа тауар өндірушілердің пайда болуы, бағалардың төмендеуі және (немесе) шығындардың өсуі, тиісінше пайда нормасының түсуіне алып келуі мүмкін өндірістік қуаттардың артуына әкеліп соқтырады.
Нарыққа жаңа бәсекелестердің енуі барысында белгілі бір тосқауылдар болуы мумкін. Олардың негізгілері:
:: өндіріс қажеттіліктерінің үнемделуі;
:: өнімнің жіктелуі мен сатып алушылардың да сол кезендегі шығындары:
:: тарату каналдарының салыстырмалы жетіспеушілігі;
:: саладағы артықшылықтардың болуымен белгіленетін тосқауылдар.
Нарықта әрекет етуші компаниялар арасында бәсекелестіктің қарқандылығы мынандай факторлармен анықталады:
:: бәсекелестердің сан жағынан көп болуы және олардың күштерінің теңдігі;
:: саланың салыстырмалы баяу өсуі;
:: үстеме шығындар немесе тауарлы-материалдық қорлар құны түріндегі тұракты шығындардың жоғары деңгейі;
:: дифференциацияның жоқтығы (және тиісіншс - конверсия шығындары);
:: куаттардың секірмелі өсімі;
:: жоғары деңгейге шығу тосқауылдары.
Бәсеке сипаттамалары және оларды анықтайтын факторларды шартты түрде микродеңгейлі (өнімнің сапасы мен бағасын көрсететін), мезодеңгейлі (салалардың қолда бар өндірістік қорларын тиімді қолданудың көрсеткіштерін жақсартатын) және макродеңгейлі (шаруашылық жүйелердің жалпы қалпын, олардың балансын, инвестициялық климатын, салық тәртібін, тариф кедендік саясатын және т.б. көрсетеді) болып бөлінеді.
Келтірілген бәсеке сайыстың және бәсекелесу қабілетінің факторлары мен сипаттамаларының субъектілерінің құрамы осы күрделі дәреженің элементтерінің құрамын сипаттауға және олардың байланысын шығаруға мүмкіндік береді. Бұл оның талдауына қажетті тиімді тәсілдер шығаруға, қолда бар қорларды алуға қосымша мүмкіндіктер ашуға және сүт өнімі кәсіпорындары үшін әр деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті жоғарлатудың стратегиялық бағытын анықтауға көмек көрсетеді.
Экономикалық әдебиетте бәсекені оның әдістері бойынша бағалық (баға негізіндегі бәсеке) және бағадан тыс бәсеке (тұтынушылық құнның сапасы негізіндегі бәсеке) бөлуге болады.
Қазіргі әлемде бағалық бәсеке бағадан тыс әдістердің бәсеке сайысына қарай мәнсіз болып келеді. Бұл қзіргі нарықта бағалар қактығысы жоқ дегенді білдірмейді, олар бар, бірақ соншалықты анық емес. Бағадан тыс бәсеке алдыңғы қатарлы бәсекелестерге қарағанда тауардың тұтынушылық кұнын арттырады. Бағадан тыс әдістердің санына фирманы басқарудың бүкіл маркетингтік әдістері жатады. Олардың негізгілері: тауардың жаңартылуы, сапа, жарнама, халыкаралық стандарттарға сәйкес келу, т.с.с.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы, оның жақсаруы көбінде іске асырылатын өнімнің сапасы мен өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейіне тәуелді.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың бірнеше әдістері бар. Бірак барлығының да бір ортақ кемшілігі бар, онда тұтынушыны қызықтыратын өнім бағасы мен сапаның қатынасы ескерілмейді, тек тауардың басқа қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталады. Осылайша, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі біз оның өнімнің бағасы пайдалы тиімділікке қатынасындағы салыстырмалы баға деп анықтаймыз. Әрбір нарыктың өзіндік бір ерекшеліктері бар. Баға өткізу кезіндегі ұсынысты анықтау керек, ал жаңа өнім ұсынысы бағамен ынталандыруы қажет. Осылай, егер баға тек өнімді еткізу құралы ғана болса, бәсекеге қабілетті сапа нарық дамуының жалғыз факторы - тек өнімнің белгілі бір көрсеткіштері ғана емес, сонымен бірге ақырғы тұтынушыға бағытталған шаралар кешені Бәсекеге қабілетті сапа зерттелуі перспективті нарықты бөлшектеп зерттеуінен басталады:
:: жаңа өнімге талаптарды дайындау;
:: сапалы шикізат жабдықтаушылады таңдау және күшейтілген бақылау;
:: өндірістің барлык кезеңдері мен аралық бақылауды регламенттеу. Ақырғы өнімнің шығу кезеңінде ол барлық белгілі бір сипаттамаларға
( яғни бағалық ниша мен нарыққа шығудағы бастапқы баға, оның мақсатты сегменті анықталады өндірілетн көрсеткіштер мен қасиеттер) сәйкес келу керек. Бәсекеге қабілетті сапаның ажырамас белігі сервистік қызмет көрсету деңгейі болып табылады. өнімнің нарықта өмір сүруі үшін соңғы мәселе өте маңызды болып келеді және ол нарықтық жағдайлардың өзгеруіне тез және нақты жауап беруі тиіс.
Өнімді нарыққа шығару -- өте жауапты кезең. Жаңа өнім үшін жаңадан өткізу нарығын құру керек. Жаңа өнімнің бәсеке қабілеттілігіне немесе нарықта өнімнің өтуіне әсер ететін факторларды қарастырайық. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің жоғары көрсеткіші кезінде табысты өтуі тек өнімнің жаңалық дәрежесі мен оған тұтынушының қызығушылығы ғана емес, сонымен бірге бағалық стратегияға да байланысты. Әдетте, өнімнің модификациясы сату көлемін жаңалыққа қарағанда тезірек ұлғайтады, өйткені тұтынушы берілген өнім туралы біледі. Модификацияланған өнімнің бағасы бұл этапта модификацияланбаған өнімнің баға деңгейіне қарағанда сәл жоғары болуы мүмкін. Жаңалық өнімнің бағасы бірінші этапта аналог бағалық нишаның жоғарғы шегімен анықталады және жақсы жарнамалық, ақпараттық пен сервистік сүйеуден кейін бәсекеге қабілеттілік деңгейіне сәйкесінше жоғарылауы мүмкін.
Тауардың өмірлік циклының өсу этапында ғана өндіріс, маркетинг шығындары айтып, білінетін табыс алуға болады.
Бөлімді аяқтай отырып, айта кететін жайт, бәсекелік күресте нарықты дұрыс және уақытылы бағалай алатын өндіруші ғана ұтады.

1.3 Ресурстарды үнемдеу технологиясының экономикалық тиімділігін бағалау критерийлері мен көрсеткіштері

Өнеркәсіпті дамытудың маңызды міндеттерінің бірі ішкі шаруашылық резервтерін толығымен пайдалану және тиімділігін көтеру есебінде өндірісті қамтамасыз ету болып табылады. Ол үшін негізгі қорларды рационалды түрде пайдалану керек. Өнім өндіру көлемінің артуы:
oo негізгі қорларды іске қосу;
oo жұмыс істеп тұрған негізгі қорларды пайдалануды жақсартумен байланысты.
Негізгі қорлардың өсуі жаңа құрылыс және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды реконструкциялау мен кеңейту негізінде жүзеге асады.
Негізгі қорларды пайдалану деңгейін анықтау үшін өндірілген өнім бірлігінің натуралды және құндық көрсеткіштері, сонымен бірге уақыт бірлігінің көрсеткіштері қолданылады. Өндірістік қуаттың пайдаланылуын есептеу үшін өндірілген өнімнің натуралдық көрсеткіштері қолданылады.
Шаруашылық қызмет талдауда, күрделі салымдарды жоспарлауда барлық звенолардың негізгі қорлары мен өндірістік қуаттарын іске қосуда қор қайтарымдылығы, яғни негізгі қорлардың бір бірлігіне шығарылған өнім көлемін көрсететін өндіріс тиімділігі көрсеткіші маңызды болып табылады. Сонымен қатар, қор қайтарымдылығына кері көрсеткіш қор сыйымдылығы да қолданылады. Қор қайтарымдылығы көрсеткішін анықтауда құндық және натуралдық өлшем бірліктер қолданылады. Қор қайтарымдылығы көрсеткішін нашарлататын маңызды себептердің бірі кәсіпорынға енгізілген негізгі қорларды баяу игеру.
Күрделі салымдар мен негізгі қорларды пайдалану тиімділігін арттырудың маңызды міндеттерінің бірі жаңа негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды тезірек эксплуатациялау және игеру. Жаңа фабрикалар мен зауыттарды эксплуатациялау мерзімін қысқарту халыққа қажетті өнімді жетілдірілген негізгі қорлардан алуға, олардың айналымын жылдамдатуға және кәсіпорынның негізгі қорларының рухани тозуын баяулатуға, жалпы қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты мен жұмыс істеп тұрған негізгі қорларын пайдалануды жақсарту келесідей шараларға байланысты жүзеге асады:
oo өндірістік қуат пен өндірістік қорларды пайдалану интенсивтілігін арттыру;
oo экстенсивтілігін арттыру.
Негізгі қорларды пайдаланудың интенсивтілігін арттыру оларды техникалық жағынан жетілдіруге байланысты болады.
Сонымен бірге негізгі қорларды пайдалану интенсивтілігі технологиялық процестерді жетілдіру жолдарымен, біркелкі өнімнің оңтайлы өндірісі негізінде үздіксіз-желілі өндірісті ұйымдастырумен, шикізатты таңдау мен оны өндірілетін өнім сапасына және технологиялық талаптарына сай дайындау жолдарымен, кәсіпорнның біркелкі, ырғақты жұмысын қамтамасыз ету жолдарыменуақыт бірлігінде өндірілетін, жабдық бірлігіне өндірілетін өнім көлемін қамтамасыз ететін жолдармен көтеріледі.
Негізгі қорларды пайдаланудың интенсивті жолына оларды техникалық қайта қаруландыру, негізгі қорларды жаңарту қарқынын өсіру жатады.
Негізгі қорларды экстенсивті пайдалануды жақсарту бір жағынан, күнтізбелік кезеңдегі жұмыс істеп тұрған жабдықтың жұмыс істеу уақытын ұзартуды, екінші жағынан кәсіпорында бар барлық жабдықтардың ішіндегі жұмысқа жарамды жабдықтардың саны мен үлестік салмағын көбейтуді көрсетеді. Жабдықтың жұмыс уақытын ұзарту:
oo әр-бір өндірістік участоктағы жабдықтардың жеке топтарының арасындағы пропорционалдықты үнемі ұстап тұру;
oo негізгі қорларды өндіріс технологиясына сәйкес күтіп ұстау, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, тоқтап қалулар мен аварияларды болдырмау, уақтылы және сапалы жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру, жабдықтың жөндеуде тұруын қысқарту және жөндеу аралық кезеңді жиілету;
- кәсіпорын жұмысының сменалығын көтеру, кейбір өнеркәсіп кәсіпорындарындағы маусымдылықты азайту, негізгі өндірістік операциялардың жұмыс уақыты шығындарындағы үлестік салмағын арттыратын шаралар жүргізу.
Сменалықты арттырудың маңызды шарты болып өндірістік процестерді автоматтандыру мен механикаландыру табылады. Осының негізінде ауыр механикаландырылмаған жұмыстардан адамдарды білікті жұмысқа аударуға мүмкіндік береді.
Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін арттырудағы маңызды резерв ол - жабдықтың смена аралық тоқтап тұру уақытын қысқарту, көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындарда бұл барлық жұмыс уақытының 15 - 20% құрайды.
Сонымен қатар негізгі қорларды пайдалану тиімділігін арттыру белгілі бір деңгейде кадрлардың біліктілігіне, әсіресе машиналар мен механизмдерге, агрегаттар мен басқа да өндірістік жабдықтарға қызмет көрсететін жұмысшылардың шеберлігіне тәуелді болады.
Жұмыскерлердің еңбекке деген творчествалық және шынайы қатынасы негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың маңызды шарты болып табылады.
Рухани және материалдық жағынан ынталандыру жүйесін жетілдіруге байланысты негізгі қорларды тиімді пайдалану деңгейі жақсарады.
Негізгі қорларды пайдалануды жақсартуға байланысты кез-келген шара ең алдымен ішкі шаруашылық резервтерді, машиналар мен жабдықтарды толығымен пайдалануды, смендік коэффициентті арттыруды, тоқтап қалуларды болдырмауды, қайтадан қосылған қуаттарды игеру мерзімін қысқартуды, өндірістік процестерден одан әрі интенсификациялауды қарастыру керек.
Жұмысшыларды материалдық жағынан ынталандыру шаралары да негізгі қорларды пайдалануды жақсартуда маңызды орын алады.
Әрбір шаруашылықта бекітілген құралдар үздіксіз қозғалыста болады. Өздерінің құндарын өндірілген өнімге ауыстыруына байланысты, шаруашылық құралдары негізгі және айналым құралары болып бөлінеді. Халық шаруашылығы өндірісінің дамуына, оның тиімділігін арттыруда негізгі құралдардың маңызы зор. Өйткені олар арқылы еңбек бұйымдарын өңдеп, материалдық бұйымдар алуға болады. Сонымен қатар олар өндіріс процесінде ұзақ мерзім пайдаланылып, өзінің қалыпты үлгісін сақтай отыра, құнын өндірген өнімнің құнына біртіндеп тозу мөлшері бойынша апарып отырады. Сонымен стандартқа сәйкес негізгі құралдар дегеніміз бұл материалдық өндірістік және өндірістік емес сферада ұзақ уақыт бойы қызмет көрсететін материалдық активтер.
Кәсіпорындарда негізгі құралдардың бірыңғай типтік жіктелуі қолданылады. Сол жіктеуге байланысты оларды төмендегідей белгілермен топтастырады:
а) өндіріске қатысуына байланысты: өндірістік және өндірістік емес. Өндірістік негізгі құралдарға жарғылық қызметті іске асыруға байланысты, яғни өнеркәсіп өндірісі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда т.б. қызмет түрлерінің құралдары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдарға тұрмыстық шаруашылық қызметі, денсаулық сақтау, мәдениет тағы басқа қызмет түрлерінің негізгі құралдары жатады.
б) тиістілігіне қарай негізгі құралдар: меншікті және арендалық болып екіге бөлінеді. Меншікті бұл кәсіпорынның меншігіндегі және оның балансында көрсетілетін негізгі құралдар. Арендаланған бұл басқа кәсіпорыннан аренда шарты негізінде белгіленген мерзімге алынған негізгі құралдар. Арендаланған негізгі құралдардың қатарына мерзімі өткенге дейін немесе өткесін шартта көрсетілген бағаны төлегеннен кейін арендатордың меншігіне көшетін, ұзақ мерзімге арендаланған негізгі құралдар жатады.
в)пайдалануына қарай негізгі құралдар пайдаланудағы, запастағы және консервациядағы болып бөлінеді. Запастағы негізгі құралдарға пайдаланудағы негізгі құралдарды ауыстыру үшін алып қалынған негізгі құралдар жатады. Консервацияға қойылған негізгі құралдар уақытша қолданылмайтын негізгі құралдар.
г) атқаратын қызметіне, түрлеріне байланысты: жер, ғимараттар мен құрылыс жайлары, машиналар мен жабдықтар, беріліс құралдары, көлік құралдары, басқалары.
Жоғарыда көрсетілген топтастыруды есебке алып негізгі құралдардың өндірістік құрылымын анықтауға болады. Негізгі капиталдың өндірістік құрылымы негізгі құралдардың әр тобының олардың кәсіпорынның жалпы сомасындағы үлестік салмағымен сипатталады.
Негізгі құралдардың өндірістік құрылымы және оның әртүрлі уақыт мезеттеріндегі өзгерісі өндірістің техникалық деңгейін және негізгі капиталға жұмсалған күрделі шығындарды пайдалану тиімділігін сипаттауға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі құралдар құрамында негізгі капиталдың активті бөлігіне кіретін бөліктердің үлестік салмағы неғұрлым жоғары болса, солғұрлым негізгі капитал бірлігінен шығарылатын өнім көлемі, пайда мөлшері өсе бастайды.
Негізгі құралдардың өндірістік құрылымына өндірістегі еңбекті шоғырландырудың, мамандандырудың, кооперациялаудың және біріктірудің деңгейі, сондай-ақ, күрделі құрылыс ықпал жасайды.
Негізгі қорларға баға беру келесі құн түрлері бойынша жүргізіледі:
- бастапқы құны, оларды сатып алу жылы болған бағаларға, жеткізу шығындарына және құру және қою құнына тәуелді болады.
- қайта есептеу құны - берілген жыл бағалары бойынша негізгі қорларды жасау немесе сатып алу құны (қайта бағасын анықтау мезетіне байланысты):
- қалдық құны бойынша - қорлардың тозуын есебке алу:
- жою құны бойынша - баланстан шығарылатын қордың бағасы
- баланстық құны бойынша - бухгалтерлік баланстың бірінші
Негізгі құралдардың нақты қолда болуын анықтау және олардың сақталуына бақылау жасау мақсатында нормативтік, құқықтық және басқа да актілерге сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жасалынады.
Түгендеу жүргізу кезінде негізгі құралдардың есеп мәліметтері мен қолда болуы арасындағы сәйкестікті орнатады, олардың жиын-тықтылығын, техникалық жағдайын, бағыты бойынша пайдалану деңгейін анықтайды. Бүл жүмысты жүзеге асыру үшін банк бұйрығы бойынша түгендеу комиссиясы құрылады. Түгендеуді бастамас бүрын түгендеу карточкаларының, техникалық паспорттың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік жабдық құны
Ішкі шаруашылықты ұйымдастыру
Кәсіпорынның энергетикалық балансына шығындарды жіктеу
Компанияның қызметінің негізгі көрсеткіштері
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау
Құрылыс кәсіпорнының қызмет ету тиімділігін арттыру жолдары
Электр энергиясының түрлену және тұтыну процесі
Кәсіпорын табысын бөлу және пайданы арттыру жолдары
Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері
Кәсіпорын қаржысы және оның ресурстарының қалыптасу көздері
Пәндер