Мемлекеттік Авто Инспекциясының жұмысын жеңілдету



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I Кіріспе 3 - 4
Автоматтандыру туралы жалпы мағлұмат.

II Теориялық бөлім 5 -7
1. Мәліметтер базасын ұйымдастыру.
2. BDE Administrator.

III Негізгі бөлім 7 -28
1) Есептің қойылымы.
Программаға арналған негізгі шарттар мен оны орындау
жолдары
Мәліметтер базасының кестесін құру.

2) Кіру құжаттары.
Программаны орындау барысы.
Paradox форматының кестелері.
Компоненттер парағы.
Кестенің қасиетін беру.

3) Шығу құжаттары.
Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын жобалар құру.

4) Программалық жабдықталуы.

III Қорытынды 29

IV Программа
листингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

V Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 36

Кіріспе
Қазіргі жаңа технологиялар дамыған заманда барлық басқару жүйелері оны
автоматтандырумен байланысты. Кез келген жүйені автоматтандыру, біріншіден,
күрделі процестерді жеңілдетумен, екіншіден, есептеу техникасының дамуымен
байланысты. Есептеу техникасының көмегімен кез келген жүйені автоматтандыру
арқылы басқару, қадағалау, тіркеумен байланысты көптеген қиыншылықтарға
жеңілдіктер беруге болады: басқару жүйесі әлдеқайда объективті, оперативті,
ең негізгісі – эффективті болады.
Соңғы онжылдықтар бойы білім беру жолында автоматтандыру жұмысының
ұйғарылуының тереңірек, жетілдіре оқытылуының және меңгерілуінің интенсивті
жолдары қарастырылуда. Онда ең басты және маңызды рөлді ЭЕМ – н қолданып,
оны меңгерудегі негізгі сұрақтар атқарады.
Ғылыми прогресс – білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп
болуымен сипатталады.Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық
әкелері сөзсіз. XXI ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі
мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы –
автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды
автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп.
Мұндай күрделі ақпараттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және
алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады.
Автоматтандыру – техникалық құрал – жабдықтарды, сондай – ақ энергияны,
материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне
адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық
тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану.
Онда:
1) Технологиялық, энергетикалық, көліктік, тұрмыстық - өндірістік
процестер;
2) Күрделі агрегаттарды, кемелерді, ғарыш кемелерін, өндірістік
құрылыстар мен кешендерді жобалау;
3) Цехты, мекемені, сондай – ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді
ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
4) Ғылыми – зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау
сапасын жақсарту, статистика деректерін өңдеу және есепке алу,
бағдарламалау, инженерлік есептеулердің барлығы автоматтандырылады.
Жалпы автоматтандыру – адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу, өңдеу,
сақтау, пайдалану процестерін босату мүмкіндігіне ие.
Автоматтандырудың мақсаты – еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру,
жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстардан
адамды босату.
Мәліметтер базасы деп – деректердің электрондық сақтаушысын айтады.
Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады.
Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез
кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге
сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат:
1) Қайшылықсыз;
2) Артықсыз;
3) Тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға,
жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер
сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ (мәліметтер базасын
басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы
локальдік және тораптық деректер базасын құрып және оның ішінде жұмыс
істеуге және кез келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба
құруға мүмкіндік береді.
Локальді МББЖ – барлық бөліктері қолданушы компьютерінің деректер
базасында орналасады. Егер бір мәліметтер базасына бірнеше қолданушылар бір
мезгілде қатынас жасаса, әрбір қолданушының компьютерінде өзінің локальді
МББЖ – нің көшірмесі болуы керек.
Тораптық МББЖ – ге файл – серверлік, клиент – серверлік, бөлінген МББЖ –
лар жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып, торап саналады. Торап –
бірнеше компьютерлерді байланыстырып, бір дерекпен бірнеше қолданушылардың
корпоративті жұмысын қамтамасыз етеді.
Көпқолданбалы МББЖ – ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді.
Көпқолданбалы МББЖ – леріне: Oracle, Informix, SyBase, Microsoft SQL
Server, InterBase және т.б. жатады.
DELPHI – ді кәдімгі МББЖ деп айтуға, оның өзінің кестелік форматының
болмауы (деректерді сипаттау тілі) бөгет жасайды. Сондықтан ол басқа МББЖ
кестелік форматын қолданады. Мысалы: dBase, Paradox, InterBase.
Бұны бірақ та жетіспеушілігі деп те айтуға болмайды, себебі аталған
форматтар өздерін жақсы қолданушылық қабілетін көрсетті. Сонда да DELPHI
мүмкіншіліктерінен қалыспайды, кей – кезде олардан асып та тұрады.

Теориялық бөлім
Мәліметтер базасын ұйымдастыру
Мәліметтер базасы кейбір қолданбалы ақпараттық жүйеде қолданылатын
деректерді қамтиды. Мәліметтердің ұйымдастыру түріне байланысты мәліметтер
базасындағы деректердің негізгі модульдері келесі түрде болады:
1) Иерархиялық;
2) Желілік;
3) Реляциялық;
4) Объекті - бағытталған;
Иерархиялық модельде – деректер ағаш тәріздес (иерархиялық) құрылым
түрінде беріледі. Деректердің осындай ұйымы иерархиялық реттелген
ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы, бірақ қиын логикалық байланыстармен
жұмыс жасағанда иерархиялық модель әлсіз.
Желілік модельде - деректер ерікті граф түрінде ұйымдастырылады. Желілік
модельдің кемшілігі болып, құрылымының қаттылығы және оны ұйымдастырудың
қиындылығы болып табылады. Сонымен қатар иерархиялық және желілік
модельдерінің кемшіліктерінің бірі болып, деректер құрылымының деректер
базасын жобалау кезінде берілуі және деректерге қатынау барысында өзгертуге
келмейді.
Объекті – бағытталған модельде мәліметтер базасының жазбасы объект
түрінде беріледі. Объекті – бағытталған модель желілік және реляциялық
модель ерекшеліктерін қамтып, күрделі мәліметтер базасын құруда
пайдаланылады.

BDE Administrator
DELPHI қолданбасы деректер базасына қатынауды BDE (Borland DataBase
Engine – Borland фирмасының деректер базасының процессоры) арқылы жүзеге
асырады. BDE өзінен деректерге қатынайтын динамикалық кітапханалар және
драйвер жиынтығын құрайды. BDE деректер базасымен жұмыс істейтін барлық
компьютерлерге орнатылуы тиіс. Деректер базасына BDE арқылы жіберілген
сұраныс, қолданушы сұратқан деректерді алады.
Жергілікті деректер базасы және онымен жұмыс істейтін қолданба бір
компьютерде орналасады. Бұл жағдайда ақпараттық жүйе жергілікті сәулетке
ие.
Деректер базасымен жұмыс, ережеге сай бірқолданушылық режимінде жұмыс
істейді. STANDART драйверлер үшін, әдетте Paradox деректер базасы,
мінездемелер псевдонимі жиынтығы минималды болады: Type - драйвер аты
және PATH – деректер базасына жол. PATH параметрін басқанда,сіз көп нүктелі
батырманы көресіз. Оны басқанда Windows – тің жаңа каталогты таңдау
стандартты диалогы ашылады, ол арқылы бір керекті каталогты таңдап аламыз.
STANDART типті драйверлерді тек Paradox, dBase, FoxPro кестелері үшін
қолдануға болады.
Жергілікті деректер базасына қатынау үшін BDE деректер базасының
процессоры стандартты драйверлерді қолданады. Олар Paradox, dBase, FoxPro
және текстік файлдармен жұмыс жасайды. Жергілікті деректер базасын
қолданғанда, желіде деректер базасына қолданушылық қатынауды ұйымдастыруға
болады. Бұл жағдайда деректер базасының файлдары және осымен жұмыс істейтін
қолданбалар желінің серверінде орналасады. Сонда әрбір қолданушы өз
компьютерінен серверде орналасқан қолданбаны қосқанда, өз компьютерінде
қолданбаның көшірмесі іске асырылады.
BDE Administrator программасы түрлі типтегі BDE мәліметтер қорының жаңа
драйверлерін көруге, құруға, түзетуге мүмкіндік береді.
Программа терезесі екі беттен тұрады: Databases – мәліметтер қоры,
Configuration – конфигурация. Сол жақ панельде мәліметтер қорының жалған
аттарының бұтақшасын көре аласыздар. Кез келген бір жалған атты ерекшелеп
оң жақ панельден Definion оның характеристикаларын көре аласыздар.
Біздің мысалдағы кестеге жалған ат құру үшін Object – New командасын
орындаймыз. Нәтижесінде сұхбат терезе ашылады. Сырғымалы тізімнен STANDART
драйверін таңдап алу керек. Бұл драйвер Paradox, dBase, FoxPro кестелерін
қолдайды.

ОК батырмасын басу арқылы сол жақтағы жалған аттар бұтақшасына жаңа
жалған ат қосамыз. STANDART сөзін өз қалауыңызша атауға болады. PATH
параметрін ерекшелеп ондағы көп нүктелі батырманы басу арқылы кесте
орналасқан каталогты таңдап аламыз. Содан кейін құрал – саймандар
тақташасында Apply батырмасын басамыз.

Жалпы алғанда, BDE Administrator – дың мәліметтер базасын жасағанда
қызметі өте маңызды болып табылады. Себебі ол арқылы біз DataBase – жасаған
кестелерімізді және жалған атты папкамызбен және де кейін DELPHI – де
жасаған барлық формаларымызбен байланыстырамыз. Бұл байланыстарсыз біз
ешқандай да мәліметтер базасын алмаймыз. Сондықтан да мәліметтер базасын
жасағанда бұл байланыстардың бар болуы және ұйымдастырылуы біз үшін өте
маңызды шарт болып табылады. Оның соншалықты маңыздылығын дұрыс түсіну үшін
бұл байланыстарды жасаған кезде өте мұқият болу керек және оны дұрыс
түсінген абзал.

Есептің қойылымы
Программаға арналған негізгі шарттар және оындау жолдар:
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – деректер базасын құру және онымен жұмыс
істеу. Олардың қарым – қатынас құрып, оларға қойылған талаптарды жүзеге
асыру. Қатынастар құру барысында Реляциялық алгебра - операциясын
қолдандық. Қатынастарда келесі шарттар орындалуы тиіс:
1) Атрибуттарға есім берілуі керек және олардың құрылымы біртекті
болуы тиіс;
2) Жолдың реттілігі маңызды емес;
3) Атрибуттардың реттілігі маңызды емес;
4) Қайталанатын жолдары болмауы тиіс;
Сонымен қатар біз SQL – тілін қолдануымыз керек. Бір маңызды қасиет SQL –
тілі тек Реляциялық алгебра операциясында ғана істейді. Осы жұмысты
іске асыру алдында, қатынас құру схемасын сызып ақиқатқа жақын жолын
таңдадық. Оның ең тиімді жолы екі кестені қолдану болып табылады.
Жол торабында құқық бұзушылар туралы автоматтандырылған анықтаманы жасау
– еліміздегі мыңдаған көлік иегерлерінің базасын кішкентай ғана
компьютерлік бағдарламаға сыйғызу десе де болады. Мемлекеттік әкімшілік
осыншама күрделі ақпараттарды осындай автоматтандырылған программалық
қамтама арқылы реттеп отыр. Жасалынған жоба көлік жүргізушілердің қандай да
бір ретпен берілген тізімінен тұрады. Жобадағы берілген деректерді
пайдаланып жүргізуші жөнінде толық мағлұматтарды алуға болады.
Көлік жүргізшілерін автоматтандырудағы мақсатымыз - өте аз уақыт ішінде
жүргізушілер жайлы толық, нақты мәліметтерді алу. Сонымен қатар мәліметтер
қорын пайдаланып, DELPHI ортасында жұмыс жасай білу керек.

Мәліметтер базасының кестесін құру
Деректер базасын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта
тұрады. Кестелер файлдарда сақталып, бөлек құжаттарға немесе электрондық
кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Бірақ,
құжаттарға қарағанда, деректер базасының кестелері көпқолданбалы қатынау
режимін қолдайды,яғни бірнеше қолданбалармен бір мезгілде қолданылуына
болады. Бір кесте үшін (деректер, кілттер, индекстер т.б. құрайтын) бірнеше
файлдар жасалады. Осылардың ішінде негізгісі болып кестенің атымен аталатын
деректер файлы болып есептеледі. Кестені таңдағанда, әсіресе оның негізгі
файлы таңдалады. Мыс:dBase кестесі үшін кеңейтіндісі DBF болатын файл, ал
Paradox кестесі үшін DB кеңейтіндісі болып табылады. Деректер базасының
әрбір кестесі жолдан және бағаннан тұрады, бір типті объектілердің
ақпараттық жүйелер деректерін сақтауға негізделген.
Өріс мүмкін болатын типтің деректерін қамтиды. Кестенің негізін оның
өрісінің сипаты құрайды. Әрбір кестенің кем дегенде бір өрісі болуы тиіс
кестенің құрылымдық түсінігі өте кең және оның құрамына:
1) Өріс сипаты;
2) Кілт;
3) Индекс;
4) Өрістің мәтініне шек қою;
5) Кестелер арасындағы біртұтастықты сақтау;
6) Парольдер
кіреді. Кестені құрғанда кестенің аты және құрылымы беріледі. Кестенің
атын өзгерткенде кесте және оның файлдары жаңа атқа ие болады. Бұл үшін
деректер базасының кестелерімен жұмыс істейтін арнайы программалар
қолданылады. Мыс: DataBase немесе Data Pump. Дискіден кестені жойғанда,
оның барлық файлдары да жойылады.
Ал енді мәліметтер базасымен жұмыс жасамас бұрын, біз оның каталогын
құрып алайық. Ол каталог бізде C:\Aika. Деректер базасын құру
DataBaseDesktop(DBD) утилит көмегімен іске асырылады. DBD утилит көмегімен
кестені құруға және оның құрылымын өзгертуге, оның біріншілік кілттерін
және индекстерін, жазбалар құру және өзгертулер жасауға болады.
Кіру құжаттары
Программаны орындау барысы
Осы курстық жұмыста мен әрбір көлік жүргізуші жөнінде мәліметтер қорын
жасадым.
Database Desktop - ты ашып, File – New командасын таңдаған кезде мынадай
менюді көреміз:

QBE Query Визуалды сұраныстарды құру және оларды файлға жазу.
SQL File SQL – сұраныстар жасау және оларды файлға жазу.
Table Жаңа кесте құру.

Table алғаннан кейін бізге мынадай сұхбат терезесі ашылады. Сырғымалы
тізімнен МББЖ таңдап алуға болады,содан кейін Paradox7 – ні таңдап алдым.
Жаңа кестені құру келесі команда бойынша іске асады:
Пуск\Программа\Borland Delphi7\DataBase Desktop. DBD кірген мезетте жұмыс
істейтін каталогты таңдап алу керек. Ол үшін DBD менюінде File\Working
Directory және көрсетілген терезеден C:\Aika каталогына сілтеме жасаймыз.
Менің жағдайымда МАИ кестесін құру үшін File\New\Table. DBD Create Table
терезесін шығарады, оның форматын таңдап алу керек.

Жоғарыдағы кестеде программаны іске қосудың жалпы кестесі көрсетілген. Яғни
ең алдымен Delphi7 Borland – Tools – Database Desktop – File – New – Table
арқылы жаңа кесте құрамыз. Содан кейін келесі кестені толтырамыз. Ол үшін
берілген есептің шарты бойынша керекті мәліметтерді жинаймыз.

Құрылып жатқан кестенің әрбір өрісіне бір жазба сәйкес келеді. Field Name
бағанына өріс атын, Type – символ, өрісте сақталынатын мәліметтердің типін
анықтайды. Size бағанына – сан қойылады, өрістің ұзындығын анықтайды, Key -
“*” символы, егер бұл өріс бойынша біріншілікті кілт қою керек болса.
Әр өріске ең алдымен ат (Field Name) беріледі. Өріс идентификаторы. Ол
255 символдан тұрады. Осыдан кейін біз типін анықтаймыз.

Paradox форматының кестелері
Delphi – дің өзіндік кестелік форматы жоқ, бірақ ол Paradox кестелерімен
жұмыс істей береді. Осы кестелердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Paradox кестесі деректер базасын құруға және онымен жұмыс істегенде
ыңғайлы болып табылады.
Оның негізгі артықшылықтарын атап өтейік:
1) деректердің тұтастығын;
2) әр түрлі типті деректерді ұсынуға арналған өрістік типті;
3) енгізілген деректерді тексеруді;
4) кестенің парольдық қорғанысын қамтамасыз етеді;

Төмендегі кестеде Paradox 7 кестесінің өрістік типінің тізімі берілген:

Тип БелгіленуіМәннің мазмұны
Alpha A Символдар қатары. Ұзындығы 255 символ.
Number N Жүзбелі нүкте саны.
Money $ Ақшалық қосынды.
Short S Бүтін сан. Диапазон -32768...32767
Longinteger I Бүтін сан. Диапазон -2 147483648...2 147483647
BCD # Екілік – ондық жүйедегі сан.
Date D Күн
Time T Уақыт
Timestamp @ Күн мен ай
Memo M Символдар қатары. Ұзындығы шектелмеген.
Formatted F Символдық қатар. Memo – дан айырмашылығы,
қатар құрамында форматталған текст болады.
Graphic G Графиктік көрініс. Форматтары BMP, PCX, TIF,
GIF.
OLE O OLE технологиясын қамтитын деректер форматы.
Logical L Логикалық мән.
Autoincrement + Автоинкрементті өріс.
Binary B Байттар тізбегі. Ұзындығы шектелмеген.
Bytes Y Байттық тізбек. Ұзындығы 255 символдан
аспайды.

Ескерту!
DataBase Desktop программалық ортасында жұмыс істегенде Graphic, Binary,
Memo және OLE өрістік типінің мәні көрсетілмейді.
Paradox кестесінде өріс аты әріптен басталып, әріптер мен сандар құрылуы
тиіс. өріс атының максимал ұзындығы 25 символдан аспауы керек.
Өрістің атын бергенде “пробел”, “#”, “$” символдарын қолдануға болады.
Бірақ, “.”, “!”, “” символдарын қолдануға болмайды. Себебі, бұл
символдар DELPHI – де басқа мақсаттарда қолданылады.
DELPHI – дің өзіндік деректер базасының кестелік форматы болмаса да, әр
түрлі МББЖ қамтамасыз етеді. Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған
DELPHI құралын екіге бөлуге болады:
1) Аспаптық құрал;
2) Компоненттер;
Аспаптық құралдарға арнайы программалар мен пакеттер жатады. Олар
деректер базасына қызмет етуді қамтамасыз етеді.
Компоненттер, деректер базасымен операция жасайтын қолданбаларды құруға
арналған. Біз солардың компоненттерін қарастырайық.

Компоненттер парағы
Деректер базасының қолданбасын құруда қолданылатын компоненттерді
қарастырайық.
Деректер базасымен жұмыс істегенде қолданылатын компоненттер Data Access,
Data Control, Midas, Decision Cube, Rave және InterBase парақтарында
орналасады.
Data Access парағында деректерге қатынауды ұйымдастыратын визуалды емес
компоненттер орналасады:
1) DataSource – деректердің басы;
2) Table – ДБ кестесіне негізделген деректер жинағы;
3) Query – SQL – сұранысқа негізделген деректер жинағы;
4) StoredProc – серверде сақталатын процедураны шақыру;
5) DataBase – ДБ қосылу;
6) Session – ДБ жұмысының ағымды сеансы;
7) BatchMove – топ жазбалармен операцияларды орындау;
8) Update – деректер жиынтығын модификациялау;
9) NestedTable – қойылған кесте;

Data Controls парағында деректерді басқаратын визуалды компоненттер
орналасады:
1) DB Grid - кесте;
2) DB Navigator – навигациялық интерфейс;
3) DB Text - жазба;
4) DB Edit – бірқатарлы редактор;
5) DB Memo – көпқатарлы редактор;
6) DB Image – графиктік көрініс;
7) DB ListBox – қарапайым тізім;
8) DB ComboBox – комбинацияланған тізім ;
9) DB CheckBox – тәуелсіз ауыстырғыш;
10) DB RadioGroup – тәуелді ауыстырғыш топтары;
11) DB LookupListBox – басқа өріс деректерінің қарапайым тізімі;
12) DB LookupComboBox – басқа өріс деректерінің комбинацияланған тізімі;
13) DB RichEdit – толық функционалды тестілік редактор;
14) DB CtrlGrid – модификацияланған кесте;
15) DB Chart - диаграмма;

Midas парағында қашық деректер базасын басқаратын визуалды компоненттер
орналасады:
1) ClientDataSet – клиенттік деректер жинағы;
2) DCOMConnection – көпқолданбалы режимде қашық сервермен қосылу;
3) SocketConnection – Windows сокеті арқылы қашық сервермен қосылу;
4) DataSetProvider – деректер жиынының провайдері;
5) SimpleObjectBroker – қарапайым объект брокері;
6) WebConnection – Web – сервермен қосылу;
7) CorbaConnection – Corba – клиенттің қосылуы;

Decision Cube:
1) DecisionCube – көпшекті деректер кубы;
2) DecisionQuery – көпшекті деректердің бастамасы;
3) DecisionSource – көпшекті деректердің бастамасы;
4) DecisionPivot – көпшекті деректердің көпөлшемді проекциясы;
5) DecisionGrid – көпшекті деректердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік Авто Инспекциясының жұмысын автоматтандыру
Түзеу жұмыстары
Салық инспекциясының ақпараттық жүйесі
Реляциялық мәліметтер қоры
Бас бостандығын шектеудің қылмыстық жаза ретіндегі ерекшеліктері
Қылмыстық жазаның ұғымы және жаза жүйесі
Автомобильді крандар қораптары
Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау ақпараттық жүйесі
АВТО жаттығу - тәуелсіз жаттығулар
Қылмыстық жазаны қолдану - тек қана соттың құзыреті
Пәндер