Дипломатиялық өкілдіктің иммунитеттері мен артықшылықтары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтардың түсінігі және олардың
теориялық негіздері
1.1Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтардың түсінігі,мазмұны және
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2Дипломатиялық иммуниттер мен артықшылықтар институтының дамуының тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .7

2.Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен
иммунитеттері.
2.1.Дипломатиялық өкілдіктің артықшылықтары мен иммунитеттері ... ... ... 10
2.2. Дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің иммунитеттері мен
артықшылықтары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..24

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі жағдайда Қазақстан
Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен екі жақты
және көп жақты қарым-қатынасын жүзеге асыру мемлекетіміздің дипломатиялық
қызмет орындарына жүктелген, сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын
лауазымды тұлғалар шет мемлекеттерге ресми өкіл ретінде дипломатиялық
немесе консулдық имунитет пен артықшылықты пайдаланатыны белгілі.
Дипломатиялық имунитеттермен артықшылықтардың заңдық ұғымының қалыптасуымен
олардың теориялық құқықтық негіздемесін білу, оларды тәжірибе жүзінде дұрыс
әрі аса тиімді қолдану үшін қажет. Бұл мәселе ерте заманнан келе жатса да,
өзінің өзектілігін жоғалтпаған. Өйткені,мемлекеттердің дипломатиялық және
консулдық тәжірибесінде тарихи даму кезеңінің әр сатысында имунитеттермен
артықшылықтарға қатысты жаңа шешімін таппаған немесе теориялық негіздеуді
қажет ететін сұрақтар туындап жатады. Себебі, дипломатиялық қатынастар
пайда болғалы бері оған қатысты тәжірибелік мәселелердің де аясы кеңіп
келеді.
Жеке дипломатиялық және консулдық имунитеттермен артықшылықтардың
негізгі түрлерін халықаралық нормалардың негізінде салыстырмалы-құқықтық
талдаудан өткізу олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды
айқындауға және сол айырмашылықтардың себебін анықтауға мүмкіндік берері
сөзсіз.
Жаңа саяси-құқықтық бағам тұрғысынан халықаралық құқықтың маңызы мен
рөлін терең түсіну керек, оның мемлекетішілік құқықпен өлшенген арақатынасы
да маңызды проблема болып табылады.
Аталған проблемалық аспектілер көпшілікке таралған сапаға ие және
шын мәнінде халықаралық құқық институтына қатысты. Алайда біздің еліміздің
көптеген жетістіктері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
саяси-құқықтық және сыртқы дипломатияға ерекше мән беруімен байланысты
болып отыр. Республикамыздың табыстары мен жетістіктерінің белгілі-бір
үлесі қазақстандық дипломаттарға тиесілі,олар қайта құру кезеңінде өздеріне
жүктелген міндеттерді атқарып, өз еліне күрделі экономикалық дағдарыстан
шығуға көметесті.
Курстық жұмысы тақырыбының зерттеу дәрежесі. Бұл жұмыста қолданылған
теориялық материал,жұмыстың тақырыбының ғылыми өңделу жағдайы біздің
тақырыбымыздың тек жеке бөліктерін бейнелейтінін көрсетті: екі жақты және
көп жақты халықаралық ынтымақтастық, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси
қызметі мен дипломатиясы,дипломатиялық персоналдың халықаралық-қылмыстық
жауапкершілігі және т.б. аталған бағыттағы көптеген ғылыми зерттеулерді
қазақстандық ғалымдар,көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері
жүргізді.
Бұл курстық жұмыстағы қолданылған талдау құқықтық, сондай-ақ
тәжірибелік және басқа да теориялық материалдар осы ғылыми зерттеуді
жүргізуге негіз болып табылады. Алайда қазіргі кездегі халықаралық
аренадағы саяси және экономикалық өзара қатынастың, құқықтық демократиялық
қарым-қатынастың даму кезеңінде таңданылынған зерттеу тақырыпнамасы
Қазақстан Республикасындағы артықшылықтар мен иммунитеттер институтының
жеке мәселелерін түсіну үшін жаңа түрткі болады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бұл курстық жұмыстың негізгі
мақсаты – дипломатиялық персоналдар мен өкілдіктердің иммунитеттері мен
артықшылықтары институтының маңызды мәселелерін зерттеу болып табылады.
Қойылған мақсатқа тікелей жетуге мынадай мәселелерді зерттеу әсер етеді:
• Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтардың түсінігін, мазмұнын
және негіздерін анықтау;
• Қазақстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдік персоналдарының
иммунитеттері мен артықшылықтарының ерекшеліктері мен құрамын анықтау;
• Қазақстан республикасындағы шет мемлекеттердің орналасқан
өкілдіктерінің артықшылытары мен иммунитеттерінің мазмұны мен
ерекшелігін анықтау.
Курстық жұмысы зерттелуінің әдістемелік негізі. Халықаралық-құқықтық, саяси-
құқықтық, философиялық, әлеуметтік және т.б. дипломатиялық иммунитет пен
артықшылықтар институты қолданатын басқа да ғылыми дәйектемелер,
мемлекеттік және құқықтық құбылыстарды зерттеудің жалпы ғылыми және
диалектикалық үйлестікке қазақстандық қана емес, халықаралық едәуір толық
және сыни тұрғыда қарастыруға мүмкіндік береді.
Қойылған мәселелерді зерттеу кезінде сондай-ақ зерттеу тақырыбының
сапалық сипаттамаларын анықтайтын логикалық, формальды-құқықтық,
аналитикалық талдау, функционалдық әдіс қолданылады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыстың көлемі – 24бет. Жұмыс жоспар,
кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

1.Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтардың түсінігі және олардың
теориялық негіздері.
1.1Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтардың түсінігі, мазмұны және
негіздері

Иммунитет ұғымы дипломатиялық және консулдық құқытағы негізгі
ұғымдардың біреуі, латын сөзінен тәуелсіз, тартылмайды деген мағынаны
білдіреді. Халықаралық келісімдерде белгіленген артықшылықтар мен иммунитет
сөздерін айыра білу керек. Артықшылықтар деп мемлекет басшылары мен олардың
өкілдерінің ерекше құқықтық артықшылығын айтамыз. Осындай артықшылықтардың
ең елеулілері ретінде қол сұғушылық пен кемсітуден қорғау құқығын, белгілі
бір жағдайларда арнайы белгілер мен эмблемаларды пайдалану құқығын (мысалы
өз жалауын) шетелдерде өзінің арнайы байланыс құралының болуына деген
(курьерлер, шифрленген хабарламалар) құқықты және басқаларды айтуға болады.
Иммунитет деп мемлекет басшыларының, үкімет басшылары мен мүшелерінің,
шетел мемлекеттерінің парламент мүшелері мен мен өкілддерін, сондай-ақ
шетелдегі мүліктер мен мемлекеттік кемелердің дипломатиялық өкілдік
орналасқан елдің сотының, қауіпсіздік қызметінің қаржылық аппаратының
мәжбүрлі әрекеттеріне қорғалуын, оның ішінде талап-арыздан, қамаудан,
тінтуден, жауап алудан және т.б. қорғалуын айтамыз.
Иммунитет деген сөз латынан тәуелсіз деген мағынаны береді.
Артықшылықтар деп мемлекет басшылары мен олардың өкілдіктерінің ерекше
құқықтық артықшылығын айтамыз.[1]
Иммунитеттер мен артықшылқтарды иеленуге құқығы бар әрбір тұлға оларды
мекендік мемлекетінің аумағына келген кезден бастап иеленеді, яғни
шекарадан өткен кезден бастап иеленеді, яғни шекарадан өткен кезден бастап
иеленеді, егер тұлға мекендуші мемлекеттің аумағында орналасқан қойса, онда
сол мемлекеттің Сыртқы істер сминистрлігіне оның тағайындалуы туралы
ескерткен кезден бастап аталған құқықтарға ие болады.
Егер дипломатиялық агент үшінші мемлекеттің аумағы арқылы алдын ала
келісіп (егер оған транзиттік виза берілген болса) өтетін болса, үшінші
мемлекет оны тағайындалған орнына жету үшін немесе одан қайту қажетті қол
сұқпаушылық және басқа да иммунитеттермен қамтамасыз етеді.
Иммунитеттер мен артықшылықтардың күші оны пайдалаланытн тұлға өз
қызметін тоқтанда және сол тұлға мекендуші мемлекеттен кеткенде немесе
белгіленген қызмет мерзімі аяқталғанда тоқтатылады.
1. Дипломатиялық өкілдіктің иммунитеттері мен артықшылықтары
Дипломатиялық өкілдіктің негізгі иммунитеттері мен артықшылықтары
жүйесі:
1) ғимараттың қол сұғылмайтындығы. Дипломатиялық өкілдік ғимаратының қол
сұқпаушылығы іс жүзінде мынадай жолдармен жүзеге асырылады: өкілдік
ғимаратына оның басшысынң рұқсатынсыз кіруге тыйым салу. Тінту, қамау.
Дипломатиялық өкілдік ғимаратының қол сұқпаушылығы іс жүзінде мынадай
жолдармен жүзеге асырылады: өкілдік ғимаратына оның басшысынң
рұқсатынсыз кіруге тыйым салу. Тінту, қамауға алу, реквизиция және
атқару әрекеттері сияқты мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыру мүмкіндігін
жоққа шығару. дипломатиялық өкілдік ғимаратын күзетуді арнайы
полицейлер немесе әскери бөлімшелер арқылы дипломатиялық мекеме
орналасқан мемлекет жүзеге асырады.
2) Мұрағаттарға, құжаттарға, хат-хабарларға қол сұғылмайтындығы
3) Тіркуші мемлекетпен қатынасу бостандығы
4) Салықтардан босатылуы
5) алдын ала қамау тәртібіне ұстауға болмайды. Қылмыстық және әкімшілік
жауапкершілікке тартылмайды.
куә ретінде тартылмайды
6) өкілдіктің архиві мен құжаттарды әрқашан және орналауына
қарамастан, қол сұқпаушылыққа ие.
7) өкілдік өз үкіметінен мекендеуші мемлекетте немесе үшінші
мемлекетте орналасқан өз мемлекетінің басқа өкілдіктерімен,
консулдықтарымен еркін байланыс жасай алуға тиіс.
8) өкідік өзінің үй-жайларында, көлігенде өз мемлекетінің жалауын және
эмлемасын қолдануға құқылы.
9) өкілдіктің ресми хат-хабарлары қол сұқпаушылыққа ие.
Дипломатиялық почта ашылуға, қамауға алуға жатпайды. Өкілдік байланысты
барлық түрін, сонымен қатар дипломатиялық куръерлерді, кодталған және
шифрленген депешаларды, дипломатиялық вализаларды қолдана алады.
Вализа – чемодан деген француз сөзінен шыққан және дипломатиялық
корреспонденциядан, құжаттардан тұратын және арнайы өкілетті тұлғамен
(дипкуръер) немесе шығарып салусыз әдеттегі байланыс каналымен жеткізілетін
және ашылуға, қамауға алуға жатпайтын жабық, сүргі салынған немесе мөр
басылған қапты (чемодан, сөмке, пакет т.б.) білдіреді.[2]

Дипломатиялық агенттер және құрамының жеке артықшылықтары мен иммунитеттері
Дипломатиялық агент термині- мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктері мен
дипломатиялық құрамның мүшелерінің жалпы аты ретінде қолданылады, яғни
дипломатиялық дәрежесі бар дипломатиялық өкілдіктің басшылары мен құрам
мүшелерінің атауы.
Дипломатиялық агенттердің жеке артықшылықтары мен иммунитеттеріне
мыналар жатады:
а) жеке басқа қол сұқпаушылық. Дипломатиялық агент қандай жағдайда
болсын, қамауға алуға жатпайды. Мекендеуші мемлекет оған лайықты
құрметпен қарауы және оның жеке басныа, еркіне, ар-лжданына қарсы мекендуші
мемлекеттің мемлекеттік билік органдарынан болсын, сонымен қатар басқа
тұлғалардан болсын озбырлықты болдырмау үшін тиісті шаралар қолдануы керек.
б) резенденциясына, мүлкіне және хат-хабарларға қол сұқпаушылыққа ие.
Дипломатиялық агенттердің жеке меншік резинденцияларды дипломаттық
өкілдіктің үй-жайы сияқты қол сұқпаушылыққа орналасқан жеріне қарамастан
ие: өкілдіктің ғимарантында, жалға алған жағдайда немесе қонақ үйдің
нөмірі. Оның қағаздары, хат хабарлары мүлкі, сонымен қатар көліктері қол
сұқпаушылыққа ие. Оларға тінту және басқа мәжбүрлеу әрекеттерін қолануға
болмайды.
в) қылмыстық, азаматтық және әкімшілік юрисдикциядан иммунитет.
Дипломатиялық агенттің үстінен тергеу органдары қылмыстық іс қозғамайды,
ол жауапқа тартылмайды, оны сот органдары соттамайды, ол куәгер ретінде
сотқа жауап бермеуі керек; ол айыпқа немесе өзге де әкімшілік шараларға
тартылмайды.
Дипломатиялық агент, сонымен қатар азаматтық юрисдикциядан иммунитетке
ие. Мекендік мемлекетте азаматық юрисдикция дипломатиялық агентке тек 1961
ж. Вена конвенциясының 31-бабында көрсетілген жағдайларда ғана қолданылады,
мысалы мұрагерлік туралы талап-арызды бергенде және дипломат мұраны
орындаушы немесе мұрагер болған жағдайда, мекендеуші мемлекеттегі
дипломаттың ресми қызметіне байланыссыз кәсіби немесе коммерциялық
қызметіне қатысты талап-арыз берілгенде;
г) салық иммунитеті. Дипломатиялық агент жанама салықтарды, жеке табысқа
салынатын салымдардан босатылады; нақты қызмет түрлеріне салынатын
салымдарды қоспағанда, барлық салықтардын, алымдардан және баж
салықтарынан, соның ішінде жеке және мүліктік салықтардан босатылады.
д) міндеттерге иммунитет. Мекендуші мемлекет дипломатиялық агентті барлық
мемлекеттік және еңбектік міндеттерден олардың сипатныа қарамастан және
әскери міндеттерден меншіктен айыпу контрибуция және әскери
орналастырулардан босатуға міндетті.
е) кедендік артықшылықтар. Мекендік мемлекет дипломатиялық агентке
өкілдіктің қажеттігіне арналған, сонымен қатар дипломаттың жеке қолдануына
арналған заттарды алып келуге рұқсат етеді. Осы заттар тасымалдау, сақтау
және осыған ұқсас қызметтерден басқа кедендік салықтардан, алымдардардан
және баж салымынан босатылады.
Дипломатиялық агенттің жеке жүгі, мемлекеттің заңымен немесе карантиндік
ережемен алып кіру және алып шығуға тыйым салынған заттардың барына түйінді
негіз болмаса, тексеруден босатылады.
Әкімшілік-техникалық құрамның және оның отбасы мүшелерінің иммунитеттері
мен артықшылықтары дипломатиялық құрамның иммунитеттері мен
артықшылықтарына теңестіріледі, әкімшілік және азаматтық юрисдикицяға
иммунитет әкімшілік және азаматтық юрисдикцияға иммунитет әкімшілік-
техникалық құрамның өз қызметінің міндеттерін атқарғанда ғана қолданымады.

1.2Дипломатиялық иммуниттер мен артықшылықтар институтының дамуының тарихы

Бүгінгі өркениетті замандағы мемлекеттердің өзара қарым-
қатынастарында, әсіресе олардың екі жақты саяси байланыстарында
дипломатиялық өкілдіктердің қызметінің маңызы зор екендігі белгілі.
Дипломатиялық өкілдіктердің шетелдік мемлекеттер аумағында еркін әрі
қауіпсіз қызмет етуінің басты кепілі оларға халықаралық құқық тарапынан
тиісті дипломатиялық имунитеттермен артықшылықтар берілуінде.
Тарихи тұрғыдан алып қарастырсақ, имунитеттермен артықшылықтар
халықаралық қатынастардың дамуымен бірге қатар қалыптасып,жетіліп
келеді.Олар рулық қоғам заманынан бастау алып, әуел баста әдет-ғұрып
нормаларына негізделген болатын. Оның қарапайым көріністерін ру аралық
қатынастардан көруге болады. Рулар арасындағы соғыс, бітімгершілік
,жер,т.с.с. мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу үшін жіберілетін
адамдардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етуші міндет қабылдаушы
тараптың мойнына жүктелгенді. Бұл тәртіп қатаң ереже ретінде әдет-ғұрып
нормаларына берік енгенімен, олардың үнемі сақтала бермегендігі рас. Ерте
заманнан-ақ түрлі ру тайпалар арасында бір-біріне жіберілетін адамдарды
өлтірмеу оларға белгілі-бір топтың өкілі ретінде қарау ,соның негізінде
жеке басына қол сұғылмауын қамтамасыз ету қажеттілігі туындаған. Мұндай
қажеттіліксіз келіссөздер жүргізудің де мүмкіндігі жоққа шығатын. Осылайша
адамдардың сана-сезіміне ресми түрде келіссөз жүргізуге келген өкілдерге
құрмет көрсету, олардың жеке басына қол сұқпау дәстүрі қалыптасады. Бұл
дәстүр қазіргі тілмен айтсақ , шетелдік өкілдіктерге имунитеттермен
артықшылықтар беру деп аталады.
Имунитет пен артықшылық ұғымдары мемлекеттер пайда болғаннан кейін
әр тарихи формациялық кезеңде мазмұны жағынан толыға отырып, халықаралық
қатынастардың күрделенуімен етене байланысып дамыды. Ерте замандағы
халықаралық қатынастар, ең алдымен географиялық жағынан жақын
орналасқан,ортақ экономикалық,мәдени,рухани құндылықтар мен діни наным-
сенімдері бар мемлекеттер арасында қалыптасты. Мысалы, Ежелгі
Грецияда,сондай-ақ Парсы патшалығы,Рим мен Карфаген сияқты мемлекеттер
арасындағы қарым-қатынастар дипломатияның дамуына да зор әсер етті. Бұл
мемлекеттердің елшілері әскери жәнесаяси одақтар құру, бірлесе қорғану және
шабуыл жасау шарттарын бекіту сияқты мәселелермен айналысты. Бастапқы
кезеңде бұл мемлекеттерде елші функцияларын қасиетті жаушылар жүзеге
асырған. Олар негізінен діни тұлғалар болғандықтан, олардың жеке басына қол
сұқпау, діни сенімге, құдайдың құдіретіне негізделеді. Оларды өлтіру немесе
жарақаттау құдайды қорлау деп есептеледі. Былайша айтқанда олар діннің
қорғауында болады.[3] Бірте-бірте елші функцияларын зайырлы сипаттағы
елшілер жүзеге асыратын болды.Грецияда оларды саясаткерлер, әскери
қолбасшылар, ораторлар арасынан халықаралық жиналысында сайлайтын болған
және пресбейс деп атаған. Ал Римде елшілерді сенат өз мүшелері арасынан
сайлап,оларды легаттар немесе нунушілер деп атайтын болған. Тағы бір айта
кететін жайт, Рим империясы тұсында елшілерге қол сұқпау жөніндегі
ережелерді қамтыған халықтар құқығы пайда болды. Бұл халықтар құқығы
институты бойынша елшілерді қорламау қасиетті парыз деп саналынады. Осындай
жолдармен ежелгі халықтарда кеңінен таралған түрлі қоғамдық нанымдардың ,
мемлекеттік заңдар мен әдет-ғұрып нормаларының және діни сенімдердің
негізінде елшілердің қасиеттілігі мен оларға қол сұғылмайтындығы жайлы
ортақ көзқарас пен пікір қалыптасты.
Орта ғасырлардағы (5-7ғ.ғ.) халықаралық қатынастардың негізгі
орталықтарын Византия,Каролинг монархиясы, араб халифаты, Киев русьі, Батыс
және Шығыс Еуропаның басқа да ірілі-ұсақты феодалды мемлекеттері құрады.
Бұл мемлекеттердің қарым-қатынастарында елшілік миссиялар жіберу дәстүрі
берік қалыптасады. Әсіресе елшілерді құрметпен қарсы алу, оларға ерекше
ықылас бөлу, сый-сыяпат көрсету және оларды ерекше қорғауға алу әдет, рәсім
ретінде кеңінен танылады.Орта ғасырлық мемлекеттердің дипломатиялық
тәжірибесінде елшілерге тек жеке басына қол сұқпау имунитетін ғана
емес,сонымен қатар оларды жол бойында тегін баспанамен,тамақпен қамтамасыз
ету дәстүрі пайда болды. Кейбір патшалар бұған қатысты арнайы заңдар да
шығарып отырған. Патша сарайына бара жатқан немесе патша сарайынан шығып өз
мемлекетіне қайтып бара жатқан елшілерді жол бойындағы елдімекендер тиісті
құрметпен қарсы алмайтын болса, оларға арнайы жазалар да қолданылатын
болған. Орта ғасырлық мемлекеттердің жиі түрде қалыптасқан дипломатиялық
қатынасының желісі ретінде “елшінің өкілдік сипаты” идеясы өмірге келді.
Бұл идеяның бастапқы мазмұны: “әрбір елшінің жағдайы өз әміршісінің билігі
мен құдіреттілігінің айнасы” деп сипатталады. Жалпы орта ғасырлардағы
дипломатиялық қатынастар негізінен эпизодтық сипатта дамып келді. Басқа
сөзбен айтар болсақ, шетелдік мемлекеттерге тек ad hoc миссиялары жіберіліп
тұрды. Осыған сәйкес дипломатиялық имунитеттің де мазмұны шектеулі болды.
Оның мазмұны тек елшінің жеке басына қол сұқпау, яғни оның қауіпсіздігін
жол бойында және уақытша тұрағында қамтамасыз ету, қабылдаушы мемлекет
есебінен қажетті шығындарын өтеу мен құрметке бөлену сияқты бірқатар
рәсімді артықшылықтардан құрылды. Ал елшілердің сотталмауы,оларды
жергілікті биліктің мәжбүрлеу шараларынан босату сияқты имунитеттер
ортағасырлық халықаралық құқықтың әдет-ғұрыптық сипаты бар нормаларынан
нақты көрініс таппады. Оның себебі, бұл имунитеттердің өмірлік қажеттілігі
әлі де сол кезеңдегі болса тәжірибеде немесе нақты өмірде талап
етілмегенінде деп айтуға болады. Елшілік миссиялар неғұрлым жиі әрі
ұзақсипатқа ие бола бастаған сайын, соғұрлым елшілердің құқықтық жағдайы
туралы жаңа,тың мәселелер туындай бастайды.Әсіресе,XY-ғасырдың екінші
жартысынан бастап Италия мемлекеттері арасында (Венеция,Флоренция,Милан
т.б.) тұрақтыелшіліктер ашу үрдісі бастау алғаннан кейін олардың
халықаралық-құқықтық мәртебесін анықтайтын тиісті нормалар қажет екендігі
айқын сезіле береді. Италия мемлекетінде бастау алған тұрақты елшіліктер
ашу дәстүрі XYI-XYII ғасырларда Батыс Еуропаның басқа да мемлекеттерінде
кең қанат жайды. Осыған байланысты дипломатиялық тәжірибеде қабылдаушы
мемлекет тарапынан өздеріне қарсы қылмыс жасаған елшілерді жауапқа тарту
мәселесі пайда болды. Оның себебі,Батыс Еуропаның абсолютті монархиялы
мемлекеттері өз елшілерін қабылдаушы мемлекетте саяси,әскери төңкерістер
жасау үшін тыңшылықпен айналысу, құпия түрде келіссөздер жүргізу,
қабылдаушы монархтың жеке басына қарсы әрекеттер ұйымдастыру сияқты заңсыз
әрекеттерге пайдаланатын болған.Тіпті соның салдарынан кейбір монархтар
басқа мемлекеттердің тұрақты елшілерін қабылдаудан бас тартуға дейін баруға
мәжбүр болған,яғни қылмыс жасаған шетелдік елшіні қабылдаушы мемлекет
тарапынан жуапқа тарту жөніндегі мәселе аяқ астынан пайда болмаған.Осыған
байланысты XYI-XYII ғасырларда халықаралық тәжірибеде елшіні қамауға алу
немесе түрмеге жабу әрекеттері жиі қолданылады,алайда көп ұзамай мұндай
әрекеттер мемлекеттер арасында тиімді қарым-қатынастар орнатуға негіз
болмақ түгілі, қауіпті кесірін тигізетінін түсінген халықаралық қауымдастық
осы мәселеге қатысты халықаралық құқықтық әдет нормаларын қалыптастыруға
және оларды іс жүзінде пайдалануға кіріседі. Бастапқы кезде қылмыс жасаған
елшілерді қамауға алып ,сотқа беру және олардың кінәсі дәлелденгеннің
өзінде тікелей жазаламай, мемлекет аумағынан шығарып жіберу сияқты
нормаларға сүйенген шаралар қолданылады. Бірте-бірте қылмыс жасады деп
айыпталған елшілерді “persona non grata” (латын тілінен –жағымсыз тұлға
дегенді білдіреді) деп жариялау дәстүрі пайда болды. Дипломатиялық
тәжірибеде тұрақты елшіліктердің ашылуына байланысты олардың басшыларының
имунитеті,дәлірек айтсақ, елші резиденциясының немесе елші тұрағының
имунитеті жөніндегі мәселе көтеріліп, ол елшінің жеке басына қол сұқпау
имунитетіне қажетті қосымша күшейту элементі ретінде халықаралық әдет
нормаларына енеді.Осылайша халықаралық тәжірибеде елшінің жеке басына қол
сұқпау имунитетін бірге оны қылмыстық жауапкершіліктен босату және
резиденция қауіпсіздігін қамтамасыз ету талабы кеңінен танылып,XYII-
ғасырдан бастап, бұл имунитеттердің барлығы дерлік тұрақты дипломатиялық
қатынастар ұстанудың қажетті алғышарттарына айналды. Имунитет пен
артықшылық ұғымдарының жаңа кезеңде дамуы Имунитеттер мен
артықшылықтардың ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап дамуындағы негізгі
ерекшеліктерін БҰҰ-ның құрылуымен,әлемнің саяси картасында жаңа тәуелсіз
мемлекеттердің пайда болуы мен ғылыми техникалық жаңалықтардың қарқындап
өсуі мен және олардың негізінде дипломатиялық қызмет аясының кеңеюімен
байланыстыруға болады. Осы кезеңде дипломатиялық өкілдіктердің мәртебесін
халықаралық құқықтық мемлекеттік құқықтық реттеудегі белсенділік БҰҰ-ның
қызмет шеңберінен айқын көрініс тапты.

2.Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен
иммунитеттері.
2.1.Дипломатиялық өкілдіктің артықшылықтары мен иммунитеттері

Дипломатиялық өкілдік иммунитеті мен артықшылықтарының негізгілеріне
төмендегілерді атап көрсетуге болады:
1. Елшіліктің арнайы мемкемелеріне қол сұғылмаушылық;
2. Қабылдаушы мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктердегі ресми мақсаттағы
хат-хабарламаларға, құжаттарға, мұрағаттарға, пошта жөнелтілімдеріне
қол сұқпау.
3. Дипломатиялық арнайы тасымалдау құралдарының иммунитеттеріне қатысты
мәселелер;
4. Дипломатиялық пошта жөнелтілімдерін техникалық және басқа да
себептермен қарау мәселесі;
5. Дипломатиялық курьердің құқықтық мәртебесі.
Дипломатиялық өкілдік иммунитеттерінің ішіндегі ең маңыздысы
–дипломатиялық арнайы мекемелерге қол сұқпау иммунитеті. Өкілдіктің
мекемесі ретінде Вена конвенциясына сәйкес, толық мекеме немесе оның
бөлігі,өкілдік басшысының резиденциясымен қоса және осы орынға арнайы
қызмет ететін мекеме ,жер телімі меншік иесіне қарамастан дипломатиялық
өкілдіктің мақсатына қолданылады.(1б.1т.)Ал жер участогі терминіне БҰҰ-
ның халықаралық құқық комиссиясының түсініктемесіне сәйкес,бау-бақша және
автотұрақ танылады.[4] Вена конвенциясына сәйкес, өкілдіктің мақсатты
пайдаланған мекемелерінің аумағына шектеу көрсетілмейді,бірақ,ескертпе
түрінде шектеу қабылдаушы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларында көрсетілуі
мүмкін.

2.2. Дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің иммунитеттері мен
артықшылықтары.

Дипломатиялық қатынастардың дамуы барысында қоғам дипломаттардың өз
міндеттемелерін дұрыс орындауы үшін бір артықшылықтар мен имунитеттерге ие
болуы қажет екендігін түсінді, мемлекетаралық қатынастардың тарихи
барысндағы дипломатиялық қызметтегі әдет-ғұрыптар негізінде реттеу хаостық
түрде болды.Әртүрлі аймақтарда елшілік әдет-ғұрыптардың нормалары әрқилы
көрініс тапты.Тіпті,елшілерді қабылдамақ түгілі,қуғынға ұшыратқан кездерде
болды, бұл кезеңде елші қызметін атқару қауіп туғызатын.Ал ортағасырлық
Еуропада керісінше елшілік квартал нормасы қалыптасқан. Бұл кейіннен
жойылған норма,кез-келген адам тіпті қылмыскер елшілік кварталға кірген
сәтінен бастап жазалау қатаерінен босатылатындығын білдіреді.Қазіргі кезде
дипломаттар мен олардың жұмыс орны мен олардың тұрғылықты қол сұғылмаушылық
артықшылықтарына ие болады.
Имунитет ұғымы дипломатиялық және консулдық құқықтағы негізгі
ұғымдардың біреуі, имунитас деген латын сөзі тәуелсіз, тартылмайды деген
мағынаны білдіреді. Халықаралық келісім,конвенциялардағы имунитет және
артықшылық ұғымдарын айыра білу қажет. Артықшылықтар деп мемлекет басшылары
мен олардың өкілдерінің артықшылықтарының ең елеулілері ретінде қол
сұғылмаушылық пен кемсітушіліктен қорғау құқығын, белгілі-бір жағдайларда
арнайы эмблемалар мен белгілерді пайдалану құқығын шетелдерде өзінің арнайы
байланыс құралының болуына деген құқықты және басқаларды айтуға болады.
Имунитет деп мемелекет басшыларының,үкімет басшылары мен мүшелерінің,шетел
мемлекеттерінің парламент мүшелері мен өкілдерін,сондай-ақ шетелдегі
мүліктер мен мемлекеттік кемелердің дипломатиялық өкілдік орналасқан елдің
сотының қаупсіздік қызметінің, қаржылық аппаратының мәжбүрлі әрекеттерінен
қорғалуын, оның ішінде талап арыздан,қамаудан,тінтуден,жауап алудан және
т.б. қорғалуын айтамыз.[5]
Халықаралық құқық доктринасында дипломатиялық өкілдіктер мен олардың
персоналдарының мәртебелерін халықаралық құқықтық реттеу үрдістері бар.
Халықаралық-құқықтық реттеуге екі үрдіс тән; біріншісі,имунитеттер мен
артықшылықтарды шектеуге бағытталса, екіншісі;оларды дамытуға бағытталған.
Олар дипломатиялық өкілдік орналасқан мемлекеттің мүдделері мен оларды
жіберген мемлекеттердің мүдделері арасындағы объективті қайшылықтарға
негізделген. Былай қарағанда, мұндай қайшылықтары болмауы керек, өйткені
әрбір бір мезгілде жіберуші де дипломатиялық өкілдік орналасқан мемлекетте
де бола алады. Дегенмен мемлекеттер арасында саяси жүйелерде,халық саны мен
географиялық жағдайларда,қаржылық және басқа да мүмкіндіктердің
сипатында,халықаралық аренадағы нақты мемлекеттердің әсер етуінде
өзгешеліктері болмай қалуы мүмкін емес.
Дипломатиялық имунитеттер мен артықшылықтарды шектеу үрдісіне
негізінен егеменді болған мемлекеттер жақын келеді. Мұны олардың көбіне-көп
тіркеуші мемлекет ретінде емес,дипломатиялық қатынасқа келген мемлекет
ретінде мәжбүрлі түрде қатысумен түсіндіруге болады.Өйткені олардың алдында
тұрған қаржылық және кадр проблемалары дамыған мемлекеттермен қатар шетелде
дипломатиялық өкілдікті ұстап тұруға мүмкіндік бермейді, Мысалы,егеменді
бірқатар мемлекеттер бір тарапты тәртіпке шетелдің дипломатиялық
өкілдіктерінің персонал санына квоталық шектеулер бекіткен жергілікті
лауазымды адамдармен дипломаттардың байланыс жасауына шектеулер
енгізілген,шетелдік дипломаттардың жүріп-тұруына рұқсат беру немесе
хабарлау тәртібі көзделген шетелдің дипломатиялық поштасын қарау.
Имунитеттер мен артықшылықтарға байланысты күрделірек мәселелердің
бірі, олардың беру қажеттігін теориялық негіздеу болып табылады. Осы
заманғы заң әдебиеттерінде үш теория қрастырылады:эксаумақтық,қызметтік
қажеттілік және өкілдік теориясы.
Дипломатиялық өкілдіктің негізгі имунитеттері мен артықшылықтары жүйесі:
• Ғимараттың қол сұғылмайтындығы;
• Мұрағаттарға,құжаттарға,хат-хабарла рға қол сұғылмайтындығы;
• Дипломатиялық қатынас құралдары имунитеттерінің проблемалары;
• Тіркеуші мемлекетпен қатынасу бостандығы.
Дипломатиялық өкілдік басшысы дипломатиялық агентке берілген
артықшылықтар мен имунитеттерді толық иеленеді.Сонымен қатар ол өз
мемлекетінің жалауын көтеруге, діни дәстүр жасау үшін кішкентай шіркеу
иеленуге,баспаларды алуға,мемлекетің өкілі ретінде өзіне қызмет көрсетілуге
құқылы.
Имунитетттер мен артықшылықтарды иеленуге құқығы бар әрбір тұлға
оларды мекендік мемлекеттің аумағына келген кезден бастап иеленеді,яғни
шекарадан өткен кезден бастап,егер тұлға мекендеуші мемлекеттің Сыртқы
істер министрлігіне оның тағайындалуы туралы ескеткен кезден бастап аталған
құқықтарға ие болады. Егер дипломатиялық агент үшінші мемлекетің аумағына
алдын-ала келісіп өтетін болса,үшінші мемлекет оны тағайындалған орнына
жету үшін немесе одан қайту үшін қажетті қол сұқпаушылық және басқа да
қамтамасыз етеді.
Имунитеттер мен артықшылықтардың күші оны пайдаланатын тұлға өз
қызметін тоқтатқанда және сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дипломатиялық және консулдық құқық ұғымы
Дипломатиялық және консулдық құқық
Құқықтағы жеңілдіктер, иммунитеттер және артықшылықтар
Дипломатиялық қызмет, дипломатиялық курьердің құқықтық мәртебесі
Дипломатиялық өкілдіктің құқықтық мәртебесі
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КОНСУЛДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Дипломатиялық иммунитет және артықшылықтар
Арнайы миссиялар дипломатиясының халықаралық-құқықтық негіздері
Арнайы миссиялар
Дипломатиялық құқық
Пәндер