Көші - қон үрдісінің қауіпсіздікке ықпалы


1. Көші-қон саясатының теориялық негізі
1. 1. Көші-қон саясаттанудың зерттелу обьектісі ретінде
Демографиялық үрдістердің ішіндегі халықтың көші-қоны маңызды орын алады. Себебі, көші-қонға қоғамдағы саяси, әлеуметтік және экономикалық шұғыл көңіл бөлетін жауапты сипат тән. Қоғамды дұрыс басқару үшін және әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу үшін көші-қон ағымдарының көлемі мен мигранттардың құрамын бағдарлай білу, көші-қон факторларын тудыратын және көші-қон салдарын анықтай білу өте қажет.
Халықаралық деңгейде көші-қон үрдістері салдарының байқалуынан бастап көші-қонға деген қызығушылық күшейе түсті. Зерттеушілердің пікірінше, қазіргі кезде бұл құбылыстың жалпы қолдайтын анықтамасы жоқ. Көші-қон - географиялық, демографиялық, әлеуметтік және экономикалық категория ретінде көп мағыналы. Ең алғашқы мағынасында «көші-қон» термині «жаяу саяхат жасау» немесе «жаһанкезу» деген ағылшын етістіктерімен байланысқан. Ал, демографиялық әдебиеттерде өзімен бірге «табиғи қозғалыс» туу мен өсу жағдайын қосатын халықтың «механикалық қозғалысы» терминдерімен айқындалып жүр. Көптеген оқу құралдары мен сөздіктерде «миграция» («көші-қон») терминін латыннан аударғанда - migratio, migro - қоныс аудару, орналасу, өту дегенді білдіреді. Мынадай түсініктерде қолданылады: 1) қоныс аудару, жайластыру; 2) халық көші-қоны - адамдардың қоныс аударуы, яғни олардың тұрғылықты жерімен байланысты. [5, 34 б]
Рыбаковский бойынша, халық көші-қоны (миграция) - көшу, орын ауыстыру деген мағынаны білдіреді. Дегенмен бұл терминнің қазіргі заманғы мәні әлдеқайда кең. Оны әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды көрсету сияқты, өзінің сипаты бойынша әртекті әлеуметтік-саяси құбылыстарды көрсету үшін де қолданады. [6, 11 б]
Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» заңы бойынша, көші-қон дегеніміз, жеке тұлғалардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе мәжбүрлі қоныс аударуын айтамыз. [7, 1 бап]
Халықтың жағдайына көп әсер ететін көші-қон - халықтың жаңа санын анықтау үшін ғана емес, оның жетістігіндегі болған шегін анықтау үшін қажет. Көші-қон бағасы оның бағыты мен өнімділігіне әсер ететін кешенді факторлармен байланысты. Тарихқа үңілетін болсақ, көші-қон үрдісі барлық кезеңдерде халық өміріндегі маңызды саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени элементі болып табылады. Халықтың қалыпты емес орналасуы қандай елде болмасын өте маңызды жағдай болып саналады.
Қазіргі ғылымда, әсіресе батыс ғылымында көші-қонды зерттеп талдауда бір жағынан бірін-бірі толықтыратын және біршама қарсы келетін екі негізгі теориялық парадигмалар бар. Біріншісі, құрылымдық парадигма. Бұл парадигма көші-қонды түсіндіргенде басты мыңызды орынды адамды немесе топты миграциялауға итермелейтін құрылымдарға береді. Осы парадигма макротеориялық парадигма ретінде анықталады, өйткені көші-қонның себептері экономикалық және саяси құрылымдар мен қоғамның капиталистік трансформациялануы болып табылады. Қазіргі таңда көші-қонның себептерін талдауда орын ауыстыру экономикалық детерминация ролінің маңыздылығы күшті екендігін көрсетеді.
Екінші парадигма, миграциялау туралы мәселеде субьективті факторға басты орын беріледі. Яғни, субьективтік парадигма микродеңгей теориясы ретінде анықталады. Микродеңгей теориясы көші-қонның макротеориялық себептерінің маңызын жоққа шығармайды, бірақ бұл деңгей, обьективті факторлар бәрібір де жеке тұлғаның шешіміне байланысты болады дейді. Осыдан көретініміз, көші-қонды талдаудағы микротеориялық тәсіл жеке тұлғалардың шешімдерін зерттеуге көңіл бөледі, яғни мигрант өзіндік ерекшеліктері бар, миграциялаудан түсетін шығындар мен табыстарды бағалай алатын адам ретінде қарастырылады. Бізге белгілі, миграциялау туралы шешім қабылдау тұтастай қиын себептер комплексі болып табылады.
Тарихқа үңілсек, көші-қон үрдістерін ең алғашқылардың бірі болып жүйелендірген ағылшын ғалымы Е. Г. Равенштейн болған еді. Ол 1885 жылы Ұлыбритания мен Солтүстік Америка тәжірибесінде көші-қонның он бір заңын немесе ережелерін (Ravenstein’s Laws of Migration) қалыптастырып берген. Осы он бір ереженің ішіндегі ең маңыздылары мыналар:
1) көші-қон көбіне қысқа қашықтықта жүзеге асады (бұл жерде мигрант-спринтер жөнінде пікір білдіріледі, алайда, қазіргі кезеңде мигран-стайерлер де көп) ;
2) территориялық орталық ірі болған сайын, өзінің тартымдылығын күшейтеді;
3) әр көші-қон ағымына өзіндік қарсы ағым сай болады;
4) ірі қалалардың өсуі қала тұрғындарының табиғи өсіміне емес, халықтың қоныс аударып келуіне байланысты;
5) халықаралық көші-қон елдің ішіндегі болып жатқан көші-қон заңдылықтарымен дамиды;
6) көші-қон көлемі өндірістің, сауданың, әсіресе көліктің дамуына байланысты көбейе түседі;
7) көші-қонның ең басты анықтаушысы - экономикалық себептер болады. [8, 96 б]
Көші-қон түсінігін анықтаудың қазіргі заманғы әрекеттері қоғамдық құбылыстарды сипаттайтын түсінік аппаратының жасалу деңгейі көбінесе жүргізілген зерттеу ұзақтығына, тереңдігі мен серпініне тәуелді.
Өткен ғасырдың екінші жартысында 60-жылдар мен 70-жылдар ортасына дейінгі халық көші-қонын зерттеудегі ренесанс осы құбылыстың анықтауларының және оны жіктеудің көптеген әрекеттерінің пайда болуымен байланысты.
Көші-қонды зерттеуді активтендіру әртүрлі терминдерді пайдалануға алып келді. Көші-қонды аймақтық, географиялық, кеңістіктік құбылыс деп атай бастап, кейде олар болмаған жерде семантикалық ерекшеліктерді анықтауға тырысты. Көші-қон мобильділікті немесе қозғалғыштықты береді.
60-жылдары жарияланған жұмысында Я. Щепаньский көші-қонды географиялық кеңістіктегі орын өзгеруіне тәуелсіз кез-келген орын ауыстыру ретінде анықтайды. 70-жылдардың басында М. В. Курман көптеген жұмыстарында көші-қонды әлеуметтік қозғалыстың кез-келген формасы ретінде анықтауға әрекет жасады. Ол, мысалы, кадрлар (мамандар) ағымын көші-қон түрі ретінде қарастырды. Кейінірек ол аумақтық көші-қонның тұрғындар көші-қоны түрлерінің бүкіл саналуандылығын қамтымайтындығын байқады. Оларға өндірістік көші-қон деп атауға болатын салааралық және салаішілік көші-қоны жатады. Білім және кәсіптік көші-қон жайлы заңға сай айтылады. Кейін ол «кең мағынадағы халық көші-қоны сөзінің мәніне қоғамдық мәні бар халық қозғалысының барлық түрлерін жатқызу керектігін» байқайды. 1976 жылы көрсетілген көзқарасты ол бекітті.
М. В. Курман көзқарасы 60-жылдардың екінші жартысында айтылған Э. Ф. Баранов пен Б. Д. Бреев айтқандарын қайталау болды. Олардың пікірі бойынша, көші-қонды әртүрлі үш - аумақтық, салалық және кәсіптік көші-қоны көзқарасы тұрғысынан қарастырылады. Бұл әрекет авторлардың мобильділік терминін көші-қон терминімен алмастырылуына себептендірілген. [ 9, 260 б]
1977 жылы жарық көрген жұмысында Б. Д. Бреев көші-қон немесе көші-қондық мобильділік жайлы емес, қозғалғыштықтың өзіне аймақтық, салалық және кәсіптік орын ауыстыруларды қамтитындығын көрсетеді. [10, 67 б]
Халықты орналастыру жүйелі түрде жүзеге асады. Жеке аймақтарда экономикалық дамудың әртүрлілігімен қамтамасыз етіледі. Осыған сәйкес көші-қонды аймақтар арасындағы халықтың өмір деңгейімен және территориялық көлемімен байланыстырсақ қате болар еді. Қандай елдің болмасын өмір деңгейі бірдей болса да халықтың табиғи және механикалық қозғалысы жеке аймақтарда да өз ерекшелігін иеленуші еді. Әлемдік тәжірибеде қызықты құбылыстар байқалады, мысалы, кейде экономикалық дамуы жеткіліксіз аймақтарда халықтың өсуі өте жоғары, ал экономикалық дамыған аймақтарда - өте төмен. Ол еңбекпен қамтамасыз етілген аймақта еңбек ресурстары санының өсуімен байланысты табиғи өсудің жоғарылауымен жүзеге асады, сондықтан, осыдан келіп еңбекке жарамды халық экономикасы нашар аймақтан даму деңгейі жоғары аймаққа қоныс аударады.
Л. Л. Рыбаковский өзінің 1982 жылы жарық көрген жұмысында ол қозғалғыштық ретінде адамның өзіндік қоғамдағы статусының өзгерісіне көрсететін қабілеті ретінде түсінеді. Яғни, мұнда көретініміз адамның қоғамдағы өзіндік статусы өзгеруіне байланысты басқа аймаққа немесе шетелдерге қоныс аударуға мәжбүр болады. [6, 13 б]
Көші-қонды тұрғындардың тек аумақтық орын алмасуы ретінде қарастыра отырып, олардың шығу орны мен орналасу орны арасындағы қашықтығы бойынша, мигранттардың орын алмастыруы жүретін обьектілер статусы бойынша, адамдар орын ауыстыратын мерзімі бойынша, осы кезде ол жүретін мақсат бойынша барынша әртүрлі болатындығын байқауға болады. Орын ауыстыру жергілікті пункт арасындағыда, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық статусы тұрғындар пункттері арасында, таксономиялық мәндей аймақтар арасында жүруі мүмкін. Л. Л. Рыбаковский осыған байланысты орын ауыстыру өз қалауымен, қысым арқылы және амалсыздан (басқа амалы болмағандықтан) жасалатын, олардың негізінде экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, саяси, рухани және т. б. факторлар жататынын көрсетті. [6, 13 б]
Сонымен қатар, көші-қонға тұрғылықты жердің тұрақты немесе ауыспалы ауысымына алып келетін, тұрғындар пункттері арасында жүзеге асатын халықтың кеңістіктік қозғалысының осындай процесін жатқызуға болады.
Жалпылай алғанда, көптеген әлеуметтанушылар мен демографтар халық қозғалысының үш түрін бөліп көрсетеді. Олар: әлеуметтік, табиғи және миграциялық. Әлеуметтік қозғалысты қарастыра отырып, ол жайлы кең де, тар да сөз мағынасы бар екендігін көруге болады. Осы парадигмаға сай, соның ішінде демографиялық қатынастар жатады, ал әлеуметтік қатынас тар мағынада тек қатынастың спецификалық шеңберін ғана береді. Бұл жағдайдағы тұрғындар қозғалысының үш түрін бөліп алу олардың әрбірі жайлы белгілі бір, біртекті пікірді алуға мүмкіндік береді. Жекелей алғанда, әлеуметтік қозғалыс - бұл тұрғындардың кәсіптік, білім берушілік, салааралық, сектораралық және т. б. қозғалыстары. Олар толығу сферасының өзгеруін, толығу түрін, жіктелу түрлерін қамтиды.
Сонымен бірге, 2001 жылы жарық көрген «Миграциология» деген еңбекте миграция (көші-қон) дегеніміз, бұл әлеуметтік-экономикалық қатынастарға байланысты болатын миграциялық қозғалыс деп жазылған. [8, 116 б]
Көші-қонның мынадай категорияларға негізделген интегралды классификациясы бар, олар: 1) типі; 2) түрі; 3) формасы; 4) себебі; 5) деңгейі;
1) Көші-қон қозғалыстары бір елдің ішінде де, осымен бірге мемлекеттердің арасында да болады. Сол себептен де тұрғын халықтың миграциясының екі типін бөліп алады: халықаралық (мемлекетаралық. сыртқы) және ішкі (мемлекет ішілік) .
Халықаралық көші-қонға иммиграция және эмиграция деген түсініктер тән. Біріншісі, бір елге жұмысқа орналасуды немесе оқуға түсу мақсатында және басқа да себептерге байланысты басқа елге барып кіруді білдіреді. Екіншісінде, елден кету туралы айтылады. Осыған байланысты иммигранттар және эмигранттар болып бөлінеді.
Халықаралық көші-қон континент аралық (мысалы, Еуропадан АҚШ-қа және Австралияға) және ішкі континенталдық (мысалға, Еуропа шеңберінде) болып бөлінеді. Ішкі көші-қон дегеніміз - бір мемлекеттің территориясы көлеміндегі қозғалыс. Ішкі көші-қонның ағымдары мынадай бағыттары бойынша бөлінеді: қала-қала, ауыл-ауыл, қала-ауыл.
А. В. Похлебаева «Миграция түсінігі және оның классификациясы» атты мақаласында, көші-қон концепциясын жетілдіруде халықаралық және аймақтық ұйымдарының айналысатынын атап өткен. 1989 жылы көші-қон жөніндегі Халықаралық ұйымы Кеңесінің 59- шы сессиясында «миграция» және «мигрант» түсініктеріне анықтамалар берілді. «Миграция (көші-қон) - мемлекеттердің даму процесінің бір бөлігі: жеке тұлғалардың кетулері мен келулері. Мигрант - бұл жеке тұлғалардың бір мемлекеттен екінші бір мемлекетке қоныс аударуы және олардың халықаралық ұйымдардың көрсететін халықаралық миграциялық қызмет көрсетуіне мұқтаждықтары». А. В. Похлебаева өзінің жеке нұсқасын ұсынды: ол «халықаралық мигрант» дегеніміз тұлғалардың қоныс аударуының формалары, себептері мен мерзімдерінен тәуелсіз бір мемлекет территориясынан екінші мемлекеттің территориясына орын ауыстыруы, оның құқықтық статусының өзгеруі, тұлға басқа мемлекеттің шекарасын өткен кезден бастап қабылдап алған мемлекеттің заң шығару арқылы бақыланатынын атап көрсетті. [11, 25 б]
ҚР-ның «Халықтың көші-қоны туралы» заңы бойынша, көшіп келу (иммиграция) - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың ҚР-на уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі; көшіп келушілер (иммигранттар) - ҚР-на уақытша немесе тұрақты тұруға келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамдар; көшіп кету (эмиграция) - ҚР азаматтарының басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін кетуі; көшіп кетушілер (эмигранттар) - ҚР-ның басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп кеткен азаматтары; [7, 1 бап]
2) Көші-қонға мынандай негізгі түрлер тән. Айтар болсақ, қоныс аудару қайтарымсыз жәнет уақытша болып бөлінеді, біріншісі тұрақты мекен-жайын, азаматтығын өзгертумен байланысты, сонымен қатар тұрақты мекен-жайын біржолата ауыстыру; ал екіншісі болса жаңа жерде (жаңа елде) шектеулі бір уақытпен жүруді бейнелейді, кейде ол біршама ұзақ мерзімге де созылады (БҰҰ-ның анықтамасы бойынша, бір жыл және одан да көп уақытқа кететіндер «ұзақ мерзімді» мигранттар болып есептеледі) .
Маусымдық көші-қон - міндетті түрде қайта оралу деген сөз, ол бірнеше айға созылады, алайда бір жылдан аспайды. Маусымдық көші-қон негізінен еңбек күшіне сұраныс тудыратын белгілі бір маусымдық жұмыстарда көрінеді, мысалға: құрылыстарда, ауыл шаруашылығындағы егін піскен кезінде, және т. б. Нақты мысал келтіретін болсақ, Оңтүстік Қазақстандағы мақта теріміне Өзбекстаннан келетін маусымдық мигранттар.
Маятниктік көші-қон (шекаралас) - бұл тұрақты мекен-жайынан оқу немесе жұмыс мақсатымен басқа бір мемлекет территориясына күнделікті (апталық та болады) орын алмастыруды айтамыз. Яғни, бұл өзінің тұрғылықты жерінен оқу немесе жұмыс орны бойынша тұрақты көшіп-қону. [12, 28 б]
Мысалға, фронтьерлік (ағылшынша - шекаралық) көші-қонды алайық, Фронтьер-жұмыскерлер күнделікті немесе апта салып мемлекет шекарасынан өтіп, басқа бір елде еңбек ететіндер. Мысалы, шекаралас Қазақстан мен Ресей арасында.
Эпизодтық көші-қон - бұл төртінші негізгі түр болып саналады. Ол іскерлік, туристік және т. б. құралады. Мысалы, 1993 жылдардағы әлемдегі туризм мен саяхаттаудан түскен пайда 3, 5 трлн долларға бағаланса, ал туристер саны 443 млн. -ды құраған.
Жоғарыда айтылғандармен қоса, қазіргі кездегі көші-қонның ең тараған түрі - саяси және экологиялық себептерден туындаған мәжбүрлі көші-қон. Осыған мысал ретінде, саяси тұрақ іздеген босқындарды айтуға болады. Бұрынғы КСРО-ға келер болсақ, ондағы 1930-1940 жылдардағы әр түрлі ұлт өкілдерін Орталық Азияға, Қазақстан мен Сібірге депортациялауды мәжбүрлі көші-қон қатарына жатқызамыз. Осының нәтижесінде 2 млн адам қоныс аударды, оның жетпіс пайызын әйелдер мен балалар құраған еді.
Сыртқы көші-қонға байланысты тағы бір түрді - заңсыз (астыртын) көші-қонды да бөліп алуға болады. Заңсыз мигрант дегеніміз - жұмыс табу, өмір сүру мақсатында басқа бір елдерге заңсыз келушілер. Дүниежүзінде, әсіресе, 70-жылдардың ортасынан бастап заңсыз мигранттар саны өсіп, қазіргі кезеңде көлемі одан сайын ұлғаюда. Бұл көші-қонның түрін нақты көлемін толығымен анықтау мүмкін емес.
Осы жоғарыда айтылған көші-қон түрлерімен қатар, қазіргі кезде зерттеушілер моральді көші-қон түрін бөліп көрсетуде, яғни, адам қоныс аударғысы келгенімен қаржысының жоқтығынан көшіп кете алмайды, сонымен қатар бұл жерде кедейлік те көші-қонға себеп болады және қоныс аударуға кедергі келтіретін де фактор болып табылады.
3) Формасына қарай көші-қон қозғалыстарын былай деп бөлуге болады: мемлекеттің немесе әр түрлі қоғамдық құрылымдардың (мысалы, ұйымдастырылған түрде еңбекшілерді жинау, қоғамдық үндеулер бойынша көші-қон) көмегі арқылы жүзеге асатын қоғамдық-ұйымдасқан және ұйымдаспаған, яғни мемлекеттің көмегінсіз жүзеге асатын көші-қон. Кейінгі кезде осылардың үлесі біздің елімізде де өсе түсуде. Бірақ та, ұйымдасқан көші-қон мен ұйымдаспаған көші-қонында да қоныс аудару туралы жеке тұлғаның өзі шешім қабылдайды.
4) Көші-қон қозғалыстарын себептеріне байланысты жіктей отырып мыналарды бөліп алуға болады, олар: экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени, әскери, демографиялық (отбасының бірігуі, некелік миграция) және т. б.
5) Халықтың көші-қоны үш деңгейге бөлінеді. Бірінші деңгей - бұл миграциялау туралы шешімді қабылдау.
Екіншісі - бұл территориялық қоныс аудару, жоғарыда көрсеткендей ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған көші-қондар, яғни мигранттың өзінің тәуекеліне байланысты.
Үшіншісі - бұл мигранттың жаңа орынға, жаңа жұмысқа бейімделуі және үйрену деңгейі. [13, 113 б]
Халық көші-қоны - қоғамдық құбылыс. Халық тек адамдар жиынтығы түрінде ғана емес, сонымен бірге «қоғам» жүйешесі ретінде түсе отырып қоғамдық байланыстар мен қатынастардың спецификалық жүйесі түрінде де болады. Адамдар көші-қоны адамзат секілді ежелгі құбылыс.
Миграция халықтың кеңістіктік қозғалысы сияқты бүкіл адамзат қоғамына тән. Дегенмен, миграциялық ағындардың қарқындылығы, бағыттылығы мен құрамы, оның әлеуметтік, экономикалық және демографиялық салдары тек әр түрлі тарихи дәуірлерде ғана емес, сонымен бірге экономикалық даму деңгейі әр түрлі, алуан түрлі табиғи-географиялық жағдайлар мен халықтар құрылымды елдермен ерекшеленеді.
Л. Л. Рыбаковский көзқарасы бойынша, халық көші-қонын анықтаудың төрт әрекеті кездеседі.
Біріншіден, көші-қонға қоғамдық мәні бар халық қозғалысының барлық түрлері жатады. Мұнда тек барлық кеңістіктік орын ауыстырудан басқа, мамандар ағымы, олардың кәсіпорын ішілік қозғалысы, әлеуметтік алмасуы кіреді.
Екіншіден, көші-қон ретінде сипаты мен мақсатына тәуелсіз түрде халықтың кеңістіктік қозғалысының барлық сан-алуандығы саналады. Мұнда бір тұрғылықты орыннан екіншісіне барулар, тұрғылықты жер шамасында сабаққа немесе оқуға күнделікті бару, соның ішінде маусымдық жұмыстар кіреді.
Үшіншіден, көші-қон ретінде тұрғылықты жердің реттеулі алмасуына алып келіп, сондай-ақ реттелген тұрғылықты жер мен оқу және еңбек орындары арасында екі жақты қозғалысы түріндегі тұрғылықты пункттер арасында жүзеге асатын кеңістік орын алмасу түсіндіріледі.
Соңғы, төртіншіден, көші-қонға соңғы есепте аумақтық бөлінуге алып келетін тұрғындардың кеңістіктік қозғалысының процесі жатады. Қоныстанушылар нәтижесінде тұрғылықты орынның бір жергілікті орындағы еңбек, оқу және басқа да еңбек орындарымен қосылуы жүзеге асады. [6, 21 б]
БҰҰ-ның кепілдеме беретін статистикалық қызметі көптеген елдерде жеке және жанұялық көші-қонды есепке ала бастады. Жанұялық көші-қон үрдісіне барлық жанұя немесе аз дегенде оның өкілдері қатысады. Жанұялық көші-қонның статистикалық есебі отбасы мүшелерінің барлығы бір уақытта қоныс аудармаған жағдайда жүзеге асырылмайды. Мысалы, көптеген дамыған елдерде, әсіресе Африкада бір уақытта келген халықтың жалпы санын ер адамдардың үлесі жоғары, ал әйелдер жанұяларымен тек бірнеше уақыт өткеннен кейін келеді.
Халық көші-қонының уақытша және аймақтық анализі келесі заңдылықтарды ашады:
- жас халықтың келуінің салдарынан туудың коэфициенті өседі, өлу төмендейді;
- адамдар көшіп кетіп жатқан аймақтарда халықтың қартаюы байқалады. [14, 112 б]
Көші-қон - бұл табиғи әлеуметтік және демографиялық құбылыс. Көші-қон үрдісін экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени, этникалық, діни, әскери, демографиялық және т. б. себептерге топтастыруға болады. Бұл жағдайда зерттеу аймағындағы жағдайдың және халықтың кеңістікте қозғалудың нәтижесін қарастыру, яғни, осының негізінде көші-қонның себебі қалыптасады. Көші-қон үрдісін зерттеген кезде көбіне экономикалық себептердің негізінде құрылады деген мақұлдаулармен үнемі кезігіп отырамыз, шынында да әр түрлі елдерде жүргізілген экономикалық себептердің сипаты маңызды роль атқарады, бірақ аймақаралық көші-қонның жартысы басқа себептердің негізінде жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz