Ислам құқығына кіріспе: теория және практика мәселелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ

«Жариялылық құқық» кафедрасы

БӘЙІШЕВ ЖОЛЫМБЕТ

Ислам құқығына кіріспе:

теория және практика мәселелері

АСТАНА

2007

ББК 67 Я 7

Б18

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

Ғылыми-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«Тұран-Астана» университетінің Ғылыми Кеңесімен бекітілді

«Тұран-Астана» университетінің «Жариялылық құқық» кафедрасымен баспаға ұсынылды

Рецензенттер:

з. ғ. к. С. Абдоллаев

филос. ғ. к., дінтанушы М. Бұлытай

з. ғ. к., «Тұран» университетінің профессоры А. Кереев

Аударған: филол. ғ. к. Әлқожаев Қ. Қ.

Бәйішев Ж.

Б 18 Ислам құқығына кіріспе: теория және практика мәселелері.

Екінші басылым (толықтырылды және қайта өңделді) -

Астана: 2007. - 69 б.

ISBN 9965-618-04-6

Оқу құралының өңделген екінші басылымында ислам құқығының қызмет ету қағидаттары мен заң аспектілері, оның бастаулары, дәлелдеу теориялары мен жазалау ерекшеліктері қарастырылады. Теориялық жағдайлар кейбір ислам елдерінің мемлекеттік және құқықтық құрылысын сипаттайтын нақты мысалдармен, олардың өзге мемлекеттердің құқықтық жүйесіне әсерімен иллюстрацияланған.

Жоғарғы оқу орындарының және заң факультеттерінің оқытушылары мен студенттеріне, арнайы курсты оқитын тарихшылар мен саясаттанушыларға, сондай-ақ көпшілік оқырманға арналған.

ББК 67 Я 7

1202

Б 00 (05) - 04

ISBN 9965-618-04-6

© Бәйішев Ж.

© «Туран-Астана» университеті, 2007.

К І Р І С П Е

Ұсынылып отырған оқу құралының негізгі мақсаты - заң оқу орындарының студенттері мен өзге адамдарға шет мемлекеттердің мемлекеттік құрылысы мен құқықтық жүйелерін, соның ішінде негізгі ерекшелігі шариғаттың оқытылуы мен дамуына, қолданылуына саятын ислам құқығын танып білуге көмектесу. Өкінішке орай, республиканың заңгер кадрларын даярлау бойынша ұсынылатын оқу бағдарламаларында негізгі назар құқықтық доктриналардың англо-саксондық және континентальдық құқық жүйелеріне бөлінеді. Алайда, Қазақстанның геосаяси жағдайы, оның тарихи өткені, біздің көзқарасымыз бойынша, ислам құқығының ірге тасын қалайтын бастаманы ой елегінен қайта өткізу мен зерделеудің объективтік қажеттілігіне, әсіресе қасиетті Құран (Алланың сөзі) жазбасын құқықтың ерекше бастауы ретінде, ал әрбір азаматтың жеке мінез-құлқын Мұхаммед пайғамбардың өмір сүру салты мен қызметіне (сунна) сай қарастырар мәселелерге ерекше құрметпен қарауды талап етеді. Бұл ретте тарихи фактілері мен исламды жалпыға бірдей, дамушы ілім ретінде қарастырудың танымдық маңызы зор. Саяси және діни насихаттан аулақ, анықтамалық-мәліметтік сипатта ғана ұсынылып отырған бұл құралдың оқырманға осы ақтаңдақтардың орнын толтыруға, іс жүзінде әр түрлі құқықтық жүйелерді салыстырып талдауға көмектесетін дерек боларына сеніміміз мол.

Автор осы оқу құралын дайындау кезінде қол ұшын берген және материалдарды ұсынған Исламабадтағы Халықаралық ислам университетінің докторлары Хуссейн Хамид Хассанға және Махмуд Ахмад Ғазиға дән ризашылығын білдіреді.

I - тарау. Ислам құқығының негізгі қағидаттары

1. 1 Ислам құқығының қайнар көздері

Ислам құқығы, ең бірінші, екі іргелі қайнар көзге - Құран мен суннаға негізделеді. Бұл құқықтың нормалары Құран жазбалары мен өз іс-әрекетімен қоршаған айналасына үлгі болған Мұхаммед пайғамбардың өміріне сәйкес жасалған.

Бұл екі негізгі бастаудан, сондай-ақ көпшілік пікірі немесе қауымның келісімі (консенсус) - иджма , ұқсастық бойынша ( қ ияс ) шешім қабылдау, Пайғамбар ізбасарларының тәжірибелері, әсіресе төрт абзал халиф пен олардың алғашқы қабылдаушылары және т. б., сияқты өзге де дәстүрлік қайнар көздерден басқа, ислам құқығы ең әуелден бастап өзара қарым-қатынас қағидатын мойындады, яғни басқа тарап сізбен қандай қарым-қатынас жасаса, сіз де сондай әрекетте болуыңыз талап етілді. Құран аяттарына, Пайғамбар өміріне және оны алғашқы қабылдаушылардың тәжірибесіне негізделген бұл қағидат, өзара қарым-қатынас қағидатына негізделген өз нұсқауларын шығарған екінші халиф Омармен әлдеқайда тиімді түрде жүзеге асырылды, нәтижесінде ислам құқығының заңгерлері мұны муджаза немесе мумаля биль-мисль (яғни «осы секілді жасау») терминімен белгіледі.

Сонымен бірге ислам негіздеріне басқа адамдарға мейірімді, кешірімді болу ұстанымдары енгізілген. Құран мен сунна мұсылмандар үшін бағыттаушы нұсқаулар мен өзгермейтін негіздің мәңгілік қайнар көздерін, өзгеріс пен қозғалыс әлеміндегі исламмен өмір сүрудің тұрақтылық кепілін ұсынатын Заңның мәнін құрады. Қолайлы, бейбіт жағдайда мұсылман мен мұсылман еместер арасындағы қарым-қатынасты реттейтін Құран мен суннаның іргелі қағидаттары олардың арасындағы жанжалға аса үлкен мән берілмеуге бағытталатындығы шын мәнінде ешқандай күмән туғызбайтын факт болып табылды. Қазіргі халықаралық тәжірибе шын исламның экстремизммен әрі террормен үйлеспейтіндігін дәлелдеп отыр. Әлемдік террордың бастауы мен тамыры дінде емес, әлеуметтік-экономикалық және саяси негізде жатқаны анық. Құранда мұсылман мен мұсылман еместер арасындағы қарым-қатынастың ең әуелден және тұрақты мәні жауласу, соғысу емес, бейбітшілік пен түсіністік екенін көрсететін аяттар бар. Құран мұсылмандарға, егер олардың қарсыластары да соны қалайтын болса, бейбітшілікке талпыну жолдарын анық нұсқайды. Ол мұсылмандарды бейтараптық сақтап тұрған адамдарға қарсы қару көтермеуге, оларға бейбіт жолмен ұсыныс жасауға үндейді. Сонымен қатар, Құран мұсылмандарды мұсылмандарға қарсы ешқашан соғыспағандар мен оларға әділетсіздік жасамағандарға мейірімді және жомарт болуға шақырады. Мұндай нұсқауларға мысалдар хадистерде де кездеседі.

Жеке құқық ретінде мұсылман құқығы, барлық басқа құқық жүйелері мен оның қазіргі әрекет етуші саяси билікке қарым-қатынасымен ерекшеленеді. Заң барлық басқа жүйелерде тек саяси билікпен белгіленген жағдайда ғана танылады, яғни ол әрқашан саяси билік органы мен мемлекеттік аппараттың нәтижесі болып табылады. Керісінше, ислам құқығында мемлекет пен саяси биліктің өзі, тек тарихи тұрғыдан ғана емес, таза теориялық жағдайда да Заңның нәтижесі болды. Бұл жерде Заң мемлекеттің көш басында тұрады. Сондықтан ислам тарихында ешқашан заңнаманың қағаз жүзіндегі үдерісі болмаған, әр түрлі мұсылман мемлекеттерінде Шура (Кеңес) немесе Ахль-аль-Халь валь-Акд (Шешім мен келісім-шарт Кеңесі) сияқты белгілі органдар әрекет етті. Алайда олар ешқандай заңнамалық қызмет атқармады.

Исламда құқықтың дамуы әрқашан Үкіметке тәуелсіз болды. Жоғарғы заң (Негізгі заң) әрқашан Құран мен суннамен белгіленді, ал мұның шегінен шыққан барлық басқа мәселелер жарамсыз деп танылды. Сонымен қатар Жоғарғы заңның шегінен шыққан заңдарды анықтау міндеті барлық уақытта құқықтанушылар мен муфтилерге тиесілі болды.

Атқарушылық билікке сот қадағалауын жүргізу және заңнама аясында ұсыныс (заңнамалық бастамашылық) енгізуді жүзеге асыру уәкілеттігі әрқашан судьялар мен құқықтанушыларға жүктелді. Көріп тұрғанымыздай, ислам құқығының тұжырымы, құқықтық нышанға айналдырылған монархтың немесе билеушінің еркіне негізделген батыстық заңнан ерекшеленіп тұр.

Исламдағы құқық мемлекеттік емес, жеке сипатта танылғандықтан, мұсылман құқықтанушылары Хиджраның II ғасырында (мұсылмандық жыл санауы) құқық ғылымының негізін бірінші болып қалады. Ислам құқығының II ғасырдың ортасында даму сатысына көтерілгендігі сондай, оның әртүрлі: халықаралық, әкімшілік, қаржылық, іс жүргізу құқығы сияқты салалары дербес құқықтық пән ретінде дами бастады. Бұл басқа елдерде іс жүзінде этика (әдеп) мен саясаттан ерекшеленетін сала ретінде құқықтың анық тұжырымы болмаған кезеңде жүзеге асты. Қолда бар кейбір тарихи деректер мұсылман құқықтанушыларының құқықтың бұл салаларына мұнан да ертерек, яғни исламның I ғасырының соңғы онжылдықтарында көңіл бөлгендігін куәландырады.

Исламның II ғасырының басында (біздің эрамыздың VIII ғасыры) құқықтың бұл тәуелсіз салалары әрі қарай дамыды және әр түрлі атаулармен бір-бірінен ажыратылды. Бірақ олардың жалпы негізі болып шариғат танылды.

Ислам құқықтанушыларының түсіндіруіне сәйкес, шариғат - бұл адам өмірінің жалпыға ортақ жақтарын қамтитын көп қырлы жан-жақты құқықтық жүйе, сондықтан оның аясы, зайырлы құқыққа қарағанда әлдеқайда кең. Исламда діни және зайырлы қоғам арасында, бейбіт тұрғын мен рухани өмір арасында айырма жоқ. Бұл - өмірдің барлық аясындағы адамдар сақтауы тиіс, жан-жақты қамтылған мінез-құлық кодексінің ережесі.

Шариғат термині ислам Пайғамбарының өсиеттер жинағы, яғни Құранда, Алла сөзі түрінде айтылуы мүмкін немесе суннада Пайғамбардың өз мінез-құлық үлгісі дегенді білдіреді.

Шариғаттың өзі құдайдың өсиеттерін үш аяда қарастырады:

1) жалпы ережелері, ислам дүниетанымы. Олар ұстаным мен мінез-құлықты анықтайды, индивидтің барлық әрекетіне мағыналық және мақсаттық сипат береді;

2) адамның ішкі жан дүниесін, яғни ішкі сезімі мен рухани қызметін анықтайтын ережелер;

3) азаматтың іс жүзіндегі, яғни жеке, отбасылық, қоғамдық, экономикалық және өмірдің басқа аясындағы мінез-құлқының кодексі.

Атап айтқанда, шариғаттың осы фикх деп аталатын соңғы бөлігі ислам құқығы ретінде анықталады. Ол Құранда мазмұндалған іргелі қағидаттарға, қасиетті Пайғамбардың өміріндегі белгіленген, толықтырылған және көрсетілген нақты мысалдарға негізделген. Фикх ғылымы екі негізгі салаға жіктеледі:

  1. тамырлары немесе негіздері (усул -Құранды түсіндірудің методологиялары мен қағидаттары) ;
  2. тармақтары немесе салалары (фуру -жағымды құқық) .

Фикх тұжырымының дамуы бәрінен бұрын, Китаб аль-умм жинағына енген, заңи- фикх негізін мазмұндаған және алғаш рет жеткілікті түрде дәл анықтамасы мен құқықтық - фикхтың қайнар көзі жүйесін «аль-Рисала» трактатында жетілдірген Мұхаммед ибн Идрис аш-Шафии (850 ж. ө. ) есімімен байланысты. Исламның классикалық теориясы негізінде Құран мен Пайғамбардың суннасы құқықтық- фикхтың негізгі қайнар көзі болып табылады, себебі олар мінез-құлықтың нақты ережелерінен тұрады немесе құдаймен сырласудан «шығатын» олардың тиімді әдістерін көздеуден шығады. Үшінші негізгі қайнар көзі болып иджма есептеледі, өйткені мұнда Құран мен суннада тікелей реттелмеген мәселелер осы сәттегі беделді құқықтанушы - муджтахидтердің бірауызды пікірлері арқылы көрініс таба бастады. Фикхтың төртінші негізгі қайнар көзі болып қияс - ұқсастық бойынша Құран мен суннада нақты жауабы жоқ мәселелерді шешу мойындалды. Мұнан басқа, фикхтың классикалық тұжырымы қосымша, бағынышты қайнар көздері сипатындағы құқықтық шешім іздеудің басқа тиімді әдістерін қолдады. Қияс сияқты, олар да әуел бастан негізгі қайнар көздерде қарастырылған және иджтихаданы нақтылаған болып есептеледі. Фикхтың теориясы мұсылмандық - құқықтық ойдың әр түрлі бағыттарымен әр түрлі түсіндіріледі. Мазхабтар үшін тән көзқарастардың айырмашылығы, фикхтың қайнар көздерінің, соның ішінде негізгісінің де түсінігіне қатысты. Маликиттер иджманы біріккен муджтахидтердің барлығының пікірі емес, тек Мединенің сауатты тұрғындарына тән деп есептейді. Захириттер мен кейбір ханбалиттер тек Пайғамбар серіктерінің бірауызды пікірлерін есепке алып қабылдайды. Джафариттердің фикх туралы түсініктерінің ерекшелігі олардың имамат тұжырымын қабылдауымен түсіндіріледі. Сондықтан олар тек суннаға ғана емес, абсолютті беделге ие он екі имамның шешімдеріне де назар аударады. Мазхабтар арасындағы елеулі айырмашылық олардың құқықтық мәселелерді шешуде әр түрлі пайдалы тәсілдерді қолдануларында байқалады. Мысалы, ханафиттер - истихсанды , ал маликиттер - истислахты кеңінен қолданады. Сонымен қатар көптеген джафариттер қиясқа күмәнмен қараса, кейбіреулері оны фикхтың тікелей қайнар көзі ретінде жоққа шығарады. Мұндай айырмашылықтар белгілі бір дәрежеде әр түрлі құқықтық тәжірибеде көрініс тапты.

Демек, шариғаттың барша адамзат тіршілігінің бүкіл жан-жақты көпқырлы көрінісін қамтитын бұл соңғы бөлігі, фикхтың заңдар жинағы, әдетте ислам құқы деп аталады.

Мұсылман құқықтанушылары ислам заңдар жинағының мазмұнын келесі салаларға жіктеді:

- Аллаға сыйынуға қатысы бар ережелер мен нормалар. Олар жеке тұлғаның рухани дүниесінің көркеюіне және адамгершілік қасиетінің өсуіне бағытталған. Құқықтың осы бөлімінің мақсаты тұлғаның Жаратушы алдындағы өзінің жауапкершілігін және Қиямет күні жауап беретінін толықтай саналы түрде сезінетін жағдайды қамтамасыз ету болып табылады. Адам бұл сезінудің нәтижесінде ол өзін барынша абайлап ұстайды, әрі сенім негізінде сыртқы орган немесе мемлекеттік аппарат тарапынан қандай да бір бақылауды қажет етпей-ақ, заңдарды саналы түрде сақтайды;

- исламның отбасы құқығы. Ислам құқығының бұл саласы шариғат жүйесінде өте маңызды орынға ие. Ислам барлық этникалық, ұлттық, аумақтық және лингвистикалық наным-сенімдерден жоғары тұр. Ол мұсылман бауырларының барлық мүшелерін қамтиды - ерлер сияқты, әйелдердің де әмбебап ұйымдарын (қауымдар, халықтар) құру идеясын ұстанады. Отбасы осы барлық жалпы бауырмалдықтың негізін (ядросын) құрайды. Күшті және берік отбасы институты қауымның бірлігі мен ынтымағына, күшіне кепіл болады. Сондықтан шариғат, шариғаттың өзінің негізгі бес мақсатының бірі болып есептелетін отбасы институтын қорғауға зор көңіл бөлді. Исламдағы отбасы құқығы некеге тұру, жұбайлардың құқықтары мен міндеттері, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастар, мұрагерлік, өсиет және қамқоршылық мәселелерімен айналысады;

- исламдағы азаматтық құқық немесе фикх терминін қолдана отырып, келісім-шарт және өзара қарым-қатынасты реттеу туралы заңдар да ислам құқығында маңызды орынды иемденеді. Ол құқықтық мәселелердің орасан аясын қамтып, маңызды саласын танытады және шарттармен, меншік мәселелерімен, иемденумен, жеке меншікті берумен және т. б. айналысады. Қоғамдық қарым-қатынастың бұл аясына тек азаматтық құқық қана емес, сонымен қатар сауда және қаржы құқығы деп аталатын салалары да кіреді;

- исламның әкімшілік және конституциялық құқығы. Бұл мемлекет құру (мемлекет құрылысымен), Үкімет, оның әр түрлі органдары мен институттарымен, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл жерде ислам құқықтанушылары атап көрсеткендей, басқа құқықтық, саяси және конституциялық құқық (заң) жүйелерінен айырмашылығы, исламда, керісінше емес, құқық мемлекеттің үстінен басқарады (немесе оның алдында жүреді) ;

- исламның қылмыстық құқығы. Бұл ислам құқығында қылмыс пен жаза тұжырымдарын қамтиды және олар үшін қылмыстар мен жазалар туралы іс жүріп жатқанда қажетті адамгершілік қайнар көздің маңызын ерекше атап көрсетеді. Сонымен қатар қылмыстар екі санатқа жіктеледі:

1) бұл қылмыстар үшін шариғатпен қарастырылған жазалар;

2) бұл қылмыстар үшін шариғатпен қарастырылмаған жазалар.

Шариғаттың бұл бөлімінің негізгі мақсаты адам өмірін, оның ар-ожданын, зияткерлік меншігі мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады;

- исламның іс жүргізу құқығы . Ол ислам қоғамындағы сот жүйесінің рөлін және соттар басшылыққа алатын іс жүргізу негіздерін анықтайды. Мұсылман құқықтанушылары алғашқы болып құқық пен юриспруденция тарихында, құқықтың басқа салаларынан дербес іс жүргізу бойынша жеке құжаттар дайындағанын ескеру қажет. Іс жүргізу құқығы бойынша еңбек жазған, құқық тарихындағы алғашқы құқықтанушы имам Әбу Ханифаның шәкірті имам Әбу Жүсіп болды;

- исламның халықаралық құқығы да оны дербес заңның пәні ретінде қарастырған мұсылман құқықтанушыларының жетістігі болып табылады. Исламның халықаралық құқығы бойынша алғашқы еңбектер хиджраның екінші жүзжылдығында, яғни біздің дәуіріміздің VIII ғасырында жазылған болатын;

- мұсылмандардың әлеуметтік мінез-құлқын айқындайтын ережелер.

Құқықтың бұл бөлімі мұсылмандардың қоғамдық өмірдегі мінез-құлқын, дәстүрін және өзара қарым-қатынасын реттейді. Онда олардың тамақтануда, жыныстық қарым-қатынаста, киім киюде және т. б. қандай нормаларды ұстануы керектігі көрсетілген.

1. 2 Ислам құқығындағы сот төрелігі туралы тұжырым

Құранмен ұсынылған сот төрелігі туралы тұжырым әр түрлі хадистерде, Пайғамбардың өсиеттері мен оның іс-әрекеттеріне қатысты әңгімеде кездесетін тұжырымдарға негізделген. Шариғат, сот төрелігімен (заңға негізделген) шынайы әділдік арасында айырмашылық бар деп көрсетеді. Соттар мен басқа мемлекеттік органдар, дәлелдемелер мен басқа да мәліметтерге негізделген тек заңи сот төрелігін жүзеге асыруға шақырылады. Алайда жеке тұлғалар өз ары мен Қиямет күні сұрауда өз ісіне есеп беретінін ескеруіне сәйкес шынайы әділдікті бекітуге міндетті. Мұндай тұжырымның өзегін ислам Пайғамбарының дауласушы екі тараптың қандай да бір жағы қарсыласына қарағанда дәлелдеуде шешен, мәнерлі және күшті (объективті емес, бірақ субъективті) болуы мүмкін, яғни сотқа оның пайдасына шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін деген өсиеті құрайды. Бірақ бұл осы тарап шын мәнінде объективті дұрыс дегенді білдірмейді. Мұндай жағдайда Пайғамбар өз ізбасарларына, тіпті егер сот олардың (яғни, ізбасарларының) пайдасына шешсе де, ол құқықтан, шын мәніндегі жеке меншік иесінің пайдасынан бас тартуға кеңес берген, себебі ол көрсеткендей, сотқа ұсынылған іс бойынша бұрмаланған сот мәліметтерінің нәтижесінде алынған жеке меншік, бұл да өз ретіне қарай соңында Қиямет күні адамды жазалайтын жалынның ұшқыны болады деп түсіндірді. Осындай сипатта ол заң әділдігінің қағидасын дәл анықтап берді.

Бұдан әрі, әділдік пен сот төрелігінің тағы да жоғары сатысы барлығы және ол шынайы әділдіктен де жоғары екендігі көрсетіледі. Бұл деңгей - исхана (мейірбандық, рахымшылық немесе игілікті іс-әрекет) деп ұғынылады. Шариғат мұсылмандарды, олардың өздерінен де бұрын қандай да бір көмекке зәру басқа адамдардың игілігі үшін өзінде бар нәрсемен құрбан етуге шақырады.

1. 3 Заңның тәуелсіздік қағидаты

Құқықтың классикалық нұсқасында - бұл қоғамдық қарым-қатынасты реттейтін мемлекетпен белгіленген немесе санкцияланған нормалар екенін білсек, ислам құқығындағы сипаттауда оның ондай түрдегі мемлекеттік заң еместігі маңызды орын алады, себебі ол өзінің күші мен іс жүзіне асуын зайырлы биліктен және мемлекеттен алмайды. Заңның құқықтық негізгі күші Құран мен сунна басшылыққа шақырған іргелі қағидаттармен қамтамасыз етілген. Исламда заңды әзірлеу мен іс жүзіне асыру, Үкіметтің қандай да бір ықпалынсыз немесе араласуынсыз, тәуелсіз заңтанушылармен жүзеге асырылады. Әрбір бөлек жағдайда құқықтанушы, нақты жағдай мен нақты мәселеге қатысты ережелерді іздеп жетілдіру арқылы заңды түсіндіреді, сөйтіп, тек мәселені шешіп қана қоймай, заңды кеңейтуге ат салысады. Бұл жұмысқа қатысу Үкіметтің (мемлекеттің) немесе қандай да бір саяси биліктің нұсқауымен, тапсырмасымен қамтамасыз етілмейді, бұл Құдай заңын талдауда заңтанушының жеке пікірін беделді деп есептейтін қарапайым адамның сенімі мен заң ережелерінің қажеттілігіне негізделген. Әрине әр түрлі мұсылман Үкіметтерінің өз биліктерін күшейту мақсатында бұл үдерісті бақылауға алуға ұмтылғаны және ұмтылып отырғаны да күмәнсіз.

1. 4 Исламның негізгі құқықтық тұжырымдары

Құқық тұжырымы

Құқық исламда дәстүрлі түрде екі санатқа жіктеледі:

1) Алланың құқығы

2) Адамның құқығы

Бұл екі санат арасында аталған аспектінің бірінің басымдық құқыққа ие болуынан туындайтын жағдай да болады. Алланың құқықтары деп жеке адамдардың ешқайсысының мүддесіне қатысы жоқ құқықтар түсініледі. Мысалы, шариғат спирттік ішімдіктерді ішуге тыйым салады. Бұл тыйым Алланың құқығын қамтамасыз ету болып саналады, себебі оны бұзу қандай да бір тұлғаның мүддесіне зиянын тигізбейді. Екінші жағынан, ұрлыққа да тыйым салынған, бірақ егер ол жасалса - бұл жеке тұлғаның құқығын бұзу болады. Құқықтың бұл екі санаты арасында қарама-қайшылық жағдайда жеке тұлғаның құқығы басымдыққа ие болады және Алланың құқығын құрбандыққа шалуға болады. Мысалы, адамға өлімнің ең соңғы сәтінің шегіне жеткен шөлден немесе аштықтан өз өмірін сақтау үшін спирттік ішімдікті пайдалануға болады. Бұл құқықтардың ескеретін сипаты, ол барлық жағдайда жеке тұлға құқығы бұзылған кезде жәбірленуші мемлекет емес жеке тұлға болып табылатындықтан, оның айыпталушыға қарсы іс қозғауға не болмаса қозғамауға байланысты шешім қабылдауға құқығы соңғы болып табылады. Тіпті егер жәбірленуші немесе, мысалға, өлген адамның мұрагерлері қылмыскерге қарсы іс қозғаса олар оны үкім орындалғанға дейін кез-келген уақытта кешіруге құқығы бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық мәдени және діни дәстүрлердің халықаралық құқыққа әсері
Мұсылман құқығының пайда болуы мен дамуы
Мұсылман құқығының мәтіндері
Сопылық және сопылық жолдағы негізгі ұғымдар
Ислам шығуының идеялық бастауы
Өмір сүру құқығының түсінігі мен адам құқықтары жүйесіндегі орны
Құқықтық жүйе
Мұсылман құқығының пәні
Ислам сопылығы
Шетелдердегі монархтың құқықтық мәртебесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz