Дипломатиялық иммунитет және артықшылықтар


Дипломатиялық иммунитет және артықшылықтар
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ИММУНИТЕТТЕР МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
1. 1 Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтардың түсінігі, мазмұны және негіздері
1. 2 Дипломатиялық иммуниттер мен артықшылықтар институтының дамуының тарихы
2 ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ӨКІЛДІКТІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ИММУНИТЕТТЕРІ
2. 1 Дипломатиялық өкілдіктің артықшылықтары мен иммунитеттері
2. 2 Дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің иммунитеттері мен артықшылықтары
2. 3 Дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің жеке, толық және шектеулі иммуниттері мен артықшылықтары
3 «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНДА ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ИММУНИТЕТ ЖӘНЕ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРДЫҢ КӨРІНІС ТАБУЫ
3. 1 Қылмыстық ізге түсуден дипломатиялық иммуниттері бар тұлғалар
3. 2 Дипломатиялық иммуниттері бар тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау және оларды қылмыстық жауапқа тарту ерекшеліктері
3. 3 Экстрадиция институты - құқықтық көмектің ерекше түрі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
4
7
7
18
25
25
28
38
46
46
52
58
66
68
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен екі жақты және көп жақты қарым-қатынасын жүзеге асыру мемлекетіміздің дипломатиялық қызмет орындарына жүктелген, сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар шет мемлекеттерге ресми өкіл ретінде дипломатиялық немесе консулдық имунитет пен артықшылықты пайдаланатыны белгілі. Дипломатиялық имунитеттер мен артықшылықтардың заңдық ұғымының қалыптасуымен олардың теориялық құқықтық негіздемесін білу, оларды тәжірибе жүзінде дұрыс әрі аса тиімді қолдану үшін қажет. Бұл мәселе ерте заманнан келе жатса да, өзінің өзектілігін жоғалтпаған. Өйткені, мемлекеттердің дипломатиялық және консулдық тәжірибесінде тарихи даму кезеңінің әр сатысында имунитеттермен артықшылықтарға қатысты жаңа шешімін таппаған немесе теориялық негіздеуді қажет ететін сұрақтар туындап жатады. Себебі, дипломатиялық қатынастар пайда болғалы бері оған қатысты тәжірибелік мәселелердің де аясы кеңіп келеді.
Жеке дипломатиялық және консулдық имунитеттермен артықшылықтардың негізгі түрлерін халықаралық нормалардың негізінде салыстырмалы-құқықтық талдаудан өткізу олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындауға және сол айырмашылықтардың себебін анықтауға мүмкіндік берері сөзсіз.
Жаңа саяси-құқықтық бағам тұрғысынан халықаралық құқықтың маңызы мен рөлін терең түсіну керек, оның мемлекетішілік құқықпен өлшенген арақатынасы да маңызды проблема болып табылады.
Дипломатиялық иммунитет - шетел дипломатиялық өкілдіктеріне және олардың қызметкерлеріне берілген жеңілдіктің, артықшылықтардың және дүние-мүліктің жиынтығы. 1961 жылы қабылданған Вена конвенциясына сәйкес, дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлеріне төмендегідей дипломатиялық ерекше пұрсатты жағдай жасалады: олардың жеке басына, дүние-мүлкіне, тұрғын үйі мен қызмет орнына ешқандай қол сұғылмайды. Бұған қоса олар тұрған елдерінде сотқа тартылмайды, салықтан, кедендік бақылаудан босатылады
Аталған проблемалық аспектілер көпшілікке таралған сапаға ие және шын мәнінде халықаралық құқық институтына қатысты. Алайда біздің еліміздің көптеген жетістіктері Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың саяси-құқықтық және сыртқы дипломатияға ерекше мән беруімен байланысты болып отыр. Республикамыздың табыстары мен жетістіктерінің белгілі-бір үлесі қазақстандық дипломаттарға тиесілі, олар қайта құру кезеңінде өздеріне жүктелген міндеттерді атқарып, өз еліне күрделі экономикалық дағдарыстан шығуға көметесті.
Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттеу дәрежесі. Саяси ғылымда дипломатияны зерттеудің қалыптасқан өзіндік дәстүрі мен қомақты ғылыми негізі бар. Осы мақала ауқымында кеңестік кезеңдегі зерттеулерді, сонымен қатар, қазіргі заманғы жұмыстарды қарастырумен шектелеміз. Біздің ойымызша, ежелгі заманнан бастап ХХ ғасырдың 70-ші жылдарына дейінгі аралықтағы дипломатиялық қатынастар жүйесінің қалыптасуы жайлы А. А. Громыконың редакциясымен жазылған бес томдық “Дипломатия тарихы” басылымының ғылыми маңызы зор. Алайда, сол кезеңнің көптеген оқымыстылары дипломатия мен дипломатиялық қызмет мәселесін халықаралық қатынастармен бірдей қарастырды, мұндай ой қисынына әсер еткен сол кездегі үстем болған тарихи-хронологиялық тәсіл еді.
Белгілі ғалымдар С. Б. Крылов пен В. Н. Дурденевский алғашқылардың бірі болып дипломатияда болып жатқан процестерге ғылыми ізденіс жасаудың құқықтық негізін салды. Атап айтсақ, олар дипломатиялық корпус, дипломатиялық өкілдік, дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтардың таралатын салалары, дипломатиялық корпус дуаейні институты және т. б. зерттеді.
Бұл жұмыста қолданылған теориялық материал, жұмыстың тақырыбының ғылыми өңделу жағдайы біздің тақырыбымыздың тек жеке бөліктерін бейнелейтінін көрсетті: екі жақты және көп жақты халықаралық ынтымақтастық, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметі мен дипломатиясы, дипломатиялық персоналдың халықаралық-қылмыстық жауапкершілігі және т. б. аталған бағыттағы көптеген ғылыми зерттеулерді қазақстандық ғалымдар, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері жүргізді.
Бұл дипломдық жұмыстағы қолданылған талдау құқықтық, сондай-ақ тәжірибелік және басқа да теориялық материалдар осы ғылыми зерттеуді жүргізуге негіз болып табылады. Алайда қазіргі кездегі халықаралық аренадағы саяси және экономикалық өзара қатынастың, құқықтық демократиялық қарым-қатынастың даму кезеңінде таңданылынған зерттеу дерекнамасы Қазақстан Республикасындағы артықшылықтар мен иммунитеттер институтының жеке мәселелерін түсіну үшін жаңа түрткі болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - дипломатиялық персоналдар мен өкілдіктердің иммунитеттері мен артықшылықтары институтының маңызды мәселелерін зерттеу болып табылады. Қойылған мақсатқа тікелей жетуге мынадай мәселелерді зерттеу әсер етеді:
- Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтардың түсінігін, мазмұнын және негіздерін анықтау;
- Қазақстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдік персоналдарының иммунитеттері мен артықшылықтарының ерекшеліктері мен құрамын анықтау;
- Қазақстан республикасындағы шет мемлекеттердің орналасқан өкілдіктерінің артықшылытары мен иммунитеттерінің мазмұны мен ерекшелігін анықтау.
Дипломдық жұмыс зерттелуінің әдістемелік негізі. Халықаралық-құқықтық, саяси-құқықтық, философиялық, әлеуметтік және т. б. дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтар институты қолданатын басқа да ғылыми дәйектемелер, мемлекеттік және құқықтық құбылыстарды зерттеудің жалпы ғылыми және диалектикалық үйлестікке қазақстандық қана емес, халықаралық едәуір толық және сыни тұрғыда қарастыруға мүмкіндік береді.
Қойылған мәселелерді зерттеу кезінде сондай-ақ зерттеу тақырыбының сапалық сипаттамаларын анықтайтын логикалық, формальды-құқықтық, аналитикалық талдау, функционалдық әдіс қолданылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың көлемі - 70 бет. Жұмыс жоспар, кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ИММУНИТЕТТЕР МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
1. 1 Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтардың түсінігі, мазмұны және негіздері
Иммунитет ұғымы дипломатиялық және консулдық құқытағы негізгі ұғымдардың біреуі, латын сөзінен тәуелсіз, тартылмайды деген мағынаны білдіреді. Халықаралық келісімдерде белгіленген артықшылықтар мен иммунитет сөздерін айыра білу керек. Артықшылықтар деп мемлекет басшылары мен олардың өкілдерінің ерекше құқықтық артықшылығын айтамыз. Осындай артықшылықтардың ең елеулілері ретінде қол сұғушылық пен кемсітуден қорғау құқығын, белгілі бір жағдайларда арнайы белгілер мен эмблемаларды пайдалану құқығын (мысалы өз жалауын) шетелдерде өзінің арнайы байланыс құралының болуына деген (курьерлер, шифрленген хабарламалар) құқықты және басқаларды айтуға болады. Иммунитет деп мемлекет басшыларының, үкімет басшылары мен мүшелерінің, шетел мемлекеттерінің парламент мүшелері мен мен өкілддерін, сондай-ақ шетелдегі мүліктер мен мемлекеттік кемелердің дипломатиялық өкілдік орналасқан елдің сотының, қауіпсіздік қызметінің қаржылық аппаратының мәжбүрлі әрекеттеріне қорғалуын, оның ішінде талап-арыздан, қамаудан, тінтуден, жауап алудан және т. б. қорғалуын айтамыз.
Иммунитет деген сөз латынан тәуелсіз деген мағынаны береді. Артықшылықтар деп мемлекет басшылары мен олардың өкілдіктерінің ерекше құқықтық артықшылығын айтамыз [1] .
Иммунитеттер мен артықшылқтарды иеленуге құқығы бар әрбір тұлға оларды мекендік мемлекетінің аумағына келген кезден бастап иеленеді, яғни шекарадан өткен кезден бастап иеленеді, яғни шекарадан өткен кезден бастап иеленеді, егер тұлға мекендуші мемлекеттің аумағында орналасқан қойса, онда сол мемлекеттің Сыртқы істер сминистрлігіне оның тағайындалуы туралы ескерткен кезден бастап аталған құқықтарға ие болады.
Егер дипломатиялық агент үшінші мемлекеттің аумағы арқылы алдын ала келісіп (егер оған транзиттік виза берілген болса) өтетін болса, үшінші мемлекет оны тағайындалған орнына жету үшін немесе одан қайту қажетті қол сұқпаушылық және басқа да иммунитеттермен қамтамасыз етеді.
Иммунитеттер мен артықшылықтардың күші оны пайдалаланытн тұлға өз қызметін тоқтанда және сол тұлға мекендуші мемлекеттен кеткенде немесе белгіленген қызмет мерзімі аяқталғанда тоқтатылады.
Дипломатиялық өкілдіктің негізгі иммунитеттері мен артықшылықтары жүйесі:
- ғимараттың қол сұғылмайтындығы. Дипломатиялық өкілдік ғимаратының қол сұқпаушылығы іс жүзінде мынадай жолдармен жүзеге асырылады: өкілдік ғимаратына оның басшысынң рұқсатынсыз кіруге тыйым салу. Тінту, қамау. Дипломатиялық өкілдік ғимаратының қол сұқпаушылығы іс жүзінде мынадай жолдармен жүзеге асырылады: өкілдік ғимаратына оның басшысынң рұқсатынсыз кіруге тыйым салу. Тінту, қамауға алу, реквизиция және атқару әрекеттері сияқты мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыру мүмкіндігін жоққа шығару. дипломатиялық өкілдік ғимаратын күзетуді арнайы полицейлер немесе әскери бөлімшелер арқылы дипломатиялық мекеме орналасқан мемлекет жүзеге асырады.
- Мұрағаттарға, құжаттарға, хат-хабарларға қол сұғылмайтындығы
- Тіркуші мемлекетпен қатынасу бостандығы
- Салықтардан босатылуы
- алдын ала қамау тәртібіне ұстауға болмайды. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.
куә ретінде тартылмайды
- өкілдіктің архиві мен құжаттарды әрқашан және орналауына қарамастан, қол сұқпаушылыққа ие.
- өкілдік өз үкіметінен мекендеуші мемлекетте немесе үшінші мемлекетте орналасқан өз мемлекетінің басқа өкілдіктерімен, консулдықтарымен еркін байланыс жасай алуға тиіс.
- өкідік өзінің үй-жайларында, көлігенде өз мемлекетінің жалауын және эмлемасын қолдануға құқылы.
- өкілдіктің ресми хат-хабарлары қол сұқпаушылыққа ие.
Дипломатиялық почта ашылуға, қамауға алуға жатпайды. Өкілдік байланысты барлық түрін, сонымен қатар дипломатиялық куръерлерді, кодталған және шифрленген депешаларды, дипломатиялық вализаларды қолдана алады.
Вализа - чемодан деген француз сөзінен шыққан және дипломатиялық корреспонденциядан, құжаттардан тұратын және арнайы өкілетті тұлғамен (дипкуръер) немесе шығарып салусыз әдеттегі байланыс каналымен жеткізілетін және ашылуға, қамауға алуға жатпайтын жабық, сүргі салынған немесе мөр басылған қапты (чемодан, сөмке, пакет т. б. ) білдіреді [2] .
«Дипломатиялық агент» термині- мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктері мен дипломатиялық құрамның мүшелерінің жалпы аты ретінде қолданылады, яғни дипломатиялық дәрежесі бар дипломатиялық өкілдіктің басшылары мен құрам мүшелерінің атауы.
Дипломатиялық агенттердің жеке артықшылықтары мен иммунитеттеріне мыналар жатады:
а) жеке басқа қол сұқпаушылық. Дипломатиялық агент қандай жағдайда болсын, қамауға алуға жатпайды. Мекендеуші мемлекет оған лайықты құрметпен қарауы және оның жеке басныа, еркіне, ар-лжданына қарсы мекендуші мемлекеттің мемлекеттік билік органдарынан болсын, сонымен қатар басқа тұлғалардан болсын озбырлықты болдырмау үшін тиісті шаралар қолдануы керек.
б) резенденциясына, мүлкіне және хат-хабарларға қол сұқпаушылыққа ие.
Дипломатиялық агенттердің жеке меншік резинденцияларды дипломаттық өкілдіктің үй-жайы сияқты қол сұқпаушылыққа орналасқан жеріне қарамастан ие: өкілдіктің ғимарантында, жалға алған жағдайда немесе қонақ үйдің нөмірі. Оның қағаздары, хат хабарлары мүлкі, сонымен қатар көліктері қол сұқпаушылыққа ие. Оларға тінту және басқа мәжбүрлеу әрекеттерін қолануға болмайды.
в) қылмыстық, азаматтық және әкімшілік юрисдикциядан иммунитет .
Дипломатиялық агенттің үстінен тергеу органдары қылмыстық іс қозғамайды, ол жауапқа тартылмайды, оны сот органдары соттамайды, ол куәгер ретінде сотқа жауап бермеуі керек; ол айыпқа немесе өзге де әкімшілік шараларға тартылмайды.
Дипломатиялық агент, сонымен қатар азаматтық юрисдикциядан иммунитетке ие. Мекендік мемлекетте азаматық юрисдикция дипломатиялық агентке тек 1961 ж. Вена конвенциясының 31-бабында көрсетілген жағдайларда ғана қолданылады, мысалы мұрагерлік туралы талап-арызды бергенде және дипломат мұраны орындаушы немесе мұрагер болған жағдайда, мекендеуші мемлекеттегі дипломаттың ресми қызметіне байланыссыз кәсіби немесе коммерциялық қызметіне қатысты талап-арыз берілгенде;
г) салық иммунитеті. Дипломатиялық агент жанама салықтарды, жеке табысқа салынатын салымдардан босатылады; нақты қызмет түрлеріне салынатын салымдарды қоспағанда, барлық салықтардын, алымдардан және баж салықтарынан, соның ішінде жеке және мүліктік салықтардан босатылады.
д) міндеттерге иммунитет. Мекендуші мемлекет дипломатиялық агентті барлық мемлекеттік және еңбектік міндеттерден олардың сипатныа қарамастан және әскери міндеттерден меншіктен айыпу контрибуция және әскери орналастырулардан босатуға міндетті.
е) кедендік артықшылықтар . Мекендік мемлекет дипломатиялық агентке өкілдіктің қажеттігіне арналған, сонымен қатар дипломаттың жеке қолдануына арналған заттарды алып келуге рұқсат етеді. Осы заттар тасымалдау, сақтау және осыған ұқсас қызметтерден басқа кедендік салықтардан, алымдардардан және баж салымынан босатылады.
Дипломатиялық агенттің жеке жүгі, мемлекеттің заңымен немесе карантиндік ережемен алып кіру және алып шығуға тыйым салынған заттардың барына түйінді негіз болмаса, тексеруден босатылады.
Әкімшілік-техникалық құрамның және оның отбасы мүшелерінің иммунитеттері мен артықшылықтары дипломатиялық құрамның иммунитеттері мен артықшылықтарына теңестіріледі, әкімшілік және азаматтық юрисдикицяға иммунитет әкімшілік және азаматтық юрисдикцияға иммунитет әкімшілік-техникалық құрамның өз қызметінің міндеттерін атқарғанда ғана қолданымады.
Адамзат тарихында қоғам мен жеке адамның әрбір мемлекеттің өмірінде халықаралық қатынастар ежелден өте маңызды орынға ие болып келеді. Өйткені үлттардың шығуы, мемлекетаралық шекаралардың құрылуы, саяси тәртіптердің қалыптасуы мен өзгеруі, әртүрлі әлеуметтік құрылымдардың орнығуы, мәдениеттің артуы, ғылымның, өнердің, техникалық үрдістің, тиімді экономикалық дамуы сауда, қаржы, мәдени және басқа да байланыстармен, мемлекетаралық одақтармен, дипломатиялық түйісулермен және басқа да алмасулармен, түйінін айтқанда халықаралық қатынастармен тікелей байланысты болды.
Қазіргі жаһандану дәуірінде барлық елдердің өндірістің көлемі мен сипатына, өнімнің түрлері мен олардың құнына, адамдардың құндылығы мен мүратына әсер ететін бір бірімен тығыз шырмалған, көпқырлы өзара әрекеттестіктің тармақтанған торабында олардың мәні тіптен де өсе түсуде. Сол ретте әлемдік елдердің ішінде он сегіз жыл бүрын саяси картада тәуелсіз мемлекет ретінде пайда болған Қазақстан Республикасы да өзінің үлттық мемлекеттік мүддесін қорғау саясатын, ең алдымен аумақтық түтастығы мен егемендігін, азаматтарының ырыс берекесі мен олардың конституциялық құқын қорғауды түрақты түрде жүргізуде.
Қазақстан өзінің геосаяси орналасу ерекшеліктеріне сай сыртқы саяси бағыттарын азиялық елдермен қоса еуропалық елдермен де тең дәрежеде жүргізу мақсатында көптармақты саясатта үстануда. Осыған орай өзінің үзақ мерзімді мүддесіне сай, әлемдік істе өз үстемдігін нығайту мақсаты Қазақстандық Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық қызметінің жағрапиясын түрақты түрде кеңейте түсуді қажет етеді. Дипломатиялық қызметті үйлестіруші Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1118 қаулысымен бекітілген болатын. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атүарушы органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер минситрлігіне жүктелген міндеттемелер ішінде кейбіреуін атап өтетін болсақ, олар:
- Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңнамасын жетілдіру, оны Қазақстан Республикасының қалықаралық міндеттемелеріне сәйкес келтіру жөнінде үсыныстар әзірлеу;
- өзінің құдіретіндегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, бекіту;
- Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудің, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз ету;
- шетелдерде Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік - экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, бүқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету;
- Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардың депозитарий функцияларын жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының мемлекетшілік және халықаралық іс шараларын протоколдық үйымдастыру түрғысынан қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалау мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
- мемлекетішілік және халықаралық іс шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Мемлекеттік протоколды сақтауы бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;
- шет мемлекеттермен және халықаралық үйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси және экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіру.
Сондықтан да Қазақстан өз мүддесінің шеңберіне енген елдермен түрақты саяси қатынасқа түсіп экономикалық байланыстарын дамытуда. Ал Қазақстанда шетелдік елшіліктер мен өкілдіктер санының үлғая түсуі халықаралыө істе еліміздің маңызды серіктес ретіндегі беделінің өсе түскендігінің белгісі. Сыртқы саясатты тиімді түрде жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының дипломатяилық қызметін, оны жүзеге асырудағы маңызды саласы дипломатиялық құжаттаманы ресімдеуді жетілдіру қажет.
Күнделікті мемлекеттік қызметтің ерекше бір түрі ретінде дипломатия XIV-XVII ғасырдың тоғысында кең етек алғаны белгілі. Сол кезден бастап мемлекет билеушілерінің сарайларында түрақты дипломатиялық өкілдіктер пайда болып, мемлекеттік мекеме жүйесінде - мемлекеттер арасындағы хат алмасумен айналысатын, шетелдік өкілдер мен елшілерді қабылдайтын, келіссөз жүргізетін және басқадай да мемлекетаралық істерді орындайтын арнайы қызмет қалыптасты.
Дипломатия сыртқы саясаттың бөлінбес бөлігі ретінде тек қане келіссөздермен ғана шектеліп қоймайды. Жалпы қабылданған анықтама бойынша мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асыратын құрал ретінде дипломатия - бейбіт шаралардың жиынтығын, нақтылы бір мәселелерді шешуге арналған қабылдаулар мен әдістерді білдіреді; шетелдегі мемлекет және үкімет басшыларының, сыртқы істер министрлігінің, сыртқы істер мекемелерінің, дипломатиялық өкілдіктердің ресми қызметі; мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырушы өкілдерінің халықаралық мәжілістердегі қызметі, сонымен бірге мемлекеттің шетелдегі мекемелері мен азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған қызметі.
«Дипломатия» үғымын халықаралық қақтығыстардың алдын алу немесе реттеу, өзара тиімді шешімдер мен мәмлеге келу, сондай ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейте және терңдете түсу мақсатында келіссөз жүргізу өнерімен де байланыстырады. Яғни, дипломатия үғымы мемлекет басшыларының, мемлекеттік биліктің жоғарғы мекемелерінің, сондай ақ сыртқы қатынастар мекемелерінің жан жақты сыртқы саяси қызметінің барлығын қамтиды. Келіссөздер мен басқа да бейбіт құралдарды пайдалана отырып, халықаралық аренада өз елінің мүддесін қорғайды. Сол негізде дайындалатын дипломатиялық құжаттарды жан жақты талқылау барысында әлемдік дипломатиялық тәжірибеде қолданылатын дипломатиялық құжаттардың рөлі мен мәнін, құрастырылу әдіс тәсілдерін жан жақты танып білу мақсатында көптеген дипломатиялық құқықтың негізін қалаған халықаралық құжаттар мен әлемдік авторлардың ғылыми еңбектерін қарастыру өте қажет. Әрине ең алдымен 1961 жылғы 18 сәуірде қабылданған Дипломатиялық қатынастар жөніндегі Вена конвенциясы мен 1963 жылғы 12 қарашада қабылданған Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі туралы заңы және 2002 жылдың 7 наурызында осы заңның толықтырылған мәтінімен танысу өте маңызды екендігі сөзсіз.
Жалпы дипломатиялық қызметке қатысты еңбектер өте мол. Олардың қатарында Э. Сатоу «Руководство по дипломатической практике» белгілі француз дипломаты Ж. Камбон «Дипломат», Г. Никольсонның «Дипломатия», «Дипломатическое искусство» кітаптары, американдық және француздық дипломаттар Дж. Вуд пен Ж. Серре «Дипломатическая церемония и протокол», С. Симпсон «Учебные программы и курсы по дипломатической практике», ағылшын тілінен аударған В. М. Матвеева, Р. Дж. Фельтхэм «Настольная книга дипломата» еңбегінде дипломатиялық қызметте жиі кездесетін құжаттар мен сөз анықтамаларын, халықаралық үйымдар атауына мағлүматтар беріп өткен, А. Г. Ковалев «Азбука дипломатии» атты еңбегі дипломатиялық құжаттардың түрлері мен оның ішкі мәтінің қалай жазылатындығына ерекше көңіл бөлген.
Дипломатиялық қызметтің құқықтық негізіне арналған еңбектер де өте құнды: И. П. Блищенко, В. Н. Дурденевский «Дипломатическое и консульское право», Ю. Г. Демин «Статус дипломатических представительств и их персонал» атты кітабы тікелей нақты үлгілердің негізінде дипломатиялық құжаттарды құрастыруға арналған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz