Жүсіпбек Аймауытұлы және қазақ руханияты, тарих, таным, көркемдік арқауында


2. 1 Жүсіпбек Аймауытұлы және қазақ руханияты, тарих, таным, көркемдік арқауында
2. 2 Ж. Аймауытовтың педагогикалық мұрасының рухани-адамгершілік білім берудегі маңызы
Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер тізіміОсы айтылғанға орай ғалымдарымыз халқымыздың сан ғасырлық рухани мұрасын, әсіресе оның тәлім-тәрбие, ұлттық педагогика мен психологияға байланысты асыл қазыналарын, ғылыми-теориялық биіктен талдап, зерделеп көрсете білуі тиіс.
Қазақстан жағдайында ұлттық тәлім-тәрбие саласының әр түрлі проблемалары, әсіресе қазақ педагогикасының сан ғасырлық тарихы зерттеу объектілеріне айналып келеді. Тек соңғы жылдары ғана осы салада бірнеше диссертациялар қорғалып, жекелеген еңбектер жарық көрді. Бұлардың ішінде А. Ақажанованың, Н. Жәнділдиннің, К. Жөкештің, Н. Елікбаевтің, Қ. Жарықбаевтың, Т. Тәжібаевтің, В. Чистортын т. б. еңбектерін айтар едік.
Сондай-ақ, қазақ халқының психологиялық мұрасының қазіргі кезде жекелеген мғселелеріне арналған зерттеулер /Ә. Алдамұратов, С. Жақыпов, Ж. Намазбаев, К. Өмірбекова, Р. Сүлейменова, Қ. Рахымбеков, Ж. Түрікпенұлы т. б. / бар.
Халқымыздық он төрт ғасырлық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің тарихындағы аса көрнекті ғұлама тұлғалар көптен бері зерттеу объектісіне айнала бастады. Ғалымдарымыз Әбу Насыр әл-Фарабидің, Жүсіп Баласағұнидің, Махмұдіңгек Қашқаридің, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың, Шғкәрім Құдайбердіұлының, Мұхтар Әуезовтың, Мағжан Жұмабайұлының мұраларын педагогикалық және психологиялық тұрғыдан талдауға, диссертациялар қорғалды. Сондай-ақ, «қазақ халқының тәлімдік ой-пікірлер антологиясы» /Алматы. - Рауан. - 1995/, «Қазақ тәлім-тәрбиесі» /Алматы. - Санат. - 1995/, «Қазақ психологиясының тарихы» Алматы. - Қазақстан. - 1996/ т. б. осы секілді іргелі еңбектер жарық көрді.
Осы орайда ХХ ғасырдың бірінші ширегінде жазықсыз жапа шеккендердің бірі - Жүсіпбек Аймауытұлының /1889 - 1931/ алатын орны ерекше. Күні бүгінге дейін бұл ғұлама туралы төрт диссертация /Р. Досжанова, Қ. Әбдікова, Д. Құсаинов, Г. Шоқымова /, екі монография /С. Қирабаев, Р. Сағынбекұлы/ жазылған. Аталмыш зерттеулерде Ж. Аймауытұлының педагогика ғылымы саласындағы мұралары тікелей сөз болмайды.
Олай болса, Ж. Аймауытұлының жалпы педагогикалық мұрасы, әсіресе оның педогогикалық психология саласындағы көзқарастары осы кезге дейін зерттелмей отырғандағы, мұның еліміздегі ұлттық ғылымның тарихына да, қазіргі күн талабына қажеттілігі зор екендігі туындап, бізді осы тақырыпты арнайы зерттеуге алып келді.
Зерттеу объектісі. Ж. Аймауытұлының тәлім-тәрбиелік мұрасы.
Зерттеу пәні. Ж. Аймауытұлының педагогика саласындағы көзқарастары, оның қазақтың ұлттық ғылымына қосқан үлесі мен алатын орны.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Ж. Аймауытұлының педагогика саласындағы мұраларына талдау жасап, оларды теориялық жағынан сипаттау. Қазақ елінде ХХ ғасырдың ілкі ширегінде - ақ педагогика ғылымының өзіндік болмыс - бітімінің қалыптаса бастағанын дәлелдеу, оларды әлемдік педагогика ғылымының тарихымен сабақтастыра зерттеп, еліміздегі қазіргі педагогика ғылымының бағыт-бағдарымен үндестіру.
Курстық жұмыстың әдіснамалық /методологиялық/ негізі. Зерттеу жұмысы диалектикалық-материалистік, детерминистік, тарихи-салыстырмалы ұстанымдарына, сондай-ақ, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың /педагогика, саясаттану, әдептану, эстетика, тарих, этнология т. б. / теориялық астарларын негізге ала отыра қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің даму тарихын көрсетуге бағытталған. Қазақ халқының психологиялық ой-пікірі тарихының Әбу Насыр әл-Фарабиден басталатын, кейіннен А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. М. Торайғыров, Ғ. Қарашұлы, М. Ж. Көпейұлы, т. б. ғұламалар жалғастырды, теориялық тұжырымдарына негізделе отырып, бұлардың Ж. Аймауытұлының пікірлерінен көрініс тапқандығы белгілі.
Зерттеу көздері. Курстық жұмыс жазуда қазан төңкерісінде дейінгі қазақстандық, шетелдік, бұрынғы Кеңес одағы, қазіргі ТМД елдеріндегі ғалымдардың /философтар, саясаттанушылар т. б. /, әр заманда өмір сүрген ұлы ойшыл, ғұлама ғалымдардың тәлім-тәрбиелік мұрасын талдауға алған зерттеулері /баспа беттеріндегі жарияланандармен қолжазба түріндегілермен/ пайдаланылады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Ж. АЙМАУЫТҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ 1. 1 Ж. Аймауытұлының педагогикаға арналған еңбектеріЕкi заман шекарасында көзiн аша бастаған туған халқының арқылы, ойы, ары, баскөтерерi болып, оның қамы үшiн, тағдыры мен болашағы үшiн бастарын тауға да, тасқа да соғып, ақыры бiр кездерде бiздiң елдi жайлаған, зорлық-зомбылы дертiнiң, социолисттiк заңдылықты бұзудың құрбаны болып кеткен арыстарымыздың қатарында Жүсiпбек Аймауытовта бар.
Ол - ақын, прозашы, рамашы сыншы, публицист, аудармашы. Әдебиеттiң әр алуан жанрларында белсендi қызмет ете отырып, Жүсiпбек жаңа дәiрдегi әдебиеттiң негiзiн салушылардың алды легiнде болды. Көптеген iрi шығ армаларымен жаңа iзденiстердi орнықтырды.
Жүсiпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясының Павлодар уезiнде Қызылтау болысының бiрiншi ауылында туған. Арғы аталары ауқатты болған деседi. Бiрақ Жүсiпбектiң өз әкесi Аймауыт та, оның әесi Дәндібай да шағын шаруалы адамдар екен. Руы-Сүйiндiк. Бұл жағынан келгенде, Сүйiндiк iшiнде Айдабол, Көлiктен шыққан атақты ақындар Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мәшкүр Жүсiп Көпеевтермен Жүсiпбек әрi жерлес, әрi аталас. Жүсiпбектiң 15-жасқа дейiнгi өмiрi ауылында өтедi. Ол ауыл молдасынан оқып сауатын ашады. Тиiп-қашып, әр қилы молдалардың, өз айтуынша, Жүнiс Қожа, Шаймерден Қожа, Қожаахмет Қожа, Қапар Қожа, Мұхамеджанның алдын көрiп, ескiше едәуiр бiлiм алады. Содан кейiнгi бiраз уақыт өзi де молдалық құрып, бала оқытады. “Қартқожа» романында Жүсiпбек Аймауытов бала молда ретiн де өз өмiрiнiң осы тұсын суреттеген.
1907 жылы Жүсiпбек молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс мектебiне түседi. «Оспанның(Аймауыттың iнiсi) Серебрянников дейтiн тiлмашы менi тәуiр көрушi едi. Баянда соның үйiнде жаттым. Баянда бiр қыс оқып, екi бөлiмiн бiтiрiп, келер жылы Керекудегi қазыналық ауыл шаруашылық школiне барып емтихан ұстадым» - дейдi ол.
Бiрақ ауыл шаруашылық мектебiнде ұзақ оқи алмайды. Бiр айдай ауыл шаруашылық жұмысына қатысып, одан кейiнгi екi ғана оқуға мүмкiндiк алған, Жүсiпбек мектеп режимi мен әдiлетсiздiкке қарсы бой көтерген балалардың қатарында оқудан шығып қалады. Осыдан кейiн бiраз уақытын ол ауылда бала оқытумен, Баяндағы мектептiң үшiншi класында оқуын жалғастырумен өткiзедi. Содан 1911 жылы Керекуге келiп, екi класты орыс-қазақ мектебiне орналасады. Әуелi сол мектепте, кейiн интернатта бiлiм алып, 1914 жылы Семейдегi мүғалiмдер семинариясына түседi, оны 1919 жылы бiтiредi. Семейде ол «Абай» журналын шығарысады. Аймауытовтың саяси-әлеуметтiк қызмет сапары 1919 жылдан басталады.
1919 жылы Жүсiпбек Алашордадан бөлiнiп, Кеңес үкiметi жағына шығады. Коммунисттiк партияның қатарына өтедi. Семейде, Павлодарда партия, кеңес жұмыстарын атқарады. 1920 жылы Қазақстан кеңестерiнiң съезiне делегат болып қатысады, сол жылы қаңтар айында Жүсiпбек партия қатарына кiредi. Содан кейiн Қазақ АССР Халық ағарту комиссариятында басшылық қызметте ( комиссардың орынбасары болып ) қалады. 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi, кейiн «Қазақ тiлi» газетiнiң редакторы болып iстейдi. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалiмi, ал, 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетiнiң редакциясында қызмет атқарады. Бұдан кейiн 1926-1929 жылдары Шымкент педагогтiк техникумының директоры болады. Ара-тұра сол кездегi саяси науқандарға араласады. Торғай уезiнiң ашықққан халқына жәрдем ұйымдастырып, жиналған малды «өзi пайдаланып кеттi» деген жаламен жауапқа тартылып, артынан ақталады. Содан 1929 жылы «Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар» деген сылтаумен қайта тұтқынға алынады.
1931жылы Жүсiпбек Аймауытов 42 жасында, нағыз шығармашылық толысқан кезiнде қыршынынан қиылды.
Алғаш өлең жазумен әуестенiң Жүсiпбек 13 жастан деп санайды. «Дұғалық жазатын кiшкене қара шолақ кiтапшама тiленшi шалға есiгiн ашпаған бiр кемпiрдi, көшкенде байталға мiнбеймiн деп әкесiн ренжiткен қызды өлең қып жазып қойғанымды әкем көрiп, маңдайымнан иiскегенi әлi есiмде. Содан соңғы өлең жазғаным 19-20 жастар кезiмде болса керек. Бiр бала молдамен айтысып, өлең жазғаным бар. 1912 жылы жазған өлеңдерiм ескi дәптерiмде әлi сақтаулы. Абайға елiктеппiн. Ең алғаш басылған сөзiм - 1913 жылы болса керек, бiр ақылық алыпсатардың болыс болам деп, елге бiр месте шай апарып, елдiң қулары болыс қоямыз деп, шайларын алдап алып, бос қайтқаның жазып едiм. Бұл хабар «Қазақ» газетiнде басылды. Сол хабардың басылуы қалам ұстауыма үлкен себеп болды. 1916 жылы қазақтан жұмысшы алудың артынан пьеса жаза бастадым. Алғаш жазған 5 перделi пьесам жарыққа шықпады» -деп жазған.
Оқуы мен қызмет бабына байланысты, 1914 жылдан бастап, он жылдай Семейде болған кезiнде Жүсiпбектiң жақсы қарым-қатынас жасасқан, көңiлдес, достас адамдары, Шәкәрiм, Көкпай, Сұлтанмахмұт, Сәбит Дөнентаев, Иса Байзақов, Жұмат Шанин, Майра, Әмiре сияқты әдебиет, өнер қайраткерлерi.
Жүсiпбектен қалған мұра аса бай. Оның iшiнде «Қартқожа», «Ақбiлек» романдары, «Күнiкейдiң жазығы» повесi мен көптеген әңгiмелер, «Рабиға», «Мансапқорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия-Шарбану», »Шернияз» атты пьесалар, өлеңдер мен «Нұр күйi» поэмасы, балаларға арналған ертегi кiтапшалар, сын мақалалар мен көптеген аударма кiтаптар, оқулықтар бар. өз кезiндегi газет-журналдар бетiнде Жүсiпбек жазған мақалалар да бiрсыпыра.
Әлеуметтiк төңкерiстер заманында өмiр сүрген Аймауытов өзiнiң қысқа ғұмырында артына аса бай әдеби, ғылыми мұра қалдырды. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. Дюма, А. С. Пушкин, Р. Тагор, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой, Дж. Лондон шығармаларын, «Интернационалды», бiрқатар ғылыми еңбектердi қазақ тiлiне аударды. Педогогикалық психология, методика, эстетикалық тәрбие туралы зерттеулер жазды, әдебиет, эстетика, сын саласына қатысты, сан алуан публицист мақалалар жазды.
1918-1919 жылдары М. Әуезовпен бiрге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген біркеншiк атпен, Әуезовпен бiрлесiп, «Абайдың өмiрi және қызметi» (1918 №2), «Абайдан кейiнгi ақындар» ( 1918 №3) деген мақалалар жазды.
Жүсiпбектiң «Қартқожа» романы 1926 жылы тұңғыш рет Қызылорда қаласында жеке кiтап болып шыққан. Бұл- ауылдағы қарапайым қазақ азаматының өмiрiн, оның әлеуметтiк арпалыстар кезiндегi күрделi тағдырын этикалық үлгiде көркем бейнелеуге арналған қазақ әдебиетiнiң алғашқы көлемдi шығармасы. Онда қазақ ауылының революция алдындағы және әлеуметтiк қақтығыстар кезiндегi тiршiлiгi, азаттық жолындағы күрестен кейiнгi жаңаша ұмтылысы шыншылдықпен бейнеленедi. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның 1917 жылғы ақпан революциясына ұласуы, қазақтарын ел iшiндегi әлеуметтiк күрестерге араласуы, «Алашорданың» құрылуы, Октябрь революциясы мен азамат соғысының оқиғалары роман сюжетiне желi боп кiредi. Шығарма қаһарманы Қартқожа да, оның елi, жұрты да осы оқиғалар фонындағы тартыста есейiп, есiн жинап, iлгерi басады, болашаққа ққарайды.
Романда айрықша көзге түсетiн нәрсе - көшпелi қазақ аулы өмiрiнiң жүдеулiгi, қоғамдық әдiлетсiздiк. Мұны бiз Қартқожа туып-өскен ортаның семьялық тiршiлiктiң, ескi ауылдағы әлдiнiң әлсiзге жасаған зорлығы фактыларынан, осы негiздегi қақтығыстардан танимыз.
Шығарма қаһарманы жайындағы жазушы толғанысында бүкiл романның пафосы жатыр. Автор қазақ ортасынан шыққан жас Қартқожаны «елi үшiн күйген, еңбектi сүйген, ер жүректi, жұртшылық көсемi- жалынды жастардың» қатарынан көргiсi келедi. Оның халықтың ойлары Қартқожа бейнесi арқылы өрбiп дамиды.
Шығарманың шұрайлы тiлi - жазушы шеберлiгiнiң айқын көрiнiсi. Ондағы суреттер ел өмiрiн, дала тiршiлiгiн, ондағы адамдар ұғым- түсiнiгiн оқырманның көз алдына жайып салып отырады.
Бұл «Қартқожаның» жалпы идеялық, тақырыптық маңызына қоса қазақ романының тарихындағы көркемдiк ролiнде, жаңалығын да аша түседi.
«Ақбiлек» - жеке кiтап болып басылып үлгермеген шығарма. Ол кезiнде «әйел теңдiгi» журналының 1927-1928 жылдар iшiндегi бiрнеше санында жарияланған. Бiрiншi рет 1989 жылы Жөсiпбектiң таңдамалы шығармалары iшiнде жарық көрдi.
«Ақбiлек» тақырыбы жағынан «Қартқожа» романымен үндес. Егер «Қартқожада» жазушы ескi қоғамдық құрылыс жағдайында теңсiздiкте өмiр кешкен қазақ жiгiтiнiң құлдықтан құтылып, азаттық күрес жолына шыққан суреттесе, «Ақбiлектеде» осы идеяны жалғастырады. Мұнда феодалдық- рушылдық ортада жiкшiлдiктартыстардан қорлық көрген қазақ қызының жаңа заман шындығын пайдаланып, өз бағытын табу, тең құқылы азамат болуы бейнеленедi.
Жазушы халықтық көзқарасы романдағы байлар мен кедейлер өмiрiн, олардың ара қатынасын, рушылдық, жiкшiлдiк, пендешiлiк ұсақ мiнездерден туған кикiлжiңге әлеуметтiк сипат бере бейнелеуiнен көрiнедi. Ол тұрмыс - салттың ұнамсыз жақтарын да көңiл аударады. Әлдiлердiң тарапынан әлсiздерге жасалып жатқан зорлықы көре бiледi. Жалпы алғанда
«Ақбiлек»- бiр қыздың тағдыры негiзiнде әлеуметтiк революциялар дәуiрiндегi қазақ ауылының жанаруын суреттейтiн алғашқы қазақ романының бiрi.
«Күнекейдiң жазығы» повесi 1928 жылы «Жаңа әдебиет» журналында жарияланған. Мұның да тақырыбы әйел тағдыры.
Повестте сол кездегi ел iшiндегi қыз ұзату, көшу, жастардың ойын сауық ұйымдастыруы, халықтық әзiл- қалжыңдар сияқты тұрмыстық суреттер мол. Ол өмiр тануға, дәуiр шындығын түсiнуге қажет этнографиялық материалдар бола алады.
Ақ өлең үлгiсiмен жазылған шығарманың тiлi Жөсiпбектiң прозадағы жаңа бiр iзденiсiн танытады. Оның ырғақты прозасы ескi рухани тiршiлiгi өлеңмен байланысты болған халықтың жаңа жанрды игерудегi өзгеше тарады.
Жүсiпбектен қалған бiрталай әңгiме бар. Олар «Бетiм-ау құдағи ғой»( 1918 ), «өмiр деген осы ма», «Мысыққа ойын, тышқанға өлiм» ( 1923 ), «Елес», «Оралдан поезд өткенде», «Қойшы Тастамақ», «Жаңа өмiрге аяқ басты», «Жидебайдың баяндамасы» ( 1924 ), «Жетi азбан», «Жол үстiнде», «Көшпелi көжебай», «әншi» ( 1925 ), «Боранды болжағыш әулие» ( 1926) т. б. Бұлардың көбi сол кездегi газет-журналдар беттерiнде жарияланған. Әңгiмелермен қатар баспасөз беттерiнде Жүсiпбек қолынан шыққан өлеңдер, публицистикалық мақалалар, фельетондар аз емес.
Жүсiпбек әңгiмелерi, негiзiнен, жазушы өмiр сүрген дәуiрдiң шындығын суреттеуге арналады. Оларда ел тұрмысындағы өзгерiстер, адам психологиясындағы жаңалық, әлеуметтiк теңсiздiк пен оған қарсы күрес, өнер тақарыбы, уақыт, заман туралы толғаныс, т. б. мәселелер сөз болады.
Жүсiпбек - әдеби шығармашылығын ақындықтан бастаған адам. Бiрақ өлендерi жиналып басылмай, кезiнде жарық көрген күнделiктi баспасөз бетiнде қалған. Қазiр бiзге белгiлi Жүсiпбектiң поэзиялық туындыларының iшiнде «СарыАрканың сәлемi», «Ах-ха-хау», «Көшу», «µршығым», «әскер марселлезасы», «Тұңғиық, түпсiз астында» тағы да басқа өлендер мен «Нұр күйi» атты поэмасы бар. «Нұр күйi» атты поэмасы 1929 жылы Қызылордада жеке кiтап болып басылған. Оны автор «күйлi сөз» деп атаған. Поэма уақиғасы Жiбек анананың жаңа туған нәрестесiне толғанып айтқан жыры мен басталады. Бiрақ ана қуанышы баласының соқыр екенiн бiлiп тез басылады. Алайда бала өнерпаз, күйшi болып өседi. Өнерiмен, жұртты таң қалдырады. Кейiн орыс дәрiгерлерiнiң көмегiмен көзi жазылып ол қуаныш шаттық күйiн тартады. Автордың «Нұр күйi» дейтiнi сол. Ақын сол арқылы өнерпаз бала көрген, оның келешегiн айқындаған нұрдын, жарық сәуленiң шатты сезiмдерiн жырға қосады. Поэма жастарды өмiрдi сүйюге, қиыншылыққа мойымай, онымен күресе бiлуге тарбиелейдi. Едiгенiң орыс дәрiгерiнен көмек алуы арқылы автор халықтар туысқандығының да проблемасын өзiнше шешуге ұмтылады. Поэманың жазылу үлгiсiнде де ақ өлең көбiрек қолданылады.
Жүсiпбек көп шығармаларын жаңа, жас ұрпаққа арнады. Соларды жаңа рухта, күрескерлiкке, адамгешiлiкке тәрбиелейтiн кiтаптар жазды. Оның балаларға арнап жазған «Жаман тымақ»,
«Шал мен кемпiр», «Көк өгiз», «¦ш қыз», сияқты ертегiлерi бар. Олар суреттi кiтапша үлгiсiнде жазылған.
Жүсiпбек көптеген сын мақалалар да жазған. Олардың iшiнде М. Әуезовпен бiрiгiп жазған «Мағжанның ақындығы туралы» (1923), «Аударма туралы» (1925 ), «Сұңқар жыры» (1925) атты еңбектерi автордың әдебиет жөнiндегi, оның ерекшелiктерi туралы, жазушы шығармашылығын түсiнудiң принциптерi жайындағы ұғым-түсiнiгiн, көз қарасын көрсете алатын елеулi туындылар.
Оның артында бiрталай ғылыми мұра да қалды. Ол халық ағарту комиссариатында педагогикалық оқу орындарында қызмет iстей жүрiп, жас ұрпақты жаңа рухта тәрбиелеуге, олардың ғылымның әр саласында жан жақты бiлiм алуын көздеген еңбектер оқу құралдарын жазды. Олардың iшiнде «Тәрбиеге жетекшi» (1924 ) «Психология» (1926), «Жан жүйесi» атты елеулi кiтаптары бар. Бұлар, әрине, бүгiнгi педагогика мен психологиның методология тұрғысынан әлсiз көрiнседе, өз дәуiрi үшiн аса пайдалы қызмет атқарды.
Ендi бiр ең елеулi тарихи еңбегiн атап айтуымыз керек. Сұлтанмахмұт алдында айтып кеткенде Жүсiпбекке туыс болып келедi. Сұлтанмахмұт өлген соң 1920 жылы, оның шығармаларын он жыл бойы жинап-терiп баспаға әзiрлеп, өмiр тарихын жазған Жүсiпбек едi. Жүсiпбек Аймауытов - қазақ әдеби тiлiнiң жүлде бермес жүйрiгi, Терең ойлы, нәзiк сезiмдi, ұшқыр қялды, кен құлашты, нағыз классик жазушы.
Жүсiпбек музыканы - ән мен күйдi жанындай жақсы көрген адам. Атақты композитор Александр Затаевич Жүiпбектен Қазақтың оннан астам әнiн жазып алып, оны «Қазақтың 1000 әнi» деген кiтабына енгiзген. Жүсiпбек өзi де ән шырқаған.
Жүсiпбек Аймауытов Сталиннiң қара жүрек, қанды қол қарақшы жендеттерiнiң қолынан, 1931 жылы 41 жасында қыршынынан қиылды.
1924 жылы мектеп мұғалiмдерi мен педагогикалық оқу орындарында оқитындарға арнап «Тәбиеге жетекшi» (Орынбор, Госиздат, 86 бет ) атты кiтабы шықты. Абай, Шәкәрiм шығармаларында iргесi қланған, қјазақи педагогикалық психологияның ұғым-түсiнiктерiнiң арнайы тұауын кескен, бұларды қазақ жұртына тұңғыш паш еткен осы еңбек. Кiтаптың бiрiншi бөлiмiнде тәрбие негiздерi, оның нақты мақсаты мен мүддесi, негiзгi принциптерi, бұларды жүзеге асырудың жай-жапсары, сондай-ақ, тәрбиенiң ұлттық және әлеуметтiк болатындығы, заман ағымына қарай, ол түрлi өзгерiстерге түсiп отыратыны жан - жақты сөз болады. Кiтаптың дидактика атты екiншi бөлiмiнде ( ол он сегiз параграфтан тұрады ), бiлiм дегенiмiз не, оны бағдарлау не үшiн қажет, дидактиканың психалогиалық астарлары, нақтылап айтқанда шәкiрттердi оқуға ынталы ету, мұның қандай әдiстерi мен жолдары бар, дағдылану, машықтану, оқыту процесiндегi көрнектiлiктiң ролi, сабақтың басынан аяғына дейiнгi жүрiсi, яғни оның түрлi аспектiлерi т. б. осы секiлдi мәселелерi 20-жылдары жаңадан түлей бастаған дүнияуи қазақ мектебiнiң нақты өмiрiнен алынған деректер келтiру арқылы талданады. үшiншi бөлiмiнде - мектеп басқару мәселелерi, яғни мектептiң тазалығы мен жинақтылығы, эстетикалық талғамы, деңсаулық сақтау шаралары, мектеп үйiнiң құрылысы, т. б. осындай жайттар. Қазақ ұғымына лайықты түсiнiктермен баяндалған, «Тәрбиеге жетекшi» кiтабының он екi параграфтан тұратын төртiншi бөлiмде жаңа тұрпатты қазақ мектебiн қалай құру керек, ұстаз бен шәкiрт ынтымағының басты белгiсi қандай болмақ, мектептерде жіргiзiлетiн еңбек, тазалық, дене тәрбиесi қалайша жізеге асырылуы тиiс, тiптi сейiл - серуеннiң өзiн қалайша тиiмдi етiп ұйымдастыру керек т. б. осы секiлдi «ұсақ-тійек» көрiнетiн мәселелерге де автор ерекше мән берiп, бұларға аса зерделiкпен қјарап, олардың әрқайсысына өз пiкiрiн бiлдiрiп отырады, зерттеуде бұл айтылғандарға тиiстi талдау жасалған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz