Ақша реформасы, ұлттық валютаны енгізу
Ақша реформасы, ұлттық валютаны енгізу
Бұрынғы КСРО-да 90-шы жылдардың басында экономиканы ырықтандыру процесімен қатар ақша-несие саласында дезинтеграциялық процестер ұлғайды. 1992 жылы жеке ұлттық валюталарын алғашқы болып Прибалтика елдері, Әзірбайжан, Украина, ақша белгілерін - Молдова мен Беларусь енгізді. Ресей өз ұлттық валютасы - рубльді 1992 жылдың аяғында ақша айналысына шығарды. 1993 жылдың мамыр айында олардың артынан Қырғызстан ерді. 1993 жылдың шілде-тамыз айларында Ресейде ақша реформасы жүргізіліп, оның қорытындысында кеңес рублінің қолданылуы толық тоқтатылды, ол жаңа үлгідегі Ресей рубльдеріне ескі ақша белгілерін ауыстыруға рұқсат берілген жоқ. Ішкі ақша айналымында төлем құралы ретінде рубльді пайдаланатын ТМД-ның басқа мемлекеттерімен Ресейдің ақша жүйелерінің бөлінуі басталды.
Жаңа рубль аймағына кірудің ресейлік шарттары Қазақстан үшін қолайлы болмады, өйткені оның түпкі экономикалыө мұдделеріне қысым жасалып, ұлттық тәуелсіздігімізді жоғалтудың қаупі төнді. Теңгені енгізу алдында дайындықтың тиянақты процедурасы күтіп тұрды; қазақ банкнотының дизаинын әзірлеу, шетел мемлекеттері мен ТМД елдерінің өз валюталарын енгізудегі тәжірибесін зерттеу және ақша реформаларын жүргізу. Ұлттық валютаны енгізудің алғашқы жұмыстары 1992 жылдың күзінен Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Ұлттық валютаны даярлау мен енгізу бойынша шаралардың Бағдарламасы әзірленген уақыттан басталды. Алайда, белсенді жұмыс 1993 жылдың З қарашасынан басталды, бұл кезде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ұлттық валютаны енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комиссиясы және ұлттық валютаны енгізуге байланысты шараларды жүзеге асыратын жұмыс тобы құрылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы теңге мемлекеттің бүкіл аумағында айналысқа 1991 жылдың 15 қарашасында енгізілді. Бірінші кезеңде (қараша айының 15-нен бастап 18-не дейін) ұлттық валютамен қатар рубльдік банкноттар жүрді. Ал, 1993 жылдың 18 қарашасынан ұлттық валюта - теңге.
Қазақстанда теңгені енгізуге байланысты банк саласын реформалау бойынша аз жұмыс атқарылған жоқ: екі денгейлік банк жүйесі қызмет етті, барлық мамандырылған банктер акционерпік банетерге ауыстырылды, Жинақ банкі атауы Қазақстан Республикасының Халық Банкі атауына ауыстырылды, ал Ұлттық Банкке орталық банктің бірқатар функциялары жүктелді. Ұлттық валютамыздың енгізілуі Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудегі рөлін біршама кетерді, өйткені осы уақыттан бастап ол жеке ақша-несие саясатын жүргізе алды.
Ұлттық Банк ақша-несие саласының қызмет етуіне, оның бюджетпен және банктермен өзара қатынасын қалыптастырып, банк қызметінің нығайтуға толығымен жауап берді. Теңгені енгізгеннен бері 1995 жылға дейін Ұлттық Банк жеке ақша-несие саясатын жүргізу, банк жүйесі қызметін реттеуші, нормативтік-құқықтық құжаттарды реттеу мен қабылдауда біршама тәжірибе жинақтады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысымен 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстанның 1995 жылғы банк жүйесін реформалау бағдарламасының алғашқы құжаты бекітілді. Бұның қалыптасуы ақша айналысының және несиенің түпкі қайта құрылуының міндетті шарттарының бірі болды. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ақша-несие реттеудің әдістері мен аспаптары әрі қарай дамуға мүмкіндік алды, банктердің қайта қаржыландыру механизмі елеулі өзгерістерге түсті. 1995 жылдың ақпан айынан директивті несиелердің берілуі тоқтатылды, орталықтандырылған көздердің есебінен ұсынылған несиелердің көлемі мен мерзімдері қысқартылды, ал экономиканы несиелендіру функциясы Ұлттық Банктен екінші деңгейдегі банктерге ауысты. Банктер экономиканы несиелендіруді өздері жеке халық жинақтарын, шаруашылық субъектілердің бос қаражаты мен сырттан қарыз тарту есебінен қамтамасыз етуі керек болды.
Ұлттық Банк орталық банктерге жатқызылатын функцияларды орындай бастады: яғни, екінші деңгейдегі банктерді, олардың өтімділігін қолдау мақсатында несиелендіру, жалпы ақша несие және валюталық реттеу, 1995 жылдың бірінші жартысында Ұлттық Банк несиелерді екінші деңгейдегі банктерге аукциондар арқылы қысқа мерзімге берді. Жылдың екінші жартысында операциялардың салмақ орталығы мемлекеттік құнды қағаздардың екінші нарығына көше бастады. Осы жылдың қыркүйек айынан ломбардтық несиелендіру жүйесі енгізілді, сол жылдың аяғына таман Ұлттық Банктің несие аукциондарын өткізу тәжірибесі тоқтатылды, бұл банкаралық ақша нарығының рөлін біршама көтеру мен дамытуға байланысты болды.
Соңғы жылдары банк жүйесі мемлекетте банк ісін қалыптастыру мен жүргізуде бұрынғы идеологиядан алшақтап кетуіне және банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын жаңа міндеттерді банктер мен ұйымдарға қоюына байланысты біршама өзгерістерге ұшырады. Мемлекет экономикасының негізгі мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, отандық банк жүйесін ұйымдастыру тұжырымдамасы қайта қаралды. 1996 жылдың желтоқсан айында Ұлттық Банк мемлекеттің барлық банктері халықаралық банк тәжірибесінде қабылданған капиталдың жеткіліктігі, активтер сапасы, менеджмент деңгейі, бухгалтерлік есеп, ақпаратты енгізу және тарату астндарттарына ауысуын кездейтін банктердің халықаралық астндарттарына ауысу тәртібі туралы ережені бекітті.
Қаржы нарығының құрылуы экономиканы басқаруда несие институттары рөлінің өзгергендігін және экономикалық қатынастар жүйесінде несиенің рөлі көтерілгендігін білдіреді. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктер үшін активтерді орнықтыру, қаражатты мемлекеттік құнды қағаздарға салу және шетел валютасымен операциялар жүргізу тиімді болып табылады. Нақты секторды несиелендіру құнды қағаздардың табыстылығымен салыстырғанда біршама пайдалы, бірақ ол банктер үшін оның тартымдылығын төмендететін жоғары қауіпке ие. Алайда, мұнда да жағымды өзгерістер болды: банк несиелері жыл басынан 30%-ға өсіп, қазан айының басында 93,7 млрд. теңгені құрады, мұнда несиенің банк активтеріндегі үлес салмағы 48%-ға дейін көбейді.
КОРПОРАТИВТІ БАҒАСТЫ ҚАҒАЗДАР ТҮСІНІГІ
Нарықтық экономиканың негізгі мақсаты -- пайда табу болғандықтан, әрбір қызмст түрі капиталдын көбею саласы болып табылады. Сондықтан осы тұрғыдан карайтын болсақ, әрбір нарық түрі қаржы салымынын нарығы болып саналады. Қызметтің қаржы саласы деп қаржы құралдарынын жиналу, көбею процесіндегі қайта құйылу сферасын сату-сатып алу мен ерекше тауар капиталдын айналымына байланысты қатынастар жиынтығын айтамыз.
Қаржы нарығын қаржы құралдарын қайта бөлінуіне байланысты екі бөлімге бөлуге болады. Бірінші бөлім - банктік несие нарығы болып табылады. Банктер, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардын уақытша бос қаржы кейіннсн банк несие алушыларға одан да жоғары процентпен несие береді. Бұл жағдайда ақша қозғалыс үрдісі ақшанын өз иелерінен қарыз алушыға берілуі банк арқылы жүргізіледі.
Бағалы қағаздардың экономикалық мәніне карыз міндеттемесіне өтуін талдау және ресурстардың ерекше түрлеріне (жылжымайтын мүлік, жер тауарлар, ақша және т.б) мүліктік құқықтарды құжатты түрде рәсімдеу мәселелері жататындықтан бағілы қағаздар нақты меншік объсктілерінен белінуі мүмкін. Бағалы қағаздардың бірнеше ерекшеліктсрі бар.
Бағалы қағаздар етімділік қасиетін иеленеді, яғни оны сату арқылы ақша құралдарына ауысу қабілеттілігіне ие.
Бағалы қағаздарды шығару сериямен жүргізіледі.
Бір тилті бағалы қағаздар стандартты мазмұнды болуы тиіс. Стандарттылық бағалы қағаздарды жаппай бір типтес тауарға айналдырады. Бағалы қағаздардың көптүрлілігі олардың классификациялануындағы критерийлердің көптілігін кажет етеді. Бағалы қағаздар келесі түрге жіктеледі:
Иелену құқығы белгілері бойынша:
атаулы бағалы қағаздар (бслгілі бір тұлға атына жазылады);
ордерлі бағалы қағаздар (бірінші иемденуші атына жазылады);
ұсыну үшін бағалы қағаз (иемденушінің сәйкестендіру құқығының орындалуын талап етпейді);
Арналу немесе шығару мақсаты бойынша:
қысқа мерзімді қаржы нарығынын бағалы қағаздары
(айналыс мерзімі 1 күннен бір жылға дейін);
капитал нарығының қағаздары (орта мерзімді және ұзақ мерзімді сипаттағы қағаздар).
Сонымен бірге капиталды бағалы қағаздарды бағалы қарыз (қарыз катынастарына негізделген) және меншік катынастарын білдіретін бағалы қағаздар деп 2-ге белуге болады.
3) Эмитент түрі бойынша:
мемлекеттік бағалы қағаздар (эмитент болып орталық үкімет немесе жергілікті аткарушы органдар табылады);
корпоративті бағалы қағаздар (эмитент болып әр түрлі сферадағы кәсіпорындар табылады). Корпоративті бағалы қағаздардың эмитенті акционерлік қоғам, меншіктің баска да ұйымдастырушылық-құқықтык формадағы кәсіпорындар болып табылады. Бағалы қағаздар несиелік қатынастар арқылы жүргізіледі, яғни қаржылық құралдары белгілі бір мерзімге пайдалануға беріліп, қарызды пайдаланғаны үшін алдын-ала белгіленген процентті төлеумен қайтарылады. Берілген қаржы құралдарын тарту формасына сәйкес облигациялар, вексельдер, банктердін депозит және жинақтық сертификаттар сияқты корпоративті бағалы қағаздар қолданылады.
Үлесті бағалы қағаздарды иемдену барысында олардын иеленушісі сол кәсіпорынның үлесті иеленушісі болып табылады. Мұндай бағалы қағаздар акция иеленушіге акционерлік қоғамның накты үлесін иелену күкығын береді.
Қосымша туынды бағалы қағаздар - опциондар, варранттар, фьючерстік келісім-шарттар болады. Туынды бағалы қағаздар мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына да қызмет көрсетеді. Корпоративті бағалы қағаздар акционерлік қоғам құрылу кезінде шығарылып, ол тек құрылтайшылар арасында орналастырылады. Облигациялар шығару арқылы қарыз ақша тартылып, қоғамның жарғылық капиталы өсіріледі.
Акциялар
Акциялар иемденушісіне акционерлік қоғамнын дивидендтер түрінде пайдасының бір бөлігіне, оны басқаруға катысуға және оның жабылуынан кейін мүліктерінін белгілі бір белігіне құқық беретін эмиссиялық бағалы қағаз. Акция деп -- акционерлік қоғам құрылған кезде, екі немесе одан да көп акционерлік қоғамдардын қосылу кезінде, сонымен катар жарғылық капиталдын өсуі кезінде каржы құралдарының мобилизациясы үшін шығарылатын бағалы қағазды атаймыз.
Акция оны шығарған қоғам жұмыс істегенше болады. Осы уақыт ішінде акцияны иемденушілер бірнеше рет өзгеруі мүмкін. Онын ағымдағы құны тек нарықпен анықталады Эмиссиялық және нарықтық құнын, дивиденд мөлшерін анықтау кезінде акцияның атаулы құны бағдар ретінде алынады. Акцияларға келесі сипаттамалар тән:
-акция -- меншік титулы;
-оның өмір сүру мерзімі жоқ;
-оған шектеулі жауапкершілік тән;
-оны бөлуге болмайды.
Акцияларды құқық көлеміне байланысты жай және артықшылықты деп бөледі. Жай акциялар оның иеленушісіне барлық сұрактар бойынша дауыс беру құқымен акционерлердін жалпы жиналысына қатысуға, дивидендтер алуға, қоғамның жабылу кезінде иемденушідегі акциялар құнының мөлшерінде мүліктерді алуға құқық береді. Ал, артықшылықты акция оның иемденушісіне акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге құқық бермейді, бірақ бұл акцияның артықшылығы болып, жарлықта оның дивидендтері және нақты қаржы сомасы ретінде немесе атаулы құнының проценті түріндегі, қоғам жабылатын кезде төленетін құн мөлшері анықталған.
Акциялар бойынша дивидендтер ақша формасында төленеді. Сонымен қатар дивидендтерді төлеу акционердің қолдағы бар акцияларынан басқа пропорционалды түрде басқа акцияларын шығару арқылы жүргізілуі мүмкін немесе мүліктік құқықтағы табысты бөлу арқылы (дивидендтерді төлеудің мұндай түрі қоғамның жабылу кезінде жүргізіледі).
Артықшылығы бар акциялар бірнеше түрге бөлінеді. Артықшылығы бар акциялар ішінде ең көп таралғаны кумулятивті артықшылығы бар акциялар. Оларды шығару кезінде жарғыда көрсетілген дивиденд мөлшері төленбейтін немесе толығымен төленбейтін дивидендттер жиналып, нәтижеден кейін төленетіндігі көрсетіледі. Дивидендтердін төленбеуі мұндай акциялар бойынша эмитент жағынан тәртіп бұзушылыққа жатпайды. Эмитент мұндай акцияларды шығару кезінде дивидендтердің жинақтау мерзімін белгілеуі кажет. Осы көрсетілген мерзім ішінде бұл акция түрі бойынша дивидендтер төленбейді. Бұл мерзім бойы акиия иеленуші дауыс беру құқығына ие болмайды.
Кумулятивті емес артықшылығы бар акциялар төленбеген дивидендтерді жинауға мүмкіндік бермейді.
Бұл акцияның иеленушілері ешқандай компенсациясыз өз дивидендтерінен айырылады. Конвертабельді артықшылықты акішялар өз иемденушілеріне кейбір жағдайларда (егер олар корпорация жарғысында көрсетілген болса) осы корпорацияның жай акцияларынын белгілі бір мөлшеріне айырбастауға мүмкіндік береді. Конвертабельді емес артықшылықты акцияның мұндай артықшылықтары жоқ.
Дивиденд төлеуі кейінге қалдырылған акциялар корпорация құрылтайшыларына ғана арнап шығарылады. Мұнда дивиденд тек жай акциялар бойынша төленетін дивидендтін ең жоғары квотасы таленіп болғасын ғана беріледі. Қайтарылатын артыкшылыкты акциялар ашық нарықта немесе тікелей акция иемденушіден қосымша сыйақы сомасын төлеу арқылы сатып алынады. Құбылмалы бағамды артықшылықты акциялар дивидендтері банктердің проценттік ставкаларына немесе несие үшін берілетін қаржының проценттік нормасынын өзгеруіне тәуелді болып келеді. Ерекше акцияның түрі болып алтын акция табылады. Ол мемлекеттік келісіммен шығарылады және оның иемденушісіне акционерлік қоғамның шешіміне вето салу (тыйым салу) құқығы беріледі.
Облигациялар
Облигация -- иемденуші мен эмитент (шығарушы) арасындағы қарызатынастарын куәландыратын бағалы қағаз. Ол қарыз капиталы формасында шығарылады және құйған капиталы үшін белгілі бір процент (сыйақы) ала отырып, облигацияны сатып алушы кредитор ретінде танылып, ал мезгілі жеткен кезде өзінің атаулы құнын алады.
Облигация -- бұл екі негізгі элементтен тұратын қарыз куәлігі. Алдын-ала белгіленген уақыт жеткен кезде облигацияда көрсетілген соманы иемденушісіне қайтарып беру -- эмитенттің басты міндеті. Сонымен қатар эмитенттін тағы бір міндеті -- бұл облигацияны иемденушісіне облигацияның атаулы құнынан белгілі бір процент түрінде белгіленген табыс төлеп тұру.
Облигациялык карыз несие құнының қайтарылу қозғалысы туралы қатынастарды білдіреді. Соңдыктан да ол өзінің мәні жөнінен банктік несиеге ұқсайды. Қарыз алушыға облигацияның шығарылуы банктік не сиеге қарағанда пайдалырақ. Кдрызды орналастыратын делдалдық комиссиялык сыйақыны каржы-несиелік мекемелердің банктік маржа айырма мөлшерлемесінен проценттік қатынас бойынша салыстыратын болсак. ол анағұрлым төмен болып келеді. Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Ол акционерлік қоғамның ағымдағы және перспективалық максаттарын шешу және қаржыны тарту үшін шығарылады. Облигациялардын көптеген түрлері мен жіктелетін топтары бар. Олар эмитенттер түрлері, айналым мерзімі, облигацияны иемдену тәртібі, облигациялық қарызды алу мақсаты, оны орналастыру әдісі, т.б бойынша ажыратылады. Облигациялар иесі ұсынушы және атаулы болуы мүмкін. Облигациялар табысты төлеу әдісі бойынша купондық төлем мөлшері нақты бекітілген.құбылмалы процентпен, яғни купондык төлем мөлшері өзгермелі облигациялар (табыс каржы нарығындағы ставкаларға байланысты) және купоны нольге тең облигациялар болып бөлінеді. Қайтарылып алынатын облигациялар онын иесінің мүддесі бойынша мерзіміне жетпей өтелуі мүмкін. Конверсияланатын облигацияларды акцияға ауыстыруға болады.
Туынды бағалы қағаздар
Туынды бағалы қағаздар -- биржалық активтің осы бағалы қағаз негізінде жатқан бағалардың өзгеруімен байланысты туындайтын мүліктік құқыкты білдіретін құжатсыздық формасы. Яғни, басқа қағаз арқылы өзінін құнын аныктайтын бағалы қағаз. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстік келісім-шарттар және еркін айналыстағы опциондар жатады.
Мерзімдік мәмілелердің активтерін жеткізіп салу келешекте ұйғарылғанмен, бірақ олардын орындалуы сол кслісім-шартка отыру кезінде кдрастырылады. Келісім-шартқа отыру кезінде екі жак барлық талаптарды, жағдайларды қарастырады. Мерзімдік мәмілелердің негізіне кейінге калдырылған жеткізіп салу ұғымы кіреді, бұл жағдай келешектегі мәміленің құнын белгілеуге мұмкіңдік береді. Мерзімдік мәміленің заттарына әр түрлі активтер кіреді. Яғни бағалы қағаздар, банктік депозиттер, индекстер, валюта, бағалы металдар, шикізат тауарлары осы мерзімдік мәмілелердің өзі болуы мүмкін.
Мерзімді мәмілелер былай бөлінеді:
-Контрагенггердің біреуіне отырған келісім-шартты орындауға немесе орындамауға мүмкіңдік беретін шартты мәмілелер (опиион);
-орындауға міндетті нақты мәмілелер (форвардар және фьючерстер); Фьючерстік өзара шарт деп көрсетілген баға бойынша белгіленген мезгілде келешекте биржа активтерін сату-сатып алу жөніндегі стандартты биржалык келісім-шартты атаймыз.
Форвардтық өзара шарт деп - тауарды болашақта алдын-ала белгіленген мерзімде жеткізіп беруге арналған сату-сатып алу жөніндегі мерзімдік мәмілелерді атаймыз.
Еркін айналыстағы опциондық өзара шарт деп биржа активтерін немесе фьючерстік мәмілелерді бекітілген бағамен және белгілі бір сыйақымен белгіленген уақытқа дейін сатып алу немесе сату құқығын беретін стандартты биржалық келісім-шартты атаймыз.
Қор нарығының дамуымен және бағалы қағаэдармен жүргізілетін операциялардың күрделенуіне байланысты мәмілелерді стандарттау қажет. Туынды бағалы қағаздар қор саудасында көптеп қолданылады.
Корпоративті бағалы қағаздардың табыстылығы мен құнын бағалау
Акцияларға салынатын қаржы құралдарынан түсетін табыс дивидендтер және акциялар құнының курстық өсуінен түсетін табыс болып табылады.
Акцияларды қолдану мерзімі шектелмегендіктен, абсолюттік шамада, жыл сайын дивиденд тұрақты және тең болады деп болжайык. Акция құнын анықтау үшін жойылмайтын рента моделі қолданылады. Бұл модельде рента мүшесі R=D, болып, оның акция құны былай белгіленеді: Ц=Dі
Акция құнын бағалауда акция құнының аталу құнына проценттік немесе бірлік үлестегі қатынастарын білдіретін акция курсы қолданылады.
Акция құны ұғымын қарастыру үшін есеп айырысу құнын қарастыру қажет. Бұдан басқа акциялардың атаулы, курстық, бухгалтерлік құндары бар. Баланстық құны акционерлік қоғамның таза актив көлемінің төленген акциялар колеміне қатынасын білдіреді. Акция табыстылығын есептеу екі көрсеткіш арқылы анықталады.
Табыстылықтың дивидендтік нормасы (дивидендтің атаулы құнға проценттік шамадағы қатынасы);
табыстылықтың ағымдағы нормасы (дивидендтің иелену құнына қатынасы).
Облигациялардың құны мен табыстылығын анықтау үшін табысты алу әдісіне байланысты облигациялар түрлерін карастыру қажет.
Купондық төлем мөлшері болып нақты бекітілген облигациялар көрсетіледі.
Құнын анықтауда тұрақты шектелген рента моделін қолдануға болады. Мұнда рента мүшесі R=D*N (Dкупондық процент; N-облигацияның атаулы құны).
Купоны нөлге тең облигациялар дисконтпен сатылады.
Тең мөлшерде өсетін купондық төлем мөлшерлі облигациялардың құнын аныктауда тұрақты өсу төлемдері мен өзгермелі рента моделі қолданылады.
Бәсекелестік нарықтык ортаның қалыптасуындағы корпоративті бағалы қағаздардың рөлі
Жаңа экономикалық процестерді талдау мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік береді, яғни қазіргі заман экономикасындағы монополистік жүйенің соңында бәсекелестік ортаны қалыптастыруға жекелеген кәсіпорындар ғана емес сонымен бірге мемлекет те мүдделі. Корпоративті бағалы қағаздар нарығы өндіріс салаларының бәсекелестік ортасын құруда тиімді құрал бола алады. Бағалы қағаздар нарығы басқа экономика секторларымен салыстыратын болсақ, таза конкуренция критерийлеріне жоғары дәрежеде жауап бере алады. Мұндай нарықтын ерекше сипаттамалары мыналар:
біртекті стандарттық өнімнің болуы (бір эмиссиядағы бағалы қағаздар бір-бірінен ерекшеленбейді);
дамыған ақпаратпен қамтамасыз ету, ақпаратпен қамтамасыз етілуге барлық нарыққа қатысушылардың тең дәрежелі болуы, ақпараттың таралуының жылдамдығы;
ішкі операциялардағы арнаулы ережелердің және олардың орындалуын қадағалау жүйесінің болуы;
нарықка қатысушылардын саны көп болғандықтан, олар нарық бағаларына әсер ете алмайды;
әрбір сауда орнында орталықтанған сауда жүргізіледі;
мәмілелерді жүргізу және бағалы қағаздарды тасу салыстырмалы түрде аз шығын шығарады.
Бағалы қағаздар нарығында таза бәсекелестікті қалыптастырып, оның басқа экономика секторларына экспансиясын ұйымдастыруға болады.Бірақ дамып жатқан бағалы қағаздар нарығы артықшылыққа ие агенттердің еркін бәсекелестігінің шектелуінен залал шегуде. Мұнда субъектілер ірі халықаралык капиталмен немесе қаржы-өндірістік топтармен байланысты болғандықтан, нәтижесінде таза бәсекелестіктен алшақ олигополиялык нарық құрылуда. Тиімді нарык механизмін құру еркін бәсекелестік үшін барлық жағдайларды қамтамасыз етуді қажететеді. Сонымен қатар экономикадағы шаруашылық субъектілер арасында капиталды қайта бөлуде тиімді жүйенің және сол капиталдың қажетті мөлшерде болуы өте маңызды.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мұндай жүйедегі капитал көлемі бірінші кезекте бәсекелестік деңгеймен анықталатын капиталдың тиімділік дәрежесіне тікелей байланысты. Бағалы қағаздардың эмитенттері арасындағы бәсекелестік ортасының қалыптасуы ішкі нарықтағы әділ бәсекелестік принциптерін нығайтудың кджетті талаптарының бірі болып табылады. Бірінші кезекте ең тиімді кәсіпорындар капиталды ресурстарды алуы керек. Өндірістегі модернизация үрдісі осы модернизация мен ресурстарды алумен басталады.
Қаржы ресурстарын басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етілу негізін қаржылық сипаггағы кез-келген ақпарат құрайды: бухгалтерлік есептілік, каржылық органдардың хаттары, банк жүйесі мекемелерінің ақпараттары, тауарлық, қор және валюталық биржалардың ақпараттары, т.б.
Қаржы ресурстарын басқарудың негізгі құралдары ретінде: бюджеттендіру (ақшаны және қаржылық нәтижелерді жоспарлау, есепке алу және бақылау технологиясы), қаржылық талдау, қарыз қаражаттарын тарту менеджменті, бос ақша қаражаттарын орналастыру менеджменті, инвестициялық менеджмент, эмиссия, капитал менеджменті, банкроттық, дағдарысқа қарсы басқару, траст, факторинг, лизинг, оффшор, т.б. атаймыз.
Қаржы ресурстары құрылуының тәсіддері алынған әдіске байланысты, нәтижесінде қаржылық құралдардың механизмі алынады. Қазіргі кезде кәсіпорындар қаржы ресурстарын қалыптастыру кезінде қаржы нарығының құралдарын пайдаланып, әдісін табу керек. Ірі өнеркәсіп кәсіпорындары корпоративтік бағалы қағаздар шығару мақсатында қор нарығының қатысушылары болуы керек.
Ағымдық активтерге: тауарлы-материалдық қорлар (материалдар, аяқталмаған өндіріс, тауарлар), ағымдағы дебиторлық қарыз, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар (акция, облигация және басқасы), ақша (жолдағы ақша, банктің арнайы шотындағы ақша, валюталық шоттағы, кассадағы ақша) жатады.
Пассивтер өз алдына меншікті капиталға және міндеттемелерге бөлінеді, олар кәсіпорындардағы қаржы ресурстарының көздері болып табылады.
Меншікті капиталға: жарғылық капитал, акционерлік капитал, резервтік капитал, бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) жатады.
Осыдан капитал қаржы ресурстарының айнымалы түрі болып шығады, актив және капитал кәсіпорынның қаржы ресурстарын құрады, нәтижесінде бухгалтерлік баланс баптары кәсіпорын каржы ресурстарының жағдайын анықтаудың негізгі ақпарат базасы болып табылады.
Қаржы ресурстары кәсіпорындардың каржы ресурстарының негізін құрайтындықтан, олардың микродеңгейдегі қызмет ету процесіндеп қарымқатынасын карастырамыз.
Көптеген экономистер кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысына: кәсіпорын, фирма, ұйым, концерндер, ассоциация, салалық министрліктер, басқа да шаруашылық жүргізуші органдар, түрлі саладағы қызмет етуші ұйымдар жатады деп есептейді.
Кәсіпорын каржысының ұйымдастырылу қағидаттарымен бірге олардың жүзеге асырылу қағидаттары да бар. Кәсіпорындар қаржысының жүзеге асырылу қағидаттарына:
жоспарлылык және жүйелілік;
максатты бағыттылық;
диверсификация;
стратегиялық бағыттылык жатады.
Осы қағидаттарды ұстану қаржы функциясын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде кәсіпорын каржысынын рөлі үш шешуші факторға келіп тіреледі:
1. Экономикалык тұрақтылық;
2. Нарықтық қайта құру;
3. Инвестицияльгқ белсенділікті ынталандыру.
Кейбір Ресей экономистері қаржының тиімді кызмет етуінің қажетті жағдайы төмендегілер деп есептейді:
oo меншік нысанының көптігі;
oo тауар, еңбек және капитал нарығының болуы;
oo кәсіпкерліктің өзін-өзі қаржыландыруы;
oo кәсіпкерлік еркіндігі және өз бетімен шешім қабылдау;
oo нарықтық баға қалыптасуы және бәсеке;
oo кәсіпорындар мен ұйымдар қызметіне мемлекеттің араласуын реттемелеу.
Қаржы арқылы өндірістік корлардың үздіксіз айналымы жүріп отырады. Қалыптасу әдісі бойынша кәсіпорын қаржысын келесі топтарға бөлу ұсынылады: меншікті өндіріс, дайын өнімді сатудан түскен түсім, табыстар, сатып алулар және жинақтар, т.б.
Қолданылуына байланысты: ұзақ мерзімді және ағымдағы, оларға активтер кіреді.
Өтімділігі бойынша: неғұрлым өтімді, өтімді, аз өтімді, өтімсіз.
Материалдық-заттай нысаны бойынша: материалдық, материалдық емес.
Тозу дәрежесі бойынша: амортизациялық, амортизациялық емес.
Жаңартылуына байланысты: жаңаратын, жаңармайтын.
Айналу сипатына байланысты: айналымдағы, айналымнан тыс.
Ақшаға жатқызылуына байланысты: ақша (қолма-қол, т.б.), қаржылық инвестициялар.
Қажеттілігі бойынша: меншікті, қарыздық, тартылған.
Қазіргі кезде қаржы ресурстарын және кәсіпорынды басқару тиімділігіне кәсіпорын қызметінін нәтижесі толығымен байланысты екені мәлім. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын күшейтудің негізгі жолдары қаржы ресурстарын тиімді құру және олардың жеткіліктілігін қамтамасыз ету.
Қаржы ресурстарын тиімді құру үшін кәсіпорында қаржы ресурстарының мониторингін жүйелі түрде жүргізіп отыру және кәсіпорынның қаржы ресурстарын құруды жетілдіру бойынша шарапар кешені кажет.
Еліміздің нарықтық үлгідегі экономикасы жағдайында барлық өнеркәсіп салаларындағы кәсіпорындар мен өндірістік ұйымдар осы жоғарыда көрсетілген әдістер мен тәсілдерді колданып, аталған ұсыныстар бойынша қызмет жүргізілу барысында, өзінің ұйымдық-құқықтық ерекшелігіне қарай ұстанатын болса, онда олардың өндірістік қызметі, өнім өндірудегі сапалылық, пайдалылық көрсеткіштері жоғарылап, Қазақстанның экономикалык-қаржылық жағдайын жақсартуда айтарлықтай үлес қосатыны сөзсіз.
Қор биржасы және олардың қызметін ұйымдастыру ерекшелігі
Биржаның табысы мен мүлігі лизингтегі бағалы қағаздарды оны қалыпты ұстап тұру және тағы басқа қызмет көрсетуден түсетін түсімдерді қоспағанда. Есептік палатаға түсіп тұратын төлемдерден, пайлық, қабылдау және жыл сайынғы биржа мүшелерінің төлемдерінен, биржалық операциялар алымдарынан, көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерден, сауда ережесі бұзылғандығы үшін төленетін айыппұлдардан қалыптасады.
ҚР-ның Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңы на сәйкес қор биржасы акционерлік қоғам формасында бағалы қағаздардың кәсіби қатысушыларымен құрылған және қызметі өзін-өзі қаржыландыру қағидасына негізделген коммерциялық емес ұйым. Қор биржасы ҚР-сының мемлекеттік органдарына тәуелді емес. Оның қызметі ерекше болып саналады және басқа қызметтің түрлеріне сәйкес келмейді. Ол лицензия негізінде әрекет етеді жане басқа биржалар қызметін атқара алмайды. Қор биржасының бағалы қағаздармен операциялар жүргізе алатын қосымша құрылымдық белімшелерді ашуға құқығы бар, сонымен қатар филиалдар мен өкілдіктер де аша алады.
Ұйымдадырушылық тұрғылан алғанда қор биржасы төмендегілермен айналыса алады:
бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыру;
бағалы қағаздармен мәмілелер жүргізуге арнайы құрылған сауда алаңын өз клиенттеріне ұсыну;
бағалы қағаздарға баға белгілеу;
өз мүшелеріне ұйымдастырушылық, ақпараттық кеңес беруші қызметін көрсету;
жеке талдаулық зерттеулерді жүргізу;
құқықтық-қатынастар субъектілері арасында клиринг жүргізу.
Экономикалық тұрғыда қор биржасы мына функцияларды атқарады:
баға белгілеуші биржа экономикалық тұрғыдан негізделген бағаны белгілеуге мүмкіндік береді;
бағаны болжау және ақпараттық-талдаулық биржа мүмкін болатын сұраныс пен ұсыныстың даму үрдісін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады;
тәуекелді сақтандыру (мерзімді биржа мәмілелеріне ғана тән;
бағаны тұрақтандырушы функция - биржада бағаның ауытқу амплитудасы ескеріле отырып, жыл сайынғы баға тербелісі анықталады. Мұның аясынан тыс әрекет ету мүмкін емес.
Қор биржасы кез келген заңды тұлға ретінде өз клиенттері алдында белгілі бір жауапкершілікте болады. Ол бағалы қағаздар нарығы субъектісінің шеккен зиянының орнын толтыруға және өз функциясын дұрыс орындамаған, заңды бұзған, биржалық сауда ережесін немесе коммерциялық құпияны ашып қойған жағдайда жауапқа тартылуы тиіс.
Бүгінгі таңда біздің елде қор биржаларының Еуроазиялық федерациясының (ҒЕАS) мүшесі және қор биржаларының Халықаралық федерациясының (ҒJВV) корреспондент-мүшесі болып табылатын жалғыз Қазақстан қор биржасы (КАSЕ) бар. Биржалық ауданың техникалық ілгерілеуі мен биржа ісінің үнемі жетілуіне қарамастан Қор биржасының жұмысын ұйымдастыру өзгеріссіз қалып отыр.
жылдың басында Қазақстанда 3 қор биржасы болған: Орталық Азия қор биржасы, Қазақастан қор биржасы, Қазақстандық Банкаралық қор биржасы. 1996 жылдың желтоқсанында жарияланған модельді қор биржасын таңдағанда Қазақастан қор биржасы мен ҚБҚБ-сы жеңген болатын, бірақ соңғысы кейінірек өз әрекетін тоқтатты.
жылдың жазында Қазақастн қор биржасы лизингтік емес бағалы қағаздармен мәмілені тікелей баға белгілеу әдісі арқылы жасау үшін арналған сауда жүйесін іске асырды. Бул республикадағы биржадан тыс нарықтық баға белгілеудің ұйымдастырылуын құру мәселесін шешті.
ҚР-сының Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңына сәйкес, қор биржасының мүшелері тек қана биржада орындары бар және осы қор биржасының листингісіне кіргізілген бағалы қағаздармен саудаға қатысатын кәсіби катысушылар ғана бола алады.
Биржа мүшелерінің саны оннан кем емес болуы шарт. Олардың арасында ҚР-сының бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы мәртебесі бар шетелдік заңды тұлғалар да болуы мүмкін. Биржаға мүшелікке қабылдау туралы шешімді Биржалық Кеңес шығарады. Қазақастан қор биржасының жай күйі олардың санаттарын, оларға қойылатын талаптарды, қабылдау тәртібін, мүшеліктің тоқтатылуын және уақытша тоқтатылуын, сонымен қатар биржа мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Қор биржасының мүшелері ұйымдар бола алады. Оның ішінде С санатты биржа мүшелерін қоспағанда, ҚР-сының шегінен тыс жерлерде заңды тұлға ретінде тіркелген, қаржы нарықтарында кәсіби қызметтерін жүзеге асыру құқығына ие ұйымдар да болуы мүмкін.
КАSЕ мүшелері қаржылық құралдардың түрлеріне қарай келесідей санаттарға бөлінеді:
Р ресми тізімге кіргізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен саудаға қатысу құқығы бар санат;
Н қор биржасының сауда жүйесінің листинггік емес бағалы қағаздар секторындағы айналысқа жіберілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен саудаға және жеке меншік ұйымдардың мемлекеттік акция пакеттерімен саудаға қатысу құқығы бар;
К қор биржасында айналыастғы мемлекеттік бағалы қағаздармен саудаға қатысу құқығы бар;
С қор биржасында айналыстағы мерзімді мәмілелермен саудаға қатысу қуқығы бар;
В шетел валютасымен саудаға қатысу құқығы бар.
Бір ұйым қор биржасында бірнеше санаттар бойынша мүшелікке ие бола алады.
Қор биржасының мүшесі оған берілген санатқа сәйкес қаржылық құралдар бойынша саудаға қатысуы; қор биржасындағы оның қызметі үшін жеткілікті және қажетті мәліметтерді алуы; Биржалық кеңеске, валюталық нарық бойынша Биржалық кеңес Комитетіне, биржа мүшелерінің Жалпы жиналысы мен оның акцияларына саудалық, есептеу, ақпараттық және басқа да қызметтерінің сұрақтары бойынша ұсыныастрды қарастыруға беруі, сонымен қатар оған берілген мүшелік санатына сәйкес қор биржасы мүшелерінің жалпы жиналысының және оның акциясының жұмысына қатысуы мүмкін.
Сонымен қатар қор биржасы мүшелерінің белгіленген міндеттері бар:
әрекет ететін заңдылықтардың, жарлықтың, басқа да ішкі құжаттардың талаптарын орындауға;
мүшелік салымдар мен биржалық жинақтарды оған берілген мүшелік санатына сәйкес биржада бекітілген мөлшерде, құрамда, мерзімде және тәртіпте телеу;
өз уақытында толығымен және ең оңтайлы әдіспен қор биржасында пайда болатын міндеттерді, қаржылық құралдармен жасаләтын мәмілелерді, сонымен қатар қор биржасының мүшелері мен оның трейдерлерінің қызметін реттеуге әрекет етуші заңдылықтың, жарлықтың, басқа да ішкі құжаттардың талаптарына негізделген басқа да міндеттерді орындау;
үшінші тұлғаларға биржадағы мүшелік күшіне сәйкес тұлғалардан алынған және биржаның ішкі күжаттарына сәйкес коммерциялық құпия немесе жасырын санатқа жатқызылатын ақпараттарды бермеу және таратпау;
құрылтайшылық құжаттарға толықтырулар мен өзгертулерді енгізген жағдайда олардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін жедел түрде, сонымен қатар толықтырулар меп өзгертулерді енгізгені туралы, егер ондай тіркеу әрекет етуші заңдылыққа сәйкес талап етілсе, мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттарды ұсыну;
өкілетті органдарға, оның қызметкерлеріне және аффилиирлендірілген (үлестес) тұлғаларға қатысты қабылданған әрбір дисциплинарлық әрекеттері туралы хабарлау;
трейдерлер құрамының әрбір өзгеруі туралы мәліметтерді беру және мұндай мәліметтерді уақытылы беру немесе бермеу нәтижелеріне толық жауапкершілікте болу.
Қор биржасының мүшелеріне санаттарына сәйкес оның мүшесі болмайтын тұлғаларға өзінің орындарын қолдануға беруге тиым салынады.
ҚР-сының Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңына сәйкес, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сонымен қатар бағалы қағаздары қор биржасының листингіне кіргізілген акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары биржаның басқару органдарына пайдалана алмайды. Акционерлер жиналыста өзі иеленген акциялар санына тәуелсіз басқа акционерлермен тең дауысқа ие.
Биржалык, кеңес акционерлер, тағы басқа да биржа мүшелері мен лауазымды тұлғалардан қалыптасады. Одан басқа оның құрамына тұрақты негізде ҚР-сының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің өкілі дауыс құқығынсыз кіреді.
КАSЕ айналымына жіберілетін бағалы қағаздар:
мемлекеттік;
листинг рәсімінен өткен мемлекеттік емес және биржада сатылатын бағалы қағаздардың ресми тізіміне кіргізілген, соның ішінде ҚР-сында айналымға жіберілген және басқа мемлекеттік заңдылықтарға сәйкес шығарылған бағалы қағаздар;
ҚР-сында айналымға жіберілген басқа мемлекеттің мемлекеттік бағалы қағаздары;
жоғарыда айтылған бағалы қағаздардың базистік активі болып келетін туынды бағалы қағаздар.
Қор биржаларындағы саудаға листинг рәсімінен өткен бағалы қағаздар ғана жіберіледі. Қазақстан қор биржасының бағалы қағаздарының листингі туралы жағдайына сәйкес осы рәсімнен өткеннен кейін биржалық саудаға ҚР-сындағы заңдылыққа және ҚР сында айналысқа жіберілген басқа мемлекеттің заңдылығына сәйкес эмитенттелген мемлекеттік емес бағалы қағаздар жіберіледі.
Листинг рәсімін ҚР-сының және ҚР-сында айналысқа жіберілген басқа мемлекеттің заңдылықтарына сәйкес эмитенттелген мемлекеттік бағалы қағаздар, сонымен қатар туынды бағалы қағаздар үшін талап етілмейді. Листингтік компанияның мәртебесін алушы заңды тұлғалар мынадай талаптарға сай келуі тиіс:
құрылтайшылық құжаттарында бағалы қағазды басқаға беруіге құқылы акция ұстаушыларға шектеулер немесе қысымшылықтар туралы нормалар болмауы керек.
заңды тұлғаға қатысты заңнамада белгіленген жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері төленген және тіркелген болуы керек;
басқа да талаптар бағалы қағаздар биржасындағы ресми тізімдегі санатта белгіленген шарттармен анықталады.
Эмиссияланған бағалы қағаздарды ресми тізімге қосуда заңды тұлғаның өтініші және қосымша талап етілетін құжаттары биржаның Листингтік комиссиясында қаралып, қабылданады.
Листингтік компания Биржалық кеңестің эмиссиялаған бағалы қағаздарын ресми тізімнен алуға, сондай-ақ саудада биржаның қызметін шектеуге және тоқтатуға құқығы жоқ.
Эмитенттің қызметі тоқтатылған жағдайда эмиссияланған бағалы қағаздарды ресми тізімнен шығару туралы өтініш, листинг талаптарындағы сәйкессіздік, сондай-ақ бағалы қағаздарды ресми тізімге қосу туралы толық ақпараттардың болмауы кезінде делистинг жүргізіледі. Листингтік комиссия бағалы қағаздардың делистингісін 1 жыл ішінде мәміле болмаған жағдайда да жүргізе алады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Мақыш С.Б. Қазақстандағы жарналық инвестициялық қорлар биржа нарығының қозғаушы күші бола ала ма? Ақиқат. 2008. №2.
2. Түсаева А. Қазақстан Республикасының биржа нарығы және оның үлгілері. АльПари. 2008. №34.
3. Бохаев Д.Т. э.ғ.к., доцент Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің экономикалық мәні және қажеттілігі. Қаз ЭУ хабаршысы: 1996 жылдан бастап шыға бастады. 2007. №1(49) 158бет.
Классикалық саяси доктринада "коррупция" түсінігі қоғамның моральдық мінездемесі түрінде айтуға қолданылды. Бұл бағыттағы адамдар коррупцияны әлеуметтік ауру ретінде қарады. Адал емес адамдардың билікке келуі экономикалық даму жөн саясатқа қауіп төндірді. Бұл құбылыс моральды түрде сыналды жөне күресу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz