ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында да мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастарды қарастырған, мұнда: Мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастар әкiмшiлiк құқықты реттеудiң нысаны болып табылады. Оның дамуының басым бағыттар ретiнде:
- мемлекеттiк саяси және әкiмшiлiк қызметтiң ара жiгiн неғұрлым нақты ажырату;
- мемлекеттiк қызметте адам ресурстарын басқарудың жаңа институттарын қалыптастыру және жұмыс iстеп тұрғандарын жаңғырту;
- мемлекеттiк қызметке кәсiби және жеке сипаттары негiзiнде iрiктеудiң жаңа әдiстерiн енгiзу;
- еңбеке ақы төлеудiң және ынталандырудың жаңа принциптерiн енгiзу;
- мемлекеттiк қызметшiлердiң түпкiлiктi нәтижеге бағдарланған қызметiн бағалаудың қазiргi заманғы жүйесiн енгiзу күтiледi - делінген [1].
Қазіргі таңда мемлекеттік басқару жүйесін реформалау көптеген елдер үшін басты мәселе болып отыр.
Соның ішінде Қазақстанда бар Әкімшілік реформаларды өз уақытында жүргізудегі саяси және тәжірибелік маңызын анықтай келе, Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың рационалды моделін жасай отыра Елбасы Н.Назарбаев: Біз мемлекеттік басқарудың сапалы моделін жасаймыз, онда мемлекеттік қызметті тұтынушылар мүддесі жоғары тұрады. Мемлекеттік аппарат корпоративтілік қағидасына сүйеніп, ең күшті халықаралық тәжірибені ескеріп, қоғамға есепті болуы керек [2].
Жарияланған мемлекеттік қызметті реформалау процесі, мемлекеттік құрылым тәжірибесі мен реформалаудың теориялық құрамаларын байланыстырушы, мемлекеттік қызмет модернизациясының саяси факторларын ғылыми жағынан зерттеуді талап етеді.
Бұл жерде, мемлекеттік қызметке қысқаша түсінік беретін болсақ, мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияға бөлінеді:
а) Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды орындау, заңды қорғау органдары).
ә) Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар, мамандар, техникалық персонал.
б) Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік -- билік өкілеттігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ қызметкерлер.
Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер қызметінде мекемеге шығын келтірсе, оны төлейді, қылмыс жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі мүдде - мақсаты - адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым - қатынастарды дұрыс реттеп, басқарады [3].
Мемлекеттік қызметтің қағидалары:
oo заңдылық;
oo мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы; азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдығы;
oo мемлекет қызметіне кіруге, қатысуға еріктілігі;
oo өз өкілеттері шегінде жоғары тұрған мемлекеттік органдармен лауазымды адамдар қабылдаған шешімдердің төменгі мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі;
oo мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен жоғары біліктілігі.
Қазақстандағы мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау, соған сәйкес құқықтық нормаларды қамтамасыз етуді қажет етеді. Заңдар мен ережелерді қабылдап жобалаған кезде мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісін, жетілдірілген заңдарының тәжірибесін басшылыққа ала отырып оларды қабылдау мен жүзеге асыруды біртіндеп енгізу қажет. Мемлекеттік қызметті реформалауды заңдық қамтамасыз ету процесі созылмауы керек. Аталған жұмыстың алғашқы кезеңінде республикада Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің біліктілік сыныбы туралы Ереже, мемлекеттік қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жағдайы туралы Ереже, кадрлық резервті қалыптастыру және онымен жұмыс тәртібі туралы Ереже, еңбек өткерген жылдары үшін проценттік үстеме ақы төлеу үшін мемлекеттік қызметтің стажы туралы Ереже, мемлекеттік қызметкерлерге зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарын есептеу тәртібі туралы Ереже қабылданды[4].
Мемлекеттік қызмет туралы заң (1999 ж) өзінің реттеуімен мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда қызмет ететін мемлекеттік қызметкерлердің үлкен корпусын (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, теміржол, теңіз флоты, әуе флоты және тағы сол сияқты) қамтиды[5]. Сонымен бірге мемлекеттік қызметті әскери және азаматтыққа бөлмей дамыған елдерде қалыптасқан түсініктен алшақтап кеттік. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында аталған мемлекеттік институтты заңдық жағынан қамтамасыз етуде жіберілген кемшілікті түзету үшін мемлекеттік қызметтің жүйесі мен негіздері туралы базалық заңды қабылдау қажет болды.
Қазіргі уақытта ҚР кадрлық саясаты туралы Мемлекеттік бағдарламасы қолға алына бастады. Оның мынадай басым бағыттары бар:
:: мемлекеттік қызметтің ашықтығы және оған кәсіби даярлығы мен қабілеттілігіне байланысты тең дәрежеде орналасу;
:: қызметкерге оны іріктеу, қызмет бойынша көтеру, орналастыру кезінде кәсіби іскерлік және тұлғалық жағынан баға берудегі кешенділік пен объективтілік;
:: мемлекеттілік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақ-тарына бөлінуіне байланыссыз мемлекет қызмет жүйесінің бірлігі;
:: кадрлардың ракционалды жүйелі түрде жаңартылып отырылуы, жаңа күштердің келуі есебінен сапалы түрде көбейтілуі, әр жастағы кадрлардың мүмкіншіліктері мен қабілеттіктерін пайдалану;
:: кадрлық саясатты мемлекеттік қызметкерлердің әртүрлі санатына олардың шығармашылық потенциалын толық ашу мақсатында арнайы адамдар негізінде реттелу;
:: мемлекеттік кадрлық саясатты демократияландыру, оны жергілікті жерлер мен аймақтарға заң шеңберіндегі кадрлық мәселелерді шешуді беру есебінен децентрализациялау;
:: мемлекеттік қызметкерлердің жоғары тұрған басшылар мен мемлекеттік органдардың және де қоғам мен халықтың бақылауында болуы;
:: кадрлық мәселелерді шешуде нормативті құқықтық тараптар мен рәсімдерді орындау және заңдылықты қамтамасыз ету.
Қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен құзырттілігін арттыру жұмысын түбегейлі өзгерту үшін мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттырудың және қайта дайындаудың көп деңгейлі дифференсацияланған жүйесін құру қажет.
XXI ғасырдың мемлекеттік қызметкерінде белгілі бір іскерлік қабілеттіліктері, білімділігі, мәдениеттілігі мен қатар даму болашағын болжау мүмкіншілігі де болу керек. Мемлекеттік қызметкерлердің ойлары стратегиялық, болжаулық, логикалы, және мобильді болуы керек.
Әзірге біліктілікті арттыру мен шұғыл дайындауға ғана кеңіл бөлінуде. Мемлекеттік және мемлекеттік қызметкерлер қоғамның әлеуметтік институттары ретінде қоғам мен азаматтардың мүдделеріне қызмет ететін болғандықтан, соларға қатысты қызметтік фупкцияларын жүзеге асыруға бағытталған.
Мемлекеттік қызметті бақылау функциясын жүзеге асыруда заң шы-ғарушы билік, атап айтқанда, парламенттік құрылымдар маңызды роль атқаруы тиіс. Соған байланысты Парламент талаптарында мемлекеттік қызмет жөніндегі арнайы комиссия болуы ксрек. Парламент құқықтық, саяси және қаржылық бақылау түрлерін жүзеге асыруға бағытталған.
Қазіргі кезде соттарды жетілдіріп мемлекеттік қызметті әлеуметтік бақылау жүйесіне қосу кажет. Ол үшін округтік соттарды қалыптастыру керек. Оның себебі біріншіден, мемлекеттік қызметкерлердің заң талаптарын орындауына білікті сот бақылауын жүзеге асыру үшін, екіншіден, азаматтардың сот жүйесінің және заңдардың орындалуына деген сенімділігін арттыру үшін. Мұндай шешім бізде бірқатар дамыған елдердегі арнайы әкімшілік соттардың жұмыс істемеуімен де түсіндіріледі.
Мемлекеттік қызмет азаматтар мен қоғам үшін максимальды түрде ашық болуы тиіс. Оның ұйымдастырылуының жариялылық қағидасы оның табиғаты мен бағытынан шығады.
Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, діни көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріліп, азаматтарды кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салынған.
Жалпы, демократиялық, құқықтық мемлекеттің мемлекеттік қызметі, өзінің мақсаттары, саяси - билік қатынастар жүйесіндегі ұйымдастырылу қағидасы мен функцияларымен бірге, саяси жүйесіннің ажырамас элементі болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет институты бірқатар заңдармен реттеледі, яғни, ҚР Президентінің жарлықтары және ҚР Үкіметінің қаулыларымен. Ең алдымен мемлекеттік қызметтің саяси - құқықтық негізін, оны ұйымдастыруды және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық тәртібін реттейтін нормативті-құқықтық актілер құрайды, бұлар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен мемлекеттік қызметтің институционалдық қалыптасуының саяси - құқықтық бастамасының бірінші тобын құратын тағы да бірқатар заңдар. Бұл заңдар негіз бола тұра, қазақстандық мемлекеттік қызметтің жалпы негіздерін реттейді.
Мемлекеттік қызметті саяси - құқықтық қамтамасыз етудің келесі бір шарасы мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік, тәртіптік және тағыда басқа жаупкершіліктерін анықтайтын бірқатар құжаттардың қабылдануы болып табылады.
Сонымен, ҚР мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жағдайында, оның алдындағы мәселелерді көру, оларды кәсібилік талдау мен қазіргі Қазақстан мемлекеттік қызмет функционалдауының тиімді жүйесі мен қолайлы нұсқасын құру мақсатында оларды шешудің дұрыс жолдарын анықтау маңызды.
Мемлекеттік қызмет институтының қалыптасуы, оның мәні мен бағыттылығы мемлекеттің функционалдауын қамтамасыз ету болғандықтан, демократизация үрдісінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттің мәні, мемлекет пен қоғам, мемлекеттік лауазым, мемлекеттік қызметші және азамат арасындағы өзара қатынасын білдіретін, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастарды үндестіруге бағытталған, мемлекеттік басқару мен мемлекеттік билік жүйесінде тұрақтандырушы және интеграциялаушы функциясын атқаратын, бірлескен, тұтас және жүйелі ұйымдастырылған мемлекеттік қызмет арқылы іске асырылуы мүмкін.
Егемен Қазақстанда мемлекеттік қызмет институтының қалыптасу сатысында, күрделі саяси және құқықтық мәселе ретінде көрініс тапқан, арнайы мемлекеттік-қызметкерлік заңнама болған жоқ. Өйткені мемлекеттік қызмет институты, өз мәні бойынша, мемлекеттік билік функционалдауының саяси-құқықтық негізі болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік кызмет пен мемлекеттік-қызметкерлік заңнаманың қалыптасуы тәуелсіз Қазақстан саясатының негізі бағыттары болды. Қазақстан үшін мемлекеттік қызметтің шетелдегі құқықтық негіздерінің маңызы жоғары болып табылады. Мамандардың пікірі бойынша, мемлекеттік қызметті құдқықтық реттеу тәжірибесі, адамдардың ерекше типі ретіндегі шенеуніктің қалыптасуы, мемлекеттік қызметтің бақа институттарының функционалдауы, батыс мемлекеттерінде мемлекеттік қызметтің құқықтық реттелуінің аяқталғандығы туралы ой туындатады.
Мемлекеттік қызмет институты, көптеген мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, мазмұны мен мәнін концептуалды ұғыну сияқты әр түрлі аспекттерді қамтитын, күрделі және ұзақ мерзімді үрдіс болып табылатын, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси-әкімшіліктік реформалардың маңызды буыны. Берілген тәсіл Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің институционалдануы үрдісін зерттеудің негізделген әдістемесін қалыптастыру ғана емес, мемлекеттік аппараттың жүйелік, ретті, тиімді реформаның бағдарын анықтау мүмкіндігін туындатты.
Мемлекеттік қызметтің отандық нұсқаның қалыптасуында сапалы жаңа сатысы ретінде, жаңа таптегі мемлекеттік мекемелер жүйесін құруды қамтамасыз еткен, басқарудың дәстүрлік ұйымынан, алдынғы қатарлы халықаралық тәжірибе ықпалымен рационалды қағида негізінде кұрылған, әкімшілік жүйеге өту бастамасын салған, Қазақстан Республикасында мемлекетік қызмет институтын реформалаудың қазіргі сатысын сипаттайтын, мемлекеттік қызметтің демократиялық негіздерін заңмен бекіту мен мемлекеттік аппараттың жаңартылуына негіз болған, саяси-әкімшілік реформалар екені дәлелденді.
Қорыта келе, Қазақстанда жүргізіліп жатқан мемлекеттік басқаруды реформалау азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруды және заңды мүдделерін жүзеге асыруды және республиканың ұлттық мүдделерін қамсыздандыруға қабілетті тиімді және кәсіби аппарат құруға бағытталғандығын айтуға болады.
Болашақта мемлекеттік қызмет туралы заңдардың түп қазығы болып ҚР мемлекеттік қызмет кодексі болуы қажет. Оның ережелері елдегі мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың барлық негізгі қырларын реттеуі тиіс.
Мемлекеттік қызмет мемлекеттің жаңа функциялары мен міндеттерін ғана басшылыққа алмай И.Кант айтқандай ... мемлекет - таза заңдық мекеме, ол құқықтың біріктілігі үшін қажет және оның негізгі мәні осыда жатыр деген ұғымды қоғамда түсінуден бастау алуы қажет. Ол құқықты өркениетті қоғамның маңызды институты ретінде тиімді пайдалану мен түсінуді қажет етеді. Біздің ойымызша, мемлекеттік қызметтің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, бекіту үшін оны кадрлық қамтамасыз етудің арнайы жүйесін қалыптастырған жөн. Ал, ол өз кезегінде мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз етудің ұлттық бағдарламасы негізінде құрылуы тиіс.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 ЖарлығыҚазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 35, 331-құжат; Егемен Қазақстан 2009 жыл, 28 тамыз, № 281-283 (25680); Казахстанская правда от 27.08.2009 г., № ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz