Энергетикалық ресурстар Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық қатынастардың қалыптасу факторы ретінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Энергетикалық ресурстар Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық қатынастардың қалыптасу факторы ретінде
Қытай мен Қазақстан жақын көршілікте өмір сүруде және ортақ таулармен және өзендер - мен байланысқан. Екі елдің достығы мен тату көршілігінің тамыры тереңде жатыр. Бүкіл әлемге әйгілі Ұлы Жібек жолы екі ел арасындағы ғасырларға жалғасқан достықтың нақты айғағындай. Біздің еліміз Қазақ - станның тәуелсіздігін алғашқы - лардың бірі болып таныды және онымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Сол сәттен бері Қытай-Қазақстан қарым-қа - тынасы халықаралық конъюнк - ту - раның өзгерістері сынақ - тарына шыдас бере отырып, сенімділік, тең құқылық, өзара тиімділік пен өзара ықпалдастық сипатын айғақтап, саламатты және тұрақты арнада жедел дамуда. Біздің елдеріміздің ара - сындағы байланыс өңірдегі және тұтастай алғанда әлемдегі тату көршілік пен достықтың шын мәніндегі жарқын мысалы болып табылады.
Екі ел арасындағы ақпараттық байланысқа Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғалы бергі даму үдерісі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда-экономикалық ынтмақтастықты дамытуы және аймақтағы гуманитарлық байланыстарды арттыру тиек болғаны белгілі.
Біз Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты Қазақстанның халықаралық бастамаларына көрсетіп отырған ХҚР мен ШЫҰ мүшелерінің қолдауын жоғары бағалаймыз. Экономикалық ынтымақтастық тұрғысында Қазақстан сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік, мәдени ынтымақтастық салаларындағы екіжақты және көпжақты форматтағы бірлескен жобаларды мақсат етіп отыр. Біздің еліміз ШЫҰ-ның экономикалық жобаларына белсенді қатысуға, олардыөзара тиімді жағдайда қаржыландыруға дайын,-деп атап өткен болатын Елбасы Н.Назарбаев.
Осылайша Қытай мен Қазақ - стан өзара пайдалы сауда-эконо - микалық әріптестерге айналды. Соңғы жылдары елдердің ынты - мақтастығы сауда-экономикалық, энергетикалық, шикізаттық емес, инфрақұрылымдық және басқа салаларда жемісті дамып келеді. Елдеріміздің сауда айна - лымы дипломатиялық қатынас орнаған алғашқы жылдардағы 368 млн. доллардан 2010 жылы рекордтық көрсеткішке дейін, яғни 20,31 млрд. долларға дейін өсті. Нақ - тылай түссек, бұл - 60 еседен астамға артқан деген сөз. Бүгінгі күні Қытай Қазақ - станның аса ірі сауда әріптесі болып табылады және Қазақстан ТМД елдері арасында Қытайдың екінші сауда әріптесі болып отыр. Қытай мен Қазақстан арасында тауар айна - лымы ҚХР-дің Орталық Азия - дағы елдермен жалпы тауар көлемінің 70 пайызынан аста - мын құрайды. Екі мемлекет басшысы 2015 жылға қарай тауар айналымын 40 млрд. доллар деңгейіне жеткізу туралы мақсат қойды. Бұл жерде атап көрсе - тетін жәйт - екі елдің эконо - микалық ынтымақ - тас - тығы еш - қан - дай қосымша саяси шартсыз, яғни тең құқылық, сенім және өзара тиімділік негізінде жүр - гізіліп келеді. Міне, сон - дықтан да мұндай ынтымақ - тастық үлкен өмірлік күшке ие және тұрақты түрде кеңейе әрі тереңдей түсе алады.

Қытай нарығы - энергетикалық ресурстарды қолданудың абсолютті көлемі бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орынды алатын, аймақтық, әлемдік мұнай нарықтарынан сыйымдылығы әлдеқайда үлкен нарық. Халықаралық мамандардың болжамды бағалауы бойынша, Қытайда мұнайға сұраныс көлемі 2010 жылға қарай жылына 200 млн. т. құрайды [3]. Артынша Қытай тек қана энергетикалық ресурстар қорын сатып алу үшін 3 трлн. қаржы бөлгенін әлемге жариялады. Қытай қажетті энергетикалық қуаттардың басым бөлігін теңіз жолдары арқылы тасып отырғаны белгілі. Ал теңіз жолдарына АҚШ-тың әскери-теңіз күштері бақылау жасауда. Бұл Қытайдың энергетикалық қуаттары АҚШ-тың бақылауында деген сөз. Осыдан мазасызданған Қытай бұдан басқа альтернатив жол - Қазақстан арқылы энергетика қуаттарын тасып әкелуге аса мүдделі болып тұр. Қытайдың Қазақстанға ықпалы жөнінде шетелдік ақпарат көздері де түрлі ақпараттар тарата бастады. Еуропа статистика ұйымы мен халықаралық қаржы институттары Қытай бизнесінің Қазақстанда үдей түскендігі жөнінде және оның Қазақстан экономикасына қауіп төндіретіндігі туралы ақпарат жариялады. CSIS (Canadian Security Intelligence Service) мәліметіне қарағанда, жақын болашақта Қытай Қазақстандағы барлық мұнай, газ кеніштерін сатып алмақ екен. Оның үстіне Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы халықаралық энергетикалық агенттіктің есебі бойынша, энергия тұтыну жөнінен Қытай АҚШ-ты басып озып, әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы мемлекетке айналды деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі [5]. Қазіргі күні Қытайдың өндіріс саласының 70% көмір арқылы жұмыс жасап жатыр. Бірақ көмір қуатының сарқылуына байланысты өндірістер енді мұнай мен газға біртіндеп көше бастады. Егер бәрі демей-ақ қояйық, өндірістерінің жартысы уран мен мұнай - газға өтетін болса, біздің ғана емес, әлемдегі энергетикалық ресурстардың сарқылуына едәуір ықпалын тигізері сөзсіз.
Қытайдың энергетикалық қажеттілігі Қазақстандағы сыртқыэкономикалық басылымдылықтарын қалыптастырушы фактор ретінде алсақ, Қытай дүниежүзілік мұнай қызығушылықтарының қалыптасқан құрылымына негізделіп, өзінің энергетикалық дипломатиясын белсенді жүзеге асыруы, энергетика саласындағы жаранды, аймақтық ұйымдар кооперацияларында белсенді қатысуы, нарықта іскер ойнаушыға йналуы күтілуде. Бірақ, бұлардың барлық іс-әрекеттерін бірге алып, Қытай мұнай дүниежүзілік тәуелділігін азайтамады, осыған сәйкес Қытай мемлекетінің экономикасына дүниежүзілік конъюктураның әсері ұлғаю үстінде. 1993ж. бастап Қытай мұнайды импорт арқылы алады, мұнай, мұнай өнімдерінің импорты жылдан жылға дейін өсіп жатыр. Жорамал бойынша, импорт бойынша АҚШтан кейін, жапониядан өтіп екінші орында 2020 жылы ие болады деген 2007 жылы жүзеге асуда.
Осыған сәйкес Қытайдағы мұнай өнімдерінің ішкі бағасына мұнайдың дүниежүзілік бағасы әсер етеді. Ерекше, бұл өткен жылдың қараша айында мұнай өнімдерімен қамтылуы дағдарысқа ұшырады.
Дефицитқа жол жібермеу үшін Пекин, Шанхай, Гуандуньдағы екі ірі мұнай корпорациялары бағаны күрделі көтерді .44. Бұл процесс тұрақты болып жатса, инфляция дамуына әкеледі, оның сипаттамалары бүгін байқалып отыр. Бұған негізгі себеп болып бағаны қалыптастыру жағдайы, сонымен қатар дағдарыстарды алдын алу жүйесінің кемшілігі және мұнай резервтерін сақтандыруы жеькілісіз болу.
Жапандық конъюктура дамуының негізгі үрдістер мен жағдайларды бағалау арқылы Қытай эксперттері қорытындылайды: болашақ екі немесе уш оң жылдары мұнайды тұтылу және экспорттаушыларға үрей жоқ, жағдай қауіпсіз.
XXI ғасырдың басындағы жағдай, өткен ғысырдың 70-80 жылдардағы дағдарыс жағдайынан үш ерекшелігі бар .45.
* Мұнай мемлекет аралық саяси күресте қару міндетін атқаруы жойылды. Мұнай адамзаттық әлеуметтік-экономикалық дамуының крделі тауары болып табылады. Мұнай циркуляциясы нарықтық экономиканың жеке заңдылықтарымен белгіленеді.
* Батыс мемлекеттерінің мұнайды импорт арқылы алу және ОПЕК мемлекеттері экспортаушылар өп уақыт өз қолдарында мұнайды бір-жақты бақылау ұстап, мұнай бағасын белгілеп отырды. Екі жақтың да жанжал мен қызығушылықтары бар.
Мұнай өнеркәсібін жекешелендіру әр түрлі деңгейде экспорт және импорттайтын мемлекеттерінде орын алып отыр, барлық континенттерде байқалады аталған үрдіс. Ірі трансұлттық корпорациялардың күші өсіп, финанс топтарымен бірге дүниежүзілік мұнай нарығын бақылайды. Бұл үрдіс экономиканың жапандануына байланысты ұлғаю үстінде.
Бірақ, Қытайдың энергетикалық стратегиясы соншалықты қиыншылықтарсыз емес. Қытай эксперттердің болжамы бойынша, мұнайды ха бересінің уақытша немесе жартылай тоқталуы жағдайды қауіптендіреді.
Қытай эксперттерін шынайы толғандыратын энергетикалық қауіпсіздікті қамту саласында мұнай импорттың қайнар көздерінің әлсіз диверсификациясы. Бүгін Таяу шығыстан бүкіл импортты мұнайдың жартысынан көбі жеткізіледі. 2010 ж. аталған аймақтың үлес салмағы 80% жеткізуі мүмкін .48. Таяу Шығыс әскери жанжалдың аймағы болып қрқыныш үрейді тереңдетеді.
Осы себептен Қытай бұл жағдайдан шығу жолын іздеуде.
Қытай эксперттері секілді, болашағы бар партнер ретінде Ресейді атайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Азия елдерінің аймақтық ынтымақтастығы: негізгі бағыттары мен болашағы
Қазақстан Республикасының энергетикалық ресурстарының әлеуеті
Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының қазіргі жағдайы
Энергетикалық өзара қатынастар аясындағы Қытай мен Қазақстан
Еуроодақ пен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы
Қазақстан және Жапония қазіргі кездегі өзара қарым-қатынас стратегиясы
Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қарым - қатынастарындағы аймақтық қауіпсіздік мәселесі
Халықаралық қатынастардың басты формалары
Әлемдік шаруашылықтың даму кезеңдері
Пәндер