Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы: заманауи кезеңнің өзекті мәселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы: заманауи кезеңнің өзекті мәселелері
The cooperation of Kazakhstan with China: Present and actual problems
Yerimbetova K.M.

In this article the author is considering the problem of influence on the level of historical consciousness of Kazakh people caused by all the ethnic abundance of historical, cultural and spiritual heritage, which is formed, saved and developed over the centuries and millennia, and, in particular, the centuries-old aspirations of the people for freedom and independence. Power, energy, and consolidation of ethnic factor and the nation - there is a maturity and drive of the people's historical consciousness. The author also analyzed the strategic challenges of the new, modern stage of development, the evolution of the Republic of Kazakhstan - the widening of the country's economic range, the support and development of socio-economic welfare of Kazakhstan, the scientific substantiation for total modernization of all the country's areas in difficult conditions of the coming new round of global economic crisis.
Also, in this article the author is considering the current problems of Kazakh-Chinese relations concerning to strategic cross-border trade, joint security and stability in the region, expanding cooperation in economic, humanitarian spheres, the implementation of activities according to the strengthening of traditional friendly relations. We analyze the views of experts on the economic development in China, and also the relations, migration, and others issues observed in Kazakhstan
Азия - халық бойына жақсылық пен бірліктің құндылықтар дәнін себетін, барлық дәстүрлі діндердің бесігі. Бұл қанатты сөз, Түркияда өткен Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шараларының IV Саммитінде болған жиында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев тарапынан айтылған еді. Онда басты мәселе, жаңа сын-қатерлер мен қауіптің қалыптасуына байланысты әлемдегі түпкілікті өзгерістер әсерінен, елдер арасындағы өзара сенім мен ашықтықтың жеткіліксіздігін ашық жариялаған-ды. Сонымен бірге, аталған жиында жеткен жетістіктерді нығайту, ядролық қарусыз аймақты кеңейту мақсатында, ядролық қарусыз бейбіт өмір орнату бойынша Жалпыға ортақ Декларация жасау және қабылдау идеясы ұсынылды. Достықтың негізі - өзара сенім мен халықаралық ұйымның басты тұтқасы болатындығы заңдылық[1]. Дәл осындай ұстанымдар арқылы Қазақстан мен Қытай елі арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына жол салынғаны, өткен тарихи кезеңдерден мәлім. Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы қадамы, бірлік пен қауіпсіздікті, ұлттық мүддені қорғауға бағытталып, жаңа заман тарихындағы мемлекет пен саясаттың негізі қаланған шешуші кезеңдерден өтті. Олар: ғаламдық геосаяси өзгерістер кезеңінде халықаралық экономикалық байланыстарды қалыптастыру мен жүйеге келтіруде жауапты тоқтамдарға келу, шекараның заңды түрде бекітілуі, әсіресе аймақтық және жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау.
Атап айтқанда, АҚШ, Ресей, Қытай, Еуропалық одақ, көрші елдермен өзара ынтымақтастықтың орнауы, БҰҰ, ТМД, ЕҚЫҰ, ИЫҰ және тағы басқа ұйымдарға Қазақстанның кіруі, Семей полигонының жабылуы үлкен қадам еді. Тәуелсіздікпен келген қазақ елінің сыртқы байланысындағы көрші елдермен дәстүрлі достық қарым-қатынастың қалпына келуі және орнығуы. Алғашқылардың бірі болып Қазақстан тәуелсіздігін мойындаған және бес ядролық мемлекеттің қатарында елімізге қауіпсіздік кепілдігін берген Қытаймен арадағы мәдени-экономикалық, саяси-дипломатиялық қарым-қатынастардың орны ерекше. 1970-1980жж. үдемелі даму жолына түскен Қытай экономикасы нақты реформаларды жүзеге асыруға және мемлекетті модернациялауға бағытталған жаңа стратегиялық даму бағытын таңдады. Қытайша ерекшеленген социализм өзіндік экономикалық даму бағытын ұстауымен ерекшеленді және 1990-жылдары экономикалық өрлеу нәтижесінде ұлттық өнімнің жалпы көлемін 4 есеге арттырды, яғни аймақта да алдыңғы қатардан көріне бастады: азық-түлік, мақта, көмір, құрыш, цемент, шыны өнімдерінің және мақта-маталарының өндірісі жағынан да әлемдегі алғашқы орындарды иеленді. Аз уақыттың ішінде дамушы елдердің қатарынан Қытай мемлекеті ірі экономикалық алпауыт мемлекеттердің қатарына қосылып, халықаралық сахналарда маңыздылығы зор мәселелердің шешілу барысына қатысатын негізгі саяси ойыншыға айналды. Қытайдың ірі сауда серіктестерінің қатарына Латын Америкасы, Африка,Солтүстік Америка, Еуропа, Азия елдері жатады.
Қытайдың Орталық Азия мемлекеттеріне қатысты да өзіндік саясаты бар, 1996-1997 жылдары-ақ бұрынғы кеңес-қытай шекарасы аймағындағы жылдар бойғы шекаралық мәселелерді реттейтіндей біршама келісімдер жасалған еді[2]. Сонымен бірге Шанхай бестігі аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШОС) құрылуымен қытай сарапшыларының сараптамасы бойынша Пекиннің орталықазиялық стратегиясы анықталған еді және бұл аймаққа маңызды мүдделіліктері мен қағидалық әзірлікпен келген-ді[3]. Қытай үкіметі Батыс аймақтардың экономикалық дамуына үлкен назар аударып, ірі ауқымды деңгейдегі мемлекеттік қаржылық саясатты жүзеге асыруға тәуекел ете алды. Яғни, кезінде Дэн Сяопиннің ...аймақтық экономиканы дамытуға қолдау көрсету қажеттігі туралы тұжырымын жүзеге асыруды, КХР төрағасы Цзян Цзэминь: осы аймақтарда экономикалық құрылысты дамытудың нәтижесінде, жергілікті халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына, ұлтаралық қатынастардың көкейкесті мәселелерінің шешілуіне, аймақтың тұрақтылығына әсер етуші сепаратистік әрекеттердің азаюына мүмкіндік беретінін атап өткен. Қытай тарапы Батыс аймақтарды игеру мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыра отырып, Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын дамыту бағытында нәтижелерге де қол жеткізді[4]. Қытай Халық Республикасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздін алғашылардың бірі болып (1991 жылдың 27 желтоқсанында) таныған мемлекеттердің бірі. 1992 жылдың 3 қаңтарында екі ел арасында ресми дипломатиялық қатынас орнады. Екі ел арасындағы келісімдер нәтижесінде, 2002 жылдың 11 мамырында Пекинде
Шекараны демаркациялау туралы хаттамаға қол қойылы. Сонымен қатар Қазақстан-Қытай аралық бейбіт аймақ және Шанхай ұйымы, оның ішінде қауіпсіздікті және терроризмммен күресті қамтамасыз ету аясында екі ел арасындағы қарым-қатынастар жолға қойылды. Шетелдік сарапшылардың айқындауынша XXI ғасыр Азия ғасыры болады. Қытайтанушы зерттеушілер екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар дамуын үш кезеңге бөледі:
-бірінші кезең 1992-1998жылдар аралығы. Жоғары дәрежедегі өзара іссапарлар, әртүрлі деңгейдегі келіссөздер, екі ел қатынастарын дамытудың құқықтық негіздерін қалыптастыру және түйіткілді мәселелерді шешеу;
-екінші кезең 1998-2005 жылдар аралығы. Қазақстан мен Қытай елінің стратегиялық әріптес мемлекеттер деңгейіне көтерілуі;
-үшінші кезең 2005 жылдан қазіргі кезеңге дейінгі мерзімді жалғастырады. Екі ел арасындағы қатынастардың дамуы, энергетикалық саладағы екі жақты және көп жақты ынтымақтастықтың, сауда айналымының қарқынды дамуы және тағы басқа[5,-5-7бб.]. 2004 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы ұйымдастырылмаған сауданы ескермегенде 2,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Жалпы ҚХР-на қазақстандық экспортқа 9,8 пайызы, ал импортта 5,9 пайызды құрады. 2005 жылдың соңында пайдалануға берілген Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры тауар айналымын өсірді. Оның ұзындығы 988 шақырым, құбыр диаметрі - 813мм, алдыңғы кезеңдегі жыл сайынғы өткізу қабілеті - 10 млн. тонна, жүзеге асырудың кейінгі екінші кезеңінде 20 млн. тоннаға ұлғайту көзделді[6,-64б.].
Егер де жалпы Қытайдың сыртқы саудасында Орталық Азияның орны соншалықты айқын болмағанымен, ҚХР Шыңжаң өлкесі мысалында алғашқы орында және баламасы жоқ серіктес. Ең өзектісі транзиттік көлік дәліздері. Орталық Азия Шығыс пен Батыстың арасындағы тасымал көпірі қызметін атқарады. Орталық Азияның ауқымды көлемдегі қазбалы байлықтары қытайлық экономиканың жылдам дамуы үшін аса маңызды. ШЫҰ арқылы Қытай өзінің Орталық Азия аймағымен экономикалық қатынастарға Қытай басшылығы Орталық Азия елдерімен арадағы ынтымақтастықтың экономикалық саласындағы мұнай және газ кендерін барлау, игеру және тасымалдау мәселесіне ерекше ден қойып отыр. Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясы (CNPC) 2007 жылдың шілдесінде Түрікменстан елімен Қытай - Орталық Азия газ құбыры арқылы жылына 30 миллиард кубометр газ тасымалдау туралы келісімге келді. Бұл газ құбыры Түрікменстан мен Өзбектстан шекаралық аймағындағы Гейдаму жерінен бастау алып, Өзбекстан және Қазақстан территориясы арқылы Қытайдың солтүстік-батыс провинциясы Хиньян жеріндегі Батыс-Шығыс қытай газ құбырының екінші тармағына барып қосылады. Газ құбырын салу мұнай мен газ тұтынушылар мен шығарушылардың ортақ мүддесін көздейді. Қытай өзінің ортазиялық көршілерін қарқынды дамып келе жатқан экономикасын тұрақты энергия көздерімен қамтамасыз етіп отыратын стратегиялық серіктес ретінде қарастырса, ОА елдері әлемдегі екінші орындағы экономикалық даму көрсетіп отырған нарықты Ресей мен
Еуропа сұранысына балама ретінде қарастырады. Орталық Азия елдері ішінде Қытайдың Қазақстан мемлекетімен энергетика саласындағы ынтымақтастығы бірінші орында тұр. Бұған бірнеше объективті себептер бар, біріншіден Қытай мен Қазақстан елдері арасындағы шекаралық түйісу аймағы басқаларға қарағанда айтарлықтай ауқымды, екіншіден Қазақстан басқа Орталық Азия елдерімен салыстырғанда табиғи энергореурстар (көмірсутегі) жағынан біршама бай, үшіншіден, Қазақстан Республикасындағы экономикалық қатынастар мен кәсіп жүргізудің барынша либералды болуы мен инвестициялық климаттың қолайлы болуы шетелдік, оның ішінде қытайлық инвесторлардың тартылуына жеңілдік береді, төртіншіден, Қазіргі таңда Қазақстан елі өзінің саяси тұрақтылығы жағынан шетелдік инвесторларға кепілдік бере алады.
Заманауи Қазақстан-Қытай экономикалық қатынастарында бірнеше үдерістердің орын алғандығы байқалды. Біріншіден, ірі экономикалық жобаларды жүзеге асыруға аяқ басу кезеңі. Екіншіден, Қытай елі Қазақстанның мұнай-газ саласындағы өзінің ықпалын арттыруға мүдделі. Үшіншіден, Қытай басылымдарындағы Қазақстанның инвестициялық ахуалының нашарлығы туралы әсіре ақпаратқа қарамастан қытайлық кәсіпкерлердің Қазақстан нарығына кіре бастауы. Қазақстан нарығына келген ең бірінші қытайлық компания - Қытай ұлттық мұнай компаниясы (ҚҰМК - CNPC), болды, оның өкілдігі 1995 жылдың ортасында Қазақстанда СНПС - Ақтөбемұнайгаз АҚ деген атаумен тіркелді. 1990 жылдың орташеніндегі басылымдар мен сол жылдардағы ҚазМұнайГаз ҰК АҚ ресми құжаттары бойынша талдау, аталынған кезеңнен бастап Қазақстан жерінде СНПС - Ақтөбемұнайгаз АҚ деген атпен жұмыс істей бастаған компания туралы мәлімет бар. Дәл осы кезде тендерге Өзенмұнайгаз АҚ 60% мемлекетік акциясы да салынды. Бұл тендерге АМОСО (АҚШ), Unocal консорциумына (АҚШ) кіретін Petronas Charigali (Малайзия) және қытайлық CNPC қатысты. 1997 жылдың 4 маусымында Ақтөбемұнайгаз АҚ бойынша бірінші тендерде жеңімпаз ретінде CNPC танылды.
Келісім бойынша: кен орнына 20 жыл ішінде 4 млрд. долл қаржы салу көзделді. Оның ішінде 1998 - 2003 жж. - 585 млн. долл.; қоршаған ортаны қорғауға салынатын жыл сайынғы инвестиция - 500 тыс. долл.; ҚР үкіметінің бонусы - 320 млн. долл.; қол қойылған бонус - 5 млн. долл. деп қарастырылды. Сонымен қатар CNPC Ақтөбемұнайгаз АҚ 71 млн доллар көлеміндегі қарыздық міндеткерліктерін де өтеуі керек еді. Осылайша, келісім шарттың жалпы сомасы - 4,3 млн долларды құрады [7, 155].
1997 жылдың тамызында Қытайлық мұнай мен газ барлауы мен бұрғылауы бойынша ұлттық корпорация (CNODC - CNPC еншілес) Өзенмұнайгаз АҚ бойынша жарияланған екінші тендер бойынша жеңімпаз деп танылып, 55% акцияны иеленді. Түрлі шаралар мен бағыттарға белгіленген төлемдерден соң келісімнің жалпы құны 4,38 млрд. доллар болды. Осылайша, 1997 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы келісім өзінің ауқымдылығымен тарихта қалады. Жалпы қытайлық инвестицияның көлемі 11 млрд долларды құрайды, ол Ақтөбемұнайгаз АҚ мен
Өзенмұнайгаз АҚ қалпына келтіруге және де Батыс Қытай - Иран мұнай құбырын салуға бағытталды. Салынуы тиіс инвестиция көлемінің ауқымдылығы соншалықты оны тек АҚШ инвестицияларымен ғана салыстыруға болатын еді. Тендерді не себепті қытайлық компанияның ұтып алғандығы ешбір құжатта көрсетілмеген, бұл туралы тек болжам жасауға болады, біріншіден экономикалық себеп - қытайлықтардың екі тендер бойынша шығыны шамамен - 500 млн доллар болатын еді, немесе саяси себеп - мұнай құбырын салу туралы келісіммен бекітілген стратегиялық серіктестік мәселесі. Аталынған осы екі келісім шарт нәтижелері арқылы қытайлық CNPC қазақстандық мұнай саласының аса ірі субъектісіне айналды, сондықтан да тек аталынған жобалардың орындалуы ғана емес, сонымен бірге көптеген жаңа жобаларды да күтуге болатын еді. Алайда, осы кезеңдегі өзара әкімшілік деңгейдегі қиындықтар аталынған жоспарлардың кейінге қалуына ықпал етті. Осы аралықта орын алған көптеген кедергілерге қарамастан қытайлық компания біртіндеп өзінің міндеткерліктерін атқара бастады. Бұл үрдістің қарқын алуына екі ел басшыларының ұстанымдары да ықпал етті.
2001 жылдың желтоқсанында қазақстан-қытайдың Мұнайтас БК құрылды, оның негізгі мақсаты Батыс Қазақстан - Батыс Қытай мұнай құбырының маңызды бөлігі болып саналатын Атырау - Кенқияқ желісінің құрылысын бастау болатын. Ал 2002 жылы CNPC өзінің инвестициялық міндеткерлігінің бес жылдық жоспарын орындады. Қазақстан-қытай энергетикалық ынтымақтастығы үшін 2003 жыл өзгерістерге толы және жетістікті жыл болды. АҚШ-тың Ирак жеріндегі әскери кампаниясы ҚХР энергетикалық қауіпсіздігі үшін үлкен қатер болды. Сондықтан да, Қытай өзінің әлемдік деңгейдегі энергетикалық дипломатиясын белсенді түрде жүргізе бастады және де бұл үрдістен Қазақстан да сыртқары қалған жоқ.
2003 жылдың мамырында CNPC Ақтөбемұнайгаздың мемлекетке қарасты акциясын (20,12%) сатып алып, қазіргі таңда бұл кәсіпорынның акциясының 80% ие болып отыр. Сол жылы CNPC "Нельсон ресорсиз лимитед" компаниясымен біріге отырып, маңғыстау облысындағы "Северные Бузачи" кен орнының акция пакетіне ие болды. Осы жылдың маусымында Қазақстан республикасының Президенті Н. Назарбаев пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао энергетика саласындағы: мұнай құбыры жобасы, мұнай кендерін игеру, Қазақстан-қытай мұнай құбырын салу секілді мәселелерді қарастыратын, салалық ынтымақтастықты арттыратын құжаттарға қол қойды. Бұл үрдістердің басым көпшілігінің пайда болуына Қытай экономикасының энергоресурстарға деген сұранысының артып, ел ішінде энерготасымалдаужыларға тапшылықтың қалыптасуымен түсіндіріледі. Бұған сыртқы шикізат нарықтарын игеруге қатысты саясаттың өзгеруі, Ирактағы соғыстың Таяу Шығыс аймағынан Қытайға келетін энергоресурстардың тасымалын қиындатуы, Қытайдың мұнай тасымалы туралы келісімдер жасаған ЮКОС компаниясының ыдырай бастауы, өзінің Орталық Азия аймағындағы ықпалын күшейтуге жағдай жасайтын Ангарс - Дацин мұнай құбырының салынуына қатысты туындаған түсініксіздіктер,
Орталық Азияның энергоресурстық мүмкіндігін пайдалануға бағытталған Қытайдың Батыс аймақты игеру бағдарламасының қабылдануы секілді шаралар ықпал етті. Осы мәселелердің барлығы жинақтала келіп, Қытайдың Каспий айлағының Қазақстандық, артынан Түркменстан мен Өзбекстандық бөлігіндегі белсенділігінің артуына ықпал етті. 2004 жылдың сәуірі тек Атасу - Алашанькоу - Душанцзы мұнай құбыры құрылысының басталуымен ғана емес, сонымен қатар қазақстандық мұнай нарығына қытайлық ірі мұнай компаниясы Синопектің келуімен де айқындалды. Бұл компания американдық ФИОК тобының бас компаниясын сатып алу арқылы Каспий айлағындағы бірнеше кен орындарына ие болды. Ал 2005 жылы қазақстан-қытай энергетикалық ынтымақтастығында жаңа жетістіктер орын алды: Атасу - Алашанькоу мұнай құбыры іске қосылды және де мұнай мен газ кен орындарын сатып алу, игерумен және түскен мұнай мен газды өңдеу жұмыстарымен айналысатын канадалық PetroKazakhstan Inc. Компаниясын қытайлық CNPC ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚХР - дың Африканың дамушы елдеріндегі экономикалық саясаты
Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының қазіргі тетіктері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасы (талдау, сипаттамасы)
Қазақстан Республикасының туризм саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы
Мемлекеттердің егемендік теңдігінің принципі
Әлемдік саясатта мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
Оңтүстік кореяның Қазақстандағы мүдделері
Негізгі мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды дамыту
Пәндер