НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ КОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
1 НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ
КОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1.1 Қаржы нарығы түсінігі және экономикалық маңызы

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы
экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын
нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық
институттармен бірге қаржы рыногінің құрылуын талап етті. Қазақстанда
қаржы нарығы бұрын соңды болған емес.
Қаржы рыногы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория
ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі
операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың,
банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының,
мемлекеттің және халықтың бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта
бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық
қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар,
ақша, несие, сақтық, валюта және басқа рыноктармен (капитал, жұмыс
күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. рыноктармен) етене
байланысты (1 сурет).

1 сурет - Экономикалық жүйедегі нарықтың өзара байланысы

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы нарығы қаржы
ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді
пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды
ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар
нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы
нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында
ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық
қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым
болып табылады. [5]
Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы
ұғым ақша, валюта, кредит, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен
түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара
бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен
дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың
кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе
тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастыру мүмкін.

2 сурет - Қаржы нарығының құрылымы

Ақша нарығы дегеніміз қолма-қол ақша ғана емес, қолма-қолсыз
төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының нарығы.
Несие нарығы несие бойынша банктердің кредит операцияларымен
байланысты.
Капитал нарығы қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ
мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.
Қаржы нарығында сатып алу сатудың объектісі айрықшалықты тауарлар
– ақша және бағалы қағаздар болып табылады. Сондықтан онда бағалы
қағаздардың қозғалысымен ортақтастыратын экономикалық қатынастар болып
табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Қор
құндылықтарының – бағалы қағаздар мен туында бағалы қағаздар
айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те атайды.
“Қор нарығы” термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле
жасалынатын және ресімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен
байланысты.
Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығы – бұл шарушылық жүргізуші
субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын
шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық
қатынастардың жүйесі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген
экономикалық, әсіресе инвестициялық процесстерді тәртіпке келтіріп,
олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың
қор құралдарының, ең алдыменен бағалы қағаздардың сан алуандығымен
қол жетеді.
Нарықтың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы нарығының
жұмыс істеу шарттарын айшықайды. Оған мыналар жатады:
1. Реттелінген тауар нарығының болуы, яғни кез келген түрлердегі
және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным
мен ұсынымның теңгерімдігі;
2. Ұлттық банк тарапынан қша айналысын қалыпты реттеп отыру:
бұған қолма-қол және қолма-қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау
жатады;
3. Несие нарығының жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни
кредит ресурстарын еркін нарыққа орналастыру; несие русурстарының
қозғалысы Орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерцилық
банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша нарығында
операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.
Кез келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны
қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы нарығының
жұмыс істеуінің объективті алғышарты болып табылады.
Қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар
жатады:
Бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық
өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық бундарының – меншіктің барлық
нысандары кәсіпорындардың, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең
дербестігі;
Қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы:
өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың,
қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомствволық қайта бөлудің
азаюы;
Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға
және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;
Бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды
тоқтату; республикалық, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары
мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.
Қаржы нарығының мыңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды
қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана
айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл-әміршіл экономикаға
тән “сатылас” әдістің орына “деңгейлес” қозғалысы бойынша ресурстарды
қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде
шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз
қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс-әрекет етеді. Бұл
қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен
кәсіпорындардың, салалардың және жалпы экономиканың қаржылық
жағдайын тұрақтандырады.
Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен
бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс
істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары
бағасы белгіленеді.
Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет
тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, нарықта
еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды
қағаздар шығарады.
Экономикалық реформа процесінде қаржы рыногының қалыптасып, жұмыс
істеуі экономиканың дағдарысын тудыратын және оның инфляциясымен
қосарланатын қарама-қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.
Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды – олар
қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс.
Бағаның үнемі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі
аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция
кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние мүлікке,
тауарларға, еркін айырбастылымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым
тартымды болып табылады.
Қаржы нарығының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс
деңгейінің төмендігінен тежеліп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың
санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі
жағдайында олардың қаражатарды бағалы қағаздарға салуы екі талай.
Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа мерзімді несиелер мен депозиттер
бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның
нәтижесінде бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша-несие
операциялары жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.
Қаржы нарығының жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар
саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы
бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД
елдерінің саяси болмыстары не ол, не бұл кәсіпорынның
рентабельділігіне қатысы ұзақ мерзімді болжамның мүмкіндігін жоққа
шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу
ықыласын шектейді.
Қаржы нарығының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды –
экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен
облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде
мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы нарығының бұл
сегменті жақсы дамымады, бұл жалпыэкономикалық әлуетті тежейді.
Инвестициялық институттар, қор биржалары, биржадан тыс сауда, депозит
мекемелері түріндегі құрамды элементтерді кіріктіретін ұлттық қор жүйесін
қалыптастыру бір мезгілде басқа нарықтық құрылымдардың, ең алдымен әр
түрлі тұрпаттағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуымен, бұл жүйенің
қызметін мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы рөлі кезіндегі
сенімді заңнамалық қамтамасыз ету жағдайында жүргізілуі тиіс.

1.2 Қазақстанның қаржы нарығының дамуы мен кəсіпорындардың қаржы
нарығындағы орны
 
ТМД-ның барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, тәуелсіздік алумен
бірге экономиканың қаржы секторының реформасы және дамуы қаржы
институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың қаржы
секторына сенімін арттыру бойынша іс-шараларды белсендендіруге әкелген
басымды мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде қарастырылады.

Бүгінгі күнге Қазақстанның қаржы секторы банктік қызметтер нарығы,
бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және зейнетақы қызметтерінің
нарығы сынды негізгі секторлармен көрініс тапқан.
Банк секторы экономиканың қантамыр жүйесі және қаржы секторының ең
үлкен сегменті болып табылады. Қазақстандық банктік қызметтер нарығының
қалыптасуы мен дамуының бүкіл кезеңінде ол мәнді реформаларды басынан
өткерді.
1990 жылы Банктер және Қазақ ССР-ндегі банк қызметі туралы Заң
қабылданған кезде отандық банк жүйесін реформалаудың алғашқы заңнамалық
негізі қаланды. 1991 жылы екі деңгейлі банк жүйесі қалыптастырылды. Бұған
мемлекеттік салалық банктерді қайта ұйымдастыру және СССР Мемлекеттік
банкінің республикалық бөлімшелерінің егеменді мемлекеттердің орталық банкі
қызметін атқаруы, сонымен қатар алғашқы коммерциялық банктердің құрылуы
септігін тигізді. Сол кезден бастап Қазақстан банк жүйесінің бірінші
деңгейі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен және оның облыстардағы
бөлімшелерімен, ал екінші деңгейі өзге банктермен көрініс тапты. Нарықтық
қатынастардың кеңеюі және несие ісінің дамуы коммерциялық банктердің жылдам
өсуіне әкелді, олардың саны, мәселен, 1993 жылы 200-ден астам болды.
1993 жылдың сәуірінде орталық банктің міндеттерін, қызметінің
қағидаттарын, құқықтық мәртебесін және құзырлығын, банк жүйесіндегі рөлі
мен орнын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік үкіметінің органдарымен өзара
қарым-қатынасын анықтайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы
жаңа Заң қабылданды.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы мемлекеттіліктің негізгі нышандарының
бірі ретінде, сонымен қатар республика экономикасын инфляциялық қысымнан
және қолма-қол ақшаның тапшылығынан қорғау мәселесін шешу мақсатында ұлттық
валютаны енгізу туралы мәселені шешуді күн тәртібіне қойды. Осыған
байланысты, Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен ұлттық валюта –
теңгені дайындау және енгізу бойынша кезек күттірмес іс-шаралар
Бағдарламасы жасалды. Бағдарламаның негізгі бағыттары – бұл дағдарысқа
қарсы шараларды қабылдау қажеттігі және әлеуметтік-экономикалық
реформалаудың тереңдеуі, қатаң ақша-несие және пайыз саясатын жүргізу,
бағалардың еркіндігі, халықтың әлсіз топтарын әлеумттік қорғау.
1993 жылғы ақша реформасы теңгені тікелей енгізу жолымен келесі
артықшылықтарды әкелді:
• республиканың тәуелсіз ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндігі
болды;
• Қазақстан тұрғындары болашақтағы белгісіздіктен арылды;
• жаңа ұлттық валюта шетел валютасына қатысты оның нақты бағамын
анықтауға мүмкіндік берді [14].
1993 жылдың қарашасында ұлттық валютаны енгізу мемлекеттік ақша-несие
саясатын және банктік реттеуді жүргізу тұрғысында Ұлттық банктің рөлін
арттырды. Ұлттық банк банк жүйесінің қызмет етуінің нормативтік және
құқықтық негізін қалыптастыруға үлкен көңіл бөлді, банк қызметі үшін
қажетті минималды резервтік талаптар, экономикалық нормативтер сынды
пруденциалды реттеудің нормативтері енгізілді, сонымен қатар шетел
қатысуымен қызмет ететін банктер қаражаттарының бір бөлігін ішкі активтерге
орналастыру туралы және банктің қарыз қоржынын сыныптау туралы ережелер
қабылданды. Айта кеткені жөн, банктік жүйенің реформалануы кезеңінде бұл
нормативтердің көпшілігі мәнді өзгерістерге ұшырады.
Ақша қаражаттарын орталықтандырылған қайта бөлуді максималды қысқарту
және Ұлттық банк қызметтерін орталық банктердің классикалық қызметтеріне
жақындату бойынша алдына міндеттер қойған отандық банк жүйесін
реформалаудың алғашқы бағдарламасы 1995 жылдың 15 ақпанында қыбалданды.
Банк жүйесін реформалаудың келесі кезеңі ТМД аумағында алғышқылардың
бірі болып 1996 жылдың желтоқсанында қабылданған 2000 жылдың соңына дейін
капитал өтімділігінің жеткіліктілігі, активтер сапасы, менеджмент,
бухгалтерлік есеп деңгейі, ақпараттарды енгізу және беру тұрғысында
қызметтің халықаралық стандарттарына екінші деңгейлі банктерді өткізу
Бағдарламасы болды [12].
Жалпы, банктердің капиталдану деңгейіне Ұлттық банктің қойған қатаң
талаптары банктердің бірігуіжұтуы, төмен капиталданған банктердің несие
серіктестіктеріне өз еріктерімен қайта құрылуы, барлық банк операцияларын
жүргізуге лицензияны жою мен қаржылық тұрақсыз және төлем қабілетсіз
банктерді күштеп жою тәртібін қолдану есебінен банк секторын оңалтуды
жеделдетті. Бұның барлығы халықаралық стандарттар деңгейінде өз қызметін
жүзеге асыратын, жоғары капиталдандырылған банктері бар тұрақты банк
жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ұлттық банк тарапынан қабылданған
шаралар банктер санының 1993 жылғы 204-тен 1997 жылдағы 81-ге дейін
қысқаруына әкелді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 37 екінші деңгейлі банк
қызмет атқарады.
1997 жылы банктерді инвестициялық және депозиттік деп бөлінуі алынып
тасталды, банк қызметінің түрлерін кеңейту қарастырылды, сонымен қатар
банктерді ашуға және оларды лицензиялауға, ішкі бақылауға және банктердегі
тәртіптерге қатаң талаптар қойылды, CAMEL жүйесі бойынша банктердің
қаржылық жағдайын рейтингтік бағалау енгізілді.
Қазақстанда банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын несиелік
серіктестіктер, ломбардтар, ипотекалық компаниялар, инвестициялық қорлар
және т.б. сияқты банктік емес қаржылық мекемелердің қалыптасуы да маңызды
болып табылады. Несиелік серіктестіктер және микроқаржылық ұйымдар сынды
банктік емес мекемелер қызметінің мақсаттары мен міндеттері халықты, шағын
және орта кәсіпкерлерді несиелік ресурстармен қамтамасыз ету, бәсекеге
қабілеттілік және қаржылық тұрақтылық деңгейін арттыру болып табылды, және
олардың қызмет етуі ауылдық аймақтардағы қаржылық қызмет көрсету
нарығындағы олқылықтарды толтыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар қосымша
жұмыс орындарын жасау жолымен әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі,
кедейлік деңгейін төмендетеді және шағын бизнес пен орта бизнесті дамыта
отырып, халықтың табыстарын арттырады.
Осылайша, 1998 жылдың соңындағы банк жүйесін қайта қалыптастыру
коммерциялық банктерден тұратын олардың екінші деңгейі ломбардтар, несиелік
серіктестіктер, тарсталық, лизингтік, факторингтік фирмалар, ипотекалық
компаниялар түрінде көрініс табатын банктік емес қаржылық мекемелермен
толықтырылғандығымен негізделеді. 2009 жылдың 1 қазанында Қазақстанда
банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 17 ұйым, соның
ішінде 7 ипотекалық ұйым жұмыс жасайды.
1999 жылдың сәуірінде Үкіметтің және Ұлттық банктің шешімімен
Қазақстанда теңгенің еркін айырбас бағамының режимі енгізілді, бұл әсіресе
Ресейде 1998 жылы сыртық қаржы нарықтарындағы дағдарыстан кейін ұлғайып
кеткен Ұлттық банктің араласуынсыз валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс
негізінде теңге бағамының қалыптасуын білдірді. Бұл шара қаржы жүйесін
тұрақтылығына нұқсан келтірмей экспорттық өндіріс жұмысының
рентабельділігін арттыруға мүмкіндік жасады. Қазақстан бұл кезеңде
халықаралық қаржылық ұйымдардың ұсыныстарына қарамастан, банк клиенттеріне
олардың салымдарын теңгенің девальвациясына дейінгі бағам бойынша
ауыстыруға құқық беру жолымен жеке және заңды тұлғалардың жинақтарын қорғау
бойынша мүмкін шараларды жасады. Теңгенің еркін айырбас бағамы режимін
енгізу өз нәтижелерін уақыт күттірмей берді. Яғни, 1999 жылдың үшінші
тоқсанында сауда балансы оң болды, долларлық сипаттағы экспорт көлемі
бірінші тоқсанмен салыстырғанда 60 пайызға өсті. 1999 жылдың қазанында
теңгенің бағамы біршама тұрақтанды, ал Ұлттық банктің алтын валюта
резервтері бір айдың ішінде 143 миллион АҚШ долларына дейін ұлғайды.
Ұлттық банктің жүргізіп отырған ақша-несие саясатының ең мәнді
жетістіктерінің бірі 1993 жылы 2153%-ға дейін жеткен гиперинфляцияны
тоқтатуы болды. Инфляция қарқыны мен қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің
серпінінің тенденциялары бір-біріне сәйкес болғандықтан, қайта
қаржыландырудың банктік мөлшерлемелерінің төмендеуінің серпінді процесі
қатар жүріп жатты. Яғни, 1994 жылдың қаңтарынан 2002 жылдың қарашасы
аралығында қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 27,0-ден 7,5%-ға дейін
төмендеді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ақша және несиелер құнының
ұзақ мерзімді жоспардағы тұрақтылығы экономиканың тиімді қызмет атқаруының
және сәйкесінше оңтайды экономикалық өсу мен халықтың жоғары
жұмысбастылығының шешуші алғышарттары болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев, Ұлттық банк, Бағалы
қағаздар бойынша Ұлттық комиссия, Үкімет өкілдері, сонымен қатар
республиканың қаржы нарығының өкілдері қатысқан 1999 жылдың 28 мамырында
Алматы қаласында өткен Қазақстан қаржыгерлерінің І Конгресі тек банк
секторының ғана емес, бүкіл отандық қаржы нарығының даму тарихында атап
өтерлік оқиға болды. Алғаш рет қаржы нарығының барлық секторларының
өкілдері экономикалық өсудің және халықтың әл-ауқатын жақсартудың ғаламдық
міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін қазақстандық қаржы нарығында кең
инвестициялық мүмкіндіктерді жасау және жаңа қаржылық институттарды
қалыптастыру мәселелерін талқылау үшін ерікті түрде біріккен болатын.
Отандық қаржыгерлердің І Конгресі резолюциясының негізінде Конгресс
отырыстарының арасынеда қабылданған шешімдерді әрі қарай жүзеге асыруға
бағытталған Конгрестің жұмысшы органы ретінде Қазақстан қаржыгерлерінің
ассоциациясы (ҚҚА) құрылды. ҚҚА Қазақстан қаржыгерлерінің атынан
мемлекеттің қаржы жүйесін дамыту, жинақтау бағдарламасын жүзеге асыру, жаңа
қаржылық құралдарды енгізу, қаржы нарықтарын реттейтін әрекет етіп отырған
заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Парламентпен және Үкіметпен
қызметтестік жасауға бағытталды [17].
Айта кеткені жөн, 1999 жылдан бастап Қазақстан қаржыгерлерінің алты
Конгресі өткен.
1999 жылдың соңына қазақстандық екінші деңгейлі банктерде жеке
тұлғалардың шамамен 30 миллиард теңге депозиттері шоғырландырылған, ал
сараптамашылардың бағалуы бойынша, тұрғындарда іскерлік айналымға
салынбаған бір миллиард АҚШ долларынан астам жинақтары болған. Ал
жинақтардың басым бөлігін кәсіпкерлер Қазақстанның шегінен шығарған. Тіпті
еліміздің Ұлттық банкінің ресми мәліметтері бойынша капиталдың елден кетуі
1999 жылы 650 миллион долларды құраған. Осылайша, жинақтардың басым
көпшілігі отандық банк секторынан тысқары қалған. Негізгі себептердің бірі
– бұл сол кездегі ресми құрылымдардың банктік есеп-шоттарға заңды
санкцияланған қол жетімділігі.
Сондықтан отандық қаржы жүйесіне тұрғындардың сенімін арттыру үшін
келесі жүйелі шаралар кешені жасалды және жүзеге асырылды:
1999 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі
банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдендірудің
(сақтандырудың) қазақстандық қорын құру жолымен жеке тұлғалардың мерзімді
салымдарын міндетті сақтау жүйесін қалыптастыру;
барлық заңнамалық қайшылықтарды болдырмауға және банктік құпия
қағидасын жүргізуге бағытталған Банктік құпия мәселелері бойынша Қазақстан
Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар
енгізу туралы Заңының 2000 жылдың 29 наурызында енгізілуі;
2001 жылдың 2 сәуірінде Ақшаларын заңдастырумен байланысты Қазақстан
Республикасы азаматтарының амнистиясы туралы Заңның қабылдануы, оған
сәйкес сол жылы тұрғындар табыстарын заңдастыру бойынша акция жүргізілді
[4]. Заңдастырылатын соманың көлемі туралы ақпарат құпия болды және оларға
ешқандай салық төлеу қажет болмады. Сонымен қатар, еліміздің салық
органдары 1995 жылдан 2000 жылға дейінгі жеке тұлғалардың табыстары және
мүлкі туралы декларацияна жоюға уәде берді (және жойды).
Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2000 жылдың басында
16 банк жеке тұлғалардың мерзімді салымдарын ұжымдық кепілдендіру
(сақтандыру) жүйесінің қатысушылары болды. Тұрғындар жинақтарын банктерге
белсенді тарту нәтижесінде банктің белсенді операцияларын жүргізу көлемінің
өсуіне, олардың бәсекеге қабілеттілігінің артуына, банктік қызмет
көрсетулердің өзінідік құнының төмендеуіне, және олардың банк клиенттеріне
қол жетімділігіне әкелді. 2000 жыл ішінде бұл жүйеге қатысушы-банктер саны
18-ге дейін ұлғайды, ал 2007 жылдан бастап эеке тұлғалардың депозиттерін
қабылдауға құқығы бар барлық әрекет етіп отырған екінші деңгейлі банктер
қосылды.
30 күнге созылған амнистия нәтижелері бойынша екінші деңгейлі банктерде
ашылған ҚР азаматтарының арнайы есеп-шоттарына 480 млн. АҚШ долларынан
астам сома түсті, соның ішінде тек 50,5 миллионы шетелден келді. Арнайы
шоттарға жатқызылған депозиттердің орташа көлемі 164 мың долларды құраған,
және де депозиттердің минималдың сомасы 50 долларды құраса, максималды
сомасы шамамен 800 мыңды құраған. Өз капиталдарын заңдастыру құқығын
шамамен еліміздің 3 мың азаматы пайдаланды, олардың ішінде 88%-ы қолма-қол
ақша әкелді.
Осылайша, банктердегі азаматтардың салымдарын қорғау бойынша шаралар
кешені тұрғындардың банктік жүйеге сенімін арттырды. Және де егер 1994-98
жылдарда салымдардың жалпы сомасы (резидент еместерді қоса алғанда) 5,4-тен
31,6 млн. теңгеге өссе, онда 1999 жылы өсім 23,4 млрд. теңгені, 2000 жылы –
36,7 млрд. теңгені, ал 2001 жылы – бірден 248,3 млрд. теңгені құраған.
[15].
Депозит көлемі соңғы жылдары 2000 жылғы 294 млрд. теңгеден 2009 жылдың
соңында 6,4 трлн. теңгеге өскен.
Жағымды макроэкономикалық жағдай және банктердің меншікті капиталы,
ресурстық базасы жиынтығының жалғасып келе жатқан өсімі жағдайында 2000
жылдан 2009 жылдың бірінші жартысына дейінгі кезеңдегі несие нарығы
қазақстандық қор нарығының серпінді дамушы сегменттерінің бірі болып қалды.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің төмендеуіне, төмен инфляцияға, ұлттық
валютаның девальвация қарқынының баяулауяна байланысты несиелер бойынша
мөлшерлемелер 2000 жылдан 2009 жылға дейінгі кезеңде нақты сектор
кәсіпорындары үшін ұлттық валютада 18,1%-дан 12,9%-ға дейін, шетел
валютасында 15,5%-дан 10%-ға дейін төмендеді.
Экономикаға несиелердің көлемі 2000 жылғы 276,2 млрд. теңгеден 2009
жылдың соңында 10,2 трлн. теңгеге дейін өсті. Экономикаға банк несиелерінің
ЖІӨ-ге қатысының көрсеткіштері көрсетілген кезеңде 10,6%-дан 56,5%-ға дейін
өсті.
 Қысқа және орта мерзімді банктік несиелеудің басты көздері депозиттік
базаны кеңейту және шетел қаржы институттарынан синдикатталған займдарды
тарту болды. Экономиканы ұзақ мерзімді несиелеудің негізгі көздері ірі
қазақстандық банктердің еурооблигациялар шығаруы болды. 2009 жылы
қазақстандық банктердің еурооблигациялар шығаруы кезіндегі қарыз алу,
банктердің мерзімсіз еурооблигацияларын шығаруды қоспағанда, мерзімі 30
жылға жетті. Ұзақ мерзімді сыртқы қорландыруды тарту шарттары да тартымды
болды. Айналыс мерзімі 5 жылдан жоғары екінші деңгейлі банктердің ұзақ
мерзімді еурооблигациялары бойынша орташа купон 2002 жылғы 10,8%-дан 2009
жылы 8,03%-ға төмендеді. Нәтижесінде екінші деңгейлі банктердің
қаржыландыру мерзімі 10-15 жылға дейінгі несиелер беруге жағдайы болды.
Екінші деңгейлі банктердің сыртқы капитал нарықтарында ұзын
ресурстарды тартуы салдарынан 2006-2009 жж. аралығында банктердің ұзақ
мерзімді несиелеуінің өсуі байқалды. Ұлттық банктің мәліметтері бойынша
2009 жылдың басынан қазақстандық экономиканы екінші деңгейлі банктер
тарапынан несиелеуі 54,7%-ға ұлғайып, осы жылдың соңына 7258,4 млрд.
теңгеге жеткен. Екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді несиелерінің
көлемі 68,9%-ға өсіп, 2009 жылдың соңында 5800,8 млрд. теңгені құраған,
қысқа мерзімді несиелер 16,0%ға артып, 1457,6 млрд. долларды құраған.
Осылайша, 2009 жылдың нәтижесі бойынша екінші деңгейлі банктердің
жиынтықталған ссудалық қоржынындағы ұзақ мерзімді несиелердің үлесі 79,9%-
ға өскен (2008 жылдың нәтижесі бойынша – 72,8%).
Экономиканың шикізаттық емес салаларына екінші деңгейлі банктер ұзақ
мерзімді несиелік ресурстарының 634,7 млрд. теңгесі немесе ұзақ мерзімді
несиелердің жалпы көлемінің 10,9%-ы келді (2008 жылдың соңына 11,4%
болған). Оныі ішінде өңдеуші өнеркәсіпке 49,3%, электр энергиясын, газ және
суды өндіру мен бөлуге – 3,7%, көлікке – 17,2%, байланысқа – 5,3%
жұмсалған. Осылайша, банк секторы үлкен несиелік ресурстарды иеленді,
алайда негізгі қаржылық ағын ел өнеркәсібі мен инфрақұрылымын несиелеуге
емес, сауда, тұрғын үй құрылысы және өзге де салаларды (өндірістік емес
сала, сауда, жеке қызмет) қаржыландыруға бағытталды. Бұл салалар 2009 жылы
екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарының 67,8%-ын
тартты [16].
Осылайша, банктердің салыстырмалы арзан шетел капиталын белсенді тартуы
Қазақстан экономикасында 2002-2009 жж. Кең ауқымды несие экспансиясының
пайда болуын ынталандырды. Бұл кезде банктік несиелеудің орташа жылдық өсу
қарқыны 60-70% болды.
Отандық қаржы институттарының қызметін реттеу тұрғысында жүргізілген
реформаларды ерекше атап өтуге болады. Реформалаудың басынан бастап
Қазақстан қаржы жүйесінің барлық қатысушылары бір тәуелсіз мемлекеттік
органмен реттелетін үлгіні таңдаған болатын және мақсатты бағытты соған
қадамдар жасады. Қаржы нарықтарын бірегей реттеу жүйесін Қазақстан
нарықтарына қолдану мәселелері көптеген жылдар бойына талқыға түскен
болатын. Қаржылық реттеуші органдарды біріктіру тұрғысында келесі негізгі
аргументтер келтірілді: қаржы қызметінің кең спектірін (банк қызметі,
сақтандыру, зейнетақы қызметтері, активтерді басқару, корпоративті бағалы
қағаздар нарығындағы андеррайтинг және маркет-мейкинг) білдіретін қаржылық
конгломераттардың пайда болуы; қаржы ведомостволарының дұрыс
үйлестірілмеген әрекеттерінің болуы, оның салдарынан қызметтерді қайталау,
реттеуші қызметті және пруденциалды қадағалауды жүзеге асырудағы
қайшылықтар [17]. Сөйтіп, 2006 жылдың шілдесінде екі реттеуші органның
бірігуі болды – Ұлттық банк пен Бағалы қағаздар бойынша Қазақстан
Республикасы Ұлттық комиссиясы, Бұл Ұлттық банкке бүкіл қаржы жүйесі
шеңберінде нарықтың барлық қатысушыларына дерлік қадағалауды жүзеге асыруға
мүмкіндік берді. Қаржы нарығын дамыту және қазақстандық қаржы жүйесінде
мемлекеттік басқару механизмін жетілдірудің құрылымдың реформаларын жүзеге
асырудың келесі қадамы қаржы нарығы қатысушыларын реттейтін бірегей органды
құру болды. 2007 жылдың қаңтарынан Қазақстан Республикасы қаржы нарықтарын
және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша агенттік немесе Қаржылық
қадағалау агенттігі (ҚҚА) осындай орган болды.
Айта кеткені жөн, 2007 жылдан бастап Ұлттық банк Қазақстан
Республикасындағы бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып
табылатын орталық банктің классикалық қызметтерін орындай бастады. Негізгі
мақсатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Ұлттық банкіне келесі міндеттер
жүктелген:
- мемлекеттік ақша-несие саясатын жасау және жүргізу;
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы
Сақтандыру жүйесі
Жергілікті бюджеттердің мәні
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Экономикалық мемлекеттік реттеу мақсаттары, қызметтері, құралдары
«Қаржы нарығы және делдалдар» пәні бойынша негізгі дәріс материалдары
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары мен қазIргI ақша жүйесIнIң дамуы
Қытайдың барлық мемлекеттермен серіктестігі
Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы
Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары
Пәндер