Дәнді дақылдардың морфологиялық ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
Жобаланатын саланың қазіргі жағдайдағы дақылды өсіру
технологиясы
Дақылдардың ылғалмен және қоректік заттармен қамтамасыз
етілуіне байланысты әлеуетті мүмкіндіктері
Танаптардың құнарлығын ескере отырып жобаланған өнімді
алуға керекті тыңайтқыштар мөлшерін анықтау
КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет. Егістік алаңын ұлғайту. Мұндай мүмкіндік барлық елдерде бірдей жоқ екенін атап өтемін. Егістік түсімін, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажет. Себебі, ең әуелі адамзаттың азық қоры дәнді дақылдар болып табылады. Астық жер шарындағы халықтың негізгі азық түлігі. Жер шары халқының жартысынан көбі негізінен бидаймен - нан, макарон, кондитер өнімдері т. б. қоректенеді.
Дүние жүзі егіншілігінде дәнді дақылдардың арасында бірінші орынды бидай алады. Оның егіс көлемі 220 млн. га, немесе жер шарындағы барлық дәнді дақылдардың 28, 9 % . Дәнді дақылдардың ішінде күріш, жүгері, тары, арпа, т. б. да маңызы зор.
Бидай астығы мен оның өнделген өнімдері тамақтық және технологиялық қасиеттері жағынан басқа дәнді дақылдардың ішінде ерекше орын алады. Бидайдың дәнінде клейковиналық (дән ұлпасы, уызы) ақуыз түзу қабылеті ақ нан пісіруде, макарон және басқа нан өнімдерін дайындауда оны үлкен манызға ие етеді.
Соңғы жылдардағы деректерге қарағанда жер шары егіншілігінде жыл сайын орта есеппен 200-220 млн га алқапқа бидай өсіріледі және 400-445 млн. т. астығы өндіріледі.
Қазақстанның 200 млн га астам ауылшаруашылық айналымдағы жер аумағының 30 млн. гектардан астам жыртылмалы жерлер, оның соңғы жылдарда 20-22 млн. гектарына дәнді дақылдар егіліп келеді. Мұның негізгі көлемінде бидай егіледі. Осыған байланысты 2020 жылға қарай ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың көлемін 4, 5 есе арттыру [1] .
Республикадағы агробизнестің бәсекелестік жүйесін қалыптастыруды шешу жолдары:
Заң актілерінің, бірінші кезекте Жер, Су және Орман кодекстерінің қалтықсыз орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Дәнді-дақылдар нарығын реттеу жөніндегі мемлекеттін саясаттың тиімділігін арттыру қажет.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді және өнім сапасын арттыруды жаңғыртуға ерекше назар аударған жөн.
Қазіргі заманғы аграрлық ғылымды дамытуды да естен шығаруға болмайды.
Ауылдық жерлердегі кедейшілікті жою үшін шағын несиелер беру жұмысын кешенін арттыру қажет, оның үстіне ол озінің өміршеңдігін көрсете де білді.
Осы жылдан бастап ауылдық аумақтарды дамытуға арналған мемлекеттік аграрлық саясат бағдарламасы іске қосыла бастады. «Өсімдік шаруашылығы міндетті сақтандыру туралы» заң қабылдануына байланысты аграрлық секторда толықтай негізгі заңдық база қалыптасқан [2] .
Бір ескерте кететін жәйт, Қазақстанда өсірілетін бидайдың 90 % -тен астам егістік көлемі мен жалпы түсімі жаздық бидай үлесіне тиеді және ол негізінен Қазақстан Солтүстік облыстарында шоғырландырылған.
Жобаның мақсаты:
« Ақмола-Феникс» АҚ-да астық өндірісін дамыту преспективасының жетілдіру жолдарын қарастырып және оны шаруашылыққа енгізу. Шаруашылықта орындалатын және орындалмайтын технологиялық элементтердің орынын толтырып, соның ішінде тұқымдық материалдың кондициялы болуына, ауыспалы егіс жүйесін дұрыс таңдап, ауыспалы егістің топырақ өңдеу, тыңайтқыш енгізу, арамшөптермен күрес шараларын және алдын ала сақтандыру шараларын игере отырып шаруашылықта жоғары және сапалы өнім алуға көзделіп отыр.
Міндеттері:
- негізгі екпе дақылдарының өнімділік деңгейінің қалыптасуына тыңайтқыштардың әсерін бағалау;
- шаруашылықта өсірілетін негізгі дақылдардың No-Till технологиясы бойынша өсіруді жобалау;
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Дәнді дақылдар ең әуелі адамзаттың азық қоры болып табылады. Астық - жер шарындағы халықтың негізгі азық-түлігі. Сонымен қатар, дәнді дақылдар - өңдеу өнеркәсібінің шикізат қоры (сыра қайнату, спирт өндіру, крахмал т. б. ) . Астық өндірісін арттыру-біздің еліміздің ғана емес, бүкіл дүние жүзінің Агроөнеркәсіптік құрамын дамытудағы басты проблема.
Дүние жүзі егіншілігінде дәнді дақылдардың арасында бірінші орынды бидай алады. Бидайдың шыққан жері - алдындағы Азия орталығы - қазіргі Иран, Аравия территориялары. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай тараған. Жерорта теңізі орталығынан (Греция, Италия) қатты бидай шықты.
Дәнді дақылдардың морфологиялық ерекшеліктері. Көпшілігі қоңырбастар Роасеае тұқымдасына жатады. Оларда санының көптігі мен түр өзгерістерінің әр түрлілігіне қарамай вегетативтік органдарының құрылысы мен дамуында көптеген ұқсас белгілер бар. Дәнді дақылдар морфологиясы мен өсіру ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді: кәдімгі астық, немесе дәнді, дақылдардың бірінші тобы-бидай, арпа, қара бидай, сұлы; тары тәрізді астық, немесе дәнді дақылдардың екінші тобы-тары, жүгері, сорго, күріш және қарақұмық (қарақұмық тұқымдасы Po1ygonaceae), дәнді бұршақ дақылдары (Fabaceаe) ас бұршақ, май бұршақ, ноғатық, ноқат, лобия бұршағы, бөрі бұршақ, атба с бұршақ, жасымық бадана.
Роасеае тұқымдасына жататын дәнді дақылдардың тамыр жүйесі шашақты келеді. Түп немесе ұрықтық тамырлар және түйін, немесе қосалқы тамырлар ажыратылады. Түп тамырлар тікелей тұқым ұрығынан өсіп шығады, ал түйін, немесе қосалқы тамырлар (кейде «екінші» тамыр деп те атайды) сабақтың жер асты түйінінен түзіледі. Бұл тамыр түрлерінің екеуінің де өсімдік тіршілігінде үлкен маңызы бар. Жақсы дамыған түп және екінші тамыр жүйесінің қалыптастырған бидай өнімінің 65 проценті түп тамырлар үлесіне тиеді.
Дәнді дақылдардың сабағы- сабан, ол түйіндерден және түйін аралығынан тұрады: түйіндер дегеніміз сабақтың қалқамен ажыратылған жұмыр бөлігі, түйіндер арасындағы кесіндіні түйін аралығы деп атайды және олардың саны 5-7 (бидай, сұлы т. б) . Көптеген дәнді дақылдар сабанының іші кеуек, ал жүгері мен сорго-паренхима ткандерімен толтырылған. Сабақ барлық түйін аралықтарымен өседі. Ең әуелі төмендегі түйін аралығы өсе бастайды, одан кейін ортаңғы және жоғарғылары өседі. Сабақ жуандығы ұзына бойына біркелкі емес: ең жуан бөлігі орта шенінде, ең жіңішке жері- жоғары бөлігі. Бірқатар дәнді дақылдар (жүгері, сорго т. б. ) бүйір өркендерін жер асты түйіндерінен түзеді.
Астық дақылдарының жапырағы екі бөліктен -жапырақ тақтасы мен жапырақ қынабынан тұрады. Жапырақ қынабының тақтаға ауысатын жерінде тілше деп аталатын жұқа қабық болады. Ол жапырақ қынабының ішінде судың еніп кетуіне жол бермейді. Тілшенің жан-жағына екі жарты ай сияқты құлақша орналасқан және ол жапырақ қынабын сабаққа бекітіп ұстап тұрады. Дәнді дақылдар дамуының ерте кезеңінде тілше мен құлақша дақылдарды бір-бірінен ажыратуға көмектесетін жүйелі көрсеткіштер болып табылады: сұлыда тілше күшті дамыған, ал құлақшасы жоқ, арпада құлақша жақсы дамыған; бидай мен қара бидайда тілше мен құлақша әлсіз дамыған.
Дәнді дақылдардың гүл шоғыры масақ ( бидай, қара бидай, арпа), сіпсебас (күріш, сұлы, тары, сорго, жүгері), собық (жүгері) және шоқгүл (қарақұмық) түрінде болады. Масақ біліктен тұрады, оның керпешінде кезектесіп екі жағынан масақшалар орын тепкен. Сіпсебас орталық білікпен бірінші, екінші және одан кейінгі дәрежедегі бүйір бұтақтарынан тұрады да олардың ұшар басында масақшалар орналасқан. Масақша екі масақ қабықшасы (бидай мен сұлыда олар жалпақ, қара бидай мен арпада-жіңішке) мен бір немесе бірнеше гүлден тұрады. әрбір гүлде екі қабықшасы болады: масақ қабықшасына таяу орналасқаны қалыңдау болады ол сыртқы гүл қабықшасы деп аталады; ал екіншісі өте жұқа, әрі нәзік болады және оны ішкі гүл қабықшасы деп атайды. Гүл қабықшаларының арасында екі қалақты аналық аузы бар жатын мен үш аталық (күріште алтау) орналасқан.
Собық -ұзақ табиғи сұрыптау нәтижесінде түр өзгерісіне ұшыраған сіпсебас болып табылады, оның білігі борпылдақ паренхима ткандерінен тұрады және сыртындағы ұсақ ұяларда масақшалар орналасқан.
Шоқгүл (қарақұмықта) құрылысы бойынша масақ пен сіпсебастан өзгеше: ол жекелеген бестік гүлдерден тұрады: гүл тажы күлгін немесе қызғылт түсті бес гүл жапырақшасынан, сегіз аталықтан, әртүрлі шамадағы үш бағаналы аналықтан тұрады.
Жемісі-дән, ол ұрықтан және эндоспермнен құралған. Дән ұрығы үлкен емес және бидай, қара бидай, арпада-1, 5-5%. Сұлыда -2, 0 -3, 5 %, жүгеріде 10-14%, дән массасының бөлігін құрайды. Дәнді дақылдар дәнінің құрамы дақыл түріне, ауа-райы жағдайына, топырақ, өсу технологиясының дәрежесі мен сорттарға байланысты өзгереді. Дәннің химиялық құрамына қысқаша тоқталып өтейік.
Ақуыз - астық дақылдарының азық-түлік және мал азықтық маңызын анықтайтын барынша бағалы бөлігі. Калориялығы жөнінен ақуыздар крахмал мен қанттан асып түседі, тек қана өсімдік майынан төмен.
Дәнді астық дақылдарының ішінде ақуызға бай бидай, әсіресе қатты бидай. Халықаралық стандарт бойынша бидай дәніндегі белок мөлшері 13, 5 % болуы қажет. Ал біздің елімізде өсірілетін бидайдағы мөлшері орта есеппен 13, 9%, ал Солтүстік Қазақстан бидайында 18-20%. Неғұрлым климат құрғақ және топырақта азот мөлшері мол болса, солғұрлым дәндегі белок жоғары болады. Белоктар қарапайым (протеиндер) және күрделі (протеидтер) болып ажыратылады. Қарапайым белоктар суда ерігіш (альбуминдер) және суда ерімейтін (глобулиндер, глиадиндер мен глютениндер) фракцияларға бөлінеді де соңғылары дән уызы (клейковина) деп аталады. Ол иілімді, байланысқан және серпімді масса. Қамырды суда шайып крахмалды аластату арқылы алынады. Дән уызының мөлшері мен сапасына нан өнімдерінің дәмдік және нандық сапасы тәуелді. Оның ең көп мөлшері бидай дәнінде - 16-дан 50% дейін, ал қара бидайда - 3, 1-9, 5 %, арпада-2-19%. Дән уызының мөлшері мен сапасына топырақ-климат жағдайлары, өсіру технологиясы, сорт белгілері т. б. әсер етеді.
Көмірсулар немесе азотсыз экстрактивті заттар (АЭЗ) орта есеппен дән массасының 68-81% құрайды және олардың негізгі бөлігін крахмал алып жатыр. Эндосперм клеткаларында крахмал дәндерінің орналасу ерекшелік-теріне қарай астық ұнды немесе жылтыр (шынылы) болып келеді. Крахмал мөлшерінің өзгеруі белокқа керісінше: ол оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай арта түседі.
Өсіп-даму ерекшеліктері. Өзінің жеке дамуында- онтогенезде дәнді- дақылдар мынадай кезектесіп өтетін өсіп-даму кезеңдерінен өтеді: тұқымның өнуі, көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану, немесе шашақтану, гүлдену және пісіп-жетілу. Барлық аталған кезеңдер Ф. М. Куперманның пікірі бойынша, үш тіршілік шағына - жастық шақ, есею және қартаю шағына бөлінеді де олар органогенездің 12 кезеңіне біріктіріледі. Органогенездің кезеңдерін білудің нәтижесінде өсімдіктердің өсіп-даму ерекшеліктерінен күні бұрын түсінік алуға болады.
Бидай - Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі дақыл. Біздің еліміз дүниежүзілік нарыққа шығаратын жоғары сапалы, мол протеинді және күшті бағалы бидайды ауа райының қолайлы жағдайларында өндіруі қажет. Бидайдың биотикалық және абиотикалық стрессті жағдайларға төзімді, дәннің сапасы мен өнімділігі жоғары жаңа сорттарын шығару үшін қазіргі кездегі әр түрлі экологиялық типтеріне жататын үлгілері мен сорттарын пайдалану керек [3] .
Жаздық бидайдың қоршаған орта факторларына талаптары. Бидай, басқа дәнді дақылдар сияқты қоңыржай белдеудің өсімдігі. Дегенмен, климатқа (жылу, жауын-шашын ж. б. ) талаптары бойынша сорттар арасында белгілі бір жағдайларға бейімделуінде айырмашылықтар бар.
Солтүстік Қазақстанда өсірілетін бидай сорттары әртүрлі өсіп-жетілу (вегетация) кезеңінің ұзақтығымен ерекшеленеді. Кеш пісетін сорттарында бұл кезең 100 тәулік және одан да жоғары ылғалды және салқын жылдары ол 115-120 тәулікке дейін созылады, ал ең ерте пісетін сорттары 70-80 тәулікте пісіп үлгереді.
Жаздық бидайдың өсіп - дамуы. Өсу және даму үрдістері өнімділікті анықтайды. Өсу-құрғақ заттың артуы. Оның негізі ассимиляция болып табылады. Даму негізгі биологиялық функциясын орындауға қажетті өсімдіктердің органдары мен бөліктерінің түзілуі. Орган түзумен байланысты күрт морфологиялық өзгерістерді кезеңдер деп атайды. Себуден пісуге дейін мынадай кезеңдер ажыратылады: егін көгі (көктеу), түптену, түтікке шығу, масақтану (шашақтану), гүлдену және пісіп-жетілу.
Кез келген кезеңге өсімдіктердің 10% енгенде кезеңнің басталуы, ал 75%-да толық кезеңі белгіленеді.
Бидайдың биологиялық ерекшеліктері . Жаздың жұмсақ бидай салқынға айтарлықтай төзімді дәнді дақыл. Бидай тұқымы құрғақ дән массасына шаққанда 50-60% мөлшерінде ылғал сіңіргенде өне бастайды. Тұқымдары +1 +2°С жылылықта өне бастайды. Алайда тіршілікке қабілетті егін көгі +4-5°С пайда болады. Топырақтың тұқым сіңіру тереңдігінде температура +5°С болғанда егін көгі 30 күнде, 8°С - 13 күнде, 10°С - 9 күнде, 15°С - 7 күнде пайда болады. Жаздық бидайдың егін көгі қысқа мерзімді 10°С дейінгі аязды көтереді, бірақ гүлдену және дәннің көкдану кезеңдерінде -1-2°С бос қыраудан жарақаттанады. Қолайлы жағдайларда жаздық бидайдың тұқымы 5 тұп тамырлармен өнеді. Себу-көктеу негізінің ұзақтығы ең алдымен топырақтың температурасы мен ылғалдылығына байланысты. Мәселен, Целиноград АШИ-ның өсімдік шаруашылығы кафедрасының деректері бойынша (Әрінов К. К. ж. б. ) Целиноград ауданы жағдайында аталған кезең 10 күннен 16 күнге дейін өзгерумен орта есеппен 13 күнге созылады [4] .
Түптену. Жаздық бидайдың түптенуі +10-12°С температурада жақсы өтеді. Түптену кезеңі өсімдіктерде алғашқы бүйір өркендері жапырақ түрінде негізгі өркеннің (сабақтың) төменгі жапрақтарының қынабынан шыққанда белгіленеді. Топырақтың беткі қабатына таяу тереңдіктегі түйіндерден бүйір өркендері мен тамырлары өсіп шығады. Әрбір бүйір өркеннен жер асты бөлігінен жаңа өркендер мен тамырлар қалыптаса алады. Бүйір өркендері дамыған орынды түптену түйіні деп атайды. Солтүстік Қазақстан жағдайында дақылға байланысты ол негізінен 2-3см тереңдікте түзіледі. Түптену кезеңі өсімдіктердің тамырлануына сәйкес келеді.
Қолайсыз жағдайда түйін тамырлар нашар дамиды немесе мүлде түзілмейді, ал өсімдіктер түп (ұрықтық) тамырлар есебінен дамиды. Мұндай жылдары өнім өте төмен болады. Өсімдіктің болуына бұл кезең жастық шақ дәуреніне сәйкес келетін оргоногездік алғашқы төрт кезеңін қамтиды: сабақтың өсу конусы дифференциацияланады, жапырақ пен екінші дәрежедегі билік, гүл шоғырының білігі қалыптаса бастайды, гүл шоғырының қалақшалары дифференциацияланады. Целиноград облысының жағдайында кезең 12-17 күнге созылады. Жоғары температура мен аңызақ бұл кезеңнің өтуін тездетеді де, кейіннен егін өнімін күрт төмендетеді. Жаздық бидайдың өсіп даму кезеңінде, әсіресе түптену - түтікке шығу және түтіктену-мақсаттану кезеңіндегі температура жағдайлары өсімдік тіршілігіндегі шешуі фактор болып табылады. Солтүстік Қазақстанда бұл кезеңдердің ұзақтығы 16-29 күн шеңберінде өзгереді және масақтану кезеңі көбінесе шілденің алғашқы онкүндігінде, ал күшті қуаңшылықта (1990 ж сияқты) маусымның соңында өтеді.
Бидай, сұлы, арпаның түптенуі көктегеннен кейін 12-15 тәуліктен соң басталады, ал тарыда - 15-20 тәуліктен соң, кейде одан кешірек. Бастанқы күшті өсу қарқыны және түптенудің ертерек басталуы арамшөптерді басуда белгілі бір деңгейде өсімдіктердің қабілетін көрсетеді. Тарының кеш түптенуі оның арамшөптерге өте сезімталдығының белгісі.
Орта есеппен, бір өсімдікке келетін өркендер (сабақтар) саның жалпы түптену деп атайды . Астық дақылдарының өнімді түптенуі әдетте жоғары емес.
Жалпы алғанда дәнді дақылдар өнімін қалыптастыруда түптену негізгі фактор өсімдік бітіктігінің жиілігінде қосымша рөл атқарады. Солтүстік Қазақстан жағдайында дәнді дақылдардың өнімді түптенуі айтарлықтай емес және ол жаздық бидайды- 1, 2-1, 3; арпада-1, 5-1, 6; сұлыда-1, 4-1, 5; тарыда-1, 8-2, 0, күздік қара бидай мен күздік бидайда ол көрсеткіш анағұрлым жоғары (2-4) . Әлсіз түптенгенде ұсақ масақ түзіледі де астық өнімі төмен болады. Алайда дәнді дақылдар түптенуінің биологиялық мүмкіндіктері зор. Атап айтқанда, Италия экология АЦЦИ-дің деректері бойынша Перуджи жоғары ауылшаруашылық институтының музейінде 342 масағы бар күздік бидай бұтасы сақтаулы. Дала жағдайында мұндай бұтаның пісуі өте энергетикалық шығынмен байланысты және мүмкін емес.
Жаздық бидайдың ылғалға барынша көп қажетсінуі, немесе “қиын-қыстау” кезеңі түптену-масақтану басқаша айтқанда, реппродуктивтік органдарының пайда болу (органогенездік 5-7 кезеңдері) кезеңінде байқалады. Бұл кезеңдегі топырақтағы ылғал тапшылығы бидай дәнінің қалыптасуы мен толысуына теріс әсерін тигізеді де егін өнімін күрт төмендетеді. Қолайлы мерзімде себілгенде жаздық бидайдың “қиын-қыстау” кезеңі ауа райының барынша қолайлы уақытында өтеді. Солтүстік Қазақстан жағдайында себу алдында топырақтың 1 м қабатында 60-80 мм болғанда - төмен, 100-120 мм -орташа және 140 мм артық болғанда - жоғары дәрежеде қамтамасыз етілген деп есептеледі. Айта кету керек, жаздық бидай арпаға, күздік бидайға, қара бидай мен тары тәріздес дақылдарға қарағанда ылғалға анағұрлым жоғары талап қояды.
Жоғары температурада гүлдену кезеңінде тездетіледі - жаздық бидай тіршілік шағының үшінші дәуірінің басы немесе оргоногенездің 9-кезеңі. Жаздық бидай тіршілігінің маңызды масақтану пісіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы 42-51 күнге (балауызданып пісуіне дейін) созылады да оргоногенездік 10 -12 кезеңдеріне сәйкес келеді. Бұл кезеңдегі қолайлы температура +16-23°С [5] .
Гүлдену. Бұл масақтану немесе шашақтану кезеңінен соң өтеді. Гүлдену ерекшеліктеріне қарай дәнді дақылдар өздігінен тозаңданатын (бидай, арпа, сұлы, тары, күріш) және айқас тозаңданатын (жүгері, шәй жүгері, қара бидай) өсімдіктер деп екі топқа ажыратылады. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктерде өздігінен тозаңдану басым болып келеді, дегенмен оларда айқас тозаңдану мүмкіндігіде бар. Бұл әсіресе ыстық ауа-райы жағдайында байқалады. Арпа тек қана өздігінен тозаңданады. Өздігінен тозаңданатын астық дақылдарында гүлдену масақтанумен бір мезгілде (2-3тәулік айырмашылықпен) жүреді, ал арпада-масақтануға дейін, бұл кезде масақ әлі жапырақ қынабының ішінде болады. Айқас тозаңданатын өсімдіктерде гүл шоғырының пайда болуымен гүлденуінің арасында 2-3 үлкен айырмашылық бар: қара бидайда ол 7-10 тәулік, кейде 15 тәулікке дейін, жүгеріде - 9-15 тәулік.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60-80% және температурасы 18-22°С болғанда гүлдену барынша жақсы өтеді.
Гүлдену уақыттында егістіктерде түпкілікті өнімді сабақтар болады. Агротехникалық шаралармен әсер ету арқылы редукция үрдісінде сорттар барынша жоғары өнім бере алатын масақта сабақтарды қалыптастыруға ұмтылу керек.
Дәннің пісуі. Жатынның қалақша аузына түскен тозаң 1-2 сағ. соң өне бастайды және орташа тәуліктік температыра 20-26 °С - да 1, 0 - 1, 5 тәуліктен кейін тозаңданады. 2 - 3 тәулікте түйіннің (завязь) айтарлықтай өсуі байқалады.
Дәннің даму фазалары (сатылары) :
1. Сулы күй фазасы - эндосперм жасушаларының қалыптаса бастаған кезі. Дән сулы сұйықпен толтырылған, ылғалдылығы оның 80-75%, еркін
2. Сүттене пісудің алды-дәндегі сұйықтың реңі сүт түстес, өйткені эндоспермде крахмал жинақталады, қабығы жасылдау, ылғалдылығы 75-70%, еркін судың мөлшері байланысқан судан үш-төрт есе жоғары, құрғақ заттардың мөлшері 10% жетеді, фазаның ұзақтығы -6-7 тәулік.
3. Сүттенген күй фазасы-дән сүт тәрізді ақ сұйықтан тұрады, ылғалдылығы 50% дейін, еркін судың байланысқан суға қатынасы 1, 5:1, 0. Құрғақ заттар толық піскендегі массасының 50% құрайды.
4. Қамырланған күй фазасы-эндосперм қамыр консистенциясына тән. Хлорофилл ыдыраған, тек қана дәл тілігінде сақталған ылғалдылығы 42% -ға дейін төмендейді. Еркін судың байланысқан суға қатынасы 1:1. 85-95 % -ға дейін құрғақ заттар жинақталған (толық пісуден) . Фазаның ұзақтығы -4-5 тәулік. Қамырланған күйдің соңында жекелеген жылдары Қазақстанның орманды-дала аймағында бидайды дестеге шаба бастайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz