Токсоплазмоз животных


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Аграрлық факультет «Ветеринариялық санитария» кафедрасы.

№1 БөЖ

Тақырыбы: «Токсоплазмоздың патоморфологиясы »

Орындаған: Онгарова Д. Б.

Тобы: ВС-303

Тексерген: Доцент Оразалиева С. Б.

Семей 2016

Жоспар

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Этиологиясы, морфологиялық ерекшеліктері және даму циклі

2. 2. Токсоплазмалардың тіршілік циклі, патогенезі, түрлері

2. 3. Өлекседегі өзгерістер

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


Кіріспе

Токсоплазманы алғашқы рет 1908 жылы Тунисте француз ғалымдары Ш. Николь мен А. Мансо африкалық Ctenodactylus gondіі дейтін кеміргіштің (сондықтан паразиттың аты - toxoplasma gondіі) және Ф. Сплендоре Бразилияда қояндардың организмінен тапқан. 1930 жылы Д. Н. Засухин мен Н. А. Гайский токсоплазмаларды сарышұнақтардың организмінен тапқан. Олар ең бірінші болып бұл инвазияның табиғи-ошақтылығы туралы болжам айтып, кейіннен оны дәлелдеді.

Токсоплазмоз - Toxoplazma gondii қоздыратын, бірнеше механизмдермен берілетін, клиникалық полиморфизммен сипатталатын, жиі патологиялық процесс орталық жүйке жүйенің, көру мүшелерін, лимфа түйіндерінің, жүрек және қалқа бұлшық еттерін, жыныс мүшелерін және басқа жүйелерді зақымдайтын, негізінде жасырын (латентті) және созылмалы түрде дамитын зоонозды табиғи-ошақты антропургиялық протозойлы инвазия.

Токсоплазмоз - убиквитарлы ауру: барлық климаттық аймақтардан Қиыр Солтүстікке дейін кездеседі. Адамдардың токсоплазмозбен залалдануы 5-90%. Аурудың субклиникалық түрлері жиі кездеседі, ал клиникалық көріністері бойынша ауруға полиморфизм тән сының полиморфизіміне байланысты дифференциальды аурулар көп. Маңызды мәселе болып туа пайда болған токсоплазмоз саналады.


Токсоплазмоз - Toxoplazma gondii қоздыратын, бірнеше механизмдермен берілетін, клиникалық полиморфизммен сипатталатын, жиі патологиялық процесс орталық жүйке жүйенің, көру мүшелерін, лимфа түйіндерінің, жүрек және қалқа бұлшық еттерін, жыныс мүшелерін және басқа жүйелерді зақымдайтын, негізінде жасырын (латентті) және созылмалы түрде дамитын зоонозды табиғи-ошақты антропургиялық протозойлы инвазия.

Этиологиясы. Қоздырғышы - Toxoplasma gondіі, қарапайымдылардың споралылар класына жататын облигатты жасушаішілік паразит, морфологиясы жарты ай немесе созыңқы апельсин үлесшесіне ұқсас болады (toxo - грекше арка деген сөз) . Бір шеті үшкірленген, екіншісі - жұмырланған, ұзындығы - 4-7 мкм. Цитоплазмасы Романовский-Гимза әдісімен ашық көк түске, ядросы - қызыл-күлгін түске боялады. Токсоплазмалар барлық сүтқоректілердің эритроциттерінен басқа жасушалардың бәрінің ішінде өсіп-өніп көбейеді, тіндерде аурудың жіті кезінде табылады. Вегетативтік түрінің (трофозоиттардың) бір жасуша ішінде шоғырлануын жалған циста (псевдоциста) дейді. Тіндерде (мидың, көздің, бұлшық еттің т. б. ) токсоплазмалар тығыз қабаттан қоршалған нағыз цисталар құрайды. Олар сыртқы ортада төзімді болады.

Морфологиялық ерекшеліктері және даму циклі . Ие жасушасының ішінде орналасқан токсоплазмалар - эндозоидтар деп аталады. Эндозоид жарты ай пішіндес (өлшемі 4-7 х 2-4 мкм) . Оның бір ұшы үшкір, екінші ұшы дөңестелген. Орталығында ядросы бар. Үшкірленген ұшында микроскоппен қарағанда коноидкөрінеді, ол сорғышқа ұқсас. Коноид паразиттің жасушасына бекітіліп енуі үшін қажет. Эндозоид жыныссыз көбейеді, ұзыннан бөліну немесе эндогония жолымен жүреді. Бірнеше бөлінулерден кейін ие жасушасының цитоплазмасында көптеген токсоплазмалар пайда болады да, мембрананы созады. Токсоплазмалардың жасуша мембранасының астында жиналуын псевдоциста деп атайды. Зақымданған жасуша өлгеннен кейін токсоплазмалар жаңа жасушаға енеді. Созылмалы токсоплазмозда псевдоцистамен қатар шынайы цисталар түзіледі. Бұл әдетте, токсоплазмалардың тірі жинақтары (100 мкм-ге дейін), қалың қабат астында бірнеше жүз токсоплазмалар жиналады. Жасушадағы цисталар тіршілігін бірнеше жылға дейін сақтауы мүмкін. Иесінің паразиттік тіршілігіне көнуі және түрдің жыныссыз көбеюі арқылы ұзақ уақыт тіршілік етуге бейімді. Алайда, түрді сақтап қалу үшін токсоплазма әр кезде жынысты жолмен де көбейеді. Ол мысықтектес жыртқыштар денесінде жүзеге асырылады (әсіресе, үй мысықтарында) . Ол үшін жіңішке ішек эпителиінде алдымен бір эндозоидтардан макрогаметоциттер түзіледі, ал кейін макрогаметалар, ал басқа біреулерінен микрогаметоциттер, әрі қарай микрогаметалар; популяциядан кейін зигота түзіледі, оның қалың қабығы бар. Мұндай форма ооциста деп аталады.

Резистенттілігі. Токсоплазманың ооцисталары сыртқы ортада ұзақ уақыт шыдай алмайды, қысқа мерзімге тасымалдаушылардың өлігінде және экскременттерінде ғана сақталады. Цисталары әлде қайда төзімді келеді.

Токсоплазмамен ластанған заттар құрғатылған кезде қоздырғыш жылдам қырылады. Токсоплазмалар 40-50 0 С температурада 15-20 мин, ал 60-80 0 С-та 5-10 мин. кейін өледі. 5-8 0 С температуралық жағдайда токсоплазмалар суда бір тәулік қана, сүтте - 2 тәулік тіршілігін сақтай алады. Олар тауық жұмыртқасының сары уызында 3-4 апта, ал нәруызында (белогында) 1-2 апта бойы ауру қоздыру қабілеттілігін сақтайды. Жануарлардың бұлшық етінде (t 0 4-6 0 С) 10-24 тәулік, мида - 30 күндей тіршілік қабілеттілігін жоғалтпайды. Малдардың өлігінде, қоршаған ортаның ылғалдылығына және температурасына қарай, токсоплазмалар 1 күннен 8 тәулікке дейін сақталады.

Күнделікті тәжірибеде қолданылып жүрген дезинфекциялық ерітінділер токсоплазмаларға да тиімді әсер етеді.

Патогенезі. Токсоплазмозбен мал жіті және созылмалы түрде ауырады. Мал организміне түскен токсоплазмалар қан немесе сөл арқылы бүкіл денеге тарайды. Мұның салдарынан қан тамырының қабырғасы қабынып, өкпе альвеоласының қабырғасындағы торшалар мен ас қорыту жолындағы эпителилер өле бастайды. Ауру күшейгенде мал организмі тегіс уланады. Сонымен қатар, токсоплазмалардың торшаларды бұзып, кей тоқыманы тітіркендіруі нәтижесінде мал денесінің әр жері қабынып, аллергиялық реакция пайда болады. Токсоплазмоздың созылмалы түрі мал денесінде циста болуымен сипатталады. Бұл жағдайда, әсіресе орталық нерв жүйесі мен борпылдақ тоқымаларда бірнеше жылдар бойы циста қала беруі мүмкін. Оның аяғы энцефалитке әкеп соғады. Ғалымдардың айтуынша бұл паразит қан сарысуында антиденелер пайда болған кезде цистаға айналады.

Өлекседегі өзгерістер. Аурудың созылмалы дамуында инвазиялық процестің екі сатысы болады. Алғашқысы екі аптаға созылады және ол токсоплазмалардың қан арқылы денеге тарап жайылумен сипатталады (диссеминация және генерализация) .

Кейіннен құрттардың өніп-өсуі тежеледі, бұл қанда антиденелердің көбеюінің нәтижесі. Токсоплазмалар тек кейбір ағзаларда ғана сақталады, әсіресе мида және жүрек етінде. Бұл инвазиялық процестің екінші сатысына ауысқанының нышаны.

Инвазияның диссеминация сатысында өлген малда соған тән кешенді өзгерістерді байқауға болады. Бездердің, талақ пен бауырдың көлемі едәуір ұлғайған, оларда субмилиарды некроз ошақтары табылады. Өкпе қанмен кернелген, домбыққан, кейде онда қабыну ошақтары мен гранулемалар кездеседі. Бүйрек пен миокардта ұлпалы дистрофия дамиды. Кейде жүрек етінде некроз ошақтары табылады, бүйректе - бірен-саран гранулемалар. Құрсақта, көкірек қуысында және жүрек қабында шамалы транссудат іркілген, сірі қабықтар мен ұлпалы ағзаларда петехиялар, оларға фибрин шөгуі мүмкін. Мидың жұмсақ қабығы қанмен кернелген, домбыққан.

Дерттің зілді өкпе түрінде оның интерстициясында пролиферативті өзгерістер мен қатар ұсақ некроз ошақтары табылады, альвеолдарда сарысулы-фибринді жалқақ іркілген. Бұл сұйық интерстициге де сіңген. Осы пролифиративті- инфильтративті өзгерістермен қатар альвеолоциттерде гиперплазия дамып, альвеол қуыстарында безді құрылымдар (өсінділер) пайда бола- ды. Өкпедегі өзгерістер сары сулы- фибринозды плевритпен асқынуы мүмкін. Токсоплазмоздың жіті түрі ми ұлпасындағы күрделі өзгерістермен сипатталады - тамырлар төңірегінде көптеген гранулемалар пайда болады; олар глиалді элементтерден құралған. Гранулемаларды мидың жарты шарларында, мишықта, сопақша мида көруге болады. Тамырларда фибриноидоз және пролифиративті қабыну, сондай-ақ лептоменингит, цисталар кездеседі.

Аурудың жіті түрі интерстициальді миокардитпен сипаттала- ды, осыған орай, жүрек етінде көлемді инфильтраттар пайда болады, олардың құрамында гистиоциттер, лимфоид элементтері, плазмоциттер, нейтрофильді және эозинофильді лейкоциттер. Сонымен қатар домбығу, диапедезді қанталау, тамырладың мукоидозы мен фибриноидозы, саркоплазмада эндопаразиттер, сондай-ақ дистрофиялық некроз процестері байқалады.

Инвазияның созылмалы түрінде ас қорыту жүйесінде жіті ка- таральді гастроэнтерит дамиды - ішек бүрлерінде микронекроз- дар кездеседі. Аймақтық бездер қабынған, кейіннен оларда гиперплазия дамиды.

Балау. Токсоплазмозға диагнозды таралуына, жыл маусымына, аурудың белгілеріне, өлекседегі өзгерістерге, серологиялық, микроскопиялық және аллергиялық зерттеулердің нәтижесіне қарап қояды.

Токсоплазмозды бруцеллез, вибриоз, листериоз, саркоцистоз сияқты аурулардан ажырата білу керек.

Қорытынды

Токсоплазмоз жылдың барлық кезеңдерінде болады, дегенмен, күзгі-қысқы немесе қысқы-көктемгі маусымдарда жиірек байқалады. Бұл қысқа қарай температуралық фактордың және авитаминоздың әсерінен жануарлар организмі әлсіреп, ауруға қарсы тұру қабілеттілігі төмендеудің нәтижесінде олардың инфекцияға сезімталдығының күшеюімен байланысты болуы ықтимал. Мұндай жағдайда бұрынғы жасырын түрдегі инфекция айқын ағымдық келбет алып, токсоплазмалардың сыртқа шығуы молая түсуі мүмкін.

Токсоплазмоз зоонозды инвазияға жататындықтан, оған 200 дей жануарлар мен құстардың және кейбір омыртқасыздардың да қатысы бар болуы мүмкін. Олар әртүрлі дәрежеде эпизоотиялық процесіне қатысып, сол арқылы адамдар арасында эпидемиялық процестің дамуына себепкер болуы ықтимал. Сондықтан адамдар арасында бұл аурудың кең таралуын түсіну қиын емес. Бірақ қоздырғыш көзі ретінде әртүрлі жануарлардың рөлі бірдей емес. Табиғи резервуар және басқа жабайы және үй жануарларына жұқтыру көзі ретінде үй мысықтары мен Felіdae (мысық) тұқымдастығының кейбір түрлері басты рөл атқарады. Мысықтар адамдармен, ауыл шаруашылық және үй жануарларымен жиі және өте жақын араласады. Сонымен қатар олар паразиттың пролиферативті түрін сақтаушы синантропты кеміргіштер және құстармен де тығыз байланысты. Үй мысығы оларды жегенде токсоплазманың ооцисталары жұғады, ал ол бөліп шығарған нәжісіндегі зигоцисталар синантропты және жабайы жануарлар арасында токсоплазмоздың таралуына себепкер болады. Мысықтар бөліп шығарған зигоцисталар сыртқы ортада жеткілікті төзімділігі бар болуына қарай әртүрлі омыртқасыздар мен құстар арқылы жан-жаққа тарайды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Агринский Н. И. и А. Ф. Кухто. Токсоплазмоз - В кн. : Малоизученные заразные болезни животных. (Под. ред. Ф. М. Орлова. М, 1959.

2. Галузо И. Г. Эпизоотология токсоплазмоза. - В кн. : Токсоплазмоз животных. Алма-Ата, 1965, с. 451-473.

3. Степанова Н. И. Токсоплазмоз с. -х. животных. Брошюра, Россельхоз-издат, 1970, с. 1-10.

4. http://stydopedia. ru/8-17442. html

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Аграрлық факультет «Ветеринариялық санитария» кафедрасы.

№2 БөЖ

Тақырыбы: «Жылқылардың эпизоотикалық лимфангиті »

Орындаған: Онгарова Д. Б.

Тобы: ВС-303

Тексерген: Доцент Оразалиева С. Б.

Семей 2016

Жоспар

1. Этиологиясы, патогенезі

2. Патанатомиялық, гистологиялық өзгерістер

3. Пайдаланылған әдебиеттер


Індеттік лимфангит ( Lymphangitis episootica, эпизоотический лимфангит, бластомикоз, африкалық маңқа) - созылмалы өтетін, терінің, терінің шел қабатының, лимфалық тамырлар мен түйіндердің, сирегірек басқада мүшелердің гранулематозды және іріңдеп қабынуымен, ойылымдануымен сипатталатын жұқпалы ауру. Тақ тұяқтылардың (жылқы, есек, қашыр) ауруы. Кейде ауруға түйе мен ірі қара малда шалдығады.

Этиологиясы мен патогенезі

http://gribochek.su/books/item/f00/s00/z0000023/pic/000003.jpg Қоздырушысы - бір торшалы саңырауқұлақ Cryptococcus (Hystoplasma) forciminosus. Зақымдану ошағындағы криптококтардың пішіні сопақша, қабығы екі жиекті, ұзындығы 3 - 4 мкм, көлденеңі 2, 4 - 3, 6 мкм. Зақымданған тері немесе кілегейлі қабықтар арқылы мал денесіне енген қоздырушының мицелий үзінділері немесе криптококтары баяу гипер - сезімділік реакциясын шақырып, гистиоциттерден, макрофагтардан, Т - лимфоциттерден, плазмоциттерден тұратын гранулемалар пайда болады. Одан әрі гранулемалардың ортасы өліге ұшырап, іріңдеп, балқиды, ал шетіндегі кемелденбеген жас дәнекер өрме шамадан тыс молаяды. Жасырын кезең - 1- 3 ай, өршуі баяу - айлар бойы.

Патологиялық анатомиясы

http://agrolib.ru/rastenievodstvo/item/f00/s02/e0002361/pic/000001.jpg Шоқтықтың, мойынның, бастың, аяқтардың, кейде сыртқы жыныс мүшелерінің терісінде бидайдың үлкендігіндей нығыз, ақшыл немесе сарғыш түйіндер, ірің ошақтары мен ойылымдар болады. Олар жуандаған, қатайған лимфалық тамырлар бойында орналасады. Сирегірек танаудың, көмейдің, кеңірдектің, көздің кілегейлі қабықтары да, кейде ішкі мүшелерде осылай зақымданады. Қабыну ошақтары бір - бірімен бірігіп, көлемденеді, терінің шел қабатын зақымдайды. Терінің жүні түсіп, өрме іріңдеп, ыдырайды, ірің ошақтары бір - бірімен өзектер арқылы жалғасады, жарылып үлкен ойылымдар пайда болады. Процеске әуелі жетілмеген жас, одан әрі талшықтанатын дәнекер өрме қосарланып, аяқтың жуандауына, шораяқтануына әкеледі. Өңірлік лимфалық тамырлар жуандайды, қатаяды, лимфалық түйіндер ұлғаяды.

Гистологиялық өзгерістер

Терінің емізікті қабаты мен терінің шел қабатында ерекше гранулемалар пайда болып, одан әрі микоздық түйіншіктер қалыптасады. Макро- және микрофагтардан, эпителиоид торшалардан, лимфоциттер мен плазмоциттерден тұратын гранулемалардың орта жеріндегі макрофагтар цитоплазмасында, олардың аралығында криптоккоктар болады. Түйіншіктердің орта жері өліп, лейкоциттермен кеуленіп, іріңдеп, балқып, іріңдіктер пайда болады да, олар жарылып, ойылымданады, лимфа мен ірің тері бетіне шығып, тобарсып, қабыршықтар пайда болады. Қабыршықтар астында жетілмеген жас дәнекер өрмеге өседі де, кейін оның шет аймағы талшықты дәнекер өрмеге айналады. Майда зақымдану ошақтарының айналасындағы лимфалық тамырлар қабынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Токсоплазмозбен ауырған мысықтарына диагностика жасау, емдеу, тиімді алдын алу
Эхиноккозбен ауырған жануарларға диагностика жасау, емдеу
Жылқының нуттолиозы мен көксидиозы
Жабайы жануарларды тасымалдау және таңбалау
Қарапайымдылар типі
Биология ғылымының шығу тарихы
Биологиядағы теориялық жалпылауы
Диспансеризация
Инфекциялық ауруларды болдырмау
Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау індеттанудың негізгі зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz