Патологоанатомиялық өзгерістер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультет Ветеринариялық санитария кафедрасы.

№1БөЖ

Тақырыбы: Үй жануарларының лептоспирозы, листериозы

Орындаған: Онгарова Д.Б.
Тобы: ВС-303
Тексерген: Доцент Оразалиева С.Б.

Семей 2016
Жоспар
1.Лептоспироз , клиникалық белгілері ,патанатомиялық өзгерістері
2.Листериоз , клиникалық белгілері ,патанатомиялық өзгерістері
3.Пайдаланылған әдебиеттер

Лептоспироз(Leptospirosis) - табиғи ошақты, дене қызуының көтерілуі, несепте қан мен гемоглобин болуы, кілегейлі қабықтар мен терінің сарғайып, өліеттенуі, ішек-қарынның қимылы нашарлап, буаз малды іш тастауы, төлді шалажансар тууы арқылы ерекшеленетін зооантропонозды ауру.
Ауруды адамда ең алғаш рет өзінше жеке ауру екенін Германияда Weil 1886, ал ресейде Н.П. Васильев сипаттады. Қоздырушысын 1914 жылы жапондықтар ашты Inado мен Ido және 1916 жылы осы елдің ғалымдары Мапі, Idо, Нoki адамға егетін вакцина жасап шығарды. Иттерде - Штудгарт ауру деп аталды.Жалпы бұл ауру жер шарының барлық елдрінде кездеседі, әсіресе оңтүстік аймақтарда жиі ұшырасады. Қазақстан бұл ауру бойынша бірінші ондықта тұр, және барлық облыстарда кездеседі.
Қоздырушысы Spirochetalis (спирохет) тұкымдастығының Leptospira туыстастығына жатады Lepto - нәзік, spira - иір, спираль.

Бұл екі түрден тұрады:

* паразитарлық - L.Interogans
* сапрофиттік - L.Biflexa.

Негізгі жиі кездесетін Қазақстандағы лептоспиралар төмендегідей: L.grippotiposa, L.pomona, L.Tarassovi, L.Hebdomanis, L.Ichterohcemmorrhagia, L.Kasahstaniка.
Бұл аурумен барлық ауыл шаруашылық малдары мен қоса көптеген жабайы жануарлар, ит, мысық, әртүрлі кемірушілер, соның ішінде құстар да ауырады. Табиғи жағдайда лелтоспирозбен шошқа және сиыр жиі ауырады. Ит пен салыстырғанда мысық анағұрлым төзімді, күзен де сирек ауырады, үй және жабайы кұстар төзімді келеді. Лептоспирозбен адам да ауырады. Бірақ адам бұл ауруға бейім болғанмен, оның қоздырушысын ары қарай тарата алмайды яғни "биологиялық тұйықтық" болып есептеледі де, індеттенуде оншама маңызы болмайды.
Зардапты лептоспиралардың бастауы мен қоймасы-ауылшаруашылық және жабайы әсіресе кеміруші жануарлар. Олардың денесінен ауру қоздырушысы сыртқы ортаға несеп, нәжіс, сүтпен, танау мен жыныс мүшелерінен аққан сора, шәует арқылы шығады.
Ауру негізінен алиментарлық жолмен жұғады. Сиыр мен қойда, әсіресе шошқада лептоспироз жатыр ішінде де жұғады. Сонымен қатар жарақаттанған тері сызат, жаракат, жәндіктердің шағуы және жарақаттанбаған тері арқылы да әсіресе суға түскен кезде, әртүрлі кілегейлі қабықтар ауыз, кеңсірік, көз, жыныс және асқорыту жолдары арқылы енеді және қоздырушының жыныс жолымен берілуі де мүмкін.
Берілу факторына: ластанған су, жемшөп, жайылым, топырақ, төсеніш және басқа сырткы ортадағы заттар жатады. Ал осылардың ішіндегі ең негізгі берілу факторы - су арқылы жұғу. Ауру жылдың кез келген маусымында, бірақ жайылымдағы малда жаз-күз мезгілінде жиірек байқалады. Қазақстанда аурудың шыңы июнь-июль айларына тұспа-тұс келеді. Сондықтанда вакциналауды ертерек жүргізеді.
Лептоспиралар организмге енгеннен соң өте жылдам қозғалуының нәтижесінде тез арада қанға және ішкі ағзаларға өтеді. Организм жағынан жауап ретінде оларға қарсы 4-5 күндері антиденелер (лизин және агглютинин) түзіледі. Олар лептоспираларды жаппай зақымдай бастайды, сол кезде лептоспиралар эндотоксин бөліп шығарады, ал олар өз кезегінде эритроциттерді ерітіп анемияның пайда болуына және гемоглобиннің көп бөлінуіне әкеп соғады, оның нәтижесінде несепте гемоглобин пайда болуы және билирубиннің көбеюі салдарынан кілегейлі қабықтардың сарғаюы байқалады. Бүйрек закымданғанда несепке гемоглобин ғана емес қан да араласады.
Аурудың инкубациялық кезеңі 2 күннен 20 күнге дейін. Ауру жіті, жітілеу, созылмалы түрде өтеді, сонымен қатар лептоспироз симптомсыз, кәдімгідей және кәдімгідей емес түрде өтеді.
Жіті түрі дененің ыстығы көтерілуі, кілегейлі қабықтарының сарғайып, несепте гемоглобин мен қан болуы арқылы білінеді. Мұндай симптом кешенін бір сөзбен "иктерогемоглобинурия" деп атайды және бұл атау кейде аурудың қосалкы синонимі ретінде қолданылады. Ал созылмалы, әсіресе симптомсыз кәдімгідей емес түрде өткенде аталған белгілері байқалмайды.
Аурудын жіті өтуі - 3-10 күнге созылып, егер дер кезінде ем көрсетілмесе онда өлім көрсеткіші 50-70%, ға дейін жетеді.
Ересек ірі қарада ауру негізінен жеңіл өтіп белгілері көзге оншама түспейді. Бастапкы кезде ыстығы аздап қана көтеріліп, жануар сәл күйзеліп, денесі шамалы сарғайады несебінің түсі қызғылттанады.
Лептоспироздың жіті түрінде де, созылмалы түрінде де нефрит байқалады. Лептоспироздың созылмалы түрі сирегірек кездеседі және малдың аруымен, кілегей қабықтарының бозаруымен, өліеттенуімен шаптағы сөл түйіндерінің үлкейюімен, қайта-қайта дене қызуының көтерілуімен қоса бір уақытта несепте қанның болуымен сипатталады. Лептоспироздың сиырдағы ең басты белгісі - буаз кезінде іш тастауы, бұзауды өлі немесе шалажансар тууы, сонымен қатар аурудың салдарынан малдың бедеу болып қалуы мүмкін.
Ит пен терісі бағалы андар лептоспироз кезінде ыстығы көтеріліп (41С дейін), күйзеліп, тамаққа карамайды, құсып, катты шөлдейді, артқы аяғынан ақсайды. Қан аралас іші өтіп, кейде іші катады. Кілегейлі қабықтарының сарғаюы итте сирек, ал түлкі мен қарсақта жиі кездеседі. Несеп жиі және аз мөлшерде бөлініп, оның кұрамында белок ұшырасады, түсі сарғыш немесе коңыр болады. Аузының іші қолдырап, қабыршақтанып тұрады, жағымсыз иіс шығады. Мойнындағы, шабындағы сөл түйіндері ұлғаяды. Кейде көзінен ірің ағады. Ауру 2-12 күнге созылып, көбінде өліммен аяқталады. Өлім көрсеткіші 50-90%. Өлер алдында жүйкенің закымданған белгілері байқалады.
Паталогоанатомиялық өзгерістер : әр түрлі болады, жануарлардың әрбір түліктерінде негізінен ұқсас келеді де, дененін сарғаюы, анемия, геморрагиялық диатез, тері мен кілегейлі қабықтарының өліеттенуі, үлпершекті ағзалардың дегенеративті қабынуы аркылы сипатталады.
Бірақта жануарлардың түрі мен жасына, ннфекцияның өту ерекшеліктеріне байланысты бұл белгілердің басымдығы мен ара қатынасы әртүрлі болады. Ең бір айқын өзгерістер бауыр мен бүйректерде ұшырасады.
Бауырдың негізінен көлемі ұлғайып, келбеті өзгеріп кетеді. Түсінің реңі бозғылт сарыдан кызыл күреңге дейінгі аралықта болады, консистенциясы тығызданып немесе болбырап, тіпті үгітіліп тұруға дейін жетеді. Кейде паренхимасында өліетенген немесе қанталаған ошақтар ұшырасады. Өт кабы ұлғайып, коймалжың, желімше созылған қара-коңыр яки бозғылт жасыл түсті өтке толы болады. Кейде кілегейлі кабығының әрбір жері немесе түгелдей қанталайды. Ұшасы сарғыш тартып кетеді, яғни сау ұшадан бөлектеніп көзге түсіп тұрады. Бүйректерінің көлемі ұлғайып, болбырап тұрады, қан толуына, дегенеративтік өзгерістер мен пигменттенуіне байланысты түсі бозғылтым кызыл, қызыл күрең, кейде аздап жасыл ренді болып келеді.
Лептоспирозды айқындау үшін жан-жақты індеттанулық (эпизоотологиялық және эпидемиологиялық), клиникалык, патанатомиялық талдаумен қатар мұқият бактериологиялык, серологиялык және гистологиялық тексерулер жүргізіледі. Лептоспироздың серологиялык диагностикасы ретінде микроагглютинация (МАР) (РМАЛ- реакция микроагглютинации и лизиса) немесе макроагглютинация (АР) реакцияларын қолданады.
Емдік шараларды іске асырғанда лептоспироздың жіті, жітітілеу және симтомсыз өтіп, оның барлығы да лептоспира алып жүрумен аякталатынын ескеру қажет. Жіті және жітілеу өткен кезде иктерогемоглобинурия және гематурия байқалады да, ең нәтижелі шара - гипериммунді қан сарысуын қолдану болып табылады. Мұндай симптом байқалғанда антибиотиктер айтарлыктай нәтиже бермейді.
Лептоспирозбен ауырып жазылған жануарда өзіне тән иммунитет қалыптасады. Ол бастапқыда стерильсіз, кейіннен стерильді түрінде байқалады да, ұзақ мерзімге сақталады. Лептоспираның бір сероварынан ауырып жазылған жануар сол серовардан қайталап ауырмайды. Дауалаулық препарат ретінде әртүрлі сероварлардан екі вариантта шығарылатын ВГНКИ-дің поливалентті деполандырылған вакцинасы қолданылады.


Листериоз (Listeriosis) - орталық жүйке жүйесі, жыныс мүшелері, желін зақымданып, өлітию ретінде өтетін жұқпалы ауру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Микотоксикоздар туралы
Жылқылардың жұқпалы энцефаломиелиті мидың қабынуы және сарыаурудың пайда болуымен өтетін, жылқылардың жіті жұқпалы ауруы
Микотоксиздер
Европалық шіріме ауруы, балау және сауықтыру шаралары
Иттің оба ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Токсикологиялық мэні жэне мөлшері
ХОҚ уланған кезде патоморфологиялық өзгерістер
Табиғи жағдайда вирусты тек ірі қара мал қабылдайтын
Ит инфекциялық гепатит ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Пәндер