Ұшаны өлшеу


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.
БөЖ
Тақырыбы: «Далалық жағдайдағы ветеринариялық- сантираиялық сараптаманы ұйымдастыру »
Орындаған: Онгарова Д. Б.
Тобы: ВС-303
Тексерген: Икимбаева Н. А.
Семей 2016ж
Жоспар
1. Сояр алдында ветеринариялық тексеруден өткізу
2 . Далалық жағдайда сою және алғашқы өңдеуден өткізу
3. Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бақылау
4. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Сояр алдында ветеринариялық тексеруден өткізу
Союға арналған малдар ветеринариялық заңға сәйкес міндетті түрде ветеринариялық тексеруден өткізілуі тиіс. Ет өнеркәсіптерінде ветеринариялық тексеру сойыс малдарын автокөлік немесе вагондардан түсірген кезден басталады. Құжаттарды тексеру барысында малдардың жұқпалы аурулармен ауырып тұрғанын немесе ауруы бар деп күдікті екенін анықтауға болады. Күдікті жағдайда, оның себебін білу үшін карантин бөліміне, ауруы анықталса оқшаулағышқа (изолятор), не санитариялық қасапханаға жіберіледі.
Малдың дене қызуын (температурасын) тексеру негізінен мал қораларда немесе сояр алдында күтілетін орындарда жүргізіледі. Соятын күні мүйізді ірі қара мен жылқылардың дене қызуын жеке-жеке, ал шошқа, қой т. б. ұсақ малдардың дене қызуы тыңдалып тексеріледі.
Дене қызуы төмен немесе жоғары малдарды союға рұқсат етілмейді.
Топалаң, құтыру, тырысқақ, ірі қара обасы, қарасан, түйе обасы, қатерлі ісік, тулерямия, ботулизм, шошқа тілмесі және обасы, маңқа, инфекциялық анемия, жылқы мелиоидозы, құс обасы және жалған обасы, гриппі және қоян миксоматозымен ауырған жануарларды союға рұқсат етілмейді.
Күйзелген, жанталасып өлер алдында жатқан малды союға рұқсат етілмейді.
Топалаңмен ауырып сауыққан малды және топалаңға қарсы вакцина егілгеннен соң 14 күннен кейін ғана союға рұқсат етіледі.
Жылқыларды сояр алдында, шаруашылықта бұл шара атқарылғанына қарамастан, маңқаға қарсы тексеруден (маллеинизация) өткізеді.
Ауру малдар, әсіресе аусыл, паратиф, бруцеллез, туберкулез, лептоспироз, жұқпалы емес аурулардың ішінен, мал тышқағында, арықтағанында және жара, іріңдеу, жарақат, күю әсерінен дененің 15 % патологиялық өзгеріске ұшырағанында бұндай малдарды сау малдармен бірге ұстауға және союға рұхсат етілмейді.
Союға арналған малдарды ет өнеркәсібінде түріне, жасына, жынысына және қоңдылық категориясына байланысты сорттайды. Бір топқа (партияға) жиналған малдарды қораларға орналастырып, дем алғызғаннан соң ветеринариялық- санитариялық талаптарға сәйкес келетіндерін сояр алдындағы күтетін орындарға орналастырады. Сояр алдында суды емін -еркін беру және азықсыз ұстау үрдісінің мақсаты - ішек-қарнындағы жынынан тазарту, сою үрдісін жеңілдету және ұша таза алыну үшін жүргізіледі.
Сояр алдындағы қораларда ұстау мерзіміне шек қойылады. Мысалы, ірі қараны сояр алдында аштықта үстау уақыты - 24 сағат, ал қой, шошқаны - 12 сағат ұстайды. Аштықта ұстау кезінде су емін - еркін берілгенімен, сояр алдында 2 сағат бұрын тоқтатылуы қажет.
Ет ластануын азайту мақсатында сояр алдында ірі қараның тілерсегінен төмен, шошқалардың денесін толықтай арнайы қондырғылар арқылы жуады.
Малдарды союға жіберу, сою алдындағы ветеринариялық тұрғыдан бағалау дәрігердің рұқсаты мен ғана іске асырылады.
Далалық жағдайда сою және алғашқы өңдеуден өткізу
Сойыс малдарын алғашқы өңдеуден өткізудің технологиялық үрдістерін білу ветеринариялық - санитариялық және өндірістік тұрғыдан маңызы зор.
Мүйізді ірі қара мен жылқы союдың және олардың ұшасын бөлудің технологиялы үрдістері келесі тәртіппен жүргізіледі:
- Естен тандыру (жансыздандыру) .
- Қансыздандыру. Қан жинау.
- Ақтандыру. (терісін қолмен сыпыру) Сиырды союда теріні іреуден басталады(іреу дегеніміз сыпыруға қолайлы мүмкіндік жасау үшін, белгілі бір тәртыппен теріні бауыр жағынан сылу) және ол мұндада алдыңғы аяқтың шашасынан басталады. Ол үшін, сиырдың денесін шалқасынан салып, екінші жағына аунап кетпеуін көздеп, екі жағынан қапталдығын ала жаңғырық қойып тірейді
Теріні іреуде мұнда жылқыдай емес, ептеп ерекшелік бар. Сиырдың бауыр терісі жалпақтығы бір сүйемдей етіп бөлек іреледі яғни өйектейді. өйек тері ( сиырдың бауыр терісі) басқа жерінің терісіне қарағанда әрі жұқа, әрі қалыңдығы біркелкі тегіс болады. Өйек терінің осы қасиетін ерте білген бабаларымыз оны жеке алып, жеке илеп, одан көк таспалы қамшы өрген.
- Басы мен сирақтарын бөлектеу. Тері түсіріліп болған соң, сиыр етін бұзуды да сирақтарды бөлектеуден бастайды. Содан кейін қол жіліктер бөлініп алынады. Бұл үшін алдымен алдыңғы аяқ пен артқы аяқтың сіңірлері кесіліп жеке бөліп алынады.
- Қол жіліктерді бұзу, мұндада қол жіліктер етінен ажыратылып алынады да, карі жілік пен тоқпақ жілік ортасынан қақ бөлінеді. жауырын шеміршегі кесілген соң, ол үшке бөлінеді. Бұдан кейін төс еті жеке сыпырылып алынады. Содан соң бұғанадан бастап, қабырғаның кемік ұшын төс шеміршегінен пышақ үшімен ырғап сұғу арқылы кеседі де, сонан соң қабырғаның аралық жігін ашып, оның басын омыртқа қуысынан шығарады. осылайша, қабырғалар түгел алынады.
- Ішек -қарынды құрсақ қуысынан ажырату. Сиырдың өңеш пен кеңірдегін де мойын етті сою арқылы шығарады. Малдың жыны төгілмес үшін өңештің ұшын жіппен мықтап байлап қояды. Жүрек жеке алынып, саңырауқұлақтарын ( айқұлақ) кесіп тастайды. Содан кейін жүрек қуысын қуалай кесіп, бауыздайды, жуып тазалайды.
Көкірек қуысының ағзаларын бауырымен табиғи байланыста алу. Өкпе-бауыр, ішек-қарын, бүйрек алынып болғаннан кейінгі сиырдың қалған етін бұзады:
- қабырғалар бір-бірінен бөлінеді
- бұғана мен сүбеден басқасын яғни қара қабырғаларды ортасынан балтамен шауып, екіге бөледі, бұл асқанда қазанға салуға ыңғайлы болу үшін қажет.
- қабырғалар тұтас алынып болған соң, мойын омыртқа бөлінеді. ол үшін мойын омыртқа мен ара жігі тұсындағы ет пен желке сіңірі кесіліп, екі омыртқаны бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туғызылады.
- содан кейін еті жалаңаштанып, жігі айқындалған омыртқаны байланыстырған қарыш пышақ үшімен кесіледі де, мойын омыртқа қол күшімен жоғары қайырылып, омырылады.
- сан жіліктерді бөлшектеуде жылқының санын бұзған секілді. әуелі құймышақ омыртқаның басын жамбастың сербегінен ажыратады, содан кейін шат етті осып, жамбастың шатқаяқ басының түйіскен жерін жалаңаштайды.
- шат айырылғаннан кейін, қуық пен тік ішек түгел сылынып тасталынады. Бұдан кейін сан жіліктерден құймышақ еті яғни сауыр еті бөлініп алынады.
- сан жіліктерін бұзу әуелі асық жілік, содан кейін ортан жілік, ең соңында жамбас бөлінеді. Бұл жіліктердің де сүйекке тырмысқан етінен басқасын сылып алады.
- жіліктердің еті бөлініп алынғаннан кейін, асық жілік пен ортан жілік ортасынан екіге, ал жамбас үшке бөлінеді. мұндада кей жерлердегідей сербегін бөлсе, ондай жағдайда жамбас төртке бөлінеді.
Сиырдың денесі осылайша жіліктеніп, рет-ретімен бөлшектенгеннен кейін, бас терісін сояды немесе ұйытады.
- Ұшаны тазарту (құрғақтай және сумен ) .
- Өнімді бағалау.
- Таңбалау.
- Ұшаны өлшеу
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бақылау
- Басын тексеруге: ауыздың кілегей қабатын, тамағын, тілін, шайнау бұлшық етін, лимфа түйіндерін, жақ асты, құлақ маңы, бездерін жұтқыншақты т. б. зерттеу жатады.
Субөнімдер: (өкпе, жүрек, бауыр т. б. ) бөлек-бөлек алынады. Өкпенің сыртын тексеріп, басып көреді, консистенциясына, қан ұйыған, қабынған жерлеріне назар аударады, өңешті тұрпатына. түсіне, көмейіне назар аударады.
Жүректі қапшығынан босатып, жүрек қабаттарының, еттерінің және қақпақшаларының түсіне, күйіне назар аударады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz