Антибиотиктердің алыну жолдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

БөЖ

Тақырыбы: Антибиотиктерді жазу ережелері және есептеу тәртібі

Орындаған: Онгарова Д.Б.
Тобы: ВС-303
Тексерген:Тойкина Г.Н.

Семей 2016
Жоспар
1.Антибиотиктердің алыну жолдары
2.Антибиотиктерге қойылатын талаптар
3.Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Антибиотиктер - микроорганизмдердің өсуін тежейтін және оларды жоятын заттар. Антибиотиктерге өсімдік, жануар және микробтық тегі бар заттар жатады. Антимикробтық препараттардың шығу тегі 1928 жылдан, А. Флеминг алғаш рет пенициллинді ашқан кезден бері басталды. Тірі табиғатта басқа микроорганизмдерден қорғану мақсатында, оны микроскопиялық саңырауқұлақтар Penicillium өндіреді

Антибиотиктерді алудың 3 тәсілі бар.

Биологилық синтез.
Бұл тәсілмен антибиотиктерді алу үшін, микроорганизмдердің жоғарғы өнімді штаммдарын және оларды өсіретін арнайы қоректік орталарын пайдаланады. Мысалы, бұл тәсілмен пенициллинді алады.
Химиялық синтез.
Кейбір антибиотиктердің құрылымын білгеннен кейін, оларды химиялық синтездеу тәсілімен алу мүмкіндігі туды. Мысалы, бұл тәсілмен алынған алғашқы антибиотктердің алғашқысы - левомицетин.
Комбинирленген тәсіл.
Бұл тәсіл алдыңғы екі тәсілдің ұштасуы болып табылады. Биологиялық синтез жолымен антибиотиктің ядросын алса (мысалы, пенициллен в-аминопенициллан қышқылын) ал, химиялық синтез жолымен оған әр түрлі радикалдарды қосады. Осы тәсілмен алынған антибиотиктерді жартылай синтетикалық деп атайды. Мысалы: жартылай синтетикалық цефалоспорин, тетрациклин антибиотиктерді кеңінен қолданыс тапқан. Жартылай синтетикалық антибиотиктердің ерекшелігі олардың табиғи антибиотиктерге тұрақты микроорганизмдердің сезімталдылығы болып табылады. Бұл әдіс антибиотиктер өндірісінде кең қолданылады.

Антибиотиктерге қойылатын талаптар:
* Антибиотиктермен тиімді және қауіпсіз емдеу жолдары бактерияларға қарсы емнің негізгі принциптерімен құрастырылған көптеген факторлардың есебімен негізделуі керек.
* Бактерияларға қарсы заттарды қолдануға көрсеткіштердің болуы.
* Бактерияға қарсы тиімді ем жүргізудің кедергілерінің себептерін табу.
* Жұқпалы ауруды қоздыратын микроорганизмдідәл анықтау, сол микробтардың препараттарға сезімталдылықтарын анықтау.
* Инфекциялық процесті (эмпириялық емдеу) немесе патогенді микроорганизмнің түрін (бағытталған емдеу) жоюға бағытталған емдеудің оптимальді схемасын таңдау.
* Бактерияларға қарсы заттардың реттік үйлесімділігінің болуы.
* Емдік препаратты енгізудің қолайлы әдісін табу.
* Антибиотиктің адекваттық мөлшерін анықтау.
* Емдеу кезіндегі адекватық бақылаудың жүзеге асырылуы.
* Антибиотиктермен емдеудің оптимальді ұзақтығын анықтау.
* Микробтардың резистентті штаммдарының таралуын бақылау және тексеру.
* Дисбактериоздың алдын алу.
* Қанның құрамы мен организмнің басқа да жүйелерінің жағдайын бақылап отыру.

Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері
Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы флакондарда шығарылды. Оларды қолданар алдында 0,9% залалсыздандырылған изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде, екі рет тазартылған (дистелденген) суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин ерітіндісінмен ерітеді.
Залалсыздандырылған шприцке антибиотиктің дозасына байланысты ерітіндіні сорып алады. Ол мыңдық бірлікке мөлшерленеді (ЕД). Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Ерітінділерді даярлап болған соң тез қолданады.
Ауру малға тағайындалған антибиотик ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антибиотик түзуші микроорганизмдер
Антибиотиктердің негізгі механизмі мен әсер ету сипаты
Антибиотиктердің продуценттері сіке - қышқылды, тиолды
Пенициллинді антибиотиктердің сипаттамалары
Антибиотиктердің қосымша әсерлері
Биотехнология пәнінен зертханалық жұмыстар
Асептика және Антисептика
Антибиотиктерді анықтау тәсілдері
Антибиотиктер туралы
Каллустық жасушаның өсу фазалары
Пәндер