Дәрілік заттарды негізге енгізу


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.
№1БөЖ
Тақырыбы: « Эмульсиялық майларды дайындау технологиясы»
Орындаған: Онгарова Д. Б.
Тобы: ВС-303
Тексерген: Тойкина Г. Н.
Семей 2016
Жоспар
1. Эмульсиялардың дәрілік түр ретінде сипаттамасы
2. Майлы эмульсиялар
3. Майлы эмульсияларды дайындау ережелерi
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Эмульсиялардың дәрілік түр ретінде сипаттамасы. Анықтамасы. Iшуге арналған эмульсиялар - Emulsa ad usum internum . Дисперстiк фазасы және дисперстiк ортасы бiр бiрiнде ерiмейтiн немесе аз еритiн сұйықтықтардан тұратын микрогетерогендi жүйенi эмульсия деп атайды. ССРО МФ ХI басылымында эмульсияларға келесi анықтама берiледi: Эмульсиялар - бiр бiрiнде ерiмейтiн майда дисперстi жүйеден тұратын iшуге, сырт тәнге және парентералды қолдануға арналған сыртқы түрi бойынша бiртектi дәрiлiк түр. Дисперстiк фазаны түзетiн сұйықтықтың табиғаты бойынша эмульсияларды екi типке бөлуге болады: 1-типті судағы май (М/С), 2-типті майдағы су (С/М) .
Дайындау әдiсiне және бастапқы шикiзаттарға байланысты эмульсиялар екi түрге бөлiнедi:
- дәннен жасалынған эмульсиялар;
- майдан жасалынған эмульсиялар.
Эмульгаторларға қойылатын талаптар: дифильдiк, беттiк тартылысты төмендету қабiлетi, дәрiлiк заттармен әрекеттеспеуi қажет, фармакологиялық индифференттi болуы керек.
Эмульгаторлар және олардың жiктелуi. Барлық эмульгаторлар құрылысы және қасиеттерi бойынша ионогендi және ионогендi емес болып бөлiнедi. Ионогендi эмульгаторларға жататын анионактивтi және катионактивтi БАЗ-дар, линименттер және жағар майлар технологиясында қолданылады. Дәрiханада эмульсиялар дайындау үшiн шайырлар, пектиндi және шырышты заттар кеңiнен қолданылады. Шайырлар - фаза-аралық шекарада шайырлардан түзiлген адсорбциялық пленкалар жоғары серпiндiлiгiмен және берiктiгiмен сипатталынады. Аравиялық шайыр, гуммиарабик (Gummi arabicum ) - импорттық өнiм, африкалық акациядан алынады. Жақсы сорттары сарғыштау, жартылай мөлдiр бөлшектер. Тұрақтандыру үшін 10 бөлiк майға 5 бөлiк шайыр алынады. Өрiк шайыры (Gummi armeniaca) - өрiк ағашы бұтақтарының дiңгектерiнен кесiлген және жарылған жерiнен алынады. Көп мөлшерде Орта Азияда әзiрлейдi. 10 бөлiк майға 5 бөлiк шайыр алынады. Қасиетi бойынша гуммиарабиктi толық алмастырады.
Дәндік эмульсиялар. Дәнді эмульсиялар майдаланған тұқымдардан ондағы суда еритiн компоненттердi және майларды сiрiндiлеу арқылы дайындалады. Егер жазылымда тұқымдардың мөлшерi көрсетiлмесе, онда 100, 0 г эмульсия дайындау үшiн 10, 0 г тұқым (1:10) алынады. Эмульсияны дайындаған кезде тазартылған тұқымдарды фарфор келiге салып, алынған шикiзаттың салмағының 1/10 бөлiгiндей сумен бiртектi ботқа тәрiздi масса түзiлгенше ысқылайды, содан соң бiртiндеп судың қалған мөлшерiн косады. Құтыны алдын-ала тарирлеп, эмульсияны екi қабат дәке арқылы сүзедi (эмульсия салмақпен дозаланады) .
Майлы эмульсиялар.
Майлы эмульсияларды дайындау ережелерi: егер жазылымда майдың атауы көрсетiлмесе, онда эмульсия бадам немесе шабдалы майымен дайындалады; рецептте майдың мөлшерi жазылмаса, онда 100, 0 г эмульсия дайындау үшiн 10, 0 г май алынады (1:10) ; эмульсияны келiде эмульгаторды маймен және сумен ысқылай отырып дайындайды; эмульсия технологиясы 2 сатыдан тұрады: бiрiншiлiк эмульсия алу және оны сумен сұйылту; бiрiншiлiк эмульсия алу кезiнде оны құрайтын компоненттердiң: майдың, эмульгатордың және судың мөлшерлiк қатынасын қатаң түрде сақтау қажет. 10, 0 г майға 5, 0 г желатоза алынады. Су май мен эмульгатор салмағының жартысындай мөлшерде алынады; бiрiншiлiк эмульсия дайындаған кезде эмульгатор мөлшерi оның табиғатына сәйкес таңдалады.
Эмульсияға дәрiлiк заттарды енгiзу. Эмульсия құрамына кiретiн дәрiлiк заттар олардың полярлы немесе полярсыз фазаларда ерiгiштiгiне байланысты енгiзiледi.
а) Суда еритiн заттарды бiрiншiлiк эмульсияны сұйылтуға арналған су бөлiгiнде ерiтедi.
б) Майда еритiн дәрiлiк заттарды (камфора, ментол, анестезин, тимол, майда еритiн витаминдер, гормонды препараттар) бiрiншiлiк эмульсия дайындар алдында майда ерiтiп алады. Эмульгаторды және бiрiншiлiк эмульсияға қажет судың мөлшерiн есептеген кезде, майлы фазаның (май + дәрiлiк зат) салмағының өсетiндiгi ескерiледi.
в) Суда да, майда да ерiмейтiн дәрiлiк заттар (танальбин, висмут тұздары, мырыш тотығы, магний тотығы және т. б. ) дайын эмульсия құрамына майда ұнтақ (суспензия) түрiнде енгiзiледi.
г) Майда еритiндiгiне қарамастан фенилсалицилат, бензонафтол дайын эмульсия құрамына суспензия түрiнде енгiзiледi. Егер оларды майда ерiтсе, антисептикалық әсерi төмендейдi. Осы екi дәрiлiк зат гидрофобты болғандықтан оларды тұрақтандыру қажет. Тұрақтандырғыш ретiнде желатоза, шайырлар немесе басқа БАЗ қолданылады.
д) Тұндырмалар, шырындар, сұйық экстрактар, спирттi ерiтiндiлер дайын эмульсияға сұйылтылған күйiнде қосылады.
е) Егер эмульсия құрамына эфир майлары енсе, онда тұрақты эмульсия алу үшiн, оларға бiрдей немесе екi есе мөлшерде эмульгатор алынады.
Эмульсиялардың сапасын бақылау. Дайындалған эмульсиялардың сапасын басқа iшуге қолдануға арналған сұйық дәрiлiк түрлердiң сапасын анықтау көрсеткiштерi бойынша бағалайды. Сонымен қатар эмульсияға тән көрсеткіштер анықталады.
- Эмульсиялардың термиялық тұрақтылығы. Эмульсиялар - тұрақсыз жүйелер. Қыздырған кезде жеңiл қабатқа бөлiнiп кетедi. Егер 50°С-қа дейiн эмульсияны қыздырған кезде ол қабатқа бөлiнбесе, онда эмульсия тұрақты деп есептелiнедi.
- Тұтқырлығы. Бұл қасиет сырт тәнге қолдануға арналған эмульсияларға маңызды көрсеткiш болып саналады. Оны анықтау үшiн арнайы құрал (вискозиметр) қолданылады.
- 15 000 айн. /мин. жылдамдықта центрифугирлеу кезде эмульсиялар қабатқа бөлiнбеуi керек.
- Бiртектiлiгi. Эмульсиялардың бiртектiлiгiн микроскоппен қарап анықтайды. Визуалды (қараусыз көзбен) қарағанда бiртектi тұрақты эмульсиялар сүт тәрiздi болуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Руководство к практическим занятиям по технологии лекарственных форм. В. М. Грецкий, В. С. Хоменок. - М., Медицина - 2000 г.
- Технология изготовления лекарственных форм. Серия «Медицина для вас». Ростов н/Д: «Феникс» - 2002. - 448 с.
- Государственная Фармакопея Республики Казахстан. Т. 1. - Алматы: Издательский дом «Жибек жолы», 2008. - 591 с.
- Государственная Фармакопея Республики Казахстан. Т. 2. - Алматы: Издательский дом «Жибек жолы», 2009 - 804 с.
- Сағындықова Б. А., Анарбаева Р. М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық. Шымкент, 2008. - 436 бет.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.
№2БөЖ
Тақырыбы: « Суппозиторийларды дайындау технологиясы»
Орындаған: Онгарова Д. Б.
Тобы: ВС-303
Тексерген: Тойкина Г. Н.
Семей 2016
Жоспар
1. Суппозиторийлерге арналған негіздер. Оларға қойылатын талаптар.
2. Суппозиториилерді алу әдістері
3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Дәрілік түрлердің сипаттамасы Анықтамасы. Жіктелуі. Суппозиторийлер официналдық дәрілік түр. МФ ХІ басылымы бойынша, суппозиторийлер бөлме температурасында қатты, дене температурасында балқитын немесе еритін дозаланған дәрілік түр. Суппозиторийлер тік ішекке, ағзаның басқа да табиғи және паталогиялық қуыстарына енгізуге қолданылады. МФ XІ басылымы бойынша жіктелуі: ректалды - supposіtorіa rectalіa, вагиналды - supposіtorіa vaqіnаlіa, таяқшалар - supposіtorіa baccіllі
Суппозиториилерге арналған негіздер. Оларға қойылатын талаптар .
Суппозиторийлік негіздер де арнайы талаптарға сай болуы керек:
- негіздер дене температурасында балқуы немесе еруі;
- бөлме температурасында қатты болуы;
- фармакологиялық индифферентті болуы;
- химиялық индифферентті, яғни дәрілік заттармен химиялық байланысқа түспеуі;
- дәрілік заттармен сиымды болуы;
- қатты күйден сұйық күйге тез ауысуы;
- МФ XІ талабына сай деформациялану уақыты 3 тен 15 минутқа дейінгі аралықта болуы;
- сыртқы факторлардың (ауа, жарық, ылғал, микроорганизмдер) әсеріне тұрақты болуы.
Қазіргі кезде суппозиторийлер дайындау үшін негіздердің үлкен ассортименті қолданылады, олар физико-химиялық қасиеттері бойынша ерекшеленеді.
Фармацевтикалық тәжірибеде қолдалынатын суппозиторий негіздері 2 топқа бөлінеді: гидрофобты және гидрофильді.
Гидрофобты негіздерге: майлар және май тәрізді заттар, олардың эмульгаторлармен және табиғи көмірсутекті заттармен балқымалары жатады. Классикалық негіз ретінде какао майы қолданылады.
Гидрофильді негіздер: желатинді-глицеринді, сабынды-глицеринді, полиэтиленоксидтер (ПЭО) . Желатин-глицеринді негіздің официналды жазылым құрамы: 1 бөлік желатин, 2 бөлік су, 5 бөлік глицерин.
Суппозиториилерге рецепт жазу ережелері. Суппозиторийлердің рецепте жазылуы. Рецептте суппозиторийлер 2 түрлі дозалану тәсілі бойынша жазылады: бөлінетін және бөлінген. Бөлінетін, ингредиенттердің жалпы мөлшерін жазып, массаны қанша свечаға бөлу керектігін көрсетеді. Бөлінген әдісте дәрілік заттардың мөлшері бір суппозиторияға беріліп, осындай қанша суппозитория босататын саны көрсетіледі.
Суппозиториилерді алу әдістері. Суппозиторийлердің технологиялық процесі. Суппозиторийлерді үш түрлі әдіспен дайындауға болады: қолмен илеу әдісі; қалыпқа құю әдісі; престеу әдісі. Суппозиторийлерді дайындау әдісін таңдау негіздің қасиетіне байланысты. Мысалы, какао майын негіз ретінде суппозиторийлерді қолмен илеу әдісімен дайындағанда қолданады. Қалыпқа құю әдісімен суппозиторийлерді кез-келген негізді (какао майынан басқа) қолдана отырып дайындауға болады.
Қолмен илеу әдісінің дайындау сатылары: дәрілік заттарды және негізді дайындау; суппозиторийлік масаны дайындау (дәрілік заттар және негіз қоспасын алу) ; массаны дозалау; суппозиторийлерді қалыптау; орамдау, безендіру.
Таяқшаларды жасап шығару. Таяқшаларды қолмен илеу әдісімен жасау жалпы ережелер бойынша жүргізіледі. Рецептте таяқшаның ұзындығы және диаметрі көрсетіледі. Негіздің салмағы келесі формула бойынша анықталады. Х=3, 14 •(d/2) 2 •l •ρ •n; мұндағы: d - таяқшаның диаметрі, см; l - таяқшаның ұзындығы, см; ρ - негіздің тығыздығы, г/см 3 ; n - таяқшаның саны;
Қалыпқа құю әдісі. Дайындау сатылары: дәрілік заттарды және негізді дайындау; суппозиториялық массаны дайындау; массаны дозалау және суппозиторийлерді қалыптау, орамдау және безендіру; Суппозиторийлерді қалыпқа құю әдісімен дайындаудың ерекшелігі, негізгі есептеу кезінде: қалыптың ұяшығының көлемін, яғни 1 ұяшықтағы негіз салмағын; майлы негіздің салыстырмалы тығыздығын 0, 95 г/см 3 , желатин-глицерин - 1, 15 г/см 3 ; орынбасу коэффециентін Е ж ескереді. Орын басу коэффициенті - тығыздығы 0, 95г/см 3 болатын (какао майының тығыздығы) 1 г майлы негіздің орынын басатын дәрілік заттың мөлшерін көрсетеді. Сонымен қатар кері орын басу коэффециентті (1/Е ж ) қолдануға болады, 1 г дәрілік заттың орнын басатын майлы негіздің мөлшерін көрсетеді. Іс жүзінде кері орын басу коэффициентін қолданған қолайлы. Бұл коэффициенттер анықтама оқулықтарында кесте жүзінде көрсетіледі.
Дәрілік заттарды негізге енгізу. Дәрілік заттарды негізге енгізу дәрілік заттардың мөлшеріне және физико-химиялық қасиетіне байланысты жүргізіледі. Егер негіз ретінде майлар және май тәрізді заттар қолданылса : а) Майда еритін заттар: фенол, анестезин, хлоралгидрат, тимол, ментол, фенилсалицилат, камфора және т. б. Оларды майлы негіздің балқытылған бір бөлігінде ерітеді; б) Суда еритін заттар. Оларға алкалоид тұздары, новокаин, хинозол, опий экстракты, этакридин лактаты және т. б. жатады. Бұл заттар, негізінде, аз мөлшерде жазылады. Оларды алдын ала бірнеше тамшы суда, глицеринде немесе спиртте ерітіп алып, негізге енгізеді. Кей жағдайларда ерітіндіні сусыз ланолиннің аз мөлшерімен эмульгирлеп, содан соң негізбен араластырады. Құрғақ экстракт, протарголды және колларголды негізге концентрлі сулы ерітінді немесе су-спирт-глицеринді ерітінді түрінде енгізеді. Эмульгирлеу үшін сусыз ланолин қосады. в) Суда да, майда да ерімейтін заттар: мырыш тотығы, дерматол, ксероформ, висмуттың негізгі нитраты, стрептоцид және т. б. Бұл заттарды негізге суспензия түрінде енгізеді. Егер олар рецепте аз мөлшерде жазылса, онда бірнеше тамшы шабдалы, бадам майымен ысқылап, негізбен араластырады. Егер дәрілік заттар көп мөлшерде жазылса, онда оларды майдалап, балқытылған негіздің бір бөлігімен ысқылайды да негіздің қалған мөлшерін бөлшектеп қосады. Суда еритін, бірақ жазылымда көп мөлшерде берілген заттар да негізге суспензия түрінде енгізіледі. г) Байланыстарғыш қасиеттері бар қою, сұйық заттарды, мысалы ихтиол, винилин, нафталан мұнайы негізбен араластырады. д) Суппозиторийлерді желатин-глицерин негізінде дайындаған кезде, дәрілік заттарды негізді дайындауға арналған судың немесе глицериннің бір бөлігімен ысқылайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz