Ауада салқындату



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.
Аграрлық факультет Ветеринариялық санитария кафедрасы

№1БөЖ

Тақырыбы:Улану кезіндегі құс етін ветеринариялық-санитариялық сараптау

Орындаған:Онгарова Д.Б.
Тобы:ВС-303
Тексерген:Серікова А.Т.

Семей 2016ж
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Құс етінен улы заттарды анықтау әдістемесі
2.2 Уланған құс етін ветеринариялық- санитариялық сараптау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Қолға үйретілген құстардың ішінде ең кең тарағаны - тауық. Еті де бүгінгі күні сұранысқа ие. Дүкен сөрелерінде сиыр, қой, жылқы еттерімен қатар тұрады. Бағасы жағынан қалта көтерерліктей. Ет саудасымен айналысатын сатушылар құс етінің ішінде кең тарағаны әрі өтімдісі тауық еті деп айтады. Етінің құрамында В, Н, РР дәрумендері, калий, магний, натрий, темір, фосфор, мырыш, кальций, мыс секілді минералды заттар бар.
Тауық етінде (күркетауық еті де өте ұқсас болып келеді) дәнекер тіндер өте аз болып келетіндіктен, көбіне нәзік әрі жұмсақ болады. Құс етінің ақуызында сирек кездесетін қышқылдар және қанықпаған май қышқылдары көп. Олар тез ериді, өте сіңімді, асқазан-ішек жолында тез қорытылады.
Диетологтардың көбі адамның қалыптасып қалған тамақтану үрдісін өзгерту керек дегенді айтады. Мамандарымыз мұндай кезде қой, сиыр, тіпті жылқы етінің орнына тауық пен балық етін жеп тұрған жөн деп санайды. Ең бастысы, құрамындағы холестерин мен липотропты заттар жөнінен құс етінің сиыр мен қоян етінен айырмашылығы жоқ.

2.1 Құс етінен улы заттарды анықтау әдістемесі

Сынапты, мысты және мырышты табуға арналған зерттеулер. Өнімдердің үлгісін алдын-ала ұсақтап (5-10г) күкірт және азот қышқылын қосып күлге айналдырады. Үлгі толық күлге айналған соң, құрамындағы мысты, сынапты және мырышты сапалық реакциялармен анықтайды.
Сынапты анықтау. Сүзгіш қағазға иодты мыс қосындысынан бір тамшы тамызып, 2-3 минуттан сол орынға минералды-қышқыл ерітіндіден бір тамшы тамызады. Егер сынап бар болса сүзгіш қызыл не қызыл-сары түске боялады.
Мырышты анықтау. 4 % Тиомочевина ерітіндісі қаныққан сүзінді қағазға бір тамшы бейтарапты қаныққан аммиакпен зерттелетін сұйықты тамызады. Сүзінді қағазды бір минут бойы қаныққан аммиак ерітіндісі бар сұйығы бар, ыдыстың аузында ұстап, ауада кептіреді. Сонан соң, зерттелетін сұйық тамызылған сүзіндіге бір тамшы дитизон тамызады. (10 мл бензолда 10 мг дитизон бар). Егер зерттелетін сұйықта мырышы бар болса, сүзінді қызғылт-қызыл не ашық қызыл түске боялады.
Зерттеулер жүргізіп жатқанда бақылау тәжірибелерін қояды. Ол үшін зерттелетін сұйықтың орнына сүзіндіге бір тамшы дистилденген су құяды. Бұл әдіспен мырыштың сандық мөлшерін де анықтауға болады. Ол үшін мырыштың белгілі конценрациясын жасай отырып стандартты шкала дайындалады.
Мысты анықтау. Алдын ала кремнийлі қышқыл натрий ерітіндісі сіңдірілген сүзінді қағазға зерттелетін сұйықты тамызады. Сонан соң бұл қағазды концентрациясы жоғары аммиак ерітіндісі құйылған ыдыс аузында бір минут ұстайды. Сүзінді қағаздың ерітінділері тамызылған орынға 1% рубеанды сутегі қышқылын тамызады. Егер мыс бар болса сүзінді қою жасыл түске боялады.
Көгертетін қышқылды (синильная кислота) анықтау. Зерттелетін материалдан сынама алып колбаға салып винолы-тасты қышқыл қосып, қақпағын жабады. Қақпақтың төменгі жағына сірке қышқылды бензидин тамызылған сүзгіш қағазы сірке қышқылды бензидин тамызылған мысты-ацетатты қағазды қыстырып қояды. Егерде көгертетін қышқыл бар болса, сүзгіш қағаздың түсі өзгермейді, ал мысты ацетатты қағаз көк дақ пайда болады. Егерде екі қағазда да көк түс болса, онда хлор, озон, азот тотығы сияқты тотықтырғыштардың бар екенін көрсетеді.
Севинді анықтау. 5-10 г сынаманың үстіне 30-40 мл күкіртті эфир құяды да, 60 минут ұстайды. Сонан соң оны сүзіп, эфирді бөлме температурасында буландырады.
Құрғақ қалдықта улы химикат пен май бар. Майды құрғақ қалдықтан бөлектеу үшін, құрғақ қалдықты 50% спирттің судағы ерітіндісімен езіп, суықта ұстаған соң сүзеді. Май сүзгіш қағазда қалып қояды. Ал сүзіндіге диазореактив қосса, түсі ашық қызғылт түстен ашық қызыл түске боялады. Сүзінді түсінің боялу дәрежесіне қарап севиннің мөлшерін анықтайды.
Өсімдіктердің сүттегі ұрығының алкалондтарын анықтау.
Сапалы реакция жүргізу үшін пробиркаға 1 мл сүт құйып, оның үстіне 0.1 % паранитробензолдегид ерітіндісінен 0,1 мл және тығыздығы 1,84. 2 мл күкірт қышқылын қосады. Егерде алкалоидтар бар болса, пробиркадағы ерітінді сары түске, ал жоқ болса жасыл-көк түске боялады. Алкалоидтардың сүттегі мөлшерін Фреудвеллер түрлендіруі бойынша А.И. Пархаеваның әдістемесімен анықтайды.
Соланинді сапалық реакциямен анықтау (Нилованың реакциясы).
Картоптың 1мм қалыңдығындағы кесіндісін фарфор келісіне не сағат шынысына салып, кесінді үстіне тамшылатып 80-90 % тік сірке қышқылын, тамшылатып 1,84 тығыздықтағы күкірт қышқылын, сонан соң бірнеше тамшы 5% сүттегінің асқын тотығын қосады. Ерітінділерді қосқан соң, егерде соланин бар болса, өте тез арада қызыл не қызыл қоңыр түске боялады.

2.2 Уланған құс етін ветеринариялық- санитариялық сараптау
Бауыр ұлғайып, былжырап босайды, қара қошқыл түстес, өт қуығы ұлғайып, қоймалжың сұйықпен (өтпен) толады. Өт қуығының кілегей қабығында қан құйылуы байқалады.
Уланудың жіті түрінде өкпе ісініп, ателектаз ошақтары пайда болады. Бүйрек ұлғаймайды, ішкі қуысының құрылысы айқын байқалмайды. Ішек-қарында және оның кілегей қабықтарында нүктелі қан құйылуы байқалады. Кейбір бөлімдері қабынып, некроз ошақтары пайда болады.
Кейбір улы заттармен уланғанында өзіндік ерекшеліктері болады: цианид, нитрат, нитриттермен уланғанда еттің түсі ашық-қызыл; акридин, пикрин және азот қышқылымен уланғанда ұлпалы мүшелер сары түске боялады. Күшәләмен уланғанда - кілегей қабықтары сары, мыс препараттарымен уланғанда - бүйрек ұлғайып, ісінеді.

Сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық бағалау.
1. Қандай препараттармен улануына байланысты және органолептикалық, биохимиялық, бактериологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша жеке-жеке санитариялық баға беріледі. Уланған және еріксіз сойылған малдан алынған (өлгелі жатқанда) етті барлық жағдайда тамаққа пайдаланылмайды, оларды ішкі ағзалармен қоса утилизацияға жатқызады.
2. Уланған еттер, егерде бактериологиялық зерттеулерден таза болса,
аңдарға азық ретінде беруге рұқсат етіледі.

Улы заттардың әсеріне және лайықты берілген санитариялық бағасына байланысты 3 топқа бөледі.
І топ - улы заттардың ұшада және де оның өнімдерінде болмауға тиісті, ондай өнімдерді барлық жағдайда тамаққа пайдаланылмайды, оларды ішкі ағзалармен қоса утилизацияға жатқызады.
ІІ топ - улы заттардың ең жоғарғы көрсеткіші ұшада және ет өнімдерінде болғанында, тек қайнатып заласыздандырған соң, ішкі ағзалар утилизацияға жатқызылады.
Гексохлоран - 0,1мг, дурбан (хлорпирифос) - 0,1мг, балтекс - 0,2мг, дитрол - 0,3 мг, трихлорметафос - 0,3 мг., сары фосфор, цианидтар, пропазин гептахлор, полихлоринен, күшәлә, қорғасын - 1мгкг, селитра - 100мгкг, фосфорорганикалық қосылыстар - 0,01мгкг. байгон, дикрезил, севин, сынап бар пестицидтер болған сойыс өнімдерін тағамға пайдалануға болмайды.
Сойыс өнімдерінде қорғасын 1мгкг кем болса, барлық лимфа түйіндері аластатылған соң, 5 күн ішінде тағамға пайдаланылады; фосфорорганикалық қосылыстар 0,01мгкг көп болмаса, 1200 С ыстық температурада өңдегеннен соң және удың жоқтығы байқалса қолдануға болады.
ІІІ топ - сойыс өнімдерін әбден қайнатқан соң тағамға бөгетсіз қолдануға болады.
* фтор, цинк тұздары, мыс, хлор, натрий, калий, қышқылдар мен негіздермен;
* газ тәріздес заттармен: (аммиак, хлор, иісті угарлы )газ;
* карбамидтермен;
* көмірсулардың ашу өнімдерімен (сивуш майлары, альдегид);
* эфир майлары, санонин, смола болатын өсімдіктермен;
* фотодинамикалық әсері бар өсімдіктер (гречиха, тары, клевер);
* улы саңырауқұлақтар мен ас қорыту ағзаларының бұзылуын болдыратын өсімдіктермен (молочай куколь);
* лютик семьясына жататын өсімдіктер;
* жунгар пионитімен уланғанда (1 сағат қайнатқан соң - кем емес) қолдануға болады.
Химиялық - токсикологиялық талдау нәтижесінде улы заттар табылмаса, ұшада қанағаттанарлық органолептикалық көрсеткіштер болып, бірақта, бұлшық етте, ұлпалы ағзаларда микроорганизмдер табылса, тек қана қайнатқан соң тағамға пайдаланылады.
Егерде пестицидтердің қалдығы рұқсат берілетін мөлшерден асса да арнайы тексерулерден соң малдарға құрғақ азық ретінде пайдалануға болады.
Тері және басқа техникалық қосымша өнімдер шектеусіз қолданылады.

Қорытынды

Құс еті - жеңсік тағам, ағзаға жеңіл де жедел сіңеді. Боткин ауруына ұшырағандарға тауық етін ғана жеуге рұқсат етілетіні сондықтан. Ал қаздың майы болса, үсік пен күйікке тамаша ем. Күркетауықтың еті қатты аурудан әлсіреп қалғандарға жеуге ұсынылып жүр.
Көпшілік қауым тауық етінен даярланған тағамдарға тән иістерді ұната бермейді, ал кейбірі оны зиян деп жатады. Бұл күмәніңіздің де жөні бар. Өйткені, аталған иіс глютамин қышқылының, эфир майларының, азоты бар экстактивті заттардың, әсіресе пуринді негіздердің әсерінен болып келеді екен. Сондықтан тауық сорпасын, қуырылған тауықты балалар мен қарттардың емдәмінде ғана емес, күнделікті тағамдарыңызда да шектеулі түрде пайдаланғаныңыз дұрыс.
Терісі сыпырылған қайнатылған тауық етін қатаң емдәмдерде ғана жеуге болады. Ал тауық балапанын тек қайнатылған күйде ұсынған жөн.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Дүйсембаев С. Т. Ветеринариялық-санитариялық сараптау. Оқулық: Алматы, 2013 жыл 346-352 беттер
2. Дүйсембаев С. Т. Ветеринариялық-санитариялық сараптау практикумы.
3. Сенченко С. Б. Ветеринарно-санитарная экспертиза сырья животного и растительного происхождения. Серия Технологии пищевых производств - Ростов-на-Дону: Издательский центр Март, 2001 год ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамақ өнімдерін сақтау әдістерінің теориялық негіздері
Болатты термомеханикалық өңдеу
Тағамдарды консервілеу әдістері
Мойынтіректердің стационарлық корпустары
Қағаз шығаратын зауыттардағы желдету жүйесі
Болат маркаларын расшифровкалау
Жоғары жиілікті токтармен шынықтыру
Адам ағзасының терморегуляциясы
Бір сатылы қысымды компрессорлы - конденсаторлы, буландырғыш тоңазытқыш қондырғыны автоматтандыру
Құбыр өндіру технологиясы
Пәндер