Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында кеңінен қолданылатын, уытты әсері төмен препарат


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.
БөЖ
Тақырыбы: « Пестициттер әсерінен туындайтын уланулар»
Орындаған: Онгарова Д. Б.
Тобы: ВС-303
Тексерген: Тойкина Г. Н.
Семей 2016
Жоспар
1. Фосфорорганикалык косылыстардан улану
2. ФОҚ-дың жанаса, жүйелі әсер ететін препараттары
3. Хлорорганикалық қосылыстардан улану
4. Хлорорганнкалық қосылыстардың алифатты көмірсулары
5. Алдын алу шаралары
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Пестициттер әсерінен туындайтын уланулар
Фосфорорганикалык косылыстардан улану
Фосфорорганикалык косылыстар (ФОҚ) - фосфор қышқылының күкірттік немесе азоттық туындылары. Олар инсектицидті, акарицидті және фумигантты әсер етеді.
Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында ФОҚ-дың жанаса және жүйелі түрде әсер ететін 25-тен аса түрлері бар.
ФОҚ-дың жанаса әсер ететін препараттары: хлорофос, ДДВФ, метафос, дифос, этафос, циодрин, карбофос, диазинон, дурсбан, үшхлорлыметафос.
Жүйелі түрде әсер ететін препараттары: гардона, силикрон, токутион. фозалон, бутифос, неоцидол, золон және жанаса-жүйелі әсер ететіндер: антио, фосфамид, фталофос, гетерофос.
Көптеген фосфоорганикалық пестицидтер ағзаға терілік - резорбтивті (канға сіңу) әсер етеді. Мұндай препараттар: метилмеркаптофос, бутифос, циодрин, тиодан.
ФОҚ-тар көбінесе мида, жұлында, өкпеде, жүректе, бауырда, бүйректе, бұлшық еттерде жинақталады. Тотығу процестерінің әсерінен тиофос фосфаколға, карбофос имндоксонға, диазинон диазоконға, антиофосфомидке, айналып, оздерінен де аса уытты косылыстар (метаболлиттер) түзеді.
Фосфоорганикалық қосылыстар өндірісте сұйық және қнтақ түрінде шығарылып, қолданылады.
Жануарлар ФОҚ-дан ас корыту және тыныс алу жолдары, тері арқылы уланады. Сонымен қатар, уытты заттармен ластанған азықтарды, мал өнімдерін қолдану, уланудың негізі. козі.
Өсімдіктерді жүйелі түрде әсер ететін ФОҚ-мен өңдегенде, олар өсімдіктердің тамыры, сабағы және жапырақтары арқылы барлық ұлпаларына тарап, 30 күннен 60 күнге дейін өсімдік кұрамында уытты әсерін сақтайды. Өңделген өсімдіктерді осы уақыт ішінде қолдану ауыл шаруашылық малдары мен жәндіктерге аса уытты. Ал жанаса әсер ететін препараттармен өңделген өсімдіктерді 6 күнге дейін қолдануға болмайды. Бұл препараттар жанасу нәтижесінде жәндіктердің хитин және балауыз қабықтары аркылы тез өтіп, жаппай өлімге ұшыратады. ФОҚ жүйке жүйесін салдандырып әсер етеді. Яғни жүйке жүйесі ферменті - холинэстеразаға тікелей, әлсірете әсер етіп, нәтижесінде ағзада ацетилхолин шамадан тыс көп мөлшерде жинакталып, өзінің уытты әсерін көрсетеді Онымен катар фосфорорганикалык косылыстар эстераза, протеаза және пероксидаза секілді басқа да ферменттердің кызметін әлсіретіп, каталазаның белсенділігін күшейтеді. Кейбір ФОҚ тек М-холинореактивті жүйеге әсер етсе, басқалары М-холинреактивті жүйеге ғана емес, Н-холинореактивті жүйеге де әсер етеді.
Жүйке жүйесіне әсер ету ерекшеліктеріне, клиникалық белгілеріне карай фосфорорганикалық қосылыстарды үш топқа бөледі:
- Мүскарин тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда көрінетін клини- калык белгілер - миоз (көз қарашығының тарылуы), бронхоспаз- ма, сілекей ағу, шектен тыс терлеу, ішектің жиырылуының күшеюі және іш өту секілді белгілерімен сипатталынады.
- Никотин тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда - қаңқа бұлшық етінің треморы, аяктардың дірілі, қан кысымының жоғарылауы, орталык жүйке жүйесінің қозуы және салдануы сияқты белгілер көрсететіндер.
- Кураре тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда - каңқа бұлшык еттерінің, соның ішінде мойын, кеуде бұлшық еітері тонусының әлсіреуі сияқты белгілерімен ерекшеленеді.
Көптеген фосфоорганикалык қосылыстардың өткір, жағымсыз иісі болады. Олар суда нашар, органикалық ерітінділерде (бензол, спирт, эфир т. б. ) жақсы ериді. Судағы ерітінділерін сулы эмульсия түрінде, белсснді жуғыш заттар ретінде қолданылады.
ФОҚ-дың жанаса әсер ететін препараттары
Дифос (биотион, абат, темефос, нимитокс) - ақ түсті кристалды зат. Суда нашар, толуолда жақсы ериді. Жылы канды жануарларға уытты әсері әлсіз. ЛД 12 тышқандар үшін 2000-2300 мг/кг, қояндарға 970-193Омг/кг. Шыбын-шіркей личинкалары- на, әртүрлі жәндіктерге қарсы қолданылады. Өсімдіктердің өсу үдерісіне зиянын тигізетін жәндіктерге де әсері айтарлыктай күшті.
Хлор
офос (диптерекс, дилокс, тугон, негувон, рици
фон) - ак түсті, суда және көптеген органикалык ерітінділерде жаксы еритін кристалды ұнтақ. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында кеңінен қолданылатын, уытты әсері төмен препарат. Жануарларға өлтіре әсср ететін мөлшері: 300-500 мг/кг, организмде жинақталу дәрежесі (кумулятивтілігі) төмен. Ауыза рқылы енгізілген хлорофос, қанда 1-3 сағаттан кейін байқалып, 3-5 сағаттан кейін несеп аркылы сыртка бөлінеді. Тері аркылы әсер еткен хлорофостың, ауыз арқылы енгізілген түріне карағандағы уыттылығы төмен. Ашық жерде (далада) хлорофостың әсері 3-5 күн, бөлме жағдайында 2 аптаға дейін сақталады.
Карбофо
с
(мелатион, фостион, сумитокс) - сұрғ
ылт түст
і, о
рганика
лық ерітінділерде жаксы еритін, жағымыз, коюлау сүйықтық. Жануарлар үшін уыттылығы орташа. Кумулятивті әсер етеді. Малдардың жасына, түріне және жынысына қарай бұл препаратқа сезімталдығы әртүрлі. Мысалы. карбофостың бұзауға уытты мөлшері 10-20 мг/кг болса, ірі малдар үшін 50-100мг/кг. Өлтіре әсер ететін мөлшері мүйізді ірі- кара үшін 200мг/кг болса, қойлар үшін 150мг/кг. Карбофоспен өңделген шабындыктарда, оның иісі 25 күнгс дейін сақталынады.
Тиофос
(паратион) -
күңгірт-коңыр түсті, иісі сарымсактікі секілді, қою майлы сұйыктық. Сумен жақсы араласып, сарғыш- жасыл түсті эмульсия түзеді. Қайнатқан кезде уыттылығы жоғарылайды. Малдар үшін уытты. Өлтіре оеер ететін мөлшері 13-25 мг/кг. Тиофоспен өңделген жайылымдарға малдарды 20- 25 күннен ерте шығаруға тиым салынады. Көкөніс зиянкестеріне карсы қолданылады.
Октометил (сирадан, пестокс-3) - жабысқак, тұткыр, күңгірт коңыр түсті, иіссіз, судағы ерітіндісі (эмульсия) бүзылмай ұзақ сақталатын сұйықтык. Тері арқылы тез сіңіп, малдарга өте уытты, кумулятивті әсер етеді. Өлтіре әсер ететін мөлшері 10-30 мг/кг. Құрамында октометил кездесетін азықтарды, препарат ыдырап кетпейінше, 1-3 айға дейін қолдануға болмайды.
ФОҚ-дың жүйелі түрде әсер ететін препараттары
Гардона (тетрахлорвинфос, винфос, рабон, аппекс) - ақ түсті, суда нашар, органикалық ерітінділерде жақсы еритін кристалды зат. Тышқандарға уытты әсері төмен (ЛД 50 -1900-5000 мг/кг), араларға орташа уытты әсер етеді. Мақтаның және көкөністердің кеміргіш жәндіктеріне қарсы қолданылады.
Селекрон (профенос, куракрон) - органикалық ерітінділерде жаксы еритін, сумен әрекеттесуі нашар (еру дәрежссі 20мг/л), ашық-сары түсті сұйық. Тышқандарға орташа уыты - ЛД 50 388 мг/кг, араларға және т. б пайдалы жәндәктерге уытты әсер етпейтін, мақтаны, жүгеріні әртүрлі сорғыш, кеміргіш жәндіктерден корғау үшін қолданылады.
Токутион (прогиофос) - толуол және циклогексанмен жақсы әрекеттесетін, ал сумен әрекеттесу дәрежесі 1. 7 мг/л, ашык түсті, майлы сұйықтық. Тышқандарға орташа уытты (ЛД 50 925-966мг/кг) . араларға және жәндіктерге уытты әсер етеді.
Трихлорметафос (фенхлорфос, тролен, роннел, нанкор) хош иісті көмірсуларда жаксы еритін, әлсіз-жағымсыз иісі бар. Бүрге, бит және кене секілді малдың эктопаразиттеріне қарсы қолдануға ұсынылған инсектицид.
Фосфорорганикалық заттармен уланудың алдын алу шаралары:
- ауыл шаруашылығында қолданылатын пестицидтердің колдану, тасымалдау және сақталу ережелерін қатаң сақтау шарт.
- жанаса әсер ететін препараттармен өңделген азықтармен малдарды 6 тәуліктен кейін азықтандыру және жүйелі түрде әсер ететін ФОҚ препараттарымен өңделген жайылымдарда 45 тәулік өтпейінше малдарды жаймау керек.
- төмендегі препараттар азық құрамында көрсетілген қалдық мөлшерден аспау керек - сүтті малдар мен жұмыртқалағыш тауықтар үшін антио 2 мг/кг, бутифос 3 мг/кг, дурсбан 0, 2 мг/кг, карбофос 2 мг/кг. Ал бұл малдарға берілетін азықтарды метафоспен өңдеуге тиым салынады, тек семіртуге арналған малдарға азыққа метафос мөлшері 0, 5 мг/кг, метилмеркаптофос 1мл/кг, фосфомит 2 мг/кг мөлшерінде қосып беіледі.
- Мал суаратын суларда ФОҚ-дың болмауы тиіс және мұнда пестицидтерді шашуға арналған ұүралдарды жуып-шаюға болмайды.
Хлорорганикалық қосылыстардан улану
Ауыл шаруашылығы саласында хлорорганикалық қосылыстардың (ХОҚ) маңызы өте зор. Олардың зиянды жәндіктерге, кенелерге, патогенді саңырауқұлақтарға қарсы пестицидтік әсері кең, уыттылығы жоғары және өте төзімді.
ХОҚ өзінің уыттылық дәрежесіне қарай:
- өте уытты,
- уытты
- орташа
- уыттылығы төмен пестицидтер болып бөлінеді.
Бұл препараттар ауыл шаруашылығы малдары ағзасына тыныс алу, ас қорыту жолдары және бүлінбеген тері арқылы енеді.
Химиялық құрамына байланысты хлорорганикалық косы- лыстар-хлор туындыларының
- алифатты көмірсутектері (гексохлорбутадиен, немагон, дихлорэтан),
- ациклді көмірсутектері (гексахлоран, линдан),
- хош иісті көмірсутектері (гексохлорбензол, кельтан, тедион),
- полихлортерпендер (полихлоркамфен, полихлорпинен),
- полихлорциклодиендер (гептохлор, дилор, алдрин)
секілді қосылыстарга жіктеледі.
ХОҚ-тардың карбаматтардан немесе ФОҚ-дан айырмашылығы, олар жыныс гормондарына уытты әсер етеді. Нәтижесінде гормондардың метаболизмі өзгеріп, ұрғашы малдар бедеулікке ұшырайды. Сойылған малдардың етінде, қарастырылып отырған пестицидтер, 6 айға дейін бүйректе, 9 ай өзінің әсерін жоймайды.
Хлорорганнкалық қосылыстардың алифатты көмірсулары
Дихлорэтан (этилендихлорид ) - суда нашар, органикалық еріткіштерде жақсы еритін, коршаған ортаға тез тарайтын, хло- роформның иісіндей иісті, түссіз сұйықтық. Өте уытты. Қолдануға болатын шектеулі мөлшері: суда 2 мг/л, дәнде 7 мг/кг. Қора- жайларды өңдеу үшін 300-450 г/мН мөлшерінде колданылады. Теріні және кілегей кабықтарды қатты тітіркендіреді. Орталық жүйке жүйесіне наркотикалық заттар секілді әсер етеді. .
Немагон (фумазон ) - суда нашар, майда және органикалық еріткіштерде жақсы еритін, өткір иісті, сары түсті, ауыр сұйықтық.
ХОҚ-тың ациклді көмірсулары
Гексохлоран - теріні және кілегей қабаттарды тітіркендіріп әсғр етеді. Өте кумулятивті. Топырақта 2-3 жыл сақталынады. Өсімдік және мал өнімдерінде жинақталуына байланысты, етке өткізіледі. Бұл өнімдердегі гекхахлоранның шектеулі қалдық мөлшері: азық-түліктерде 1 мг/кг; сүтте, майда, етте және жұмыртқада гексахлоранның калдығы болмауы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz