Бромды метил



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

БөЖ

Тақырыбы: Зооцидтер

Орындаған: Онгарова Д.Б.
Тобы: ВС-303
Тексерген:Тойкина Г.Н.

Семей 2016

Жоспар
1.Органикалық және бейорганикалық зооцидтер
(патогенезі,клин,белгілері,пат-анат ом.өзгеріс-і, балау, емі)
2.Зоокумарин, бактокумарин
3.Мырыш фосфиді (патогенезі,клин,белгілері,пат-анат ом.өзгеріс-і, балау, емі,алдын-алу шаралары)
4.Бромды метил
5.Пайдаланылған әдебиеттер

ЗООЦИДТЕР
Қора-жайларда, қамбаларда және егістіктерде тышқан тәрізді кеміргіштерді жою үшін көптеген химиялық препараттар қолданылады.Мұндай препараттар зооцидтер деп аталады. Зооцидтер химиялық құрамына байланысты органикалық және бейорганикалық болып бөлінеді.
1.Органикалық зооцидтерге зоокумарин,ратиндан,бактокумарин,кр ысид,глифтор және т.б.
2.Бейорганикалық зооцидтерге - Барий карбонаты,мырыш фосфиді және т.б.
Олардың ішінде көмірқышқылды барий,зоокумарин,бактокумарин,ратин дан,мырыш фосфиді кеңінен тараған.Олардан улану көбінесе шошқалар мен құстарда жиі кездеседі,сонымен қатар,ит-мысықтар кеміргіштермен уланған өлекселерді жегенде кездеседі.
Көмірқышқылды барий, барий карбонаты, BaCo- сумен спиртте нашар еритін,дәмі жоқ және иіссіз ақ түсті ұнтақ.Көмірқышқылды барийдің зооцид ретінде уыттылығы жоғары емес дегенімен, көмірқышқылды барий кей кездерде малдарда улану туғызуы мүмкін.
Оның құстар үшін уытты мөлшері 0,4-0,7 г ал, тышқандар үшін 0,12-0,2 г. Көмірқышқылды барийдің тұз қышқылымен әрекеттесуінен пайда болған барий хлориді өте уытты. Ірі қара мал үшін өте уытты мөлшері 15-30 г болса, ал қой мен шошқалар үшін 5-15 г.
Патогенезі. Қарында барий карбонаты мен тұз қышқылының әрекеттесуінен пайда болған барий хлориді кілегейлі қабық арқылы қанға сіңеді.
Барий иондары ішкі мүшелердің бірыңғай салалы бұлшық еттерінің тонусын жоғарылатып, ал жүрекке оймақ гүл тәрізді әсер етеді.Осыған байланысты жүрек-қан тамыр, ас қорыту жүйесі қызметі бұзылады.
Клиникалық белгілері. Әртүрлі малдарда көп жағдайда бірдей белгілері байқалады. Яғни, үрейлену, сілекей ағу, құрсақ қуыстарында ауырсынулар, жалпы қозу, іш өту, жұтынудың қиындауы, бұлшық еттерінің дірілі, тыныс алудың бұзылуы, талықсулар байқалады. Өте жіті түрінде жүректің салдануынан аяқ асты өлім тууы мүмкін, ал құстарда уланулардың ешқандай белгілері байқалмайды, өлімге ұшырау аз кездеседі.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Негізінен ішектің, қуықтың және жүректің систола кезінде жиырылуымен сипатталады. Кілегейлі қабықта нүктелі қанталаулар кездеседі.Сонымен қатар,өте созылмалы түрінде ішкі мүшелердің дистрофиялық өзгерулерін байқауға болады.
Балау - қиын. Шешуші мәліметті химиялық - аналитикалық тексеруден кейін алуға болады.
Емі. Антидот ретінде қолданылатын натрий немесе магний сульфатының 1%-ды ерітіндісімен қарынды тазалап алып,артынан көп мөлшерде сумен араластырып ішке береді. Соңынан ішке мүмкіндігінше 5-10%-ды натрий сульфаты ерітіндісі ішкізіледі. Улануды жылдам емдеу мақсатында кілегейлі заттар мен сүт берген жөн.
Зоокумарин ( варфарин) - ақ түсті, иіссіз, дәмсіз, суда нашар,спиртте, ацетонда жақсы еритін, ұзақ сақталынатын ұнтақ. Зоокумарин - өте уытты. Оның 6 мгкг мөлшері итті, 50 мгкг-күйіс қайтаратын малдарды, 1-1,2 мгкг- шошқаларды өлімге ұшыратады.
Зоокумарин - кумулятивті антикоагулянт, әсіресе өсімдіктерге ұқсас, қанның ұюын төмендетеді. Патогенезі, клиникалық белгілері патологиялық-анатомиялық өзгерістері, емі түйежоңышқамен уланғанға ұқсас.
Бактокумарин - құрамында зоокумариннің натрилі тұзы және сүзек ауруының бактериалды культураларымен өңделген дәндерден тұратын кешенді препарат, зооцид ретінде жиі қолданылады, ауыл шаруашылық малдары үшін қауіптілігі онша емес.
Қанның ұюын нашарлататын препараттар қатарына ақ түсті, иіссіз, кристалды түйіршікті ұнтақ ратинданды да, дифиназинді де жатқызуға болады. Олар 0,5% немесе 0,18%-ды ұнтақ түрінде шығарылады. Өте уытты әсер етеді. Тышқандар үшін ЛД-63,4 мгкг. Күшті әсер ететін кумулятивті зооцид. Әсер етуі мен емі зоокумаринге ұқсас.
Мырыш фосфиді ( Zn P) - сұр түсті, иісі сарымсақтың иісіндей, суда нашар, ал қышқылда жақсы еритін ұнтақ. Жануарлар үшін 40-60 мгкг мөлшері өте уытты, яғни уланған жануарлар толығымен өлімге ұшырайды. Көбінесе уланулар құстар мен шошқаларда байқалады, аз мөлшерде улану ірі қара мал мен ұсақ малдарда кездеседі.

Патогенезі. Қарындағы қышқылдардың әсерінен қанға тез сіңіп, мүше торшаларына еніп, соның әсерінен тыныстану торшаларын бітеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бензол қатары. Альдегидтер мен кетондар
Өсімдік карантині бойынша халықаралық ынтымақтастық
Арендер мен бензол
Арендер
Көмірсутектедің галоген туындылары
Мочевина туындыларымен улану
Табиғаттағы каучук
Ароматты көмірсутектердің галоген туындылары
Дәрі-дәрмек құрамындағы бензол қатарының гетерофункционалды туындылары.Гетероциклді қосылыстар.Алкалоидтар
Қаныққан көмірсутектердің моногалогенді туындылары
Пәндер