Мал қораларының ішкі орналасуын сипаттау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

1
Сиыр малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау

2
Мал қораларының ішкі орналасуын сипаттау

3
Ірі қараны күтіп-бағу жүйелері мен ұстау әдістерін гигиеналық тұрғыдан бағалау

4
Ірі қараға арналған қора-жайға қойылатын
санитариялық-гигиеналық талаптар

5
Физиологиялық кесте

6
6.1
6.2
Ауа алмастыру жүйесін есептеу
Су буымен есептеу
Көмірқышқыл газының мөлшерімен есептеу

7
Жылу тепе - теңдігін есептеу

8
Нөлдік балансты есептеу

9
Табиғи жасанды жарықтандыру

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
1.Сиыр малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау
2.Мал қораларының ішкі орналасуын сипаттау
3.Ірі қараны күтіп-бағу жүйелері мен ұстау әдістерін гигиеналық тұрғыдан бағалау
4.Ірі қараға арналған қора-жайға қойылатын
санитариялық-гигиеналық талаптар
5.Физиологиялық кесте
6.Ауа алмастыру жүйесін есептеу
6.1 Су буымен есептеу
6.2 Көмірқышқыл газының мөлшерімен есептеу
7.Жылу тепе - теңдігін есептеу
8.Нөлдік балансты есептеу
Табиғи жасанды жарықтандыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Кіріспе

Жер бетінде адамзат ерте заманнан жан-жануармен айналысқан, сол кезден малды бағу тәсілін үйрене бастаған, күтіп-бағу және ауырған малды емдеуді сол кезден бастап игерген. Ауырған малға ем жасасам деп, қолынан келген емін жасап жанын аман алып қалған кезде, үлкен жетістіктердің бірі екенін сезінген адам баласы осыны дамыта бастаған.
Қазіргі уақытта ауылдың болашағы қала болашағы екеніне толығымен көз жеткіздік десе де артық болмас. Сондықтан да, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын дамыту, мал басын көбейту басты мәселе.
Бастысы, сапалы мал өнімі және ауыл бағдарламасы. Болашақта елімізге жетіспеушілік тудыратын мал өнімін көтеру, бұл ет және ет өнімдері мен мал өнімдері. Тек асыл тұқымды малдан және сапалы өнімдер алғанда ғана көптеген мәселе шешіледі. Қәзіргі уақытта шет елден көптеген шикізат өнімдері мен мал өнімдері әкелінуде, ол бізге экономикалық шығын тигізеді. Сондықтан да Әлемдік Сауда Ұйымы бізге ауадай қажет.
Бүкіл әлемдік сауда ұйымына ену үшін, бізге көптеген міндет пен талап қойылуда. Олардың бipi көптеген аса қауіпті аурулар және құрт аурулары, бұлардың барлығы зиян тигізуде. Осындай факторлардың әсерінен мал саны және де мал өнімдері баяу дамуда.
Ауыл шаруашылығында ең басты мәселе күтіп-бағу, дұрыс азықтандыру, малды турлі аурулардан сақтандыру болып табылады. Азықтандыру дұрыс болса көп ауруларды айланып өтуге және мал ауырмайтыны бәрімізге мәлім.
Мал ауыра қалса, ауру шыға қалса, аурудың алдын алу, дер кезінде ем қолдану - ауыл шаруашылықта аса маңызды жұмыстар. Осыған орай, мал ауруларының пайда болуының жиі себептері - күтіп-ұстап, бағу әдістерін дұрыс игеру мен олар орналасқан қора-жайдың микроклиматын қалыпта ұстаудың маңызы зор.

1.Сиыр малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау

Сиыр малын ұстау жүйелері мен тәсілдері ол зоотехникалық,ветеринарлық санитарлық,гигиеналық және ұйымдастыру шаралары кешенді жүргізіп,аз мөлшердегі материалды шығын және еңбек қорын жұмсай отырып,жануарлардан мол өнім алуға негізделген. Жануарларды ұстаудың әрбір жүйесі жануарлардың жасымен өнімділігіне байланысты жеке тәсілдерге негізделген.Олар- байлаулы және байлаусыз ұстау. Көп жылдардан бері ірі қараларды ұстау жүйесіне аса көп мән бермеді. Табиғи және экономикалық шарттарға байланысты аймақтарды сиырларды ұстаудың үш жүйесі қарастырылған: :тұрғызып жайылымда ұстап күтіп-бағу; жартылай тұрғызып, жартылай бағып күту; топтық- цехтік. ұстау жүйесі қолданылады
Тұрғызып ұстау жүйесінде-сүт фермаларында және кешендерде кең қолданылады. Көк шыққан кезде, ірі қараларды көпжылдық немесе табиғи жайылымдарда құнды азықтармен азықтандыру, жақсы серуендету және т.б мақсаттарда жаяды. Бұл жүйеде жануарлардың табиғи резистентілігі, денсаулығы мен өнімі жақсарады. Сонымен қатар, бұл жүйеде жазды күндері мал орындарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге өте ыңғайлы. Дегенмен, бұл жүйе жануарларды жайылыммен қамтамассыз ету үшін көп жерді қажет етеді.
Жартылай тұрғызып, жартылай бағып-күту-жүйеге жоғары коцентрациялы сүт және сиыр етін өндіру кешендеріндегі жануарларды қабылдайды. Бұл жүйеде тек экономикалық тұрғыдан ғана пайдалы болып есептеледі. Технологиялық азықтандыру жүйесінің бұзылуы және гигиеналық, ветеринариялық-санитариялық тәртіпті сақтамау салдарынан жануарлар әртүрлі ауруларға душар болады.
Топтық цехтік жүйе-бұл сиырларды ұстаудың дамыған түрі болып саналады. Бұл жүйе жануарлардың жағдайын жақсарту, рационды азықтануға мүмкіндік береді.
Топтық-цехтік жүйеде табынды жалпы төрт топқа бөледі.Ет және сүт өңдеу кешендерінде байлаулы,байлаусыз терең төсемеде, байлаусыз бокстарда ұстау тәсілдері қолданылады. Өндірілетін өніміне байланысты ipi қара малдарының фермалар -- тұқым және товарлық болып бөлінеді. Тұқымдық фермалар негізінен олардан жаңа тұқым алу және ескілерін жақсарту, тұқымдық жас төлдерді өсірумен айналысады. Ал товарлы фермалар негізінен ет және сүт өнімдерін алуға бағытталады. Сондықтан ipi қара малының фермалары сүт, ет бағытындағылар болып бөлінеді. Сүт, бағытындағы фермаларда малдарды байлап және бос ұстау тәсілдері тараған болса, ет бағытында көбінесе бос ұстау тэсілі тиімді болып есептеледі.

2.Мал қораларының ішкі орналасуын сипаттау

Ipi қара малдарының фермаларының құрамында: сиыр қоралар, ұрықтандыру пункті, бұзаулау бөлімі, жас малдардың (тайынша - торпақтар) қоралары, сүт алып, өңдеп, сақтайтын бөлме және жабдықтар, азықтар, төсеніш тұратын қосымша бөлмелер болады. Ipi қара малдың фермасында сүт сауу, өңдеу бөлмелері сиыр қораларымен қосып немесе екі сиыр қораның арасынан жалғастырып салуға, қолдан ұрықтандыру пунктін сиыр қоралардан таяу жерге орналастырып, жобалайды.
Байлап ұстауға арналған сиыр қоралардың ішіне байлау орындарын екі қатарлы және азық тарату тұрақты транспортерлер арқылы болса, оның ені 10,5м, ал азықты көлікпен тарату жоспарланса -- 12 м болғаны дұрыс.Жалпы сиырлар байланатын орындар малдың үлкендігіне байланысты үш түрлі болады. Кіші орындар - 1,45-1,70м, орташа -- 1,70-1,90м және ұзын орындар -- 1,90-2,20м. Байлау орындарын екі қатарлы орналастырған кезде малдардың бастарын бip-бipінe қаратып, бір азық тарататын, екі көң шығаратын жолдар қалдырып немесе мал бастарын шеткі ұзын қабырғаларға қаратып, екі азық, бip - көң таситын жолдар қалдыруға болады.
Егер, сиырдың байлау орындарын қорада төрт қатарлы етіп орналастырса, азық тарататын механизмге байланысты қораның енін 18м және 21 м, яғни үлкейтілген болады. Мұндай байлау орындары төрт қатарлы болып жоспарланса, екі азық тарататын, үш көң шығаратын жолдар қаралады, яғни екі малдардың бip-бipiнe қараған шеткі екі қатарында екі азық жолдары, ал ортада және екі шеткі ұзын қабырғалар бойымен үш көң жолдары болады.
Азық және көң жолдарын сиыр қораларында оларға пайдаланылатын механизмдерге есептеп қалдырылады. Азықты жер бeтi қол арбаларымен тарату белгіленсе, азық жолының ені -1,2 м, ал механикаландырылған көлікпен болса -- 2,4 м есептеледі.

3.Ірі қараны күтіп-бағу жүйелері мен ұстау әдістерін
гигиеналық тұрғыдан бағалау

Қазақстан Республикасында мал шаруашылығының жетекші
салаларының бірі - ірі қара шаруашылығы. Халықты азық-түлік
өнімдерінің негізгі түрлерімен (ет, сҥт және т.б.) қамтамасыз ету
осы саланың өркендеуіне тікелей байланысты. Сондықтан малды
күтіп-бағу және ұдайы өсіру жүйелерін жақсарту, микроклиматты
ыңғайлы ету, азықтандырудың гигиеналық жағын жақсарту,
селекциялық тұқым асылдандыру жұмыстарын жетілдіру, шымыр
да шыныққан төл өсіру, малдың сан-салалы ауруларымен күрес,
сауу гигиенасы, яғни тазалығы мен сҥт сапасын арттыру басты
міңдет болып табылады.
Малды күтіп-бағу жүйелері мен әдістері деп - мал шаруашы-
лықтары орналасқан ауданның табиғи және экономикалық
жағдайларына қарай материалдық және еңбек ресурстары шығын-
дарын аз жұмсай отырып, мал өнімдерін барынша мол алуды
көздейтін шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық, гигиена-
лық және ұйымдастыру шараларының жиынтығын айтады.
Сонымен, сауын малын қолда-жайылымда, қолда-лагерьде және
қолда кҥтіп-бағу жҥйелері ұсынылады. Сиырды байлап және
байламай ұстау әдістері пайдаланылады. Соған орай, ветерина-
риялық-санитариялық және зоогигиеналық ережелер, мал бағудың
жүйелері мен ережелеріне ферманың бас жоспарынан бастап,
малды күтіп-бағу және азықтандыру технологиясына жатқызатын
барлық тәсілдеріне дейін сай келуге тиіс.
Қолда жайылымда ұстау-сауын сиыр шаруашылығында
анағұрлым кең тараған жүйе. Қолда бағу кезеңіңде мал қора-жайда,
ал жайылым кезеңінде жасанды немесе табиғи өрісте ұсталады.
Малдәрігерлік гигиена тұрғысынан ол малдың физиологиялық
жағдайына толық сай келеді. Өйткені, бұл жағдай сиырдың табиғи
түрде қанын таратып, ұдайы өсу қызметін жақсартады. Себебі,
мұндайда мал еркін жҥріп, күн сәулесіне қыздырынады, белокқа,
витаминге, микроэлементке бай аса құнды шөпке жайылады.
Жайылым кезеңінде малдың жалпы жағдайы жақсарады, өнімділігі
артады, қыстыкүні қолда бағылған кездегі кейбір ауру-сырқаудан өздігінен айығады.
Қолда-лагерьде бағу жүйесінде - мал жайылым кезеңінде жеңіл
жағалармен, басқа да қосалқы қора-жайлармен, сондай-ақ, сауын
қондырғыларымен жабдықталған жазғы лагерьде ұсталады. Мал
ұстаудың бұл жүйесі оның денсаулығына оң әсерін тигізеді және
ол малды қыста қолда бағу үшін де кезінде негізгі фермада жөндеу
жұмыстарын, сондай-ақ малдәрігерлік-санитариялық сақтық шара-
ларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Қолда (қолда-серуендетіп) бағу жүйесінде - мал жыл бойы
ферма қорасы мен серуендету алаңында ұсталады. Бұл әдіс мал көп
шоғырланатын сүт және ет өндіретін шаруашылықтарда қолданы-
лады. Мұндай жүйе кезінде малды жайылымда ұстау тиімсіз деп
табылады. Керісінше, бұл кезде мал қалқаларда серуендетіліп,
шабылған көк балаусамен азықтандырған орынды және экономи-
калық жағынан тиімді деген тұжырым бар. Алайда, мұндай жүйе
кезінде азықтандыру, күтіп-бағу технологиясы бұзылса және
уақытылы серуендетілмесе мал түрлі ауруларға (көбіне жаппай)
шалдыққыш келеді. Республикамыздың тұрақты аймақтарындағы
шаруашылықтарда малды жыл бойы қолда серуендетіп, ал таулы
аймақтарында қолда-жайылымда ұстау қалыптасқан.

4.Ірі қараға арналған қора-жайға қойылатын
санитариялық-гигиеналық талаптар

Ірі қара фермасы өндірістік бағыты, экономикалық және
климаттық жағдайларына қарай төмендегідей болады:

асыл тұқымды мал фермасы - негізгі мақсаты жаңа тұқым
шығару және қолда бар ірі қара тұқымын жетілдіру, аса бағалы
асыл тұқымды төл өсіру;
тауарлы ферма - сүт, сиыр етін және аралас, яғни сүт-ет
өндіреді;
одан әрі өсірілетін, яғни табын толықтыратын (тауарлы
фермалар үшін) төл өсіреді;
ірі қара бордақылайтын арнайы ферма.

Ірі қара өсіретін шаруашылықтарда малды күтіп-бағу әдісі
мен ферманың бағытына қарай 50, 100 және 200 сиырлық қоралар,
жаңа туған бұзаулар үшін профилакторийлер мен бұзаулау
бөлімдері болуы керек. Бұлардан басқа төлді одан әрі өсіретін және
бордақылайтын қора-жайлар және қолдан ұрықтандыратын орын
қарастырылады.
Сүт фермаларында, сондай-ақ сүт блоктары мен сауын
залдары сиырды күтіп-бағу әдістеріне қарай орналастырылады.
Ірі қара шаруашылықтарын жобалау, салу және пайдалану ірі
қара қора-жайларын технологиялық жобалау нормасына сай (НТП-1-89) жүргізіледі.
Сиырларды байлап баққанда көп қатарлы мал орындары
қолданылады. Ол үшін мал орындарының екі қатарлы жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиыр малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау
Жылқы фермаларының негізгі кұрамдары
Ірі қараны күтіп - бағу жүйелері мен ұстау әдістерін гигиеналық тұрғыдан бағалау
Ірі қара малдарын ұстау тәсілдері
Қой қоралары
Павлодар аймағы бойынша ірі қара малына арналған қора жобалап салу
Ірі қара туралы түсінік
Ақмола аймағы бойынша шошқа малына арналған қора жобалап салу
Қора жобалау (600 бас қой, Омск аймағы)
Семей аймағы бойынша қой шаруашылығына арналған қора жобалап салу
Пәндер