Сүтті және ауру малдың сүтін ветеринариялық санитариялық сараптау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.
Аграрлық факультет Ветеринариялық санитария кафедрасы

БөЖ

Тақырыбы: Сүтті және ауру малдың сүтін ветеринариялық санитариялық сараптау

Орындаған: Онгарова Д.Б.
Тобы: ВС-303
Тексерген: Икембаева Н.А.

Семей 2016
Жоспар

2.1Сүттің санитариялық көрсеткіштері.
2.2 Сүтті зерттеуге арналан әдістемелік материалдар
2.3 Сүтті ветеринариялық санитариялық сараптау
2.4 Ауру мал сүтін ветеринариялық санитариялық сараптау

2.1 Сүттің санитариялық көрсеткіштері

Тазалығы. Сүттің тазалығы жалпы бактериялармен ластануына, тығыздылығығына және Е.соlі бактериясымен ластануына байланысты болады. Тазалығына байланысты үш топқа бөлінеді:
І топ - сүт таза;
ІІ топ - сүтте аздаған механикалық қоспалар бар;
ІІІ топ - сүтте әртүрлі көлемі бар, біршама механикалық қоспалары болады.
Жалпы бактерияларымен ластануы. Сүт жалпы бактерияларымен ластануы байланысты 4 классқа бөлінеді:
І класс - өте жақсы сүт, 1 мл сүтте 500 дейін бактерия бар;
ІІ класс - қанағаттанарлық сүт. 1 мл сүтте 500 - 4 млн. бактерия бар;
ІІІ класс- нашар сүт. 1 мл сүтте 4-20 млн. бактерия бар;
ІV класс - өте нашар сүт . 1 мл сүтте 20 млн көп бактерия болады.
Шартты түрде сүт бактериялары 3 топқа бөлінеді:
* пайдалы (сүт қышқылы, дрожжы),
* зиянды (сүт кемістіктерін тудыратын, ауру тудыратын)
* сүт бактериялары.
Сүт алынғаннан сақталғанына дейін бактериялар 4 өсу фазасынан өтеді:
1. Бактерицидтік фаза (24-48 сағат).
2. Аралас микрофлоралардың дамуы. Бактерицидтік фазадан қалған барлық бактериялар дамиды. Бұл кезде сүттің қышқылдылығы артады, ал басқа өзгерістер байқалмайды.
3. Сүт қышқылы бактерияларының дамуы. Бұл кезеңде сүттің өзіндік тазаруы басталады. Басқа бактериялар өліп, тек сүт қышқылы бактериялары дамиды. Сүттің қышқылдылығы жоғарылайды, тығыздылығы, иісі, дәмі, консистенциясы өзгереді.
4. Қышқылды бактериялардың дамуы.
Коли титр. Сүттің белгілі бір мөлшерінде ішек таяқшасының болуы. Өндірісте сүт өндіру үрдістерінің бұзылуы, бұзылмауы қадағаланады. Ішек таяқшасы механикалық қоспалармен түседі. Ішек таяқшасы Кесслер ортасында анықталады.Коли титр 3 мл 0,3 рұқсат етіледі. Егер 0,3-тен асып кетсе сүтті қайнату керек.

0.2
2.2 Сүтті зерттеуге арналан әдістемелер

Сүтке ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүргізу үшін:
1.Сынамаларды іріктеу және оларды талдауға дайындау МЕМСТ 13928 бойынша іске асырылады.
2.Түс, дәм, иіс, консистенцияны анықтау органолептиикалық бақылаумен жүргізіледі.
3.Майдың салмақтық үлесі МЕМСТ 5867 бойынша.
4.Эталон бойынша тазалық дәрежесін анықтау МЕМСТ 8218 бойынша.
5.Қышқылдығын анықтау МЕМСТ 3624 бойынша
6.Тығыздығын анықтау МЕМСТ 3625 бойынша
7.Температураны анықтау МЕМСТ 26754 бойынша.
8.Бактериялық ұрықтануды анықтау МЕМСТ 9225 бойынша.
9.Ингибирленген заттарды анықтау МЕМСТ 23454 бойынша.
10.Бейтараптандыратын заттарды анықтау МЕМСТ 24065 және МЕМСТ 24066 бойынша, олардың бар екеніне сезіктенген жағдайда.
11.Улы заттарды анықтау МЕМСТ 26927, МЕМСТ 26930 - МЕМСТ 26934 бойынша, антибиотиктер, микотоксинде, пестицидтер және радионуклидтер денсаулық сақтау органдарымен бекітілген әдістемелер бойынша.
12.Патогенді микроағзаларға талдау денсаулық сақтау органдарымен бекітілген санитарлық-эпидемеологиялық станциялары әдістері бойынша мемлекеттік санитарлық қадағалау тәртібінде жүргізіледі.

0.3 Сүтті ветеринариялық санитариялық сараптау

Сүттің орташа үлгісін алу (зерттеп талдау және сақтау, консервациялау үшін). Сүт сапасын дұрыс анықтаудағы ең маңызды шарттардың бірі оның орташа үлгісін алу болып саналады. Оны берілген сүттің мөлшеріне дәлме - дәл сәйкестіндіріп алу керек. Сүттің орташа үлгісін дұрыс алу үшін оны араластыруға көп көңіл бөледі.Сүттің орташа үлгісін алу кезінде мемлекеттік стандарттардың төменгі түрлеріне жүгінеді.
- биохимиялық талдау жасау үшін МЕМ СТ 3622 - 68 және 13928 - 68,
- микробиологиялық зерттеулер үшін МЕМ СТ 9225 - 68.
Толық биохимиялық талдау (анализ) жүргізу үшін орташа үлгінің мөлшері 200 - 250 мл болу керек, ал тек қана қышқылдығы мен майлылығын анықтауға 50 мл сүт жеткілікті деп саналады.
Сүт үлгісін цистерналардан немесе т.б. түбі терең ыдыстардан алу үшін ұзын темір түтікше (мутовка) қолданылады. Ол үшін цистернаның әрбір секциясындағы сүтті (сүт үлгісін алар бұрын) 2 минут уақыт мөлшерінде жақсылап араластыру керек. Егер алынған сүт үлгісін бірден зерттемей ертеңгі күнге қалдырса, онда оны суытып, 3-5˚С - та тоңазытқышта сақтайды.

Сүттің органолептикалық көрсеткіштерін бағалау
Сүттің органолептикалық көрсеткіштеріне баға беру үшін оның түсін, дәмін, иісін және консистенциясын анықтайды.
Сүт түсі ақ, аздап сарғыштау болады. Ол цилиндр тәріздес шыны ыдыстың ішінде табиғи күндізгі жарықта жақсы көрінеді.
Сүттің иісі әртүрлі жануарлардың өзіне тән, жағымды иісі болады.
Сүттің дәмі аздап тәтті келеді. Оны анықтау үшін бір жұтым сүтті ұрттап, тілдің ұшынан бастап түбіне дейін шайып өтеді. Содан соң ауа жұтып, ауаны жайлап мұрнымен шығарады.
Сүттің консистенциясы біркелкі, біртекті болуы керек, ол оны бір ыдыстан екінші шыны ыдысқа құйғанда жақсы байқалады.
Ветеринариялық - санитарлық сараптау ережесіне сәйкес, бөтен иісі, дәмі, түсі бар сүт және сүт тағамдарын тағамға қолдануға болмайды.
Сүттің тығыздығын анықтау. Сүттің тығыздығы оның химиялық құрамы мен темпаратурасына байланысты болады. Жаңа сауылған сүттің тығыздығы төмен болады, сондықтан сүттің тығыздығын сауып болғаннан кейін 2 сағаттан соң анықтайды. Сүттің тығыздығын ареометр аспабымен, сүт жылуы 20˚С-та болғанында анықтайды. Ол үшін кестені пайдаланады немесе түзеу коэффициенті арқылы есептеу жолымен анықтайды.
Практика жүзінде, қабылданған ережеге сәйкес, тығыздықты ареометр градусына айналдыру қолданылады.
Керекті құралдар: Сүтке арналған ареометр (лактоденсиметр), шыны цилиндр (250мл).
Анықтау тәсілі:
1. 200-250 мл шамасындағы сүтті жақсылап араластырып, тегіс жерге орналастырған цилиндр ыдысқа құяды.
2. Сүт құйылған цилиндрге жайлап таза құрғақ ареометрді батырады.
3. 1-2 минут өткеннен кейін ареометрдің төменгі көрсеткіші (шкала) бойынша тығыздығын, ал температурасын жоғары көрсеткіш арқылы өлшейді.
4.Егер сүттің жылуы 20˚С-тан жоғары немесе төмен болатын болса, онда ареометрдің көрсетуін 20˚С - қа айналдыру керек. Ол үшін, арнайы кесте немесе түзету коэффициенті пайдаланылады.
Арнайы кестенің көмегімен тік бағанасы бойынша ареометр көрсетуіне сәйкес тығыздықты табу керек, ал көлденең бағанасы бойынша сүттің температурасын табу керек. Бағаналарды қиылысқан нүктесінде сүтті 20˚С температураға түсіргендегі сүт тығыздығы табылады.
Түзету коэффициенті арқылы анықтау ( кесте жоқ болса) 20˚С - тан жоғары, не төмен әрбір жылу градусының түзету коэффициенті - 0,2 санына тең. Егер сүттің жылуы 20°С-тан төмен болса, онда 0.2 -ні температураның айырмасына көбейтіп, шыққан санды ареометрдің көрсеткішінен шегеру қажет. Ал 20˚С-тан жылу жоғары болғанында, керісінше, көбейтіндіні ареометр көрсеткен санға қосады.
Сүттің қышқылдығын анықтау. Сүт қышқылдығы Тернер градусымен өлшенеді (100 мл сүтті титрлеуге шығындалған 0,1 қалыптағы ΝаОН мөлшері).
Жаңа сауылған сиыр сүтінің қышқылдығы 16-18°Т болады. Сондықтан да, 16 - 18°Т сүт - бірінші сортқа, 19 - 20°Т - екінші сортқа жатады. Қышқылдылығы 21°Т көп болса, ол сортсыз деп есептеледі. Сүт қышқылдығының көбею себептері: мал ауруы, сүт құрамының өзгеруі, мал азығы, ветеринариялық санитария және гигиена талаптарының орындалмауы және т.б.
Аспаптар мен ерітінділер: 1, 10, 20 мл пипеткалар, 100-200 мл-лік колба, бюреткалар,1 проценттік фенолфталеин ертіндісі.
Анықтау тәсілі: (жалпы қышқылдықты анықтайды). Бұл әдіс сүтке фенолфталеин қосып 0,1 ΝаОН ертіндісімен титрлеуге негізделген. Колбаға пипеткамен 10 мл сүт, оның үстіне 20 мл дистилденген су құйып, 3-5 тамшы фенолфталеин тамызады да, шайқап отырып бюреткадағы 0,1 ΝаОН ертіндісімен шамалап әлсіз қызғылт (1-2 минут ішінде ағармайтын) түске боялғанша титрлейді. Титрлеуге кеткен ертіндісінің (сілтінің) мөлшерін 10-ға көбейткенде шыққан көрсеткіш Тернер градусымен (Т) есептегендегі сүттің қышқылдығы болып есептелінеді.
Бақылау үлгісін дайындау. Колбаға 10 мл сүт, 20 мл су және 1мл 25 %-тік күкірт қышқыл кобальт ерітіндісін қойып, жақсылап араластырады.
Сүттің тазалығын анықтау. Сүтке түсетін механикалық қоспаларға: жем - шөп қалдықтары, топырақ, малдың жүні, төсеніш заттар т.б. жатады.
Сүттің механикалық қоспалармен ластануын анықтау үшін сүзу әдісі қолданылады. Бұл әдіс сүтті сүзгенннен кейінгі сүзгіште қалған тұнбаны сүт тазалығын айқындайтын эталонмен салыстыруға негізделген. Сүзгіштен өткізілген. Бактериялармен ластану микроорганизмдердің сүтке түсу жолдарына байланысты болады. Негізгі бактериялардың көздері болып, мал терісі, қораның ауасы, сүт сауатын ыдыстар, сауыншының тазалығы, мал азығы т.б. саналады. Сондықтанда, сүттің тазалығы, оны алу кезіндегі санитарлық күйін сипаттау.
Сүттің бактериялармен ластану дәрежесін 1мл сүттегі бактериялардың санына қарап бағалайды.
Қажетті құралдар: сүттің тазалығын анықтайтын Рекорд аспабы негізгі- ақ дәкеден жасалған сүзгіш, тазалық дәрежесін анықтайтын үлгі (эталон) кесте.
Анықтау тәсілі: Сүтті сүзбей тұрып алдымен оны 35-40°С температураға дейін қыздырып алады, сонда қаймақ түйіршіктері еріп механикалық қоспалар анық көрінеді.
1. Құралдың темір торына дөңгелек сүзгішті орналастырып, бекітеді.
2. 250 мл сүтті жақсылап араластырып, құралдың ыдысына құяды. Сүт сүзіліп болған соң сүзгішті алып, ақ қағаздың бетіне жайып кептіреді.
3. Кепкен сүзгішті эталонмен салыстыру арқылы, сүттің тазалық дәрежесін анықтайды.
Сүт механикалық түйіршіктердің санына және көлеміне байланысты үш топқа бөлінеді:
1 топ - сүзгіде механикалық түйіршіктер жоқ.
2 топ - сүзгіде аздаған ұсақ механикалық түйіршіктер бар.
3 топ - сүзгіде көптеген ұсақ және ірі механикалық түйіршіктер болады. Механикалық ластығы өте жоғары болтын болса, онда сүттің сапасы төмен болып есептеледі, өйткені сүтке механикалық қоспалармен бірге микроорганизмдерде түседі.
Сүттегі соданы анықтау. Сүт ашымас үшін және қышқылдылығын азайту үшін оған сода қосады. Сода қосылған сүт тез бұзылады, өйткені ол өзінің бактерицидтік қасиетінен айырылады да, онда зиянды бактериялар дами бастайды. Сүтте сода бар жағын розол қышқылы арқылы анықтайды.
Розол қышқылымен анықтау. Розол қышқылы индикатор болғандықтан өзінің түсін ортаға байланысты өзгертіп отырады. Қышқыл ертіндісінде оның түсі қызғылт сары түске боялады, ал сілтілі ортада қызыл түске айналады.
Құралдар мен ерітінділер: пробиркалар, 5 мл-лік пипеткалар, розол қышқылының 0,2 % -тік ертіндісі.
Анықтау тәсілі: Пробиркада бірдей мөлшерде сүт және розол қышқылы араластырылады. Сода қосылған сүттің түсі қызылға, ал содасы жоқ сүт сарғыш қызылға боялады.
Сүттегі крахмалды анықтау. Сүттің қоюлығын арттыру үшін оған крахмал немесе ұн қосады.
Құралдар мен ерітінділер: пробиркалар, 5 мл -лік пипетка, 0,5 - тік иод ерітіндісі. Анықтау тәсілі: Пробиркаға 5 мл сүт және 3 тамшы 0,5 % - тік иод ерітіндісін құйып араластырады. Крахмал қосылған сүт көк түске, ал крахмал жоқ сүт сарғыш - жасыл түске боялады.

0.4 Ауру мал сүтін ветеринариялық санитариялық сараптау

Әр түрлі аурулармен ауырған мал сүттерін ветеринария саласындағы ережелерге және де жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі нұсқауларға сәйкес бағалайды. Ережелер мен нұсқаулардың талаптарын барлық сүт өндіретін шаруашылық қызметкерлері мен жұмысшылары және сүт сататын және сатып алатын мекемелер, адамдар міндетті түрде сақтауы қажет. Сүт алынатын сиырлардың табыны үнемі ветеринария дәрігерінің бақылауында болып, бруцеллез, туберкулез, желінсау және де басқа ауруларға тексеріліп отырылуы қажет. Егерде сүт топалаң, қарасан, қатерлі ісік, лептоспироз, құтыру, оба, Ку-қызбасы, ала өкпе (өкпе мен плевраның жаппай қабынуы) желін туберкулезі, лейкоздың ( қан түзетін ұлпаның уытты ісігі) - клиникалық белгілері болғанда және желін некробактериозымен (шірік тұяқ, бақай құрт ) ауырған малдардың сүтін 30 минут қайнатқан соң жойып жібереді.
Ал егер туберкулез, бруцеллез, аусыл, листериоз Ауески ауруы ( жалған құтыру) лейкоздың клиникалық белгілері жоқ түрінде және желінсау аурулары кездессе осы аурулармен күресу жөніндегі нұсқауларға сәйкес сүтке баға беріледі. Мал сүті адамдар мен жануарларға ортақ аурулар қоздырғыштарының жақсы өсетін орта болғандықтан ауру тарататын көздің бірі деп есептелінді. Ауру тудыратын қоздырғыштар негізінен сүтке ауру малдан, сонымен қоса ауру адамдардан, жәндіктер, кеміргіштер арқылы санитарлық гигиеналық талаптарға сай емес су арқылы түсуі мүмкін.
Сібір жарасына байланысты карантинде тұрған сиыр сүтін қайнатқан соң босатуға болады. Шикі түрінде карантин алынған соң ғана пайдалануға рұқсат етіледі. СТИ вакцинасы егілген соң егер жануардың егілуден кейін қызуы көтерілмей, егілген жері ісімесе және басқа да асқынулар болмаса сүтті кедергісіз босатуға болады. Егер қандай да бір асқыну белгілері байқалса, ол сиырдан сауылған сүтті қайнатуға жібереді. Маңқамен ауырған, немесе малеинге оң нәтиже берген бие сүтін 30 минут қайнатқан соң жояды.
Туберкулез. Сүт арқылы туберкулез таяқшасының барлық түрі беріле алады. Сүттің туберкулез таяқшасымен ластануы да өте жоғары. Кейбір ауру сиырлардан 1 мл сүттен 5 млн микобактериялар бөлінеді.Туберкулез қоздырғышы тек сүт жолдары арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тағамдық түрлерін ветеринариялық-санитариялық токсикологиялық бағалау
Ағаш ыдыстарда сақталған сүт
Кәсіби жануарлардың сойыс өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау
Барлық ірі қара мал
Ірі қара туберкулезі кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау
Жалған туберкулез ауруы
Ірі қара туберкулез ауруы
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау - Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беру
Бактериялар тобынан сүт өндірісінде кеңінен пайдаланылатыны сүт қышқылды бактериялары
Бруцеллезде сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Пәндер