Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық себептері және салдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кiрicпе

1 бөлiм. Инфляцияның мәні, түрлерi

1.1 Инфляцияның мәні

1.2 Инфляцияның түрлерi

2 бөлiм. Инфляцияның әлеуметтiк- экономикалық салдары және себептері

2.1. Инфляцияның әлеуметтiк- экономикалық салдары
2.2. Инфляцияның әлеуметтiк- экономикалық себептері

3 бөлім. Инфляцияның Қазақстандағы ерекшелiктерi

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер

Кіріспе.

Бұл курстық жұмысымның тақырыбы: Инфляцияның мәні,түрлері және
әлеуметтік – экономикалық себептері мен салдарлары деп аталады. Бұл
тақырыпты таңдауыма басты себеп оның бүгінгі қоғамдағы, экономикамыздағы
көкейкесті мәселелердің бірі болуында және экономикалық теориядағы
өзектілігінде болып отыр. Инфляция экономикалық құбылыс ретінде ұзақ
жылдардан бері өмір сүріп келеді. Инфляция қалыптасулары бір-бірімен
байланысты ақшамен бірге пайда болған және ол тарихи тұрғыда сонау АҚШ
еліндегі үлкен бір дағдарыс есебінен туды дейді.
Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда өте кеңейе
түсті. Инфляция түсінігі тауар айналымы қажеттілігінің ақша масса
айналымы мен шексіз толып кетуі, тауар бағасының өсуі және ақша
бірлігінің құнсыздануы жалпы, дәстүрлі түсінік. Инфляция тауар
бағаларының өсуінде жүргенімен, бұл таза ақша феноменына ғана қатысты
болуы мүмкін емес және де барлық бағаның міндетті түрде шоғырлануы
деген сөз емес. Сондықтан да бұл өте күрделі әлеуметтік –экономикалық
құбылыс.
Қазір де әр түрлі бағаның өсуі инфляция болып табылады ма деген
сұрақтар талқылануда. Тауар өндіруге жұмсалған шығындардың жоғарылауы
инфляциялық фактор емес деп, ал ақша айналымына байланысты баға өсуі
инфляциялық фактор болып саналды. Көптеген Россиялық экономистер және
олардың бастысын әріптестері әр түрлі баға және тарифтердің жоғарлауы
инфляция болып табылады деген пікірмен келісетін инфляцияның көп
факторлы теориясының позициясын ұстанады.
Бұл курстық жұмысты таңдаған мақсатым – Қазақстан Республикасына және
де өзге мемлекеттерге қаржы мәселесінің қандай сипаты тиетінін жақсы
танығым келеді және әр елдегі инфляцияның зардаптары мен себептерін талдай
келе, оларды Қазақстан Республикасының экономикасымен салыстырғым келеді.
Бұл жұмыс отандық және шетелдік әдебиеттерде өте кең ауқымда
зерттеліп жазылған. Осы жұмысты жазу барысын да оқулықтармен
қатар ағымдық баспасөздері, статистикалық мәліметтерді де
пайдаландым.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орындалуы керек:
Инфляцияның мәнін ашып, пайда болу себептерін атап, түрлерін
көрсету.
Инфляцияның нарықтық экономикадағы әсер ету ерекшеліктерін
атау және де Қазақстандағы ерекшеліктерін көрсету.
• Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат жолдарын анықтау.
Жұмыс 3 бөлімнен тұрады:
1 бөлім. Инфляцияның мәні, түрлері
2 бөлім. Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық себептері және салдары
3 бөлім. Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері

I бөлім. Инфляцияның мәні, себептері және түрлері.

1.1.Инфляцияның мәні және пайда болу себептері

Инфляцияның мәні - ол тауарлар мен көрсетілген қызметтің бағасының
өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның
күнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция- қоғамдық
ұдайы өндірістегі диспропорцияның керінісі. Ол мемлекеттің табысы мен
шығынның үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға
тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салдары арасында,
коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық
субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар.
1775-1783 жылдары Солтүстік Америкала тәуелсіздік үшін болған соғыс
доллардың құнсыздануына әкеліп соктырды. Франция 1789-1794 жылдары
революция кезінде өндірілген кағаз ассигнаттар 7 жылда 883 есе қүнсызданды.
Алғашқы рет "инфляция" деген үғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та
Азамат соғысы кезінде (1851-1865ж.ж.) орасан зор гривналар ақша орнына
қолданылған күміс кесек 450млн доллар шығарылуына байланысты қолданыла
бастады, ал оның төлем кабіліеті 2 жылдың ішінде 60 процентке дейін
төмендеді.
Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциясын стихиялык реттеу, соның ішінде
ақшаның қазына жинау құралы қызметі механизмін атқару кезеңінде қалыптасдан
айналым саласында, алтын монометаллизм жағдайында инфляцияның созылмалы
ауру ретінде дамуына кедергі жасалды. Еркін бәсеке кезеңіндегі
капитализм
жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстар, стихиялық апаттар кезінде болатын
несие акшаларыньщ алтынға айырбасталуының тоқтатуы кезде пайда болды.
Капитализмнің жалпы дағадарысы кезінде инфляция жалпы созылмалы сатып алып,
маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемалардың біріне айналады.
Енді инфляция дегеніміз не, осы сөздің басын ашып алайық. Инфляция
латын сөзінен алғанда inflatio- көтерілу, ісу- қағаз ақшаның құнсыздануына
байланысты болатын әлеуметтік- экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша
айтқанда айналыстағы ақша өнімдері мөлшерінің тауарлар бағаларының
қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен камтамасыз
етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді.
Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардаптың ықпалын тигізеді.
Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрыңғы
дәрежесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның кұнсыздануы халықтың әл-
ауқатының дәрежесіне әкеп соқтырады.
Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның
деңгейінің кетерілуіне байланысты еңбекке деген ынта
да
бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен
азық- түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляция кешенді себептердің негізінде пайда болады
және оныц маңыздылары болып мыналар саналады: мемлекеттік
бюджеттің тапшылыгы, оны азайту мақсатында мемлекеттік
бағалы қағаздар немесе жай қағаз ақшалар шығарылады.
Тұтыну игіліктерінің көбеюіне айналмайтын, адамзат еңбегінің
маңсатынсыз шыгындарына жол беретін мемлекеттің өндірістік
емес шығындары, әсіресе әскери шығындар.
Сұранымды ұсынымнан алшақтататын тауар тапшылығы
және соның негізінде бағаныц өсуі, бірқатар өндірушілердің аз
өнімдеріне, олардың тұтыну сапасын арттырмай- ақ жоғары
баға қою және негізінен қымбат тұратын өнім шығаруға
мумкіндік беретін монополиялық үстемдік жағдайы, жалақының
өсуінің еңбек өнімділігінің өсуінен алшақтауы және басқа
себептер. Бұл себептер мемлекетттік бюджеттіц тапшылығының
турақты ұдайы өндірілуіне және жиі- жиі артық ащқа эмиссиясына, эмиссия-
айналысқа ақша және бағалы қагаздар шығару жағдай жасайды.

1.2. Инфляцияның түрлері.

Шет ел мамандары инфляцияның өту қарқынына
байланысты үш түрге бөледі:

— баяу немесе сүлама инфляция;

— қарқынды инфляция;

— ұшкыр инфляция.
Баяу инфляция кезінде баға жай өседі, жылына 10 %- тен аз, ақша
негізінде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халықта да, мемлекетте
төтешне жағдай да тап болмайды. Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10-20-
дан 200%-ке дейін өседі. Соның салдарынан жалақы өсіп, ол бағаның одан әрі
өсуіне әкеп соқтырады. Біздің елде болып жатқан ақшаның құнсыздануы
инфляцияның осы түріне жатады. Ал үшқыр инфляция кезінде ақшанын саны мен
баға астрономиялық қарқынмен 1000%- тен жоғары. Баға мен жалақының арасы
алшактап, бай адамдардьң да түрмыс тіршілігі қиындай бастайды.
Шет ел нарықта болатын инфляциялық тепе- теңдік формаларына байланысты ашық
және басылыңкы деп бөледі. Еркін
баға белгілеу экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен
қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді. Ашық инфляция кейбір тауар
нарығындағы бағаның оқтын- оқтын төмендеуімен немесе оның өсуінің
байлауымен сыйыса береді, ал ол ашық инфляцияның нарық механизмін едөуір
бұрмалағанымен әйтсе де оны толық бүлдіре алмайтынын керсетеді.
Жасырын инфляция деп аталатын басылыңкы инфляция реттелмелі бағалар
қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығына, өнімнің сапасынын
нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда, астыртын экономикада бартерлік
айырбастың дамуында көрінеді. Басылыңқы инфляция, акшаның жалпылама төлем
қабілеті бар құрал жөне тауарлар мен қызметттерді бөлу өлшемі кызметін
атқара алмаған жағдайда тауар бағасын сұраным мен ұсынымның тепе- теңдік
бағасынан төмен ұстап отыруды мемлекетпен қолдау нәтижесінде пайда болады.
Бұндай жағдай ұзақ уақыттан бері біздің экономикамызға тән болып отыр.
Басылыңкы инфляция өнім сапасының төмендеуімен, ақшаның амалсыз
жиналуымен, астыртын экономиканың , бартерлік келісімнің дамуымен көрінеді.
Басылыңкы инфляция мемлекет тауар бағасын сұраным мен ұсыным тепе- теңдігі
бағасынан төмендеуін қолдау әсерінен туады, онда ақшалар жалпы төлем кұралы
және тауарларды бөлу өлшемі ретінде қызметін атқарудан калады. Егер біздің
осы уақытқа дейінгі экономиканы алсақ, онда ол ұзақ жылдар бойы басылыңқы
инфляция жағдайында болды. Және болашак экономика үшін бүл қауіпті емес,
одан әлі де болса қүтылуға болады.
Шетелдік экономистер сұраным мен ұсынымға
байланысты екі типке бөледі:
а) сұраным инфляциясы;
б) өндіріс шығындарының өсуінің немесе жиынтық ұсынымньң азаюының
нәтижесінде болатын инфляция (ұсыным инфляциясы). Сұраным инфляциясының
мәнін бір сөзбен былай деп сипаттауға болады: "Тым көп ақшалар тым аз
тауарларды аулайды". Сұраным инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм
мен әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігі болған жағдайда
да орын алады. Мысал ретінде біздің экономиканы алсақ, онда ұзақ жылдар
бойы жасанды түрде төмен жүмыссыздық деңгейі сақталады. Оған табыссыз жүмыс
орнын, ең көп еңбек шығынын кажет ететін өндірісті сақтау арқылы қол жетті.
Ал жалақының еңбексіз табылған табысқа айналуы, оны сұраным инфляциясына
айналдырады, бағаны өсіреді.
Ұсыным инфляциясы ұсыным мен шығындарды өзгерту нәтижесінде
болуы мүмкін. Ұсыным инфляциясының екі түрі бар: а)жалақыньщ өсуі әсерінен
болатын инфляция
б)ұсыным экономикасы механизмінің бүзылуы нәтижесінде пайда
болатын инфляция.
Инфляцияның сипаты қоғамдык ұдайы өндірісті дамыту барысында елеулі
түрде өзгереді. Осыған байланысты инфляцияны кейбір елдерде орын алатын
жергілікті инфляция, барлық елдерді қамтитын бүкіл әлемдік инфляция, елде
бір ішкі экономикалық факторлардын әсерінен болатын индуцироланған
инфляция, мөлшерден тыс несие инфляция, сыртқы себептерден туындайтын
сырттан әкелінген және сыртқа шығарылатын инфляция, инфляциялық процестің
бірқалыптылығы еместігінен байланысты болатын сатылы инфляция деп
ерекшелейді.
Инфляция балансталған, тепе- теңдікті болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу
және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда
бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың
тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.
Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен ершитін инфляциядан ажырата білу
керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны
"жоспарлайды", мысал ретінде Ресей Федерациясыньщ, Қазақстанның 1991жылы
бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарлату қарқынының
бағдарламасын келтіруге болады.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен
сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер
экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан
қауіптеніп, артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын
шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын
қажеттілік бүркемделенеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылады. Бағаның
тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін
өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі "инфляцияны күту" басталмаған
экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше
болады. Бағаньң күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген
үмітпен , тұтынушылар рынокка сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана
ақша жасайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған
шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы
да өзінің тепе- теңдік жағдайына келеді. Біз рыноктық шаруашылық
қызметтерінің әсерін, оның нәтижесін көрсеттім.
II бөлім. Инфляцияның әлеуметтік- экономикалық себептері
және салдары.
2.1 Инфляцияның әлеуметтік- экономикалық себептері
Инфляция — ақша жүйесінің дағдарысты жай күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады: айналысқа артық
ақшаның шығарылуы; қолайсыз төлем балансы; үкіметке сенімнің жоғалуы.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол
ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өcyi тұрғысында түсіндірліп
келді. Әлі де 6ірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада
бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде аньқтайды. Алайда
инфляцияньң тауар бағасының өcyіндe көргенімен оны тек таза ақша
феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі
сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі
әлеуметтік - экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген
елдеріндегі экономиканьң қазіргі дамуының ең өткір
проблемаларыныц 6ipi болып есептеледі.
Бүгінде инфляция бағаның өcyi нәтижесінде ақшаның сатып алу
жарамдылығыньң құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық
дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндіріс пен
өткізу сферасындағы әртурлі факторлар тудырған өндіріс процесінің қарама
- қайшылықтары ceбeпшi болады. Инфляцияның әуел бастағы ceбeбi -
ұлттық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну,
сұраным мен ұсыным, мемлекеттің кipicтepi мен шығыстары,
айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі
арасындағы алшақтытар.
Инфляцияның iшкi және сыртқы факторларын (себептері) айыра білу
қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай -
монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары — бұл
шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы,
өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі,
әлеуметтік – саяси сиппаттағы ерекше жағдайлар және басқалары.
Ақшалай факторларға мемлекеттік каржының дағдарысы бюджет
тапшылығы, мемлекеттік борыштың өcyi, ақша эмиссиясы, сондай - ақ
несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде
несие құралдарының өcyi және басқалары жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика,
валюта дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа
шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны
жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып
табылады. Сөйтіп, көпфакторлы процесс ретінде
инфляция - бұл
ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы
өндipic дамуындағы алшақтықтың көpiнici.
Инфляцияның ic - әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып
отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға
тәуелді болып келеді:
белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;
инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет
қаржыландырудың ауқымы; ;
мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;
мемлекеттік берешектің көлемі.
Нарьқтық экономиканың механизмі — бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың
банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ол өндірістің жеке салаларында
ол жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет
шығыстарын немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен
туындайтын сұранымның төмедеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің
көлемін қысқартуға, не оның шығындарын төмендетуге мәжбүр болады.
Микроэкономиикалық деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің
құлдырауы, не бағалардың темендеуі болады. Алайда фирмалар,
компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, рынокта тұра алуға
тырысады және бағалар мен өндіріс шығьшдарын төмендетуге мәжбүр
болады. Процестің жаппай ауқымдағы әрекеті инфляцияның мүмкіндік жасайды.
Жалпы инфляцияньң себептері базистік қатынастардың қарама-
қайшылықтарьнан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның
өздігінен дамуға қабілетсідігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен
тиімділігінен болады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
Инфляцияның экономикалық маңызы
Нарықтық экономикадағы инфляция
Инфляция және инфляция теориялары
Инфляция,оның Қазақстандағы ерекшеліктерін талдау және Ұлттық Банктің инфляцияға қарсы саясаты
Қазақстандағы инфляция жағдайы және онымен күресу әдістері
Инфляцияның мәні, түрлерi
Экономикалық дағдарыс теориялары және оның негізін қалаушылар
Макроэкономикалық көрсеткіштерге статистика мәліметтері. Инфляция,салдары,қарсы саясат. Инвестиция түсінігі,маңызы.ҚР-ғы инвестициялық қызмет сипаты
Инфляцияның теориялық негіздері
Пәндер