Ежелгі Отырар қаласы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Облыстық білім беру басқармасы
Ж. Досмухамедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледж
Мәдениет пәніне бақылау жұмысы
Тақырыбы: Орта ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Орындаған: топ студенті
Тексерген:
Оқытушы:
Бағасы:
2019 жыл
Жоспар
І. Кіріспе
1. X-XIII ғасырдың басындағы қалалардың дамуы
2. X-XIII ғасырдағы Қазақстан сәлет өнерінің, мәдениетінің дамуы
3. Қолөнер. Көшпелілердің материалдық мәдениеті
ІІ. Қорытынды
ІІІ. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстанның ұлан-байтақ жерінде ежелгі замандардан бері отырықшылық, ал орта ғасырдан бастап қалалық өмір-тіршілігі дамыған ірі-ірі тарихи - мәдени аймақтар бөлініп көзге түседі.
Орта ғасырларға мәдениет дамуының куәсі-фәлсафашы, әрі әмбебапшы ғалым Әбу Насыр Мұхаммед Әль-Фарабидің ғылыми мұрасы. Ол философия, математика, геодезия, архитектура және музыка теориясымен айналысып, әдеп саласындағы зерттеулермен танымал болған.
Х-XII ғғ. материалдық мәдениетін өркендету ісіне елеулі өзгерістер енгені байқалады. Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуды халифаттың, Саманилер, Қарахандар мемлекеттерінің саяси экономикалық және мәдени қарым-қатынастары аясына тарту әрекеті біз зерттеп отырған халықтарды Орта Азиямен жақындастырады. Қала мәдениетін өркендетуде енді жаңа дін-ислам маңызды роль атқара бастайды.
Материалдық мәдениеттің көрінісінің бірі сәулет өнері. Тараз маңындағы Бабаджа - хатун кесенесі (Х-XII ғғ. ) орта ғасырдағы сәулет өнерінің ең ертедегі ескерткіші болып табылады. Осыған жақын орналасқан Айша бибі кесенесі (Х- XII ғғ. ) және Тараздың өз ішіндегі Қарахан кесенесі де көне заман ескерткіштері.
Сырдария, Талас, Шу, Іле, Испиджаб, Отырар, Тараз, Сығанақ, Баласағұн, Суяб, Мерке, т. б қалалар және егіншілік оазисі мен көшпенділер даласы арасындағы Ұлы Жібек жолында Батыс пен Шығыс арасында қолөнер, сауда және байланыс орталықтары болды.
- X-XIII ғасырдың басындағы қалалардың дамуы
Қала салу ерекшеліктері. X ғасыр мен XIII ғасырдың басы - экономика мен мәдениеттің өркендеу кезеңі. Осы кезде Жетісу, Ертіс бойы мен Орталық Қазақстан аймақтарында қала мәдениетіңің жаңа аудандары пайда болды. Тұтастай алғанда бұл көшпелі және қалалық өркениеттердің өзара тығыз байланыстарының кезеңі болып табылады.
Қала мәдениетінің дамуында өзгерістер байқалды. Бұл ретте жаңа дін ислам маңызды рөл атқарды. Ислам мәдениеті бірінші кезекте қала тұрғындары арасына тарады. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қалалар Азияның басқа аймақтарымен салыстырғанда көшпелілердің отырықшылануы есебінен анағұрлым тез өсті. Мұны араб және парсы деректері дәлелдейді. Осы кезеңдегі отырықшылыққа, қала өміріне бейімделу жайлы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасында баяндалған.
Х-ХІІ ғасырларда қала халқы VIII-ІХ ғасырлармен салыстырғанда 20-30 есеге өсті. Ірі қалаларды мыңдаған халық мекен етті. Осы кезеңде қала тұрғындарының саны өсіп қана қоймай, олардың аумағы да кеңейді. Бұл шаруашылық пен феодалдық қатынастардың дамуымен түсіндіріледі.
Қалалар мен елді мекендердің өсуі. Х-ХІІІ ғасыр басында Кедер, Йасы, Жент, Баршыкент және басқа қалалар пайда болды. Олардың біразы бұрын да кішігірім тұрақтар еді, ал Х-ХІІІ ғасырдың басында олар ірі қала орталықтарына айналды. Іле алқабында ғана Х-ХІІ ғасырларда бірнеше жаңа қалалар орнықты. Шу, Талас, Сырдария алқаптарында қала тұрақтары салынды. Қалалардың аумағы рабаттардың есебінен кеңейді. Рабаттардың ұлғаюы қамал салуды қажет етті. Испиджаб пен Отырар Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі қалалар болып саналды. «Испиджаб - үлкен қаланың атауы… Ол ең құнарлы, ағашқа, суға және тамаша бақтарға бай», - деп ортағасырлық авторлардың бірі жазып қалдырған.
Ежелгі Отырар қаласы
Х-ХІІ ғасырларда Отырардың аумағы өсіп, ірі қалаға айналды. X ғасырда Отырар қаласы орналасқан Фараб аймағы бай өңірлер қатарына қосылды. Отырар қаласы жан-жақтан көпестер бас қосатын жерге айналды. Сонымен қатар қаланың мешіт-медреселер мен моншалары, кітапханасы бар мәдениет пен ғылым орталығы ретінде даңқы шықты. VІІ-ІХ ғасырлармен салыстырғанда Отырар аумағы бірнеше есе ұлғайды. Қамалдар орталық бөлікті ғана емес, рабатты да қоршап тұрды. Қалада суқұбыры жұмыс істеді, рабат аумағында қоғамдық моншалар салынды.
Қалалардағы жер жекеменшікке беріліп, пайда түсіретін сауда орындарын, керуен сарайлар мен моншалар салу үшін пайдаланылды. Бұл үлкен табыс әкелді. Сол себепті феодалдар, оның ішінде көшпелі ақсүйек қауымы қалаларда жер телімдерін иеленді. Х-ХІІІ ғасырдың басында Жетісудың солтүстік-шығысында қала мәдениетінің жаңа шоғыры қалыптасты. Отырықшылық және қала өмірі Орталық Қазақстанға, Ертіс алқабына да тарады.
ХІ-ХІІ ғасырлардағы қала махалласының қалдықтары табылған. Махалланың әрқайсысында онға дейін үй болған. Қала тұрғындары туыстық қарым-қатынас арқылы ортақ кәсіппен, дінмен байланысты топтасты. ХІ-ХІІ ғасырлардағы Жетісудың Талхиз қаласына жүргізілген қазба жұмыстары қаланың көптеген махаллалардан тұрғандығын дәлелдеді. Аулалар тұтас қабырғалармен қоршалған. Оларда мал қоралары орналасты. Кейбір үйлердің аулаларынан киіз үй белгілері табылған. Жетісу қалалықтарының тұрмысында өтпелі кезеңге тән шаруашылық дәстүрі сақталды.
Қалалар мен қала мәдениетінің дамуын монғол шапқыншылығы бұзды. Еуропадан Азияға теңіз жолының ашылуына байланысты Ұлы Жібек жолы құлдырады. Жібек жолының қажеттіліктерімен өмір сүріп, керуен саудасына ғана тәуелді болған қалалар күйзеліске ұшырады.
2. X-XIII ғасырдағы Қазақстан сәлет өнерінің, мәдениетінің дамуы
X - XIII ғасырлардағы Қазақстан қалалары сол кездегі абаттандырудың жоғары деңгейімен ерекшеленді. Үйлерде құбыр және жылыту жүйелері болды. Ірі қалаларда суқұбырлары салынды. Ол үшін жер астымен өтетін күмбез тәрізді үңгір жолдар қазылып, қыш құбырлар төселді. Мұндай жолдардың қалдықтары Отырардан, ал Тараздан Х-ХІІІ ғасырлардағы суқұбыры табылды. Мұнда қыш құбырлар тастан және ағаштан жасалған арнайы қондырғыға орналастырылып, үсті тас тақталармен жабылған. Суқұбыры жүйесі қала орталығына биіктен бірте-бірте еңкіштей тартылып, үйлерге судың өз ағынымен берілуін қамтамасыз етті.
Қаратаудың солтүстік беткейлеріндегі Баба-Ата қазбалары қала тұрғындарының суқұбырын пайдаланғандығын көрсетеді. Таспен қоршалған құдықта жиналған бұлақ суын суқұбыры арқылы рабад аумағына жеткізген. Үйлерде әдетте қарапайым кәріз қондырғылар орнатылған. Х-ХІІІ ғасырдың басында моншалар салынды.
Археологтер қалалықтардың монша салудағы жоғары мәдениетін атап өтеді. Мәселен, Тараздағы моншаның жалпы көлемі - 152 шаршы метр. Моншаның өрнекті әшекейлермен көмкерілген бөлмелері болды. Ибн Сина моншада «бірқалыпты температура, самаладай жарық, шешініп, киінуге арналған кең бөлме, қабырғаларында көркем салынған суреттер болуы тиіс» екендігін жазған.
Археологтер Тараз, Отырар, Баласағұн қалаларынан моншалар тапты. Моншалар еден астына орнатылған жылу құбырлары жүйесімен жылытылды. Су құдықтан алынды немесе суқұбырымен әкелінді.
Х-ХІІІ ғасырларда күйдірілген кірпіш, ағаш, гипс, алебастр құрылыс материалы ретінде қолданысқа кеңінен енді. Қабырғаларды әрлеуде терракота (күйдірілген балшықтан жасалған тақтайшалар) мен бедерлі кірпіштер қолданылды. Қазбаларға қарағанда өңделген кірпіштердің 30-ға жуық түрі болған. Жаңа ошақ түрлері - домалақ және тікбұрышты мұржасыз темір пештер пайда болды. Бұл пештер өсімдік және геометриялық өрнектермен безендірілді.
Мешіттер мен медреселер Х-ХІІІ ғасыр басындағы қала құрылысында жаңа үлгіге айналды. Ең көне мешіттерді археологтер Кедер және Күлтөбе қалаларынан тапты. Көне мешіттер қарапайымдылығымен сипатталады. Оларды әшекейлеу ісінде күйдірілген кірпішті бедерлеп қалау қолданылған.
Х-ХІІІ ғасырлар ескерткіштерін өзіндік ерекшеліктеріне қарай солтүстік түркістандық сәулет өнері дәстүріне жатқызуға болады. Бұл дәстүрге қазақ жеріндегі далалық өнермен тығыз байланыс тән.
Орта ғасырдағы қазақ жеріндегі белгілі ескерткіштердің бірі - Жошы хан кесенесі. Бұл ескерткіш Жезқазған қаласынан 40 шақырымдай жерде Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан. XIII ғасырда салынған кесене күйдірілген кірпіштен қаланған.
Теңдесі жоқ сәулет өнерінің туындысы қазақтың аңызға айналған түп атасы Алашаға арналған Алаша хан кесенесі. Кесененің сырты қазақтың десте оюына толы, ішінде жоғарыға көтерілетін саты бар. Алаша хан күмбезі қазақ халқының ынтымағы мен бірлігін, мемлекеттілігі мен тарихын әлемге әйгілейтін ескерткіш.
Сәулет өнерінің дамығандығына Тараз маңындағы ескерткіштер дәлел бола алады. Ол ескерткіштердің ішіндегі ең ежелгісі Х-ХІ ғасырларда салынған Бабаджа-қатын кесенесі. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған. Ғимаратта сәндік әшекейлер жоққа тән.
ХІ-ХІІ ғасырларға жататын Айша-бибі кесенесі де сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Кесене күмбезбен жабылған төртбұрышты құрылыс. Бағаналар мен қабырғаларының сырты геометриялық және өсімдік өрнекті терракота қалақшалармен қапталған.
Тараз қаласындағы Қарахан күмбезді кесенесі қарахандық сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады. Сырдария бойындағы Сырлытам кесенесі VІІ-VIIІ ғасырларда салынған. Кесене терракота қалақшалармен әсем безендірілген күмбезді ғимарат.
3. Қолөнер. Көшпелілердің материалдық мәдениеті
X - XIII ғасырлардағы қолөнердің даму ерекшеліктері. Қалалар мен оның тұрғындары санының өсуі қолөнер түрлерінің дамуына игі ықпал етті. Х-ХІІ ғасырларда қолөнер шеберханаларының саны артты. Мұның өзі айырбас пен сауданың ұлғаюына әкелді.
X ғасырға қарай Қазақстан аумағында мұсылмандық бейнелеу өнері қалыптасты. Бұл ою-өрнекке негізделген жазу мәнерін орнықтырды. Мұндай үлгі исламды қабылдаған түркі сәулет өнерінің өркендеген кезеңінде пайда болды. Орта ғасырларда зергерлік өнер ерекше дамыды. Зергерлер полихромдық үлгі дәстүрін жалғастырды. Далада үлкен сұранысқа ие айылбас, үзеңгі мен кісе белдік қаптырмалары, сырға және басқа да әшекейлер полихромдық үлгіде жасалды. Жетісу әсіресе күміс бұйымдар өндірумен әйгілі болды.
Алтын кен орындары ханның жекеменшігі деп есептелді. Олар жат елдіктерден қорғалды. Бұл жерлерден тіпті керуендердің өтуіне де тыйым салынды. Орта ғасырларда көркем қолөнер өркендеді. Жылтыр бояулы құймалы қыш пайда болды. Өрнек салынған әшекейлі сырлы ыдыстар кең таралды. Құмыра жасайтын шеберлер ыдыстарға түрлі геометриялық, зооморфтық (хайуанаттар бейнелі) және әріптік өрнектер салды. Қазақстан аумағында шыны бұйымдарды өңдеу IX ғасыр, ал олардың жаппай таралуы X-XII ғасырларға жатады. Бұйымдардың ең кең тараған түрлері көзе, құмыра, тостаған, шамдар болды. Терезе әйнектері де жасалды.
Металл өндіру мен ұсталық кәсіп ежелден Қазақстан тұрғындары қолөнер өндірісінің маңызды саласын құрады. Ұсталық ісі өрістеді. Ұсталар әдетте жеке махаллаларға қоныстанды. Мыстан жасалған бұйымдар өндіру әсіресе қалаларда кеңінен таралды. Қолөнершілер мыстан ыдыс-аяқ, әшекейлер, қоладан ғажайып шырағдандар жасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz