Әбділда Тәжібаев өмірі мен шығармашылығын таныту


- Мақсаты: Әбділда Тәжібаев өмірі мен шығармашылығын таныту. Ақынның өлеңдерін оқыту арқылы келешек ұрпаққа үлгі беру.
Мазмұны:
I. Кіріспе . . . 3-4
1. 1. Туған жер, өскен орта . . . 5-7
II. Негізгі бөлім
2. 1. Әдебиет майданында . . . 8-13
2. 2. «Мен соғысқа қатысқан жоқпын . . . » . . . 13-17
2. 3. Ізденіске толы жылдар . . . 17-23
2. 4. Ақын шығармашылығындағы өршіл романтика . . . 23-26
2. 5. Поэмалары . . . 26-28
III. Қазақ поэзиясың алыптарының бірі . . . 28-29
3. 1. Қорытынды . . . 30
І. Кіріспе.
XX ғасырдары қазақ көркем cөзінің өсіп толысуына, карыштап дамып, әлемдік өркениетті әдебиеттердің қатарынан орын тебуіне ipi үлес қосқан ақын-жазушылардың маңдай алдыларының бipi-Әбділда Тәжібаев. Оның eciмін қазақ халқы әрқашан да ардақтайды. Бұл eciм бүгiнгi Тәуелсіз Елдердің Достастығы қауымына, көп-көп шет жұртына да кеңінен таныс. Оның шығармашылығы туралы сын-мақалалар газет-журнал беттерінде ертеден басылып келеді. Ә. Тәжібаевтың жазушылық жолы қазақ совет әдебиетінің даму жолдарымен тығыз байланысты.
Ә. Тәжібаевтың өмірі мен шырғармашылық дәурені негізінен кеңестік заманды қамтиды. «Негізінен» деуге себеп - тоқсанға тақаған ұзақ жасында (1909-1998) ол өзге қоғамдық құрылыстардың да дәмін татты. Балалық шағында өлең-жырмен ауыздануы ескі патриархалды-рулық қоғамда басталды. Қартайған шағында нарықтық қатынастарға жолығып, тәуелсіздікке қол жеткізген елдің уыз ауасынан кеудесін кере жұтып, ой-сезім жүйесін қайта қарауға талпынды. Осы қайшылықтар оның шығармаларына тиістi әсерін тигізбей қойған жоқ. Ақын дүниетанымы, көркем туындылары кезінде ең жоғары партиялық инстанциялар тарапынан қатаң сыналған кездер де болды. Тұрпайы социологизм кінәратына ұшырап, оны алдымен өзі айыптады. Көп қиындықтарға, әкімшілдік-әміршілдік жойқын қысымдарға қарамастан, ақын өзінің басты туындыларында социалистік реализмнің қасаң принциптерін айналып өтіп, қазақ лирикасының жаңа белеске көтеріліп гулденуіне атсалысты.
Ә. Тәжібаев қазақ әдебиет тарихында көрнектi орынға ие. Ол «талантты және өзіндік стилi, өзгешелігіi бар күшті ақынның бipi деп саналады».
Ә. Тәжібаев- ХХ ғасырдың типтік бейнесіне жататын тұлға. Ол идеясын, сезіміне беpiк, уақытының күнгей-теріскей жақтарының бәpiн бойына сіңірген адам бола тұра, өз замандастарының арасынан қапсағай денелі, көріктей кеуделі тұлға -тұрпатына қоса, ұшқыр да тапқыр, қанатты ойымен, жалынды жігер-қайратымен тегеуірінді, қызбалы, қайсар мінезімен де бөлектеніп көрінетін. Ол аударма саласында да өнімді еңбек еткен ақындардың бірі болған. Поэзия, драматургия хақында әр кездерде жазған сын мақалалары, зерттеу еңбектері, жеке ақындар творчествосы туралы шағын көлемді монографияларында Ә. Тәжібаев әдеби сыншыл ойдың дамуына да аз олжа қосқан жоқ. Жазушы шығармашылығының тағы бір негізгі саласы - драматургия екені де баршаға аян. Оның қаламынан туған оннан аса пьесалары республика театрларының сахнасына ертелі-кеш қойылып келеді және қойылып жүр. Осы курстық жұмысымызда оның өскен ортасынан бастап, ізденіске толы мағыналы да ұзақ өмір жолдарындағы тудырған шығармалары жайлы кезінде замандастары білдірген пікірлерін қатар астастыра отырып, көрнекті әдебиет қайраткерінің өнегелі әдеби жолына шолу жасағымыз келді.
1. 1. Туған жер, өскен орта .
Әбділда Тәжібаев 4 ақпанда 1909 жылы Қызылорда қаласында туған. 1915 жыл. Күз. Көмірдей қара түнге күңіренген суық жел әлсін-әлсін демін ішіне тартып, екпіндей соғып тұр. Алты жасқа жаңа толған Әбділдә тәтті ұйқының құшағында қаннен-қаперсіз жатыр еді. Көптен бері төсек тартқан Тәжібай сол бір суық түнде біржола көзін жұмды. Сол қара түн көкірегі қарс айырылған жас ана Айманкүлдің көз жасын көл етіп, қасірет отына көміп, басына қара жауып кетті.
«Өлім» деген жүрекке түскен дерт екенін ойын баласы Әбділда ол кезде білген жоқ. Кейініректе жазған «Еске алу» атты поэмасында сол бір жайды ақын:
«Есімде жоқ шын суреті
Әкем менің қандай кісі.
Тек елестей бұлдырайды
Әлдекімнің көлеңкесі . . . -
деп шертеді.
Үймелі - сүймелі екі жетімді (Әбділда мен оның қарындасы Зылиқа) жетектеген жесір - Айманкүл Қызылорда қаласының батыс жағындағы Қара өзек деген темір жол станциясында тұратын қарт әкесі Далдабайдың қолына көшіп барды. Әбділданың балалық шағы сол нағашы атасы мен өз анасының тәрбиесінде өтеді.
Айманкүл бұл кезде жиырма алтыда. Тағдыр салған ауыр дерт жас келіншектің көкірегінен зарлы жоқтау - жыр болып шығады. Жас Әбділданың жанын жаралап, ақындық көңіліне ұялаған алғашқы зарлы әуен:
«Жана бір түсіп сөнді,
Ашыла түсіп гүл солды», -
деген анасы Айманкүлдің жоқтауы еді. «Жоқтау салт бойынша жылға созылады, мен құлағым үйренген жоқтау әніне көрпені бүркеніп жатып үн қосатын да болдым.
Сөйтіп менің бірінші естіген әнім - шешемнің әні, бірінші естіген жырым шешемнің жылап отырып айтқан жоқтауы еді», - дейді ақын.
Нағашы атасы Далдабай сөзуар, әңгімешіл, ертегішіл кісі екен. Атасынан көптеген ертегілер естіп, үйренген зерек бала Әбділда жеті жасында анасы Айманкүлден сабақ алып, оқи бастайды. 1918 жылдың аяғы, 1919 жылдың бас кезінде Әбділда өскен ауыл сүзек ауруының ғаламатына тап болды. Дәрігері жоқ, дәрменсіз ауылды сүзек жел айдаған өрттей жалап өтті. Осы алапат Далдабайдың отбасына да салды ойнағын. Жаппай қирап ауырды. Далдабай да, оның кемпірі де, Әбділданың қарындасы Зылиқа да дүние салды. Қыстай ес-түсін білмей, созылып ұзақ ауырған Әбділда көктемге салым көзін ашып, беті бері қарай бастады.
Бір үйлі жаннан қалған ана - Айманкүл мен жарымжан бала Әбділданың ендігі күні тіпті қиындап кетті. Әбділда 1922 жылдың күзінде қазіргі Қызылордада жаңадан ашылған Ленин атындағы жетім балалар интернатына қабылданады да бұрыннан көзі ашық сауатты болғандықтан қазақша бастауыш мектебінің бірден үшінші класына түсіп оқиды. Келер жылы комсомолға өтеді. Жаңа тәрбие оның жүрегіндегі ақындық өнерге деген құштарлығын арттырып, бітеу жатқан болашақ қайнау бұлақтың көзін ашуға үлкен себебін тигізеді. Ақын сол кездегі тәрбиеші Сатыбеков Әбділқайырдың есімін айрықша құрметпен атайды. Сатыбеков Абай елеңін, Абай аударған Пушкиннің өлеңдерін оқытады, Абай өлеңінен шығарма жаздырады. Әбділда Абайдың «Аттың сыны» өлеңінің үлгісінде нағашы әкесі мінетін қасқа атты жазады. Одан кейін Ленин қазасына арнап жазған өлеңін қабырға газетіне іледі. Міне, мұның бәріне сол оқытушы Сатыбеков мұрындық болып, интернат «ақындарын» баурай береді.
1925 жылдың көктемі. Қазақстанның советтерінің бесінші съезі Ақмешітте (Қызылорда қаласының бұрынғы аты) өтпекші болып, Орынбордан бір топ делегаттың ішінде Сәкен Сейфуллин, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Социалистік Қазақстан»), қызметкері, ақын Сәбит Мұқанов бар, осы мешітке келеді. Қалада өткен митингте Әбділда өлең оқиды. Сол жолы С. Мұқановпен танысады. Келесі 1926 жылы Қызылорда қаласында С. Мұқанов пионер вожатыйы болған ақын бала Әбділданы тағы кездестірді. «Әбділда бой жағынан ғана емес, ой жағынан да өзгеріп қапты. Ол ақын болу талабына кірісе бастапты. Оның қымсына ұсынған дәптерін алып, өлеңдерін оқып көрсем, кейбіреуі тәп-тәуір екен. Солардың ішінен мазмұн жағынан да, стиль жағынан да ерекшe тұрғаны «Мұнда саған орын жоқ» деген өлең. Ырғақ, үйлес жағынан да тәп-тәуір жазылған бұл өлеңді оқығаннан кейін болашақ ақынның бет алысын байқағандай болдым да, табан аузында Әбділдаға екі жақсылық істедім: бірі - қызымет таба алмай жүрген оны, «Еңбекші қазақ» газетін бүктеп, почтаға тасу ісіне орналастыруым, екіншісі - «Еңбекші қазақ» кітапханасы деген атпен шығатын совет көркем әдебиеті нұсқаларының сол кездегі құрастырып жатқан «Сыйлық» атты жинағына «Мұнда саған орын жоқ» деген өлеңін кіргіздім».
Сол кезде халыққа кең таныла бастаған Сәбит Мұқанов, Асқар Тоқмағамбетов, Қалмақан Әбдіқадыровтарға Әбділда жазғандарын көрсетіп, ақыл кеңес те алып жүреді. Жоғарыда аталған «Сыйлық» жинағы жарық көргенше ол «Жұмысшы» газетіне «Жұмысшының гудогы» дейтін үш шумақ өлеңін бастырды. Ең алғаш баспа бетін көрген өлеңі осы. Одан кейін көп ұзамай «Жұмысшының балғасы» атты өлеңі сол газетте жарық көрді. «Соғамын барабанымды» («Лениншіл жас» газетінде басылған 1930) сияқты өлеңдерін пионерлер мектеп сахнасынан жатқа айтатын болды. Болашақ ақынның талантының көзін ашады. 1929 жылы Алматыға келіп КазПИ-дің әдебиет факультетіне түскен Ә. Тәжібаев үш жылдай әдебиет, мәдениет өміріне белсене араласты.
2. 1 Әдебиет майданында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz