Мемлекеттік бюджет экономикалық мәні, қызметтері
Жоспар
Кіріспе
I. Мемлекеттік бюджеттің әрекеттесуінің теориялық негізі
1. 1 Мемлекеттік бюджет экономикалық мәні, қызметтері
1. 2 Мелекеттік бюджет қоғамдағы орны
II. Салық бюджет саясаты, оның әсері
2. 1 Фискалды саясат, оның құралдары, мақсаттары
2.2 Салық саясатының тиімділігі
III. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджеттік жоспарлауды
жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына
байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым -
қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы
ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық
курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне
жету осы карым – қатыныстардың ахуалына тәуелді. Бюджет - ол қаржылық
жоспар; бюджет - ол басқарушылық жоспар; бюджет — ол заңнамалық құжат;
бюджет — ол коммуникация құралы; бюджет - ол бюджеттік салық саясатты
дәлелдейтін құжат болып табылады. Бюджет әр мемлекетке өзінің
экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік
ақшалай негіз ретінде қажетті. Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі
болғандықтан, ол сол қаржының барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай.
Басқаша айтқанда, егерде қаржы жалпы ақша қарым - қатынас жүйесі, яғни
мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану
процесі болса, онда бюджет өз алдына ақша қарым - қатынас жүйесін құрады,
яғни бюджеттік қорды қалыптастыру және пайдалану процесі. Қоғамдық ұдайы
өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен, өндірілген ұлттық
табыстың, жалпы қоғамдық өнімнің бөлу және қайта бөлуінен көрінеді. Ол
қаражатты елдің халық шаруашылығы салалары, қоғамдық қызмет саласы, өндіріс
секторлары, экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі. Бүкіл
халық шаруашылығының бюджеті болғандықтан, мемлекеттік бюджет экономикаға
тұтас ықпал жасайды.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік бюджеттің қоғамдық
өндірістегі алатын орнын, оның атқаратын қызметтерін және де маңыздылығын
анықтау және талдау, оның Қазақстандық нарықтық экономикадағы маңыздылығын
көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер қойылды:
– Мемлекеттік бюджет экономикалық мәні, қызметтері мен
қоғамдағы орны анықтау;
– Салық - бюджет саясаты, оның құралдары, мақсаттары және
әсерін талдау;
– Мемлекеттік бюджет қызмет етуінде Қазақстан Республикасы
тәжірибесіне тоқталу.
Аталған тақырып отандық және шетелдік әдебиеттерде өте кең
ауқымда зерттеліп жазылған. Осы жұмысты жазу барысында оқулықтар,
ағымдық баспасөз материалдар, статистикалық мәліметтер пайдаланылды.

Бюджет - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған
экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның
басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына
байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір -
бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай
бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен
заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым - қатынас болып
табылады. Бұндай қаржылық қарым – қатынастың жалпы белгісі, біріншіден,
олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы,
екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған
орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын калыптастыру мен пайдалануына
байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым - қатынас мемлекеттік бюджет
деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке
келесідей түсінік берілген: Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен
функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның
орталықтандырылған ақша қоры. Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар,
материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі жалпы
экономикалық қарым - қатынас, заңнамалық белсендіруі — заң.
Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай
категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы
басқалары, сонымен қатар олар бір коғамдық - экономикалық формациядан басқа
формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгерпейді. Дәл осы үғым бюджетті
экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық
түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі жөне соған
сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.
Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды (әлеуметтік,
қорғаныс, т.б.) қаржыландыруға арналған орталыктандырылған ақша қоры.
Бюджет деген көптеген үғымға сүйене отырып, ол келесідей
түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
• ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;
• ол мемлекеттің ақша қаражаттарынын орталықтандырылған
қоры;
• ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік механизм
арқылы);
• ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
• ол барлық бюджеттік қарым - қатынасқа қатысушылар міндетті
түрде орындайтын заң.
Бюджет экономикалық қарым - қатынаска негізделгендіктен объективтік
түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік
пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол коғамдық өндірістің дамуына керекті
орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан
туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын
орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар
мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен
экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген
- ол республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама - қарсы
өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын
және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет. Сонымен қатар,
мемлекеттік бюджет термині - мемлекет құрастыратын және басқаратын
орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым - қатынастағы әр
түрлі қатысушылардың әлеуметтік - экономикалық мүдделерін қалыптастыратын
күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар
арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, енбекақы мен кіріс жөніндегі
ьмыраға (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансфертер бөлу
арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді калыптастырып іске
асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және
әлеуметтік дамуын көрсетеді.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен
сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен
оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік
бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын
атқарады. Сонымен қатар, қаржы категориясына қарағанда бюджет ерекше
категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тәнті:
• ұлттық табысты қайта бөлу;
• әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
• экономиканы реттеу мен ынталандыру;
• ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру
мен пайдалануын бақылау.
Ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімдердің құндық бөліс құралы ретінде
мемлекеттік бюджет осы функция арқылы өзінің экономикалық маңызын тікелей
әлпеттейді. Бөліс функция арқылы мемлекет ауқымында ақша қаражаттарын
орталықтандыру мен оны жалпы мемлекеттік мұқтаждықты қанағаттындыруға
пайдалану іске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет тарапына уақытында
және толық қаржы ресурстар түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі
пропорциялар жағдайы, сол қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жөнінде
мәлімдейді.
Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау функциялары бір бірінен бөлек
емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда
бюджеттік қарым - қатынастың барлық жағы бейнеленеді.
Бөлу функцияны ішкі өнімнін бөлінген құнын қайта бөлуге
пайдалануының кең тарауы бірден мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың
белгілі бір бөлігін бірнеше қайта бөлуге әкеледі. Ақша қаражаттарының ағыны
бюджетпен кәсіпорындардың өзара қатынастарының өзгерістері арқылы ең
алдымен өзара байланыстарды өзгертеді, сонымен қатар бюджеттің экономикаға
тигізетін әсерінің дәрежесін тек сандық үйлесімдермен анықтамай, олардың
экономика процестерінің дамуы мен еліміздің қаржы ресурстарының өсуіне
әсерлі болады. Сондықтан, бюджеттің бөлу функциясы экономиканың құндық
құрылымын реттеуде, салалық және аумақтық үйлесімдерді жетілдіруде,
мемлекет ішіндегі және мемлекетаралық деңгейдегі интеграциялық процестерді
үлғайтуда кеңінен пайдаланады.
Бюджеттік бөлудің негізгі объектісі болып қосымша өнім (таза табыс)
табылады, бірақ бюджет арқылы керекті өнімнің де бір бөлігі қайта бөлінуі
мүмкін, мысалы, материалдық өндіріс жұмыскерлерінің салықтық төлемдері және
оларды пайдалануы.
Бюджеттің бақылау функциясының негізін бюджеттік түсімдермен шығындар
көрсеткіштері арқылы бюджеттік ресурстар қозғалысы қалайды. Мысалы бюджетке
уақытында немесе толық төленбеген салықтар мен түсімдер экономиканың кейбір
салаларында даму қарқыны төмендегеннің белгісі жатады. Егер бюджет
тарапынан қарастырылған қаражаттар толық көлемде пайдаланбаса, онда
экономика салалары мен іс - әрекет салаларда экономикалық коньюктура
қажетті деңгейде еместігі. Сондықтан, бюджеттік көрсеткіштер экономикадағы
осындай кемшіліктерді керсете отырып, сол кемшіліктерді жою мен бұзылған
қаржылық тәртіпті қалпына қайта келтіруте бағытталған нақты шара қарастырып
қолдануға негіз болады.
Қазіргі заманның шарттарына сәйкес бюджеттің бақылау функциясы да
өзгеруде, себебі ол өз мақсаттарын іске асыруға кең тараған ақпарат
пайдалану, автоматталған жүйелер, қаржылық есептемелер, компыотерлер
қолдану негіздерінде көп мүмкіншілік алады.
Мемлекеттік бюджет категориясы объективті болғандықтан оның
функциялары да объективті. Бюджет функцияларын бірден оның ішкі
потенциалдық қабілеттілігінен түсіндірілу қажет, себебі ол (қабілеттілік)
өзін тек міндетті түрде бюджеттік қатынасы бар қоғамдық қарым - қатынастың
белгілі саласында көрініс табады. Сондықтан, бюджетке тән қасиеттер
көрінісі, оларды бөлу мен бақылау құралдары ретінде пайдалануы тек адамша
іс - әрекет процесінде мүмкін, ал ол мүмкіндік мемлекет жасаған бюджеттік
механизм арқылы іске асырылады.
Бюджеттік механизм, бюджеттік саясатты шынайы түрде іске асырушы
болып, бюджеттік қатынастарды нақты түрде экономикалық және әлеуметтік
сауалдарды шешуге бағытталады. Бұл арада бюджет іс -әрекетінің объективтік
және субъективтік жақтарының арасындағы арақатынасты дұрыс түсіну қажет,
себебі бюджеттің және оның функцияларының объективтік сипаты қатынас
жүйесіндегі бюджеттің орны мен оның экономиканың даму деңгейіне тәуелді
екенін анықтайды.
Сонымен, бюджет функциялары, дәл айтсақ, бюджеттік салық саясаттың
функциялары қорытынды түрде келесілерді құрайды:
а) нарықтан тыс қызмет көрсету (қоғамдық сипаттағы қызметтер: білім беру,
денсаулық сақтау, қорғаныс және т.б.),
ә) кірістерді қайта бөлу (салықтар, трансфертер, субсидиялар және т.б.),
б) мемлекеттік реттеу (монополияға қарсы реттеу, еңбекпен қамтамасыз ету
және т.б.),
в) мемлекеттік бақылауды іске асыру (сыртқы бақылау, ішкі бақылау).
1. 2 Мелекеттік бюджет қоғамдағы орны
Мемлекеттік бюджетті, жалпы басқа да экономикалық категориялар
секілді мемлекет белсенді түрде болашақ және ағымды әлеуметтік-экономикалық
міндеттерін нақты шешуде иайдаланады. Мемлекет бюджетті өзінің
ұйымдастырушылық функциясын іске асырудың маңызды құралы ретінде қолданып,
оны экономиканы басқарудың әсершіл құралына айналдырады. Бюджетті
экономикалық басқарудың құралы ретінде пайдалануы мынадай маңызды
қасиеттерімен дәлелденеді: ол заң күшіне ие; мұнда қоғамдық өндірістің
дамуына бағытталған, оның тиімділігін жоғарлатуға, қоғам мүшелерінің
мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар тікелей көрсетілген.
Бюджеттік қатынастарды пайдалану құқықтық формада болғандығы оған өте үлкен
ұтқырлы және ұйымдастырушылық мән береді.
Экономикада тауарлы - ақша қатынас болғандықтан экономикалық
пропорциялар екі формада көрініс табады, яғни натуралды - заттық және
құндық (ақшалай). Натуралды - заттық форма қоғамдық өндірістің құрылымдық
бөлімдері арасында материалды - техникалық құралдарды бөлуі мен оларды
жұмыс күшімен қамтуды, ал құндық форма ақшалай қаражаттарды бөлудің
пропорцияларын анықтауды қарастырады.
Ішкі өнім бөлудің ақшалай формасының біршама дербестік болуының
салдарынан қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттейтін мүмкіншілік
болады және ірі қажетті экономикалық нәтижеге жеткізеді. Құндылық
құралдарды (қаржы, бюджет, несие және т.б.) пайдалану мемлекетке қоғамдық
өндірістің кұрылымын жетілдіру мен экономикалық процестердің тиімділігін
жоғарлатуға мүмкіндік береді.
Реттеу құралы ретінде мемлекеттік бюджет экономиканың салалық және
аумақтық пропорцияларын жетілдіруде, өндірістен тыс салалардың дамуын
реттеуде, қаржы ресурстарын жалпы мүддеге сәйкес қайта бөлуде пайдаланады.
Ол еңбек, ақша және материалды ресурстарды пайдалануын ынталандыру,
экономиканың барлық тізбектерінде жүйелі бақылауды іске асыру мен басқа да
әлеуметтік - экономикалық мақсаттарды шешуге мүмкіншілік береді.
Экономиканы басқарудың белсенді құралы ретінде мемлекеттік бюджетті айтуға
болады, себебі бюджет негізі - бюджеттік қатынастар қоғамдық өндіріс дамуы
мен оның тиімділігін жоғарлату мүдделерінің алуан - алуан бағытында
пайдаланады.
Мемлекеттік бюджетті - экономиканы басқару құралы ретінде сипаттай
отырып, бұл құралдың ролі объективті алдын ала анықталғанын айрықша айту
қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу
нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы құжат арқылы формада
пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оны
қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде
пайдалану. Бюджеттің мәні мен рөлі оның экономикалық құрал ретіндегі
ерекшілігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең
пайдаланатын құндық құралы болып табылады.
Экономиканың дамуына байланысты оны басқару құралы ретінде бюджеттік
бақылаудың мәні ұлғаяды. Қоғамды өндірістің ауқымы неғұрлым ірі болса,
соғұрлым экономиканың өсу қарқыны жоғары, сондықтан ақша қаражаттарын
уақытында қалыптастыру мен тиімді пайдалану процестерін бақылау өте
маңызды.
Бюджет қаржылық жоспар ретінде, бір жағынан, экономика салалары мен
іс - әрекет салаларының қаржылық жоспарларына негізделеді, ал екінші
жағынан, ол көбінесе оларды анықтайды. Мемлекеттік бюджетті елдің негізгі
қаржы жоспары деп айту, оның объективтік категория түріндегі экономикалық
табиғатына қайшы келмейді. Себебі, мемлекеттік бюджет термині өз сипатына
байланысты екі әр түрлі түсінікте қолданылады, біріншісі — бөліп түратын
қатынас саласына жатады, екіншісі - адамзат іс - әрекет процесінде
пайдаланатын объективтік форманы көрсетеді. Мемлекеттік бюджеттің елдің
негізгі қаржы жоспары ретінде болуы бюджеттік қатынастың ерекшелігіне
байланысты, яғни қоғамдық өнімді құндық бөлістің айрықша саласы ретінде.
Сондықтан, экономикалық категория түрінде мемлекеттік бюджеттің объективтік
табиғатының мәнін оқып білу және оны бюджеттік қатынаста пайдаланудың
формасын көрсететін қаржы жоспар ретіндегі мәнін талқылау өте маңызды.
Қоғамдық қайта өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен осы
бюджет (әсіресе шығындары) арқылы ұлттық табыс және жалпы ішкі өнімді бөлу
мен қайта бөлу процестерімен анықталады. Ол ақша қаражаттарын экономика
секторлары, іс - әрекет салалары мен аумақтар арасында бөле отырып, жалпы
экономикаға әсер етеді, себебі ол барлық ұлттық шаруашылықтың бюджеті.
Экономиканы реттейтін басқа қаржылық құралдар арасындағы бюджеттің рөлі
өзінің ерекшеліктерімен сипатталады. Бюджеттің ерекшеліктері ретінде
келесілерді айтуға болады:
• бюджет мемлекеттің қолында ұлттық табыстың бір бөлігін
оңашаландыруға байланысты қайта бөліс қатынастарының ерекше экономикалық
формасы және табыстың сол бөлігін бүкіл қоғам мен оның әрбір аумақтарының
мұқтаждықтарын қамтуға пайдаланады;
• бюджет арқылы ұлттық табыс немесе сирек - ұлттық байлық
экономика салалары, ел аумақтары мен қоғамдық іс - әрекет салалары арасында
қайта бөліс атқарылады;
• бюджеттік қайта бөліс пропорциялары қаржының басқа буындарына
қарағанда көбінесе ұлғайтылған қайта өндірістің жалпы мұқтаждарымен және
қоғам дамуының әр тарихи кезеңінде оның алдында тұрған міндеттемелерімен
анықталады;
• бюджеттік қайта бөліс аумағы мемлекеттік қаржы құрамында
орталық орынды қалайды, себебі бюджет қаржының басқа буындарымен
салыстырғанда бастапқы дәрежеде.
Бюджеттік қатынастың бөлістік сипаты мемлекетке бюджеттік
экономикаға әсер ететін нақты тұтқа мен қоғамдық ілгерлікке ынта ретінде
пайдалануға мүмкіншілік береді — бұл аспектіде бюджеттің әрекеті басқа
құндық тұтқаларымен (баға, несие және т.б.) бір типті. Бірақ мемлекеттік
бюджет коғамдық өнімді құндық бөліс саласында бастапқы дәрежеде
болғандықтан бұл оны экономиканы басқарудың орталандырылған жалпы
мемлекеттік құралына - республиканың негізгі қаржы жоспарына айналдырады.
Бұл дәрежеде бюджет қаржы ресурстарының бөлігін орталандыру негізінде
мемлекет қарастырған әлеуметтік - экономикалық дамуды қаржыландыруын
қамтиды, екінші жақтан қосымша резервтер айқындау мен сапалық
көрсеткіштерді жаксартуға белсенді әсерін тигізеді.
Мемлекеттік бюджеттің басқа қаржы буындары арасындағы орны мен мәнін
келесідей анықтауға болады. Бірішіден, бюджеттің қаржы жүйесінің басқа
буындарынан айырмашылығы — ол қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамудын
негізгі бағыттарында пайдаланатын қоғамдық өнім құнының бір бөлігінің
айналымымен байланысты бөліс қатынастардың кең комплексінің бейнеленуі. Бұл
мемлекетке бюджет арқылы барлық ел ауқынында кұндық бөліс процестерін
орталандыра басқаруға мүмкіншілік береді. Екіншіден, бюджет барлық
кірістер мен шығыстардың басқа баланстары, қаржы жоспарлар, несиелік және
кассалық жоспарлармен тығыз байланыста. Үшіншіден, мемлекеттік бюджет
қалыптастыру процесінде макроэкономикалық, қаржылық және өндірістік
көрсеткіштер талданады және анықталады, қаржы - несиелік жүйенің барлық
буындарының байланыстары үйлестіріледі, сонымен қатар экономикалық және
әлеуметтік даму керсеткіштері қаржы және несие ресурстарымен тұжырымды
қиыстыруға жетеді.
Бюджеттің көптеген байланыстарын қамтамасыз ететін бюджеттік
көрсеткіштердің нақты адрестік сипаты оларды экономика салаларындағы іс -
әрекет жағдайын бақылау мақсатына пайдалануға негіз тудырады. Бюджеттік
көрсеткіштер арқылы қоғамдық қайта өндірістің барлық оның сатыларындағы
жүрісі мен шаруашылықты жүргізудің барлық кезеңдері мен деңгейінің әр түрлі
процестерді қадағалауға болады. Бюджет көрсеткіштерін орындау дәрежесі
экономикада болып жатқан процестердің жүрісін көрсетіп, сондағы жаратымды
және жаратымсыз беталыстарды анықтайды.
Мсмлекеттік бюджет арқылы жүргізетін жалпы мемлекеттік бақылау қаржы
бақылау түрінде іске асырылады. Бұл мемлекеттің экономикалық және қаржылық
саясатын іске асыруға арналған әсершіл құрал. Қаржылық бақылау барлық
деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру процесінде және де оларды орындау,
жөнінде есеп пен есеп беруді жүргізу, мемлекеттің активтері мен гранттарын
пайдалану жене т.б. бюджеттік әрекеттерде іске асырылады. Бұл бақылау
уақытша шара емес, ол үнемі жүргізіледі және экономиканы басқарудың барлық
ұйымдастырушы жұмысының ажырағысыз құрамдық бөлігі болып табылады.
II. Мемлекеттік бюджеттің әрекеттенуінің теориялық негізі

Бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған мемлекеттік
басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттің әлеуметтік -
экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері, бюджеттің
көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет арнайы қоғамдық
міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға
қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен ұлғайтуының
шығыстары, ғылыми - техникалық пен қоғамдық өндірістің салалық және
аумақтық құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар (білім
беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала) және басқа да шығындар қамтамассыз
етіледі.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет келесі арнайы
белгілермен сипатталады:
1. Бөлулік қарым - қатынастың айрықша экономикалық формасы, яғни
мемлекет тарапында жалпы ішкі өнімнің бөлігін жинау және оны қоғамдық
мүддені камтамасыз етуге пайдалануға арналған;
2. Ұлттық экономика салалары, аумақ, экономика секторлары
қоғамдық іс-әрекет салалары арасында құндылықты қайта бөлуге арналған;
3. Құндылық бөлудің ерекше бір кезеңін атқарады, яғни жалпы
қаржылық қарым - қатынас тауарлық - ақша қарым - қатынаспен тығыз
байланысты болса, бұл арада құндылық бөлу тауарлы формадағы ішкі өнім
қозғалысымен тікелей байланыста емес және одан белгілі мөлшерде бөлек
атқарылады;
4. Бюджеттік бөлу пропорциялары мен формалары әрбір тарихи
кезеңде мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық дамуының сұраныстары мен
міндеттемелері бойынша анықталады;
5. Бюджеттік бөлу аумағы қаржы жүйесінің басқа да тізбектерімен
өзара тығыз байланыста, бірақ олардың арасында бюджеттік бөлу бастапқы
жағдайда, себебі ол экономиканың құндылық кұрылымы мен экономикалық және
әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге
әсер етеді.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік бюджет басқа да бір экономикалық
категория сияқты өндірістік қарым - қатынасқа негізделеді және өзіне сай
материалды - құндылық түрі бар, яғни бюджеттік қарым - қатынас материалды
түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры - бюджеттік қорда болады.
Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер
мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы
көрінеді. Бюджеттік қор (бюджет ресурстары) - ол мемлекет тарапына, оның
жалпы мемлекеттік функцияларын орындауға арналған, құндылық бөлу сатыларын
өткен, объективтік экономикалық формадағы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс
қозғалысының белгілі бір бөлігін құрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен
пайдалану - құндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz