Бағалы қағаздар нарығының құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... . 3
I тарау. Бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні.
1.1 Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы ... ... ... ... ... 5
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
II. тарау. Бағалы қағаздар нарығының құрылымы
2.1 Бірінші және екінші нарықтар және олардың қызметтері... 20
2.2 Қор биржасы және биржалық операциялар ... ... ... ... ... 24
2.3 Бағалы қағаздар мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... . 27
III тарау. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар
нарығының даму проблемалары. ... ... ... ... ... ... ... .. 29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Бағалы қағаздар нарығы қазіргі нарықтық экономика жағдайында өте
маңызды экономикалық инфрақұрылымдардың дамуындағы экономикалық
қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Өз кезегінде бағалы қағаздардың пайда
болуы қаржы ресурстарының, қаржыландыру мәселесінде өзінің үлкен маңызды
рөлін көрсетті. Инвистициялық қаржыландырудың басқа да бағыттарының
қалыптасуы, қазіргі таңдағы бағалы қағаздар нарығының өркендеп дамуымен
сипатталады.
Бағалы қағаздар нарығында басқа нарықтардың элементтері болуы қажет
сияқты көрінеді. Оларды атап өтетін болсақ:
—Элементтер, яғни әр түрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық
субъектілері;
—Инвесторлар,уақытша бос ақша иелері, заңды және жекетұлғалар;
—Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандар, брокерлер,
диллерлер,инвестициялық басқарушылар;
—Қор биржалар,дипозитерлер, және басқа да бағалы қағаздарды
тіркейтін, сақтайтынұйымдар.
Жоғарыдағы айтылған мәселелерден бағалы қағаздар нарығы
тақырыбының мазмұндық маңыздылығы көрінеді. Осы себептерге сәйкес бұл
тақырыпты таңдап алып және осы курстық жұмыс бойынша жалпылама мынандай
мәселелер қарастырылады.
- Бағалы қағаздар нарығының мәні және бағалы қағаздардың пайда
болуындағы алғы шарттар.
- Бағалы қағаздардың түрлері және олардың ерекшеліктері.
- Бағалы қағаздар нарығының құрылымы.
- Қазазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен
дамуы.
Сонымен курстық жұмыста бағалы қағаздардың түрлері, оларды топтау және
бағалы қағаздар нарығын талдау, зерттеу мәселелері қарастырылады. Бұл
тақырыпты таңдап алудың негізгі себебі бүгінгі күнде дүние жүзі үшін және
біздің ел үшін де өте маңызды. Әрбір экономист бағалы қағаздар нарығының
құрылымы мен жұмыс істеу үрдісін білуі тиіс.

I тарау. Бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні.

1. Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы.
Жалған капитал деген- қосымша құнның бір бөлігін дивиденд немесе
процент түрінде иемденуге құқық беретін бағалы қағаздар иесінің меншік
титулы. Бағалы қағаздар-акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа да
түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды жалған капитал деп атауға
себеп болған жағдайлар мыналар:
Біріншіден, табыс көзі - тауар өндірісі. Ал бағалы қағаздардың пайда
болуы өндірістік капиталмен тікелей байланысты. Өнім өндірістен айналымға
түсіп, табыс әкеледі. Ал бағалы қағаздар өндірістен тыс, тек айналымнан
табыс әкеледі деген бұлдыр қиял пайда болды.
Екіншіден, бағалы қағаздардың капитал болып есептелетін себебі, оларды
сатуға болады. Бірақ олардың өз құны өте төмен, ал нарықтық бағалары
иррационалдық сипатта болады. Жалған капиталдың бағасы капиталға сұраныс
пен ұсыныстың арақатынасына және бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың
мөлшеріне байланысып анықталады.
Капиталға сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса және адам түскен
табыстың мөлшері де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы оған тура
пропорционалды өседі. Керісінше, егер капиталдың ұсынушысы сұраныстан
жоғары

болса және банктік проценттің деңгейі де жоғары болса,онда жалған
капиталдың бағасы бұларға кері пропорционалды кемиді.
Жалған капитал нақты және қарыз капиталдарымен байланысты болғанымен,
олардың оқшауланып шыққан бөлігі, яғни олардың бағалы қағаздарға көрінісі
ретінде айнымаста жүреді. Оның нақты капиталдан мынадай ерекшеліктері бар:
1. Жалған капиталдың өз құны жоқ. Бірақ бағалы қағаздардың кейбір
түрлері нақты капиталдың орнына жүреді.
2. Бағалы қағаздардың айналысы қор биржасының және несие жүйесінен
басталады , ал нақты капитал өндіріс аясына қызмет көрсетеді.
3. Жалған капиталдың мөлшері бағалы қағаздарды сатудан түскен
табыстың капиталға айналуымен анықталады. Ал өндірістегі нақты
капиталдан түскен пайда сол нақты капиталдың өзінің мөлшеріне
байланысты болады.
Жалпы алғанда, жалған капитал нақты капиталға қарағанда шапшаң өседі. Бұл
жағдай акционерлік кәсіпорындардың тез дамуына , бағалы қағаздардан түсетін
дивиденд пен процент мөлшерінің айырмашылығына және де соңғы кездері бағалы
қағаздардың көлемінің тез ұлғаюына байланысты болады.
Сонымен бірге жанған капиталдың қарыз капиталынан айырмашылығы бар. Олар:
Біріншіден, бағалы қағаздар қарыз капиталдың қозғалысынан пайда бола
отырып, одан бөлініп, бағалы қағаздар нарығында дербес қозғалыс жасайды.
Өйткені бағалы қағаздарды сатып алу днген ақша капиталының бір бөлігін
қарызға берумен бірдей. Ал қарыз-несиелік құжат, немесе бағалы қағаздар
түрінде айналыста болады.
Екіншіден, қарыз капиталынан түсетін табыс, оның өзінің мөлшерімен
анықтаса, ол жасалған капиталдың мөлшері оның айналысынан түсетін табысына
байланысты болады. Ол табыс дивиденд, немесе процент түрінде түседі. Бағалы
қағаздар өз қозғалыс заңдарына ие болып, нақты капиталдың қозғалысына
көбіне тәуелді болмайды.
Сонымен, бағалы қағаздар қарыз капиталын орналыстыратын ортаның тек біреуі
ғана жалған капитал мен жалған капиалдың мөлшері жағынан да біріне –бірі
дәл келмейді. Нақты капитал мен жалған капиталдың мөлшері жалғаннан да
біріне-бірі дәл кемуі бағалы қағаздар нарығына тән ерекшелік. Жалған
капиталдың пайда болуы мен оның өсуі байлықтың бір жерге шоғырлануына әсер
етеді. Бағалы қағаздардың пайда болуы мен оның дамуы капиталистік өндіріс
қатынастарының орнауына қатысты. Бәріне бұрын бұл коммерциялық несиелеу
шекарасының кеңейуімен пайда болды. Коммерциялық несиелеу негізі болып-
вексель табылады, яғни бағалы қағаздардың бірінші түрі. Вексель несиелік
ақша формасына айналады. Бұл жағдайлар бағалы қағаздардың вексель және
өнереәсіптік өндірістік дамуында зор мәнге ие болуын куәландырады. Банктік
жүйенің іс-әрекетінің даму процесі кезінде тағы ьір бағалы қағаздың түрі-
чектер пайда болды. Несиелік ақша рөлін ойлайтын және товар айналымы
кезінде төлем құралын атқарушы болды. Бірақ нағыз бағалы қағаздар нарығының
пайда болуы мен құрылуы акционерлік қоғамдар болды. Бағалы қағаздардың
басты түрлерінің-акциялар мен облигациялармен пайда болуы үлкен мәнге ие
болды. Экономикада пайдалы қағаздардың болуы бағалы қағаздар нарығының
толық мағынасын аша алмайды. Мемлкеттік пайдалы қағаздардың рөлі
экономиканың дамуы барысында өзгереді. Мемлкеттік бағалы қағаздар алғашында
мемлекеттік несие құралдарының бірі ретінде төтенше мығымдарды табу үшін
пайдаланылды, яғни соғыстар мен табиғи апаттарға байланысты. Уақыт өткен
сайын мемлекеттік бағалы қағаздар үлкен өлшемде эконгомикаға әсер ете
бастады. Сонымен қатар мемлекеттің ақша айналымының қалыптасуында зор рөль
атқара бастады. Қазіргі жағдайда мемлекеттік пайдалы қағаздар көмегімен,
макроэкономиканы қалыптастыру мақсатында, ақша-несиелік саясат жүргізіп
жатыр. Экономикадағы бағалы қағаздардың мәнәне жалпы баға бере отырып,
келесі басты қызметтерін бөліп көрсетуге болады.
Акционерлік қоғам деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат
тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға. Ал акция үлесті немесе
меншікті бағалы қағаз, яғни акция қоғам шығаратын және олардың түрлері мен
қарай акционерлік дивидендтер алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам
таратылғаннан кейін оның қалған мүліктерінің бір бөлігіне құқықтанып
куәландырады. Акционерлер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді
және өзіне тиісті акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты
зияндарға тәуекел етеді. Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп
те аталады. Қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған
жеке және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып есептеледі. Қоғамды
құрушылар орасан зор табысқа иеленеді. Акционерлерге дивиденд төленеді.
Дивиденд деген тиесілі акциялар санына байланысты акционерлерге төленетін
сыйақы.

2. Бағалыц қағаздардың түрлері.

Акция –үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол
иемденшісіне компаняның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң
жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция
да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт
ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған
компанияға қайтаруға тқұқы жоқ. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына
болады.
Акцияны шығару мына жағдайларда жүзеге асырылады:
а) Меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып,
оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
ә) Бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
б) Жарғылық капиталды қосымша ұлғайту кезінде;
Атап айтқанда, жарғылық капитал деген шоғырланған акциялардың бастапқы
жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал және компанияның
портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез-
келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға
және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-
бір түрі. Акция компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі.
Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра
елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол
акциясын қайта сатып алатын құқықтан айырылады деген де ереже бар. Дәл осы
жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілеті нашарланатын
болса да қаралған Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір
акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.
Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылығы
бар акциялар болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның
тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқығы, жиналысиарда
дауыс беру арқылы корпорацины басқаруға қатынасу құқы және корпорация
жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырбасқаннан кейін
мүліктің бір бөлігін алу құқы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде
жүзеге асырылады.
Әр бір акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Сонымен бірге жай акция
дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд корпорацияның шаруашылық
нәтижесіне байланысты. Дивиденд корпорацияның таза пайдасының бір бөлігі.
Басқаша айтқанда, дивиденд төлеу пайданың салық төлегеннен қалған қалдығын
бөлуге негізделген. Дивидендтің мөлшеріне күшті өзгерістердің әсер етуі
кездейсоқ жат емес.
Көптеген корпорациялар жай акция бойынша наминал құнын бекітеді. Ол
акцияның титулында көрсетіліп, хабарлама жарғылық капиталдың мөлшерін
көрсетеді. Намиал құны акцияның нарықтық бағасының одан әрі қозғалысына
ешқандай әсер етпейді. Ол акцияны тек алғашқы орналыстырғанда ғана маңызды
рөль атқарады. Наминал акцияның эмиссиялық бағасы.
Егер акция көпшілікке сатылып кетсе, онда оның бағасын, сатуға қатысқан
барлық инвесторлар қалыптастырады. Акцияның нарықтық бағасын, сатушының
төмендеткен төменгі бағасымен және сатып алушының төлейтін жоғары бағасы
анықтайды.
Акцияның нарықтық бағасын не акционерлік корпорация, не басқа біреу
белгілейді.
Акцияның эмиссиялық және нарықтық бағаларынан басқа, оның баланстық
бағасы да болады. Ол қаржы есебінің құжатары негізінде анықталып,
бухгалтерлік немесе кітаптық баға деп аталады. Ол аутивтің таза құнын
орналастырылған акция санына бөлініп, немесе бір акцияға келетін
акционерлерге тиесілі капиталдың көлеміне тең.
Корпорация жай акцияның номиналын көрсетпей де шығаруға құқы бар. Онда
ол нарықтық бағамен сатылады. Бұл жағдайда акцияның сертификатында
компанияның капиталы бірнеше үлеске бөленгені көрсетіледі. Корпорация
жабылғанда бұл акциялар акционерлерге активтің белгілі бір бөлігін алуға
кепілдік береді.
Артықшылықты акциялар меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация
пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты
дивиденд төленуін қаитамасыз ететін акциялар Преференциялдық акция дауыс
құнын бермейді. Ол дауыссыз бағалы қағаз. Оған байланысты артықшылық дауыс
құқы жоқтығынан орнына төлеу ретінде жүреді.
Артықшылықты акция иемденушісін қорғау үшін акцияның осы түрі бойынша
дивидендтер әрқашан жай акциялар бойынша дивидендтер беруден бұрын
төленеді. Сондықтан бұл акциялардан гөрі жай акция иемдену қауіптілеу.
Артықшылықты акциялар номинал құны көрсетілген және көрсетілмеген болып
екіге бөлінеді. Бірінші жағдайда дивиденд акцияның номиналына байланысты
процент түрінде есептеледі. Ал номиналсыз артықшылықты акциялар сирек
кздеседі. Оларда дивидендтің нақты ақшалы мөлшері көрсетіледі. Акция
номиналының оның нарықтық бағасына әсері жоқ.
Жай акция бойынша төленетін дивидендтер.
Корпорация бұл акцияның бірнеше сериясын шығаруы мүмкін. Әрбір сериясының
әр түрлі көлемдегі артықшылығы бар. Олар әр серияны акцияның сертификатында
көрсетіледі.
Егер корпорация артықшылықты акциялардың бір емес көп сериясын
шығаратын болса, онда оның біреуін бірінші артықшылықты деп анықтауы керек.
Сондықтан осы акциялардың тек бір сериясының ғана басқа серияларынан гөрі
артықшылығы болады. Ол артықшылық әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады:
дивиденд алғанда,активтерді бөлгенде немесе осы екі жағдайды қоса алғанда.
Артықшылықты акциялардың өзі бірнеше түр тармағына бөлінеді. Оларды
былай топтастыруға болады-қатысушылар және қатыспаушылар,кумулятивтік әне
кумулятивтік емес, конвертабельді және конвертабельді емес. Артықшылықты
акциялардың аталған түрлерін шығару мүмкіндгі корпорацияның жарғысында
қаралады.
Акциялардың былай бөлінуінің себебі. Акция иемденушілердің
артықшылықтарды пайдалануына байланысты.
Олар:
а) Үстеме пайданы бөлуге қатысу;
ә) Хабарланып, бірақ төленбеген дивиденд алу мүмкіндігіне
келешекте қатысу;
б) Акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі;
Қатысушылар артықшылығы өз иемденушісіне үстіне пайданы бөлуге қатысуға
мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, корпорация жарғысында жай акция
бойынша төленетін дивидендтің көлемі белгіленген, ал пайда одан жоғары
болса, онда ол артықшылықты акция бойынша төленетін дивидендтің мөлшерін
жоғарылатады. Олардың арасындағы ара-қатынасын компанияның өзі белгілейді.
Қатысраушылар акциясы иесі ешуақытта белгіленгген деңгейден артық дивиденд
алуға құқы жоқ. Егер артықшылықты акциялар кумулятивтік болса, онда бұрын
хабарлаған, бірақ кейбір себептермен төленбеген дивидендтер міндетті түрде
келесі жолы төленеді.Ол жиі акциялар бабына дивидент төлеу хабарланбастан
бұрын жүзеге асырылады,яғни төленеді.Куминтивтік емес акциялар бойынша
төленбеген дивиденттерді келесі жылдың дивиденттіне қосуға болмаиды.
Конвертабельді артықшылықты акцияларының өз иемделеруіне кейбір
жағдайларда осы корпорацияның жиі акциялараның белгілі мөлшерлеріне
айырбастауларына мүмкіндік береді. Айырбастау жөніндегі талап осы типті
акция шығарған кездежазбаша түрде корпорация кітабында көрсетіледі.
Артықшылықты акциялардың көбісі конвертабельді. Ал конвертабельді емес
акциялар өз статусын өзгертуге мүмкіндігі жоқ.
Артықшылықты акциялардың өте сирек кездесетін түр тармағының бір
дивиденд құрылтайшыларына ғана арнап шоғарланады.Олар бойынша девиденд тек
жиі акцилар бойынша төленетін девидендтің ең жоғарғы квотасы төленіп
бағасын ғана белгілейді.Содан қалған атаулы акция иелеріне бөлінеді.Егер
компанияның ісі өрлеп тұрса,бұл акциялар өте тиімді.
Егер компанияның жарғысында оның жарғысында оның директорыкорпорация
капиталын құруға, жеке қатысу керек делінсе, онда-директорлық квотаны акция
деп аталатын артықшылықты акцияның орнаулы түрі шығарылды.
Нарықтық экономиканың дамыған елдерде артықшылықты акциялар саны,
әлбетте, барлық акцияардың 10 паиыздан аспайды.Демек, корпорация қаржысында
олардың үлесі өте төмен. Дегенмен де, артықшылықты акциялардың корпорация
ісін басқаруға маңызы орасан зор. Олар акционерлік қоғамның жиналысында
дауыс беретін жай акция иемденушілердің санын өзгертпей-ақ, қосымша капитал
тартуға мүмкіндік береді.
Басқа несие беруші сияқты, облигация иесінің дауыс беру құқы жоқ. Ол
акционерлер жиналысына, сонымен қатар, корпорация басқаруға да қатыспайды.
Оған керісінше акция иесінің корпорациясының мүліктік мүддесін қорғауда
шешуші дауыс құқығы бар.
Облигация бойынша сыйақы корпорацияның шығынына жатады. Ол салық
төлейтін пайдадан төленеді. Ал дивиденд салық төленгенннен қалған
корпорацияның таза пайдасынан өтеледі.
Облигация бойынша сыйақы корпорацияның шығынына жатқандықтан, облигация
мезгіл-мезгіл төленетін сыйақы түріндегі пайда купонға алмастырылады. Купон
деп облигациядан жыртылып алынатын талонды айтады. Онда сыйақы мөлшері
көрсетілген. Төленген сыйақының орнына облигациядан купонды жыртып алады.
Бұндай сыйақы төлнуінің түрін купондарды қырқу деп атайды. Облигацияда
бірсыпыра элеметтер көрсетіледі: номиналы, купондық мөлшер, өтеу туралы
нұсқау, эмиссия шарты, қамтамасыз етілуі, рейтингі.
Номиналы деп, облигацияның бетінде көрсетілген ақша сомасын айтады. Осы
облигация иесі өтелу мерзімі кещенде алады.
Купондық мөлшер-жыл сайын элемент төленетін облигацияның номинал құнына
байланысты келісілген: сыйақы төлем. Жыл сайынғы купондық мөлшер бөлініп
төленуі мүмкін, мысалы, жарты жылда бір рет немесе тоқсан сайын бір рет
әлбетте, төлем мына интервалмен орындалады: қаңтар-шілде, ақпан-тамыз,
наурыз-қыркүйек, сәуір-қазан, мамыр-қараша, маусым-желтоқсан. Одан басқа
айдың жұлдыздары да айналаға түскен сәуледей қайталанады. Мысалы, 5 қаңтар-
5 шілде, 20 наурыз- 20 қыркүйек және тағы басқалар.
Өтеу күні - компанияның сатып алушыға облигацияны номиналына тең сапалы
қайтарып және сыйақы төлеуді тоқтатып күн,тізбектегі күн.
Қамтамасыз етілетін облигациялар- оларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДАҒЫ КӘСІБИ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫИНВЕСТОРЛАР
Қаржы нарығы туралы
Корпоративті бағалы қағаздар
Қ.Р. қаржы нарығы
Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылары
Қор нарығы
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Мемлекеттік бағалы қағаздар
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі
Пәндер