Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті

Экономика факултеті
Экономикалық теория кафедрасы

Курстық жұмыс

Экономикалық теория пәні

Тақырыбы:

Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесі және оны дамыту.

Орындаған:
ФК-11 тобының
студенті Мақатов Д.
Ғылыми жетекші:
Асанова М.

Қарағанды 2006 ж
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Негізгі бөлім

I Тарау. Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні.

1.1. Қаржы ұғымы және оның мәні мен
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.2. Мемлекет қаржысының ұғымы мен
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 12

1.3. Қаржы жүйесінің
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .15

II Тарау. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесі.

2.1. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің құрамы ... ... ... ... 17

2.2 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызды
ролі ... ... ... ... ... ... 21

2.3. Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдірудің
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Кіріспе.

Берілген курстық жұмыстың тақырыбы – Қазақстан Республикасындағы
қаржы жүйесі және оны дамыту болып табылады. Бүгінгі таңда біздің
мемлекетіміздің экономикалық жағдайы даму үстінде. Соңғы мәліметтерге
сәйкес ТМД елдерінің ішінде Қазақстан экономикалық жағынан ең дамыған үш
мемлекеттің құрамына кіреді. Бірақ әлі де экономиккалық-саяси жағдайда
көптеген мәселелер зерттеуді қажет етіп отыр. Осыған байланысты экономика
саласында қаржы жүйесі ерекше орынды алады.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизімінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық
қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың
құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік - экономикалық мәнін түсіне білудің,
оның іс әрекет етуінің ерекшеліктерінің терең ұғынудың, Қазақсан
экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұлым толық
және өтімді ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы
зор.
Жалпы алғанда ол тауар – ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты
көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен
функциялары туралы ілімге негізделеді.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының қаржы
жүйесі мен оның даму жолдарын кең ауқымда қарастыру болып табылады. Осыған
байланысты жұмысқа төмендегідей міндеттер жүктеледі:
• Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәнін талдап, қаржы ұғымының
мәні мен қажеттіліктеріне шолу жасау;
• Мемлекеттің қаржы жүйесінің мәніне тоқталу;
• Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің құрамын талдау;
• Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәніне тоқталу;
• Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдірудің жолдарына
тоқталып өту;
Негізінен қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып
білудің негізгі әдісі – материалистік диалектикалық – тарихи әдіс
қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары
мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді
болжайды.
Қаржы жүйесін жақсы білу - қаржы категорияларын, ұғымдарын,
терминдерін жақсы айыру, олардың сыныптамасын, әлеуметтік- экономикалық
процестердегі маңызы мен орнын біліп алудағы теориялық және практикалық
жағынан әзірлігін қамтамасыз етіп; сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру
нысандарының өзара байланысы мен іс - әрекетін және оны қоғамның
әлеуметтік – экономикалық дамуының нақтылы жағдайларында қолданудың
әдістерін түсінуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Негізінен экономика дамуының қазіргі кезеңінде қаржы жүйесін
жетілдірудің міндеттері өндірісті кеңінен демократияландырумен,
коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылық
жүргізудің экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр.
Ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы
қаржы жүйесі шаруашылықты жүргізудің түпкілікті нәтижелеріне белсенді
түрде әсер етеді.
Берілген курстық жұмысты жазу барысында қаржы жүйесін кең ауқымда
зерттеген экономика ғылымдарының мамандары С.Әкімбеков, А.С.Баймұхаметова,
Қ.Ілиясов, Ө.К.Шеденов, Г.М.Осипова, С.Құлпыбаевтың еңбектеріне сүйеніп,
мерзімді басылым беттеріндегі соңғы мәліметтерді қарастырдым.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I-тарау. Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні.
1.1. Қаржы ұғымы және оның мәні мен қажеттілігі.

Қаржы қолма-қол ақша, табыс ұғымын білдіретін ортағасырдағы
латын тілінің financia сөзінен шыққан. Қоғамда нақты өмір сүретін
объективті сипатымен айрықша қоғамдың арналымы бар қоғамдық өндірісті
білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану
процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып, көрсететін тарихи
қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады.
Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында
пайда болып дамыды және мемлекеттің және оның ресірстағы қажеттіліктерінің
дамуымен тығыз байланысты.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары тауар-ақша қатынастарын қамту
сферасымен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі ролі қоғамның экономикалық
құрылысы мен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен
мына себептерге байланысты:
- әртүрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы
сай келеді сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта
бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
- кез-келген қоғамдық-экономикалық формацияда қаржы билеуші таптың
мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
- өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін
тудырады. Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралды
қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуына да көбінесе
натуралдық сипатта болды. Капиталистік шаруашылық тауар ақша шаруашылығы
болып табылады. Тіиісінше мемлекеттің табысы да ақшаның санында
қалыптасады.
Егер мемлекет басқару органы ретәінде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың ұдайы өндірісімен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет
ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі бір орын алады және
өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешелік
ролімен айшықталады. Қаржының құндық бөлу стратегиясында жұмыс істейтін
басқа экономикалық категориялардан – кредиттен, жалақыдан жіәне бағадан
айтарлықтай айырмашалығы бар.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен
ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.тауар өндірісінің негізі
тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық
еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық
заттай факторларының айырмашылығы, олардың әртүрлі деңгейі жағдайында өнім
жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған
еңбектің әртүрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан
шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және
жұмсалынған күш – жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескерке
алатын айрықша механизімнің объективті қажеттігі туады.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі
өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары
арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген
өнімдер сатып алу- сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны
тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен
бірге материялдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық
қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері
қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар мамандандырылған еңбектің,
орындалатын қызметтердің нәтижелері мен, әр түрлі өндірілетін
игіліктер мен олардың санымен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс. Тек
өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда, олард2ы белгілі бір
ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі
жасалады.Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен
жалпыға бірдей балама ретіндегі ақшаның көмегіімен жүзеге асады. Сондықтан
материалдық және материалдық емес игіліктер қызметтердің өндірілген массасы
– қоғамдық өнімнің натуралдық – заттай көрінісімен бірге оның ақшалай
көрінісі де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық – заттай
нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын
тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті
ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы бола2ды. Осы кезде пайда
болатын ақша экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қаржы тауар
қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы
қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес
түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық
категориялар – ақша, баға, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары
пайдаланылады. Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан-алуан
нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады. Және міндетті түрде
ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі
әртүрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады.
Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары;
негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу табысты бөлу
және кәсіпорындарды, фирмаларда, ішкі шаруашылық арналымының қорларын
қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару;
қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспорталатын тауарлар үшін кеден
баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-
қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа бір иеленушіге беруі
болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсаса қаржы операцияларында
ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.
Қаржы ұғымы ақша нысанынд2ағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты
болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша
қатыстарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика
жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын – ақша
ағынын бейнелеп көрсетті.
Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша
қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауардың,
жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
Қаржы – ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол
әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі
субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша
қатынастарын білдіреді, сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық
қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау ,бөлужәне қайта бөлу
процесінде қалыптаса отырып ,қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға
жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып
табылады.Қаржының басты белгілерінің бірі- тұлғалануының ақша нысаны және
ақшаның нақтылы қозғалысы мен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек қаржы
қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақты қозғалысымен
аңғартып отырады.
Алайда қаржы қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санаудұрыс болмас
еді.Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің,оның аумақтық
бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жасалаын
ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады.Ақша қатынастары
жалпы алғандақаржыдан кең.Қаржы тек ақша қорларының ,атап айтқанда табыстар
мен қорланымдардың тқозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана
қамтиды.Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді.Қаржы
қатынастарының жиынтығына ,мысалы шығандарының барлық түрлерін ақшалай
есепке алу мен бақылау жасау ,өндірілген өнімді ақша нысанында
өлшеу,өзіндік құндыкалькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау ,ақшалай
түсімді есепке алу мен сақтау,ақша айналысын реттеу және басқалары
кірмейді.Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және кезінде пайда
болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқы2зуға болмайды.Себебі мемлекет
бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық- құқықтық әдіспен реттеп отырады.
Ақша қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің теңдігі бұл әдіске тән
өзгеше нышан болып табылады.Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының
өзіндік қаржылық емес өзгешелігі болады.Кез келген ақша қатынастары қаржы
қатынастарын білдіре бермейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да,функциялары жағынан да айырмашылығы
бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек
шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы – жалпы ішкі өнім мен
ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша
қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге
және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі статияларына жеке экономикалық
категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес. Ақшаның нақтылы қозғалысы
ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші статьяларында бөлуде жәнее
айырбастауда болады. Екінші статьяда ақша нысанындағы құнның қозғалысы
тауарлардың қозғалысынан оқшауланады. Және оның щеттелуі мен бір
иеленушілерден басқа иеленушілерге өтуімен қатар немесе құнның әр бөлігінің
мақсатты оқшауланумен бір иеленушінің шеңберінде сипатталады. Үшінші
статьяда бөлінген құн ақша нысанындағы тауар нысанына айырбасталады. Бұл
жерде құнның өзінің шеттетілуі болмайды. Сөйтіп ұдайы өндірістің екінші
статьясында құнның ақша нысанының біржақты қозғалысының орны болады. Үшінші
статьяда құндардың екіжақты қозғалысы болады. Оның бірі ақша нысанында, ал
басқасы тауар нысанында болады. Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну
статьяларында мұндай қозғалыстың болмуы олардың қаржыны пайда болуының орны
еместігін дәлелдейді. Бөлінген құн ақша нысанында тауар нысанымен
айырбасталатын, яғни сатып алу сату актілері жасалатын айырбастауда қаржыға
орын жоқ. Қаржының іс-әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу
статьясында асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған
болып есептеледі. Сонымен қаржы мен қаржы қатынастары пайда болып іс-әрекет
ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу
статьясы болып табылады.
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса
маңызды белгілері болып табылады. Оның ақтық белгілері емес аса маңызды бұл
белгілер бағаға да, еңбекақыға да, кредитке де ортақ. Қаржының нақтылы
жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның
маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары істің шын мәнінде қаржы
қатынастарының объектілері болып табылады.
Қаржы бұл – шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекеттерде
ақшалай табыстар мен қорланымдарда қалыптастыру мен сонысмен бірге оларды
ұдайы ұлғаймалы өндіріске қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін
қанағаттандыруғы пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және
ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын
ақша қатынастары.
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай
қозғалыстың шарты тауар ақша қатынастарын болуы және экономикалық заңдардың
іс-әрекеті болып табылады. Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан тауар-
ақша қатынастарының болунан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен
туындайды. Мемлекет қаржы ресурстарының объективті қажеттігін ескере отырып
оларды пайдаланудың әртүрлі нысандар жасай алады. Төлемдердің әртүрлі
түрлерін енгізеді немесе күшін жояды, қаржы ресурстарының нысандарын
өзгертеді. Шаруашылық жүргізу сферасфында үнемі өзгеріп отыратын ұдайы
өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз ете отырып, қаржы-өндіріс
үйлесімдерін тұтынудың қажеттіліктеріне бейімделуге мүмкіндік береді.
Қаржының басты арналымы табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет
пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген
қажеттіліктерін қанағаттандырып жұмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық
қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында
жасалатын ақша ресурсының құрамы мен құралымының өзгеруіне жеткізеді. Қаржы
ресурстары болмаса қаржы механизімі арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең
мүмкіндіктерін пайдаланып мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге
асыра алмайды.
Мемлекет дәстүрлі функциялардан басқа шаруашылық процестерді реттеу
жөнінде едәуір экономикалық фунцияларды орындайды. Мемлекет қаржысының
көмегімен салалық және аумақтық аспектілерде қоғамдық өндірістің ауқымы
реттелінеді. Басқа қоғамдық қажеттіліктер қанағаттандырылады. Мемлекеттік
сектордың қызметімен байланысты қаржы қатынастары елеулі дәрежеде қоғамдық
тауарлар деп аталатындары – мемлекет қаржыландырылатын және бірлесіп
тұтынылатын материалдық, сонымен бірге материалдық емес сипаттағы игіліктер
мен қызметтер көрсетуді өндіру мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұған қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілері, жол торабы,
мемлекеттік биліктің, басқарудың, құқықтық тәртіпті қорғаудың, қорғаныстың,
қоршаған ортаны қорғаудың органдары мен мекемелері, ішінара халыпты
әлеуметтік қорғау, кепілдемелі деңгейде жатады.

1.2. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы.

Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси
фунцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін
елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономикамен
сойиумдағы сан-алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың
өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттік қаржысы мемлекеттің, оның
кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды
мемлекет пен оның кәсіпорындарының фунцияларын орындауға пайдалану үшін
қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта
бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекет, бір жағынан, жеке кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер,
азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақша қатынастарының субъектілері
болып табылады.
Ішкі ұлттық өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары
көлемінің озыңқы қарқынымен өсуі мемлекеттің қаржыларына тән сиапт болып
табылады. Бұл құбылыс XIX ғасырдағы несміс экономисі Вагнердің заңы –
өспелі мемлекеттік белсенділік заңы ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес
өнеркәсіп саласы дамыған елдерде мемлекеттің шығындары өндіріс көлеміне
қарағанда жылдамырақ өсуі тиіс. А.Вагнер мемлекеттік белсенділіктің өсуін 3
фактормен байланыстырды:
1. экономика дамуының нәтижесінде экономикалық тірліктің
күрделенуімен және еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан
тиімді және ұтымды экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді
қолдаудық қажеттілігін жеткізді.
2. техника мен технологияның дамуы капиталдың үлкен мөлшеріне
қажеттілікті қажет етеді, бұл капиталды майда фирмалардың алдында
артықшылықтары бар акционерлік компаниялар немесе мемлекеттік корпорациялар
қамтамасыз ете алады. Мемлекет монополиялардың қызметін реттеу үшін
тех2никалық шарттар бойынша олар құрылатын өндірістерге қатысуы тиіс.2
3. көрсет8ілетін қызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға
төзбейтін білім беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет
белсенділікті күшейтеді. Сөйтіп А.Вагнердің заңы нарықтық шаруашылықты
белгілі бір шектеулігін және экономикалық процестерді мемлекеттік реттеудің
қажеттігін дәлелдейді. Мемлекет қаржысының фунциялары экономикалық
категория болып келеді. Бұл бөлу мен бақылау функциялары. Алайда бөлгіштік
функциядағы мемлекеттің қаржысы неғұрлым толық сипаттау үшін мемлекеттің
реттеуші іс-қимылдарының қажеттілігінен туындайтын құрамдас қосалқы
функцияларды бөліп көрсеткен жөн.
1) орналастыру
2) қайта бөлгіштік
3) тұрақтандыру қосалқы фунциялары.
Орналастыру қосалқы функциялары қоғамдық тауарлар игіліктер мен
қызметтер көрсету нарықтық жүйе арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін
еместігінде, мемлекеттің оларды өндіру және халықты қамтамасыз ету үшін
ресурстарды бөлуі және орналастыруы қажеттілігінде көрінеді. Қоғамдық
тауарлардың ресурстары көбінесе салықтардың есеьінен қалыптасатындықтан
жекеше рыноктық тауарларды өндірудің үмкіндіктері шектелінеді. Оңтайландыру
проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып көрінуі мүмкін. Түрлі
фискалдық құралдар арасында бөлініс көбінесе тікелей мыналар арқылы
орындалады: табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары табыстарға
үдемелі салық салумен ұштастыратын салықтық трансферттік тәсіл арқылы
баламалы түрдегі бөлініс жалдаушылардың төмен табыс болатын тұрғын үй
секілді қоғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын
прогресмсивті салықтар орындалуы мүмкін. Ақырында қайта бөлуге табысы төмен
тұтынушылар пайдаланатын тауарлардың қаражаттандыруды ұштастыру арқылы
жетуі мүмкін. Тұрақтандырудың қосалқы жүйесінің іс-әрекеті сыртқы сауда мен
төлем балансының жай-күйін нәтижелерін ескере отырып жоғары жұмыспен
қамтуға бағаны тұрақтандыру мен экономикалық өсудің қолайлы дәрежесін
қамтамасыз етуге дайын. Мемлекет қаржыларының экономикалық мазмұны бірыңғай
емес, олардың құрамында жеке оқшауланған буындар бөлінеді. Олардың
әрқайсысы өзгеше функцияларды орындайды. Мемлекеттің қаржысы республикалық
және жергшілікті деңгейлерде іс-әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті,
бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кәсіпорындар мен ұйымдардың
қаржыларын кіріктіреді. Экономикалық және әлеуметтік сфераға мемлекеттік
басшылықтың мемлекеттің қаржысы жалпы мемлекеттік және жергіліктьі қаржылар
болып бөлінеді.
Мемлекет қаржысының құрамында республикалық және жергілікті
деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік қатынастар мен өзара байланыста маңызды
роль атқарады. Қазақстан республикасының аумағында жалпы фунцияларды
орындау үшін республикалық бюджет қалыптастырылады. Ол мемлекеттік мақсатты
қаржыландыруға қарулы күштер мен басақру органдарды ұстауға байланысты
мемлекеттің шығыстарын қамтамасыз етуге арналған. Бюджеттік қатынастар
жүйесінде жергілікті бюджеттерге маңызды роль беріледі. Жергілікті
бюджеттер өндіргіш күштерді орналастыруғы ықпал етеді. Еңбек ресурсының
ұдайы өсіне көмектеседі. Бюджеттерде қаражаттар иесізденеді. Қорлардың
дербестігі актқарушы органдардың қатысуынсыз дербес басқаруды қажет етеді.
Мемлекеттік секторлардың жұмыс істеуі мемлекеттік меншіктің болуына
негізделген. Мемлекеттік қазына республикалық және жергілікті қазына болып
бөлінеді. Республикалық қазына мыналарды қамтиды:
1) республикалық бюджеттің қаражаттары,
2) мемлекеттің алтын – валюта қаражаттары,
3) мемлекеттік меншіктің құқығы, жер, өсімдік жануарлар, табиғи ресурстар.
1.3. Қаржы жүйесінің ұғымы.

Қаржы жүйесінің ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы
және нақтылана түсуі болоып табылады.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып,
пайдаланылатын қатынастарың, сонымен бірге бұл қатынастарды
ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды.Қаржы жүйесінің ұғымы
кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы
ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эвалюциядан өтті.
Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға
мәлім, әдетте, бір ғана буынмен - мемлекеттік бюджетпен шектеледі.
Классикалық каптализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті
елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО – ның қаржы жүйесін екі
негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады.
Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың
көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын
орындап отырды.
Қаржы жүйесі терминінің жоғарыда келтірілген анықтамасында
қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық - экономикалық
процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы
үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш
бөлікті қамтиды:
1) каржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық
жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында
пайда болатын экономикалық, ақша ктынастарының жиынтығы қаржы
қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мына екі сфераны қамтиды:
1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған
ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын
экономикалық ақша қатынастары;
2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық
айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы қатынастарыөзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік
қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен
субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қаржы жүйесі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне талдау
Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру ерекшеліктері
Қаржы жүйесінің құрылымы немесе 2004 - 2006 жылдардағы қызметін талдау
Қаржы жүйесінің мәні
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы ақпарат
Қаржы мәні және қызметтері
Қаржы жүйесі: мәні, түсінігі және құрылымы
Қаржы функциялары
Пәндер