Қазақстанның өнеркәсіптің дамуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақстан тарихы және мәдениеті кафедрасы

№1 семестрлік жұмыс

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырыбы: XX ғ.басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп саласының дамуы,ерекшелігі және сипаты
Мамандығы: Автоматтандыру және басқару
Орындаған: Баймұханов Темірлан Парахатұлы
Тобы: АУк-18-9
Тексерген: доцент,Раджапов Анарбай Өскенбайұлы

_______________ _______________ ____ _________2018 ж.
(бағасы) (қолы)

Алматы 2018

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. ХХғ. басындағы Қазақстанның өнеркәсіптің дамуы
2. XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Мақсаты: XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп саласының дамуымен ерекшелігін сипаттау.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Қазақстанның өнеркәсібінің даму проблемалары, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы оның қалыптасуының негізгі бағыттыры мен дамуына тарихи-сын тұрғысынан талдау жасалған. Қазақстанды өнеркәсіптік игеруге байланысты патша өкіметі мен Кеңес мемлекетінің саясаты анықталып, талданып, өнеркәсіп құрылымының негізгі қайшылықтары мен өзгерістері, қарастырылған кезеңдегі жаңа өнеркәсіп өндірістері мен салаларының пайда болуы туралы баяндалған.Кіріспе бөлімде,біз XX ғасырдың өнеркәсіп саласы жайлы айтатын боламыз.Мұнда XX ғасырдың ең қарқынды және жақсы дамыған өндіріс орындары жайлы айтамыз.Қазақстанның әр түпкірінде қандай сала дамығанын, XX ғасырдың басында Ресей және шетел мемлекеттерімен,қандай байланыста болғаны жайлы сөз болмақ. ХХғ. басындағы Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы өлкенің экономикасына әсері. XX ғасырдың басында патшалық Ресей Қазақстанның тау-кен байлықтарына көзқарасы.Ауылшаруашылғының маңызы,Темір жолдардың салынуы арқылы көптеген өнеркәсіптердің дамуы,өркендеуі. ХХғ. басындағы Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы өлкенің экономикасына әсері.Егерде өнеркәсіп XX ғасырда жақсы қарқынмен дамыған болса қазіргі Қазақстанның жағдайы мүлдем бөлек болушыма еді кім біледі? Бірақ өнеркәсіптің дамуы жергілікті халықтың керегіне жете алмады, олардың мақсаты патшалық Ресейді қамтамасыз ету болды. Қазақ елі тек шикізат жеткізуші ғана болып қала берді, сол себепті бізде ірі өнеркәсіп орындар болмады. Барлық құрал саймандар, машиналар,күрек,ломдар Уралдан әкелінді. Күнделікті тұрмыстық жағдайда қажет ететін қант, күкірт,керосин, металдарда әкелінетін болған.Ресей патшалығы Қазақстанда ауыр өнеркәсіптің дамығанын қаламаған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда өнеркәсіптер пайда бола бастайды. Бұл кезең Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталу кезеңі еді. Ресейде капитализмнің дамыған, әсіресе экономикасының, соның ішінде өнеркәсіптің біршама тез дамуының кезеңі болды. Қазақстанның Ресейге экономикалық жағынан қосылуы сондай-ақ өнеркәсіп ошақтарын құрумен айқындалды. Ресейге крепостнойлық құқықты жойғаннан кейін Ресейлік капитализімді "кеңінен" тарату кезеңі басталады. Ең алдымен Ресейлік кәсіпкерлер Қазақстанда құрылып жатқан таулы-зауыттарға тартыла бастайды. Қазақ даласындағы кең орындарына көпестік капиталда назар аударады.Алайда ХХғ. басындағы Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы өлкенің экономикасына әсер етпеді, олардың шаруашылық өміріндегі рөлі шамалы болды. Бір жағынан алғанда, капиталистік бұрғыда ұйымдастырылған шамалы кәсіпорындар болса, ал екінші жағынан, қолөнер өндірісі мен экстенсивті мал шаруашылығы орын алды. Өнеркәсіпте өндірілген өнімдер шикізат ретінде сыртқа шығарып, алынған пайда да Қазақстанда қалмады. Жоғары пайда табу мақсатында ресейлік және шетелдік кәсіпкерлер қарапайым кәсіпорындар ашқан. Сондықтан да ашылған рудниктер, кен орындары мен тағы басқалары да ұзақ уақытқа созылмады.
Ресейдің Қазақстандағы экономикалық саясаты аймақты шикізат көзіне және өнім өткізу нарығына айналдыруға бағытталды.XX ғасырдың басында патшалық Ресей Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Таулы-зауыт өнеркәсібі ошақтарының бірі Қазақстанның солтүстік шығысы - АЛТАЙ болған. Риддерлік полиметалл кен орындары ХVІІІғ. соңында-ақ өңделе бастады. Алтайда ашылған рудниктер, Романовтар әулетіне қарайтын металлургиялық зауыттарды негізгі рудамен жабдықтаған, өндірістің негізі өнімі сол уақытта жұмыс еді. Кенді Алтай жерлері патша отбасының кабинеттік жерлер деп аталатын жеке меншігі болды. Риддерлік кен орындарымен қатар Зырян, Зменногор және Ертіс маңындағыларда белгілі болған. "Орыс-Азиялық корпорациясы" ірі кәсіпкерлік бірлестік бола басталды. Оның құрамына Ресей банкілерінің өкілдері-Орыс Азия және Петроградтық жеке коммерциялық банк кіреді. Путилов пен Давидов 1912ж. Лондонда құрылған Орыс бас корпорациясың ірі мұнай компаниясының директоры болған.1914ж. Орыс-Азия корпорациясың Қазақстанда екі тау-өнеркәсіптік; риддерлік және қырғыздық акционерлік қоғамдарын құрды. ХХғ. басындағы экономикалық дағдырысқа байланысты ол басқа қожайындарға өтеді. Мұнай өнеркәсібі өзінің ең алғаш пайда болуынан бастап экономиканың аса монополияланған саласы болды. ХІХғ. ортасында каспий маңын геологиялық зерттеу басталды. 90-ж Ембіде "Леман және К" бірінші мұнай өнеркәсіптік компаниясы құрылды. 1907ж ағылшындық кәсіпкерлер Леманнан жалға беру шартын сатып алып "Орал-Каспий мұнай қоғамын" құрады. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал - Жем мұнай ауданы).ХХ ғасырдың басында Қазақстанның тарихи өмірінде елеулі өзгерістерге толы, аса бір алмағайып оқиғалар болған еді. Атап айтқанда, бұл кезеңде Қазақстан территориясы Ресей империясының ішкі отарына айналып, өзінің саяси-экономикалық дербестігінен айырылған, орыс мемлекетінің құрамдас бөлігі ретінде танылды. Бірнеше ғасыр бойы ұлы далада қалыптасқан көшпелі цивилизацияның рухани, мəдени, саясиқұқықтық жүйелері дағдарыс шырмауығына маталып, қазақ қоғамында бұрын мүлде беймəлім болып келген құбылыстардың орын тебе бастағанына Ресей ықпалы тигендігі анық еді. Атап айтқанда, орыс, шетел капиталдарының енуі мен өнеркəсіп ошақтарының пайда болуы, жұмысшы табының қалыптаса бастауы, қалалар мен поселкелердің көбеюі, т.б. құбылыстар қазақ даласына буржуазиялық қатынастардың алғашқы нышандарын таныта бастаған. Ресей капитализімінің кеңістік шеңберінде өсуі - Қазақстанда тауар айналымының күшеюіне тікелей жағдай туғызып, қазақ қоғамында да капиталистік қатынастардың дамуына ықпалын тигізді.
Май өндіретін, етті консервілеу өнеркәсіптері Ақмолада, Семейде, Петропавлда ашылды. Мал шаруашылығы өнімдерін ендеу кәсіпорындарының ішінде былғары шығару ісі жетекші орын алды. Былғары өндірісімен қатар қолғап тігетін, пима басатын кәсіпорындар жанында қой терісінен тон тігу қолға алына бастады.Тон тігетін кәсіпшіліктер Петропавл және Ақмолауездерінде жедел дамыды.Жергілікті жерлерде жүн шикізаты алғашқы ғана өндеуден өтіп, Ресейге жөнелтілді. Далалык өлкеде өңдеу өнеркәсібінде ұн тарту ісі маңызды орын алды. Ақмола облыстарында астық алқаптарының көлемі ұлғайды. Астық алқаптарының жартысынан көбінде бидай өсірілгендіктен, ұн тарту кәсіпорындарына жөнелтілді. Ұн тарту кәсіпорындары Сібір темір жолы бойында орналасқан Омбы, Семей, Петропавл, Орал, Ақмола сияқты қалаларда шоғырланды.Дала өлкесінде спирт, арақ-шарап өндіретін қаржы министріне бағынатын Томск-Семей және Тобыл-Ақмола акциздік мекемелері құрылды. Шарап монополиясы мемлекет кірісінің 30%-ын жауып отырды. Сонымен қатар спирт өнеркөсібі сыра қайнату өнеркөсібінің дамуына да ықпал етті.Құрылыстарға және шаруашылыққа қажетті орман ағаштарын кесетін өнеркөсіп дамыды. Мәселен, Сібір темір жолы құрылысына көп ағаш жұмсалды.Кебінесе ағаш құрылысымен,олармен қазыналық мекемелер айналысты. Қазақстанда ұсақ тауар ендірісінің үлесі кашанда ірі өнеркөсіп үлесінен жоғары деңгейде болды.Кәсіпшілік пен қолөнер түрлері әр аймақтағы шикізат түрлеріне қарай дамыды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тері еңдеу, киіз басу, кілем тоқу кеңінен таралды. Мысалы, Ақмола уезіне қоныс аударған шаруа қожалықтарында жер өңдеуден кейін астық тарту, май тарту, май шайқау көсіпшіліктері екінші орын алды. Әсіресе ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу көсіпшілігімен егістік жері жоқ шаруашылықтар айналысты.Жетісуда шарап жасау енеркөсібі XIX ғасырдың 60-жылдары пайда болды, XX ғасырдың мануфактура өндірісі механикаландырылып, өнімдері жоғары сапалығы жағынан бірнеше рет шет жерде жүлделерге ие болды. Сол сияқты Верныйда темекі жасау, ағаш өңдеу, шұға тоқу өнеркәсіптері дамыды. Түркістан мен Шымкентте мақта тазалайтын кәсіпорындар жұмыс істеді. Арал, Балқаш, Зайсан, Каспийде балық жинау, аулау көсіпшілігі болды.Сонымен, ауыл шаруашылығы шикізатын өндейтін өнеркөсіптердің ішіндегі ірі ұн тарту, шарап жасау, орман ағаштарын кесетін, металл өңдейтін салаларда фабрика өндірісіне көшу басталды. Қалған тері өңдеу, былғары жасау, балауыз, пима басу, тон тігетін, май шайқайтын, кірпіш құятын, т.б. көсіпорындар ұсақ кол еңбегі басым өндірістер қатарына жатты. Олардың көбі үй көсіпшілігі, қолөнер сипатында болды, кебінесе отбасы мүшелері мен мерзімді жұмыскерлердің еңбегі пайдаланылды.Қазақстан Ресей өнеркөсібінің негізгі шикізат базасы қызметін атқарды. Өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру саласы өте төмен деңгейде қалды. Қазақстандағы түсті металл кен орындарын игерудің басталуы. Ежелгі заманнан бері Орталық және Шығыс Қазақстан аймағында тау-кен өндірісі мен мыс, қорғасын, қола, күміс, алтын металлургия өндірісі дамығандығы тарихтан белгілі.Қазақ өлкесіне кен іздеп келгендердің алғашқыларының қатарына Томск губерниясынан алтын өнеркәсібімен айналысатын С.И.Попов және,оның балаларын жатқызуға болады. Алтайөңірінде бірнеше алтын кеніштері болған Поповтар Баянауыл және Қарқаралы сыртқы округі қазақтарының арасында қосымша сауда ісін жүргізумен де айналысқан.1820 жылдан бастап Попов үкімет органдарының рұқсатымен ежелгі Берікқара кенішінен күміс-қорғасын рудаларын Алтай металлургия зауыттарына Ертіс бойымен тасып әкете бастады. Тек 1854 -- 1860 жылдары ғана кеніштен таза 1 млн 300 мың сом таза пайда түсті. Көпес әрі кен кәсіпкері Попов Қарқаралы және Баянауыл округтерінде кен өндіру және тау-кен зауыттарын салып, оның шикізатымен Алтай металлургия зауыттарын жабдықтап тұрды.Қарағанды көмір кеніштері, сол сияқты Спасск мыс зауыттарында көмір өндірістеріне енетін тағы басқа Спасск, Воскресенск, Успенск және Жезқазған мыс кеніштері, Саран көмір кеніші және Спасск мыс балқыту зауыты -- осылардың бәрі 1847 жылдан 1904 жылға дейін кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов, т.б. екі Екатеринбург кәсіпкерлерінің компаниясына тиесілі болды. Кейіннен компания тараған кезде ең көп қаржысы бар (50%-дан астам) Рязанов барлық Спасск мыс кендері өндірісінің толық қожайынына айналды.Рязанов өндірісті 1904 жылы шетелдіктерге сатты. 1904 жылдан 1919 жылдың соңына дейін патша үкіметінің келісімімен шетелдік "Спасск мыс кені" акционерлік қоғамын басқарды. Осылайша Қарағанды кемір кеніші, Спасск мыс өндірісі, т. б. ағылшын мен француздарға жалға берілді.Патша үкіметі Қазақстанға метрополияның тек шикізат көзі ретінде қарады. Сондықтан тау-кен және көмір кеніштерін өндіруге қазақтардың өздерін жібермеді. Мәселен, Қарқаралы уезінің бай қазағы Керсембек Қалмамбетовтің 1886 жылғы күміс-қорғасын орындарын алғаш ашушы ретіндегі ресми етініші қанағаттандырылған жоқ. Сол сияқты осы уездегі тас көмір кенішін игеру туралы 1903 жылғы Қазанғап Досановтың өтінішіне де теріс жауап қайтарылды.1856 жылы Қаржы министрінің нұсқауымен Баянауыл округінің аға сұлтаны Мұса Шормановқа алтын және кен кәсібімен айналысуға рұқсат бермеді. Павлодардан Балкашқа дейін созылып жатқан Екібастұз көмір кеніші және басқа пайдалы қазбалар "Воскресенск кен өнеркәсібі акционерлік қоғамына" қарасты болды.Ұзындығы 110 шақырым болатын Екібастұз -- Ермак темір жолын осы 1899 жылы ұйымдасқан "Воскресенск кен өнеркәсібі" акционерлік қоғамы салды. Бұл қоғамның негізгі акционерлері Деров, Бродский, Викторский, Смирнов және басқалар. Қоғамның жоғары басқармасы Киевте орналасты. Қоғам бес жылға (1899 -- 1903 жылдары) жуық, 1903 жылғы дағдарысқа дейін емір сүрді. 1913 жылы барлық зауыт кеніштері, Екібастұз көмір бассейні және темір жол бар дүние-мүлкімен ағылшын-француз капиталистерінің қолына өтті.1914 жылы Лондондағы Орыс Азия корпорациясы ағылшын миллионері Л.Уркварттың басшылығымен екі кен өнеркәсібі акционерлік қоғамын негіздеді: "Қырғыз (Екібастұз) кен өнеркөсібі акционерлік қоғамы" және "Риддер (Лениногорск) кен өнеркәсібі акционерлік қоғамы".
Лесли Уркварт және оның компаниясы қарамағында сол кезде Оралдың түсті кен әндірісі ошақтары болды. Британ қаржы олигархиясының аса ірі екілі Л.Уркварт басқарған ағылшын-американ кәсіпкерлері аса бай Кенді Алтай және Екібастұз өңірінде ескі кәсіпорындарды қайта қалпына келтіріп, жаңаларын салуға кірісті.1914 -- 1915 жылдары Риддер кен байыту фабрикасы іске қосылды. Оларда байытылып қайта өңделген мырыш және қорғасын концентраттары ұзақ жол жүріп Екібастұзға жеткізілді. Екібастұз көмірі мен коксінде олар балқытылған металға айналды.Қазақстан өнеркәсібі нашар дамыды. Сауда операцияларынан көп пайда түсетін болғандықтан, орыс және жергілікті буржуазияның ауыр өнеркәсіпті дамытуға ынтасы болмады. Сонымен қатар ауыр өнеркәсіп ірі капиталды қажет етті. Дегенмен өлкеде көмір, мұнай, мыс кендерін өндіретін кәсіпорындар ашылды.Ресейлік кәсіпкерлер көбінесе өз капиталдарын ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін фабрика-зауыттарға бағыттады. Ауыл шаруашылығы шикізатын пайдаланумен қатар алтын, тас көмір, мұнай сияқты пайдалы қазбаларды өндірумен айналысты. Қазақстанның табиғат байлықтарын игеру XIX ғасырдың 30 -- 40-жылдарынан басталды. Бұл кезеңде Спасск зауыты, Успенск және Жезқазған кеніштері жұмыс істеп жатты.Көптеген бай кен орындарын қазақтардың өздері тапты. Мысалы, 1833 жылы Апақ Байжанов деген кедей қазақ Қарағанды аймағында тас көмір кенін тапты. Бұл кен орыны Игілік Өтепов деген байдың жайылымында орналасқан еді. Әтепов бұл кен орнын 250 сомға Ушаков деген көпеске сатады. Екібастұз тac көмір кенін жұмысшы Қасымов ашты. Екібастұзкөмірі Ертіс су кемелері мен Сібір темір жолында үлкен сұранысқа ие болды.XIX ғасырдың соңында тау-кен өнеркәсібі шетелдіктердің қолына өте бастады. Австриялық ақсүйек Турн-Такме Риддер мен Зыряновск түсті кен орындарына қожалық етті. Атырауауданындағы мұнай орындары француз Нобель дегеннің қол астына қарады. Шетелдіктер аса зор пайдаға кенеліп, арзан жұмыс көзі арқылы өлкенің қазба байлықтарын тонаумен айналысты.
Қазақстандағы өнеркәсіптердің дамуы экономикалық жағынан қазақ жерінің байлығына патшалық Ресей империясының монополиялық иелігін орнатты Қазақстанның негізгі халқы ауылдық жерде тұрып, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Оған мал ұстаудың жайылымдық-жартылай қолда бағу жүйесі, егіншілікпен, шөп шабумен жəне басқалар шұғылдану тəн болды. Қазақтар жылқы, қой, ірі мүйізді мал, түйе жəне ешкі өсірді.XIX ғ. аяғында - ХХ ғ. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдағы екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы
Тарих ғылымдарының кандидаты
Қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің мәселелері
Сауда жүйесі
Өнеркәсіп пен көлікті қалпына келтіру
Оңтүстік Қазақстандағы сауда-өнеркәсіп орталықтарының қалыптасу және даму тарихы
Өнеркәсіп экономикасы
ҚАЗАҚСТАН РНСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Қазақстан өнеркәсібін игеруге қатысты патшалық саясат
Қиылысудың геометриялық мінездемеси
Пәндер