Қамыр бөлшектеу машиналарын жіктеу
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Нан өндіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Қамырбөлшектеу машиналарын жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 8
1.3. Машиналарды жасауда материал таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..13
1.4. Қамырбөлшектеу машиналарындағы процестерді зерттеу ... ... ... ..14
1.5. РМК-60 қамыр бөлгіш машинасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
II. Есептеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.1. Техникалық есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2. Кинематикалық есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
III. Еңбекті қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Кіріспе
Нан - біздің Отанымыздың байлығы, халықтың негізгі тамақтану өнімі болып табылады (1 сурет).
1 сурет. Нан өнімдері
Тамақ өнімдері ішіндегі көшбасшылардың бірі болып нан пісіру саласы саналады. Оның өнімі ең керекті және оған деген сұраныс әрдайым жоғары болып табылады. Басты нан шығарушылар - үлкен нан зауыттары мен комбинаттар. Кішігірім нан пісіретін наубайханалар стандартты ақ нан мен қара нан өндірісі бойынша үлкен зауыттармен бәсекелесе алмайды, бірақ олардың сирек кездесетін нан түрлерін (мысалы, диеталық, ұлттық, эксклюзивті және т.б. нандар) пісіру бойынша нарықтан орын алып, жақсы табыс табуы әбден мүмкін, себебі олар кішкентай болғандықтан өте мобильді.
Нан сапасы егіс шаруашылығымен өте тығыз байланысты. Ал егістіктен біз астық аламыз. Алған астығымыздың сапасы неғұрлым жоғары болса, одан алған өнім сапасы да соғұрлым жоғары болады. Астық өндірілсе - ауыл шарушылығының ірі саласы. Астықтан ұн, нан, макарон, жарма, тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады. Астықты жер жүзінің түкпір-түкпіріне тасымалдауға қолайлы, ыстықтан да, суықтан да қорықпайды. Міне, осыдан барып барлық жер жүзіне кең тарап кеткен. Астық тамақ өнеркәсібінің шикізаты болғандықтан, ол ауыл шаруашылығынан тамақ өнеркәсібіне жақын. Астықтан алынатын ең маңызды өнімдердің бірі-нан және нан өнімдері. Нан және нан өнімдері тұрғындардың тамақтануында негізгі орын алады. Бұл өнімдері күнделікті қолданылып отырады, сондықтан да тағамдық құндылығы жоғары болып саналады. Нан адамға қажетті минералдық заттардың жетткізушісі.
Нанның құндылығын тек оның химиялық құрамына қарап қоймай, сонымен қатар оның дәмі, иісі, нанның жұмсақтығы, сыртқы пішініне де қарап бағалайды.
Халқымызды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешудің басты жолы алатын шикізаттарды дер кезінде ысырапсыз, шығынсыз, ұтымды, тиімді пайдалану, ал жақсы өмір қозғалысын қамтамасыз ету үшін ортамызды үнемі қажетті энергиямен, яғни белокпен, амин қышқылдарымен, май қышқылдарымен, минералды заттармен, витаминдермен қамтамасыз етіп отыру. Бұл энергия көздері нанда көп кездеседі, және организмге күнделікті түсіп отырады.
Халықты жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз ету ең негізгі кезек күттірмейтін міндет. Сондықтан барлық тағамдар, оның ішінде астық және оны өңдегенде алынатын өнімдер барлық жағынан алға қойылған шартқа сәйкес болу керек. Ол шарт мемлекеттік стандарттарда (ГОСТ-тарда) көрсетілген. Стандарт халық шаруашылығында маңызды орын алады. Сол арқылы халық шаруашылығының барлық салалары бірімен-бірі байланысады .Міне сондықтан мемлекет көлемінде наның сапасы қатаң тексеріледі. Ол тексеру барлық мекемелерге бірдей құжат-стандарт арқылы жүргізіледі.
Барлық қамыр бөлетін машиналар қамырды көлемдік қағидалар бойынша бөледі. Сол себепті біркелкі салмақтағы бөліктер алу үшін қамыр тұрақты біркелкі бөлінген тығыздықта болуы шарт. Қамыр бөлгіш машиналардың негізгі сапалы жұмыс істеу көрсеткіші қамыр бөліктерінің салмағының нақтылығы болып табылады. Қамыр бөлетін машиналар жұмысының нақтылығының соңғы мақсаты: стандартты азықты шығарумен қамтамасыз ету, өндірістік шығындарды қысқарту және қамырлық жартылай фабрикаттарды өндіруде технологиялық көрсеткіштердегі мүмкін болатын бұзылыстарды анықтау.Нан пісіру орындары- тамақ өнеркәсібінің ең маңызды саласы. Бұл сала еліміздегі ең жоғарғы сапалы машиналар мен аппараттарымен жабдықгалған. Соңғы кезде елдеріндегі машина жасау зауыттары нан пісіретін комплексті механикаландырылған, толассыз тізбектерді көптеп шығара бастады. Бұл комплекстер нанның бір немесе бірнеше түрлерін пісіруге арналған. Әлі де көптеген өндіріс орыңдарында қолмен атқарылатын операциялар кездеседі. Осы операцияларды механикаландыру жолында өнертапқыштар мен инженерлер көптеген машиналар мен қондырғылардың жаңа түрлерін жетілдіруде. Бұл қондырғылар өндіріс орындарына енгізілген кезде көптеген ауыр қол күшін керек ететін процестер механикаландырылады. Қазіргі нарықты экономика жолынша түскен республикамыздағы өндіріс орындарының шағын түрлерінің көбеюі конкуренцияның өркендеуіне кең ықпал жасайды. Себебі әрбір шағын өндіріс орынында ауыр қол жұмыстарының болмауы, пісірілген нанның сапасының жоғары болуы оның экономикалық көрсеткіштерінің тиімді болуын көрсетеді.
Нан өндіру технологиясы
Нан - негізгі қоректік өнім. Азық-түліктік өнім ретіндегі нанның ерекшелігі - қалдықсыз желінетіні. Өндіру технологиясын дұрыс қолданғанда нанның бүкіл массасы (100%) жеуге жарамды (1-кесте).
Нан өнімдерін мынадай негізгі топтарға бөледі: бидай ұнынан дайындалған нан; шығымы әр түрлі қара бидай ұнының наны; қара бидай мен бидай ұндарының қоспасынан дайындалған нан.
Ашыту тәсілімен нан пісіруді үш процеске бөледі: қамыр дайындау, оған шикізат дайындау да жатады, қамырды баптау (бөлшектеу) және пісіру.
Негізгі шикізатты дайындау. Қамырдың негізгі компоненттерін (ұн мен су) илегеннен кейін ашуға қажетті температураны (28-320С) қамтамасыз ететіндей қылып дайындайды. Сонымен ұнды төмендегідей тәртіппен дайындайды: +100С +200С температураға дейін жылытады, бақылау елеуіштерінде елейді, магнит аппараттарынан өткізеді және араластырады.
Суға қатаң талаптар: ол ауыз су көрсеткіштеріне және бактериялар мөлшері тиісті талаптарға сәйкес келуі тиіс, өйткені олардың көпшілігі нанды пісіргенде сақталады.
Тұз да азық - түліктік мақсаттағы стандарт талаптарына сай болуға тиіс. Оны алдын-ала ерітеді және алынған ерітіндіні сүзеді. Рецептураға кіретін тұздың мөлшері нанның көптеген сорттары үшін ұн массасының 1,3-1,5% құрайды (2 сурет).
Қамырды бөлшектеу
Қамырды дайындау
Шикізатты дайындау (ұнды,суды,ашытқыны) тұзды)
Қамыр илеу
Бөліктерді қалыптау
Ашыту
Алғашқы (аралық) жетілдіру
Қамырды араластырып,
басу
Бөліктерді соңғы қалыптау
Ашыту
Екінші (соңғы)
жетілдіру
Пісіру
Нанды суыту және
сақтау
2 сурет. Бидай нанын өндірудің технологиялық процесі
3 сурет. Нан өндірісінің сұлбасы
1-таразы, 2-ұнды себелеуіш машина, 3-су мөлшерлегіш, 4-қамыр илейтін машина, 5-дежа, 6 - дежеопрокидыватель,7-қамыр болгіш, 8-транспорт, 9-таразы, 10-нан кесуге арналған стол, 11-қалып толтырылған шкаф, 12 - ақырғы тындыру камерасы, 13-нан пісіретін пеш ( 3 сурет).
Қамырды дайындау (илеу) екі тәсілмен жүргізіледі: ашытқысыз және ашытқымен.
Бидай нанын пісіру үшін, 100кг ұнды 0,5-2% пішінделген ашытқы, 1-2% тұз, 50-70% су қосады.
Ашытқысыз тәсіл. Рецепт бойынша қамырға барлық құрам бөліктері бір уақытта қосылады. Бәрін араластырып илегеннен кейінқамыр қою болып шығады. Қамыр тығыз болғандықтан және оған рецепт бойынша барлық тұз салынғандықтан, ашытқының дамуы қолайсыз жағдайда болады, сондықтан да ашытқыны көп мөлшерде, әдетте 1,5% қосады. Ашытылу уақыты 3-3,5 сағат.
Ашытқымен ашыту. Қамырды екі бөліп дайындайды, әуелі сұйық ашытқыны, содан кейін ашытқыға басқа құрама бөліктерін араластырып, кәдімгі жұмсақ қамырға айналдырады. Қамырға рецепт бойынша қажетті судың 65-75% және ұнның 40-50% қосады. Ашытқы қамырдың құрамы сұйық болғандықтан, ашытқы екі есе (0,75%) кем қосылады. Қамырға қажетті тұздың барлығын немесе илеу барысында бірте-бірте қосады. Қамырдың ашу уақыты, ашытқысыз тәсілмен салыстырғанда ұзағырақ болады.
Қамырды өңдеу (иін қандыру) ашу кезінде жүргізіледі. Барлық қамырды жақсылап жұмсарту үшін және таза ауамен қанықтыру үшін ашу уақытында бір-екі рет араластырып, басқан жөн. Бұл жағдайда газдың біразы шығады, ал газдың қайтадан тезірек жиналуына ашытқы бөліктерінің біразының аэробтық тыныс алуға көшуі әсер етеді.
Ашыған (жетілген) қамырды, піскеннен кейін белгіленген массадағы өнім алынуы үшін, алдын ала қажетті көлемдегі және салмақтағы кесектерге бөледі. Қамырдың құрылымын жақсарту үшін және келешек бұйымды бір қалыпқа келтіру үшін, кесілген бөліктерді қалыптайды. Қалыпталған қамырдың соңғы ашуы 32-350С температурада жүреді. Бұл уақытта қамыр әрі қарай аши түседі, қалыпталған бөліктің көлемі өсе түседі. Қалыпталған қамыр ұнның қасиетіне, рецепт құрамына, бөліктің массасына, прцестің өту барысына байланысты әрі қарай 25-120 минут аралығында ашуын жалғастырады.
Нан пісіру - әртүрлі құрылысты наубайхана камерасында нан дайындаудың соңғы кезеңі. Нанды дөңгелек пішінді және арнаулы қалыпта пісіреді. Пісу процесінде қамыр жеткілікті мықты, тұрақты, пішінді нанға айналады. Нанның түріне байланысты пісіру температурасы 220-2800С болады. Пісіру уақыты нанның салмағы мен ұнның сортына байланысты болады. Ұсақ нандардың пісіру уақыты 8-12 минут, бидай ұнынан жасалған.
Нан өнімдері ассортименті әртүрлі және мыңға жуық.
Ұнның түріне қарай нан әртүрлі болады. Нан дайындау үшін ұнның барлық сорттары қолданылады. Өнімнің құрамына қарай жәй және жақсартылған болып бөлінеді. Жай нанға: ұн, тұз, су, ашытқы қосылады. Ал жақсартылған нанға: қант, май, жұмыртқа, мак, солод т.б. қосылады. Реализациялауға байланысты өнім массалық және даналық деп бөледі.
Қамыр бөлшектеу машиналарын жіктеу
Иленіп ашыған қамырды 1...2%- тік дәлдікпен жекеленген бөлшектерге бөлу қажет. Бұл процесс үшін қамыр бөлшектеу машиналары пайдаланылады.
Қамыр бөлшектеу машиналарының жіктелуі әр түрлі болады. Солардың бірі (Лисовенко А.Т. ұсынған) төмендегі 1 суретте берілген.
Поршенді сығымдағышы және бөлу барабаны бар қамыр бөлшектеу машиналарына маркалары CD, XTD, PMK, Кооператор, Мультимат, Парта, Универсал және басқа машиналар жатады.
Қалақты сығымдағышты бөлшектеу барабаны бар, машиналар қатарына A2-XTH машинасы жатады.
Білікті сығымдағышты машиналарға маркалары XDB, PT-2-PMK, XЛC-9 және басқа машиналар жатады.
Жаймалау білікшелері бар білікті сығымдағышты машиналар қатарына ФЛТВ, Гефра машиналары жатады.
Шнекті сығымдағышты машиналарға XMФ-M2, Кузбасс және басқа машиналар жатады.
Шнекті сығымдағышты бөлу барабаны жоқ машиналарына ХДР, Роботер машиналары жатады.
Маркасы А2-ХЛ1-С9 қамыр бөлу - домалақгау агрегаты.Агрегат білікті сғымдағыштан және конусты домалақтағыштан тұрады. Ұсақ нан түрлерін ендеуге арналған. (0,05...0,23 кг).
Агрегат 2-кақпағы: бар 1-қабылдау шанағынан, екі 3-қоректендіргіш біліктерден, 4-біліктен және 5-бөлу барабаньшан түрады. Алдыңы 3-біліктің астынңғы жағында оның бетін тазалауға арналған 17-пышақ орнатылған. Бөлу барабанының ішінде 6-гильзалар орнықгырылған. Олардың ішіндегі 16-жылжымалы поршеньдер өлшемді қалталар жасайды. Өлшемді қалталардың көлемдерін өзгертуге арналған 5-бұранда мен 7-планка барабан ішіне орнатылған.
Бөлу барабаны 8-арқауға орнатылған. Оның ішінде 12-электрқозғаушы 10-вариатор, 11-редуктор және 9-негізгі білік бар. Қамыр дайындамаларын домалақтауға арналған 14-машина жеке 13-жетекпен камтамасызданған.
Қабылдағыш шанақ ішіндегі қамыр 3-біліктер арқылы жұмысшы камерасының ішіне тасымалданады. Одан ары айналған бөлу барабанының өлшемді қалталары сығымдалған камырмен толтырылады. Ары қарай айналған белу барабанының ішіндегі поршеньдердің көмегімен дайындамалары сыртқа шығарылады да домалақтау машинасының ішіне түседі.
Айналмалы бөлу барабаны және шнекті сығымдағышы бар
қамыр бөлу машиналары. Бұл машиналар қатарына маркалары
ХДФ-М2, "Кузбасс" және басқалар жатады.
Маркасы "Кузбасс" қамыр бөлу машинасы.Машина бір шнекті сығымдағыштан және айналмалы бөлу барабанынан тұрады. Бөлу барабанының ішінде жылжымалы поршеньдер арқылы өлшемді көлемдер пайда болады. Машина қара бидай немесе төменгі сортты бидай ұндарынан дайындамалар жасауға арналған.
Осы машинаның негізінде маркасы ДПА бөлу-отырғызу автоматы жасалынған (сурет). Автомат қамыр дайындамаларын транспортер үстіндегі ұяларға салып содан кейін дайындамаларды толықсыту шкафының ішіндегі бесікшелерге отырғызады. Автоматтың өнімділігі минутына 80 дайындама.
4 сурет. А2-ХЛ2-С9-бөлу-домалақтау автоматының
кинематикалық схемасы.
1-элсктроқозғаушы; 2-вариатор; 3-рсдуктор: 4,5- сығымдау біліктері; 6-муфта; 7-өлшемді поршень; 8-бөлу барабаны; 9-реттеу бұрандасы; 10-копир; 11- білік; 12- екі сатылы шкив; 13-элскгрқозғаушы; 14-домалақтау машинасы; 15-түсіру механизмі; 16-итеру білігі; 17-жұдырықша; 18-қисық иінді шатунды механизм; 19- сақтандыру муфтасы.
Автоматта 1-қабылдау шанағы, цилиңдр тәріздес 2-жұмысшы камерасы, оның ішіндеіі 3-сығымдағыш шнегі бар. Жұмысшы камерасына 5-жең арқылы 6-бөлу барабаны бекітілген. Бөлу барабанының астында 10-шынжырлы транспортер орнатылған. Транспортерге 11-шөміштер жалғасқан. Транспортер 13-жұлдызшалар арқылы керілген. Керекті шөміштер саны дайындамалармен толтырылған кезде олар аударылып ішіндегі дайындамалар шкаф бесікшелеріне бекітілген ұяларға түседі.
5 сурет. Маркасы ДПА бөлу орнықтыру автоматы.
I -қабылдау шанағы;2-жұмыс камерасы;3-шнек;4-жең;5-жең ауызы;6-бөлу барабаны;7-барабан айналдыру
Мехнизмі8-ролик; 9- планка;10 - транспортер;11 - шөміштер;12 - саусақша;13 - жұлдызша;14 - рама;15 - электрқозғаушы;16 - негізгі білік;17 - редукгор;18 - аркау;19 - диафрагма.
Бөлу барабаны жоқ шнекті сығымдағышы бар қамыр бөлу машиналар қатарына ХДР , "Роботер" және басқалар жатады. Бұл машиналарда қамыр дайындамалары сығымдалып машина мундппугінен шыққан қамырды пышақпен бөлу арқылы алынады. Пышақтың айналым жылдамдығына байланысты қамыр бөлшектерінің массалары реттелінеді. Машиналардың бөлу дәлдігі төмеңдеу болады.
Маркасы Soca қамыр бөлшектеу машинасы кез келген қамыр дайындамаларының түрлерін бөлшектеуге арналған. Машинада қамыр сығымдауға арналған қалақты сығымдағыш және білікті қоректендіргіш орнатылған. Қамыр бөлшектерін мундштуктен сығымдалынып шыққан камыр білемін, пышақпен кесу арқылы алынады. Қамыр дайындамаларының массалары 0,4...1,5 кг. Машинаның өнімділігі минутына 40 дайындама. Қондырылған қуат мөлшері 1,5 кВт, ал сыртқы өлшемдері 1400x720x1600 мм
Шағын кәсіпорындарында Кооператор қамыр белшектеу машиналары пайдаланылады
Машина қамырдың кез келген түрін бөлшектеуге арналған. Бөлшектенген қамыр дайындамаларының массаларын 50-ден 2500 граммға дейін өзгертуге болады.
6 сурет. Кооператор камыр бөлу машинасы.
1-камыр бөлу механизмі; 2-сығымдау поршені; 3-шибер; 4-қабьшдау шанақшасы; 5-иін; 6-рычаг; 7-электрқозғалтқыш; 8-вариатор; 9-редуктор; 0-жұлдызша; И-шынжыр 12-табақша; 13-ұн себу механизмі.
Машинаның негізгі бөліктері болып 4-қабылдау шанақшасы, 2-ығымдау поршені бар қамыр камерасы, 1-қамыр белшектеу құрылымы, жетек, дайындама массаларын реттейтін механизм, аспалы конвейер есептелінеді.
Қабылдау шанақшасынан бөледі де 2-поршень қамырды бөлу кұрылымьшың өлшемді камерасьша сығымдайды. Бөлу құрылымыңда дайындама массасын реттеуге арналған тетік бар. Қамырмен толтырылған өлшемді қалта 12-табақшаға бекітілген рычаг арқылы төмен қозғалады да, ішшдегі қамырды транспортер үстіне түсіреді.
Маркасы РТ-2 камыр бөлу машинасы (9-сурет). Массалары 0,1...1,1 кг қамыр дайыңдамаларын бөлуге арналған. Машина 1-қабылдағьш шанағьнан ондағы екі сығымдағыш бұдыр бетті 2-біліктерден турады. Біліктердің диаметрі әр түрлі. Ішінде төрт өлшемді 6-қалталары бар 5-бөлу барабаны 4-жең арқылы 3-жұмысщы камерасына жалғасқан. Өлшемді қалталар 7-бронзадан жасалынған гильзалардан оның ішіндегі
7 сурет. РТ-2 қамыр бөлшектеу машинасы.
1-қабылдау шанақшасы; 2-сьнъшдау білігі; 3-жұмыс камерасы; 4-жұмыс камерасьшың аузы; 5-бөлу барабаны; 6-өлшемді қалталар; 7-гильза; 8-поршень; 9-ролик; 10-білік; 11-таспалы транспортср; 12-,13-штангалар; 14-жоғарғы рама; 15-төменгі рама; 16-электрқозғаушы; 17-редуктор; 18-негізгі білік; 19-масса реттеу кұрылымы.поршеньдерден тұрады. Поршенудердің астында 9-тірек роликтері бар. Бөлу барабаны бір қалыпты жылдамдықпен айналады. Қамыр дайындамалары 11-таспалы транспортер үстіне 10-білікше көмегімен түсіріледі. Транспортер 12, 13 - штангалар көмегімен жоғары немесе төмен орналаса алады.
Машина арқауы екі рамадан турады, төменгі 15 және 14-жоғарғы. Төменгі рамада 16-электрқозғаушы, 17-редуктор, ал жоғарғы рамада 18-негізгі білік пен 5-бөлу барабаны орналастырылған.
Машинаның жұмыс істеу тәртібі төмендегідей. Қабылдағыш шанақтан қамыр қоректендіргші біліктер арқылы жұмысшы камерасына түсіріледі. Камерадағы пайда болған қысым 0,03...0,12 МПа арқасында камыр елшемді көлем қалталар ішіне түсіріледі. Калтадағы қамыр оның ішіндегі поршеньді төмен түсіреді. Поршень астындағы ролик барабан ортасындагы жұдырықша бетіне тіреледі. Барабан ары қарай айналған кезде қалталар ішіндегі қамыр, роликтің жұдырықша бетімен сырғанап поршеньді итеруінің арқасында сыртқа шығарылады.
8 сурет. РТ-2 қамыр бөлу машинасының кинсматикалық схемасы.
Машиналарды жасау үшін пайдаланылатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz