Зерттеу жұмысымның мақсат - міндеті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе.
1. Ойын түсінігінің мәні.
1.1. Ойын түсінігі.
1.2. Ойын сабағының маңызы.

2. Тарих сабағында ойын технологиясының ерекшелігі мен түрлілігі.
2.1. Ойын технологиясы-тәрбие құралы ретінде.
2.2. Ойын түрлеріне сараптама.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.

Мазмұны

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Ойын түсінігінің мәні.
1.1. Ойын
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..6
1.2. Ойын сабағының
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
0

2. Тарих сабағында ойын технологиясының ерекшелігі мен түрлілігі.
2.1. Ойын технологиясы-тәрбие құралы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Ойын түрлеріне
сараптама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..23

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .24

Қосымшалар

Кіріспе.

Білім алу кезеңінде адамды дамыту, ақыл – ой қабілетін дамыту
шығармашылық қабілетін жетілдіру үлкен маңызды мәселе . Сондықтан да
бұл мәселеге жақсылап көңіл аудру керекті . Білім беруде қазіргі кезде
көптеген әдіс – тәсілдері қалыптасқан . Бірақ сабақ кезінде сол әдіс
тердің бірін таңдау керек .
Тақырыптың өзектілігі : Бүгінгі тарихты оқытудағы басты мақсат –
дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін , ол жасаған
бүкіл әлемдік құндылықтарды білетін , оларды Қазақстанның дамуы
үшін пайдалануға ынталы , жан – жақты жетілген , өзінің тарихи
тамырларын , қоғамдағы орнын түсінетін белсенді азаматтарды
қалыптастыру . Қазіргі кезеңде қоғамдық пәндерді жаңа бағытта
оқытуға тәрбие және білім беру жүйелерін осыған сай жаңа
деңгейге көтеру көп көңіл бөлінуде . Тарих пәнін оқыту , ұрпақтар
бойына дарыту көп ізденістерді , сан түрлі әдістемелік тәсілдерді
қажет етеді . Қазіргі дамып бара жатқан ХХІ ғасырдағы қоғам
үрдістері бүгінгі өскелен ұрпаққа қат- қабат міндеттер қойды .
Солардың бірі білім саласында оқушыларға осы заманға сай білім
жүйесі , білім әдістерімен сабақ беру . Яғни бұл мектептерде тарих
пәнінен сабақ беруде ойын тәсілдерін қолданудың тиімділігі болып
табылады .
Көп әдістердің бірі және тиімдісі ойын технологиясы . Бұл
әдісте болашақ жолындағыларды тәрбиелеуде маңызы зор . Шәкірттің
танымдық қызығушылығын , белсенділігін , әлеуметтік орнын , ой
өрісін дамытып қалыптастыруда қолданылатын сабақ .
Зерттеу жұмысымның мақсат – міндеті : Негізінен ойын
технологиясы тақырыбы тәрбие ұрдісінде үлкен мән , маңызға ие .
Оқытудың ойындық формаса тарих сабақтарында қолданып оқыту
оқушыларды сол өтіліп жатқан материалдағы заман кезеңіне
тереңірек ұңілуге , сол кез лебін сезінуге , белсенді лидерлік
етуге итермелейді . Ойынды үлкендер де кішілер де ойнайды - осының
өзінде үлкен мән жатқаны белгілі . Мақсатым осы тақырып бойыеша
зерттеу жұмысын жүргізіп , қарастырған мағлұматтармен білімімді қосып
, жаңа қосарлық пікір туғызу .
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Педогогикалық процесті
жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық ғалым Н . Құлжанова да
зерттеген . Ойын бала үшін еліктеу , инстинкт , күнделікті негізгі
іс - әрекет және оның жеке өмір деп дәлелдеген . Н . Құлжанованың
айтуы бойынша ойында әдептілік , тәрбиелік мақсатта пайдалану -
баланың болашақ өміріне түзу жол салу , үлкендерге еліктеуі және
өмірдің талаптарына сай бейімделуі басты педогогикалық мақсаттар .
Ойындар баланың қисынды ойлау қабілетін және қиялдау ( жақсы
мағынада) қабілеттерін дамытуға жетелейді . Ғалым Бала ойында
шынығып , жұмыс жасап , өсіп жетіледі . Оның ойлау қабілеті
жетіліп , қарым – қатынас жасау мүмкіндігі артады , - деп атап
көрсеткен . Сол сияқты бала өміріндегі ойынның алатын маңызды
орны туралы педагог М. Жұмабаевта өз көзқарасын қалдырған . Ойын –
бала үшін өмірлік тәжірбие . Ойын барысында бала өзін қоршаған
орта туралы алған білімін пайдаланады . Ойын кезінде бала терең
әсер алып , үлкен белсенділік көрсетіп , қисынды ойлау қабілеті
күшейеді , ойынды баланың тілін дамыту үшін де пайдалану керек деп
баса айтқан .
Практикалақ маңызы: Қазіргі заманда оқушылардың білімге деген
құштарлығы аз балалар көп кездеседі . Бұның көп себептерінің бірі
сабақтың дұрыс , қызықты , тартымды өтпеуі және мұғалімнің оқушыларды
тарта білмеуі . Қазіргі кезде сабақ ақыл – ой қалыптастыруда жемісті,
оқушыны лидерлікке ұмтылдыратын , шапшаңдығын , белсенділігін ,
қызығушылығын , ұмтылысын қалыптастырытын сабақ болу керек .
Зерттеу жұмысының құрылымы: Менің жазып отырған курстық жұмысымның
тақырыбы Тарих сабағында ойын технологиясын қолдану. Курстық жұмыс
екі бөлімнен , төрт сұрақтан , қорытындыдын , пайдаланған әдебиеттен
және қосымшалардан тұрады . Курстық жұмыстың көлемі жиырма бес бет .

1.Ойын түсінігінің мәні.

1.1.Ойын түсінігі.

Аса ірі ойшылдардың айтқанындай : Адамады адам еткен
еңбек . Еңбек үстінде адамның көптеген техникалық ерекшеліктері
дамып , өмір сүру барысында олар түрлі жолдармен жорыққа
шығады. Мысалы , үлкендер өзіне тән ерекшеліктерін еңбектену
барысында көрсетсе , мектепте оқитын балалар сабақ үстінде ,
ал мектеп жасына дейінгі балалардың өз психологиясын ойын
сабағында байқаймыз [21.12] . Негізінен ойын қазірде тек мектеп
жасына дейігі балаларда ғана жүргізілмейді . Бұл мәселені жұмыс
барысында көрсете келермін. Ойынның педогогикада , оқыту
процесінде алатын орны Платон заманынан белгілі болған . Ойынның
оқу процесіндегі маңыздылығы жөнінде Я. А. Коменский былай
деген екен :
Мектепке - ойынға асыққандай бар , ол сондай ғанибет . Ал
XVIII ғасырда Ж . Ж. Руссо мен И. Г. Пестолоцици ойын
арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген .
Ойын дегеніміз не ? Бір қарағанда ол қарапайым құбылыс не
әрекет іспетті . Ойын міндетті түрде ұжымдық әрекет . Ойынның
ережелері ойнаушылардың іс - әрекетімен байланысты . Ойынның өз
деңгейінде өтуі , ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы ,
бір – біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының
жеке әрекеттерінен туындайды . Ойынның басты шарты – жеңіске жету
болса да , әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып ,
бір – біріне деген сенімін арттырады [23.14].
Ойын - балалар үшін күрделі әрекет , ол білімді , ақылды
ұйымдастыруды қажет ететін процесс . Ал ол білімді бала
қайдан алады . Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді , үлкендер
де үйретуге тиіс . Ойынның өз мақсаты , жоспары , арнайы
заттары , көрнекіліктері т. б. көптеген ерекшеліктері болады.
Ойын - балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі . Ойын
арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады , өзінің
психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады , яғни ойын
арқылы бала білім алады . Бала зейіні қажет ететін ,
әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын , дүниетанымын
кеңейтеді , мінез - құлқын , ерік- жігерін қалаыптастырады . Аса
ірі психологтардың айтуышша , бала ойын үстінде қандай болса ,
өскенде еңбекте де сондай болады дейді .
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы . Қазақ халқының
ұлы ақыны А . Құнанбаев : Ойын ойнап ән салмай , өсер
бала бола ма ? деп айтқандай , бала өмірінде ойын ерекше
орын алады . Жас сәбидің өмірі , қоршаған ортаны танып ,
еңбекке қатынасы , психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде
қалыптасады [1.5] .
Оқущылардың бәрі жақсы оқығысы келеді . Бірақ олардың
ақыл -ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалдарды ұғуға
бірдей емес . Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген
сабағын тез ұғады , кейбіреулері керісінше . Кейде үлгере
алмайтын оқушылар да кездеседі . Сондықтан барлық оқушыны
білімге бірдей жетелеу үшін өз мұмкіндігіне сәйкес сабақты
меңгерту , тілін , ой ұшқырлығын дамыту , өзіндік пікір
айтуға жағдай жасау және еркін шығармашылыққа жетелейтін осы
пәнге қызығушылығын арттырудың бір жолы осы - ойын болып
табылады [2.12] .
Бала өміріне байланысты өз еңбектерінде А. С. Макаренко
ойынның маңыздылығын көп жазған . Ойын - маңызды іс . Егер
біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе демалу ретінде
пайдалансақ , онда ешқандай пайда болмайды . Қандай да ойын
болмасын ол негізгі бір мақсатта жұмсалуы керек .
Өйткені ойын баланы дамытады . Сұлтанмахмұт Торайғыров
Балалықтың қанына ойын азық - деп айтпақшы ойын үстінде
баланың бір затқа бейімділігі,
мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады [4.9] .
Белгілі голландық ойын зерттеушісі Йохан
Хейзингінің ойынша : Қай ойын болмасын ол ерікті сипатты
болуы керек . Бұйырған сипатты ойын ол ойын емес . Ойын
ол өзі шекарадан шығу , өз ережелері бар , күнделікті өмірге
еш қатысы жоқ .
Ойынды үлкендер де кішкентайлар да ойнайды . Ойын кезінде
оқушы жеке тұлға ретінде дамиды , оның кейіннен әлеуметтік
орынына әсер беретін психикалық қалыптасуы , оның
қоршаған адамдарға қатынасына және өзіне де әсерленеді .
Ойынның өз табтғатының қызықты ерекшеліктері : ұжымдық
алаңдатушылықтың болуы , бірге қуану , оның үлкен ұжымдық
жетістіктерге апаруы үлкен жұмыс [23.15] .
Ойын - оқушылардың оқуға , еңбекке деген белсенділігін
арттырудағы басты құрал , баланың жан серігі іспеттес . Қай
бала болмасын ойнап өседі . Әрбір елдің ойыны сол елдің
қоғамдық өзгерістеріне , тұрмыс - тіршілігіне , айналасатын кәсіп-
шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты . Ойын сырттай қарағанда
айтатындай қиындығы жоқ , оп - оңай тәрізді көрінуі мүмкін
. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен
тіл табысып , өзінің ойлаған ойын іске асыруға оңай емес
. Мәселен , рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз рөл
тиюінің өзі – ақ көп нәрсені шешеді . Сондықтан
мұғалімнің міндеті – балаларды ойынға өз қызығушылығымен ,
ынтасымен қатысуын қамтамассыз ету .
Сонда ғана ойын мақсатына жетіп , тәрбиелік мәні арта
түседі . Айталық , мұғалімнің ұжымдық ойынды тартымды
ұйымдастырып өткізу балалардың бір – бірімен достық
қатынастарының дұрыс қалыптасуының нышаны екені сөссіз .
Ойын кезінде жолдасының айтқанымен келісіп , оны құрмет
тұтудың өзі адамгершілікке бастайтын жол . Педагог ойын
арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап , оның
бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіте , өзіндік мінез – құлқын
қалыптастырады . Әр баланың бойында өмірге деген белгілі бір
бейімділігі , сүйікті істер болады . Соны дер
кезінде байқап , жан – жақты дамыта тәрбиелеу қажет . Совет
психологиясы ойынды әлеуметтік – тарихи құбылыс деп қарайды .
Еңбек жоғары дамыған қоғамды балалар ойынды үлкендердің іс -
әрекеті мен қарым – қатынасына жұмылдыру формасы ретінде қаралады
. Ең бастысы - ойындар студенттердің көңілін өз бітінше
ізденушілікке аударып , қабілетін арттырады [3.33] .

1.2. Ойын сабағының маңызы .

Елбасы Н. Назарбаев Қазақстанның болашығы - бүгінгі жастар .
Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер , Қазақстан сол деңгейде
болады – деп атап көрсетті мұғалімдердің съезінде . Әрбір
мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады . Ертең осы елге ие
болып , тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары .
Мектептің бүгінгі жайы , даму бағыттары , келешегінің көкжиектері
бүкіл қоғамның , мемлекеттің назарында .
Қазіргі кезде оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу ,
заман талабына сай өз ойын еркін жеткізе білетін дарынды
, білімді де салауатты тұлғаны қалыптастыру жолындағы жасампаз
еңбек адам баласы қызметінің ең күрделі түріне жатады .
Баланың өзіне деген сенімін туғызу , өзінен шығармашылық
қасиет , қабілет іздете білу , өмірден өз орнын тапқыза
білу қаншалықты қиын екенін түсіндіру керек те 19.45] .
Ұстаз шәкіртерінің мұндай қасиеттерін яғни , танымдық
қызығушылығын , белсенділігін арттыру үшін жиірек қолданып
жүрген сабақтарының бірі – ойын сабақ . Бұл сабақта
балалардың белсенділігі артады , бір – бірімен бәсекеге түсу
арқылы оқуға , көп білуге ынтасы өседі . Ол тәрбиеге де , оқу
ісіне де зор ықпалын тигізері сөссіз . Болашақ қайраткер
ең алдымен ойын арқылы тәрбие алады – деп А. С.
Макаренко босқа айтпаса
керек [18.11] .
Дамыта оқыту жүйесінде ойындардың атқаратын маңызы
зор . Ойындар арқылы сабақтарда оқушылыар әр түрлі
жағдайды түсінеді , оны шешу жолдарын қарастырады . Ойын
сабақтары оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады ,
оқуға құлшынысын арттырады . Жақсы ойынға бала бар
ынтасымен беріліп , оны білуге , меңгеруге талпынып , алуан
түрлі дағды , мәліметтерді алып , шеберліктерін шыңдайды
[7.6] .
Ойындарды нақты жағдайға байланысты , сабақтың өтуіне ,
жас ерекшеліктеріне , балалардың жеке қасиеттеріне байланысты
өзгертіп толықтыруға болады . Бірақ сабақ түгелімен ойын
түрінде өтілмеуі тиіс . Балалардың іс - әрекетіне ,
проблеманы шешу түрлеріне жиі анализ жасап отыру
қажет . Сонымен бірге ойын сабақтары барысында
оқушылардың бір - бірімен ой алмастыруға , өзінің сезімдерін
, эмоциялық күйлерін емін еркін айтуға үлкен мүмкіндік беру
пайдалы .
Көптеген зерттеу нәтижелері бұл бағыттың тиімділігін
оқу практикасы барысында оқушылыардың танымдық іс - әрекетінің
жақсаруымен ғана емес , өздерін еркін ұстауы , сенімділіктің болуы
және де оқуға деген мотивацияның жоғарылыауынан , ішкі
ойын жеркізе алу мүмкіндіктері деңгейінен , т.б. көптеген
мектеп оқушысына тән психологиялық даму критерийлерінен
көрсетеді .
Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді , іздемпаздық ,
тапқырлық әрекеті байқалады (сезіну , қабылдау , ойлау , зейін
қою , ерік арқылы ) түрлі психологиялық түсінікпен сезім
әрекетіне сүңгиді . Ойын үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндегідей
қуаныш пен реніш сезімінде болады [22.21] .
Оқу құралдарының мінезі – мектеп мінезінің айнасы - деп
атақты ұлы педагог – психолог , ақын Мағжан Жұмабаев
айтқандай , біздің берер білім , тәрбие жолына
пайдаланатын әдістемелер мәнді , жұмыр болуы керек . Ол
үшін бала ұғымына , қабылдауына сәйкестендіріп , ойын
ұйымдастыру қажет . Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап
, талабын шабыттандыратындай , ойын оятарлық , іскерлігін
дамытарлықтай , бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай
нәрлі болуы керек [21.12] . Ойын барысында ойынға қатысушылар
бір – бірімен қарым – қатынасқа түседі . Қарым – қатынасты адамдардың
қоғамдық қатынастарды жүзеге асыру барысында бір – бірінің сапаларына
ықпал ету белгілері арқасында көрсетілген іс - әрекеттер арқылы
олардың жүріс – тұрыстарын өзгерту және үйлестіру мақсатына
бағытталады . Психологтар Л. С. Выготский , С. Л. Рубенштейн -
адамдар қарым – қатынасын өзара ойлармен , сезімдермен, әсерлермен
бөлісу ретінде анықтай отырып , олар , ол сезім мен ойды берудің
бағыттылықтың көрінуімен тығыз байланысты қарастырады .
Колективтің мағынасы іс - әрекеті , әрбір жеке индивид үшін
қарым – қатынастың толық құнды маңызды болуыга ынталандырады . Тек
қана , жалпы қоғамдық маңызды іс - әрекеттің нәтижелілігіне деген
қызуғушылық негізінде әрбір индивидке , қарым – қатынас
барысында ойлармен , сезімдермен , әсерлермен алмасу есебінен
рухани өсуіне мүмкіншілік алады [10.12] .
Жас ұрпаққа халқымыздың тарихын тереңдете оқытып , тәрбиені
ұлттық бағытта өрістету ісінде танымдық , тарихи кештердің
маңызы зор . Өйткені алдында айтып кеткенімдей құрғақ
баяндаудан гөрі ойын арқылы тез қабылдайтына ғылыми тұрғыдан
дәлелденген .
Ойын сабағының көлемі мен жүргізілу аралықтарына келсек ,
нақты бекітілген сабақтың саны жоқ . Оның мөлшеріне көптеген
факторлар әсер етуі мүмкін . Бірақ нәтижелі қорытындыны алу
үшін ойын тапсырмаларын 2-3 - тен кем бермеу керек . Мысалы
, ойлау төңірегіне 12-14 сабақ , қиялдауға 16 – 18 , еске 8- 10
сабақ арналғаны орынды .
Ойын сабақтарын аптасына 2 реттен өту аралығы барлық
қатынастарда неғұрлым ыңғайылырақ болады . Осылайша , балаларға ,
бір жағынан , көп салмақ түсірмейді және уақыт жетіспеушілігін
сезінбейді . Екінші жағынан , олар алған интеллектуалды дағдылар
келесі сабақтарға дейін ұмытылмайды , қызығушылықтары да
жоғалмайды [22.25] .
Ойындарды нақты жағдайға байланысты , сабақтың өтуіне ,
жас ерекшелігіне , балалардың жеке қасиеттеріне байланысты өзгертіп
толықтыруға болады [11.36].
Бірақ сабақ түгелімен ойын түрінде өтілмеуі тиіс . Балалардың
іс - әрекетіне , проблеманы шешу түрлеріне жиі анализ жасап отыру
қажет . Сонымен бірге ойын сабақтары барысында оқушылардың бір –
бірімен ой алмастыруға , өзінің сезімдерін , эмоциялық күйлерін
емін – еркін айтуға мүмкіндік беру пайдалоы .
Көптеген зерттеу нәтижелері бұл бағыттың тиімділігін оқу
практикасы барысында оқушылардың танымдық іс - әрекетінің жақсаруымен
ғана емес , өздерін емін еркін ұсстауы , сенімділіктің болуы және
де оқуға деген мотивацияның жоғарылауынан , ішкі ойын жеткізе алу
мүмкіндіетері деңгейінен , т.б. көптеген мектеп оқушысына тән
психологиялық даму критерилерінен көрсетеді [22.25] .

2 . Тарих сабағында ойын технологиясының ерекшелігі мен түрлілігі .
2.1. Ойын технологиясы – тәрбие құралы ретінде .

Бүгінгі тарихты оқытудағы басты мақсат – дүниежүзілік дамудағы
адамзаттың орны ерекше екендігін , ол жасаған бүкіл әлемдік
құндылықтарды білетін , оларды Қазақстанның дамуы үшін
пайдалануға ынталы , жан – жақты жетілген , өзінің тарихи
тамырларын , қоғамдағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИРАН ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТІНІҢ САЯСИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жаңа технологияны пайдаланудың маңызы, қолдану жолдары
Ұсақ қол моторикасын дамытудың жолдары
Әйелдер жөнінде Аллаһтан қорқыңдар
Экологиялық қылмыстың түсінігі
Ана тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамытудың әдістемелік негізі
Аудиттің стандарттары және аудиторлардың кәсіби этикасы
Қазақстан баспаларының нарық талабына бейімделуі
Фото жанрлар мен баспасөз жанрлары арасындағы ұқсастық пен ерекшелік
Алаш көсемдерінің құнды публицистикалық мұралары
Пәндер