Жарылғапберді әнші жөніндегі шежірелік деректерді жинақтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секция : Этномәдениеттану
ТАҚЫРЫБЫ: АРҚАҒА АТЫ ӘЙГІЛІ - ЖАРЫЛҒАПБЕРДІ

Зерттеудің мақсаты : қазақтың ән өнерін тарихи дерек ретінде зерттеу. Жарылғаптың әндерінің алатын орны және ерекшеліктерінің мәнін ашып көрсету.
Зерттеу міндеттері:
1.Жарылғапберді әнші жөніндегі шежірелік деректерді жинақтау.
2.Әндерінің таралу тарихын зерттеу.
3. Әнші - сазгер атағын иеленген Жарлығапберді жөніндегі деректерді сараптау.
Гипотезасы: Егер қазақ тарихын баяндауда шежірлік деректердің өзектілігін, көкейкестілігін арттырса, шежірлік деректемелердің тарих ғылымдардың дамытуда ықпалы өсе түседі.
Тақырыптың зерттелу кезеңдері:
1.Каталогпен жұмыс.
2.Баспасөз құралдармен жұмыс.
3.Өнер және әдебиет қызметкерлермен кездесу.
Нәтижесінде: Жиналған мәліметтерді сұрыптау, талдау, қорытындылау.
Зерттеудің жаңашылдығы: Жинақталған материалдар негізінде Жарылғапберді өмірінен деректер зерттелді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: Зерттеу жұмысын Қазақстан тарихы пәнінен қосымша құрал ретінде қолдануға болады.

Abstract
The aim of the research: the study of the Kazakh song as an art historical data. Jarılğaptıñ to disclose the value of the role of songs and features.
Research objectives:
1.Jarılğapberdi singer Chronicles of data collection.
The study of the history of the spread of 2.Änderiniñ.
3. "Singer - composer" Jarlığapberdi won the title of the analysis of the data.
Conjecture: If the Kazakh increases the relevance of the relevance of the data to the chronicles of the history and genealogical details will grow in influence in the development of the history of science.
Stages of the study of the topic:
1.Katalogpen.
2.Baspasöz instruments.
3.Oner a meeting with the staff, and literature.
The result: The collected data processing, analysis, conclusion.
The novelty of the research: study materials Jarılğapberdi life on the basis of the data collected.
The practical significance of the research: The research work will be used as an additional tool in history.

Мазмұны:
Кіріспе
5
І. Негізгі бөлім:
6
1.1. Ән өнеріндегі ерекше тұлға - Жарылғапберді Жұмабайұлы.
6
1.2. Жарылғапбердінің өмірінен бірер деректер
7
ІІ. Практикалық бөлім
12
2.1. Жарылғапбердінің әндеріне талдау
12
2.2. . Жарылғаптың әндері және ол жөнінде көкейкесті мәселелер
17
2.3. Жарылғаптың ізін жалғастырушы әншілер
20
ҚОРЫТЫНДЫ
21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
23

Арқаға аты әйгілі Жарылғапберді деген тақырыптағы зерттеу жұмысына
Пікір:
Қайп Ахмадидің зерттеу жұмысы қызықты да, маңызды мәселені қамтиды. Оқушы жұмыстың кіріспе бөлімінде өзінің мақсат -міндеттерін баяндай келе, қазақтың дәстүрлі ән өнерін зерттеудің бүгінгі таңдағы маңыздылығын ашып көрсетеді.
Зерттеу бөлімінде Жарылғапбердінің өмірінен деректер, әндері , әндерінің құдіреттілігі, ол әндерге қатысты көкейкесті ойлар және дарынды орындаушылар туралы мағлұматтар келтірген.
Зерттеу жұмысы негізгі 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, зерттеу бөлімі, қорытынды.
Жарылғапбердіге қатысты сараптамалық мағлұматтарды толықтыра түседі деген ойдамыз.
Ахмадидің зерттеу жұмысының тақырбының маңызы жоғары екенін ескере келе, келешекте алға қойған мақсатына жетуіне тілектеспіз!

Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты : қазақтың ән өнерін тарихи дерек ретінде зерттеу. Жарылғаптың әндерінің алатын орны және ерекшеліктерінің мәнін ашып көрсету.
Зерттеу міндеттері:
1.Жарылғапберді әнші жөніндегі шежірелік деректерді жинақтау.
2.Әндерінің таралу тарихын зерттеу.
3. Әнші - сазгер атағын иеленген Жарлығапберді жөніндегі деректерді сараптау.
Қазақ халқы әнге бай. Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді деп, қазақ халқының әдебиеті мен өмірін зерттеген Шоқан Уәлихановтың досы Г.Потанин айтқандай, қазақта әнсіз өмір жоқ. Тойбастар айтқан жігіт, кешкі ауыл сыртында алтыбақан тепкен қыз-бозбала, шілдехана күткен жас, кәрі, Жар-жар айтқан екі топ, елінен еріксіз ұзатылып бара жатқан қыз, өлген жұбайын жоқтаған жесір, түйеге мініп әр үйдің сыртында қақсаған жарапазаншы, ақ киім киіп, өгізге мініп ауыл аралаған дуана, жынын шақырып, зікір салған бақсы - бәрі де әндетеді. Бәрі де жай сөзбен айтқанда жетпейтін сезім тасқынын ән арқылы шығарады. Әннің осы қасиетін қазақ халқы: Жігітке өнер де өнер, өлең де өнер, Ақылың болса жыр тыңда деген сөздер арқылы жақсы айтқан.
Данышпан Абай Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең, - деген жолдарында әннің өмірдегі орнын нақ суреттеген. Халық аузындағы: Бір әнді сатып алдым құнан нарға немесе Сұрасаң менің атым Таңжармаймын, болсам да малға жарлы әнге баймын деген әннің аса жоғары бағалағанын, әншілердің өз өнерін сасық байлардың үйірлеген жылқысы мен қоралаған қойынан төмен санамайтын көкірегін көрсетеді.
Қазақ ұлтының мәдениеті тарихындағы ХІХ ғасыр -- ақын- әнші, сазгерлердің өзін-дік алтын ғасырына айналып, қазақтың кәсіби өнері -- әдебиетінің, поэзиясының, музыкасының шыңына кезеңіне шыққан кезі болды. Сөйтіп, ХІХ ғасырдың екінші жартысы - қазақтың ақындық өнерінің барынша өркендеген кезеңі болды. Осы кезде ақындық өнерге тән тұрақты жанрлар да қалыптасты. Солардың ішінде әсіресе ақындардың өзін-өзі бейнелеуге арналған әндерін келтіруге болады. Оған мысал ретінде Біржан сал, Ақан, Жаяу Мұса, Мәди, Әсет, Майра, Ағаш аяқ, Нартай, Мұхит, Сары әндерін атауға болады. Олар бұндай әндерінде әр ақын, бір жағынан өзін тыңдаушыларына таныстырып өтсе, екіншіден туған ел өмірі мен мәдениетінде алып отырған өз орнын жақсы түсініп соны әнге қосады. Бұл әндерде ақынның өзіне тән музыкалық мәнерлі ерекшеліктері шоғырланған. Әр әнші-ақынның өзіндік шығармашылық өнері дербес қалыптасқан.
Манарбектің асқақтата салатын Жарылғапбердінің Ардақ, Топай көк, әндері Исаның желдірмелері мен Ғарифолланың жорғалаған термелері тыңдаушы көңіліне ұялап, көпке дейін ұмытылмайтыны сөзсіз. Өйткені кез келген әншінің толық меңгеріп орындап шығуы қиын. Бұл әншінің дарынына байланысты. Атап айтқанда, дауыс мүмкіншілігі - орындайтын әнге, ән сол дауысқа лайықты болуы тиіс.
Домбыраның сүйемелімен орындағанда ғана халық әнінің әсерлігі мен әдемілігі, жүрек қылын шертетін дыбыс бояуы өз дәрежесінде шығады. Әнді қанша тамылжытып сүйемелсіз салғаныңмен оның ойдағыдай көңілге қонбайтыны белгілі. Естай ақынның Әншінің домбырасы -- қолғанаты деп жырлауы осыған байланысты болса керек. Сондықтан да әншінің дауысы мен домбыра үні бір-бірін толықтырып, үндесіп отыруы керек. Әнші музыкалық пауза жасағанда, сүйемелдеуші аспап шығарманың желісін, жеке интонацияларын, немесе аккордтық гармонияларын орындап, әнге көрік беріп отыратындығы аян.
І. Негізгі бөлім:
1.1. Ән өнеріндегі ерекше тұлға - Жарылғапберді Жұмабайұлы.

Жарылғапберді Жұмабайұлы 1851 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы бұрынғы Большевик "колхозы,одан сон "Южный'' совхозы ,Жұмат Тұрғынбекұлы Шанин атындағы шаруашылық қауымдастығында туып, сол шаруашылықтың номері бірінші бөлімшесі "Шоман " ауылынан тоғыз шақырым жерде жерілген , қазір ол жер Жарылғап деп аталды.
Жарылғапберді Жұмабайұлы қазақтың белгілі әнші-композиторы, суырып - салма ақыны . Арабша оқыған , Шығыс поэзиясын жақсы білген ; Жыр қиссалар айтқан;құс салып,саятшылық өнер қуған,балуан болған.
Ол өзіне атақты Біржан салды ұстаз тұтқан. Шыңғыс Уәлиханов пен Мұса Шормановтармен араласа жүріп ,Жарылғапберді Көкшетау,Қызылжар,,Омбы өңірінде шыққан әндерді Баянауыл мен Ертіс бойына жеткізген.Шоқан әулетіндегі қобызшы Қанғожа,әнші Қозыкемен дос болған.
Сырымбет жерінен шыққан Топайкөк әні Жарылғап есімімен ел ішіне кең тараған.
Академик А.К. Жұбановтың ой-пікірі бойынша (19 ғасырдың жартысы, 20 ғасырдың басы) әнді ерекше орындау иірімдерімен Павлодар өңірініндегі әншілер арасында Жарылғапберді Жұмабаевтің ән мектебі аса шеберлікпен орындаушылығымен ерекшелінген - делінген. Баянауыл тумасы Жарылғапберді Жұмабайұлы Топай көк, Шама, Ардақ - деген ел жұртқа белгілі әндер жазған Ардақ әні туралы А.В.Затаевич : бұл поэзианың өзі, арманшыл жаз түн, жұмсақ ай жарығы даланың сонда тыныштылығы. Бұл мектептің тәрбиешелелеріне қатысты әншілер: Сұр Омар, Әубакір Атаубайұлы , ағалы-інілі Сапарбек және Балабек Ержановтар, Акеділ, Майра Шамсудиновна, Құдайберген Әлсейтов, суырып салма жанрынан қайталанбас жарқыраған суырып салама ақын Иса Байзақов, Иманжүсіп Құтпанұлы, Естай Берікімбаев, Бисмилла Балабеков , Қали Бажанов т.б.
1.2. Жарылғапбердінің өмірінен бірер деректер
Атаға аты аңыз Жарылғапберді Жұмабайұлы - әнші, композитор, ақын. Ауыл мектебінде оқыған. Шығыс поэзиясын жақсы білген. Ел арасында жыр, қиссаларды жатқа айтып, саятшылық өнерімен айналысқан,палуандар сайысына
да қатысқан. Біржан салды ұстаз тұтқан. Шыңғыс Уәлиханов пен Мұса Шормановтармен араласа жүріп, Көкшетау, Қызылжар, Омбы өңірінде
шыққан әндері Баянауыл мен Ертіс бойына жеткізген. Қобызшы Қанғожа, әнші Қозыкемен дос болған. Ол шарқаған Топайкөк әні ел ішіне кең тараған.
Жарылғапбердінің махаббат тақырыбына арнаған әндері кезінде көп болған. Халық жадында тек Шұбартау, Шама, Қаракөз, Ардақ әндері сақталған. Бұл әндерді Балабек пен Сапарбай Ержановтар, Қ.Байжанов, Ә.Айтбаев орындап, бүгінгі ұрпаққа жеткізді. Азаң әнін А.В.Затаевич өте жоғары бағалап , музыка өнеріндегі құнды олжа деп атаған. А.Жұбанов Жарылғапбердінің ұлттық ән өнерінің ірі өкілі деп бағалады. Байжановтың әншілік жолына бағыт-бағдар беріп баулыған, өзіндік ән айту мәнерін қалыптастырған Арқа еліне атағы жайылған Жарылғапберді Жұмабайұлы болды. Байжанов Қозыкенің"Топайкөк", Шама Нұрұлының "Шама", Ақан серінің "Сырымбет", "Құлагер", Біржан салдың "Жанбота", Бүркітбайдың "Ақбет" әндерімен қоса "Ардақ", т.б. халық әнАрқаның дәстүрлі ән мектебінің айтулы өкілінің бірі - Жарылғапберді Жұмабайұлы. Әнді ерттеп, күйді мінген дейтін жампоздың нақ өзі.
Заманында әнші Жарылғап, балуан Жарылғап атанған. Әнші болғанда ауыл арасының жайдақтай салатын жаман - жұман айғайшысы емес, асқақтатып көтергенде аспандағы құс қайырылған ғаламат дауыс иесі болған өнерпаз. Екі әншінің бірі батылы барып сала бермейтін Ардақ Шама, Топайкөк секілді қайталанбас әндердің шығарушысы.
Жасы жер ортасынан асқан шағында Меккеге барып, қажылық міндетін орындап, хақ жолына бет бұрыпты. Сүйегі қазір Баянауланың Күркелі өңіріндегі Жарылғап қорасы деген жерде жатыр. Ана бір жылдары басына шағын тас орнатылып, темір қоршау қойылған екен. Дегенмен мұнда аты-жөні (Жұмағұлұлы деп жазылған) мен туған жылы (1838) жаңсақ көрсетіліпті. Ал нақты туған, қайтыс болған уақыты: 1851-1914 ж.ж.
Жарылғапбердіні ауызға алып отырған себебіміз, әнші-композитордың туғанына биыл 160 жыл толып отыр. Өкінішке орай, әлде жергілікті атқару орындарының есіне салатын іздеушісі болмады ма, әлде осыны не қалайық деді ме, екі адамның бірінің басына тас орынатып, жақсы-жаманының бәріне ас беріп жатқан Баян елі Жарылғапберді секілді біртуар ұлын ұмытып кеткені айтар ауызға ұят шаруа. Кезінде Ғаббас Айтбаевтың орындауындағы Жарылғапбердінің Ардағы жайлы А.Затаевич: Ғаббастың Ардағы - поэзияның өзі, қиялыңды шарықтататын жазғы кештің, айдың сәулесінің, ақыл жетпестей сахара тыныштығының поэзиясы, - деген екен.
Міне, Ардақ секілді ән арғымағын тударған Жарылғапбердінің басы айдалада осылай ескерусіз жатыр.
Жарылғапберді Жұмабайұлын еске алуымыздың екінші бір себебі, кейінгі уақытта әншінің әруағын орынсыз мазалап, соңында қалған мұраларына көз алартушылар көбейіп барады. Сондықтан осы жөнінде де бірер ауыз сөз қосқанды жөн көрдік.
Биылғы жылы Алаш айнасы газетінде бұған дейін Жарылғапбердінікі делініп келген белгілі Шама әні Қанжығалы Шама Нұрұлынікі екен деген мақала жарияланды.(авторы Ж.Жұмакүлбай).
Қаншама зерттеу мен айқын дәлелдердің арқасында Мәдени мұра бағдарламасы аясында 2010 жылы топтастырылған Қазақтың 1000 әні антологиясында Шаманың әні өз авторына қайтарылды,-делініпті мақаланың соңында.
Бәле, дедік. Бұндай әңгімені бұрын да құлағымыз шалып жүретін. Және соған қатысты жазылған пікірлерді де әр жерден оқып, байқағанбыз. Түсінгеніміз, белгілі өнер зерттеушісі Ілия Жақанов та, Баянауланың дәстүрлі ән өнері атты кітап жазған қарағандылық әнші, зерттеуші Ерлан Төлеутай секілді адамдар бұл ән ешбір дау-дамайсыз Шама Нұрұлінікі деген сөз айтпайды. Ілекең тіпті бұл ән Көкшетау, Қызылжар өңірінде туып, оны Баян жағына Жарылғапберді әкелуі мүмкін деген пікір білдіреді. Шама туралы жан-жақты зерттеп, көптеген адамдардың аталмыш ән жайлы естелік әңгімелерін мысалға тартқан Ерлан Төлеутай да бір тоқтамға келмепті.
Әнге қатысты жазылған мақалаларды оқи отырып, Шаманың Шама Нұрұлына телінуіне марқұм Ғалымжан Мұқатовтың Шама әні қалай туған? атты мақаласы себеп болғанын байқаймыз. Осы мақаладан бір үзік: Қалидің өзі: Мақтанғаным емес, оны мына мен ғана айтып бере аламын. Басқаның ешқайсысынан көкейіне қонақтар дерек таба алмайсың... XIX ғасырдың екінші жартысында ереймендік Шама, кейін Ақкөлдегі Естай өнер шыңына қырандай түлеп ұшқан. Өз тұсында құнарлы дарынымен елге танылған, есімі Арқадағы әйгілі композиторлармен қатар аталатын сол Қанжығалы Шаманың өз аузынан бұл әнді алтыбақан түбінде ұғып алған Жарылқапбердіні мен 18 жасымнан ұстазым деймін, - дейді. Шамадан ән алған - Жарылқапберді, одан үйренген Қалидің бұл сөзіне қалай сенбейсің?!.
Ерлан Төлеутай осы әңгіме жөнінде төмендегідей пікір білдіреді: ...бұл деректерде кереғарлық бар, Қали ХІХ ғасырдың екінші жартысында деп қазіргі тарихшылар құсап сөйлемесе керек, екіншіден, Қалидың өз аузынан жазып алынған деректерде Қали Жарылғапбердіге 13 жасымнан шәкірт болдым деген.
Ерлан Төлеутай өзінің Шама әні жайлы зерттеуінде Жүніс Шаймерденов атты әншінің жазып қалдырған естелігін де мысал етеді. Ол кісі аталмыш әңгімені Қали әншінің өз аузынан естіп едім деп жазыпты. Ұзынырғасы былай: 1934 жылы Қарағанды радиосында әнші болып жүрген Қали Байжанов концерттік сапармен ел ішіне шығып, Ерейментау өңіріне барады. Сол жақта бір ақсақал адам алдарынан шығып қарсы алып, мейман етіп, өзін Шама әншінің інісі едім деп таныстырыпты. Және мынадай әңгіме айтады: Сіз айтып жүрген Шама менің туған ағам, менен үш жас үлкен еді. Жалындаған Шама әнші 18 жасында дүниеден қайтты. Атақты Баянаулада әннің туын тіккен Жарылғапберді менің ағаммен Боқырау, Қоянды жәрмеңкелерінде бірге ән салып, жолдас болған екен. Әуелі баста осы Шама деген әнді біздің ағай бала жігіт күнінде ойын-той, жиын-топта орындап, содан халық арасына кеңінен тарап кетсе керек.
Көріп отсыздар, Шама әнші 18 жыл ғана жасаған екен. Інісімін деген ақсақал бала жігіт күнінде дейді. Он сегізінде қайтыс болған адам туралы бала жігіт күнінде айтушы еді деген сөз жасандылау сияқты естіледі. Себебі, он сегіздің өзі бала жігіт жасы. Егер бұл сөз қартайып барып қайтқан адам турасында айтылса, бір басқа. Және он сегізге толмаған жас жігіт Шама секілді күрделі әнді шығарды дегенге сену де қиын.
Енді Ерлан Төлеутайды тыңдалық: Бізге түсініксіз бір жайт, Шаманың небәрі 18 жасында қайтыс болғандығы. 1934 жылы өзін Қалиға Шаманың інісімін деп таныстырған ақсақал: Шама менен үш жас үлкен еді дейді. Сонда әнші 1841 жылы туған болып шығады. Ол кісі 18 жаста қайтыс болса, онда өлген жылы 1859 жыл деген сөз. Бұл кезде Шамаға шәкірт болып Қоянды жәрмеңкесінде жүрді дейтін Жарылғапберді 8-9-ақ жаста. Сонда қалай болғаны?.
Ж.Жұмакүлбай өз мақаласында Ғ.Мұқатовтовтан мынадай дерек келтіреді: Суырыпсалма ақын, әнші, сері Шама бірде біздің Ақиректегі Қаржас руына келіп, Күлік ауылындағы әңгімешіл, сауықшыл байдың үйіне қонады. Бейтаныс әншіні үй иесі ағынан жарыла құрметтеп, оның өнерін өзінің ару қызы Сәулеге дарытсам деп ынтығады. Ал Сәуле болса оған іштей ғашық. Ауылда аңду көбейді. Қызға тежеу, жігітке тор құрылған. Шама тұлпар күреңімен бейуақытта қалай келсе де, қалыңдығын кездестіре алмай қиналады. Тек жаны ашыған жырынды жастардың көмегімен қотаннан оңашарақ алтыбақан басында жүздесіпті.
Біріншіден, Баян өңірінің сырт бетін қоныстанған Қаржас өз алдына бір рулы ел. Күлік деген жеке бір тайпа, Баянауланың оңтүстік-шығыс бетін жайлайды. Яғни, жазған адам Баян елінің жер жағдайын, жай-жапсарын біле қоймайтыны көрініп тұр. Екіншіден, тұлпар күреңмен деген аңызға тән әсірелеу, деректі әңгімеге жараса бермейтін сөз. Ертегінің үзіндісі секілді әсер қалдырады...
Енді, Шама Нұрұлы кім дегенге келейік. Мен Ереймен өңірінде туып-өсіп, сол жақтың өткен-кеткенінен, ру шежіресінен әжептәуір хабары бар адаммын. Бір қызығы, қанша жыл шежіре деректерін ақтара жүріп, Шама Нұрұлы деген адам атын кездестіре алмадым. Тіпті бірер мәрте әдейілеп іздестіргенім де бар. Екіншіден, Шама секілді ән тудырған адам болса, оның есімі ел ішінде ұмытылып кетуі мүмкін емес. (Өнерпаздың бұдан басқа Аққайың атты әні болғандығы айтылады). Үшіншіден, кезінде ауыз әдебиеті үлгілері мен шежіре деректерін көп жинаған Ғалымжан Мұқатовтың соңында қалған мұрасы жинақталып, ана жылы Абыздар мен ақындар деген атпен жеке кітап болып шықты. Бірақ бұнда да Шама есімі аталмайды. Тіпті Қанжығалы шежіресін бір кісідей жинаған Ғалымжан Мұқатов Шама Нұрұлы секілді біртуар адамды бөліп-жара көрсетіп, қай ру, қай атадан шығатынын анықтап жазып кетер еді.
Аталмыш кітапта Ғалекең Қанжығалы руынан шыққан, бұл күнде есімдері ел жадынан өшуге айналған талай адамның аттарын атайды. Мысалы, Бөгенбай табынан шыққан Жаһуда Құлболдыұлы, Қылшар-Сәбит Сәтбайұлы, Аққозы-Боранбай Қуат Арабданұлы, Қоскелді Досан ақын, Жолымбет-Атқыбай ақын секілді талай жүйріктердің есімдері жүр. Бірақ Шама Нұрұлы жайлы бір ауыз сөз жоқ.
Шама Нұрұлы жайлы сөз қозғаған адамдардың деректеріне сенсек, ол ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген екен. Бұл кезең Ерейментауағы Саққұлақ-Нұралы дәуірі дейміз. Ана бір жылы Саққұлақ бидің естелік-деректері өзінің немересі, филилогия ғылымдарының кандидаты болған Тұрсынбай Ерғалиевтың (марқұм) өңдеуімен Өмір шежіресі деген атаумен кітап болып басылып шықты. Бұнда да талай адамдардың аттары аталады, бірақ Шама Нұрұлы жоқ. Егер сол кезде өмір сүрсе, ол туралы Қанжығалы еліндегі аузы дуалы адамдардың айтпауы мүмкін емес еді.
Өкінішке қарай, Қазақтың 1000 әні жинағы біздің қолымызда болмағасын, Шама жайлы қандай анықтама берілгенін біле алмай отырмыз. Дегенмен осындай кітапқа кіргесін, өнерпаздың туған, өскен ортасы, ата тегі, туған, өлген жылдары жайлы деректер берілуі керек қой. Не жазды екен деп ойладық.
Алаш айнасындағы аталмыш мақаланы оқығасын, біраз дүниелерді біз де ақтарып, бірақ Ж.Жұмакүлбай айтқандай Шама Нұрұлы жайлы жасалған қаншама зерттеулер мен айқын дәлелдерді кездестіре алмадық. Егер өнер зертеушісі Зейнұр Қоспақовтың дәлелі десек, ол Ғ.Мұқатов мақаласына сүйенген сияқты. Ал, ол мақаланың дүдамалдау тұстары көп екенін айттық. Екіншісіден, Қ. Байжанов дерегі және оны Ереймен жерінде қарсы алған ақсақалдың сөзі. Бұл деректерде де қайшылық бар екені көрер көзге байқалып тұр.
Тағы бір айтарлығы, Ғ.Мұқатов өз мақаласында жазғандай, Шаманың ғашықтықтан туған лирикалық әнге табиғаты келе бермейді. Оны да ескеруіміз керек сияқты. Және осыған Жарылғапберді, Қалилардың көзін көрген баянауылдық әнші Бисмилла Балабековтың естелігін мысал еткен Е. Төлеутайдың мына бір дерегі дәлел: ...Жарылғапберді Шаманы іс машинасына арнап бір жылдың ішінде шығарған. Бұл кезде қазақ даласында капиталистік қатынастар орнай бастаған себепті, қазақ қоғамы да техникалық прогрестің лебін сезе бастады. Таңсық нәрсеге ең әуелі ақындар өлең арнап, таңданысын білдіретін әдеті. Әсіресе, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында отарба мен телеграфқа арналған өлеңдер, әндер, жұмбақтар қазақ өнерпаздарының шығармашылығында жиі кездеседі. (Біржан сал, Құрманғазы, Ыбырай Алтынсарин, Ысқақбай, Манарбек Ержанов т.б.). Шама әні де осы үрдістің кебін киген сияқты. Олай деуімізге себеп: аталмыш әннің музыкалық ерекшелігі. Әннің жалпы құрылым түзісінің, формасының бөлектігі.
Сонымен, біздің мақсатымыз, әннің қайткен күнде Жарылғапбердінікі екенін дәлелдеу емес. Керісінше, кез келген адамның халықтың мәдени мұрасына, ән қазынасына орынсыз қол сұғып, тұрлаусыз төрелік айтуына тосқауыл қою. Баспасөз бетінде ойланбай жазылған он ауыз сөзді ой мен қырдағы ел түгел оқиды. Оқиды да, сенеді. Сосын бітпейтін дау-дамай туады. Егер ән Шама Нұрұлынікі екенін дәлелдейтін бұлтартпас дәлелдер болса, осы мақала да жазылмас еді. Бірақ ондай деректер болмай тұр. Дегенмен, дәлелді пікір айтатын адам болса, тыңдар едік.
ІІ. Практикалық бөлім
2.1. Жарылғапбердінің әндеріне талдау
Жарылғаптың әншілігіне әбден көзі жеткен, көңілі қоштанған Мұса мырза оны өз әншісі етіп, сыйлы-құрметті маслихаттарға, өзімен тізгендес зиялы қауым дастарханына барғанда Жарылғапты , сол сияқты басқадай өнерлі адамдарын бірге қасына ертіп жүретін болған, Романов тұқымдардын үш жүз жылдық мерей-тойына Мұса мырза бар сән-салтанатымен барған. Оған нелер ел таныған өнерлерін ерте ала жүрген. Мырзанын мақсаты елінін елдігін .дарын-талантын , са лт-дәстүрін ,өнерін көрету болған.
Сол үлкен той ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әсет өлеңдерінің өзіндік ерекшелігі
Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиеті мен мәдениетінде ақын, прозаик, драматург, әнші, журналист-публицист, сазгер, ғалым, психолог ретінде танылады
Біржан Қожағұлұлы (1834-1897)
Естай Беркімбайұлы
Біржан сал
Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері негізінде эстетикалық тәрбие берудің ғылыми теориялық негізі
Біржан мен Сара айтысының шындығы
Патриоттық тақырыптың музыка өнеріндегі көрінісі
Үкілі Ыбырай туралы
Ақселеу шығармалары негізінде ғылыми-танымдық публицистиканы зерделеу
Пәндер