Халықаралық қатынастар факультеті


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университеті

Шымырбаева Айгерім Еркінқызы

«Үлкен жетілік» және «Үлкен жиырмалықтың» өзара іс-қимыл мәселелері»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В050500-мамандығы - «Аймақтану»

Алматы 2016

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

с. ғ. к., доцент Н. Әділханұлы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Үлкен жетілік» және «Үлкен жиырмалықтың» өзара іс-қимыл мәселелері»

5В050500 - «Аймақтану» мамандығы бойынша

Орындаған

Ғылыми жетекшісі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Халықаралық қатынастар факультеті

Аймақтану кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі

с. ғ. к., доцент Н. Әділханұлы

___ 2016 ж.

СТУДЕНТ ШЫМЫРБАЕВА АЙГЕРІМ БІТІРУШІ КВАЛИФИКАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУЫ БАРЫСЫНДАҒЫ ТАПСЫРМАСЫ

1. Факультеттің ғылыми кеңесі шешімімен (__ ___ 2016 ж. ) бекітілген жұмыс тақырыбы «Үлкен жетілік» және «Үлкен жиырмалықтың» өзара іс-қимыл мәселелері »

2. 5В050500-мамандығы - «Аймақтану».

3. Студенттің бітіру жұмысын тапсыру уақыты: 03. 05. 2016 ж.

4. Күнтізбелік жоспар (бітіру жұмысының құрылымына қарай жасалған) .

Бітіру жұмысының құрылымы
Орындалу мерзімі
Ескертулер
№: 1
Бітіру жұмысының құрылымы: Кіріспе
Орындалу мерзімі:
Ескертулер:
№: 2
Бітіру жұмысының құрылымы:

1. Халықаралық қатынастардың қатысушыларының теориялық негізі және дамыған мемлекеттер клубының әлемдік саясаттағы рөлі

1. 1 Қазіргі кезеңдегі халықаралық акторлардың сипаты мен түрлері

1. 2 Индустриалды мемлекеттер клубының қалыптасуының алғы шарттары мен тарихы

1. 3 Әлемдегі кемелденген жиырма елдің ортақ ұйымының қалыптасуы

Орындалу мерзімі:
Ескертулер:
№: 3
Бітіру жұмысының құрылымы:

2. Дамыған индустриалды мемлекеттердің өзара ықпалдастығы және олардың халықаралық саяси-экономикалық үрдістерге ықпалы

2. 1 Үлкен жетілік пен Үлкен жиырмалықтың қауіпсіздік пен саяси саладағы өзара ықпалдастығы

2. 2 Озық индустриалды елдердің әлемдік экономикалық сахнадағы өзара байланыстары

2. 3 Ірі индустриалды мемлекеттердің жаңа әлемдік тәртіп пен жүйені қалыптастырудағы рөлі

Орындалу мерзімі:
Ескертулер:
№: 4
Бітіру жұмысының құрылымы: Қорытынды
Орындалу мерзімі:
Ескертулер:
№: 5
Бітіру жұмысының құрылымы: Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Орындалу мерзімі:
Ескертулер:

Студент: Шымырбаева А. Е

Ғылыми жетекшісі: т. ғ. к., доцент Қарабаева З. М

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3 1. Халықаралық қатынастардың қатысушыларының теориялық негізі және дамыған мемлекеттер клубының әлемдік саясаттағы рөлі

1. 1 Қазіргі кезеңдегі халықаралық акторлардың сипаты мен түрлері . . . 9

1. 2 Индустриалды мемлекеттер клубының қалыптасуының алғы шарттары мен тарихы . . . 21

1. 3 Әлемдегі кемелденген жиырма елдің ортақ ұйымының қалыптасуы . . . 27

2. Дамыған индустриалды мемлекеттердің өзара ықпалдастығы және олардың халықаралық саяси-экономикалық үрдістерге ықпалы

2. 1 Үлкен жетілік пен Үлкен жиырмалықтың қауіпсіздік пен саяси саладағы өзара ықпалдастығы . . . 43

2. 2 Озық индустриалды елдердің әлемдік экономикалық сахнадағы өзара байланыстары . . . 51

2. 3 Ірі индустриалды мемлекеттердің жаңа әлемдік тәртіп пен жүйені қалыптастырудағы рөлі . . . 61

Қорытынды . . . 71

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 74

Қосымшалар . . . 78

Кіріспе

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында қазіргі әлемдік саясат пен халықаралық қатынастар жүйесіндегі «Үлкен жетілік» және «Үлкен жиырмалық» секілді аса ықпалды халықаралық үкіметаралық бірлестіктердің өзара іс-қимылы ғылыми тұрғыдан талданып зерттелінген. Соның ішінде осы тақырыптың түрлі аспектілері атап айтсақ халықаралық қатынастардың қатысушыларының теориялық негізі және озық дамыған мемлекеттер клубының әлемдік саясаттағы рөлі, индустриалды мемлекеттер клубының қалыптасуының алғы шарттары мен тарихы, олардың арасындағы өзара ықпалдастық және халықаралық саяси-экономикалық үрдістерге ықпалы, сондай-ақ ірі индустриалды мемлекеттердің жаңа әлемдік тәртіп пен жүйені қалыптастырудағы рөлі секілді іргелі әрі маңызды мәселелер кешеніне тереңнен талдау жасалынып, объективті баға берілді.

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі халықаралық қатынастар мен аймақтар жүйесінде жаһандану үрдісінің ықпалы күн өткен сайын артып келеді. Осы себептен әлем неғұрлым жаһанданған сайын мемлекеттердің, сонымен қатар мемлекеттер мен түрлі халықаралық институттардың өзара әрекеттестігі мен өзара тәуелділік деңгейі соғұрлым арта түседі. Өз кезегінде жаһандану барлық елдер мен халықтардың өзара жақындасуын және ынтымақтастығын одан әрі шапшаңдатып, тереңдете түседі. Осы себептен ХХІ ғасыр және одан кейінгі кезең бұған тарихи дамудың бұған дейінгі дәуірлерімен салыстырғанда халықаралық ынтымақтастықтың әлдеқайда биік деңгейге көтерілуімен ерекшеленетін болады. Өзара тәуелділік пен ынтымақтастық деңгейінің арта түсуі өз кезегінде жаңа халықаралық институттарды құруға деген қажеттілік пен сұранысты арттыра түсіреді.

Осы тұрғыдан келгенде «Үлкен жетілік» (G7), «Үлкен сегіздік» (G8) және «Үлкен жиырмалық» (G20) секілді халықаралық үкіметаралық ұйымдар жаһандану үрдісінде, сонымен қатар ғаламдық саясат пен экономикада шешуші рөл ойнайды. Бүгінгі күні әлемнің ең дамыған сегіз және жиырма озық индустриалды мемлекетінің халықаралық және аймақтық үрдістердегі ықпалы артып келеді. Осы себептен соңғы жылдары әлемдік қауымдастықтың осы ірі алпауыт мемлекеттердің форумы немесе клубына деген қызығушылығы артып келеді. Бір жағынан бұл «Үлкен жетілік», «Үлкен сегіздік» және «Үлкен жиырмалық» секілді индустриалды мемлекеттердің форумына деген қызығушылықтың артуы олардың әлемдік сахна мен аймақтық саясаттағы рөлінің ерекше болуымен де түсіндіріледі.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі мен маңыздылығы ең алдымен Үлкен жетілік пен Үлкен жиырмалық секілді халықаралық бірлестіктердің әлемдік сахнадағы рөлі мен ықпалының артуымен, сонымен қатар осы екі форумның түрлі жаһандық және аймақтық проблемаларға байланысты өзара іс-қимылының және өзара әрекеттестігінің шапшаңдай түсуімен тікелей байланысты. Өз кезегінде олардың халықаралық сахнадағы өзара іс-қимылы мен ықпалдастығының тереңдеуі және белгілі бір дәрежеде күрделене түсуі жаһандану үрдісінің ықпалының нәтижесінде орын алып отырғаны айқын. Үлкен жетілік пен Үлкен жиырмалық секілді халықаралық үкіметаралық форумдарға мүше мемлекеттердің көзқарасы мен түрлі жаһандық пробеламаларға қатысты ұстанымдарының әр қилы болуы ғаламдық және аймақтық ауқымдағы мәселелер кешенін шешіп, ретке келтіруді де қиындата түсетіні сөзсіз.

Қазіргі кезеңдегі ең беделді саяси сарапшының бірі американ ғалымы Роберт Кохэннің тұжырымдауынша бүгінгі күні әлемдік саясатты зерттеу ең алдымен халықаралық институттарды зерттеуді білдіреді, яғни түрлі халықаралық үкіметаралық интеграциялық бірлестіктердің әлемдік саяси және экономикалық үрдістерді басқаруын және түрлі ғаламдық мәселелерді шешуін ғылыми тұрғыдан талдау ерекше сұранысқа ие болып отыр [1, 82 б. ] .

Осы себептен Батыстың жетекші ғылыми зерттеу орталықтары мен беделді ғалымдарының арасында осы секілді халықаралық институттардың қызметін зерттеу дәстүрі бұдан бұрын қалыптасқан болатын. Біздің елде Үлкен жетілік немесе Үлкен жиырмалық секілді халықаралық форумдардың қызметі, сонымен қатар олардың өзара әрекеттестігі мен іс-қимылдарын зерттеу іс жүзінде қолға алынбаған, яғни іс жүзінде ғылыми тұрғыдан талданбаған. Осындай халықаралық институттардың қызметі мен тарихын, әлемдік саяси және экономикалық үрдістерге ықпалын зерттеп, талдау арқылы олардың табиғатын ғана емес, сонымен қатар олардың шешім қабылдау механизмі мен ықпал ету тетіктерін де тереңнен түсінуге, тиісті қорытындылар жасауға болады. Осы себептен әлемнің ең дамыған озық индустриалды мемлекеттері құрған ғаламдық институттарды зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы өте зор.

«Үлкен жетілік» және «Үлкен жиырмалықтың» өзара іс-қимыл мәселелері зерттеу жүмысының нысаны болып табылады.

Зерттеу жұмысының пәні - халықаралық қатынастар мен әлемдік сахнадағы ірі жеті және жиырма индустриалды мемлекеттердің бірлестіктерінің өзара ықпалдастығы мен іс-қимылы.

Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері . Қазіргі кезеңдегі халықаралық сахнадағы әлемнің ең дамыған озық жеті және жиырма мемлекеттерінің құрған «Үлкен сегіздік» және «Үлкен жиырмалық» халықаралық үкіметаралық форумдарының өзара ықпалдастығы мен іс-қимылын, олардың іргелі ғаламдық проблемаларды шешуін терең талдау жасау зерттеу жұмысының мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерді орындау көзделеді:

- халықаралық қатынастардың қатысушыларының теориялық негізі мен қазіргі кезеңдегі халықаралық акторлардың сипаты мен түрлерін айқындап, сараптама жасау;

- әлемнің ең озық индустриалды мемлекеттер клубының қалыптасуының алғы шарттары мен тарихын қарастыру;

- әлемдегі кемелденген жиырма елдің ортақ ұйымының қалыптасуын зерделеу;

- Үлкен жетілік пен Үлкен жиырмалықтың қауіпсіздік пен саяси саладағы өзара ықпалдастығына талдау жасау;

- Озық индустриалды елдердің әлемдік экономикалық сахнадағы өзара байланыстарын зерттеу;

- Ірі индустриалды мемлекеттердің жаңа әлемдік тәртіп пен жүйені қалыптастырудағы рөліне талдау жасап, объективті баға беру.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Жалпы алғанда ғылыми зерттеудің өзі аталған тақырыптың ғылыми тұрғыдан жаңа екенін көрсетеді. Екіншіден, халықаралық қатынастардың қатысушыларының теориялық негізі мен қазіргі кезеңдегі халықаралық акторлардың сипаты мен түрлері айқындалып, сараптама жасалынды; үшіншіден, әлемнің ең озық индустриалды мемлекеттер клубының қалыптасуының алғы шарттары мен тарихы қарастырылды; төртіншіден, әлемдегі кемелденген жиырма елдің ортақ ұйымының қалыптасуы зерделенді; бесіншіден, Үлкен жетілік пен Үлкен жиырмалықтың қауіпсіздік пен саяси саладағы өзара ықпалдастығына талдау жасалынды; алтыншыдан, озық индустриалды елдердің әлемдік экономикалық сахнадағы өзара байланыстары зерттелінді; жетіншіден, ірі индустриалды мемлекеттердің жаңа әлемдік тәртіп пен жүйені қалыптастырудағы рөліне талдау жасалынып, объективті баға берілді.

Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі. Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі жаһандану дәуірінің басталуынан осы күн аралығын қамтиды. Жаһандану дәуірі жалпы әлемдік феномен ретінде негізінен ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында бой көтеріп, түрлі халықтардың және әлемдік дамуға ықпал ете бастады. Осы үрдістің ықпалымен ғаламдық проблемаларды реттеу және үндеулерге жауап беру үшін әлемнің жетекші индустриалды дамыған мемлекеттері ортақ халықаралық ұйымның төңірегіне топтасты. Сондықтан тақырыптың мерзімдік шегі соңғы ширек ғасыр уақытты қамтиды.

Зерттеу жұмысының деректік негізі мен тарихнамасы. Зерттеу жұмысының деректік және тарихнамалық базасы түрлі құжаттар мен ғылыми зерттеу еңбектерінен тұрады. Дегенмен Үлкен жетілік пен Үлкен сегіздік салыстырмалы түрде құрылғандарына көп уақыт өтпеуіне орай, осы мәселені зерттеп, талдаған ғылыми еңбектердің қатары соншалықты көп емес. Сондықтан тақырыпты зерттеу барысында негізінен аталған халықаралық үкіметаралық ұйымдардың құжаттарымен қатар, шетелдік ғалымдардың зерттеулері пайдаланылды.

Диплом жұмысының деректерін ақпараттық құндылығына қарай төмендегідей топтарға бөліп қарастырылды.

Деректердің бірінші тобын Үлкен сегіздік пен Үлкен жиырмалық ұйымдарының түрлі құжаттары құрайды. Соның ішінде сол ұйымдардың ресми веб-сайттарынан алынған аса құнды құжаттар мен материалдар, түрлі ақпараттық және статистикалық маңызы бар материалдарды атап өтуг болады. Осы құжаттарды пайдалана отырып зерттеу жұмысының жекелей аспектілерінің мәнін тереңнен ашылып көрсетіліп, ғылыми сараптама жасалынды [2, 3, 4] .

Деректердің екінші тобын Үлкен сегіздік пен Үлкен жиырмалықтың жоғарғы деңгейдегі кездесулерінің, соның ішінде саммиттердің түрлі құжаттары құрайды. Соның ішінде 2012 жылы 18-19 мамырда АҚШ президенті Барак Обаманың ұйымдастыруымен АҚШ-тың Кэмп-Дэйвид қаласында Үлкен сегіздіктің кезекті жыл сайынғы саммиті болып өтті. Онда қабылданған құжаттарда ұйымға мүше мемлекеттердің лидерлері басты ғаламдық экономикалық, саяси және қауіпсіздік мәселелерін, энергетика мен климаттық өзгерістерді, азық-түлік қауіпсіздігін, Ауғанстан, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы аймақтық проблемаларын талқылап, арнайы мәлімдемелер жасады [5] . Үлкен жетіліктің 2015 жылғы кезекті саммиті Германияның Эльмау қаласында өтіп, Герман канцлері Ангела Меркельдің бастамасымен өткізіген бұл жиында түрлі халықаралық мәселелер кеңінен талқыға түсті [6] . Ұйымның келесі 42-ші саммиті 2016 жылы 26-27 мамырда Жапонияда ұйымдастырылып, түрлі ғаламдық мәселелер талқыланды [7] . Үлкен жиырмалыққа мүше мемлекеттердің басшылары да жоғарғы деңгейде жыл сайын кездесіп тұрады. Осы саммиттерде қабылданған түрлі құжаттардың ғылыми және теориялық маңызы зор. Атап айтсақ зерттеу жұмысын жазу барысында ұйым құрылғалы бері өткізілген барлық саммиттердің құжаттарына талдау жасалынды, соның ішінде әсіресе 2015 жылы Түркияда өткен саммиттің маңызы ерекше болды [8] . Үлкен жиырмалықтың келесі саммиті осы 2016 жылы қыркүйекте Қытайдың Ханьчжоу қаласында өткізіледі деп шешілді [9] .

Деректердің үшінші тобын жетекші бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған түрлі сипаттағы материалдар құрайды. Соның ішінде BBC [10], CNN [11], Fox News [12] Euronews [13] секілді беделді телеарналардың және The New York Times секілді әлемдік басылымдардың [14] материалдарының маңызы ерекше.

Деректердің төртінші тобын Үлкен жетілік пен Үлкен сегіздікке мүше мемлекеттердің жетекшілерінің, сыртқы істер министрлері мен өзге де лауазымды қызметкерлерінің еңбектері мен естеліктері құрайды. Соның ішінде 1970-ші жылдардың ортасында Үлкен жетіліктің іргесін қалауға ерекше үлес қосқан АҚШ-тың қаржы министрі қызметін атқарған Джордж Шульцтің еңбегінің маңызы зор [15] . 1973 жылдың 25 науырызында АҚШ-тың қаржы министрі Джордж Шульц Германияның қаржы министрі Хелмут Шмидт, Францияның қаржы министрі Валери Жискар д’Эстен, және де Ұлыбритания қаржы министрі Энтони Барберді Вашингтондағы кездесу қарсаңында бейресми жиынға шақырды. Өз кезегінде бұл Үлкен жетіліктің құрылуының бастамасы болған еді.

Деректердің соңғы бесінші тобын Үлкен жетілік пен Үлкен жиырмалыққа мүше мемлекеттердің басшыларының, мемлекет қайраткерлері мен лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ саяси лидерлерінің түрлі деңгейде сөйлеген сөздері мен жасаған мәлімдемелері, баспасөз мәжілістерінде берген сұхбаттары құрайды. Солардың ішінен АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Ресей, Франция, Италия, Германия, Канада, Үндістан және өзге елдердің жетекшілерінің сөйлеген сөздері мен мәлімдемелерінің маңызы зор.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі мәселесіне келер болсақ, Үлкен жетілік пен Үлкен жиырмалық арасындағы өзара ықпалдастық пен іс-қимыл мәселесіне қатысты арнайы зерттеу еңбектерінің іс жүзінде жоқтығымен ерекшеленеді. Осы себептен тақырыпты және оның жекелей аспектілерін зерттеу барысында зерттеу нысаны мен пәніне жанама қатысы бар деген ғылыми еңбектер мен арнайы мақалалар пайдаланылды.

Жалпылама алғанда Үлкен жетілік пен Үлкен жиырмалықтың халықаралық қатынастар мен әлемдік экономикадағы рөлін, және олардың өзара ынтымақтастығы мен іс-қимылы мәселелерін шетелдік ғалымдар мен эксперттер зерттеп жүр. Осы бағытта еңбектердің барлығы дерлік ағылшын және орыс тілдерінде жазылған түрлі зерттеу еңбектері құрайды. Осы себептен шетелдік ғалымдардың еңбектерін Батыс және ресейлік зерттеушілер деп екі топқа бөліп қарастыруды жөн көрдік.

Ағылшын тілінде жазылған еуропалық және америндық ғалымдар ішінен Үлкен жетілік пен Үлкен жиырмалықтың әлемдік саясат пен экономикадағы рөлі мен ықпалын, сонымен қатар олардың арасындағы өзара қарым-қатынастар мен іс-қимыл мәселелерін зерттеп жүргендер қатарына П. М. Хаас [16], Питер Хаджнал [17], Рейнальдо Боб пен Бертжан Вербиик [18], Робинсон Дэйль [19], Августо Лопес Карлос пен Августо Ричард Саманс, Марк Узан [20], Боско Дэйвид [21], Джилл Махонэй мен Анн Хэй [22], Нгэйр Вудс [23], Роберт Гильпин [24], Дональд Маркуэлл [25], Джейкоб Вестергард [26], Джон Киртон [27-30] және басқаларын жатқызуға болады.

Ресей ғалымдарының арасынан Үлкен жетілік, Үлкен сегіздік және Үлкен жиырмалық секілді халықаралық үкімет аралық ұйымдардың құрылуы мен қызметі, ондағы Ресейдің орны мен рөлі, ол ұйымдардың арасындағы өзара ықпалдастық пен қатынастар мәселелерін зерттеуге үлес қосып жүргендер айтарлықтай. Солардың қатарына Н. А. Школяр [31], В. Б. Луков [32-38], В. В. Панов [39-42], Р. Пентилля [43], С. Рогов [44], И. С. Семененко [45], П. С. Смирнов [46], Ф. Бергстен, Д. Бриттен және П. Волкер [47], М. М. Лебедева [48], П. А. Цыганков [49], П. А. Жданов [50-53], М. Гилман [54], П. Яковлев [55], Г. Гудлифф [56], М. В. Ларионова [57-61], М. Р. Рахмангулов [62], Ю. К. Зайцев [63] және өзге де ресейлік жетекші мамандарды жатқызуға болады.

Зерттеу жұмысының теориялық-әдістемелік негізі. Диплом жұмысының әдістемелік әдістемелік негізі ретінде халықаралық институттар мен ұйымдар проблемасын зерттеуге арналған ғылыми еңбектер алынды. Бұл ғылыми еңбекті жазу барысында Үлкен жетілік пен Үлкен жиырмалық арасындағы өзара ықпалдастық пен өзара іс-қимыл жасау проблемасын түрлі көзқарастар тұрғысынан кешенді түрде зерттеуге зор мүмкіндік берген барлық әлеуметтік пәндерге ортақ мынадай әдістер пайдаланылды: хронологиялық әдіс (оқиғалар мен құбылыстарды тарихи даму бойынша кезең кезеңімен сипаттау), жүйелік әдіс, салыстыру әдісі, типтік әдіс, болжау әдісі.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының материалдары мен онда қол жеткізілген тұжырымдарды және алынған нәтижелерді қазіргі кезеңдегі әлемдік саясат пен халықаралық экономикалық жүйе аясындағы түрлі халықаралық институттар мен интеграциялық бірлестіктердің өзара ықпалдастығын, соның ішінде Үлкен жетілік және Үлкен сегіздік секілді беделді әрі ықпалды халықаралық форумдардың өзара іс-қимыл жасауын және онымен байланысты өзге де саяси және экономикалық сипаттағы мәселелер кешенін зерттеуде қолдануға болады. Бұған қоса зерттеу жұмысының материалдарын жоғарғы оқу орындарында халықаралық қатынастар және аймақтану мамандықтары бойынша студенттерге арналған бірқатар арнаулы курстарды ұйымдастыруда және жүргізуде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы алдыға қойылған мақсат-міндеттерге сәйкес кіріспеден, екі негізгі тарауда, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерде тұрады.

1 Халықаралық қатынастардың қатысушыларының теориялық негізі және дамыған мемлекеттер клубының әлемдік саясаттағы рөлі

1. 1 Қазіргі кезеңдегі халықаралық акторлардың сипаты мен түрлері

Қазіргі кезеңде қалыптасқан халықаралық қатынастар жүйесі қатысушылардың көптігімен көзге түседі. Халықаралық құқыққа сәйкес мемлекеттер мен басқа акторларды субъектілер деп атау дәстүрі қалыптасқан. Батыс ғылымында «актор» терминін қолдану кеңінен таралған. Қазақ тіліне аударғанда батыстың «актор» сөзі «актер» деп айтылады. Б. Рассет пен Х. Старр ағылшын жазушысы Ульям Шекспир «өмірді үлкен сахна, ал адамдарды актерлер» ретінде қарастырғанын айтады. Алайда, саясат пен халықаралық қатынастар саласына келгенде «актор» термині анағұрлым кең мағынада қолданылады.

Француз ғалымдары Филипп Брайар мен Мохаммед Джалилидің пікірінше «актор - белгілі бір процеске белсенді түрде қатысып, маңызды рөл ойнайтын бірлік. Ал халықаралық саясат саласында белгілі бір маңызды рөлді ойнайтын және айтарлықтай ықпал ете алатын кез келген ұйымды, топты, тіпті индивидті актор деп атауға толық негіз бар». Б. Рассет пен Х. Старрдың пайымдауынша, «актор» термині бірқатар артықшылықтарға ие. Біріншіден, ол өзара әрекеттесуші қатысушылар қауымын бейнелейді; екіншіден, оны пайдалану арқылы қатысушылардың іс-әрекеттеріне және оның түпкілікті мәніне назар аударамыз; үшіншіден, ол түрлі акторлардың әр қилы рөл ойнайтынын түсінуге мүмкіндік береді.

Теоретикалық мектептер мен бағыттардың өкілдерінің басым бөлігі халықаралық қатынастардың дәстүрлі акторларына алдымен мемлекетті, содан кейін халықаралық ұйымдар мен институттарды жатқызады. Мортон Каплан халықаралық актордың негізгі үш типін көрсетеді [48, 152 б. ] :

- ұлттық (суверенді мемлекеттер) ;

- трансұлттық (аймақтық халықаралық ұйымдар, мысалы Солтүстік Атлантикалық Альянс) ;

- универсалды (халықаралық ұйымдар, Ұлттар Лигасы, Біріккен Ұлттар Ұйымы) .

Француз ғалымы М. Мерль халықаралық акторларға - мемлекетті, халықаралық ұйымдар мен трансұлттық күштерді (көпұлтты фирмалар, әлемдік қоғамдық пікір т. с. с. ) жатқызса, Ф. Брайар мен М. Джалили бұларға потенциалды акторларды (ұлт-азаттық және сепаратистік қозғалыстар, аймақтық және жергілікті бірлестіктер: Коммуналардың Еуропалық кеңесі, жергілікті билік органдарының Еуропалық конференциясы) қосады. Американ ғалымы Джеймс Розенау халықаралық қатынастардың негізгі акторларына мемлекеттерді, кіші-жүйелерді (мысалы, халықаралық қатынастарда белгілі деңгейде автономияға ие жергілікті әкімшілік органдарды), трансұлттық ұйымдарды, когорталарды (этникалық топтар, шіркеулер), түрлі қозғалыстарды жатқызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның жоғарғы оқу орындары
Технологиялық карта туралы ақпарат
Туристік кадрларды даярлаудың алғышарттары
:Кәсіпкерлік пен бизнестің айырмашылығы
Университеттің Диссертациялық кеңесі жұмыстарын үйлестіру
Қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып құқығының бастаулары
Нархоз. ҚазМБА. ҚазЭУ
Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастарда
Экскурсия түсінігі
Отбасы құқығының түсінігі мен қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz