Туғаннан кейінгі инфекциялық аурулар
Курстық жұмысты орындауға арналған тапсырмалармен
методикалық нұсқау
Тақырыбы: Туғаннан кейінгі инфекциялық аурулар.
Ауырған мал жөніндегі мәліметтер: қара – ала сиыр 3,5 жаста, салмағы 310
кг. 8 күн бұрын табиғы ұрықтанған. Мал иесі жыныс ернеулерінің ісіп
тұрғанын байқайды. Жыныс саңылауынан сұйықтық ағып, құйыршығы кепкен
сұйықтықпен былғанған, несер бөлінгенде ауырсынады, мал қатты
тынышсызданады. Мал дәрігері комплексті түрде зерттеу жүргізді: Т - 39°,
П – 60, тынысы 21, руминациясы – 2- 3. Қынабын зерттегенде: кілегейлі
қабығы ісінкі, қызарған, қолмен ұстағанда бұдыр. Іріңді лайлау сұйық
бөлінеді. Сұйықты лабораторияға микроскоппен зерттеуге жіберіледі. Содан
кейіе диагноз қойылады.
Мал дәрігері қорытынды жасап, емдеу курсын құрды.
Препараттар: прозерин, иод, калий, акрихин, фруамин, ихтиол аминоакрихин
спирт, этакридин мектат;
Құрал – саймандар: өздерінің қалауларың бойынша.
Методикалық нұсқау.
1. Тақырып бойынша арнайы оқулықтармен ғылыми деректерді пайдаланып,
міндетті түрде: В.С. Шипилов. Г.А. Конопова, Б.А. Тимофеев, В.А.
Петровский, т.б. Ветеринария
2. жұмыстың басында туғаннан кейін қабынуменөтетін ауруларға жалпы
сипаттама беріңіз.( этиологиясы, патогенезі, жіктелуі,)
3. Қойылған диагнозды дәлелдеңіз
4. Емдеу курсын құрастырғанда қолда бар дәрілерді қолданып 4 күнге схема
құрыңыз
5. Құрастырған емдеу курсын дәлелдеңіз, әр дәрулікті қандай мақсатпе,
неге қолдандыңыз.
6. Қорыта келе туғаннан кейін қабынумен өтетін аурулардың алдын – алу
шараларын көрсетіңіз
7. қолданылған әдебиеттер.
Ескерту:
1. Қосымша ғылыми оқулықтардан тақырып бойынша жазылған рефератты
мұғалімге көрсетіп, тиісті өзгерістерді енгізгеннен кейін курстық
жұмысты жазуға кірісу керек.
2. Курстық жұмысты орындаудың ұзақтығы тақырыпты алғаннан бастап 3
жұма ішінде жазылып мұғалімге тапсырылуы керек.
3. Курстық жұмысты жазғанда тиісті тарауларға қосымша таблица, сурет,
диаграммаларды енгізу қажет.
4. Курстық жұмыстың бағасы қорғағаннан кейін зачеткаға қойылады.
Жоспар:
I. Кіріспе бөлім:
1.Трихомоноз жайлы түсінік және шаруашылыққа тигізетін зияны
( 2-5 б )
II. Негізгі бөлім:
2.1.Трихомоноздың пайда болу себептері ( 5-7 б )
2.2. Трихомоноздың белгілері ( 7-10б )
2.3. Трихомонозды анықтау әдістері (10-12б )
2.4. Трихомонозды емдеу және алдын алу шаралары (12-17б )
III. Қорытынды бөлім.
1. Қорытынды (18 б)
2. Қолданылған әдебиеттер ( 19б )
Кіріспе
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап,экономикамыз дамып,елбасымыз Н.
Ә. Назарбаев агроөнеркәсіп саласына үлкен көңіл бөліп, 2003-2005 жылдарды
ауыл жылы деп жариялады.Оның ішінде зоотехния, агрономия, мал дәрігірлігі
т.б маман иелерінің қажеттілігі арта түсті. Яғни, болашақта ауылшаруашылық
мамандарының шығар биігі жоғары және қоғамда алар орны ерекше.
Ветеринарияның алдында тұрған ең негізгі міндет – малшаруашылығының
ветеринарлық тазалығын сақтау, адамдардың денсаулығын мал мен адамға ортақ
аурулардан қорғау, жоғары сапалы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және
территорияны малдардың аса қауіпті ауруларының енуінен қорғау болып
табылады.
Акушер, гинекология және өсіп-өну биотехнологиясының
ауылшаруашылығындағы маңызы зор. Дұрыс ұйымдастырылған акушер-
гинекологиялық жұмыстардың нәтижесінде шаруашылықта төл алудан жоғарғы
жетістіктерге жетіп, мал басын көбейтуге, жұқпалы аурулардың алдын алу
мүмкіншілігіміз бар. Сонымен қатар аурудың пайда болу себептерін, ауруды
анықтау әдістерін, емдеу әрекеттерін және алдын алу, сақтандыру шараларын
жетік игеру қажет. Сол мақсатпен мен бүгінгі таңда өзімнің курстық
жұмысымның тақырыбын “Ірі қара малының трихомонозы” деп алдым. Бұл
тақырыпта мен трихомоноз жайлы ғалымдадың ғылыми деректеріне сүйене отырып,
емдік шараларды қолданбақпын.
Трихомоноз — ірі қараның жыныс мүшелерін зақымдап, оған
буаздығының бастапқы кезеңінде іш тастатауын, оны қысыр қалдыратын, әдетте
шағылысқан кезде жұғатын, қарапайым жәндік — трихомонада тудыратын
инвазиялық ауру.
Ірі қара денесінен трихомонаданы тұңғыш (1888) Францияда Кюнстлер,
кейін (1900) Италияда Маццанти тапты. 1925 жылға дейін кейбір Батыс Европа
елдерінде малдың жаппай іш тастауы бруцеллез салдарынан деп есептеліп
келді. Трихомонаданы Германияда Хопфенгертнер (1924) қағанақ суынан және
түсік денесінен, ал Эрнст (1925) қабынған қынаптан бөлінген судан тапты.
Түсік денесінен табылған трихомонадаға бірден-бір дәл және
егжей-тегжей сипаттама беріп, сол паразиттің іш тастауда, пиометритке
шалдығуда қандай роль атқаратынын анықтаған Ридмюллер (1928) мен Абелейн
(1929) болатын. Абелейн бірінші болып паразитті бұқаның күпегінен тапты да,
әдетте ауруды бұқа тарататыны жөнінде жорамал пікір айтты.
СССР бойынша ірі қара трихомонозын 1935 жылы тұңғыш Панин мен
Н. В. Румянцев Москва облысына қарасты бірқатар шаруашылықтардан тауып, бұл
аурудың шетелден әкелінген бұқалар арқылы тарап кеткенін анықтады. Кейін
трихомоноз РСФСР-дың европалық бөлігіндегі орталық облыстардан, Украина мен
Белоруссиядан, Латвия мен Грузиядан, Армения мен Қырғызстаннан табылды.
Қазақстан бойынша ірі қара трихомонозын алғашқы рет 1938 жылы
В. Г. Родионов Алматы облысынан тапты. Кейін бұл ауру Жамбыл, Қарағанды,
Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Целиноград, Семей, Талдықорған,
Шымкент облыстарынан табылды. Трихомоноз әсіресе Қарағанды және Павлодар
облыстарында жиі кездеседі.
Ауру қоздырғышының морфологиясы мен биологиясы. Ауруды
Trichomonas foetus тудырады. Оның денесі сопақша домалақ болып, ұзындығы
орта есеппен 12—17 микронға, ені 3—10 микронға жетеді. Паразиттің денесі
жұқа қабық — перипластпен қапталған. Денесінің алғы шетінде шоғырланған
бірнеше нүктеден тұратын блефорапласт бар. Блефорапластан әрбіреуінің
ұзындығы паразит денесінің ұзындығына тең үш бос жгутик таралады, ал ирек
мембрананы бойлай денесінің арт жағында төртінші жгутик орналасқан. Ирек
мембрана да блефоропластан басталады, паразиттің бір бүйірін бойлап артқа
қарай бағытталған, ол 4—6 иректен тұрады. Ирек мембрананың түпкі жағын
бойлай астыңғы жіп (шылбыр) орналасқан. Денесінің ортасында аксостиль бар,
ол біртіндеп жіңішкеріп, дененің артқы шетінде біз сияқты өткір болып
аяқталады. Ядросы сопақша келген, денесінің алдыңғы жағына жақын
орналасады. Ядро мен түпкі өзектің арасында парабазальдық дене бар. Оның
бір бүйірінде ауыз іспеттес цитостом орналасқан.
Трихомонада жгутиктерінің және тырсылдауық мембрананың көмегімен
жылжиды, ол алға қарай және өнбойын шыр айнала қозғалады.
Трихомонада бойлай қақ бөліну арқылы көбейеді. Кейде ол бірден
8-ге бөлінеді. Айналадағы жағдай қолайсыз болса, формасы мен көлемі
өзгеріп, трихомонада домалақ болады, жгутиктері мен мембранасынан айрылады,
қозғала алмай қалады. Трихомонада түрлі жасанды қоректерде әсіресе ауасыз
жерде (қышқылдығы РН 7,2—7,4), сондай-ақ тауық эмбрионында өсіп-өне береді.
В. В. Петровский ауасыз жағдай туғызып, оны 2% мальтоза қосылған ет-пептон
сорпасында, 1% мальтоза қосылған бауыр сорпасында және глюкоза аралас 1
проценттік агарда өсірді. Барлық қоректерге (қоректің әрбір миллиметріне)
5—10 процент мөлшерінде жылқы қанының сарысуы, сондай-ақ антибиотиктер (500
өлшем пенициллин, 800 өлшем стрептомицин) қосылды. Себінді термостатта 37°С
жылулықта ұсталды. Трихомонада әсіресе 3 тәуліктен кейін қаулап өсті.
П. Н. Ли (1966) трихомонада өсіруге арналған қорек ретінде
Хенкс ерітіндісін пайдаланды. Оның құрамында 20% жылқы не қой қанының
сарысуы, антибиотиктер бар. Ли деректеріне қарағанда, бұл қорек бауырдан
кем түспейді.
Трихомонада құрамы әр түрлі жасанды қоректердің қай-қайсысында
да өсіп-өне береді, бірақ себінді әзірлеуге бәрінен қолайлысы — антибиотик
аралас қан сарысуы мен сорпа.
Трихомонада кілегеймен, микробпен, эритроцитпен қоректенеді.
Төзімділігі. Трихомонада нәжісте 10 күн, садырада 5 күн, сабан
мен өзен суында 3 күн бойы өсіп-өне береді. Зақымданған тканьде оның ыстығы
50—55°С болса 2— 3 минут, 47°С болса 15—18 минут, 37°С болса 1—3 күн, 18°С
болса 1,5 күн, 10°С болса 1—7 күн, 0°С болса 2— 18 күн тірі сақталады.
Тікелей түскен күн сәулесінің және құрғату әсерінен трихомонада
лезде өледі.
Трихомоноздан тиетін зиян: сиырлардың көпшілігі (75 процентқе
жуығы) қысыр қалады, іш тастайды (35— 50%), сауын-сиырдың сүті азаяды
(30—40%). Сондай-ақ ауру малды емдеу, аурудан арылту үшін көптеген күш-
қаражат жұмсалады.
Негізгі бөлім.
2.1. Аурудың пайда болу себептері. Мал арасына ауру әдетте трихомонозға
шалдыққан бұқа арқылы тарайды. Мұндай бұқа сырттай қарағанда сап-сау болып
көрінеді. Оның күпегінен алынған шайындыны, қосалқы бездерінің шырынын,
ұрығын микроскоп арқылы зерттегенде паразит табылмайды. Трихомоноз табиғи
шағылысу, қолдан ұрықтандыру кездерінде (әрине, бұқа ауру болса) жұғады.
Сондай-ақ ол тазалық сақталмай, ауру мал мен сау мал бірге бағылған
жағдайда сарпайдан не күпектен аққан су арқылы жұғуы мүмкін: мұндай судағы
быжынап журген паразиттер нәжіс пен несеп (садыра) арқылы сау сиыр мен
бұқаның жыныс мүшесіне енуі ықтимал. Трихомонадалар лас құрал-сайман,
аспап, әбзел арқылы да сау мал денесіне ауысуы мүмкін.
Ауру көбінесе бұқалар мен сиырлар бірге бағылған жағдайда
тарайды, энзоотия түрінде өтеді. Трихомоноз орын тепкен шаруашылықтарда
көптеген сиырлар қысыр қалады, жыныс мүшелері зақымданып, ауру болады.
Азығы мен күтімі нашар болып, жұқпалы вестибулитке шалдыққан сиырларда
трихомоноз қатал түрде өтеді.
Трихомоноз бар-жоқтығына қарай шаруашылықтар үш топқа, атап
айтқанда:
а) трихомоноз бар (микроскоппен зерттеу не жасанды қорекке
сеуіп өсіру нәтижелеріне қарай);
б) күдікті (ауру белгілері білінгенмен, ауру қоздырғышы табылмаған,
трихомоноз бар шаруашылықтан мал
әкелінген);
в) трихомоноз жоқ (бірде-бір бас ауру не күдікті мал
табылмаса) шаруашылықтар болып бөлінеді.
Патогенез. Трихомонадалар мал шағылысқан кезде сиырдың қынабына не
жатырына енеді де, мұнда, әсіресе буаз сиырдың жатырында өсіп-өнуіне бірден
бір қолайлы жағдай табады; шапшаң көбейе бастайды; бірнеше сағаттан кейін
малдың тынышын кетіреді, ал 1-3 күн өтісімен оның жыныс мүшелерінің ішкі
бетін қабындырады. Кейін қабыну процесі одан әрі ығысып, күшейеді, мұның
салдарынан құрсақтағы төлдің тіршілігіне қажет жағдай күрт өзгереді. Буаз
малдың бұзауы өледі, біраздан кейін жидіп (мацерация) бөлшектенеді,
енесінің бойына тарқап сіңіп кетеді не айдалып сыртқа шығады (іш тастау).
Іш тастау әсіресе буаздықтың алғашқы 1—3 айлығында жиі кездеседі. Инвазия
салдарынан әдетте қынап (вагинит), жатыр мойны (цервицит), жатыр
(эндометрит) қабынады, жатыр іріңге толады (пиометр), кейде жыныс органдары
басқа бір ауруларға ұшырайды да, сиырдың дағдылы күйіті бұзылады: ол қайта-
қайта шағылысса да, буаз бола алмайды, қысыр қалады, өнімінен айрылады (сүт
шықпайды). Бұл — сиырдың жалпы күйінің нашарлауының айғағы.
Бұқада трихомонада күпек пен қамшының кілегейлі қабығында өсіп-
өнеді, оларды қабындырады (постит, баланит). Кейін паразиттер ұрық пен
несеп жолына (урогенитал түтігі) енеді де, қосалқы жыныс бездерін, екі енді
зақымдайды, мұның салдарынан бұқа белінен айрылады. Көптеген жағдайда
трихомонозға шалдыққан бұқа сап-сау болып көрінеді, бірақ ұзақ уақыт (кейде
үш жылдан астам) трихомонада тасушы болады да, мал арасына ауру таратып
отырады.
2.2. Ауру белгілері. Трихомонозды тек жыныс органдарын ғана зақымдайтын
жергілікті ауру деп бағалауға болмайды. Ол — сиырға зардап шектіретін жалпы
ауру. Оған шалдыққан малдың ыстығы көтеріледі (40,8°С), сүті азаяды, сиыр
мең-зең болып, күйзеледі, тәбетінен айрылады. Трихомонадалар қосалқы жыныс
бездеріне енсе, бұқаның ұрығы сапасы жағынан көптеген өзгерістерге
ұшырайды. Ені мен ен қосалқысы қабынған бұқа жыныстық шабытынан айрылуы
мүмкін.
Сиырда трихомоноз төрт түрлі болып, яғни сулы-іріңді вестибулит,
сулы-іріңді энфометрит, толық іш тастау және пиометра түрінде өтеді.
Қашанда болса ауру сиырдың қынабына түйіршіктер (төмпешіктер) шығады.
Жіті қабыну кезінде ауру бұқамен шағылысқан соң 1—2 күн өтісімен
сиыр қынабының кіре берісі кызарып ісінеді, мал қайта-қайта артына қарай
береді. Қынапты қол тигізе зерттегенде ол ауырсынады. Сарпай ісіп кетеді.
Қынаптан аздап кілегей ағады да, сарпай айналасындағы жүн талшықтарын бір-
біріне жабыстырып тастайды. Көбінесе қынаптың астыңғы және бүйір
қабырғаларының бетіне көп болып қатты түйіршіктер шығады. Әрбір түйіршіктің
үлкендігі тары түйіріндей. Қол салып тексергенде қынаптың іші адыр-бұдыр
болып сезіледі (трихомонозға тән вагинит).
Бұл түйіршіктер көпке дейін жойылмайды, жалпы қағидаға сәйкес,
трихомоноздың негізгі белгісі болып есептеледі. Сондықтан микроскоппен
зерттеу нәтижесінде трихомонада табылмаса да, қынап беті адыр-бұдыр болса,
сиыр трихомонозға шалдыққан деп саналады.
Трихомоноз салдарынан болған жіті вагинит 3—6 аптаға созылады, кейде
жазылып кетеді, бірақ көбінесе ұзаққа созылып, басқа жыныс органдарын
зақымдайды.
Қабыну процесі қынаптан жатыр мойнына, одан әрі жатырға
ауысады. Шыпшып сыртқа шыққан қабыну суының көлемі барған сайын арта
түседі. Бастапқы кезде мөлдір болғанмен ол бара-бара ірің араласып
лайланады; іріңдеткіш микробтар тым көбейіп кетіп, ауру асқынса, қабыну суы
қойылып, кілегейге ұқсайды.
Ауру бұқаның ұрығымен ұрықтандырылған кейбір сиырларда қабыну
процесі одан әрі өршімейді де, трихомоноз көпке дейін көзден тысқары
қалады. Мұндай жағдайда қашып кетіп, буаз болады, бірақ кейін, буаздығының
бірінші не үшінші — төртінші айында іш тастайды.
3-4 айлығында құрсақта өлген бұзау әдетте сыртқа айдалып шығады.
Бастапқы кезеңде (жаралған соң 1-1,5 айдан кейін) өлген төл жидіп,
біртіндеп енесінің бойына сіңіп кетуі мүмкін не жатыр мойны жабық күйінде
қалады да, төл іріп-шіриді, мұның салдарынан сиыр пиометраға ұшырайды.
Пиометра кезінде жатыр ішіне көп болып (бірнеше литр) ірің жиналуы мүмкін.
Мұндай жағдайда сиырдың пиометраға ұшырауы, көптеген мамандардың
пікіріне жүгінсек, трихомонозға тән негізгі белгі болып табылады.
Қабыну процесі ұрық түтігі мен аналық жыныс безіне ауысса, сиыр мен
қашардың дағдылы күйіті бұзылады; көбінесе олар буаз бола алмайды; қайта-
қайта күйлей береді, бірақ ұзақ уақыт қысыр қалады.
Жоғарыда баяндалған ауру белгілері әрдайым айқын болмайды, кейде
тіпті ұзақ уақыт бойы мүлде білінбейді.
Трихомоноздың барысы әдетте қабаттаса жүрген микробтардың әсеріне
байланысты. Трихомоноз іріңдеткіш микроб салдарынан асқынса, жатыр іріңдеп
қабынады да, оның кілегейлі қабығы азғынданып өзгереді (дәнекер тканьмен
қапталып көн болады), мұның салдарынан ауруынан айыққан мал бұдан былай
буаз бола алмайтын жағдайға келеді.
Бұқада трихомоноз белгілері мұншалық айқын емес, тіпті жіті
сатысында да көзге түсе бермейді. Ауру сиырға артылған соң бір күн өтісімен
бұқаның күпегі іштей қабынып, ісіне бастайды, күпегін сипап басқан кезде
бұқа ауырсынады, тынышсызданып, қашқалақтайды. Зәр шығарда және сиырға
артыларда ауыртпалық шегіп, қаймығады, сиырға жолағысы келмейді. Бірнеше
күннен кейін күпектен сулы ірің аға бастайды, ірің күпек ұшындағы жүн
талшықтарын желімдеп тастайды. Қамшы сырттай қабынып, ісінеді, оның әр
жеріне ұсақ, әрбіреуі тары түйіріндей қызғылт түйіршіктер шығады. Кейде
олар жарылып, ойық жараға айналады. Осылай қамшысы зақымданған бұқалар
шағылысудан бас тартады.
2—3 апта өтісімен ауру бегілері басылады да, бұқа шағылысқа түсе
бастайды. Кейде қамшысының басы ұзақ уақыт бойы қабынады да, бұқа
белсіздікке ұшырайды. Көптеген жағдайда енбау мен сағағы, ұрық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz