Тергеу қарауының жалпы ережелері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

1. ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ҚАРАУ ТАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ МЕН ТӘРТІБІ

  1. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі мен маңызы . . . 4
  2. Оқиға болған жерді қараудың негіздері мен тәртібі . . . 16

2. АТЫС ҚАРУЫН ҚОЛДАНЫП КІСІ ӨЛТІРУ ҚЫЛМЫСЫН ТЕРГЕУ БАРЫСЫНДА ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ТЕКСЕРУДІҢ ТАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ОНЫ ЖҮРГІЗУДЕГІ КЕЗДЕСЕТІН ОЛҚЫЛЫҚТАР МЕН КЕМШІЛІКТЕР

2. 1 Атыс қаруын қолданып кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында оқиға болған жерді қараудың ерекшеліктері . . . 28

2. 2 Атыс қаруын қолданып кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында оқиға болған жерді қарау барысында кездесетін олқылықтар мен кемшіліктер . . . 34

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 43

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 47

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дипломдық жұмыс криминалистика бойынша атыс қаруын қолдану арқылы жасалған кісі өлтіруді тергеу кезінде оқиға болған жерді қараудың тактикалық әдістерінің криминалистикадағы рөлі, түсінігі мен мағынасы, негіздері және оның жүргізу барысындағы кездесетін кемшіліктер мен өзекті мәселелерге арналған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында” атты Қазақстан халқына жолдауында “Біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз” - деп құқықтық мемлекетіміздің құқығын одан әрі жетілдіру бағытында болып нығайта беруді бағыттайды [1] .

Ел басымыздың атап отырғандығы біздің еліміз құқықтық мемлекет екендігін дүниеге танытуы тиісті, сондықтан әр уақытта әр-бір шешім құқық негізінде шешімін тауып, осы құқтық деңгейімізді нығайта беруіміз керек дегенді атап отыр. Сондықтан оқиға орнына барған терегуші, анықтаушы, анықтау органы қызметкерлері осы оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетін заң талабына және этикалық талапты бұзбай жүргізуі тиіс.

Атыс қаруын қолдану арқылы кісі өлтіруді тергеу кезінде оқиға болған жерді қараудың тактикалық әдістерінің толық және жан жақты зерттелуі, осы қылмыстар бойынша қылмыскерді уақытында құрықтап заң алдында жауап беруін қамтамасыз етуде рөлі зор. Осы қылмыстар бойынша оқиға орнына барған тергеуші осы қылмыстар бойынша хабары жоқтығы және оқиға болған жерді тергеушіден басқа тергеуге қатысы жоқ адамдардың жүргізуі қылмыстың анық қанығына жетудегі кедергі болып саналады.

Оқиға болған жерді қарау тергеу әрекеті әлі де болса ат үсті жүргізілетіндігі, қажетті заттар мен іздердің ізделмеуі, табылған заттай дәлелдемелер мен іздердің бекітілуі мен алынуы заң талаптарын бұзу арқылы жүргізілуі әлі де болса іс тәжірибеде көптеп кездесуде. Бұндай кемшіліктер алдын ала тергеу барысында толықтырылмайтын қателер болып саналуда. Ондай тұжырымға келуіміз алдын ала тергеу барысында оқиға болған жерді қарау кезінде жіберілген кемшіліктер толықтай қалпына келтіру мүмкін еместігі және осы кемшіліктер алдын ала тергеу барысында тергеушімен анықталмайтындығы да, оларды қалпына келтіруге бағытталған тергеу әрекеттерінің жүргізілуі де кездесетін жайт.

Атылатын қару қолданып кісі өлтіру қылмысын тергеу барысында оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетінің мақсаттары мен міндеттілігі тергеушімен ескеріле бермейтіндігі немесе оқиға болған жерді қарау кезіндегі кемшіліктер мен олқылықтар тергеуші тарапынан қасақана немесе сауатсыздығынан орын алуы мүмкін.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Зерттеудің басты мақсаты болып атыс қаруын қолдану арқылы кісі өлтіруді тергеу кезінде оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетінің түсінігін беру, осы оқиға болған жерді қарау кезінде тергеушілер тарапынан жіберілетін кемшіліктер мен олқылықтарға тоқтау, оқиға болған жерді қараудың мақсаттары мен міндеттерін, негізін айқындау.

Зерттеу объектісі және пәні атыс қаруын қолдану арқылы жасалған кісі өлтіруді тергеу кезінде оқиға болған жерді қарудың тактикалық әдістерінің түсінігін, мағынасын ашу, осы тергеу әрекетін жүргізу барысындағы орын алатын кемшіліктер мен олқылықтар.

Зерттеудің заты криминалистика бойынша атыс қаруын қолдану арқылы жасалған кісі өлтіруді тергеу кезінде оқиға болған жерді қараудың тактикалық әдістері.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған кісі өлтіруді тергеу кезінде оқиға болған жерді қарау әрекеті жөнінде Абуов А. Ғ., Амитов Ш. Е., Аубакиров А. Ф., Белкин Р. С, Беляков А. А:, Винберг Л. А, Гинзбург А. Я, Жәкішев Е. Ғ, Исаев Ә. А, Калинин А. В, Кулибаев Т. А, Найманова Г. Х, Поврезнюк Г. И, Тапалова Р. Б, Темірболат Н. С, Тлеубергенов Е. М тағы да басқа авторлармен зерттелген.

Атыс қаруын қолдану арқылы кісі өлтіруді тергеу кезінде оқиға болған жерді қараудың тактикалық әрекеті бойынша Ш. Е. Амитовпен, Т. А. Кулибаевпен терең зерттелген.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған кісі өлтіруді тергеу кезінде оқиға болған жерді қараудың тактикалық әдістері іс тәжірибеде, жоғарғы, орта оқу орындарында криминалистика пәні сабағын жетілдіруге өз үлесін қосады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Ел басымыздың атап отырғандығы біздің еліміз құқықтық мемлекет екендігін дүниеге танытуы тиісті, сондықтан әр уақытта әр-бір шешім құқық негізінде шешімін тауып, осы құқтық деңгейімізді нығайта беруіміз керек дегенді атап отыр. Сондықтан оқиға орнына барған терегуші, анықтаушы, анықтау органы қызметкерлері осы оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетін заң талабына және этикалық талапты бұзбай жүргізуі тиіс.

Дипломдық жұмысты жазу барысында тәжірибелік негіз ретінде Қазақстан Республикасындағы заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттар, сот тәжірибесін қолданып қарастырылды. Сондай-ақ, түрлі тұжырымдамалар мен бағдарламалар да талданды. Сонымен қатар статистикалық материалдар пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі - Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, төрт бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ҚАРАУДЫҢ ТАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ МЕН ТӘРТІБІ

1. 1. ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ҚАРАУ ТҮСІНІГІ МЕН МАҢЫЗЫ

Орын алған оқиғаны дер кезінде анықтап оның қылмысты құрайтындығы немесе қылмысқа жатпайтындығы, қылмыс орын алған жағдайда оның із суытпай ашылуында, қылмыс жасаған қылмыскерлерді дер кезінде анықтап оларды ұстау мен қылмыс барысында орын алатын зардаптарды уақтылы жоюда оқиға болған жерді қараудың тергеу амалының атқаратын рөлі өте зор. Алдын ала тергеу барысында жүргізілетін тергеу амалдарының ішінде осы оқиға болған жерді қараудың тергеу әрекеті қылмыстық іс қозғалмай жатып жүргізілетін тергеу амалдарының бірі болып табылады. Аталған тергеу амалының қылмыстық іс қозғалмай жатып жүргізілуіне негіз болып Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 221-бабының 2-бөлігі танылады [2] .

Онда “Қылмыстық іс қозғау туралы шешім шығару тексеруді жүргізбейінше мүмкін болмайтын жағдайларда ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін” делінген. Бұл дегеніміз, қылмыс туралы түскен арыздар мен хабарламалардың барлығы бойынша қылмыс оқиғасы орын алды деп айтуға болмайды. Сондықтан заң шығарушылар Қылмыстық іс жүргізу заңын қабылдар кезде осы жағдайды еске ала отырып, егер қылмыстық іс қозғауға толық негіз болмаған жағдайда оқиға болған жерді қарай отырып орын алған оқиғада қылмыс белгілері бар жоғын анықтап барып қылмыстық іс қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту шешімін қабылдауы қажет. Оқиға болған жерді қараудың орын алған қылмысқа байланысты өзінің ерекшеліктері мен тәсіл амалдары бар. Кейбір қылмыстар бойынша оқиға болған жерді қараудың еш қажеті де жоқ, атап айтар болсақ, мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабында орын алып отырған сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмысы бойынша барлық уақытта оқиға болған жерді қарау қажетті болмайды [3] .

Кісі өлтіру қылмыстары бойынша оқиға болған жерді қараудың өзіндік ерекшеліктері мен тәсіл амалдары бар десек болады. Атап айтар болсақ, кісі өлтіру қылмыстары Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңының талабына сай аса ауыр қылмыстар қатарына жатады. Сондақтан ондай қылмыстар орын алған жағдайда оған жүргізіетін бақылау да, бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан әр түрлі жайттарды қызықтау да орын алатыны барлығымызға мәлім. Кісі өлімі орын алған жердің барлығында қылмыс оқиғасы орын алуы мүмкін емес, сондықтан, кісі өлімі орын алған жерді қарау барысында орын алған оқиғада қылмыс белгілері бар жоғын анықтау қажет, кейбір жағдайларда кісі өлімі орын алғанымен оны қылмыс жасаған тұлға өзгертіп кісі өлтірілгендігі туралы оқиғаны өзгерту мақсатында сценировка жасауы мүмкін. Осыған орай кісі өлімі орын алған жерді қарау тек машықтанған, мамандандырылған тергеуші жүргізуі қажет.

Тергеу қарауының жалпы ережелері. Қылмыс ізін, өзге материалдық обьектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жердің, үй-жайлардың, заттардың, құжаттардың, көзі-тірі адамдардың, мәйіттердің, жануарлардфың қарауын жүргізеді. Қарауды жүзеге асыратын адамның нұсқаулары сол тергеу әрекетіне қатысушылардың барлығы үшін міндетті.

Қылмыстық істі қозғау туралы шешім шығару қарауды жүргізбейінше мүмкін болмайтын жағдайларда ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін. (ҚР ҚІЖК-нің 221-бабы) .

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде тергеулік қарауды тергеулік тексеру деп берген. Тeксеру тергеулік қараудың мазмұнын толық аша алмайды, ол тек бақылау, зерттеу сияқты тергеулік қараудың тәсілдері қатарына жататындықтан ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі тексеру деген сөзді қарау, яғни тергеулік қарау деп түсіну керек.

Тергеулік қарау қылмыстық іс үшін маңызы бар обьектілерді, олардың белгілерін, сипаттарын, жағдайларын және өзара орналасуын анықтау мен тексеруден тұрады.

Тергеулік қарау - өз алдына жеке тергеу әрекекті, басқа тергеу әрекеттерімен, мысалға тергеу эксперименті, тінту сияқты әрекеттермен ұқсас жерлері бола тұра, тергеулік қараудың өзінің проссуалдық жағдайы бойынша да және жүргізу тактикасы бойынша да түпкиілді айырмашылығы бар, тергеуші қарау кезінде өзінің сезім мүшелері арқылы дәлелдемеліік фактілердің болғандығына және сипатына тікелей көз жеткізеді. Көптеген тергеу әрекеттері сияқты, тергеулік қарау танымдық әрекет болып әртүрлі танымдық тәсілдер арқылы жүргізіледі. Қарау - тек қана бақылау емес, сонымен қатар әртүрлі өлшеулер мен есептеулерді жүргізу бақыланатын обьектілерді өзімен және басқа да обьектілермен, құбылыстармен таныстыру және зерттелетін обьектілермен белгілі-бірдеңгейде тәжірибе жүргізу, және де тергеушінің және басқа да қатысушылардың тапқандары мен анықтағандарын баяндап жазу және басқа да тәсілдер мен бекіту. Тергеуліғк қарауда криминалистиканың арнайы тәсілдері кеңінен қолданылады, әсіресе іздері мен және де басқа дәлелдемелік заттармен жұмыс істеудің техника-криминалистикалық тәсілдері кең пайдаланылады. Қарау кезінде материалдық әлемнің обьектілері мен құбылыстарының сенімділік танымы логикалық ойлауымен, қараланып жатқанды бағалаумен, талдаумен ұштасады, басқаша айтқанда қараланып жатқан обьектілерді бақылау нәтижелері тергелініп жатқан оқиғаға немесе іс бойынша жиналған басқа да деректер мен байланысын анықтау мақсатында логикалық өңдеуден өткізіледі. Сондықтан, қарау кезінде тек қана танымның сезімділік нышанымен ғана байланысты деп ойлау қате, бірақта ол осы тергеу әрекетінде маңызды рөл атқарады.

Тергеу қарауының мақсаты - іздер мен заттай дәлелдемелерді талдау арқылы қылмыстарды тіркеп, ашуға мүмкіншілік беретін дәлелдемелерді табу және бекіту.

Тергеу қарауының басқа түрлері.

Заттарды қарау. Тергеу барысында әр түрлі заттардың және олардың бөліктерін дәлелдемелік маңызы болуы мүмкін. Ондай заттарды тергеуші оқиға бролған жерді қараған кезде тінті мен алуды жүргізгенде табуы мүмкін, оларды куәгерлер, жәбірленушілер, сезіктілер және айыпталушылар беруі мүмкін. Егер оқиға болған жерден табылған затттарды қарау ұзақ уақыт алатын болса немесе басқа да негіздер болса, онда қарауды тергеу жүргізіліп жатқан орынға жеткізіп қарауға болады. Осы жағдайдағы заттардың қарауы өз алдында джеке тергеу әрекетінің мазмұнын құрайды. Жеке заттардың қарауын, олар табылған жерінде қаралған күннің өзінде де, тергеуші кабимнетінде қайта қарау көбінде тиімді. Бұл қарауға барынша қолайлы жағдайлар жасап, қарау мұқият жүргізуге мүмкнідік береді.

Заттардың қарауы, олардың іс үшін елеулі маңызы бар білгілері мен сипаттары тергеушінің көзінен таса болмайтындай етіп жүргізілуі тиіс.

Заттарды қарауы, олардың сыртқы сипаттарын зерттеуден басталады. Тергеуші заттың жағдайын, оның атауын және оының не үшін арналғанын анықтайды, қажет болса, осы заттарды пайдалану ережелерін панықтайды. Содан кейін әрі қарай қарау барысында ережелерін анықтайды. Содан кейін әрі қарай қарау барысында заттардың жеке белгілерін, оның ахаулары және ерекшеліктері анықталады, оның қандай мақсатта пайдаланғандығын куәлайтын белгілер, тергелініп жатқан оқиғаға байланысын көрсететін белгілер анақталады. Барлық осы деректер қарау хаттамасында бекітіледі және оған қаралып жатқан заттың фотосуреттері тіркеледі.

Заттардың қарауы, олардың сараптық зерттеуін ауыстыра алмайды. Осыларды ескере отырып, тергеуші қарау барысында, біріншіден, кейін сараптық зерттеудің болатын іздер мен белгілерді табуға күш жұмсауы керек, екіншіден, қаралынып жатқан заттармен жұмыс істегенде, олардың сақталауы мен дәлелдемелік күшіне кепілдік болатын жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтауы керек.

Оқиға болған жерді қарау кезінде жерді нгемесе үй-жайды тінту, алу тергеу әрекеттері кезінде алынған не тергеушінің талап етуі бойынша ұйым және азаматтар берген заттар ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексіенің 222-бабының ережелері бойынгша қарауға жатады. Аталған заттарды қарағаннан кейін ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексіенің 121-бабының ережелеріне сәйкес заттай дәлелдемелер танылуы мүмкін.

Затты тергеуші заттай дәлел ретінде тану және оны іске қосып тіркеу туралы қаулы шығарады. Осы қаулыда дәлелджі іспен бірге қалдыу немесе оны иесіне немесе адамдар мен ұйымдарға сақтауға өткізу туарлы мәселе шешілуге тиіс.

Егер заттар ауқымдыф болуына немесе өзге де себептергше байланысты қылмыстық іспен бірге сақтауға келмесе, олар фотосурет немесе бейнежазба құралдарысмен түсіріп алу мүмкіндігінше мөрмен бекітілеге және тергеуші көрсеткен орында сақталуы тиіс. Істе заттай дәлелдің жатқан жері туралы істе тиісті анықтама алуы тиіс.

Тез бұзылатын заттай дәлелдемелер, егер олар иесіне қайтарылмайтындай болса, тиісті ұйымдарға мақсатына сай пайдалануға не алынған сомаларды қылмыстық істе жүргізуші органның депозитіне енгізі отырып сатуға өткізіледі. Негіздер болған кезде олар тиісті тегі мен сапасы жағынан бара-бар заттармен қайтарылады немесе оның құны төленеді

Анықтау органы істі тергеушіге берген кезде немесе ол бір ангықтау органынан екінші анықтацу органынан, не бір тергеушіден екіншісіне берілген ретте, сонымен қатар іс прокурорға және сотқа жіберілгенде заттай дәлелдемелер іспен бірге жөнелтіледі. Заттай дәлелдемелер буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде оларды даралайтын белгілері көрсетілген тізімдеумен бірге беріледі.

Қылмыстық іс тергеу сатысында тоқтатылған кезде дәлелдемелер туралы мәселе ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексіенің 121-бабының үшінші бөлігінің ережелері бойынша шешіледі. (ҚР ҚІЖК-нің 223 бабы) .

Құжаттарды қарауы. Құжаттарды қараудың мақсаты болып құжаттарға заттай дәлелдемелік маңыз беретін белгілерін анықтау мен бекіту табылады, сорнымен қатар құжаттармен куәланғандығын немесе іс үшін маңызы бар мән-жайлар мен фактілер баяндалғандыған анықтау болып табылады.

Қараудың бастапқы сатысында тергеуші құжат туралы жалпы мағлұмат алуы керек. Осы кезде анықталады:

  • құжат нені білдіреді;
  • осы құжат кімде және қай жерде сақталады;
  • құжаттың сыртқы түрі және реквизиттері;
  • құжаттың пайда болуы, құжаттың бұл адамға кімнен келген.

Тергеушінің кейінгі әрекеттері осы құжат бойынша қандай рөл атқаратындығына тәуелді; дәлелдемелік зат, не болса фактілер мен мән-жайларды кәулайтын құрал ретінде болуы. Дәлелдемелік заттар болып табылатын құжаттарды қараған кезде тергеуші, өзінің қолы жеткен құралдармен құжаттың мазмұнын, нышнын, материалын және оынң жеке бөліктерін; қойылған қолдарын, мөр таңбаларын және басқаларды зерттей отырып, құжаттың шынайлығы туралы сұрақты шешеді. Жасандылықтың белгілерін табу үшін қараудың арнайы тәсілдері қолданылады, мысалы, белгілі бір жарық бұрышынан немесе көз қиыңғынан, жарыққа қаратып, үлкейткіш әйнектер арқылы қарау және с. с. қажетті жағдайларда қарау эффектілі болуы үшін маманды қатыстырады (криминалист, химик және т. б. ) . Құжаттың тұтастай жалғандығын немесе кейбір жерлерінің жалғандығын көрсететін барлық белгілер толықтй қарау хаттамасында бекітіледі.

Заттай дәлелдемелер - бұл тергеудегі оқиға туралы ақпаратты қамтитын материалдық дүниенің обьектілері. Олардың мазмұны, табылу орны және басқа да белгілері қылмыстың жасалу мән-жайлары туралы мәлімет беруі мүмкін әдетте оларды қылмыстық «тілсіз» куәгерлер деп атайды. Қандай да болмасын қылмыстық істе заттай дәлелдемелер болады және олардың біреуі де алдын ала қарайсыз іс материалдарына тіркелмейді. Тергеудің нәтижелері оның криминалистік жағынан сауатты жүргізілгенінен байланысты болады. Сондықтан криминалистер оқиға орнын және сонда табылған обьектілерді қараудың аса маңыздылығына ерекше көңіл бөледі.

Тергеу барысында тергеулік қараудың маңызы өте зор. Қарау кезінде қылмыстың, қылмыскерлердің іздерінің жәнге басқа да дәлелдемелік заттардың елеулі бөлігі табылып, зерттеледі. Қарау нәтижелелі, әсіресе қараудың түрі ретінде оқиға болған жерді қарау тергеушіге тергеу бағытын дұрыс анықтауға, тергелініп жатқан оқиға механизімін қайта құра алуға, қылмыскерлердің тұлғасын айқындауға мүмкіндік береді. Көп жағдайларда, жүргізілген тергеулік қараудың сапалылығы тергеу барысын анықтап береді. Бірақ та, осы тергеу әрекетінің маңыздылына да қарамастан тергеу тәжірибесі мен криминалистика ғылымының тергелік қараудың тактикасын тағайындауға елеулі түрде бөліп отырған назарына да қарамастан, тергеуді жүргізу барысының жеке жағдайларына қараудың имаңызы мен мүмкіндіктері жеткілікті бағаланбайды. Осынң салдарынан кейде қарау асығыс үстірткі жүргізіледі. Бұл алыдн ала тергеудің сапасын төмендетугеәкеліп соғады, істті жүргізу нәтижесінде қателіктер мен кемшілік пайда болады, ал оның нәтижесінде қылмыс ашылмай қалуы мүмкін. Сол себепті, тергеу мен анықтама органдарының қызметкерлеріне тергелік қарауларды жоғары сапада жүргізу қажеттігі туралы айтылып отырады.

Қарау тергеу әрекеті ретінде тергеушінің тергелініп жатқан оқиға туралы ақпатарттар алудағы маңызды құралы болып табылады. Қарау барысында алынған ақпараттардың дәлелдемелік сипаттары болған жағдайда терглеуші оларды дәлелдеу кезінде пайдаланады. Осы орайда атыс қаруын қолданып кісі өлтіру қылмыстары бойынша оқиға болған жерді қарау тергеу амалын жүргізудің өзіндік тәсіл амалының түсінігі мен мағынасын зерттеу барысында осы оқиға болған жерді қарау тергеу амалының түсінігі мен мағынасына тоқталып кеткен жөн деп санап отырмыз.

Іздерді жіктеу

Барлық қылмыстардың, оқиғаның оны бейнесін көрсететін, артынан оның қоршаған ортасында белгілі бір іздер қалады. Оқиға, адамның санасында және оқиға болған жердегі заттарда қалады. Бұл іздер оқиғамен байланысты заттарда, обьектілерде қалуы мүмкні. Заң негізінде табылған, бекітілген, және алынған іздер, дәлелдеме ретінде қолдануға болатын мәліметтерден тұрады.

Әр қылмыстың нәтижесінде болған жерінде әртүрлі іздер қалады. Іздер әртүрлі қылмыстарды ашу үшін қолданылады (әртүрлі деңгейәдегі дене жарақаттары, ұрлық, тонау, адам өлтіру және т. б. ) . Негізінен із қалдыру байланысына байланысты олар қол, аяқ, тіс, аяқ-киім, бұзу құралы және инструменті, көлік құралы, оқты қару іздері болып жіктеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлік қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
Криминалистикалық тактика білім жүйесінде. Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық
Оқиға болған жерді қарау
Дауларды БҰҰ шегінде бейбіт жолмен реттеу
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Қылмыс. Криминалистика
Тергеушінің жедел - іздестіру органының қызметін пайдалануы
Тергеу әрекетін жүргізу кезіндегі материалдарды табу
Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық шаралары
Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz