АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
1. 1. Азаматтық құқық туралы ұғым 8
1. 2. Азаматтық құқықтық реттеу тәсілдері 13
2 МҰРАГЕРЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МҰРАДАН БАС ТАРТУ
2. 1 Мұрагерлік құқықтың түсінігі мен мұрагерлік қатынастардың субъектілері 21
2. 2 Мұрагерлік объектілері. Мұраның құрамына кірмейтін мүліктер 22
2. 3 Мұрагерлік негіздері. Мұраның ашылу орны мен олардың мағынасы 23
2. 4 Юстиниан құқығындағы мұрагерлік 25
3 ӨСИЕТ БОЙЫНША ЖӘНЕ ЗАҢ БОЙЫНША МҰРАГЕРЛІК
3. 1 Өсиет бойынша мұрагерлік 26
3. 2 Өсиеттің күшін жоюы және оны өзгерту 26
3. 3 Заң бойынша мұрагерлік 28
4 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШАРТЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ 31
ҚОРЫТЫНДЫ 47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 49
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Азаматтық құқық - Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік - аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері : Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарды қарастырады.
Зерттеу пәні. Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар туындайды.
Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарға араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында осындай қатынас туындайды. Азаматтық кодексте көрсетілген сату - сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге немесе сол затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т. с. с.
Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқық қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру - осылардың бәрі де құқық қатынасын тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады.
Құқық қытынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен оның құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік - аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мұрагерлік қатынастар, оның элементтері туралы рим заңгерлерінің еңбектерінде сөз болған. Кейіннен, Дж. Локктың, Ш. Л. Монтескьенің, Г. Гегельдің, И. Канттың, Р. Мольдің, Ю. Штальдің, К. Маркстің еңбектерінде әртүрлі идеялар көрініс тапты.
Еліміз егеменді мемлекет болғаннан кейін отандық ғылымдардың Қазақстан мұрагерлік қатынастар, оның элементтерінің нығаю мәселелеріне қызышулығы артты. Бұл М. Т. Баймахановтың, С. С. Сартаевтың, Г. С. Сапарғалиевтың, А. К. Котовтың, Е. К. Көбеевтің, С. Н. Сәбікеновтың, Ө. Қопабаевтың, М. С. Нәрікбаевтың, Ж. Д. Бұсырмановтың, С. Ф. Ударцевтың З. Ж., Кенжалиевтың А. С., Ибраеваның З. К., Аюпованың Л. Т. Назаркулованың С. Ю., Савченконың Ш. В. Тлепинаның, Б. З. Каирбековтың және басқалардың еңбектерінде көрініс тапты.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Зерттеу әдістемелік және теориялық негізін жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістер құрайды. Азаматтық құқық қатынастарының қарастырылуда диалектикалық әдіс басым қолданылды.
Жалпы ғылыми әдістердің ішінен логикалық, тарихи, жүйелік, әлеуметтік әдістер қолданылды. Азаматтық құқық қатынастарының құқықтық мемлекеттегі дамуын жүйелік тұрғыдан талданды. Индуктивті және дедуктивті әдістері құқықтық мемлекеттің құрылу себептерін, алғы шарттарын, әлеуметтік жағдайын, саяси-құқықтық кеңістікте жариялануында қолданылды. Қарастырылып отырған мәселесің басты және жүйе құрастырушы аспектілерін талдау және сомдау әдістері де қолданылды. Қазақстанның саяси-құқықтық кеңістігіндегі құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы және қоғамды реттеген заңдылық жүйелі талданды.
Жұмыста нақты ғылыми әдістер заңи саралау, салыстырылып талдауға өз кезегінде орайлы орын берілді. Кеңестік кездегі және қазіргі кездегі мемлекетте азаматтық құқық қатынастар орнын анықтап, салыстыру арқылы мәндік және мазмұндық ерекшеліктерін ашуда салыстырмалы әдіс қолданылды.
Жұмыста заң әдебиеттерімен қатар философиялық, әлеуметтік, еңбектер, баспасөз материалдары, интернеттік ақпараттар пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Бұл дипломдық жұмыс барысында азаматтық құқығының теориялық және практикалық жағын қарастыра отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актелері мен нормаларының мәліметтері қолданылады.
Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол арқылы осы қатынастардың мазмұнын құрайтын олардың арасында белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі - Зерттеу жұмысы кіріспеден, төрт бөлімнен, төғыз бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері
- Азаматтық құқық туралы ұғым
Қазақстан Республикасының біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын - азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері өте кең.
Азаматтық - адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шет елде қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т. б. өкімдерін бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті. Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-құқықтық статусын айқындап, оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ерекшелейді. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды” делінген (10-бап) . Әлемдік тәжірибеде дүниеге келген нәрестеге азаматтық алу құқы екі негізге: қандық және түп-тамыр құқыларына сүйенеді. Қандық құқы бойынша азаматтық алу туған мекен-жайына емес, ата-анасының азаматтығына байланысты (Австралия, Норвегия, Италия, Финляндия т. б. ), ал түп-тамыр құқы бойынша нәрестенің қай мемл. терр-сында туғаны түп негізге алынады да, ата-анасының азаматтығының бұған қатысы болмайды (Бразилия, Аргентина, т. б. )
Қазақстан Республикасының 1991 жылы 20-желтоқсанда қабылданған (1993 жылы 3 қазанда түзетулер мен толықтырулар енгізілген) “Азаматтық туралы заңы” бойынша Қазақстанда қандық құқы негізге алынады.
Азаматтық құқығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін бару үшін құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категорияның негізінде азаматтық құқығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құқық де көрсетуге болады [1] .
Азаматтық кодекстің 1-бабының 1- тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Сонымен қатар, мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.
Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық құқығымен реттелетін қоғамдық қатынастардың негізгісі болып табылатыны-мүліктік қатынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынасар емес, қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық субьектілерінің кез келгенінің қатысуымен және әртүрлі көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар.
Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс құрал-жабдықтарына, мүліктік иеліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналасушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлығын анықтау туралы мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса да, мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабыс иесінің өнертабысының пайдаланғаны үшін онда авторлық сыйақы алу құқығы пайда болады [2] .
Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялылығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабында азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық атап көрсетілген.
Сондай-ақ Ата Заңның 33-бабы “азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайтындығын” атай келе, “азаматтың жеке өміріне араласуға, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға тыйым салынады” десе, осы баптың келесі тармағында “тұрғын үйге қол сұғуға болмайтындығы” атап көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген мүліктік қатынастармен байланысы жоқ жеке қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастардың екінші тобын құрайды.
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай келе, бұл қатынастардың субьектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1964 жылғы Азаматтық кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-желтоқсанда қабылданған Азаматтық кодекстің ерекшілігі сол, мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушылармен тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген.
1. Азаматтық заңдарда 1994 -жылғы 24 желтоқсанда он үшініш сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 11 сессиясы қабылдаған жаңа Азаматтық кодекс (жалпы бөлім) ерекше орын алады. Азаматтық кодекске 1996 жылғы 15 шілдедегі, 1997 жылғы 5 наурыэдағы, 1997 жылғы 2 шілдедегі, 1998 жылғы 2 наурыздағы заңдармен өзгерістер енгізілгенін ескеру қажет.
Азаматтық кодекстің 3-бабында Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының жүйесі анықталған. ең алдымен ол жалпы республикалық болып табылады және азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының 1, 2 тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады.
Сонымен, азаматтық құқық нормалары заңдарда, нормативтік құқықтық актілерде және заңға сәйкес нормативтік актілерде бекітілуі мүмкін. Бұл орайда “Нормативтік құқықтық актілер туралы”1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бұл нормативтік құқықтық актілердің бәрі олардың заң күшіне қарай белгілі бір қатаң иерархиялық жүйе бойынша орналасады.
2. Заң актілері. Заңдардың арасында 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының мейлінше жоғары заң күші бар, оның 4 -бабында Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының нормалары деп белгіленген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтық құқықтық нормалары бар. Атап айтқанда, 6-бапта Қазақстанда мемлекеттік меншік пен жеке меншік тең дәрежеде қорғалатыны белгіленген. Азаматтардың жеке меншік мәселелері Конституцияның 26-бабында неғұрлым тәптіштеп баяндалған. Азаматтырдың ар-ожданы, қадір-қасиеті және абыройлы есімі, отбасылық құпия, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарлар сияқты рухани қазыналар жөнінде туындайтын жеке мүліктік қатыныстарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-18 баптарында жатыр [3] .
Біз бұған дейін 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданған, заң күші жағынан азаматтық құқық қатынастарын реттеуде мейлінше маңызды орын алатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім) атап өткенбіз. Азаматтық кодекс (Жалпы бөлім) 1995 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енгізілді. Ол 405-бапты біріктіретін 24- тараудан тұрады. Оның сипатты белгісі оған нарықтық экономика жағдайындағы азаматтық айналымға арналған нормативтік базаның негізі етіп алынғаны болып табылады.
Азаматтық заңдылықтағы құқықтық нормалар өздігінен азаматтық құқықтық қатынастарды туғызбайды, өзгертпейді және тоқтатпайды. Ол үшін құқықтық нормаларда қарастырылған жағдайлар тууы қажет, олар азаматтық заңды фактілер деп аталады. Сондықтан заңды фактілер құқықтық норма мен азаматтық құқықтық қатынас арасындағы байланыстырушы звено ретінде қызмет атқарады. Заңды фактілерсіз бір де бір азаматтық құқықтық қатынас орнатылмайды, өзгертілмейді және тоқтатылмайды.
Осылайша, азаматтық заңды фактілер дегенде түсінетініміз - қандай да бір жағдай, онымен нормативтік актілер заңды салдарларды байланыстырады: азаматтық құқықтық қатынастардың тууы, өзгеруі немесе тоқтатылуы.
Заңды фактілер азаматтық құқықтық қатынастың негізінде жатқандықтан және оны орнатып, өзгертіп немесе тоқтата алатындықтан, оларды азаматтық құқықтық қорғаудың негіздемесі деп атайды.
Азаматтық заңдылықта сан алуан түрлі заңды фактілер азаматтық құқықтық қатынастардың негіздемесі ретінде қарастырылған. Бұл заңды фактілердің жалпы тізімдемесі ҚР АК 7-бабында көрсетілген.
Заңды фактілер ағымы сипатына байланысты азаматтық құқықта оқиға және әрекет деп бөлінеді. Оқиғаға жататын әрекеттер, адамның еркінен тыс болатын әрекеттер. Мысалы, дүлей апат, адамның тууы мен өлуі, қандай да бір уақыттың өтуі және т. б. Ал әрекет адамның еркіне байланысты болады. Мысалы, келісімшартқа отыру, міндеттеменің орындалуы, шығарма жазу, мұрагерлікті қабылдау және т. б.
Барлық әрекеттер мен оқиғалар азаматтық-құқықтық салдарларды
тудырмайды, тек қана азаматтық құқықтың нормаларын бұл салдарлармен байланыстыратындары ғана тудыра алады [4] .
Азаматтық құқық адамдардың қоғамдық қатынасын реттейді, олардың осы әрекетінен осы қатынастар қалыптасады, яғни заңды фактілердің негізгі массасын азаматтық құқықта адамдардың әрекеттері құрайды.
Әрекет, өз кезегінде, заңды әрекет және заңсыз әрекет болып бөлінеді. Заңсыз әрекеттер заңның талаптарына немесе басқа да нормативтік актілерге қайшы болып келеді. Сондықтан заңсыз әрекет жасау құқық бұзушыға азаматтық заңнамада қарастырылған санкцияларды қолдануға әкеліп соғады.
Ал заңды әрекеттер азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес келеді. Азаматтық құқық экономикалық айналымның дұрыс дамуын жанамалау ететіндіктен, заңды фактілердің көпшілігі азаматтық құқықта заңды әрекеттер құрайды. Бірақ заңды әрекеттің азаматтық құқықтағы заңды мағынасы, маңызы біркелкі емес.
Өзінің заңды мәніне қарай барлық заңды әрекеттер заңды істер және заңды актілер болып бөлінеді. Заңды істер дегеніміз - азаматтық -құқықтық салдарды тәуелсіз тудыратын нақты бір заңды әрекеттер.
Заңды актілер бұл - сәйкес заңды салдарды арнайы шақыру ниетімен жасалынатын жағдайда ғана тудыратын заңды әрекеттер. Заңды актілердің қатарына әкімшілік актілер мен келісімдер де жатқызылады.
Әкімшілік актілер әрқашанда сәйкес әкімшілік-құқықтық салдарды шақыру ниетімен жасалады. Сондықтан әкімшілік актілердің көпшілігі әкімшілік құқықтық қатынастың негізі болып табылады және азаматық-құқықтық заңды фактілердің қатарына жатпайды. Сонымен қатар кейбір әкімшілік актілер тек әкімшілік қана емес, сонымен қатар азаматтық-құқықтық салдар шақыру пиғылымен де жасалынады. Осылайша, жергілікті әкімшіліктің азаматқа тұрғын үйге ордер беруі жергілікті әкімшілік пен тұрғын үй ұйымдарының арасындағы әкімшілік құқықтық қатынасты ғана тудырмайды, сонымен қатар азамат пен тұрғын үй ұйымдарының арасындағы тұрғын үй жалдау келісімін жасау бойынша азаматтық-құқықтық қатынастарды да тудырады.
Әкімшілік актілерден ерекшелігі келісімдер тек қана азаматтық-құқықтық салдарды шақыру мақсатында жасалады. ҚР АК 147 бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқық пен міндеттемелерді бекіту, өзгерту мен тоқтатуға бағытталған әрекеті келісім болып саналады.
Осылайша, келісімдер қатарына мыналар жатады: әртүрлі келісімдер (сату-сатып алу, сыйға тарту, мердігерлік, мүлікті жалға алу, басқа жалға алу, қарыз және т. б. ), конкурс жариялау, өсиетхат және басқа да заңды әрекеттер, бұлардың барлығы да нақты бір азаматтық-құқықтық салдарды шақыру мақсатымен азаматтық құқық субъектілерімен жасалады [5] .
Осылайша, азаматтық құқықта заңды фактілер мынадай жіктеліске ұшырауы мүмкін:
а) оқиға мен әрекет;
б) заңды және заңсыз әрекеттер;
в) заңды әрекеттер және заңды актілер;
г) әкімшілік актілер мен келісімдер.
Азаматтық құқық нормаларынаң талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталды.
Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарына арыласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында Азаматтық кодексте көрсетілген сату-сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге, немесе затында сапасы жағынан немесе сан жағынан бір кемшілігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т. с. с
Азаматық құқық Қазақстандық құқық жүйесінде негізгі орындардың бірін алып отыр. Бұл сала азаматтық қоғамда қалыптасатын қатынастардың үлкен бөлігін реттейді. Азаматтық қоғам дегенде биліктің және басқарудың мемлекеттік институттарымен бірге өз қызығушылығымен және қоғамның қызығушылықтарымен қызметтің әр алуан түрлерін жүзеге асыратын әлеуметтік және экономикалық жағынан тәуелсіз субъектілерілердің жиынтығы түсініледі. Мемлекеттің азаматтық қоғамның қатысушыларының өмірі мен қызметі саласына араласуға құқығы жоқ, тек заң шеңберінде ғана өз қызметтерін атқарады. Азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі әр түрлі қажеттіліктерді (экономикалық, мәдени, рухани және т. б. ) қанағаттандыруды қажет етеді. Осы мақсатта олар мүлікті иесіздендіреді және бір-біріне әр түрлі қызмет көрсете отырып мүлікке ие болады, мемлекет мүліктік және онымен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді, азаматтық заңнамада айналым қатысушыларының құқықтық жағдайларын нығайтады, мүлікті меншікке айналдыру мүмкіндігін, ақша-тауар қатынастарына қатысу мүмкіндігін береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz