Ұрлық және алаяқтық
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
2
І МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ЖӘНЕ ТАЛАН-ТАРАЖ
1.1. Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі, сипаттамасы
5
1.2. Талан-тараж түсінігі
31
2 АЛАЯҚТЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
2.1. Алаяқтық қылмысының объектісі
34
2.2. Алаяқтықтың объективтік жағы
35
2.3. Алаяқтықтың субъективтік жағы
39
2.4. Алаяқтық қылмысының субъектісі
41
3 АЛАЯҚТЫҚТЫҢ САРАЛАНҒАН ҚҰРАМДАРЫНА СИПАТТАМА
3.1. Адамдар тобының алдын-ала сөз байласып жасаған алаяқтығы
43
3.2. Бірнеше рет жасалынған алаяқтық
44
3.3. Қызмет бабын пайдаланып жасалынған алаяқтық
46
3.4. Ұйымдасқан топ жасаған алаяқтық
46
3.5. Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық
47
3.6. Ұрлау (талан-тараж) немесе қорқытып алушылығы үшін бұрын екі немесе
одан да көп рет сотталған адам жасаған алаяқтық
48
4 АЛАЯҚТЫҚТЫ ҰҚСАС ҚЫЛМЫС ҚҰРАМДАРЫНАН АЖЫРАТУ
4.1. Ұрлық және алаяқтық
49
4.2. Алаяқтықты алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал
келтіруден ажырату
50
4.3. Алаяқтықты жалған кәсіпкерліктен, тұтынушыларды
алдау құрамдарынан ажырату
52
4.4. Алаяқтықты жалған ақша немесе бағалы қағаздар, жалған төлем
карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе
сатудан ажырату
53
5 АЛАЯҚТЫҚ ЖӘНЕ ГИПНОЗ
54
ҚОРЫТЫНДЫ
56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
58
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, осы
тәуелсіздіктің алуына куә болған азаматтар өмірінде көптеген өзгерістер
болды. Өмір, идеялар, құндылықтар, формация – барлығы аяқ астынан аударылып
түсті. Жеке меншік, азаматтық қоғам, жеке кәсіпкерлікті реттейтін азаматтық
құқық “басын көтеріп”, терең тыныс алуға мүмкіншілік алды.
Қылмыстық құқықта да қылмыстық заң қорғайтын құндылықтардың жаңа
иерархиясы бекітілді. Ол иерархия адамның ажырамас табиғи құқықтары мен
бостандықтарына негізделген болатын [1].
Нарықтық экономикалық қатынастарға өту жағдайларында, меншіктің жаңа
түрлері пайда болу кезеңінде, меншіктің барлық нысандарын берік қорғауға
қажеттілік туындады. Бұл міндет, әрине, жас мемлекетімізге жүктелді.
1997 ж. Қазақстан Республикасында Қылмыстық Кодексті қабылдау -
әлеуметтік және саяси салалардағы ірі өзгертулердің объективтік қажеттілігі
болды. Бұл, әсіресе, еліміздің Конституциясын қабылдаумен байланысты болды.
Себебі, Конституция мемлекетіміздің қағидаларын, құндылықтарын, бағыттарын
анықтап бекітті. Жаңа кодексті қабылдау қылмыстық құқық ғылымы алдына,
меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстарға байланысты және сот-тергеу
тәжірибесінде қолданылатын заңнамалық новеллаларды зерттеу бойынша міндет
қойды.
Сол сияқты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік
қаулыларын жетілдіру қажет екендігі рас. Себебі, Қазақстан Республикасы
Конституциясының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
нормативтік қаулыларының нормалары Қазақстан Республикасындағы қолданылатын
құқыққа жатады.
Заң ғылымының әдебиеттерінде, ғалымдар меншікке қарсы қылмыстардың
ішінен “алаяқтық” қылмысын ерекше атап өтеді.
Алаяқтықтың қоғамдық қауіптілігі – бұл алдау немесе сенімге қиянат
жасау нәтижесінде азаматтарға, ұйымдарға, мемлекетке зиян келтірілуінде.
Алаяқтық қылмысы мүліктік қылмыстар арасындағы салыстырмалы түрде аз
тараған, 5,5% қана, бірақ оның үлесі күннен күнге өсуде [2].
Алаяқтық әрекеттерді еркек те, әйел де, ересек те, кәмелетке толмаған
да жасауы мүмкін. Себебі, пайдакүнемдік қасиеттер адамдар арасында кең
тараған, ал алдау мен жалған мәлімет айту – қазіргі күні қиынға соқпайтын
әрекетке айналды.
Алаяқтық деп, бөтен мүлікті алдау жолы арқылы алып қою мақсатымен
жасалатын тұлғаның қасақана әрекеттерін түсінеміз. Алдау ретінде бұл жерде
біз, өтірік, жалған мәліметтер, әрекеттер, ақиқатты бұрмалауды түсінеміз.
Алдаудың түрлі тәсілдері айқындалған. Мысалы, тұлға нысанында алдау –
бұл дегеніміз қылмыстық әрекеттер жасау барысында тұлғаның өзін басқа адам
ретінде таныттыру. Немесе, зат нысанында алдау – алаяқ бір зат ретінде
басқа бір затты сатып жібереді. Мұндай кездерде алаяқ, жәбірленушіге жалған
мәліметті немесе өзге заттарды ұсынып, оны алдап отыр. Алдауға бұл жерде,
міндетті түрде, қылмыстық қасақаналық тән болады.
Алаяқтық қылмыстық ортада “элиталық” болып саналады. Себебі ол әркімнің
қолынан келе бермейді.
Алаяқтық жасау үшін белгілі бір деңгейде ақыл-ой, қабілеттіктер, жеке
қасиеттер болу керек. Сонымен қатар, алаяқтар, осындай ерекше қасиеттерге
ие бола отырып, бас бостандығын айыру орындарына сирек түсетін.
Аталған қылмыс тәжірибеде саралау кезінде белгілі бір қиындықтарды
туғызады.
Сонымен қатар, алаяқтықтың жаңа түрлерін саралау проблема деңгейіне
жеткен десе де болады. Себебі, заң шығарушыға қарсы қылмыскердің
интеллекті, ақыл-ойы, айласы қарсы тұрады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Қазақстан Республикасында заңдылық
құқықтық мемлекеттің негізгі қағидасы құқықтық тетіктерін қарастыру.
Заңдылық пен құқықтық мемлекеттің орны, ролін қарастыру. Сондай-ақ қазіргі
кездегі Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолындағы заңдылықты нығайту
және жетілдіру жолдарының кешенді теориялық зерттелінуінен тұрады.
Алаяқтық қол сұғушылықтың заты – бөтен мүлік немесе мүлікке құқық
болғандықтан, осы қылмыстың аяқталу сәтін анықтауда да қиыншылықтар болуы
мүмкін.
Алаяқтықты саралаудың осы сұрақтарын қарастыру – осы бітіру жұмысының
негізгі міндеті болып табылады.
Зерттеу объектісі. Зерттеу жұмысының негізгі объектісін алаяқтық қол
сұғушылық құрайды.
Зерттеу пәні. Зерттеу пәні болып заңдылық құқықтық мемлекеттің қағидасы
ретіндегі орны, заңдылықты орнату мен нығайту және құқықтық мемлекетті
қалыптастырып, дамыттыру жолдары құрайды. Қазіргі таңда Қазақстан құқықтық
мемлекетті қалыптастыру жолындағы заңдылықты нығайтудың құқықтық тетіктері
зерделеуге жатады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл қылмысқа Ежелгі Рим заңгерлері нақты
анықтама беріп, оны түр-түрлерге жіктеген. Олардың ойынша, алаяқтық – бұл
жәбірленушіні алдап, кінәлі үшін пайда алу тәсілі. Олар алаяқтықты ауыр
қылмыстар қатарына жатқызған. Сондықтан жаза ретінде кінәлі алыс аралдарға
ашаршылықтан өлуге жіберілетін. Отандық ғылымдардың Қазақстан жағдайында
құқықтық мемлекет қалыптасуы мен нығаюы мәселелеріне қызышулығы артты. Бұл
С.З. Зимановтың, М.Т. Баймахановтың, С.С. Сартаевтың, Г.С. Сапарғалиевтың,
А.К. Котовтың, Т.А. Ағдарбековтың, Е.К. Көбеевтің, С.Н. Сәбікеновтың, С.
Өзбекұлының, Ө. Қопабаевтың, М.С. Нәрікбаевтың, Ж.Д. Бұсырмановтың, С.Ф.
Ударцевтың, З.Ж. Кенжалиевтың А.С. Ибраеваның, З.К. Аюпованың, Н.А.
Шайкеновтың, Л.Т. Назаркулованың, С.Ю. Савченконың, Ш.В. Тлепинаның, Б.З.
Каирбековтың, А. Сманованың, Ш.А. Андабековтың, А.С. Сартаевтың және
басқалардың еңбектерінде көрініс тапты.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Зерттеу әдістемелік
және теориялық негізін жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістер құрайды.
Алаяқтық мәселесін қарастырылуда диалектикалық әдіс басым қолданылды.
Жалпы ғылыми әдістердің ішінен логикалық, тарихи, жүйелік, әлеуметтік
әдістер қолданылды. Құқықтық мемлекеттің дамуын жүйелік тұрғыдан талданды.
Индуктивті және дедуктивті әдістері құқықтық мемлекеттің құрылу себептерін,
алғы шарттарын, әлеуметтік жағдайын, саяси-құқықтық кеңістікте
жариялануында қолданылды. Қарастырылып отырған мәселесің басты және жүйе
құрастырушы аспектілерін талдау және сомдау әдістері де қолданылды.
Қазақстанның саяси-құқықтық кеңістігіндегі құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
мен дамуы және қоғамды реттеген заңдылық жүйелі талданды.
Жұмыста нақты ғылыми әдістер заңи саралау, салыстырылып талдауға өз
кезегінде орайлы орын берілді. Кеңестік кездегі және қазіргі кездегі
мемлекетте заңдылықтың орнын анықтап, салыстыру арқылы мәндік және
мазмұндық ерекшеліктерін ашуда салыстырмалы әдіс қолданылды.
Жұмыста заң әдебиеттерімен қатар философиялық, әлеуметтік, еңбектер,
баспасөз материалдары пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Еліміздегі салыстырмалы
тұрақсыздық және меншікке қарсы қылмыстардың кең таралуы – олармен
күресудің қылмыстық-құқықтық әдістерін тұрақты түрде жетілдіруді қажет
етеді. Ең алдымен қылмыстық заңнамадағы “ақ дақтарға” көңіл бөлу керек.
Себебі, егер қылмыстық жауаптылық тек қылмыстық заңмен тыйым салынған
әрекеттер үшін туындайтынын ескерсек, онда бірқатар әрекеттер тиісті
жазалаусыз қалатынына қауіп бар. Сондай-ақ осы “ақ дақтардың” болуы
салдарынан, бір әрекетті өзге қылмыс құрамымен саралау жағдайлары болуда.
Дипломдық жұмысты жазу барысында тәжірибелік негіз ретінде Қазақстан
Республикасындағы заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының
нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттар, сот тәжірибесін
қолданып қарастырылды. Сондай-ақ, түрлі тұжырымдамалар мен бағдарламалар да
талданды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі – қойылған ғылыми зерттеу
мәселелерінің шешімін табу арқылы көздеген мақсатқа жету қисындылығына
сәйкес құрылды. Зерттеу жұмысы кіріспеден, бес бөлімнен, оң алты
бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1. Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі, қысқаша сипаттамасы
Меншікке қарсы қылмыстар – бұл меншік қатынастарына қол сұғатын және
меншік иесіне залал келтіретін қылмыстық әрекеттер.
Меншік қатынастары мемлекет экономикасының негізін құрайды. Меншік –
бұл әлеуметтік құндылықтардың арасындағы маңыздылардың бірі. Меншіктің
түрлі нысындарын бекіту – қоғамның экономикалық гүлденуі мен жекелеген
азаматтардың хал-жағдайын арттыруға әкеледі. Ал меншік қатынастарының
қылмыс арқылы бұзылуы қоғамға елеулі қауіп туғызады.
Ел тарихымыздың әр түрлі кезеңінде меншік қатынастарын құқықтық реттеу
әр түрлі еді. Кейбір меншік түрлері қорғалып, кейбіреулеріне тыйым салынған
болатын. Мысалы, кеңестік заманда социалистік деп танылатын, тек
мемлекеттік және қоғамдық меншік заңды еді, ал жеке меншік социалистік
меншік туындысы ретінде қарастырылған.
Бүгінгі күні меншікке қатысты көзқарас өзгешелеу. ҚР Конституциясының 6
бабы 1 тармағында: “Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке
меншік танылады және бірдей қорғалады”, - делінген.
Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі – меншік иесінің өз
мүлкіне ие болу, пайдалану және билік ету құқығымен айқындалған меншік
қатынастары.
Меншікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі – қылмыстық әрекет
нәтижесінде бұзылатын белгілі бір меншік нысаны – дейді бірқатар авторлар
[3].
Г.А.Кригер дұрыс айтқандай: “Талан-тараж кезінде қол сұғушылық
объкетісі жеке бір мүлік емес, меншік болып табылады” [4].
Біз қылмысты қоғамға қауіпті әрекет деп түсінеміз. Демек, мұндай қауіп
қоғамда орнатылған, құқықпен бекітілген және қылмыстық-құқықтық нормалармен
қорғалатын қоғамдық қатынастардың бұзылуымен пайда болады. Сондықтан қылмыс
объектісі ретінде, әрқашан, қоғамға қауіпті әрекетпен бұзылатын қоғамдық
қатынастар болады.
Меншікке қарсы қылмыстардың объектісінен бұл қылмыстардың затын ажырата
білу керек.
Меншікке қарсы қылмыстардың заты ретінде біз мүлікті, мүлікті алуға
құқық беретін заттар, яғни нақты заттар, материалдық дүниенің заттары,
флора, фауна, үй жануарлары және т.б. танимыз [5].
Мүлік дегеніміз, бұл қылмыстың бағытталатын нәрсесі, яғни мүлікке
байланысты меншікке қарсы қылмыс жасалады. Бұл жерде мүліктің құқықтық
табиғатын анықтаған жөн. Мүлік ретінде азаматтық айналымнан алынбаған және
құны бар заттар танылады. Мысалы, ақша, бағалы бұйымдар, құнды қағаздар.
Егер заттардың құны болмаса, немесе ол тек жеке бір адам үшін құны бар
болса, ол заттар мүлік болып табылмайды. Мысалы, танысыңның фотосуреті,
қолжазба кітапшасы және т.б. Бірақ бұл жерде де ескерту бар, әйгілі
адамдардың суреттері, әсіресе, қолжазу белгісімен болса, бұл суреттер мүлік
ретінде танылуы тиіс. Себебі бұл заттар сату-сатып алу шартының пәні
болуда.
Меншікке қарсы қылмыстың болып азаматтық құқық бойынша меншік
обьектілері деп танылған кез-келген бұйымдар мен мүліктер танылады.
Меншікке керек қылмыстық затына адам еңбегі арқылы жасалған кез келген
материалдық дүниелер заттар жатады. Сондай-ақ ақша, бағалы қағаздар,
айналымнан алынбаған басқс да қозғалатын немесе қозғалмайтын мүліктер
жатады. Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктер қатынасы,
яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік қызметті жүзеге асыруға
арналған материалдық игіліктер бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып
табыламы.
Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісін меншік деп қарастыруға
болады. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде сәйкес меншік құқығы
дегеніміз – субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған
билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік
иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады.
Меншікке қарсы қылмыстар туралы тараудағы заң нормалары мен қорғалатын
тікелей объект ретінде меншіктер қатанасының мәнін осы құқықтар құрайды.
Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заң
мен қамтамасыз етілуі. Бұл құқық адамның мүлікке өз қалауынша ықпал ету
мүмкіндігін құрайтын мүлікке нақтылы ие болуды білдіреді. Мысалы, мемлекет
жерге, оның қойнауына, су ресурстарына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне
жәнә т.б ие болды, азамат жеке автомобильге, жиһазға және т.б ие бола
алады.
Иелену құқығы заңмен қорғалады. Мүлікті иелену құқығыбасқа адамға
берілуі мүлкін. Мысалы, коммисия, сақтау және т.б шарттар бойынша
коммиссионер берілген мүліктің сақтаушысы, заң нгізінде иелену құқығын және
т.б құқықтарды жүзеге асырады.
Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін
алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
Пайдалану кезінде меншік иесінің өзіне тиесілі мүлікті кәдеге жаратуы
өзінің тұтынушылық сезімін қанағаттандыру үшін одан пайда табуы қажет.
Мысалы, адам кіржуғыш мақсатына өзінің шаруашылық мақсаттарына пайдаланса,
ал азық түлік өнімдерін қоректену үшін пайдаланады және т.б.
Мүлікті, техниканы шаруашылық мқсатта пайдалануды, сондай-ақ ұйымдар да
жүзеге асырады.
Олар мүлікті алдарындағы мақсатты орындау үшін пайдаланады пайдалану
құқығы да заңмен қорғалады.
Билік ету құқығы дегеніміз- мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеу
мүмкіндігінің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің
мүліктің заңдық жағдайын анықтап өзгерте отырып, мүлікке байланысты
құқықтық қатынастарды белгілеу немесе тоқтату құқығы (мысалы, сату,
айырбастау, сыйлау,жойып жіберу, жедел басқаруға беру және т.б). Билік ету
құқығы тек меншік иесіне тиесілі.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген
әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне
беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға
мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттілігін
тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық
түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
(Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің -188 бабының 3
тармағы). Меншікке қарсы жасалған әрбір ұрлық және басқа да қылмыс қоғамға
қауіпті, себебі ол көрсетілген қатынастарды бұзады. Қылмыстық кодекстың
ерекше бөлімінің меншікке қарсы қылмыстар тарауында бекітілген баптардың
диспозицияларының мазмұны бұл қарастырылып отырған қылмыстардың тікелей
объектісі бөтенінің меншігі екендігін көрсетеді. Кейбір қылмыстарда (ұрлық,
тонау, алааяқтық, т.б). Тікелей объектілер тектік объектілерге сәйкес
келеді. Заң әдебиеттерінде тікелей объектілер ретінде меншіктің нақты
нысанын, оның мемлекеттік, кооперативтік, жеке мншік,муниципалдық не
жекенген ұйымдардың меншігі болып табылуына байланысты қарастыру керек
деген пікір айтылған,мұндай ұсыныспен келісуге болмайды, себебі Қазақстан
Республикасының конститутциясы мнешіктің кез келген нысанын бірдей қорғауды
жарйялап отыр. Сондықтан да ұрлықты бөтен мүлікті иеленуді, тағы басқандай
әрекетерді саралау үшін ұрлаған мүліктің қандай нысандағы меншік
екендігінін маңызы жоқ.
Кез-келген заң бұзушылық мінез-құлық қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі
бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал, қылмыс дегеніміз – қоғам үшін ерекше
қауіпті құбылыс. Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны
зардап шегеді.
Қылмыс – қоғам үшін қауіпті заң бұзылушылықтың өрескел көрінісі, ол заң
тиым салған, заңмен жазаланатын әрекет немесе әрекетсіз өрескел қылықтар.
Қылмыс алуан түрлі болып келеді.
Сондықтан саналы азаматтар құқық қорғау органдарына көмек көрсетіп
отыруы тиіс. Егер ойлап қарасақ, мұның өзі – адал ниетті, заңды мүлтіксіз
орындап жүрген адамдардың өздерін қорғауға қажетті іс.
Меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ
меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда
қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.
Меншікке қарсы қылмыстың аса қауіпті өсу тенденциясы құқық қорғау
органдарының олармен терең және нақты күресуін қажет етеді. Қылмысты
болдырмау, ашу және тергеу құқық қорғау органдарының маңызды мақсаттарының
бірі болып табылады.
Қылмыстық заңда бөтенің меншігіне қылмысты түрде қол сұғу үшін
жауаптылық меншік қатынастарын қол сұғу тәсілдеріне байланысты дараланып,
жеке нысанға бөлінеді. Бөтен мүлікті алу ашық немесе жасырын күш қолданып
немесе күш қолданбай, алдау немесе сенімге қиянат жасау тәсілдарі арқылы
жүзеге асырылуы мүмкін.
Объктивтік жағынан алғанда меншікке қарсы қылмысты заң шығарушы
қылмыстың материалдық құрамы бойынша қарастырған.
Біздің мемлекетімізде жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде
танылады және қорғалады. Жеке меншік құқығызаңмен қорғалады. Әркімнің
меншігіндегі мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне құқығы
бар. Ешкімді де өз мүлкінен сот шешімімен болмаса, айыруға болмайды.
Меншікке қарсы қылмыстар деп иелік ету құқығын бұзумен, меншік иесіне басқа
да тәсілдермен мүліктік зиян келтірумен немесе осындай зиян тигізуге қауіп-
қатер жасаумен байланысты ерекетті айтады. Қолданыстағы заңдарда
қарастырылған меншікке қарсы қылмыстардың түрлері әрекетті жасау ниеті мен
тәсілдері арқылы ерекшеленеді. Пайдакүнемдік ниеттің бар немесе жоқтығына
байланысты барлық қылмыстар пайдакүнемдік және пайдакүнемдік емес деп екіге
бөлінеді. Өз кезегінде пайдакүнемдік қылмыстар екі топқа бөлінеді: бөтеннің
мүлкін ұрлау және меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар. Ұрлықтың
мынадай нысандары бар: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, бөтен мүлікті
иеленіп алу немесе ысырап ету. Меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік
мақсаттағы қылмыстардың тобына қорқытып алушылық, алдау немесе сенімге
қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен
табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интеллектуалдық меншік құқықтарын
бұзу, сондай-ақ автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау,
мақсатсыз, заңсыз иелену кіреді. Пайдадакүнемдік мақсатынсыз жасалған
меншікке карсы қылмыстарға мыналар жатқызылады: жерге қатысты мүліктік
құқықтарды бұзу, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру.
Сондықтан да, олардың, объективті жағы үш міндетті белігіден тұрады іс-
әрекет, зардап және іс-әрекет пен зардап арасындағы себептің- зардаптық
байланысы. Тек қарақшылық пен қорқытып алушылық қана формальды қылмыс болып
табылады, себебі бұлардың міндетті белгісі- тек қылмыстық іс-әрекет. Яғни,
бұл қылмыстардай зардап қылмыс құрамын ың тегінен жатыр. Қылмыстық зардапты
әрқашанда материалдық сиппат болады, мүліктік залал туындайды.
Аурылытатын мән-жайларсыз бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе
бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 187 бабынын 1 бөлігі) жатады. 14 жастан бастап
жауаптылық көзделген қылмыстарға ұрлық (Қылмыстық кодекстің 175 бабы),
тонау (Қылмыстық кодекстің тің 178 бабы), қарақшылық (Қылмыстық кодекстің
174 бабы), қорқытып алушылық (Қылмыстық кодекстің 181 бабы), ауырлататын
мән-жайлардың автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау
мақсатынсыз заңсыз иелену (Қылмыстық кодекстің 185 бабының 2-4 бөліктері).
Аурылытатын мән-жайларсыз бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе
бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 187 бабының 2,3 бөліктері).
Субъективтік меншіке қарсы қылмыстар тікелей ниетпен жасалынады,
меншікке қарсы тек бір қылмыс қана- бөтен мүлік абайсызда жою немесе
бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 88 бабы) кінәнің абайсыз нысанында жасалуы
мүмкін.
Меншікке қарсы қылмыстар пайда табу мақсатында және пайда табу
мақсатынсыз болып бөлінеді.
Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті
белгісі- пайда табуды көздеу немесе сондай себептер.

Сонымен қатар, пайда табу мақсатындағы қылмыстарды, олардың объективтік
жақтарына қарай, мүлікті алу мін байланасты ұрлау деп аталатын қылмыстрға
және ұрлау мен байланысты емес қылмыстарға бөлуге болады. Ұрлауға мына
қылмыстар жатады ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау,
қарақшылық ерекше құнды заттарды ұрлау. Пайда табу мақсатындағы, бірақ
ұрлаумен байланысты емес қылмыстарға мыналар жатады алдау немесе сенімге
қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрнеу, қымыстық жолымен
табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интелекттуалдық меншік құқықтарын
бұзу, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз аңсыз
иемдену, жерге заттай құқықтарды бұзу. Ал бөтен мүлікті қасақана жою немесе
бүлдіру, бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру пайда табу мақсатынсыз
жасалған қылмыстарға жатады.
Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп тарағаны және қоғамға
едәуір қауіптігі-ұрлау.
Қылмыстың заң, ұрлағандық үшін, оның жасалу тәсілдеріне қарай нақты
жауаптылық қарастырған. Қылмыстық Кодекстің тиісті бабтарына бөліп,
нормативтік тұрғыдан бекіткен. Оларға ұрлаудың мына нысандары жатады
Ұрлауға мына қылмыстар жатады ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету,
алаяқтық, тонау, қарақшылық.
Бөтен мүлікті ұрлау дегеніміз-меншік иесінің мүлкін пайда күнемдік
маұсатта заңсыз, қайтарымсыз алу және оны өз пайдасына немесе басқа адамның
пайдасына айналдыру.
Заңмен берілген анықтамадан ұрлықтың объективтік жағын сипаттайтын мына
белгілерімен бөліп алуға болады
1. мүлікті алу;
2. алудың заңға қайшылығы;
3. алудың қайтарымсыз болуы;
4. пайда күнемдік мақсат.
Ұрлау арқылы мүлікті алғанда айыпты оны өз пайдасына немесе басқа
адамдардың пайдасына айналдырады. Ұрлаған адам мүлікке өз меншігіндей билік
жасайды, бірақ заң жүзінде ол меншік иесі бола алмайды, себебі меншік
құқығын қымыстық жолмен алу мүмкін емес. Сондықтан да жәбірлеушінің
ұрланған затқа меншіктік құқығын ұрлық жоғалта алмайды. Ұрлауға заң
тұрғысынан анықтама бергенде бөтен мүлікті айыптының меншігіне емес ,оның
пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру дегенді бәкім осы
тұрғыдан түсіндірну қажет. Айып қою нәтижесінде меншік иесіне не басқа
иемденушіге материалдық залал келеді. Ұрлағандағы материалдық залал тікелей
нақты залал түрінде көрініс табуға тиіс. Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі қаулысында былай делінген Қылмыс
объектісі болған мүліктің құнын анықтағанда, оны меншік иесінің қалай
иемденгеніне байланысты, қылмыс жасалған кездегі жеке сауда нарықтық немесе
коммисиандық бағаларға сүйену қажет.
Бағасы болмаған жағдайда муліктін құнын сараптаманың қортындысы
негізінде анықталады.
Ұрлаудын салдарынан келген зауалдың орның толтырғанда оның мөлшері сот
шешім қабылдаған негізгі бағалврға сүиеніп анықталады. Меншік иесіне немесе
заңды иеленушіге материалдық залал келтірмейтін мүлікті алу, ұрлау ретінде
саралануға тиіс емес.
Ұрлауды сипаттайтың келесі белігі – оның заңға қайшылығы. Заңға қайшы
белгі дегеніміз шындығында да, болжам мен де оған өзінің құқығы жоқ бөтен
мүлікті айыптының алуы.
Шындығындағы құқық дегеніміз – ол мүлікті алуға мүмкіндік беретін,
заңға негізделген құқықтың болуы. Оңың заңда белгіленген тәртіпте
реттелделген реттделмегенің манызы жоқ. Бұл жерде назар ол құқықтың
нысанына емес, түп мәніне аударылыды.
Бұдан жасалынатың тұжырым – егер адам мүлікті алуға заңды негіздемелері
бола тұрып, оны алу үшін белгіленген тәртіптерді ғана бұзса онда бұл
жағдайда ұрлау болмайды.
Қылмысы аяқталғаннан кейін мүліктік залалдардың орның толтыру немесе
ұрланған мүлікті қайтару айыптыны жауаптылықтан босатпайды, бәрақ ол жазаны
женілдетүге негіздеме бола алады.
Айыпты мүлікті алып, оған өз қалау бойынша билік жасай алатын кезден
батап ұрлау аяқталған болып салалады.
Әнгіме нақты билік жасағандықты емес, сол билікті жасау мүмкіндігін
алғандықта.
Сондықтан ұрлауды аяқталған деп танушын айыптының затты іс жүзінде
пайдалаланғаны, одан пайда көргені қажет емес. Оның сондай мүмкіндікті
алғаны жеткілікті. Егер айыпты бөтен мүлікті алуға бағыттылған белгелі бір
әрекеттер жасаса, бәрақ ол мүлікке билік жасау мүмкіндігіне қолын жеткізе
алмаса, онда ол әрекет ұрлық жасауға оқталу ретінде сараланады. Қарақшылық
бұлардын қатарыда кірмейді, оның аяқталу кезені жайынлағы мәселе қылмыстың
осы құрамына қатысты қаралған.
Күзеттегі аймақта, жасалған ұрлықтын аяқталу кезеңін анықтауда қиындық
туындыйды. Тергеу – сот практикасының соңғы кездерендегі позициясы дұрыс,
себебі ол күзеттегі аймақта жасалған ұрлықты сол аймақтан мүлікті алып
шыққан кезден бастап аяқталған деп санау қажет, себебі ұрланған мүлікке
билік жасау мүмкіндігі ол кезде бастап туады деп санайды. Мүлікті күзеттегі
аймақтан қанша қашықтыққа алып барғандықтың маңызы жоқ, дегенмен, ұрланған
затты аймақтың қоршауынан асыра лақтыруды және қылмысқа қатысуы басқа
адамның сол мезетте ұрлауың қылмыстың аяқталмағандығы деп санаған жағдайлар
болған.
Күзеттегі аймақта жасалған ұрлаудың аяқталу кезеңі мүліктің аумағына
және оның не мақсатқа арналғанына байланысты. Мысaлы, егер ұрланатын мүлік
тұтынылмайтын болса және оны күзеттегі аймақта пайдалануға мүмкіндік
болмаса,оны сол аймақтан сыртқа алып шықпайынша Ал, тұтынылатын мүлікті
(мысалы, спирттік ішімдікті) ұрлағанда қылмыстың аяқталу кезеңі айыптының
ұрлаған мүлікке деген пиғылына бойланысты болады. Егер ол ұрланған мүлікке
күзеттегі аймақтан шыққан соң билік жасауды ойластырса, онда мүлікті сол
аймақтан тауып алу- ұрлық жасауға оқталу ретінде сараланады. Егер ол
ұрланған мүлікке сол аймақтан шықпай-ақ билік жасайтын болса – қылмыс
аяқталған деп саналады.
Егер айыпты мүлікті алып, кейін оңтайлы кезде шығаруды ойластырып оны
сол күзеттегі аймаққа жасырып қойса, сонан соң оны өз еркімен қайтарса,
онда ол қылмысты жасаудан бас тарту негізінде (ҚК-тің 26 бабы) қылмыстық
жауаптылықан босайды.
1 Қарағанды қаласы Совет аудандық соттың архиві 1994ж.
Ұрлау тек тікелеи ниетпен тжасалады. Айыпты мүлікті заңсыз алғандығын
ұғады, өз әрекетімен меншік иесіне залал келтіргендігін алдын ала біледі,
соны тілеиді.
Ұрлаудың міндетті нышаны – пайдакүнемдік мақсат. Ұрлауға заң тұрғысынан
анықтама берілгенде пайдакүнемдік мақсат ұрлаудың нышаны деп тіке
көрсетілген. Ол мақсат айыптының өз пайдасына, сондай-ақ материалдық
жағдайына айыпты мүдделі басқа адамның пайдасына материалдық, мүліктік
табыс келтіруді көздейді.
Алудың тәсілдеріне байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Кодексінде ұрлаудың алғы нысаны бекітілген ұрлық, сеніп тапсырылған мүлікті
иеленіп алу, сеніп тапсырылған мүлікті ысырат ету, алаяқтық, тонау,
қарақшылық. Қызмет бабын пайдалану жолымен мүлікті алуды ұрлаудың жеке
нысаны ретінде танудан заң шығарушы бой тартты, оны ұрлаудың үш нысанының
иеленіп алудың, ысырап етудің және аляқтықтың саралаушы нышаны ретінде
қарстырады.
Сондықтан да жәбірлеушінің ұрланған затқа меншіктік құқығын ұрлық
жоғалта алмайды. Ұрлауға заң тұрғысынан анықтама бергенде бөтен мүлікті
айыптының меншігіне емес ,оның пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына
айналдыру дегенді бәкім осы тұрғыдан түсіндірну қажет. Айып қою нәтижесінде
меншік иесіне не басқа иемденушіге материалдық залал келеді. Ұрлағандағы
материалдық залал тікелей нақты залал түрінде көрініс табуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі
қаулысында былай делінген Қылмыс объектісі болған мүліктің құнын
анықтағанда, оны меншік иесінің қалай иемденгеніне байланысты, қылмыс
жасалған кездегі жеке сауда нарықтық немесе коммисиандық бағаларға сүйену
қажет.
Қастандық жасаудың осы түрінің заты ұрлау құрамының сындарлы
белгілерінің бірі болып табылады. Қылмыстық заң теориясында қылмыс затанаң
шын мәнінде мазмұны бірдей екі анықтамасы кең тараған. Бірінші анықтама
бойынша Қылмыс затына өзінің қылмыстық әрекетін жүзеге асыра отырып
қылмыскер тікелей жасайдын сыртқы әлемнің материалдық заттары жатады.
Екінші анықтама бойынша қылмыс затына сол қылмыстың жасалуына себеп болатын
материалдық әлемдегі заттар жатады.
Заң әдебиетінде ұрлау заты түсінігі онша да мағыналы баяндалмаған.
Ұрлау заттары ақша және бағалы қағаздар болуы мүмкін екендігі туралы
пікірге ешкімнің қарсылығы жоқ. Сонымен қатар, әдебиеттерге де, сот
практикасында да осы уақытқа дейін дау туғызып келген бір мәселе
мүмкіндікті алуға құқық беретін құжаттар, сондай-ақ көлік кәсіпорындары,
ойын-сауық орындары, спорттық және басқа ұйымдар көрсеткен қызмет үшін есеп
айыруға қажетті билеттер, талондар, абонементтер жеке басқа белгілер ұрлау
заты бола ала ма, жоқ па?
Г.А.Кригердің пікірінше ақшалай, заттай және басқадай лоторея
билеттері. Почта төлемдерінің белгілері,көлікте жүру билеттері, бензинге
талондар немесе сол сияқты ұрлау заты бола алады. Ленинградтық Курс
советского уголовного правоның авторлары онымен толықтай келіспейді, олар
көлікте жүру билеті мүлікті алуға емес, тек көлікте жүруге ғана құқық
беретіндіктен ұрлау заты бола алмайды деп санайды.
Л.А.Андреева мен Б.В.Волжински ұрлау заты ретінде қарастырылуы мүмкін
басқа да бағалы қағаздарға жанар-жағар май талондарын жатқызды. Лоторея
билеттерін, почта маркаларын өзге бағалы қағаздар қатарына жатқызбаса да,
бұл авторлар оның ұрлау заты бола алатындығымен келіседі.
Сонымен қатар, сот практикасы көлікте жүру билеттерін, почта маркаларын
көлік қызметін төлегендігін растайтын, өзін ұсынған адамға тиесілі қағаздар
екенін ескеріп ұрлау затына жатқызады, сондықтан оларды алуды ұрлау деп
қарастырылады. Мәтінін толтырып, мөрмен бекіткеннен кейін, оларды
компостирленгеннен кейін ғана, пайдалануға болатын билеттерді немесе басқа
белгілерді ұрлау сол әрекетке дайындық болып саналады, егер бұл жерде
ұрланған заттарды кейін сатып ақша табу мақсаты болса.
Сонымен, өздерінде көрсетілген құнын немесе қызметтің төлегендігін
растайтын, ұйымның, оның қызметкерлерінің, азаматтардың қолында болғанда
сол тауарлармен қызметтерді олардың пайдалануына мүмкіндік беретін
талондар, көлікте жүру билеттері немесе өзге белгілер ғана ұрлау заты бола
алады деген пікірмен келісу қажет.
Сондықтан легитимациялық құжаттар мен белгілер (аккредитивтер, чектер,
жинақ кітапшалары, жетондар, сенім қағаздары, квитанциялар және сол
сияқтылар) өздерін иеленушілердің белгілі-бір мүліктерге ғана құқұғын
растайтын болғандықтан ұрлау заты табылмайды. Бұл құжаттарды немесе
белгілерді иелену меншік кейпің материалдық залал шеккендігінің айғағы
емес. Бұл ретте ұрлықтың алдағы уақытта жасалуына мүмкіндік туады,
сондықтан да, мысалы: жинақ кітапшасын иеленіп ол бойынша ақша алуды ниет
қылған айыпкердің әрекетін алаяқтыққа дайындық деп саралау қажет.
Мүліктік емес сипаттағы фактілерді растайтын құжаттар мен өзге заттар
ұрлау заты бола алмайды. Оларды ұрлаушы заң шығарушы басқарутәртібіне қарсы
жасалған қылмыс ретінде қарастырады, себебі бұл жағдайда құжат айналымның
заңда белгіленген тәртібі бұзылады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумы өзінің 1996 жылғы 25
шілдедегі Бөтен мүлікті ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы
қаулысында ұрлау заты дегеніміз – бөтен, яғни айыптының меншігіне жатпайтын
мүлік деп анықтама берді.

жағдайда ұрлау болмайды

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 115 бабына сәйкес
мүліктік игіліктер мен құқұқтарға: заттар, ақша, соның ішінде шет ел
валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектулдық
қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық
белгілер және бұйымды даряландырудың өзге де құралдары, мүліктікқұқықтар
мен басқа да мүлік жағады. Ұрлаудың мәніне жүгінсек, оның заты деп
ақшаларда, құнды қағаздарды, заттарды, мүліктік құқықтарды тану қажет.
Зат дегеніміз – кез келген түйгінетін нәрсе, ол газ күйінде, сұйық,
қатты жағдайда, жанды және жансыз бүтіннің бөлігі болуы мүмкін. Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексінің 127 бабына сәйкес ақша дегеніміз –
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құнын бойынша
қабылдауғаміндетті заңды төлем құралы болып табылады.
Егер өсімдік немесе жануарлар әлеміндегі объектілерді өсіруге адам
еңбегі жұмсалған болса, онда оларды заңсыз иелену ұрлық құрамын береді,
мысалы, қандай да бір шаруашылықтың меншігі болып табылатын волердегі
түлікті, жасанды су қоймасындағы балықты ұрлау, паркке отырылғызылған
шыршаны, сәнді бұталарды иелену. Ұрлау затының енді бір сипаты олардың
заңдық қасиеті. Ол дегеніміз – ұрланған зат айыпты үшін әрқашан да бөтен
болуға тиіс. Айыптың ол алынған затқа тікелей де, жанама да құқығы болуға
тиіс емес. Адамның өз мүлкі ұрлау заты бола алмайды, сондықтан өз мүлкін
заңсыз алу ұрлауға жатпайды. Қазақстан Республикасының күшіндегі қылмыстық
заңына сәйкес ұрлық дегеніміз – бөтен мүлікті жасырын ұрлау болып табылады.
Ұрлық объектісі - меншік. Бұл қылмыстың заты - материалдық әлемнің
заты түріндегі, нақты құндылығы бар (заттар, тауарлар, бұйымдар, ақша, т.б)
өндіру үшін адам еңбегі жұмсалған, сондықтан да ақшамен бағалана алатын
бөтен мүлік.
Материалдық құндылығы жоқ зат немесе бұйым ұрлық заты бола алмайды,
себебі оны алу меншік иесіне материалдық залал келтірмейді. Сондықтан да,
жасау үшін қоғамға пайдалы еңбек жұмсалмаған табиғи байлықтарды (орманды,
балықты, тағы жануарларды, т.б) заңсыз иелену меншікке қарсы қылмыстар
қатарына жатпайды, олар экологиялық қылмысқа жатады.
Ұрлыққа тән белгі – оның жасырын тәсілімен жасалуы. Ұрлықтың жасырындық
сипатын анықтағанда айыптың ниетіне, яғни оның ұрлықты субъективтік
қабылдауына баса назар аудару қажет. Ұрлық болады деп санау үшін айыпты
жасырын ұрлық жасауға ұмтылуы, бөтен мүлікті жасырын түрде иеленуге оның
ниеті болуы тиіс. Егер айыпты, өзінің мүлікті заңсыз иеленуін ұғынған бөгде
адамның араласуына мүмкіндік бермей, қалыптасқан жағдайға байланысты әрекет
жасаса да ұрлауда жасырындық сипат болады.
Жасырын ұрлауды саралау үшін мүліктің алынуы тек меншік иесіне ғана
емес, оны күзетушіге де, үшінші адамға да білінбеуі тиіс. Олар ұрлық
жасалған кезде, не сол жерда болмайды, не болған кезде де ұрлықтын
жасалғандығын сезбейді.
Егер айыпты өз, әрекетінің қылмыстық сипатының белгілі болғандығын
ұғынбай, қылмысының құпиялығына өзі күмән келтірмей әрекетін әрі қарай
жалғастырса, ол ұрлық болып саналады. Егер айыпты, әрекетінің белгілі
болғандығын ұғынып ұрлығын доғарса, егер ол еш нәрсе алып үлгермесе, онда
оның әрекеті не ұрлыққа оқталғандық саналады, егер ол қандай да бір
құндылықты алып үлгерсе аяқталған ұрлық болып саналады.
Бөгде адамның көзінше жасалған ұрлықты жасырып жасалған деп тану үшін,
сол адамның айыптың әрекетінде қылмыстық сипат бар екендігін ұғынбағандығы
анықталуға тиіс.
Мысалы, айыпты өзін мүлік иесі атынан билік жасай алатын адаммын деп
өтірік айтады; иесіз тұрған автомашинаға жайбарақат отырып жүріп кеткен
адамның әрекетіне қарап онда тұрғандар ұрлық жасалды деп ойламайды.
Ұрлықтың объективті жағын талдағанда әрекет пен қылмыстың нәтиженің
арасындағы себептік байланысты анықтау қажет.
Теориялық және практикалық тұрғыдан едәуір маңызды болып саналатын
мәселелердің бірі – ұрлық аяқталу кезеңін айқындау. Затты айыптының
иеленген кезеңінен бастап ұрлықтың аяқталған болып саналатын
салалмайтындығы бірнеше маңызды мәселерді шешумен байланысты, олар:
қылмысты саралау, қылмысты жасаудан еркімен бас тарту, қылмысқа қатысушылар
шеңбері, ұрлықты тонаудан жеке қарақты шектеу, жазалау шарасын белгілеу
мәселелері.
Ұрлықты аяқталған деп айыптының затты іс жүзінде иеленген кезінен емес,
ол затқа оның өз қалауыен билік ете алатын мүмкіндігі туған кезден бастап
санау керек.
Егер ұрлық күзеттегі аймаққа жасалса, онда қылмыстың аяқталғандығы
туралы мәселе ұрланған мүліктің сипатына және айыптының пиғылына
байланысты. Мысалы, егер айыпты күзеттегі аумақтан шығармай –ақ
пайдаланылуға болатын мүлікті ұрлауды ойластырса, онда мүлікті оқшаулап,
оған заңсыз иелік орнатқан кезден бастап ұрлық аяқталған болып саналады.
Ұрлаған мүлкін сол тұрған жерінде өз пайдасына жарату мүмкін
болмағандықтан, оны күзеттегі аймақтан алып шығу кезінде айыпты ұсталса,
оның әрекеті ұрлыққа оқталғандық ретінде сараланады.
Кінә, қылмыстың себебі мен мақсаты ұрлықтың субъективтік жағын
сипаттайтын нышандарға жатады. Бұл нышандар ұрлық жасаушы адамның
психикасындағы ішкі процесстердің көрінісі, ол ұраушының санасы мен еркінің
жасалған қоғамға қауіпті әрекетпен байланысын сипаттайды.
Субъективтік жағынан ұрлық – тікелей ниетпен жасалатын әрекет. Ол
дегеніміз – айыпты өз әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ұғынады,
қоғамға қауіпті зардаптың болатынын алдын ала біледі және соны тілейді;
ешқандай құқығы болмаса да бөтен мүлікті жасырып алады, өзіне заңсыз пайда
түсіру үшін мүлікиесіне материалдық залал келтіретіндігін түсінеді.
Ұрлық жасағанда айыпты өз әрекетін заңға қайыпты екендігін де, мүлікті
жасырып иелетіндігін де ұғынады. Ұрлық жасаудың себебі – пайда табу. Пайда
табу болмаса ұрлық та болмайды. Ол ұрлықтың субъективтік себебі. Бірақ бұл
себебтің мазмұны оның тереңдігі, оны ұғыну дәрежесі және тұрақтылығы әр
түрлі болуы мүмкін.
Мақсат – ұры ұмтылған нысан, оған заңға қайшгы әрекеттер арқылы қол
жеткезеді. Себебке қарағанда қылмыс жасаудағы мақсат айыптының қоғамға
қауіпті әрекет жасай отырып қол жеткізген тікелей нәтижесімен сипатталады.
Мақсат пен себеп арасындағы айырмашылық еріктік проценті әр түрлі
сипаттауға негізделген.
Ұрлықтың себебі ұрық асаған адам нені байлыққа алды деген сұраққа жауап
берсе, қылмыстың мақсаты әрекетіне бағытталған адам ұмтылған жақын арадағы
нәтижені анықтайды.
Қылмыстық нәтиже - бөтен мүлікті заңға қайшы жолмен алу – ұрлық
жасаудағы айыпты алға қойған тікелей мақсат, ол ұрлық құрамының элементіне
жатады. Онда бөтен мүлікті жасырын алуға, одан пайда көруге ұмтылу сипаты
бар. Ұрланған мүліктен пайда көру, іс жүзінде, ұрлық құрамынан тысқары
жатыр. Ол қылмыстан туындайтын қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған.
Қылмыстық кодекстің 175 бабының 2-ші бөлігіенде мынандай саралаушы
нысандар көзделген:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байлануы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) тұрғын, қызметтік немесе өндірістік ірі жайға, қоймаға заңсыз
кірумен жасалған ұрлық.
Адамдар тобының алдын ала сөз байлануы бойынша түсінігі Қылмыстық
кодекстің 31 бабының 2-ші бөлігінде берілген. Бірлесіп қылмыс жасау жөнінде
алдын ала келіскен адамдар тобы сондайға жатады. Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі Бөтен мүлікті ұрлауды
саралаудың кейбір мәселелері туралы қаулысының 7 тармағынды ұрлық жасау
жөнінде алдын ала келісіп, оған екі немесе одан көп адамдар қаттысса ондай
ұрлық адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған ұрлыққа
жатады делінген. Ұрлыққа қатысқа адамдар санын анықтағанда қасақана қылмыс
жасауға қатысушылар туралы жалпы білімге сүйену қажет. Атап айтқанда,
мұндай адамда қоғамға қауіпті осы әрекет субъектісінің нысаны болуға,
сондай-ақ олар бірлесіп, қасақана және келісіп әрекет жасауға тиіс. Топқа
қатысушы кемінде екі адам ұрлықтың объективтік жағын орындаса, онда ол
нысаны жағынан тек бірге атқарушылық қана болуға тиіс. Бұл жағдайда олардың
барлығын бірдей әрекет орындауы міндетті емес. Біреуге ұрлататын мүлікке
жол ашуы басқалары мүлікті алу немесе басқа да әрекеттер жасауы мүмкін.
Сондықтан да бір атқарушы және бір немесе бірнеше қатысушылар
(көмекшілер, айдап салушылар, ұйымдастырушылар) болса осы нышандар бойынша
ұрлықты саралауға болмайды. Қылмыс басталғанға дейін, оған дайындық кезінде
немесе тікелей оқталар алдында келісімге қол жеткен болса алдын ала сөз
байланысқандық орын алады. Сөз байласқан кезден ұрлық басталғанға дейінгі
аралықтағы уақыт маңызы жоқ. Нысаны жағынан сөз байласу ауызша, жазбаша,
тікелей конклюденттік әрекеттер арқылы (тіл көрсетіп), үнсіз болуы мүмкін.
Бөтен мүлікті алуға тікелей бағытталған әрекетті атқарушы бастап қойған
болса, онда басқа қатысушының кейін келіп қосылғандығы бұл саралаушы
нысанды құрамайды, себебі бұл адамды ұрлықты бірге жасау үшін алдын ала сөз
байласқан деп санауға болмайды. әрқайсысы өзінше бастап, кейін кездейсоқ
бірігіп, қылмысты ары қарай бірлесіп жалғастырған адамдардың қылмыстық
әрекеттерін де осы нышан бойынша саралауға болмайды.
Қылмыстық кодекстің 175 бабына бер3лген ескертудің 3 тармағына сәйкес
175-181 баптарда көзделген қылмыстар бірнеше рет жасалған саналады, егер
осы баптарда, сондай-ақ 248, 255, 260 баптарда көзделген қылмыстар оған
дейін бір немесе бірнеше ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz